Ат-Тин

التين · 8 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 597-бет
← Аш-ШархБарлық сүрелерАль-Аляк →
95:1
وَٱلتِّينِ وَٱلزَّيۡتُونِ
Інжірге және зәйтінге
Аударма: Халифа Алтай
Ант етемін әнжір және зәйтүнмен
Аударма: ҚМДБ
95:2
وَطُورِ سِينِينَ
Тұр Сина тауына
Аударма: Халифа Алтай
және Синин тауымен
Аударма: ҚМДБ
95:3
وَهَٰذَا ٱلۡبَلَدِ ٱلۡأَمِينِ
Осы бейбіт қалаға серт
Аударма: Халифа Алтай
және осы қауіпсіз қаламен
Аударма: ҚМДБ
95:4
لَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ فِيٓ أَحۡسَنِ تَقۡوِيمٖ
Расында адамзатты көркем байнеде жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, адамды көркем бейнеде жараттық
Аударма: ҚМДБ
95:5
ثُمَّ رَدَدۡنَٰهُ أَسۡفَلَ سَٰفِلِينَ
Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық
Аударма: Халифа Алтай
Кейін оны төмендердің төменіне қайтардық
Аударма: ҚМДБ
95:6
إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ فَلَهُمۡ أَجۡرٌ غَيۡرُ مَمۡنُونٖ
Бірақ иман келтіріп,ізгі іс істегендер басқа.Оларға таусылмас сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай иманға келген және ізгі іс істегендер - басқа. Оларға таусылмайтын сый бар
Аударма: ҚМДБ
95:7
فَمَا يُكَذِّبُكَ بَعۡدُ بِٱلدِّينِ
(Адам баласы!)Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не
Аударма: Халифа Алтай
Осыдан кейін Есеп беруді өтірік деуге сені не итермелейді
Аударма: ҚМДБ
95:8
أَلَيۡسَ ٱللَّهُ بِأَحۡكَمِ ٱلۡحَٰكِمِينَ
Алла,үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ үкім шығарушылардың ең әділ үкім берушісі емес пе
Аударма: ҚМДБ
← Аш-ШархБарлық сүрелерАль-Аляк →

Ат-Тин сүресі туралы

Ат-Тин (التين) — Құранның 95-сүресі, 8 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 597-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу