Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойган сәтте, Алла оны Пайғамбарга білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: "Бұны саған кім білдірді?",- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): "Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Пайғамбар әйелдерінің біреуіне бір сөзді құпиялап айтқан еді. Ал, ол / әйелі / сырды басқағахабарлағанда, сонда Аллаһ мұны оған / елшіге / білдірді. Ол / Пайғамбар / оның кейбірін / әйеліне / айтты және кей бөлігін бүгіп қалды. Ол оны оған хабарлаған кезде, / әйелі / «Мұны саған кім хабарлады?» - деді. Ол: «Маған бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар хабарлады», - деді
Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін ; періштелер де оған болысады
Аударма: Халифа Алтай
Екеуің істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубе етсеңдер / , өйткені сендердің жүректерің ауытқыды. Ал, егер оған қарсы бір-біріңе болыссаңдар, ақиқатында, Аллаһ оның Қамқоршысы әрі Жәбірейіл мен иманға келгендердің ізгілері оның досы. Ал, одан кейін періштелер де оған көмектесуші
(Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін
Аударма: Халифа Алтай
Егер ол сендерді талақ етсе, Раббысы оған әлбетте сендерден жақсы мұсылман, иманды, бағынушы, істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтушы / тәубе етуші / , құлшылық жасаушы, ораза ұстаушы, тұрмыста болған / жесір не күйеуден қайтқан / және тұрмыс құрмағандарды ауыстырып береді
Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Өздеріңді және үй іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған Оттан сақтаңдар. Оның басында қатал, ызғарлы, Аллаһтың бұйрықтарына қарсы келмейтін әрі өздеріне бұйырылғанды орындайтын періштелер бар
Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын ұжмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жұреді. Олар: "Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді" дейді. (С.ІЗ-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа шын ықыласпен, істеген күнәләріңе шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар / тәубе етіңдер / , әлбетте сендердің Раббың жамандықтарыңды кешіреді әрі Пайғамбарды және онымен бірге иманға келгендерді қорламайтын күні Аллаһ сендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олардың нұрлары алдарында және оң жақтарында жүреді. Олар: «Раббымыз! Бізге нұрымыздытолықтыр және бізді кешір, сөзсіз Сен - барлық нәрсені жасай алушысың», - дейді
Алла (Т.) кәпірлерге Нұх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лүт (Ғ.С.) тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады "Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер." делінді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін күпірлік етушілердің / имансыздардың / мысалы етіп келтірді. Ол екеуі Біздің құлдарымыздан екі ізгі құлдың некесінде еді. Ол екеуі оларға қиянат жасады. Алайда, ол екеуіне Аллаһтың алдында еш нәрсе пайда бермеді және: «Екеуің кірушілермен бірге Отқа / тозаққа / кіріңдер», - делінді
Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: "Раббым! Өз жаныңнан маған бейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар" деген еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келгендердің мысал-үлгісі етіп, Аллаһ Фиръаунның әйелін келтірді. Кезінде ол: «Раббым! Маған Өзіңнің құзырыңнан Жәннатта бір үй тұрғыз және мені Фиръаун мен оның істерінен құтқар әрі мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деген еді
Ғымран қызы Мәрйемді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рұхымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді. (Нұх Ғ.С. ның әйелі; уаһила, еліне: "Ол жынды" деп, Лұт Ғ.С. ның әйелі; қонақ болып келген періштелерді, еліндегі бұзықтарға хабар беретін еді. Ал Перғауынның әйелі, Асия Мазақым қызы; Мұса Ғ.С. га иман келтіргендіктен, Перғауын оны төрт қазыққа керіп, аяусыз түрде қинаумен өлтіреді. Ғымран қызы Мәрйем; Алланың әміріиен екі қабат болып, Ғиса Ғ.С. ды дүниеге келтіреді. Ж.М.Х.Т)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ әйелдік пәктігін қорғаған ’Имранның қызы Мэриямды да. Біз оған / Өз иелігіміздегі / рухымыздан үрледік. Ол Раббысының сөздеріне және Кітаптарына сенді әрі / Раббысына / берілушілерден болды