Аль-Кариа

القارعة · 11 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 600-бет
← Аль-АдиятБарлық сүрелерАт-Такасур →
101:1
ٱلۡقَارِعَةُ
Зор уақиға
Аударма: Халифа Алтай
Әл-Қариъа / үлкен апат
Аударма: ҚМДБ
101:2
مَا ٱلۡقَارِعَةُ
Ол зор уақиға не нәрсе
Аударма: Халифа Алтай
Әл-Қариъа деген не
Аударма: ҚМДБ
101:3
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡقَارِعَةُ
Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе
Аударма: Халифа Алтай
Әл-Қариъа не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
101:4
يَوۡمَ يَكُونُ ٱلنَّاسُ كَٱلۡفَرَاشِ ٱلۡمَبۡثُوثِ
Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(С.7-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні адам баласы бытырап таралған көбелектей болады
Аударма: ҚМДБ
101:5
وَتَكُونُ ٱلۡجِبَالُ كَٱلۡعِهۡنِ ٱلۡمَنفُوشِ
Таулар түтілген жүндей болады
Аударма: Халифа Алтай
әрі таулар түтілген жүндей болады
Аударма: ҚМДБ
101:6
فَأَمَّا مَن ثَقُلَتۡ مَوَٰزِينُهُۥ
Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса
Аударма: Халифа Алтай
Сонда кімнің таразысы ауыр тартса
Аударма: ҚМДБ
101:7
فَهُوَ فِي عِيشَةٖ رَّاضِيَةٖ
Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады
Аударма: Халифа Алтай
онда ол -разы болатын бір өмірде болады
Аударма: ҚМДБ
101:8
وَأَمَّا مَنۡ خَفَّتۡ مَوَٰزِينُهُۥ
Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кімнің таразысы жеңіл тартса
Аударма: ҚМДБ
101:9
فَأُمُّهُۥ هَاوِيَةٞ
Онда оның орны «һауя» болады
Аударма: Халифа Алтай
онда оның «анасы» / баратын орнының негізі / Һауия болады
Аударма: ҚМДБ
101:10
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا هِيَهۡ
Ол һауяның не екенін білесің бе
Аударма: Халифа Алтай
Ал оның не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
101:11
نَارٌ حَامِيَةُۢ
Ол,жалындаған от
Аударма: Халифа Алтай
Ол - жалындаған от
Аударма: ҚМДБ
← Аль-АдиятБарлық сүрелерАт-Такасур →

Аль-Кариа сүресі туралы

Аль-Кариа (القارعة) — Құранның 101-сүресі, 11 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 600-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу