Аль-Муззаммиль

المزمل · 20 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 574-бет
← Аль-ДжиннБарлық сүрелерАль-Муддассир →
73:1
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡمُزَّمِّلُ
Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, жамылып алушы
Аударма: ҚМДБ
73:2
قُمِ ٱلَّيۡلَ إِلَّا قَلِيلٗا
Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта
Аударма: Халифа Алтай
Түннің аз бөлігінен өзгесін, тұр / намаз оқуға
Аударма: ҚМДБ
73:3
نِّصۡفَهُۥٓ أَوِ ٱنقُصۡ مِنۡهُ قَلِيلًا
Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт
Аударма: Халифа Алтай
оның жартысын не одан біраз кеміт
Аударма: ҚМДБ
73:4
أَوۡ زِدۡ عَلَيۡهِ وَرَتِّلِ ٱلۡقُرۡءَانَ تَرۡتِيلًا
Не оған бігаз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бұрын, түнде ояу тұру парыз болған. А.Т.Х)
Аударма: Халифа Алтай
не оған қос. Әрі Құранды анық етіп оқы
Аударма: ҚМДБ
73:5
إِنَّا سَنُلۡقِي عَلَيۡكَ قَوۡلٗا ثَقِيلًا
Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, саған салмақты Сөзді түсіреміз
Аударма: ҚМДБ
73:6
إِنَّ نَاشِئَةَ ٱلَّيۡلِ هِيَ أَشَدُّ وَطۡـٔٗا وَأَقۡوَمُ قِيلًا
Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, түнде түру өте эсерлі және айтылуы түсініктірек
Аударма: ҚМДБ
73:7
إِنَّ لَكَ فِي ٱلنَّهَارِ سَبۡحٗا طَوِيلٗا
Расында күндіз сенің ұзын жұмысын бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, күндіз сенің ұзақ істерің бар
Аударма: ҚМДБ
73:8
وَٱذۡكُرِ ٱسۡمَ رَبِّكَ وَتَبَتَّلۡ إِلَيۡهِ تَبۡتِيلٗا
Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз жөнел
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббыңның есімін еске ал және Оған толығымен беріл
Аударма: ҚМДБ
73:9
رَّبُّ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ فَٱتَّخِذۡهُ وَكِيلٗا
Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт
Аударма: Халифа Алтай
Ол - шығыс пен батыстың Раббысы. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан Оны Қамқоршы етіп ал
Аударма: ҚМДБ
73:10
وَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَٱهۡجُرۡهُمۡ هَجۡرٗا جَمِيلٗا
Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / серік қатушылардың / айтып жатқандарына сабыр ет және оларды сыпайы түрде тәрк ет
Аударма: ҚМДБ
73:11
وَذَرۡنِي وَٱلۡمُكَذِّبِينَ أُوْلِي ٱلنَّعۡمَةِ وَمَهِّلۡهُمۡ قَلِيلًا
Жасынға шығүрушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біраз мұрсат бер. (С. 23-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі өтірік санаушы дәулет иелерін Маған қалдырып, оларға біраз уақыт бер
Аударма: ҚМДБ
73:12
إِنَّ لَدَيۡنَآ أَنكَالٗا وَجَحِيمٗا
Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Бізде бұғаулар және Жахим бар
Аударма: ҚМДБ
73:13
وَطَعَامٗا ذَا غُصَّةٖ وَعَذَابًا أَلِيمٗا
Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар
Аударма: Халифа Алтай
әрі өңештен өтпейтін тамақ және күйзелтуші азап бар
Аударма: ҚМДБ
73:14
يَوۡمَ تَرۡجُفُ ٱلۡأَرۡضُ وَٱلۡجِبَالُ وَكَانَتِ ٱلۡجِبَالُ كَثِيبٗا مَّهِيلًا
Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні жер мен таулар тітірейді де таулар сусымалы құм төбелерге айналады
Аударма: ҚМДБ
73:15
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡكُمۡ رَسُولٗا شَٰهِدًا عَلَيۡكُمۡ كَمَآ أَرۡسَلۡنَآ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ رَسُولٗا
Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Біз Фиръаунға Елші жібергеніміздей, сендерге де өздеріңе қарсы куәлік беруші Елші жібердік
Аударма: ҚМДБ
73:16
فَعَصَىٰ فِرۡعَوۡنُ ٱلرَّسُولَ فَأَخَذۡنَٰهُ أَخۡذٗا وَبِيلٗا
Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Фиръаун Елшіге бағынбады. Сондықтан оны қатты ұстаумен қолға алдық
Аударма: ҚМДБ
73:17
فَكَيۡفَ تَتَّقُونَ إِن كَفَرۡتُمۡ يَوۡمٗا يَجۡعَلُ ٱلۡوِلۡدَٰنَ شِيبًا
Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер сендер күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер / , сәбилердің шашы ағаратын Күннен қалай сақтанасыңдар
Аударма: ҚМДБ
73:18
ٱلسَّمَآءُ مُنفَطِرُۢ بِهِۦۚ كَانَ وَعۡدُهُۥ مَفۡعُولًا
Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады
Аударма: Халифа Алтай
Сонда аспан жарылады. Оның уәдесі орындалады
Аударма: ҚМДБ
73:19
إِنَّ هَٰذِهِۦ تَذۡكِرَةٞۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلًا
Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын ұстайды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұл - Еске салу. Ендеше кім қалайтын болса, Раббысына қарай жол ұстанады
Аударма: ҚМДБ
73:20
۞إِنَّ رَبَّكَ يَعۡلَمُ أَنَّكَ تَقُومُ أَدۡنَىٰ مِن ثُلُثَيِ ٱلَّيۡلِ وَنِصۡفَهُۥ وَثُلُثَهُۥ وَطَآئِفَةٞ مِّنَ ٱلَّذِينَ مَعَكَۚ وَٱللَّهُ يُقَدِّرُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَۚ عَلِمَ أَن لَّن تُحۡصُوهُ فَتَابَ عَلَيۡكُمۡۖ فَٱقۡرَءُواْ مَا تَيَسَّرَ مِنَ ٱلۡقُرۡءَانِۚ عَلِمَ أَن سَيَكُونُ مِنكُم مَّرۡضَىٰ وَءَاخَرُونَ يَضۡرِبُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ يَبۡتَغُونَ مِن فَضۡلِ ٱللَّهِ وَءَاخَرُونَ يُقَٰتِلُونَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۖ فَٱقۡرَءُواْ مَا تَيَسَّرَ مِنۡهُۚ وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَأَقۡرِضُواْ ٱللَّهَ قَرۡضًا حَسَنٗاۚ وَمَا تُقَدِّمُواْ لِأَنفُسِكُم مِّنۡ خَيۡرٖ تَجِدُوهُ عِندَ ٱللَّهِ هُوَ خَيۡرٗا وَأَعۡظَمَ أَجۡرٗاۚ وَٱسۡتَغۡفِرُواْ ٱللَّهَۖ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمُۢ
(Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, ттнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды. Б.Ж.М.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Раббың сенің түннің үштен екісінен азырақ бөлігін әрі оның жартысын және үштен бір бөлігін / намазда / тұрып өткізетініңді біледі және сенімен бірге болғандардан бір топтың да. Түн мен күндіздің мөлшерін Аллаһ белгілейді. Ол сендердің есептей алмайтындарыңды біледі, сондықтан Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етті. Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Ол араларыңда науқастар болатынын, біреулер Аллаһтың кеңшілігін іздеп сапарда болатындарын және біреулер Аллаһтың жолында соғысатынын біледі. Ендеше, одан жеңіл келгенін оқыңдар әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындаңдар және зекетті беріңдер және Аллаһқа көркем қарыз беріңдер. Өздерің үшін алдын ала қандай жақсылық істеген болсаңдар, оны Аллаһтың алдында содан да қайырлы әрі ұлы сый күйінде табасыңдар. Аллаһтан кешірім тілеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Рақымды
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ДжиннБарлық сүрелерАль-Муддассир →

Аль-Муззаммиль сүресі туралы

Аль-Муззаммиль (المزمل) — Құранның 73-сүресі, 20 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 574-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу