70:1سَأَلَ سَآئِلُۢ بِعَذَابٖ وَاقِعٖ
Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (С. 32-А)
Аударма: Халифа Алтай
Бір сұраушы, болатын азапты сұрады
Аударма: ҚМДБ
70:2لِّلۡكَٰفِرِينَ لَيۡسَ لَهُۥ دَافِعٞ
Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Кәпірлерге болатын. Оны қайтарушы жоқ
Аударма: ҚМДБ
70:3مِّنَ ٱللَّهِ ذِي ٱلۡمَعَارِجِ
Ол азап биік дәреже иесі Алладан
Аударма: Халифа Алтай
Ол / азап / сатылар / дәрежелер / Иесі - Аллаһтан
Аударма: ҚМДБ
70:4تَعۡرُجُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمٖ كَانَ مِقۡدَارُهُۥ خَمۡسِينَ أَلۡفَ سَنَةٖ
Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер мен Рух / Жәбірейіл / Оған / Аллаһқа / өлшемі елу мың жыл болған бір күнде көтеріледі
Аударма: ҚМДБ
70:5فَٱصۡبِرۡ صَبۡرٗا جَمِيلًا
(Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Көркем сабырмен сабыр ет
Аударма: ҚМДБ
70:6إِنَّهُمۡ يَرَوۡنَهُۥ بَعِيدٗا
Олар қияметті ұзақ көреді
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде олар оны алые көреді
Аударма: ҚМДБ
70:7وَنَرَىٰهُ قَرِيبٗا
Біз жақын көреміз
Аударма: Халифа Алтай
ал, Біз оны жақын көреміз
Аударма: ҚМДБ
70:8يَوۡمَ تَكُونُ ٱلسَّمَآءُ كَٱلۡمُهۡلِ
Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / қиямет / күні аспан еріген мыс сияқты болады
Аударма: ҚМДБ
70:9وَتَكُونُ ٱلۡجِبَالُ كَٱلۡعِهۡنِ
Таулар, түтілген жүндей болады
Аударма: Халифа Алтай
ал, таулар түтілген жүн секілді болады
Аударма: ҚМДБ
70:10وَلَا يَسۡـَٔلُ حَمِيمٌ حَمِيمٗا
Дос, достың халін сұрамайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жақын жақынынан сұрамайды
Аударма: ҚМДБ
70:11يُبَصَّرُونَهُمۡۚ يَوَدُّ ٱلۡمُجۡرِمُ لَوۡ يَفۡتَدِي مِنۡ عَذَابِ يَوۡمِئِذِۭ بِبَنِيهِ
Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді
Аударма: Халифа Алтай
олар бір-біріне көрсетілсе де. Қылмыскер сол күннің азабынан құтылу үшін өзінің перзенттерін өтемге беруді қалайды
Аударма: ҚМДБ
70:12وَصَٰحِبَتِهِۦ وَأَخِيهِ
Әйелін де туысын да
Аударма: Халифа Алтай
және өзінің әйелін, өзінің аға-інісін
Аударма: ҚМДБ
70:13وَفَصِيلَتِهِ ٱلَّتِي تُـٔۡوِيهِ
Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де
Аударма: Халифа Алтай
әрі өзіне қамқор болып, паналатқан туыстарын да
Аударма: ҚМДБ
70:14وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا ثُمَّ يُنجِيهِ
Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді
Аударма: Халифа Алтай
және жер жүзіндегі адамдардың барлығын да, тек кейін өзі құтқарылса болды
Аударма: ҚМДБ
70:15كَلَّآۖ إِنَّهَا لَظَىٰ
Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, ол - Ләзо
Аударма: ҚМДБ
70:16نَزَّاعَةٗ لِّلشَّوَىٰ
Теріні сояды
Аударма: Халифа Алтай
Бас терісін сыдырып алушы
Аударма: ҚМДБ
70:17تَدۡعُواْ مَنۡ أَدۡبَرَ وَتَوَلَّىٰ
Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / тозақ / теріс айналғанды және бет бұрғанды өзіне шақырады
Аударма: ҚМДБ
70:18وَجَمَعَ فَأَوۡعَىٰٓ
Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады
Аударма: Халифа Алтай
әрі / дүние / жинап, жасырғанды
Аударма: ҚМДБ
70:19۞إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ خُلِقَ هَلُوعًا
Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, адам баласы / орнықсыз / етіп, тұрақсыз жаратылған
Аударма: ҚМДБ
70:20إِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ جَزُوعٗا
Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оған жамандық жетсе, ол тым мазасыз
Аударма: ҚМДБ
70:21وَإِذَا مَسَّهُ ٱلۡخَيۡرُ مَنُوعًا
Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң
Аударма: Халифа Алтай
ал, оған жақсылық келгенде өте сараң
Аударма: ҚМДБ
70:22إِلَّا ٱلۡمُصَلِّينَ
Бірақ намаз оқушылар басқа
Аударма: Халифа Алтай
Тек намаз оқитындар ғана мұндай емес
Аударма: ҚМДБ
70:23ٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ دَآئِمُونَ
Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар - намаздарын әрқашан қалдырмай орындайтындар
Аударма: ҚМДБ
70:24وَٱلَّذِينَ فِيٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ حَقّٞ مَّعۡلُومٞ
Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар
Аударма: Халифа Алтай
әрі мал-дүниелерінде белгілі бір үлес барлар
Аударма: ҚМДБ
70:25لِّلسَّآئِلِ وَٱلۡمَحۡرُومِ
Сұрағанға да сұрамағанға да. (С. 19-А)
Аударма: Халифа Алтай
сұраушыға және еш нәрсесі жоқтар үшін
Аударма: ҚМДБ
70:26وَٱلَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ
Тағы сондай қиямет күнін растағандар
Аударма: Халифа Алтай
әрі олар - Есеп күнін шын деп білетіндер
Аударма: ҚМДБ
70:27وَٱلَّذِينَ هُم مِّنۡ عَذَابِ رَبِّهِم مُّشۡفِقُونَ
Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар
Аударма: Халифа Алтай
және олар - Раббысының азабынан зәресі ұшып қорқатындар
Аударма: ҚМДБ
70:28إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمۡ غَيۡرُ مَأۡمُونٖ
Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес
Аударма: Халифа Алтай
ақиқатында, Раббысының азабынан ешкім де қауіпсіз емес
Аударма: ҚМДБ
70:29وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِفُرُوجِهِمۡ حَٰفِظُونَ
Сондай ұятты жерлерін сақтағандар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар - өзінің әурет мүшесін сақтаушылар
Аударма: ҚМДБ
70:30إِلَّا عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَإِنَّهُمۡ غَيۡرُ مَلُومِينَ
Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ
Аударма: Халифа Алтай
жұбайлары мен қол астарындағы күңдерінен басқалардан, оларға бұл күнә емес
Аударма: ҚМДБ
70:31فَمَنِ ٱبۡتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡعَادُونَ
Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар
Аударма: Халифа Алтай
ал, бұдан өзгені қалағандар - шектен шығушылар
Аударма: ҚМДБ
70:32وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِأَمَٰنَٰتِهِمۡ وَعَهۡدِهِمۡ رَٰعُونَ
Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар - аманаттары мен серттерін сақтайтындар
Аударма: ҚМДБ
70:33وَٱلَّذِينَ هُم بِشَهَٰدَٰتِهِمۡ قَآئِمُونَ
Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар
Аударма: Халифа Алтай
және олар - куәліктерін әділ орындайтындар
Аударма: ҚМДБ
70:34وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَاتِهِمۡ يُحَافِظُونَ
Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер
Аударма: Халифа Алтай
әрі олар - намаздарына мұқият қарайтындар
Аударма: ҚМДБ
70:35أُوْلَـٰٓئِكَ فِي جَنَّـٰتٖ مُّكۡرَمُونَ
Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер
Аударма: Халифа Алтай
міне, осылар - жәннаттарда сый-құрметке бөленетіндер
Аударма: ҚМДБ
70:36فَمَالِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ قِبَلَكَ مُهۡطِعِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сондай күпірлік етушілерге / Раббыңның игіліктерін мойындамағандарға / не болды, алдында асығыс-үсігіс жүгіріскен
Аударма: ҚМДБ
70:37عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ عِزِينَ
Оңнан, солдан топ-топ болып
Аударма: Халифа Алтай
оң жақтан және сол жақтан топ-топ болып
Аударма: ҚМДБ
70:38أَيَطۡمَعُ كُلُّ ٱمۡرِيٕٖ مِّنۡهُمۡ أَن يُدۡخَلَ جَنَّةَ نَعِيمٖ
Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме
Аударма: Халифа Алтай
Олардан әрбірі Наъим(Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бағына кіргізілуін шынымен дәмете ме
Аударма: ҚМДБ
70:39كَلَّآۖ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّمَّا يَعۡلَمُونَ
Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Анығында, Біз оларды өздеріне мәлім болған нәрседен жараттық
Аударма: ҚМДБ
70:40فَلَآ أُقۡسِمُ بِرَبِّ ٱلۡمَشَٰرِقِ وَٱلۡمَغَٰرِبِ إِنَّا لَقَٰدِرُونَ
Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Шығыстар мен батыстардың Раббысымен ант етемін! Күмәнсіз, Біз жасай аламыз
Аударма: ҚМДБ
70:41عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ خَيۡرٗا مِّنۡهُمۡ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ
Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды
Аударма: Халифа Алтай
олардың орындарына олардан да жақсыны алмастыруды. Әрі Бізден ешкім озушы емес
Аударма: ҚМДБ
70:42فَذَرۡهُمۡ يَخُوضُواْ وَيَلۡعَبُواْ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын
Аударма: Халифа Алтай
Оларды жөніне қалдыр. Олар өздеріне уәде етілген Күнге жолыққанға дейін бос сөз, жалғанға сүңгіп, ойнап-күле тұрсын
Аударма: ҚМДБ
70:43يَوۡمَ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ سِرَاعٗا كَأَنَّهُمۡ إِلَىٰ نُصُبٖ يُوفِضُونَ
Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні олар орнатылған белгілерге жүгіргендей қабірлерден асыға шығады
Аударма: ҚМДБ
70:44خَٰشِعَةً أَبۡصَٰرُهُمۡ تَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةٞۚ ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلَّذِي كَانُواْ يُوعَدُونَ
Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн
Аударма: Халифа Алтай
олардың көздері жуасып, өздерін қорлық басқан күйде болады. Міне, оларға уәде етілген Күн - осы
Аударма: ҚМДБ
Аль-Мааридж сүресі туралы
Аль-Мааридж (المعارج) — Құранның 70-сүресі, 44 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 568-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу