Нух

نوح · 28 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 570-бет
← Аль-МаариджБарлық сүрелерАль-Джинн →
71:1
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦٓ أَنۡ أَنذِرۡ قَوۡمَكَ مِن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ
Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: "Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт" деп, жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз, Нұхты еліне: «Қауымыңды, оларға жан күйзелтуші азап келместен бұрын ескерт», - деп жібердік
Аударма: ҚМДБ
71:2
قَالَ يَٰقَوۡمِ إِنِّي لَكُمۡ نَذِيرٞ مُّبِينٌ
(Нұх Ғ.С.): "Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол айтты: «Әй, елім, шын мәнінде мен - сендерге анық ескертушімін
Аударма: ҚМДБ
71:3
أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱتَّقُوهُ وَأَطِيعُونِ
Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа Құлшылық жасаңдар, Одан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
71:4
يَغۡفِرۡ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمۡ وَيُؤَخِّرۡكُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمًّىۚ إِنَّ أَجَلَ ٱللَّهِ إِذَا جَآءَ لَا يُؤَخَّرُۚ لَوۡ كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күнәларыңды кешіреді және сендерге белгіленген бір мерзімге дейін мұрсат береді. Шын мәнінде, Аллаһ белгілеген мерзім жетсе, ол кейінге ұзартылмайды, Егер де сендер білсеңдер», - деп
Аударма: ҚМДБ
71:5
قَالَ رَبِّ إِنِّي دَعَوۡتُ قَوۡمِي لَيۡلٗا وَنَهَارٗا
(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым
Аударма: Халифа Алтай
Ол айтты: «Раббым, ақиқатында мен елімді түнде де, күндіз де / иманға / шақырдым
Аударма: ҚМДБ
71:6
فَلَمۡ يَزِدۡهُمۡ دُعَآءِيٓ إِلَّا فِرَارٗا
Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, шақыруым олардың кері қашуын ғана арттырды
Аударма: ҚМДБ
71:7
وَإِنِّي كُلَّمَا دَعَوۡتُهُمۡ لِتَغۡفِرَ لَهُمۡ جَعَلُوٓاْ أَصَٰبِعَهُمۡ فِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَٱسۡتَغۡشَوۡاْ ثِيَابَهُمۡ وَأَصَرُّواْ وَٱسۡتَكۡبَرُواْ ٱسۡتِكۡبَارٗا
Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, мен оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерімен бүркеніп алды және қасарысып, өздерін жоғары қойып, тәкаппарлана түсті
Аударма: ҚМДБ
71:8
ثُمَّ إِنِّي دَعَوۡتُهُمۡ جِهَارٗا
Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым
Аударма: Халифа Алтай
Мен оларды ашық түрде шақырдым
Аударма: ҚМДБ
71:9
ثُمَّ إِنِّيٓ أَعۡلَنتُ لَهُمۡ وَأَسۡرَرۡتُ لَهُمۡ إِسۡرَارٗا
Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін мен оларды жалпы және оңаша / жекеше / түрде де / үгіттедім
Аударма: ҚМДБ
71:10
فَقُلۡتُ ٱسۡتَغۡفِرُواْ رَبَّكُمۡ إِنَّهُۥ كَانَ غَفَّارٗا
(Сондай-ақ оларға): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол - көп Кешіруші / Ғаффар
Аударма: ҚМДБ
71:11
يُرۡسِلِ ٱلسَّمَآءَ عَلَيۡكُم مِّدۡرَارٗا
Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді
Аударма: ҚМДБ
71:12
وَيُمۡدِدۡكُم بِأَمۡوَٰلٖ وَبَنِينَ وَيَجۡعَل لَّكُمۡ جَنَّـٰتٖ وَيَجۡعَل لَّكُمۡ أَنۡهَٰرٗا
Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады
Аударма: Халифа Алтай
сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады
Аударма: ҚМДБ
71:13
مَّا لَكُمۡ لَا تَرۡجُونَ لِلَّهِ وَقَارٗا
Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды
Аударма: Халифа Алтай
Сендер неге Аллаһқа бойсұнып, Одан қорықпайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
71:14
وَقَدۡ خَلَقَكُمۡ أَطۡوَارًا
Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, Ол сендерді кезең-кезеңдермен жаратты
Аударма: ҚМДБ
71:15
أَلَمۡ تَرَوۡاْ كَيۡفَ خَلَقَ ٱللَّهُ سَبۡعَ سَمَٰوَٰتٖ طِبَاقٗا
Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жеті аспанды қабат-қабат етіп қалай жаратқанын көрмедіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
71:16
وَجَعَلَ ٱلۡقَمَرَ فِيهِنَّ نُورٗا وَجَعَلَ ٱلشَّمۡسَ سِرَاجٗا
Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді жарық шығарушы қылды
Аударма: ҚМДБ
71:17
وَٱللَّهُ أَنۢبَتَكُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ نَبَاتٗا
Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерді жерден / өсімдік секілді / шығарды
Аударма: ҚМДБ
71:18
ثُمَّ يُعِيدُكُمۡ فِيهَا وَيُخۡرِجُكُمۡ إِخۡرَاجٗا
Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін сендерді оған қайтарады және қайта шығарады
Аударма: ҚМДБ
71:19
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ بِسَاطٗا
Алла сендерге жерді төсеніш қылды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ сендерге жерді кілем етті
Аударма: ҚМДБ
71:20
لِّتَسۡلُكُواْ مِنۡهَا سُبُلٗا فِجَاجٗا
Оның кең жолдарында жүрулерің үшін
Аударма: Халифа Алтай
онда кең жолдармен жүрулерің үшін», - деп
Аударма: ҚМДБ
71:21
قَالَ نُوحٞ رَّبِّ إِنَّهُمۡ عَصَوۡنِي وَٱتَّبَعُواْ مَن لَّمۡ يَزِدۡهُ مَالُهُۥ وَوَلَدُهُۥٓ إِلَّا خَسَارٗا
Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті
Аударма: Халифа Алтай
Нұх айтты: «Раббым! Ақиқатында, олар мағанбағынбай, сондай, өздеріне мал-дүниесі мен перзенттері зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті»
Аударма: ҚМДБ
71:22
وَمَكَرُواْ مَكۡرٗا كُبَّارٗا
Олар зор айлакерліктер істеді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, олар өте үлкен құлықпен айлакерлік істеді
Аударма: ҚМДБ
71:23
وَقَالُواْ لَا تَذَرُنَّ ءَالِهَتَكُمۡ وَلَا تَذَرُنَّ وَدّٗا وَلَا سُوَاعٗا وَلَا يَغُوثَ وَيَعُوقَ وَنَسۡرٗا
Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары)
Аударма: Халифа Алтай
және / қауымына / айтты: «Сендер ешқашан өз құдайларыңды тастамаңдар. Уадты, Суағты, Яғусты, Яғуқты және Нәсірді еш уақытта тастаушы болмаңдар», - деп
Аударма: ҚМДБ
71:24
وَقَدۡ أَضَلُّواْ كَثِيرٗاۖ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّـٰلِمِينَ إِلَّا ضَلَٰلٗا
Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр
Аударма: Халифа Алтай
Нұх / : «Ақиқатында, бұлар көбін адастырды. Сен де / Раббым / әділетсіздерге адасудан басқаны арттырма!» - деді
Аударма: ҚМДБ
71:25
مِّمَّا خَطِيٓـَٰٔتِهِمۡ أُغۡرِقُواْ فَأُدۡخِلُواْ نَارٗا فَلَمۡ يَجِدُواْ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَنصَارٗا
Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады
Аударма: Халифа Алтай
Олар біле тұра істеген қателерінің салдарынан суға батырылып әрі отқа кіргізілді. Сөйтіп, олар өздеріне Аллаһтан басқа ешқандай көмек берушілерді таппады
Аударма: ҚМДБ
71:26
وَقَالَ نُوحٞ رَّبِّ لَا تَذَرۡ عَلَى ٱلۡأَرۡضِ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ دَيَّارًا
Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма" деді
Аударма: Халифа Алтай
Нұх айтты: «Раббым, кәпірлерден жерде бірде-бір тұрғын қалдырма
Аударма: ҚМДБ
71:27
إِنَّكَ إِن تَذَرۡهُمۡ يُضِلُّواْ عِبَادَكَ وَلَا يَلِدُوٓاْ إِلَّا فَاجِرٗا كَفَّارٗا
Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады
Аударма: Халифа Алтай
Өйткені, Сен оларды қалдырсаң, олар құлдарыңды адастырады және бұзық, кәпірден басқаны көбейтпейді
Аударма: ҚМДБ
71:28
رَّبِّ ٱغۡفِرۡ لِي وَلِوَٰلِدَيَّ وَلِمَن دَخَلَ بَيۡتِيَ مُؤۡمِنٗا وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِۖ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّـٰلِمِينَ إِلَّا تَبَارَۢا
Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр" деді
Аударма: Халифа Алтай
Раббым, мені, ата-анамды, үйіме иманды болып кіргендерді және иманды ерлер мен иманды әйелдерді кешір! Ал, әділетсіздерге жойылып кетуден басқаны арттырма!» - деді
Аударма: ҚМДБ
← Аль-МаариджБарлық сүрелерАль-Джинн →

Нух сүресі туралы

Нух (نوح) — Құранның 71-сүресі, 28 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 570-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу