Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол сауатсыздарға өздерінің арасынан Елші жіберді. Ол оларға Оның аяттарын оқиды, оларды тазартады және оларға Кітап пен даналықты үйретеді, олар бұрын анық адасуда болса да
Ол Алла, бұл Пайғамбарды олардан басқа әлі оларға қосылмағандарға да жіберді. Ол тым үстем, аса дана. (Бұл жердегі, әлі оларға қосылмағандар; қияметке дейін Ислам дініне кіретін елдер. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға әлі қосылмаған басқаларға да. Ол бәрінен Үстем, өте Дана
Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріне Тәурат міндеттеліп, кейін оны алып жүрмегендердің / орындамағандардың / мысалы - кітаптар артылған есек сияқты. Аллаһтың аят-белгілерін өтірік санаған адамдардың мысалы қандай жаман! Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй Яһудилер! Егер өздеріңді адамдардан өзге, Алланың шын досымыз деп ойласаңдар, дереу өлім тілеңдерші! Егер рас айтушы болсаңдар" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ей, иудейлікті ұстанушылар! Егер өздеріңді адамдардың ішінде өзгелерден Аллаһқа жақынбыз деп ойласаңдар / өздеріңе / өлімді тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ақиқатында өздерің қашатын өлім, күмәнсіз, сендерге кездеседі. Содан кейін сендер құпия мен айқын нәрсені Білушіге қайтарыласыңдар да, Ол сендерге не істегендеріңнің хабарын береді», деп
Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Қашан жұма күнгі намазға шақырса / азан айтылса / , Аллаһты еске алуға ұмтылыңдар да сауда-саттықты қойыңдар. Білсеңдер, бұл - сендер үшін қайырлы
Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ак Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар. (Мұхаммед Ғ.С. бір жүма күні, хұтба оқып, тұрғанда бір астық артқан керуенге қағылған дабылды естіген ел, шыға жүгіріседі. Өйткені қатты ашаршылық бір жыл еді. Бұл аят соған байланысты. Б.М)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне / баратын жерлеріңе / тарқалыңдар да Аллаһтың кеңшілігін іздеңдер әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһты көп еске алыңдар
Олар сауданы, ойынды көрген сәтте, сол жаққа тарайды да сені тік тұрған бойда тастайды. Оларға: "Алланың қасындагы нәрселер, ойыннан да саудадан да жақсы. Алла ризық берушілердің жақсырағы" де
Аударма: Халифа Алтай
Олар сауданы не бір бос нәрсені көрген кезде, сол жаққа бет алды да, сені тұрған күйіңде қалдырып кетті. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтағы / сый /- бос нәрседен де, саудадан да қайырлы. Аллаһ - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп