QORAN.kz › Сүрелер › Аш-Шамс
91:1 وَٱلشَّمۡسِ وَضُحَىٰهَا
Күнге және оның жарығына
Аударма: Халифа Алтай
Күн және оның жарығымен
Аударма: ҚМДБ
91:2 وَٱلۡقَمَرِ إِذَا تَلَىٰهَا
Ай,күнге ерген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
әрі оның соңынан ілескен кездегі аймен
Аударма: ҚМДБ
91:3 وَٱلنَّهَارِ إِذَا جَلَّىٰهَا
Жарқыраған сәтте күндізге
Аударма: Халифа Алтай
және оны / күнді / анық көрсеткен кездегі күндізбен
Аударма: ҚМДБ
91:4 وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَغۡشَىٰهَا
Күнідізді жапқан кезде түнге
Аударма: Халифа Алтай
әрі оны жапқан кездегі түнмен
Аударма: ҚМДБ
91:5 وَٱلسَّمَآءِ وَمَا بَنَىٰهَا
Аспанға және оны жасағанға
Аударма: Халифа Алтай
Аспан және оны тұрғызғанмен
Аударма: ҚМДБ
91:6 وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا طَحَىٰهَا
Жерге және оны жайғанға
Аударма: Халифа Алтай
әрі жермен және оны Жайғанмен
Аударма: ҚМДБ
91:7 وَنَفۡسٖ وَمَا سَوَّىٰهَا
Кісіге және оны толықтағанға
Аударма: Халифа Алтай
және жанмен әрі оны лайықтап Жасағанмен
Аударма: ҚМДБ
91:8 فَأَلۡهَمَهَا فُجُورَهَا وَتَقۡوَىٰهَا
Сонда оған жамандық әрі тақуалық қабілеті бергенге серт.(С.10-А)
Аударма: Халифа Алтай
сөйтіп оған / жанға / бұзықтықты әрі тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / Білдірушімен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
91:9 قَدۡ أَفۡلَحَ مَن زَكَّىٰهَا
Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да
Аударма: Халифа Алтай
Оны / жанды / тазартқан мұратына жетті
Аударма: ҚМДБ
91:10 وَقَدۡ خَابَ مَن دَسَّىٰهَا
Әлде кім оны кірлетсе қор болды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оны / күнәға / батырған зиянға ұшырады
Аударма: ҚМДБ
91:11 كَذَّبَتۡ ثَمُودُ بِطَغۡوَىٰهَآ
Сәмүдтің азғындары өтіріксінді
Аударма: Халифа Алтай
Шектен шығулары себепті Сәмұд елі / Елшіні / өтірікшіге шығарды
Аударма: ҚМДБ
91:12 إِذِ ٱنۢبَعَثَ أَشۡقَىٰهَا
Оның ең жауызы қарсы шыққанда
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олардың ең бақытсызы қозғалғанда
Аударма: ҚМДБ
91:13 فَقَالَ لَهُمۡ رَسُولُ ٱللَّهِ نَاقَةَ ٱللَّهِ وَسُقۡيَٰهَا
Сонда Алланың елшісі оларға: «Алланың түйесіне әрі оның суарылуына килікпеңдер» деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың елшісі / Салих / оларға: «Аллаһтың түйесіне әрі оның суарылуына / тиіспеңдер / », - деді
Аударма: ҚМДБ
91:14 فَكَذَّبُوهُ فَعَقَرُوهَا فَدَمۡدَمَ عَلَيۡهِمۡ رَبُّهُم بِذَنۢبِهِمۡ فَسَوَّىٰهَا
Бірақ олар оны жасынға шығарып,түйені өлтіріп тастады.Ал,сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп,жермен жексен қылды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар болса оны / Елшіні / өтірікшіге шығарып, оның / түйенің / тірсегін кесті / өлтірді / . Сонда, Раббысы олардың қылмыстары үшін бәріне бірдей апат жіберді
Аударма: ҚМДБ
91:15 وَلَا يَخَافُ عُقۡبَٰهَا
Алла,оның соңынан қорықпайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол / Аллаһ / оның салдарынан қауіптенбейді
Аударма: ҚМДБ
Аш-Шамс сүресі туралы Аш-Шамс (الشمس) — Құранның 91-сүресі, 15 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 595-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу