Кітап иелерінен,мүшіріктерден қарсы шыққандар,өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендер / Аллаһқақарсы келгендер / және мүшріктер / Аллаһқа серік қатушылар / ажырамаған еді, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін
Олар;Ғибадатты нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары,намаз оқулары, зекет береулері үшін әмір етілген.Міне осы,тұптура дін
Аударма: Халифа Алтай
Ал олар, ханиф болған / Аллаһты бірлеген / түрде Оған діндерін / серік қосудан / тазартып, құлшылық етуден, намазды орындаудан, зекетті беруден басқаға бұйырылмаған еді. Міне, осы - туралық діні
Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, мүде тозақ отында қалады.Міне солар,жаратылғандардың жауызы
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендері / Аллаһтың Кітаптарын және Елшілерін мойындамағандар / және мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / Жаһаннам отында мәңгілік қалады. Міне, солар - жаратылғандардың ең жаманы
Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады.Алла олардан разы, олар Алладар разы.Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін
Аударма: Халифа Алтай
Раббысы алдындағы олардың сыйлары - астынан өзендер ағып жататын ’Адн бақтары. Олар онда мәңгі қалушылар. Аллаһ олардан разы, олар да Одан разы. Міне, бұл - Раббысынан қорыққандар үшін