Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба
Аударма: Халифа Алтай
Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан - Сол / Аллаһ / . Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба
Расында Біз дүние аспанын шамдар (жұлдыздар) мен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік. (С. 16-18-А., 37-С. 6-10-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Біз төменгі аспанды шырақтармен / аспан денелерімен / безендірдік әрі оларды шайтандарды қайтаратын нәрсе еттік. Әрі Біз оларға / шайтандарға / Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабын әзірледік
Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларға оның сақшылары: "Сендерге ескертуші келмеді ме?",- деп, сұрайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол қатты ашудан жарылып кете жаздайды. Оған бір топ лақтырылған сайын, оның сақшылары олардан: «Сендерге ескертуші келмеген бе еді?» - деп сұрайды
Олар: "Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Иә, солай, бізге ескертуші келген еді. Бірақ біз оны өтірікші санап: «Аллаһ еш нәрсе түсірмеген. Сендер бар болғаны үлкен адасудасыңдар», - дегенбіз», - дейді
Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Егер де біз тыңдағанымызда не ақылымызды істеткенде, Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) түскендер қатарында болмас едік», - дейді
Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге жерді көнгіш / пайдалануға жеңіл / етті. Оның / жердің / жан-жағында / барлық тарабында / жүріңдер және Оның / Аллаһтың / ризық еткенінен жеңдер. Әрі қайта тірілгеннен кейін Оған ораласыңдар
Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінің үстінде қанаттарын жаятын және жинайтын кұстарды көрмей ме?! Оларды / ауада / әр-Рахманнан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Көруші
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезу жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендерді жоқтан бар етті және сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер өте аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне тым аз алғыс білдіресіңдер / », - деп
Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардың жүздері бұзылып кетеді. Оларға: "Міне осы сендердің тілегендерің" делінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оны / Есеп күнін / жақыннан көрген кезде, күпірлік еткендердің / Есеп күнін өтірікке шығарғандардың / жүзі түнеріп кетеді. Оларға: «Міне, осы сендердің сұрағандарың!» - делінеді
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан құтқарады?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ мені және менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе бізді мейіріміне бөлесе де, кәпірлерді күйзелтуші азаптан кім қорғайды?!» - деп
Оларға: "Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер" де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Ол - әр-Рахман / аса Қайырымды / , біз Оған сендік әрі Оған жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық / тәуекел еттік / . Сендер жақында кімнің анық адасуда екенін білесіңдер», - деп