92:1وَٱلَّيۡلِ إِذَا يَغۡشَىٰ
Қараңғылығы басқан сәтте,түнге
Аударма: Халифа Алтай
Ант етемін, / қараңғылығы / жапқан кездегі түнмен
Аударма: ҚМДБ
92:2وَٱلنَّهَارِ إِذَا تَجَلَّىٰ
Жарқыраған сәтте күндізге
Аударма: Халифа Алтай
және жарық болған кездегі күндізбен
Аударма: ҚМДБ
92:3وَمَا خَلَقَ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ
Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт
Аударма: Халифа Алтай
әрі ер мен әйелді Жаратқанмен
Аударма: ҚМДБ
92:4إِنَّ سَعۡيَكُمۡ لَشَتَّىٰ
Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, сендердің ұмтылыстарың әртүрлі
Аударма: ҚМДБ
92:5فَأَمَّا مَنۡ أَعۡطَىٰ وَٱتَّقَىٰ
Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім берсе және тақуалық етсе / Раббысының жазасынан қорқып, сақтанса
Аударма: ҚМДБ
92:6وَصَدَّقَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ
Жақсылықты дұрыс деп білсе
Аударма: Халифа Алтай
әрі ең жақсыны шын деп білсе
Аударма: ҚМДБ
92:7فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡيُسۡرَىٰ
Сонда оның жолын оңайластырамыз
Аударма: Халифа Алтай
жақында Біз оған ең жеңілін оңайластырамыз
Аударма: ҚМДБ
92:8وَأَمَّا مَنۢ بَخِلَ وَٱسۡتَغۡنَىٰ
Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім сараңдық істесе, қажетсінбесе
Аударма: ҚМДБ
92:9وَكَذَّبَ بِٱلۡحُسۡنَىٰ
Жақсылықты жасынға шығарса
Аударма: Халифа Алтай
және ең жақсыны өтірік деп білсе
Аударма: ҚМДБ
92:10فَسَنُيَسِّرُهُۥ لِلۡعُسۡرَىٰ
Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз
Аударма: Халифа Алтай
жақында Біз оған ең ауырын оңайластырамыз
Аударма: ҚМДБ
92:11وَمَا يُغۡنِي عَنۡهُ مَالُهُۥٓ إِذَا تَرَدَّىٰٓ
(Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол құлағанда, дүние-мүлкі оған пайда бермейді
Аударма: ҚМДБ
92:12إِنَّ عَلَيۡنَا لَلۡهُدَىٰ
Негізінде тура жол көрсету бізге тән
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, тура жолмен жүргізу - Бізге тән
Аударма: ҚМДБ
92:13وَإِنَّ لَنَا لَلۡأٓخِرَةَ وَٱلۡأُولَىٰ
Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде соңғы, мәңгілік өмір де / ақирет те / және алғашқысы да / осы өмір де / Біздікі
Аударма: ҚМДБ
92:14فَأَنذَرۡتُكُمۡ نَارٗا تَلَظَّىٰ
Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім
Аударма: Халифа Алтай
Міне, Мен сендерді жалындаған Оттан / сақтандырып / ескерттім
Аударма: ҚМДБ
92:15لَا يَصۡلَىٰهَآ إِلَّا ٱلۡأَشۡقَى
Оған жауыздар ғана кіреді
Аударма: Халифа Алтай
оған ең бақытсыз ғана кіреді
Аударма: ҚМДБ
92:16ٱلَّذِي كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
Сондай өтірік деп жалтарғандар
Аударма: Халифа Алтай
сондай өтірік деп, теріс бұрылғандар
Аударма: ҚМДБ
92:17وَسَيُجَنَّبُهَا ٱلۡأَتۡقَى
Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады
Аударма: Халифа Алтай
Одан тақуалық еткендер / Аллаһтың жазасынанқорқып, сақтанғандар / ғана алыстатылады
Аударма: ҚМДБ
92:18ٱلَّذِي يُؤۡتِي مَالَهُۥ يَتَزَكَّىٰ
Сондай малын сарып қылып тазарғандар
Аударма: Халифа Алтай
сондай, мал-дүниесінен беріп тазарған
Аударма: ҚМДБ
92:19وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُۥ مِن نِّعۡمَةٖ تُجۡزَىٰٓ
Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес)
Аударма: Халифа Алтай
біреулерге беруге міндетті болмасада
Аударма: ҚМДБ
92:20إِلَّا ٱبۡتِغَآءَ وَجۡهِ رَبِّهِ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді
Аударма: Халифа Алтай
ол тек аса жоғары Раббысының дидарына ұмтылып қана / береді
Аударма: ҚМДБ
92:21وَلَسَوۡفَ يَرۡضَىٰ
Сондай ақ ол,таяуда разы болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол сөзсіз, жақында разы болады
Аударма: ҚМДБ
Аль-Лейл сүресі туралы
Аль-Лейл (الليل) — Құранның 92-сүресі, 21 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 595-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу