93:1وَٱلضُّحَىٰ
Сәске уақтына
Аударма: Халифа Алтай
Сәскемен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
93:2وَٱلَّيۡلِ إِذَا سَجَىٰ
Тым-тырыс түнге ант
Аударма: Халифа Алтай
және қоюланған түнмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
93:3مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ
Раббың сені тастамады да кейімеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббың сені тастап кетпеді және жеккөрген де жоқ
Аударма: ҚМДБ
93:4وَلَلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ لَّكَ مِنَ ٱلۡأُولَىٰ
Әрине сен үшін ахирет,дүниеден жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күмәнсіз, сен үшін соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / , алғашқысынан / осы өмірден / қайырлы
Аударма: ҚМДБ
93:5وَلَسَوۡفَ يُعۡطِيكَ رَبُّكَ فَتَرۡضَىٰٓ
Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сөзсіз, жақында Раббың саған береді де сен разы боласың
Аударма: ҚМДБ
93:6أَلَمۡ يَجِدۡكَ يَتِيمٗا فَـَٔاوَىٰ
Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма
Аударма: Халифа Алтай
Ол сені жетім күйде тауып, паналатпады ма
Аударма: ҚМДБ
93:7وَوَجَدَكَ ضَآلّٗا فَهَدَىٰ
Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адасқан түрде тауып, тура жолға салмады ма
Аударма: ҚМДБ
93:8وَوَجَدَكَ عَآئِلٗا فَأَغۡنَىٰ
Сені кедей көріп,байытпады ма
Аударма: Халифа Алтай
және кедей халде тауып, байытпады ма
Аударма: ҚМДБ
93:9فَأَمَّا ٱلۡيَتِيمَ فَلَا تَقۡهَرۡ
Ендеше жетімді қорлама
Аударма: Халифа Алтай
Енді сен де жетімді қор санама
Аударма: ҚМДБ
93:10وَأَمَّا ٱلسَّآئِلَ فَلَا تَنۡهَرۡ
Сұраушыны зекіме
Аударма: Халифа Алтай
сұраушыны зекіп, қума
Аударма: ҚМДБ
93:11وَأَمَّا بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثۡ
Раббыңның нығметін білдір
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббыңның игілігі жайлы айт
Аударма: ҚМДБ
Ад-Духа сүресі туралы
Ад-Духа (الضحى) — Құранның 93-сүресі, 11 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 596-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу