Аль-Мунафикун

المنافقون · 11 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 554-бет
← Аль-ДжумаБарлық сүрелерАт-Тагабун →
63:1
إِذَا جَآءَكَ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ قَالُواْ نَشۡهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُۥ وَٱللَّهُ يَشۡهَدُ إِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ لَكَٰذِبُونَ
(Мұхаммед Р.С.) саған мұнафықтар келген кезде: "Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз" деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтар саған кел­ген кезде: «Сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік береміз», - дейді. Аллаһ, әлбетте, сен Оның елшісі екеніңді біледі. Әрі Аллаһ, мұнафиқтардың анық өтірікші екеніне куәлік береді
Аударма: ҚМДБ
63:2
ٱتَّخَذُوٓاْ أَيۡمَٰنَهُمۡ جُنَّةٗ فَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ إِنَّهُمۡ سَآءَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды. Күмәнсыз олардың істегендері нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Олар анттарын қалқан етіп алып, / өзгелерді / Аллаһтың жолынан қайтарды. Шын мәнінде, олардың істеп жатқандары өте жаман
Аударма: ҚМДБ
63:3
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ ءَامَنُواْ ثُمَّ كَفَرُواْ فَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ فَهُمۡ لَا يَفۡقَهُونَ
Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген Енді олар, түсінбейпі
Аударма: Халифа Алтай
Бұл, олардың алдын иманға келіп, кейін күпірлік етулері / имансыздыққа қайтулары / себепті. Сөйтіп олардың жүректері мөрленді, енді олар түсінбейді
Аударма: ҚМДБ
63:4
۞وَإِذَا رَأَيۡتَهُمۡ تُعۡجِبُكَ أَجۡسَامُهُمۡۖ وَإِن يَقُولُواْ تَسۡمَعۡ لِقَوۡلِهِمۡۖ كَأَنَّهُمۡ خُشُبٞ مُّسَنَّدَةٞۖ يَحۡسَبُونَ كُلَّ صَيۡحَةٍ عَلَيۡهِمۡۚ هُمُ ٱلۡعَدُوُّ فَٱحۡذَرۡهُمۡۚ قَٰتَلَهُمُ ٱللَّهُۖ أَنَّىٰ يُؤۡفَكُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. (Өз қылықтарынан үрейленеді.) Олар дұшпан. Сондыктан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып, бара жатыр? (Мұнафықтардың бастығы Ғабдолла Үбай ұлы, тағы басқалары зор денелі келбетті де шешен адамдар еді. Келіп, дуарға сүйеніп түрып, әдемілеп сөйлеуші епі. Б.Ж.М.Т)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларды көрген кезіңде, олардың сырт келбеттері сені қайран қалдырады. Олар сөйлегенде, сөздерін тыңдайсың. Олар бейне бір сүйеп қойылған бөренелер тәрізді. Олар кез келген айқайды өздеріне айтылды деп есептейді. Олар - жау, олардан сақтан. Аллаһ оларды жойсын, олар / шындықтан / қайда бет бұрып барады
Аударма: ҚМДБ
63:5
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ تَعَالَوۡاْ يَسۡتَغۡفِرۡ لَكُمۡ رَسُولُ ٱللَّهِ لَوَّوۡاْ رُءُوسَهُمۡ وَرَأَيۡتَهُمۡ يَصُدُّونَ وَهُم مُّسۡتَكۡبِرُونَ
Рауаят бойынша Мұсталық ұлдарымен болған бір қақтығыста, суға таласып, Ғабдолла Үбай ұлы, мүһажірлерді өте ауыр сөздермен қорлайды. Пайғамбарға білініп; оны шақырып алып, сұрағанда, ант-су ішіп, жылмия танады. Өтірігі шыққаннан кейін оған, Пайғамбар (Ғ.С.) дан: "Кешірім сұра, Алладан жарылқау тілесін" десе, қасарысып көнбейді. Б.М.) Егер оларға: "Келіңдер, Алланың Елшісі сендерге жарылқау тілесін" делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Олар бет бұрып, текаппарланады
Аударма: Халифа Алтай
Қашан Оларға: «Келіңдер, Аллаһтың елшісі сендер үшін кешірім тілейді», - делінсе, олар бастарын шайқайды. Әрі сен олардың өздерін жоғары санап, менменси теріс бұрылғанын көресің
Аударма: ҚМДБ
63:6
سَوَآءٌ عَلَيۡهِمۡ أَسۡتَغۡفَرۡتَ لَهُمۡ أَمۡ لَمۡ تَسۡتَغۡفِرۡ لَهُمۡ لَن يَغۡفِرَ ٱللَّهُ لَهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلۡفَٰسِقِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар үшін жарылқау тілесең де тілемесең де бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бұзақы елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар үшін кешірім тілесең де, кешірім тілемесең де - оларға бәрібір. Аллаһ оларды кешірмейді. Негізінде, Аллаһ бұзық / бойсұнбаушы / адамдарды тура жолға салмайды
Аударма: ҚМДБ
63:7
هُمُ ٱلَّذِينَ يَقُولُونَ لَا تُنفِقُواْ عَلَىٰ مَنۡ عِندَ رَسُولِ ٱللَّهِ حَتَّىٰ يَنفَضُّواْۗ وَلِلَّهِ خَزَآئِنُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلَٰكِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ لَا يَفۡقَهُونَ
Олар: "Алланың Елшісінің жанындагы кісілерге еш нәрсе бермеңдер, олар тарқап кетсін" дейді. Негізінде көктер мен жердің қазынасы Аллаға тән. Бірақ мұнафықтар ұқпайды
Аударма: Халифа Алтай
«Аллаһтың елшісінің жанындағыларға ешнәрсе бермеңдер, олар тарап кетсін», - дейтіндер солар. Аспандардың және жердің қазыналары Аллаһта. Алайда мұнафиқтар түсінбейді
Аударма: ҚМДБ
63:8
يَقُولُونَ لَئِن رَّجَعۡنَآ إِلَى ٱلۡمَدِينَةِ لَيُخۡرِجَنَّ ٱلۡأَعَزُّ مِنۡهَا ٱلۡأَذَلَّۚ وَلِلَّهِ ٱلۡعِزَّةُ وَلِرَسُولِهِۦ وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ وَلَٰكِنَّ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ لَا يَعۡلَمُونَ
Ол мұнафықтар: "Егер соғыстан қайтып, Мединеге барсақ; ол жерден ардақтылар, інжықтарды әлбетте шығарады" дейді. Негізінде ғиззат Аллаға, Елшісіне әрі Мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз Мәдинаға қайтып барсақ, әлбетте, үстем ол жерден нашарды қуып шығарады», -дейді. Ақиқатында, үстемдік - Аллаһта әрі Оның елшісінде және иманға келгендерде. Бірақ мұнафиқтар білмейді
Аударма: ҚМДБ
63:9
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تُلۡهِكُمۡ أَمۡوَٰلُكُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُكُمۡ عَن ذِكۡرِ ٱللَّهِۚ وَمَن يَفۡعَلۡ ذَٰلِكَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡخَٰسِرُونَ
Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Дүние-мүліктерің мен балаларың сендерді Аллаһты еске алудан алаңдатып, бұрып қоймасын. Кім бұлай жасаса, міне, солар - зиян шегушілер
Аударма: ҚМДБ
63:10
وَأَنفِقُواْ مِن مَّا رَزَقۡنَٰكُم مِّن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَ أَحَدَكُمُ ٱلۡمَوۡتُ فَيَقُولَ رَبِّ لَوۡلَآ أَخَّرۡتَنِيٓ إِلَىٰٓ أَجَلٖ قَرِيبٖ فَأَصَّدَّقَ وَأَكُن مِّنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Сендерден біреулеріңе өлім келіп: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам" деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден біріңе өлім жетіп: «Йа, Раббы! Маған жақын бір мерзімге дейін мұрсат берсең, сонда мен садақа беріп әрі түзулерден болар едім», - деп айтуынан бұрын, Біз сендерге ризық етіп берген нәрселерден / зекет, садақа / беріңдер
Аударма: ҚМДБ
63:11
وَلَن يُؤَخِّرَ ٱللَّهُ نَفۡسًا إِذَا جَآءَ أَجَلُهَاۚ وَٱللَّهُ خَبِيرُۢ بِمَا تَعۡمَلُونَ
Қашан біреудің ажалы келсе, Алла, оны әсте кешіктірмейді және Алла, істегендеріңді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Біреудің / белгіленген / уақыты келген кезде, Аллаһ оған мұрсат бермейді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ДжумаБарлық сүрелерАт-Тагабун →

Аль-Мунафикун сүресі туралы

Аль-Мунафикун (المنافقون) — Құранның 63-сүресі, 11 аят, мединалық сүре, 28-жүз, мысхафтың 554-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу