89:1وَٱلۡفَجۡرِ
Ағарған таңға
Аударма: Халифа Алтай
Таңғы араймен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
89:2وَلَيَالٍ عَشۡرٖ
Он күн кешіне
Аударма: Халифа Алтай
Әрі он түнмен
Аударма: ҚМДБ
89:3وَٱلشَّفۡعِ وَٱلۡوَتۡرِ
Әр жұп пен таққа
Аударма: Халифа Алтай
және жұп әрі тақпен
Аударма: ҚМДБ
89:4وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَسۡرِ
Өткен түнге серт
Аударма: Халифа Алтай
және өтіп бара жатқан түнмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
89:5هَلۡ فِي ذَٰلِكَ قَسَمٞ لِّذِي حِجۡرٍ
Бұлар,ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма
Аударма: Халифа Алтай
Міне осылар, ақылына иелік ететіндер үшін / жеткілікті / ант емес пе
Аударма: ҚМДБ
89:6أَلَمۡ تَرَ كَيۡفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِعَادٍ
(Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдіңбе
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның адтықтармен не істегенін көрмедің бе
Аударма: ҚМДБ
89:7إِرَمَ ذَاتِ ٱلۡعِمَادِ
Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағы
Аударма: Халифа Алтай
ұзын бағаналары бар Ирамға
Аударма: ҚМДБ
89:8ٱلَّتِي لَمۡ يُخۡلَقۡ مِثۡلُهَا فِي ٱلۡبِلَٰدِ
Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ұқсасы басқа елдерде жасалмаған еді
Аударма: ҚМДБ
89:9وَثَمُودَ ٱلَّذِينَ جَابُواْ ٱلصَّخۡرَ بِٱلۡوَادِ
Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліні (не істегенін.С.74А.,15С.72А., 26С.149А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ойпаттарда жартастарды ойған сәмұдтықтарға
Аударма: ҚМДБ
89:10وَفِرۡعَوۡنَ ذِي ٱلۡأَوۡتَادِ
Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін. (С.12А)
Аударма: Халифа Алтай
және қазықтар иесі Фиръаунға
Аударма: ҚМДБ
89:11ٱلَّذِينَ طَغَوۡاْ فِي ٱلۡبِلَٰدِ
Сондай олар,мемлекеттерде шектен шыққан еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар елдерде шектен шығып
Аударма: ҚМДБ
89:12فَأَكۡثَرُواْ فِيهَا ٱلۡفَسَادَ
Сонда олар,ол жерде бұзақылықты көбейткен еді
Аударма: Халифа Алтай
әрі онда бұзықтықты көбейткен еді
Аударма: ҚМДБ
89:13فَصَبَّ عَلَيۡهِمۡ رَبُّكَ سَوۡطَ عَذَابٍ
Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (Азапқа ұшыратты)
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Раббың Оларға азап қамшысын жаудырды
Аударма: ҚМДБ
89:14إِنَّ رَبَّكَ لَبِٱلۡمِرۡصَادِ
Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Раббың сөзсіз бақылап тұрушы
Аударма: ҚМДБ
89:15فَأَمَّا ٱلۡإِنسَٰنُ إِذَا مَا ٱبۡتَلَىٰهُ رَبُّهُۥ فَأَكۡرَمَهُۥ وَنَعَّمَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَكۡرَمَنِ
Ал енді адамзат,қашан Раббы оны сынай сыйлап,игілікке бөлесе : «Раббым мені сыйлады» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Адамды Раббысы сынап, оны құрметтесе және игілікке бөлесе, ол: «Раббым мені кұрметтеді»,- дейді
Аударма: ҚМДБ
89:16وَأَمَّآ إِذَا مَا ٱبۡتَلَىٰهُ فَقَدَرَ عَلَيۡهِ رِزۡقَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّيٓ أَهَٰنَنِ
Қашан оны сынап,несбесін тарайтса: «Раммым мені қорлады» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан оны сынап, ризық-несбесін тарылтса, онда ол: «Раббым мені қорлады»,- дейді
Аударма: ҚМДБ
89:17كَلَّاۖ بَل لَّا تُكۡرِمُونَ ٱلۡيَتِيمَ
Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Сендер жетімге ізет көрсетпейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
89:18وَلَا تَحَـٰٓضُّونَ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ
Бір-біріңді,міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
және кедейді тамақтандыруға бір-біріңді қызықтырып, түрткіболмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
89:19وَتَأۡكُلُونَ ٱلتُّرَاثَ أَكۡلٗا لَّمّٗا
Мирасты тұтас жеп аласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
әрі мирасты бөлмей, өздерің жейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
89:20وَتُحِبُّونَ ٱلۡمَالَ حُبّٗا جَمّٗا
Сондай ақ малды өте мөте жақсы көресіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ дүние-мүлікті өте қатты жақсы көресіңдер
Аударма: ҚМДБ
89:21كَلَّآۖ إِذَا دُكَّتِ ٱلۡأَرۡضُ دَكّٗا دَكّٗا
Тіпті олай емес.Жер соғылысып,быт шыт болған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Жер / сілкініп / теп-тегіс болған кезде
Аударма: ҚМДБ
89:22وَجَآءَ رَبُّكَ وَٱلۡمَلَكُ صَفّٗا صَفّٗا
Раббың келіп,періштелер сап сап болған кезде
Аударма: Халифа Алтай
әрі Раббың және сап-сап болып періштелер келген кезде
Аударма: ҚМДБ
89:23وَجِاْيٓءَ يَوۡمَئِذِۭ بِجَهَنَّمَۚ يَوۡمَئِذٖ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ وَأَنَّىٰ لَهُ ٱلذِّكۡرَىٰ
Сол күні,тозақ келтіріледі де әрі сол күні,адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда
Аударма: Халифа Алтай
және ол күні Жаһаннам келтірілген кезде - міне, сол күні адам еске түсіреді. Алайда, еске түсіруден оған не пайда
Аударма: ҚМДБ
89:24يَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي قَدَّمۡتُ لِحَيَاتِي
Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Әттең! Өмірім үшін / ізгі амалдар / жіберген болсам еді»,- дейді
Аударма: ҚМДБ
89:25فَيَوۡمَئِذٖ لَّا يُعَذِّبُ عَذَابَهُۥٓ أَحَدٞ
Сонда,сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні Оның азабындай, ешкім де азаптай алмайды
Аударма: ҚМДБ
89:26وَلَا يُوثِقُ وَثَاقَهُۥٓ أَحَدٞ
Сондайақ ешкім Оның матауын матай алмайды
Аударма: Халифа Алтай
әрі Оның бұғаулап байлағанындай ешкім байлай алмайды
Аударма: ҚМДБ
89:27يَـٰٓأَيَّتُهَا ٱلنَّفۡسُ ٱلۡمُطۡمَئِنَّةُ
Әй орныққан нәпсі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, орнығып, тыныштық тапқан жан
Аударма: ҚМДБ
89:28ٱرۡجِعِيٓ إِلَىٰ رَبِّكِ رَاضِيَةٗ مَّرۡضِيَّةٗ
Раббыңа,Ол сенен,сен Одан разы болған түрде қайт
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңа разы болған және разылығын алған күйде қайт
Аударма: ҚМДБ
89:29فَٱدۡخُلِي فِي عِبَٰدِي
Енді құлдарымның арасына кір
Аударма: Халифа Алтай
Енді құлдарымның қатарына кір
Аударма: ҚМДБ
89:30وَٱدۡخُلِي جَنَّتِي
Сондайақ жаннатыма кір
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Менің жәннатыма кір
Аударма: ҚМДБ
Аль-Фаджр сүресі туралы
Аль-Фаджр (الفجر) — Құранның 89-сүресі, 30 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 593-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу