69:1ٱلۡحَآقَّةُ
Болуы анық қиямет
Аударма: Халифа Алтай
Әл-Хаққа / міндетті түрде болатын
Аударма: ҚМДБ
69:2مَا ٱلۡحَآقَّةُ
Ол, болуы анық не нәрсе
Аударма: Халифа Алтай
«Міндетті түрде болатын», - деген не
Аударма: ҚМДБ
69:3وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡحَآقَّةُ
Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі «Міндетті түрде болатынның» не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
69:4كَذَّبَتۡ ثَمُودُ وَعَادُۢ بِٱلۡقَارِعَةِ
Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды
Аударма: Халифа Алтай
Сәмұд және Ад елдері «Қариъаны» / Қиямет күнін / өтірік санады
Аударма: ҚМДБ
69:5فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهۡلِكُواْ بِٱلطَّاغِيَةِ
Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, Сәмүдтықтар «Тағиямен» / шектен тыс қуатты нәрсемен / жойылды
Аударма: ҚМДБ
69:6وَأَمَّا عَادٞ فَأُهۡلِكُواْ بِرِيحٖ صَرۡصَرٍ عَاتِيَةٖ
Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Адтықтар жойқын, аязды дауылмен жойылды
Аударма: ҚМДБ
69:7سَخَّرَهَا عَلَيۡهِمۡ سَبۡعَ لَيَالٖ وَثَمَٰنِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومٗاۖ فَتَرَى ٱلۡقَوۡمَ فِيهَا صَرۡعَىٰ كَأَنَّهُمۡ أَعۡجَازُ نَخۡلٍ خَاوِيَةٖ
Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол елді іші кеуек кұрма ағаштарындай құлап жатқанын көресің
Аударма: ҚМДБ
69:8فَهَلۡ تَرَىٰ لَهُم مِّنۢ بَاقِيَةٖ
Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе
Аударма: Халифа Алтай
Сен олардан қалған бірер нәрсені көресің бе
Аударма: ҚМДБ
69:9وَجَآءَ فِرۡعَوۡنُ وَمَن قَبۡلَهُۥ وَٱلۡمُؤۡتَفِكَٰتُ بِٱلۡخَاطِئَةِ
Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун мен одан алдыңғылар да және асты үстіне төңкеріліп ойран болған елдер де әдейі / біле тұра / қате істеді
Аударма: ҚМДБ
69:10فَعَصَوۡاْ رَسُولَ رَبِّهِمۡ فَأَخَذَهُمۡ أَخۡذَةٗ رَّابِيَةً
Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған
Аударма: Халифа Алтай
Олар Раббысының Елшісіне бойсұнбады да Ол / Аллаһ / оларды өте қатты ұстаумен тұтты
Аударма: ҚМДБ
69:11إِنَّا لَمَّا طَغَا ٱلۡمَآءُ حَمَلۡنَٰكُمۡ فِي ٱلۡجَارِيَةِ
Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, су тасыған кезде, Біз сендерді кемеге мінгіздік
Аударма: ҚМДБ
69:12لِنَجۡعَلَهَا لَكُمۡ تَذۡكِرَةٗ وَتَعِيَهَآ أُذُنٞ وَٰعِيَةٞ
Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық
Аударма: Халифа Алтай
оны сендерге еске салу үшін әрі оны ұғатын құлақтардың ұғуы үшін / істедік
Аударма: ҚМДБ
69:13فَإِذَا نُفِخَ فِي ٱلصُّورِ نَفۡخَةٞ وَٰحِدَةٞ
Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан сүр бір рет үрілгенде
Аударма: ҚМДБ
69:14وَحُمِلَتِ ٱلۡأَرۡضُ وَٱلۡجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةٗ وَٰحِدَةٗ
Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
әрі жер мен таулар көтеріліп, бір соққымен күйретілген кезде
Аударма: ҚМДБ
69:15فَيَوۡمَئِذٖ وَقَعَتِ ٱلۡوَاقِعَةُ
Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады
Аударма: Халифа Алтай
міне, сол күні Уақиъа / Қиямет / басталады
Аударма: ҚМДБ
69:16وَٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَهِيَ يَوۡمَئِذٖ وَاهِيَةٞ
Сол күні, көк жарылып, босайды
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ аспан сетінеп, сол күні ол әлсіз / берік емес / күйде болады
Аударма: ҚМДБ
69:17وَٱلۡمَلَكُ عَلَىٰٓ أَرۡجَآئِهَاۚ وَيَحۡمِلُ عَرۡشَ رَبِّكَ فَوۡقَهُمۡ يَوۡمَئِذٖ ثَمَٰنِيَةٞ
Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Періштелер оның шеттерінде болады. Сол күні олардың үстінде Раббыңның аршын сегіз / періште / көтеріп тұрады
Аударма: ҚМДБ
69:18يَوۡمَئِذٖ تُعۡرَضُونَ لَا تَخۡفَىٰ مِنكُمۡ خَافِيَةٞ
Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні сендер / Аллаһтың / алдына шығарыласыңдар, сендердегі ешбір құпия жасырын қалмайды
Аударма: ҚМДБ
69:19فَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَيَقُولُ هَآؤُمُ ٱقۡرَءُواْ كِتَٰبِيَهۡ
Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе: «Мінеки, менің кітабымды оқыңдар
Аударма: ҚМДБ
69:20إِنِّي ظَنَنتُ أَنِّي مُلَٰقٍ حِسَابِيَهۡ
Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, мен осы Есебіме кездесетініме сенген едім», - дейді
Аударма: ҚМДБ
69:21فَهُوَ فِي عِيشَةٖ رَّاضِيَةٖ
Сонда ол, қуанышты тіршілікте
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол разы болатын өмірде
Аударма: ҚМДБ
69:22فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٖ
Көтеріңкі жаннатта болады
Аударма: Халифа Алтай
биік / Жәннат / бағында болады
Аударма: ҚМДБ
69:23قُطُوفُهَا دَانِيَةٞ
Жемістері салбырап тұрады
Аударма: Халифа Алтай
сондай жемістері төніп тұратын
Аударма: ҚМДБ
69:24كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَآ أَسۡلَفۡتُمۡ فِي ٱلۡأَيَّامِ ٱلۡخَالِيَةِ
(Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
69:25وَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِشِمَالِهِۦ فَيَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي لَمۡ أُوتَ كِتَٰبِيَهۡ
Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кімнің кітабы сол жағынан берілсе, ол: «Еһ, әттең, маған кітабым берілмесе еді
Аударма: ҚМДБ
69:26وَلَمۡ أَدۡرِ مَا حِسَابِيَهۡ
Есебімнің не екенін білмесем екен
Аударма: Халифа Алтай
Есебімнің не екенін білмесем еді
Аударма: ҚМДБ
69:27يَٰلَيۡتَهَا كَانَتِ ٱلۡقَاضِيَةَ
Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді)
Аударма: Халифа Алтай
Әттең, бұл / өлімім бәрін / бітіруші болғанда еді
Аударма: ҚМДБ
69:28مَآ أَغۡنَىٰ عَنِّي مَالِيَهۡۜ
Малым, маған еш пайда бермеді
Аударма: Халифа Алтай
Мал-дүнием мені құтқармады
Аударма: ҚМДБ
69:29هَلَكَ عَنِّي سُلۡطَٰنِيَهۡ
Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Менің билігім / күш-қуатым / жойылды», - дейді
Аударма: ҚМДБ
69:30خُذُوهُ فَغُلُّوهُ
Оны ұстаңдар да байлаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Тозақ сақшыларына бұйырылады / : «Оны ұстаңдар да бұғаулаңдар
Аударма: ҚМДБ
69:31ثُمَّ ٱلۡجَحِيمَ صَلُّوهُ
Сосын оны тозаққа салыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Кейін оны Жахимға салыңдар
Аударма: ҚМДБ
69:32ثُمَّ فِي سِلۡسِلَةٖ ذَرۡعُهَا سَبۡعُونَ ذِرَاعٗا فَٱسۡلُكُوهُ
Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін оны / денесін / ұзындығы жетпіс шынтақ шынжырдан өткізіңдер
Аударма: ҚМДБ
69:33إِنَّهُۥ كَانَ لَا يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ ٱلۡعَظِيمِ
Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген
Аударма: Халифа Алтай
Себебі ол ұлы Аллаһқа сенбеген еді
Аударма: ҚМДБ
69:34وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ
Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді
Аударма: Халифа Алтай
әрі кедей, жарлыларды тамақтандыруға үгіттемеген / өзгелерді шақырмаған / еді
Аударма: ҚМДБ
69:35فَلَيۡسَ لَهُ ٱلۡيَوۡمَ هَٰهُنَا حَمِيمٞ
Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Бүгін мұнда оған бір жақын / дос / жоқ
Аударма: ҚМДБ
69:36وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنۡ غِسۡلِينٖ
Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ
Аударма: Халифа Алтай
және сасық іріңнен басқа ешбір тамақ та жоқ
Аударма: ҚМДБ
69:37لَّا يَأۡكُلُهُۥٓ إِلَّا ٱلۡخَٰطِـُٔونَ
Оны күнәкарлар ғана жейді
Аударма: Халифа Алтай
Оны біле тұра қателескендерден / күнәһарлардан / басқа ешкім жемейді
Аударма: ҚМДБ
69:38فَلَآ أُقۡسِمُ بِمَا تُبۡصِرُونَ
Сонда көрген нәрселеріңе серт
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің көріп тұрғандарыңмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
69:39وَمَا لَا تُبۡصِرُونَ
Және көрмеген нәрселеріңе де серт
Аударма: Халифа Алтай
Әрі көрмей тұрғандарыңмен де
Аударма: ҚМДБ
69:40إِنَّهُۥ لَقَوۡلُ رَسُولٖ كَرِيمٖ
Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұл / Құран / - ардақты бір Елшінің / Аллаһтан жеткізген / сөзі
Аударма: ҚМДБ
69:41وَمَا هُوَ بِقَوۡلِ شَاعِرٖۚ قَلِيلٗا مَّا تُؤۡمِنُونَ
Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - ақынның сөзі емес. Сендер қандай аз сенесіңдер
Аударма: ҚМДБ
69:42وَلَا بِقَوۡلِ كَاهِنٖۚ قَلِيلٗا مَّا تَذَكَّرُونَ
Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол бақсы-балгердің, сәуегейдің де сөзі емес. Сендер қандай аз еске аласыңдар
Аударма: ҚМДБ
69:43تَنزِيلٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - әлемдердің Раббысынан түсірілген
Аударма: ҚМДБ
69:44وَلَوۡ تَقَوَّلَ عَلَيۡنَا بَعۡضَ ٱلۡأَقَاوِيلِ
Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса
Аударма: Халифа Алтай
Егер де ол кейбір сөздерді Бізге таңса
Аударма: ҚМДБ
69:45لَأَخَذۡنَا مِنۡهُ بِٱلۡيَمِينِ
Әрине оның оң жағынан қолға алар едік
Аударма: Халифа Алтай
онда оны оң қолынан ұстап алатын едік
Аударма: ҚМДБ
69:46ثُمَّ لَقَطَعۡنَا مِنۡهُ ٱلۡوَتِينَ
Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік)
Аударма: Халифа Алтай
кейін оның күре тамырын үзер едік
Аударма: ҚМДБ
69:47فَمَا مِنكُم مِّنۡ أَحَدٍ عَنۡهُ حَٰجِزِينَ
Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендерден ешкім де оны тосып қала алмас еді
Аударма: ҚМДБ
69:48وَإِنَّهُۥ لَتَذۡكِرَةٞ لِّلۡمُتَّقِينَ
Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, бүл / Құран / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін бір еске салу
Аударма: ҚМДБ
69:49وَإِنَّا لَنَعۡلَمُ أَنَّ مِنكُم مُّكَذِّبِينَ
Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз
Аударма: Халифа Алтай
Және анығында, Біз сендердің араларыңда өтірікке шығаратындар бар екенін анық білеміз
Аударма: ҚМДБ
69:50وَإِنَّهُۥ لَحَسۡرَةٌ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күдіксіз, бүл күпірлік етушілер / теріске шығарушылар / үшін өкініш
Аударма: ҚМДБ
69:51وَإِنَّهُۥ لَحَقُّ ٱلۡيَقِينِ
Шүбәсыз ол Құран, анық шындық
Аударма: Халифа Алтай
Және күдіксіз, ол - айқын ақиқат
Аударма: ҚМДБ
69:52فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
Аль-Хакка сүресі туралы
Аль-Хакка (الحاقة) — Құранның 69-сүресі, 52 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 566-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу