Аш-Шарх
الشرح · 8 аят · меккелік
94:1أَلَمۡ نَشۡرَحۡ لَكَ صَدۡرَكَ
(Мұхаммед Ғ.С) көңіліңді ашпадық па
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған көкірегіңді ашпадық па
Аударма: ҚМДБ
94:2وَوَضَعۡنَا عَنكَ وِزۡرَكَ
Жүгіңді түсірмедік пе
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сенен жүгіңді алмадық па
Аударма: ҚМДБ
94:3ٱلَّذِيٓ أَنقَضَ ظَهۡرَكَ
Сондай беліңді қайыстырған
Аударма: Халифа Алтай
арқаңа ауыртпалық түсірген
Аударма: ҚМДБ
94:4وَرَفَعۡنَا لَكَ ذِكۡرَكَ
Сенің абыройыңды көтермедік пе
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сенің еске алынуыңды жоғарылатпадық па
Аударма: ҚМДБ
94:5فَإِنَّ مَعَ ٱلۡعُسۡرِ يُسۡرًا
Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, қиыншылықпен бірге жеңілдік бар
Аударма: ҚМДБ
94:6إِنَّ مَعَ ٱلۡعُسۡرِ يُسۡرٗا
Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, қиыншылықпен бірге жеңілдік бар
Аударма: ҚМДБ
94:7فَإِذَا فَرَغۡتَ فَٱنصَبۡ
Раббыңа қарай ұмтыл
Аударма: Халифа Алтай
Ал, енді босай қалсаң, тырыс / әрекет ет
Аударма: ҚМДБ
94:8وَإِلَىٰ رَبِّكَ فَٱرۡغَب
Раббыңа ғана бел байла
Аударма: Халифа Алтай
және Раббыңа қарай ұмтыл
Аударма: ҚМДБ
Аш-Шарх сүресі туралы
Аш-Шарх (الشرح) — Құранның 94-сүресі, 8 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 596-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу