QORAN.kz › Сүрелер › Аль-Джинн
Аль-Джинн الجن · 28 аят · меккелік
72:1 قُلۡ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ ٱسۡتَمَعَ نَفَرٞ مِّنَ ٱلۡجِنِّ فَقَالُوٓاْ إِنَّا سَمِعۡنَا قُرۡءَانًا عَجَبٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді" де. Сонда жындар: "Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жындардың бір тобының тыңдағаны маған уахи етілді, сонда олар: «Ақиқатында, біз бір ғажап Құранды естідік
Аударма: ҚМДБ
72:2 يَهۡدِيٓ إِلَى ٱلرُّشۡدِ فَـَٔامَنَّا بِهِۦۖ وَلَن نُّشۡرِكَ بِرَبِّنَآ أَحَدٗا
Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Ол тура жолға салады. Біз оған сендік. Енді Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз
Аударма: ҚМДБ
72:3 وَأَنَّهُۥ تَعَٰلَىٰ جَدُّ رَبِّنَا مَا ٱتَّخَذَ صَٰحِبَةٗ وَلَا وَلَدٗا
Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, бала иемденбейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күдіксіз, Раббымыздың ұлылығы - өте жоғары. Ол Өзіне жұбай да, бала да алған емес
Аударма: ҚМДБ
72:4 وَأَنَّهُۥ كَانَ يَقُولُ سَفِيهُنَا عَلَى ٱللَّهِ شَطَطٗا
Өйткені біздің ахымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен
Аударма: Халифа Алтай
Ал біздің ішіміздегі жетесіз / Ібіліс / Аллаһ жөнінде шектен шыққан сөз айтатын еді
Аударма: ҚМДБ
72:5 وَأَنَّا ظَنَنَّآ أَن لَّن تَقُولَ ٱلۡإِنسُ وَٱلۡجِنُّ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبٗا
Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаган едік
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, біз адамдар да, жындар да Аллаһ жөнінде ешқашан өтірік айтпайды деп ойлаған едік
Аударма: ҚМДБ
72:6 وَأَنَّهُۥ كَانَ رِجَالٞ مِّنَ ٱلۡإِنسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٖ مِّنَ ٱلۡجِنِّ فَزَادُوهُمۡ رَهَقٗا
Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді. (Құлазыған иен даланың қорғаушысы жын деп сиынатындар болған. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың ішіндегі кейбір кісілер жындардың ішіндегі кейбір еркек жындардан пана сұрап, олардың менменсіп, басынуларын арттыратын еді
Аударма: ҚМДБ
72:7 وَأَنَّهُمۡ ظَنُّواْ كَمَا ظَنَنتُمۡ أَن لَّن يَبۡعَثَ ٱللَّهُ أَحَدٗا
Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлағандарың тәрізді ойлаған еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар да сендер сияқты «Аллаһ ешқашан, ешкімді қайта тірілтпейді», - деп ойлаған еді
Аударма: ҚМДБ
72:8 وَأَنَّا لَمَسۡنَا ٱلسَّمَآءَ فَوَجَدۡنَٰهَا مُلِئَتۡ حَرَسٗا شَدِيدٗا وَشُهُبٗا
Әрине көкке қарманғанымызда, оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, біз аспанға шыққанымызда, оны / аспанды / қатаң күзетшілер мен отты ұшқындар толы түрде таптық
Аударма: ҚМДБ
72:9 وَأَنَّا كُنَّا نَقۡعُدُ مِنۡهَا مَقَٰعِدَ لِلسَّمۡعِۖ فَمَن يَسۡتَمِعِ ٱلۡأٓنَ يَجِدۡ لَهُۥ شِهَابٗا رَّصَدٗا
Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді" (С. 17-18-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі расында, біз оның / аспанның / кейбір жайларында тыңдау үшін отыратын едік. Ал, енді кім тыңдамақшы болса, сол сәтте-ақ ол өзін көздеген отты ұшқынға кезігеді
Аударма: ҚМДБ
72:10 وَأَنَّا لَا نَدۡرِيٓ أَشَرٌّ أُرِيدَ بِمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ أَمۡ أَرَادَ بِهِمۡ رَبُّهُمۡ رَشَدٗا
Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, біз білмейміз, жер бетіндегілерге жамандық көзделді ме әлде оларға өздерінің Раббысы тура жолды қалады ма
Аударма: ҚМДБ
72:11 وَأَنَّا مِنَّا ٱلصَّـٰلِحُونَ وَمِنَّا دُونَ ذَٰلِكَۖ كُنَّا طَرَآئِقَ قِدَدٗا
Расында жақсыларымыз да одан төмендеріміз де бар; түрлі жолдарда едік
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, біздің арамызда түзулер де бар және арамызда одан өзгелер де бар. Біз түрлі жолдарда едік
Аударма: ҚМДБ
72:12 وَأَنَّا ظَنَنَّآ أَن لَّن نُّعۡجِزَ ٱللَّهَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَن نُّعۡجِزَهُۥ هَرَبٗا
Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, біз Аллаһты / Оның құдіретін / жерде ешқашан әлсірете алмайтынымызды және қашып та Оны / Оның азабын! ешқашан әлсірете алмайтынымызды білдік
Аударма: ҚМДБ
72:13 وَأَنَّا لَمَّا سَمِعۡنَا ٱلۡهُدَىٰٓ ءَامَنَّا بِهِۦۖ فَمَن يُؤۡمِنۢ بِرَبِّهِۦ فَلَا يَخَافُ بَخۡسٗا وَلَا رَهَقٗا
Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біз тура жолды естіген соң, оған сендік. Кім Раббысына сенсе, ол / жақсылығының / кемуінен де, әділетсіздіктен де қорықпайды
Аударма: ҚМДБ
72:14 وَأَنَّا مِنَّا ٱلۡمُسۡلِمُونَ وَمِنَّا ٱلۡقَٰسِطُونَۖ فَمَنۡ أَسۡلَمَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ تَحَرَّوۡاْ رَشَدٗا
Бізден Мұсылмандар да туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, біздің арамызда мұсылмандар / бойсұнушылар / да бар және арамызда ауытқығандар бар. Кім бойсұнса, міне, солар туралықты ұстанған болады
Аударма: ҚМДБ
72:15 وَأَمَّا ٱلۡقَٰسِطُونَ فَكَانُواْ لِجَهَنَّمَ حَطَبٗا
Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ауытқығандар Жаһаннамға отын болады»,- деді
Аударма: ҚМДБ
72:16 وَأَلَّوِ ٱسۡتَقَٰمُواْ عَلَى ٱلطَّرِيقَةِ لَأَسۡقَيۡنَٰهُم مَّآءً غَدَقٗا
(Егер жындар мен адамдар,) ол жолда тұп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар / ауытқығандар / жолда тура / дұрыс / тұрғандарында, онда Біз оларды мол сумен қамтамасыз етер едік
Аударма: ҚМДБ
72:17 لِّنَفۡتِنَهُمۡ فِيهِۚ وَمَن يُعۡرِضۡ عَن ذِكۡرِ رَبِّهِۦ يَسۡلُكۡهُ عَذَابٗا صَعَدٗا
Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады
Аударма: Халифа Алтай
сонымен оларды сынау үшін. Кім Раббысының Еске салуынан / Құраннан / бет бұрса, Ол оны ауыр азапқа салады
Аударма: ҚМДБ
72:18 وَأَنَّ ٱلۡمَسَٰجِدَ لِلَّهِ فَلَا تَدۡعُواْ مَعَ ٱللَّهِ أَحَدٗا
Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ақиқатында, мешіттер Аллаһтікі. Аллаһпен қатар ешкімді шақырмаңдар / құлшылық етпеңдер
Аударма: ҚМДБ
72:19 وَأَنَّهُۥ لَمَّا قَامَ عَبۡدُ ٱللَّهِ يَدۡعُوهُ كَادُواْ يَكُونُونَ عَلَيۡهِ لِبَدٗا
Расында Алланың құлы (Мұхаммед Ғ.С.) тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, Аллаһтың құлы Оған дұға қылып тұрған кезінде, олар / жындар / үсті-үстіне үймелеп, оның үстіне түсе жаздады
Аударма: ҚМДБ
72:20 قُلۡ إِنَّمَآ أَدۡعُواْ رَبِّي وَلَآ أُشۡرِكُ بِهِۦٓ أَحَدٗا
(Мұхаммед Ғ.С.): "Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын мәнінде, мен тек Раббымнан ғана тілеймін, Оған ешкімді серік етіп қоспаймын», - деп
Аударма: ҚМДБ
72:21 قُلۡ إِنِّي لَآ أَمۡلِكُ لَكُمۡ ضَرّٗا وَلَا رَشَدٗا
Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік те істей алмаймын" де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Ақиқатында мен сендерге зиян да тигізе алмаймын әрі тура жолға салу билігіне де ие емеспін», - деп
Аударма: ҚМДБ
72:22 قُلۡ إِنِّي لَن يُجِيرَنِي مِنَ ٱللَّهِ أَحَدٞ وَلَنۡ أَجِدَ مِن دُونِهِۦ مُلۡتَحَدًا
Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды да мен де Одан өзге пана таба алмаймын
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Ақиқатында мені ешкім Аллаһтан қорғай алмайды әрі мен де Одан басқа бір қорғаныш-пана таба алмаймын
Аударма: ҚМДБ
72:23 إِلَّا بَلَٰغٗا مِّنَ ٱللَّهِ وَرِسَٰلَٰتِهِۦۚ وَمَن يَعۡصِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ فَإِنَّ لَهُۥ نَارَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدًا
Бірақ мен, Алладан әрі Оның пайғамбарлық міндеттемелерінен жалғастырамын. Кім Аллаға, Пайғамбарына қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар
Аударма: Халифа Алтай
Мен тек Аллаһтан жіберілгенді әрі Оның тапсырғанын жеткіземін. Енді кім Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келсе, әлбетте, оған Жаһаннам оты бар. Олар онда мәңгі қалады», - деп
Аударма: ҚМДБ
72:24 حَتَّىٰٓ إِذَا رَأَوۡاْ مَا يُوعَدُونَ فَسَيَعۡلَمُونَ مَنۡ أَضۡعَفُ نَاصِرٗا وَأَقَلُّ عَدَدٗا
Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне уәде етілгенді көрген сәтте, кімнің жәрдемшілерінің әлсіз және саны аз екенін біледі
Аударма: ҚМДБ
72:25 قُلۡ إِنۡ أَدۡرِيٓ أَقَرِيبٞ مَّا تُوعَدُونَ أَمۡ يَجۡعَلُ لَهُۥ رَبِّيٓ أَمَدًا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге уәде етілген нәрсе жақын ба, әлде Раббым оғанұзақ мерзім белгіледі ме, білмеймін», - деп
Аударма: ҚМДБ
72:26 عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ فَلَا يُظۡهِرُ عَلَىٰ غَيۡبِهِۦٓ أَحَدًا
Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол - ғайыпты Білуші. Өзінің ғайып еткенін ешкімге білдірмейді
Аударма: ҚМДБ
72:27 إِلَّا مَنِ ٱرۡتَضَىٰ مِن رَّسُولٖ فَإِنَّهُۥ يَسۡلُكُ مِنۢ بَيۡنِ يَدَيۡهِ وَمِنۡ خَلۡفِهِۦ رَصَدٗا
Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына күзетші қояды
Аударма: Халифа Алтай
тек, Өзі разы болған елшілерге ғана / білдіреді / . Сонда оның алдынан да, артынан да күзетушілер / қорғаушылар / қойып қояды
Аударма: ҚМДБ
72:28 لِّيَعۡلَمَ أَن قَدۡ أَبۡلَغُواْ رِسَٰلَٰتِ رَبِّهِمۡ وَأَحَاطَ بِمَا لَدَيۡهِمۡ وَأَحۡصَىٰ كُلَّ شَيۡءٍ عَدَدَۢا
Олардың, Раббыларының міндеттеиелерін анық жалғастыргандықтарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған
Аударма: Халифа Алтай
олардың / елшілердің / Раббысының жібергендерін жеткізгендігін білу үшін. Ол олардағыны / барлық нәрсені / қамтыған және әрбір нәрсені санап, есептеп қойған
Аударма: ҚМДБ
Аль-Джинн сүресі туралы Аль-Джинн (الجن) — Құранның 72-сүресі, 28 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 572-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу