Әй Пайғамбар! Қашан әйелдеріңді талақ қылсаңдар, сонда оларды белгілі мерзімінде ажыратыңдар және о мерзімді есептеңдер. Раббыларың Алладан қорқыңдар. Оларды үйлерінен шығармаңдар әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе, ол басқа. Міне бұл Алланың шектері. Ал кім Алланың шектерінен шықса, расында ол, өзіне қастық қылған болады. Білмейсің, мүмкін Алла, бұл уақиғадан кейін бір жағдай пайда қылар. (С. 228-234-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Қашан әйелдерді талақ етсеңдер, оларды белгіленген иддаларында / бекітілген күту мерзімінде / талақ етіңдер және идданы / күту мерзімін / есептеңдер. Әрі өздеріңнің Раббың -Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар! Ашық жиіркенішті іс істемесе оларды үйлерден шығарып жібермеңдер және олар өздері де шықпасын. Міне, осы - Аллаһтың / белгілеген / шектері. Кім Аллаһтың шектерінен / тыйымдарынан / аттаса, шын мәнінде, өзіне өзі әділетсіздік етеді. Сен білмейсің, мүмкін Аллаһ осыдан кейін басқа жағдай пайда етер
Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды дұрыстықпен ұстаңдар немесе туралықпен ажыратыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен екі әділ кісіні айғақ қойыңдар. Куәлікті Алла үшін толық орындандар. Міне осылармен; Аллага, ахирет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладан қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады
Аударма: Халифа Алтай
Ал қашан олардың мерзімдері жетсе, оларды құпталған бойынша қалдырыңдар немесе олармен құпталған бойынша ажырасыңдар әрі араларыңнан әділ болған екі ер адамды куә етіңдер және куәлікті Аллаһ үшін орындаңдар. Аллаһқа және Ақирет күніне сенгенге осымен насихат етіледі. Кім Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып сақтанса, Ол оған шығатын жол жасайды
Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол оған оның өзі ойламаған жақтан ризық береді. Ал, кім Аллаһқа жүгініп, Оған ісін тапсырса / тәуекел етсе / , Ол оған жеткілікті. Ақиқатында Аллаһ - ісін соңына жеткізуші. Аллаһ әрбір нәрсеге өлшем белгілеген
Етеккірден қалған әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың "ғыддаты" мерзімі үш ай. Және әдет көрмеген әйелдердің мерзімдері де сондай. Ал және жүкті әйелдердің мерзімдері олар босанғанға дейін. Кім Алладан қорықса, оның ісіне оңайлық жасайды
Аударма: Халифа Алтай
әйелдеріңнен етеккірден күдер үзгендерінен, егер күмәндансаңдар, олардың иддасы - үш ай және етеккірі жоқтардың да. Ал жүкті әйелдердің иддасы құрсақтарындағыны босанғандарына дейін. Кім Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтанса, Ол оған ісін жеңілдетеді
Міне осы, Алланың сендерге түсірген бұйрықтары. Кім Алладан қорықса, оның жамандығын жояды да сауабын зорайтады
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - Аллаһтың сендерге түсірген бұйрығы. Кім Аллаһтан / Оның тыйғанынан / қорқып, сақтанса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оған берілетін сыйын ұлғайтады
(Ажырасып, мерзім күткен) әйелдерді шамаларың келгенінше, үйлеріңде тұрғызыңдар. Оларға зорлау үшін түрткі салмаңдар. Егер олар жүкті әйелдер болса, сонда оларға босанғанға дейін нафақа беріңдер. Егер ажыраған әйелдер, сендер үшін бала емзірсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар. Егер (ер аз беріп, әйел көп тілеп) бір-біріңе ауырлық салсаңдар, баланы басқа әйел емзіруге болады
Аударма: Халифа Алтай
Өздерің тұратын жерден оларға шамаларыңа қарай тұрақ беріңдер. Әрі оларға қысым көрсету үшін / олар өздері кетсін деп / зиян жасамаңдар. Ал, егер олар жүкті болса, құрсақтарындағыны босанғандарына дейін оларға қаражат жұмсаңдар. Егер олар сендер үшін / босанғаннан кейін балаларыңды / емізетін болса, оларға ақыларын беріңдер және өзара құпталғанға сай кеңесіңдер. Ал егер келісе алмасаңдар, онда ол үшін / баланы / басқа әйел емізеді
Кеңшілік иесі бай кісі; өзіне Алланың бергені бойынша нафақа берсін. Алла біреуге оған бергенінен артық жүктемейді. Алла, ауыршылықтан кейін жеңілдік береді
Аударма: Халифа Алтай
Жағдайы жеткілікті адам өзінде бардан жұмсасын. Ал, ризық-несібесі шектеулі адам, өзіне Аллаһтың бергенінен жұмсасын. Аллаһ ешбір жанға, Өзі оған бергенінен артық жүктемейді. Аллаһ қиыншылықтан кейін жеңілдік жасайды
Қаншалаған кент Раббыларының және елшілерінің әмірінен бас тартты. Сонда оларды қатаң түрде есепке тартып, өздерін жаман азаппен қинағанбыз
Аударма: Халифа Алтай
Қаншама елді мекендер Раббысының әміріне және Оның елшілеріне қарсы шықты. Сонда Біз оларды қатаң есеппен есепке тарттық әрі оларды ауыр азапқа душар еттік
Алла оларға қатты азап әзірлеген. Әй ақыл иелері! Алладан қорқыңдар. Иман келтіргендер, Алла сендерге бір зікір (Құран) түсірді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ оларға қатты азап дайындады. Ей, ақыл иелері - иманға келгендер, Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар, Аллаһ сендерге Еске салушыны / Құранды / түсірді
Сондай иман келтіріп, жақсы ғамал істегендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін Алла сендерге аяттарын оқитын бір Елші жіберді. Кім Аллаға иман келтіріп, жақсы ғамал істесе, Алла, оны астарынан өзендер агатын әрі онда мәңгі қалатын ұжмақтарға кіргізеді. Расында Алла, оған нендей көркем несібе берді
Аударма: Халифа Алтай
сендерге Аллаһтың анық аяттарын оқитын Елшіні / жіберді / - иманға келіп және ізгі амал жасағандарды қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оны астынан өзендерағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Шын мәнінде, Аллаһ оның үлесін көркем етті
Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан. Күмәнсыз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі әр нәрсені ішіне алады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жеті аспанды әрі жерден де сондай жаратқан. Оның бұйрығы олардың / аспандар мен жердің / арасында түседі, Аллаһтың әрбір нәрсені Жасай алушы екенін әрі Аллаһтың барлық нәрсені біліммен қамтығанын білулерің үшін