Аль-Муддассир

المدثر · 56 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 575-бет
← Аль-МуззаммильБарлық сүрелерАль-Кияма →
74:1
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡمُدَّثِّرُ
(Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: "Жабыңдар, мені жабыңдар" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, бүркеніп алушы
Аударма: ҚМДБ
74:2
قُمۡ فَأَنذِرۡ
Түр енді! Адамдарға ескерт
Аударма: Халифа Алтай
Орныңнан түр, ескерт
Аударма: ҚМДБ
74:3
وَرَبَّكَ فَكَبِّرۡ
Раббыңды ұлықта
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббыңды ұлықта
Аударма: ҚМДБ
74:4
وَثِيَابَكَ فَطَهِّرۡ
Киіміңді тазала
Аударма: Халифа Алтай
Әрі киіміңді тазала
Аударма: ҚМДБ
74:5
وَٱلرُّجۡزَ فَٱهۡجُرۡ
Әр түрлі лас істерден аулақ бол
Аударма: Халифа Алтай
және лас нәрселерден аулақ бол
Аударма: ҚМДБ
74:6
وَلَا تَمۡنُن تَسۡتَكۡثِرُ
(Қылған ісіңді) көп міндет қылма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жақсылықты - көп болып қайтуы үшін жасама
Аударма: ҚМДБ
74:7
وَلِرَبِّكَ فَٱصۡبِرۡ
Раббың үшін сабыр ет
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббың үшін сабыр ет
Аударма: ҚМДБ
74:8
فَإِذَا نُقِرَ فِي ٱلنَّاقُورِ
Қашан Сұр ұрілсе
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан сүр үрілсе
Аударма: ҚМДБ
74:9
فَذَٰلِكَ يَوۡمَئِذٖ يَوۡمٌ عَسِيرٌ
Міне сол күн, өте ауыр күн
Аударма: Халифа Алтай
міне, сол күн - ауыр күн
Аударма: ҚМДБ
74:10
عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ غَيۡرُ يَسِيرٖ
Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Құрайш руынан Мұғайяра ұлы Уәлит Құранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т)
Аударма: Халифа Алтай
кәпірлер үшін оңай болмайтын
Аударма: ҚМДБ
74:11
ذَرۡنِي وَمَنۡ خَلَقۡتُ وَحِيدٗا
Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Жалғыз етіп жаратқанымды Өзіме қалдыр
Аударма: ҚМДБ
74:12
وَجَعَلۡتُ لَهُۥ مَالٗا مَّمۡدُودٗا
Оған көптеген мал бердім
Аударма: Халифа Алтай
Мен оған мол мал-дәулет бердім
Аударма: ҚМДБ
74:13
وَبَنِينَ شُهُودٗا
Әзір тұратын ұлдар бердім
Аударма: Халифа Алтай
және жанында тұратын перзенттерді
Аударма: ҚМДБ
74:14
وَمَهَّدتُّ لَهُۥ تَمۡهِيدٗا
Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым
Аударма: Халифа Алтай
әрі оған / дүниені / жайып қойдым
Аударма: ҚМДБ
74:15
ثُمَّ يَطۡمَعُ أَنۡ أَزِيدَ
Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін де ол Менің арттыра түсуімді қалайды
Аударма: ҚМДБ
74:16
كَلَّآۖ إِنَّهُۥ كَانَ لِأٓيَٰتِنَا عَنِيدٗا
Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай болмайды! Ақиқатында, ол аяттарымызға қарсы қасарысушы еді
Аударма: ҚМДБ
74:17
سَأُرۡهِقُهُۥ صَعُودًا
Жақында оны өрге зорлаймын
Аударма: Халифа Алтай
Таяуда оны «өрге» мәжбүрлеймін
Аударма: ҚМДБ
74:18
إِنَّهُۥ فَكَّرَ وَقَدَّرَ
Өйткені ол, ойластырып, шамалады
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, ол ойлап, есептеді
Аударма: ҚМДБ
74:19
فَقُتِلَ كَيۡفَ قَدَّرَ
Сосын ол өлгір, қалай шамалады
Аударма: Халифа Алтай
Жойылып кеткір, ол қалай есептеді
Аударма: ҚМДБ
74:20
ثُمَّ قُتِلَ كَيۡفَ قَدَّرَ
Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін тағы жойылғыр, ол қалай есептеді
Аударма: ҚМДБ
74:21
ثُمَّ نَظَرَ
Сосын ол, қарады
Аударма: Халифа Алтай
Сосын ол ойланып қарады
Аударма: ҚМДБ
74:22
ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ
Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін қабағын шытып, бетін тыржитты
Аударма: ҚМДБ
74:23
ثُمَّ أَدۡبَرَ وَٱسۡتَكۡبَرَ
Сосын ол, теріс айналып паңданды
Аударма: Халифа Алтай
Одан соң теріс айналып, өзін жоғары санап, менменсіп
Аударма: ҚМДБ
74:24
فَقَالَ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ يُؤۡثَرُ
Сонда ол: "Бұл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді
Аударма: Халифа Алтай
«Бұл - айтылып келе жатқан сиқырдан басқа ештеңе емес
Аударма: ҚМДБ
74:25
إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا قَوۡلُ ٱلۡبَشَرِ
Бұл, адамның ғана сөзі
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - бар болғаны адамның сөзі», - деді
Аударма: ҚМДБ
74:26
سَأُصۡلِيهِ سَقَرَ
Оны жағатын тозаққа саламын
Аударма: Халифа Алтай
Жақында оны Сақарға кіргіземін
Аударма: ҚМДБ
74:27
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا سَقَرُ
Ол тозақтың не екенін қайдан білдің
Аударма: Халифа Алтай
Сақардың не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
74:28
لَا تُبۡقِي وَلَا تَذَرُ
Кейін қалдырмайды да шала тастамайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол қалдырмайды да, тастамайды
Аударма: ҚМДБ
74:29
لَوَّاحَةٞ لِّلۡبَشَرِ
Ол, адам терісін өртеп кетеді
Аударма: Халифа Алтай
теріні жандырып жіберуші
Аударма: ҚМДБ
74:30
عَلَيۡهَا تِسۡعَةَ عَشَرَ
Оған он тоғыз (періште) қарайды
Аударма: Халифа Алтай
Оның үстінде он тоғыз бар
Аударма: ҚМДБ
74:31
وَمَا جَعَلۡنَآ أَصۡحَٰبَ ٱلنَّارِ إِلَّا مَلَـٰٓئِكَةٗۖ وَمَا جَعَلۡنَا عِدَّتَهُمۡ إِلَّا فِتۡنَةٗ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ لِيَسۡتَيۡقِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ وَيَزۡدَادَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِيمَٰنٗا وَلَا يَرۡتَابَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَ وَلِيَقُولَ ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ وَٱلۡكَٰفِرُونَ مَاذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلٗاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ مَن يَشَآءُ وَيَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَمَا يَعۡلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَۚ وَمَا هِيَ إِلَّا ذِكۡرَىٰ لِلۡبَشَرِ
Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат
Аударма: Халифа Алтай
Біз тозақ сақшыларын періштелерден ғана қылдық. Әрі олардың санын сондай күпірлік етушілер / имансыздар / үшін бір сынақ еттік. Бұл Кітап берілгендердің көздері жетуі, имандылардың иманы артуы үшін және Кітап берілгендер мен имандылардың күмәнданбауы үшін. Сондай-ақ жүректерінде дерті барлар мен кәпірлер: «Аллаһ бұл мысалмен нені қалады?!» - деп айтуы үшін. Осылай, Аллаһ кімді қаласа адастырып, кімді қаласа тура жолға салады. Раббыңның әскерін Одан басқа ешкім білмейді. бұл - адамзат үшін бір Еске салудан басқа еш нәрсе емес
Аударма: ҚМДБ
74:32
كَلَّا وَٱلۡقَمَرِ
Жоқ олай емес. Айға серт
Аударма: Халифа Алтай
Иә, солай! Аймен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
74:33
وَٱلَّيۡلِ إِذۡ أَدۡبَرَ
Қайтқан сәтте, түнге серт
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кейін қайтқан түнмен
Аударма: ҚМДБ
74:34
وَٱلصُّبۡحِ إِذَآ أَسۡفَرَ
Ағарған сәтте, таңға серт
Аударма: Халифа Алтай
және ағарып жатқан таңмен
Аударма: ҚМДБ
74:35
إِنَّهَا لَإِحۡدَى ٱلۡكُبَرِ
Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, ол / тозақ / - өте үлкендердің / құбылыстардың / бірі
Аударма: ҚМДБ
74:36
نَذِيرٗا لِّلۡبَشَرِ
Адамдар үшін ескерту
Аударма: Халифа Алтай
адамзатты ескертуші ретінде
Аударма: ҚМДБ
74:37
لِمَن شَآءَ مِنكُمۡ أَن يَتَقَدَّمَ أَوۡ يَتَأَخَّرَ
Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту
Аударма: Халифа Алтай
сендерден алға жүруді немесе артқа шегінуді қалағандар үшін
Аударма: ҚМДБ
74:38
كُلُّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡ رَهِينَةٌ
Әркім істеген ісінің орнына ұсталады. (С.21-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір жан - істеп тапқанының / амалының / тұтқыны
Аударма: ҚМДБ
74:39
إِلَّآ أَصۡحَٰبَ ٱلۡيَمِينِ
Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (С. 27-А)
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ оң жақтағылар олай емес
Аударма: ҚМДБ
74:40
فِي جَنَّـٰتٖ يَتَسَآءَلُونَ
Олар жаннаттарда сұрасады
Аударма: Халифа Алтай
Олар жәннаттарда бір-бірінен сұрасады
Аударма: ҚМДБ
74:41
عَنِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Қылмыстылардан
Аударма: Халифа Алтай
қылмыскерлер туралы
Аударма: ҚМДБ
74:42
مَا سَلَكَكُمۡ فِي سَقَرَ
Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе
Аударма: Халифа Алтай
Тозаққа түскендерге / : «Сендерді Сақарға / тозаққа / не кіргізді?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
74:43
قَالُواْ لَمۡ نَكُ مِنَ ٱلۡمُصَلِّينَ
Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз намаз оқушылардан болмадық
Аударма: ҚМДБ
74:44
وَلَمۡ نَكُ نُطۡعِمُ ٱلۡمِسۡكِينَ
Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік
Аударма: Халифа Алтай
әрі кедейді тамақтандырмайтын едік
Аударма: ҚМДБ
74:45
وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ ٱلۡخَآئِضِينَ
Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік
Аударма: Халифа Алтай
және / бос, өтірік сөздерге / батушылармен бірге батушы едік
Аударма: ҚМДБ
74:46
وَكُنَّا نُكَذِّبُ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ
Қиямет күнін өтірік деген едік
Аударма: Халифа Алтай
және Есеп / қиямет / күнін өтірік санауда болдық
Аударма: ҚМДБ
74:47
حَتَّىٰٓ أَتَىٰنَا ٱلۡيَقِينُ
Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді" дейді)
Аударма: Халифа Алтай
бізге айқын нәрсе / өлім / келгенге дейін», - дейді
Аударма: ҚМДБ
74:48
فَمَا تَنفَعُهُمۡ شَفَٰعَةُ ٱلشَّـٰفِعِينَ
Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға араға түсушілердің / шапағат етушілердің / араға түсуі пайда бермейді
Аударма: ҚМДБ
74:49
فَمَا لَهُمۡ عَنِ ٱلتَّذۡكِرَةِ مُعۡرِضِينَ
Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды
Аударма: Халифа Алтай
Оларға не болды, Еске салатыннан / Құраннан / бет бұратындай
Аударма: ҚМДБ
74:50
كَأَنَّهُمۡ حُمُرٞ مُّسۡتَنفِرَةٞ
Олар мүлде үріккен құлан сияқты
Аударма: Халифа Алтай
бейне бір үріккен жабайы есектер тәрізді
Аударма: ҚМДБ
74:51
فَرَّتۡ مِن قَسۡوَرَةِۭ
Арыстаннан қашқан
Аударма: Халифа Алтай
Арыстаннан қашқан
Аударма: ҚМДБ
74:52
بَلۡ يُرِيدُ كُلُّ ٱمۡرِيٕٖ مِّنۡهُمۡ أَن يُؤۡتَىٰ صُحُفٗا مُّنَشَّرَةٗ
Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, олардың әрбірі өзіне ашық жазбалардың берілуін қалайды
Аударма: ҚМДБ
74:53
كَلَّاۖ بَل لَّا يَخَافُونَ ٱلۡأٓخِرَةَ
Жоқ, олар ахиреттен қорықпайды
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, керісінше, олар соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қорықпайды
Аударма: ҚМДБ
74:54
كَلَّآ إِنَّهُۥ تَذۡكِرَةٞ
Олай емес. Шын мәнінде Құран бір насихат
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу, / ескерту
Аударма: ҚМДБ
74:55
فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ
Кім қаласа, одан үгіт алады
Аударма: Халифа Алтай
кім қаласа, оны есіне алады
Аударма: ҚМДБ
74:56
وَمَا يَذۡكُرُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ هُوَ أَهۡلُ ٱلتَّقۡوَىٰ وَأَهۡلُ ٱلۡمَغۡفِرَةِ
Алла қаламайынша, олар, үгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі
Аударма: Халифа Алтай
Алайда олар Аллаһ қаламаса, есіне алмайды. Ол / жазасынан / қорқуға лайықты әрі кешірім Иесі
Аударма: ҚМДБ
← Аль-МуззаммильБарлық сүрелерАль-Кияма →

Аль-Муддассир сүресі туралы

Аль-Муддассир (المدثر) — Құранның 74-сүресі, 56 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 575-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу