Аль-Баляд

البلد · 20 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 594-бет
← Аль-ФаджрБарлық сүрелерАш-Шамс →
90:1
لَآ أُقۡسِمُ بِهَٰذَا ٱلۡبَلَدِ
Жоқ,осы(Мекке) қаласына ант етемін
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Осы қаламен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
90:2
وَأَنتَ حِلُّۢ بِهَٰذَا ٱلۡبَلَدِ
(Мұхаммед Ғ.С) сен осы қалада отырасың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған осы қалада рұқсат етілген
Аударма: ҚМДБ
90:3
وَوَالِدٖ وَمَا وَلَدَ
Әкеге,балаға (Адам Ғ.С мен балаларына) серт
Аударма: Халифа Алтай
Әрі атамен және одан туылғанмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
90:4
لَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ فِي كَبَدٍ
Расында адамзатты әбігер жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде Біз адамды ауыртпалықтарға жараттық
Аударма: ҚМДБ
90:5
أَيَحۡسَبُ أَن لَّن يَقۡدِرَ عَلَيۡهِ أَحَدٞ
Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма
Аударма: Халифа Алтай
Ол өзіне ешкімнің күші жетпейді деп есептей ме
Аударма: ҚМДБ
90:6
يَقُولُ أَهۡلَكۡتُ مَالٗا لُّبَدًا
«Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Мен көп мал-дүние құрттым», - дейді
Аударма: ҚМДБ
90:7
أَيَحۡسَبُ أَن لَّمۡ يَرَهُۥٓ أَحَدٌ
Оны біреу көрмеді дей ойлай ма
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол оны ешкім көрмеді деп ойлай ма
Аударма: ҚМДБ
90:8
أَلَمۡ نَجۡعَل لَّهُۥ عَيۡنَيۡنِ
Оған екі көз жаратпадық па
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған екі көз жаратып бермедік пе
Аударма: ҚМДБ
90:9
وَلِسَانٗا وَشَفَتَيۡنِ
Әрі бір тіл,екі ерін
Аударма: Халифа Алтай
және тіл мен екі ерінді
Аударма: ҚМДБ
90:10
وَهَدَيۡنَٰهُ ٱلنَّجۡدَيۡنِ
Оған екі жол көрсетпедік пе
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оған екі биіктікті көрсетпедік пе
Аударма: ҚМДБ
90:11
فَلَا ٱقۡتَحَمَ ٱلۡعَقَبَةَ
Сонда ол,кедергіні асуға тырыспады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ол асудан өтуге тырыспады
Аударма: ҚМДБ
90:12
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡعَقَبَةُ
Кедергінің не екенін қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Асудың не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
90:13
فَكُّ رَقَبَةٍ
Ол;құл азат ету
Аударма: Халифа Алтай
Ол / - құлды азат ету
Аударма: ҚМДБ
90:14
أَوۡ إِطۡعَٰمٞ فِي يَوۡمٖ ذِي مَسۡغَبَةٖ
Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру
Аударма: Халифа Алтай
немесе ашаршылық күні тамақ беру
Аударма: ҚМДБ
90:15
يَتِيمٗا ذَا مَقۡرَبَةٍ
Жақындағы болған бір жетімді
Аударма: Халифа Алтай
туыстығы бар жетімге
Аударма: ҚМДБ
90:16
أَوۡ مِسۡكِينٗا ذَا مَتۡرَبَةٖ
Немесе шаң топырақтағы сорлыны
Аударма: Халифа Алтай
немесе шаң топырақтағы кедейге
Аударма: ҚМДБ
90:17
ثُمَّ كَانَ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَتَوَاصَوۡاْ بِٱلصَّبۡرِ وَتَوَاصَوۡاْ بِٱلۡمَرۡحَمَةِ
Сосын иман келтіріп,бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу
Аударма: Халифа Алтай
Кейін иманға келіп, бір-біріне сабырды насихаттап, өсиеттеген және бір-біріне мейірімділікті насихаттап, өсиет еткендерден болу
Аударма: ҚМДБ
90:18
أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ
Міне осылар; оңшылдар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылар - оң жақтағылар
Аударма: ҚМДБ
90:19
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِنَا هُمۡ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ
Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар,олар; солшылдар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, аяттарымызға сондай күпірлік еткендер / сенбегендер / , олар - солшылдар
Аударма: ҚМДБ
90:20
عَلَيۡهِمۡ نَارٞ مُّؤۡصَدَةُۢ
Олар тозаққа қамалады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың үстінен қамап алушы От / тозақ / бар
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ФаджрБарлық сүрелерАш-Шамс →

Аль-Баляд сүресі туралы

Аль-Баляд (البلد) — Құранның 90-сүресі, 20 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 594-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу