96:1ٱقۡرَأۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلَّذِي خَلَقَ
Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оқы, жаратқан Раббыңның атымен
Аударма: ҚМДБ
96:2خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِنۡ عَلَقٍ
Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан
Аударма: Халифа Алтай
адам баласын ұйыған қаннан жаратқан
Аударма: ҚМДБ
96:3ٱقۡرَأۡ وَرَبُّكَ ٱلۡأَكۡرَمُ
Оқы!Ол Раббың аса ардақты
Аударма: Халифа Алтай
Оқы! Әрі сенің Раббың аса Жомарт
Аударма: ҚМДБ
96:4ٱلَّذِي عَلَّمَ بِٱلۡقَلَمِ
Сондай қаламмен үйреткен
Аударма: Халифа Алтай
Ол қалам арқылы үйретті
Аударма: ҚМДБ
96:5عَلَّمَ ٱلۡإِنسَٰنَ مَا لَمۡ يَعۡلَمۡ
Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен
Аударма: Халифа Алтай
Адамға, ол білмегенді үйретті
Аударма: ҚМДБ
96:6كَلَّآ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَيَطۡغَىٰٓ
Сөз жоқ,адам баласы әрине азады
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, күмәнсіз, адам баласы шектен шығады
Аударма: ҚМДБ
96:7أَن رَّءَاهُ ٱسۡتَغۡنَىٰٓ
Ол,өзін мұңсыз көргендіктен
Аударма: Халифа Алтай
өзін бай, мұқтажсыз санағанынан
Аударма: ҚМДБ
96:8إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلرُّجۡعَىٰٓ
Шын мәнінде қайту Раббың жақ
Аударма: Халифа Алтай
Ал, анығында, қайту - Раббыңа
Аударма: ҚМДБ
96:9أَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي يَنۡهَىٰ
Көрдің бе,сондай тыйым салғанды
Аударма: Халифа Алтай
Көрдің бе, кедергі жасағанды
Аударма: ҚМДБ
96:10عَبۡدًا إِذَا صَلَّىٰٓ
Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
бір құлға, ол намаз оқыған кезде
Аударма: ҚМДБ
96:11أَرَءَيۡتَ إِن كَانَ عَلَى ٱلۡهُدَىٰٓ
Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да
Аударма: Халифа Алтай
Айтшы, егер ол тура жолда болған болса
Аударма: ҚМДБ
96:12أَوۡ أَمَرَ بِٱلتَّقۡوَىٰٓ
Немесе тақуалықты бұйырған болса да
Аударма: Халифа Алтай
немесе тақуалықты / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануды / бұйырған болса
Аударма: ҚМДБ
96:13أَرَءَيۡتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰٓ
Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса
Аударма: Халифа Алтай
Көрдің бе, оның өтірікке шығарғанын және теріс айналғанын
Аударма: ҚМДБ
96:14أَلَمۡ يَعۡلَم بِأَنَّ ٱللَّهَ يَرَىٰ
Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме
Аударма: Халифа Алтай
сонда ол Аллаһтың көріп тұрғанын білмей ме
Аударма: ҚМДБ
96:15كَلَّا لَئِن لَّمۡ يَنتَهِ لَنَسۡفَعَۢا بِٱلنَّاصِيَةِ
Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Егер ол осылай істегенін тоқтатпаса, сөзсіз Біз кекілден ұстаймыз
Аударма: ҚМДБ
96:16نَاصِيَةٖ كَٰذِبَةٍ خَاطِئَةٖ
Өтірікші,күнәкардың кекілінен
Аударма: Халифа Алтай
Өтірікші, біле тұра қателесуші кекілден
Аударма: ҚМДБ
96:17فَلۡيَدۡعُ نَادِيَهُۥ
Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын
Аударма: Халифа Алтай
Қане, шақырсын ол жақтастарын
Аударма: ҚМДБ
96:18سَنَدۡعُ ٱلزَّبَانِيَةَ
Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Біз де сақшыларды шақырамыз
Аударма: ҚМДБ
96:19كَلَّا لَا تُطِعۡهُ وَٱسۡجُدۡۤ وَٱقۡتَرِب۩
Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында
Аударма: Халифа Алтай
Олай емес! / Ей, Мұхаммеді / Сен оған бағынба. / Раббыңа / сәжде қыл және жақындай түс
Аударма: ҚМДБ
Аль-Аляк сүресі туралы
Аль-Аляк (العلق) — Құранның 96-сүресі, 19 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 597-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу