100:1وَٱلۡعَٰدِيَٰتِ ضَبۡحٗا
Қатты ентігіп,шапқан
Аударма: Халифа Алтай
Ант етемін, қатты ентігіп шабатын
Аударма: ҚМДБ
100:2فَٱلۡمُورِيَٰتِ قَدۡحٗا
(Тұяғынан) от шығарған
Аударма: Халифа Алтай
әрі / тұяқтарынан / ұшқын шығаратын
Аударма: ҚМДБ
100:3فَٱلۡمُغِيرَٰتِ صُبۡحٗا
Таң сәріден шабуыл жасаған
Аударма: Халифа Алтай
әрі таң ата шабуылдайтын
Аударма: ҚМДБ
100:4فَأَثَرۡنَ بِهِۦ نَقۡعٗا
Тозаңдатып,шаңдатқан
Аударма: Халифа Алтай
онымен бұрқырата шаң көтеретін
Аударма: ҚМДБ
100:5فَوَسَطۡنَ بِهِۦ جَمۡعًا
Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт
Аударма: Халифа Алтай
әрі онымен / жаудың / ортасына топ болып кіретіндермен
Аударма: ҚМДБ
100:6إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لِرَبِّهِۦ لَكَنُودٞ
Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.(Қанағатсыз)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, адам Раббысына шүкірлік етпеуші / Оның берген игіліктерін мойындамаушы
Аударма: ҚМДБ
100:7وَإِنَّهُۥ عَلَىٰ ذَٰلِكَ لَشَهِيدٞ
Өйткені ол,өзі де оған куә
Аударма: Халифа Алтай
және анығында, ол осыған куә
Аударма: ҚМДБ
100:8وَإِنَّهُۥ لِحُبِّ ٱلۡخَيۡرِ لَشَدِيدٌ
Сондай ақ ол,байлықты өте жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, ол қайырлы нәрселерді сүюде тым қатты
Аударма: ҚМДБ
100:9۞أَفَلَا يَعۡلَمُ إِذَا بُعۡثِرَ مَا فِي ٱلۡقُبُورِ
Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылған кезде
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сонда ол білмей ме, қабірдегілер шығарылған кезде
Аударма: ҚМДБ
100:10وَحُصِّلَ مَا فِي ٱلصُّدُورِ
Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және көкіректегі нәрселерәшкереленіп, жария болғанда
Аударма: ҚМДБ
100:11إِنَّ رَبَّهُم بِهِمۡ يَوۡمَئِذٖ لَّخَبِيرُۢ
Ол күні Раббылары толық хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
күмәнсіз, ол күні, Раббысының олар жайлы толық Хабардар / екенін
Аударма: ҚМДБ
Аль-Адият сүресі туралы
Аль-Адият (العاديات) — Құранның 100-сүресі, 11 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 599-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу