Аль-Калям

القلم · 52 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 564-бет
← Аль-МулькБарлық сүрелерАль-Хакка →
68:1
نٓۚ وَٱلۡقَلَمِ وَمَا يَسۡطُرُونَ
Нұн: (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт
Аударма: Халифа Алтай
Нун. Қаламмен және олардың жазып жатқандарымен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
68:2
مَآ أَنتَ بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ بِمَجۡنُونٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен Раббыңның игілігі арқасында жын соққан біреу емессің
Аударма: ҚМДБ
68:3
وَإِنَّ لَكَ لَأَجۡرًا غَيۡرَ مَمۡنُونٖ
Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
әрі күдіксіз, саған таусылмайтын сый бар
Аударма: ҚМДБ
68:4
وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٖ
Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің
Аударма: Халифа Алтай
және сен, шын мәнінде, ұлы мінезге иесің
Аударма: ҚМДБ
68:5
فَسَتُبۡصِرُ وَيُبۡصِرُونَ
Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді
Аударма: Халифа Алтай
Жақында көресің және олар да көреді
Аударма: ҚМДБ
68:6
بِأَييِّكُمُ ٱلۡمَفۡتُونُ
Жындылық қайсыларыңда екен
Аударма: Халифа Алтай
сендердің қайсы біріңде ессіздік / бүлік / бар екенін
Аударма: ҚМДБ
68:7
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ
Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббың Өз жолынан адасқандарды жақсы біледі. Әрі Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі
Аударма: ҚМДБ
68:8
فَلَا تُطِعِ ٱلۡمُكَذِّبِينَ
Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Өтірікке шығарушыларға бағынба
Аударма: ҚМДБ
68:9
وَدُّواْ لَوۡ تُدۡهِنُ فَيُدۡهِنُونَ
Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды. Б.М)
Аударма: Халифа Алтай
Олар сенің көнгіш болғаныңды қалайды, сонда олар да жұмсақтық танытпақшы
Аударма: ҚМДБ
68:10
وَلَا تُطِعۡ كُلَّ حَلَّافٖ مَّهِينٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой ұсынба
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір көп ант бергішке, жексұрынға бағынба
Аударма: ҚМДБ
68:11
هَمَّازٖ مَّشَّآءِۭ بِنَمِيمٖ
Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да
Аударма: Халифа Алтай
мін таққышқа, өсек тасығышқа
Аударма: ҚМДБ
68:12
مَّنَّاعٖ لِّلۡخَيۡرِ مُعۡتَدٍ أَثِيمٍ
Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да
Аударма: Халифа Алтай
жақсылыққа кедергі болушыға, шектен шығушыға, күнәға батушыға
Аударма: ҚМДБ
68:13
عُتُلِّۭ بَعۡدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ
Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мұғаияра ұлы Уәлід)
Аударма: Халифа Алтай
дөрекіге бұған қоса өзін өзгенің баласы атағанға бағынба
Аударма: ҚМДБ
68:14
أَن كَانَ ذَا مَالٖ وَبَنِينَ
Бұлар малды, балалы болса да
Аударма: Халифа Алтай
дәулеті және перзенттері көп болса да
Аударма: ҚМДБ
68:15
إِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бұрынғылардың ертегісі" деді
Аударма: Халифа Алтай
Оған аяттарымыз оқылған кезде ол: «Бұрынғылардың ертегілері», - деді
Аударма: ҚМДБ
68:16
سَنَسِمُهُۥ عَلَى ٱلۡخُرۡطُومِ
Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа ұшырайды. Б.М.Р.Х.Т)
Аударма: Халифа Алтай
Таяуда оның тұмсығын таңбалаймыз
Аударма: ҚМДБ
68:17
إِنَّا بَلَوۡنَٰهُمۡ كَمَا بَلَوۡنَآ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ إِذۡ أَقۡسَمُواْ لَيَصۡرِمُنَّهَا مُصۡبِحِينَ
Бұларға бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз оларды, бақ иелерін сынағанымыздай сынадық. Сол кезде олар таң уақытында оның жемістерін жинап алуға ант етті
Аударма: ҚМДБ
68:18
وَلَا يَسۡتَثۡنُونَ
Алла қаласа демеді
Аударма: Халифа Алтай
Алайда олар ескермеді / тосын жағдайды есепке алмады
Аударма: ҚМДБ
68:19
فَطَافَ عَلَيۡهَا طَآئِفٞ مِّن رَّبِّكَ وَهُمۡ نَآئِمُونَ
Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, олар ұйықтап жатқанда, оны / бақты / Раббың тараптан бір айналушы айналды
Аударма: ҚМДБ
68:20
فَأَصۡبَحَتۡ كَٱلصَّرِيمِ
Бақша қара түнектей болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, таңға қарай жемістері қиылғандай кейіпке түсті
Аударма: ҚМДБ
68:21
فَتَنَادَوۡاْ مُصۡبِحِينَ
Сонда олар, таң сәріден дабыстады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар таң сәріде бір-бірін шақырды
Аударма: ҚМДБ
68:22
أَنِ ٱغۡدُواْ عَلَىٰ حَرۡثِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰرِمِينَ
Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп
Аударма: Халифа Алтай
« / Өнім / Жинайтын болсаңдар, бақтарыңа ерте барыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
68:23
فَٱنطَلَقُواْ وَهُمۡ يَتَخَٰفَتُونَ
Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп олар / баққа / жол тартып, сыбырласқан күйде
Аударма: ҚМДБ
68:24
أَن لَّا يَدۡخُلَنَّهَا ٱلۡيَوۡمَ عَلَيۡكُم مِّسۡكِينٞ
Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп
Аударма: Халифа Алтай
«Бүгін оған ешбір кедей кірмесін», - деді
Аударма: ҚМДБ
68:25
وَغَدَوۡاْ عَلَىٰ حَرۡدٖ قَٰدِرِينَ
Олар, ктші жете тұра таң сәріден оңаша кетті
Аударма: Халифа Алтай
Олар күштері жететініне сеніп, ертемен оңаша барды
Аударма: ҚМДБ
68:26
فَلَمَّا رَأَوۡهَا قَالُوٓاْ إِنَّا لَضَآلُّونَ
Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оны көрген сәтте: «Ақиқатында біз адасып кетіппіз
Аударма: ҚМДБ
68:27
بَلۡ نَحۡنُ مَحۡرُومُونَ
Жоқ, біз құр қалған екенміз" (десті)
Аударма: Халифа Алтай
жоқ, біз айрылған екенбіз», - деді
Аударма: ҚМДБ
68:28
قَالَ أَوۡسَطُهُمۡ أَلَمۡ أَقُل لَّكُمۡ لَوۡلَا تُسَبِّحُونَ
Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ішіндегі дұрыстауы: «Сен­дерге: « / Аллаһты / дәріптеңдер демеп пе едім», - деді
Аударма: ҚМДБ
68:29
قَالُواْ سُبۡحَٰنَ رَبِّنَآ إِنَّا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Раббымыз / барлық кемшіліктен / пәк. Ақиқатында біз әділетсіз болдық», - деді
Аударма: ҚМДБ
68:30
فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَلَٰوَمُونَ
Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар бірін-бірі жазғырып
Аударма: ҚМДБ
68:31
قَالُواْ يَٰوَيۡلَنَآ إِنَّا كُنَّا طَٰغِينَ
Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті
Аударма: Халифа Алтай
«Сорымыз құрысын! Ақиқатында, біз шектен шыққан екенбіз
Аударма: ҚМДБ
68:32
عَسَىٰ رَبُّنَآ أَن يُبۡدِلَنَا خَيۡرٗا مِّنۡهَآ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا رَٰغِبُونَ
Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз
Аударма: Халифа Алтай
Мүмкін Раббымыз бізге бұның ор­нына одан жақсысын берер. Ақиқатында, біз Раббымыздан үміт етеміз», - десті
Аударма: ҚМДБ
68:33
كَذَٰلِكَ ٱلۡعَذَابُۖ وَلَعَذَابُ ٱلۡأٓخِرَةِ أَكۡبَرُۚ لَوۡ كَانُواْ يَعۡلَمُونَ
Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осындай азап! Күмәнсіз, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да үлкен. Егер, олар білген болса
Аударма: ҚМДБ
68:34
إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّـٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, тақуалар үшін / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / олардың Раббысында - Наъим (Жәннаттың аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтары бар
Аударма: ҚМДБ
68:35
أَفَنَجۡعَلُ ٱلۡمُسۡلِمِينَ كَٱلۡمُجۡرِمِينَ
Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе
Аударма: Халифа Алтай
Біз мұсылмандарды / бойсұнушыларды / қылмыскерлер сияқты етеміз бе
Аударма: ҚМДБ
68:36
مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ
Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге не болды, қалай үкім шығарып жатырсыңдар
Аударма: ҚМДБ
68:37
أَمۡ لَكُمۡ كِتَٰبٞ فِيهِ تَدۡرُسُونَ
Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сендерде өздерің оқитын бір кітап бар ма
Аударма: ҚМДБ
68:38
إِنَّ لَكُمۡ فِيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ
Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Онда / ол кітапта / : «күдіксіз, сендерге таңдағандарың болады» делінген бе
Аударма: ҚМДБ
68:39
أَمۡ لَكُمۡ أَيۡمَٰنٌ عَلَيۡنَا بَٰلِغَةٌ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ إِنَّ لَكُمۡ لَمَا تَحۡكُمُونَ
Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сендер үшін Қиямет күніне дейін жететін: «Шешкендерің орындалады», - деген, Біз міндетімізге алған ант бар ма
Аударма: ҚМДБ
68:40
سَلۡهُمۡ أَيُّهُم بِذَٰلِكَ زَعِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: "Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, қайсылары бұған кепіл болады екен
Аударма: ҚМДБ
68:41
أَمۡ لَهُمۡ شُرَكَآءُ فَلۡيَأۡتُواْ بِشُرَكَآئِهِمۡ إِن كَانُواْ صَٰدِقِينَ
Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олардың серіктері бар ма? Егер шын сөзді болса, серіктерін әкелсін
Аударма: ҚМДБ
68:42
يَوۡمَ يُكۡشَفُ عَن سَاقٖ وَيُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ
Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні балтыр ашылғанда, олар сәжде етуге шақырылады, бірақ олардың оған шамалары келмейді
Аударма: ҚМДБ
68:43
خَٰشِعَةً أَبۡصَٰرُهُمۡ تَرۡهَقُهُمۡ ذِلَّةٞۖ وَقَدۡ كَانُواْ يُدۡعَوۡنَ إِلَى ٱلسُّجُودِ وَهُمۡ سَٰلِمُونَ
Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын
Аударма: Халифа Алтай
Олардың көздері жуасып, өздерін қорлық орап алады. Анығында, олар аман-сау кезінде / осы өмірде / сәжде жасауға шақырылған болатын
Аударма: ҚМДБ
68:44
فَذَرۡنِي وَمَن يُكَذِّبُ بِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِۖ سَنَسۡتَدۡرِجُهُم مِّنۡ حَيۡثُ لَا يَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Енді осы Сөзді / Құранды / өтірік санайтындарды Маған қалдыр. Біз оларды, өздері білмейтін жақтан, бірте-бірте ұстаймыз
Аударма: ҚМДБ
68:45
وَأُمۡلِي لَهُمۡۚ إِنَّ كَيۡدِي مَتِينٌ
Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға уақыт беремін. Ақиқатында, Менің айла-тәсілім өте мықты
Аударма: ҚМДБ
68:46
أَمۡ تَسۡـَٔلُهُمۡ أَجۡرٗا فَهُم مِّن مَّغۡرَمٖ مُّثۡقَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сен олардан / ақиқатқа шақырғаның үшін / ақы сұрап, олар борышты болып қиналып жатыр ма
Аударма: ҚМДБ
68:47
أَمۡ عِندَهُمُ ٱلۡغَيۡبُ فَهُمۡ يَكۡتُبُونَ
Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде оларда ғайыптан бір нәрсе болып, олар жаза ма
Аударма: ҚМДБ
68:48
فَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُن كَصَاحِبِ ٱلۡحُوتِ إِذۡ نَادَىٰ وَهُوَ مَكۡظُومٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (С. 139-147-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкіміне сабыр ет және балық ішіндегі секілді болма. Сол уақытта ол қайғыға батып, жалбарынды
Аударма: ҚМДБ
68:49
لَّوۡلَآ أَن تَدَٰرَكَهُۥ نِعۡمَةٞ مِّن رَّبِّهِۦ لَنُبِذَ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ مَذۡمُومٞ
Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер оған Раббысынан бір игілік болмағанда, онда ол ашық жерге / жағалауға / айыпталған күйде лақтырылар еді
Аударма: ҚМДБ
68:50
فَٱجۡتَبَٰهُ رَبُّهُۥ فَجَعَلَهُۥ مِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті
Аударма: Халифа Алтай
Раббысы оны таңдап, ізгілерден етті
Аударма: ҚМДБ
68:51
وَإِن يَكَادُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَيُزۡلِقُونَكَ بِأَبۡصَٰرِهِمۡ لَمَّا سَمِعُواْ ٱلذِّكۡرَ وَيَقُولُونَ إِنَّهُۥ لَمَجۡنُونٞ
Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / Еске салуды / Құранды / тыңдаған сәтте, сені көзбен атып сүріндіруге әзір және: «Ол - анық жын соққан», - дейді
Аударма: ҚМДБ
68:52
وَمَا هُوَ إِلَّا ذِكۡرٞ لِّلۡعَٰلَمِينَ
Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, бұл / Құран / - әлемдер үшін еске салудан өзге нәрсе емес
Аударма: ҚМДБ
← Аль-МулькБарлық сүрелерАль-Хакка →

Аль-Калям сүресі туралы

Аль-Калям (القلم) — Құранның 68-сүресі, 52 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 564-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу