Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) еліне: "Мені не үшін ренжітесіңдер? Шын мәнінде сендерге Алланың елшісі екенімді рас білесіңдер" деген еді. Сонда олар, жолдан тайған кезде, Алла олардың жүректерін тайдырған еді. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Мұса еліне: «Ей, елім! Аллаһтың елшісі екенімді біле тұра не үшін маған жәбір бересіңдер?» - деп айтты. Олар / хақтан / ауытқыған кезде, Аллаһ олардың жүректерін / жолдан / бұрды. Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / елді тура жолға салмайды
Сол уақытта Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.): "Әй Израил ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін "Ахмед" атты пайғамбарменен шүйіншілеймін" деген еді. Бірақ олар (ол, айтылған) Пайғамбар, оларға ашық дәлелдермен келген кезде: "Бұл ашық жады" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кезінде Мәриям ұлы Иса: «Ей, Исраил ұрпақтары! Шын мәнінде, мен сендерге өзімнен алдын келген Тәураттағыны растаушы және менен кейін келетін Ахмад есімді Елші жөнінде сүйінші хабар жеткізуші ретінде / жіберілген / Аллаһтың елшісімін», -деген еді. Ол Оларға анық дәлелдермен келген кезде, олар: «Бұл анық сиқыр», - деді
Ол сондай Алла, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін Елшісін туралықпен хақ дінмен жіберді
Аударма: Халифа Алтай
Ол, Өз елшісін / тура жолды ұстануға / басшылықпен / Құранмен / және ақиқат дінімен / Исламмен / , оны барлық діндерден үстем ету үшін жіберген, мүшріктер / Аллаһқа серік қосушылар / мұны жек көрсе де
Күнәларыңды жарылқайды. Сендерге астарынан өзендер ағатын бейіштерге; Ғадын жаннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Ол күнәларыңды кешіріп, сендерді астынан өзендер ағатын / Жәннаттағы / бақтарға және ’Адн жәннатындағы көркем жайларға кіргізеді. Міне, осы - ұлы табыс
Әй мүміндер! Алланың (дінінің) көмекшілері болыңдар. Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның хауариларға: "Алла жаққа көмекшілерім кім?',- дегенде, хауарилардың: "Аллаға біз көмекшіміз" дегендеріндей. Сонда Израил ұрпақтарының бір тобы иман келтіріп, бір тобы қарсы шықты. Иман келтіргендерді, дұшпандарына қарсы қолдадық. Сондай-ақ олар, дұшпандарына үстем болды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Мәриям ұлы Исаның хауарилерге: «Менің Аллаһ / жолындағы / жәрдемшілерім кім?» - дегенінде, хауарилердің: «Біз - Аллаһтың жәрдемшілеріміз», -дегендеріндей Аллаһтың / Оның дінінің / жәрдемшілері болыңдар. Сонда, Исраил ұрпақтарының бір бөлігі иманға келді, ал бір бөлігі күпірлік келтірді / қарсы шықты / . Біз иманға келгендерге дұшпандарына қарсы қолдау көрсеттік, сөйтіп олар үстем болды