99:1إِذَا زُلۡزِلَتِ ٱلۡأَرۡضُ زِلۡزَالَهَا
Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Жер сілкінуімен сілкінген кезде
Аударма: ҚМДБ
99:2وَأَخۡرَجَتِ ٱلۡأَرۡضُ أَثۡقَالَهَا
Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде,(Қазыналар,өліктер)
Аударма: Халифа Алтай
әрі ішіндегі жүгін шығарған кезде
Аударма: ҚМДБ
99:3وَقَالَ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا لَهَا
Адам баласы: «Бұған не болды?»,деген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және адам: «Оған не болды?» - деген кезде
Аударма: ҚМДБ
99:4يَوۡمَئِذٖ تُحَدِّثُ أَخۡبَارَهَا
Ол күні жер,уақиғасын түсіндіреді
Аударма: Халифа Алтай
сол Күні ол, оз хабарын айтады
Аударма: ҚМДБ
99:5بِأَنَّ رَبَّكَ أَوۡحَىٰ لَهَا
Раббыңның оған білдіруімен
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңның оған уахи етіп білдіруімен
Аударма: ҚМДБ
99:6يَوۡمَئِذٖ يَصۡدُرُ ٱلنَّاسُ أَشۡتَاتٗا لِّيُرَوۡاْ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Сол күні,адам баласы,ғамалдыры көрсетілуі үшін топ топ келеді
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сол Күні, адамдар топ-тобымен амалдары көрсетілуі үшін шығады
Аударма: ҚМДБ
99:7فَمَن يَعۡمَلۡ مِثۡقَالَ ذَرَّةٍ خَيۡرٗا يَرَهُۥ
Сонда кім тазаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса,ол оны көреді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда кім / заттың / ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді
Аударма: ҚМДБ
99:8وَمَن يَعۡمَلۡ مِثۡقَالَ ذَرَّةٖ شَرّٗا يَرَهُۥ
Ал және кім тозаңның түйіріні салмағындай жамандық істесе,оны көреді
Аударма: Халифа Алтай
Және кім / заттың / ең кішкентай бөлшегінің салмағындай жамандық істесе, ол да оны көреді
Аударма: ҚМДБ
Аз-Зальзаля сүресі туралы
Аз-Зальзаля (الزلزلة) — Құранның 99-сүресі, 8 аят, мединалық сүре, 30-жүз, мысхафтың 599-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу