Аль-Мумтахана

الممتحنة · 13 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 549-бет
← Аль-ХашрБарлық сүрелерАс-Сафф →
60:1
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَتَّخِذُواْ عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمۡ أَوۡلِيَآءَ تُلۡقُونَ إِلَيۡهِم بِٱلۡمَوَدَّةِ وَقَدۡ كَفَرُواْ بِمَا جَآءَكُم مِّنَ ٱلۡحَقِّ يُخۡرِجُونَ ٱلرَّسُولَ وَإِيَّاكُمۡ أَن تُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ رَبِّكُمۡ إِن كُنتُمۡ خَرَجۡتُمۡ جِهَٰدٗا فِي سَبِيلِي وَٱبۡتِغَآءَ مَرۡضَاتِيۚ تُسِرُّونَ إِلَيۡهِم بِٱلۡمَوَدَّةِ وَأَنَا۠ أَعۡلَمُ بِمَآ أَخۡفَيۡتُمۡ وَمَآ أَعۡلَنتُمۡۚ وَمَن يَفۡعَلۡهُ مِنكُمۡ فَقَدۡ ضَلَّ سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ
Әй мүміндер! Менің дұшпандарымды да өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер. Олар, Пайғамбарды да сендерді де Раббыларың Аллаға иман келтірдіңдер, деп жұрттан шығарды. Сендер Менің жолымда ризалығымды іздеп, соғысқа шыққанда, оларға жасырын достық істейсіңдер. Мен көрнеу, көмес істегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты. (Балтаға ұлы Хатып, Мединеден Сара атты әйелмен Меккедегі елге: "Меккені алыну әзірлігі көріліп жатыр" деп, хат жолдайды. Бірақ Пайғамбарга Алла білдіргендіктен бірнеше кісі жіберіп, Сарадағы хатты алдырып, Хатыптан сұралғанда: "Бала-шағам Меккеде болғандықтан жаздым" дегеннен кейін Пайғамбар (Ғ.С.) кешірім етеді. Б.Ж.М.К.Т.Х
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Менің дұшпаным әрі өздеріңнің дұшпандарыңды / имансыздарды / өздеріңе дос тұтпаңдар. Олар сендерге ақиқаттан келгенге күпірлік етсе де / мойындамаса да / , Оларға сүйіспеншілік пейіл білдіресіңдер. Олар Елшіні және сендерді, өздеріңнің Раббың - Аллаһқа сенгендерің үшін қуып шығаруда. Егер сендер Менің жолымда күресу үшін және Менің ризалығымды іздеп шықсаңдар / жауларымды дос тұтпаңдар / . Сендер Оларға сүйіспеншілік пейіл танытып, сыр айтасыңдар. Ал, Мен сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, әлбетте ол тура жолдан адасқан болады
Аударма: ҚМДБ
60:2
إِن يَثۡقَفُوكُمۡ يَكُونُواْ لَكُمۡ أَعۡدَآءٗ وَيَبۡسُطُوٓاْ إِلَيۡكُمۡ أَيۡدِيَهُمۡ وَأَلۡسِنَتَهُم بِٱلسُّوٓءِ وَوَدُّواْ لَوۡ تَكۡفُرُونَ
Егер олар сендерге үстем келсе, өздеріңе жау болып, сендерге жаман ниетпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді. Қарсы болуларыңды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар сендерді кездестірсе, сендерге жау болып, сендерге жамандықпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді әрі сендердің күпірлік етушілерден / имансыздардан / болғандарыңды қалайды
Аударма: ҚМДБ
60:3
لَن تَنفَعَكُمۡ أَرۡحَامُكُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُكُمۡۚ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ يَفۡصِلُ بَيۡنَكُمۡۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Сендерге туыстарың да балаларың да ешбір пайда бермейді. Алла қиямет күні, араларыңды ажыратады. Алла істегендеріңді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге өздеріңнің туыстарың да, балаларың да / Қиямет күні / еш пайда бермейді. Қайта тірілу күні Ол араларыңды ажыратады. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды көріп тұрушы
Аударма: ҚМДБ
60:4
قَدۡ كَانَتۡ لَكُمۡ أُسۡوَةٌ حَسَنَةٞ فِيٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَٱلَّذِينَ مَعَهُۥٓ إِذۡ قَالُواْ لِقَوۡمِهِمۡ إِنَّا بُرَءَـٰٓؤُاْ مِنكُمۡ وَمِمَّا تَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ كَفَرۡنَا بِكُمۡ وَبَدَا بَيۡنَنَا وَبَيۡنَكُمُ ٱلۡعَدَٰوَةُ وَٱلۡبَغۡضَآءُ أَبَدًا حَتَّىٰ تُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ وَحۡدَهُۥٓ إِلَّا قَوۡلَ إِبۡرَٰهِيمَ لِأَبِيهِ لَأَسۡتَغۡفِرَنَّ لَكَ وَمَآ أَمۡلِكُ لَكَ مِنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٖۖ رَّبَّنَا عَلَيۡكَ تَوَكَّلۡنَا وَإِلَيۡكَ أَنَبۡنَا وَإِلَيۡكَ ٱلۡمَصِيرُ
Расында сендерге Ыбырайым (Ғ.С.) және онымен бірге болғандар, бір көркем өнеге болды. Сол уақытта, олар елдеріне: "Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз" деген. Бірақ Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесіне: "Әрине сен үшін жарылқау тілеймін. Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді" деген болатын. "Раббымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық әрі барар жеріміз Сен жақ
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, сендер үшін Ибраһимде және онымен бірге болғандарда көркем өнеге бар. Олар еліне: «Негізінде біз сендерден де, Аллаһтан өзге табынатындарыңнан да бас тартамыз. Біз сендердің діндеріңді мойындамаймыз. Қашан Аллаһтың жалғыз Өзіне сенгендеріңше, сендер мен біздің арамызда мәңгі дұшпандық әрі өшпенділік орнады», - деді. Бірақ Ибраһимнің / өз / әкесіне: «Мен міндетті түрде сен үшін кешірім тілеймін. Бірақ сен үшін Аллаһтың алдында ешнәрсеге ие бола алмаймын», - деген сөзі ғана бұған кірмейді. / Олар!: «Раббымыз! Біз Өзіңе жүгініп, саған ісімізді тапсырдық / тәуекел еттік / және Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубе еттік / , әрі қайтуымыз Саған
Аударма: ҚМДБ
60:5
رَبَّنَا لَا تَجۡعَلۡنَا فِتۡنَةٗ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ وَٱغۡفِرۡ لَنَا رَبَّنَآۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Раббымыз! Кәпірлер үшін бізді сынама. Бізді бағышта. Раббымыз! Сен өте үстем, хикмет иесісің
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Бізді күпірлік етушілерге / имансыздарға / сынақ етпе және бізді кешір. Раббымыз! Ақиқатында Сен бәрінен Үстем, аса Данасың»
Аударма: ҚМДБ
60:6
لَقَدۡ كَانَ لَكُمۡ فِيهِمۡ أُسۡوَةٌ حَسَنَةٞ لِّمَن كَانَ يَرۡجُواْ ٱللَّهَ وَٱلۡيَوۡمَ ٱلۡأٓخِرَۚ وَمَن يَتَوَلَّ فَإِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡغَنِيُّ ٱلۡحَمِيدُ
Расында сендерге, оларда (Ыбырайыи Ғ.С. және сыбайластарында,) Алланы, ахирет күнін үміт еткен кісілер тшін көркеи өнеге бар. Ал кім бет бұрса, сонда шүбәсыз Алла еш нәрсеге мұхтаж емес, аса мақтаулы
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендер үшін, Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер үшін, оларда көркем өнеге болды. Ал, кім теріс бұрылса, әлбетте Аллаһ Бай, Мұқтажсыз , Мақтауға лайық
Аударма: ҚМДБ
60:7
۞عَسَى ٱللَّهُ أَن يَجۡعَلَ بَيۡنَكُمۡ وَبَيۡنَ ٱلَّذِينَ عَادَيۡتُم مِّنۡهُم مَّوَدَّةٗۚ وَٱللَّهُ قَدِيرٞۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Алланың сендермен дұшпандық еткен кісілердің арасына достық пайда қылуы мүмкін. Алла өте күшті әрі Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың сендер мен олардың ішінен өздерің жауласып жүргендердің арасында сүйіспеншілік орнатуы мүмкін. Аллаһ бәріне Күші жетуші. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
60:8
لَّا يَنۡهَىٰكُمُ ٱللَّهُ عَنِ ٱلَّذِينَ لَمۡ يُقَٰتِلُوكُمۡ فِي ٱلدِّينِ وَلَمۡ يُخۡرِجُوكُم مِّن دِيَٰرِكُمۡ أَن تَبَرُّوهُمۡ وَتُقۡسِطُوٓاْ إِلَيۡهِمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلۡمُقۡسِطِينَ
Алла (Т.) дін жайында сендермен соғыспаған және жұрттарыңнан шығармағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Расында Алла (Т.) турашылдарды жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ дін тұрғысында сендермен соғыспағандарға және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Шын мәнінде Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді
Аударма: ҚМДБ
60:9
إِنَّمَا يَنۡهَىٰكُمُ ٱللَّهُ عَنِ ٱلَّذِينَ قَٰتَلُوكُمۡ فِي ٱلدِّينِ وَأَخۡرَجُوكُم مِّن دِيَٰرِكُمۡ وَظَٰهَرُواْ عَلَىٰٓ إِخۡرَاجِكُمۡ أَن تَوَلَّوۡهُمۡۚ وَمَن يَتَوَلَّهُمۡ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّـٰلِمُونَ
Шын мәнінде Алла (Т.) сендермен дін турасында соғысқандарды, жұрттарыңнан шығарғандарды және шығарылуларыңа көмекші болғандарды дос түтуларыңа тыйым салады. Біреу оларды дос көрсе, солар залымдар
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, Аллаһ, сендерді тек дін тұрғысында сендермен соғысқандармен, жұрттарыңнан қуып шыққандармен және сендерді қуып шығуға көмектескендермен дос болуларыңа тыйым салады. Ал, кім олармен дос болса, міне, солар - әділетсіздер
Аударма: ҚМДБ
60:10
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا جَآءَكُمُ ٱلۡمُؤۡمِنَٰتُ مُهَٰجِرَٰتٖ فَٱمۡتَحِنُوهُنَّۖ ٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِإِيمَٰنِهِنَّۖ فَإِنۡ عَلِمۡتُمُوهُنَّ مُؤۡمِنَٰتٖ فَلَا تَرۡجِعُوهُنَّ إِلَى ٱلۡكُفَّارِۖ لَا هُنَّ حِلّٞ لَّهُمۡ وَلَا هُمۡ يَحِلُّونَ لَهُنَّۖ وَءَاتُوهُم مَّآ أَنفَقُواْۚ وَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ أَن تَنكِحُوهُنَّ إِذَآ ءَاتَيۡتُمُوهُنَّ أُجُورَهُنَّۚ وَلَا تُمۡسِكُواْ بِعِصَمِ ٱلۡكَوَافِرِ وَسۡـَٔلُواْ مَآ أَنفَقۡتُمۡ وَلۡيَسۡـَٔلُواْ مَآ أَنفَقُواْۚ ذَٰلِكُمۡ حُكۡمُ ٱللَّهِ يَحۡكُمُ بَيۡنَكُمۡۖ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ
Әй мүміндер! Сендерге мүмін мүһажір әйелдер келсе, оларды сынаңдар. Олардың имандарын Алла жақсы біледі. Сонда егер олардың мүмін әйел екендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Бұл әйелдер, оларға халал емес, олар да бұларға халал емес. Олардың бүл әйелдерге берген мәһерлерін өздеріне қайтарып беріңдер. Егер бұл әйелдердің мәһерлерін берсеңдер, оларды, некеленулеріңнің оқасы жоқ. Кәпір қатындарды некелеріңде ұстамаңдар. Кәпір қатындарға берген мәһерлеріңді сұраңдар. Кәпірлер де сендерге келген мүмін қатындарға берген мәһерлерін сұрасын. Бұл сендерге Алланың үкімі. Араларыңа үкім қылады. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Қашан сендерге иманды әйелдер қоныс аударып келсе, оларды тексеріп көріңдер. Аллаһ олардың имандарын жақсы біледі. Сонда егер олардың иманды әйелдер екенін білсеңдер, оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Себебі бұлар / иманды әйелдер / оларға / кәпірлерге / рұқсат етілмейді, әрі олар да / кәпірлер / бұларға / иманды әйелдерге / рұқсат етілмейді. Оларға / кәпірлерге / жұмсағандарын беріңдер. Қашан бұларға / әйелдерге / мәһрлерін / сыйларын / берсендер, оларды некелеріңе алуларың сендерге күнә емес. кәпір әйелдерді некелеріңде ұстамаңдар. Оларға бергендеріңді сұраңдар, олар да бергендерін сұрасын. Бұл - Аллаһтың үкімі. Ол араларыңа үкім етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, өте Дана
Аударма: ҚМДБ
60:11
وَإِن فَاتَكُمۡ شَيۡءٞ مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُمۡ إِلَى ٱلۡكُفَّارِ فَعَاقَبۡتُمۡ فَـَٔاتُواْ ٱلَّذِينَ ذَهَبَتۡ أَزۡوَٰجُهُم مِّثۡلَ مَآ أَنفَقُواْۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ ٱلَّذِيٓ أَنتُم بِهِۦ مُؤۡمِنُونَ
Егер кейбір әйелдерің мәһерімен кәпірге өтсе, сонда үстемдікке ие болсаңдар; олжадан, кәпірге әйелі кеткендерге кеткен мәһерінің бодауын беріңдер. Иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Егер кейбір әйелдер мәһрлерімен кәпірлер жаққа өтіп кетсе, үстемдікке жеткен кездеріңде әйелдері кетіп қалғандарға жұмсаған сыйындай / мәһріндей / өтем беріңдер. Өздерің иманға келіп, сенген Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
60:12
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ إِذَا جَآءَكَ ٱلۡمُؤۡمِنَٰتُ يُبَايِعۡنَكَ عَلَىٰٓ أَن لَّا يُشۡرِكۡنَ بِٱللَّهِ شَيۡـٔٗا وَلَا يَسۡرِقۡنَ وَلَا يَزۡنِينَ وَلَا يَقۡتُلۡنَ أَوۡلَٰدَهُنَّ وَلَا يَأۡتِينَ بِبُهۡتَٰنٖ يَفۡتَرِينَهُۥ بَيۡنَ أَيۡدِيهِنَّ وَأَرۡجُلِهِنَّ وَلَا يَعۡصِينَكَ فِي مَعۡرُوفٖ فَبَايِعۡهُنَّ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لَهُنَّ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Әй Пайғамбар! Егер саған мүмін әйелдер, Аллаға еш нәрсені ортақ қоспауға, ұрлық қылмауға, зинашы болмауға балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға, (Суық жолдан тапқан баланы өз еріне телімеуге. Ж.М.) және ізгілік істеуге, өзіңе қарсы келмеу үшін келген кезде, олардың (биғаттарын) серттерін қабыл ал. Олар үшін Алладан жарылқау тіле. Өйткені Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Қашан саған иманға келген әйелдер Аллаһқа ешнәрсені серік етіп қоспауға, ұрлыққылмауға, зина жасамауға, балаларын өлтірмеуге, қол-аяқтарының арасынан бір жала жаппауға / бұзық жолмен тапқан баланы күйеуіне телімеуге / әрі құпталғанда саған қарсы келмеуге серт беруге келсе, олардың серттерін қабыл ет және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
60:13
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَتَوَلَّوۡاْ قَوۡمًا غَضِبَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِمۡ قَدۡ يَئِسُواْ مِنَ ٱلۡأٓخِرَةِ كَمَا يَئِسَ ٱلۡكُفَّارُ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡقُبُورِ
Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен үміт үзген
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың ашуына қалған адамдарды дос / қамқоршы / тұтпаңдар. Негізінде, олар соңғы, мәңгілік өмірден / ақиреттен / қабірдегі кәпірлердің үміт үзгені секілді үміт үзген
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ХашрБарлық сүрелерАс-Сафф →

Аль-Мумтахана сүресі туралы

Аль-Мумтахана (الممتحنة) — Құранның 60-сүресі, 13 аят, мединалық сүре, 28-жүз, мысхафтың 549-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу