Аль-Кадр
القدر · 5 аят · меккелік
97:1إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ فِي لَيۡلَةِ ٱلۡقَدۡرِ
Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз оны / Құранды / Қадр түнінде түсірдік
Аударма: ҚМДБ
97:2وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا لَيۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ
(Мұхаммед Ғ.С) Қадыр түнінің не екенін білесің бе
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Қадр түнінің не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
97:3لَيۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ خَيۡرٞ مِّنۡ أَلۡفِ شَهۡرٖ
Қадыр түні мың айдан хайырлы
Аударма: Халифа Алтай
Қадр түні - мың айдан қайырлы
Аударма: ҚМДБ
97:4تَنَزَّلُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ فِيهَا بِإِذۡنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمۡرٖ
Періштелер және Жеберейіл (Ғ.С) ол кеште Раббыларының рұхсаты бойынша барлық іс үшін түседі
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер және Рух / Жәбірейіл / онда / бұл түні / өздерінің Раббысының рұқсатымен барлық істермен түседі
Аударма: ҚМДБ
97:5سَلَٰمٌ هِيَ حَتَّىٰ مَطۡلَعِ ٱلۡفَجۡرِ
Ол бейбітшілік кеші,таң рауандағанға дейін жалғасады.(Қадыр кеші :Рамазан айының кеші.(С.185-А) Б.К.Р.Х.Т
Аударма: Халифа Алтай
Ол - таң рауандағанға дейінгі сәлам / амандық / түні
Аударма: ҚМДБ
Аль-Кадр сүресі туралы
Аль-Кадр (القدر) — Құранның 97-сүресі, 5 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 598-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу