(Рауаят бойынша, Мұхаммед Ғ.С. Мединеге көшіп келгенде, Януди Назыр ұлдары, соғыспауға, дұшпанға көмек етпеуге келісім жасайды. Бәдір жеңісінде: "Тәуратта жазылған хақ Пайғамбар осы" дейді. Бірақ, Үхыт соғысынан кейін уәдені бұзып, қырық атты кісімен Меккеге барып, Әбу Сүфянмен Мұсылмандарға қарсы келісім жасайды. Сондықтан Кәғап өлтіріліп, Пайғамбар Ғ.С. бір топ әскермен ауылдарын күн қоршатқаннан кейін, жұрттарынан шығып кетуге келіседі. Көбірегі Шам жаққа, бір бөлімі Хайбарға барып, орналасады. Ж.Б.К.Р.Т.) Ол сондай Алла, Кітап иелерінен қарсы болғандарды алғаш шабуылда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығады деп, ойламаған едіңдер. Олар бекіністері өздерін Алладан қорғайды деп ойлаган еді. Алайда Алла, оларға, күтпеген жақтан келді; олардың жүректеріне қорқу салды да олар, үйлерін өз қолдарымен әрі Мұсылмандардың қолдарымен талқандауда еді. Әй ақыл иелері! Ғибрат алыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ол Кітап берілген қауымнан күпірлік еткендерді / келісімді бұзғандарды / алғашқы жинауда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығып кетеді деп ойлаған да емес едіңдер. Ал, олар қамалдары өздерін Аллаһтан қорғайды деп ойлаған еді. Бірақ, Аллаһ оларға өздері күтпеген жақтан келді және олардың жүректеріне үрей салды. Олар үйлерін өз қолдарымен және иманға келгендердің қолдарымен талқандауда еді. Ғибрат алыңдар, ей, көретін көзі барлар / зерделі жандар
Егер Алла, оларға, сүргіндік жазбаса еді, әлбетте оларға дүниеде басқа азап берер еді әрі олар үшін ахиретте тозақ азабы бар
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Аллаһ оларға көшіріп жіберуді / сүргінді / жазбағанда, онда міндетті түрде оларды осы дүниеде / басқа азаппен / жазалайтын еді. Әрі олар үшін соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / От азабы бар
Жаудың құрма ағаштарын кесулерің немесе (кеспей) тамырларына тік қоюларың Алланың нұсқауы бойынша, бұзақыларды қорлау үшін болады
Аударма: Халифа Алтай
Сендер / жаудың / құрма ағашынан кессеңдер де, не оларды өз тамырларында тұрған күйінде қалдырсаңдар да, / бұл / Аллаһтың рұқсатымен бұзықтарды / бойсұнбаушыларды / қорлау үшін
Алланың, Елшісіне олардан қалдырған олжасына, сендер не ат шаптырып немесе түйе жүгіртпедіңдер. Бірақ Алла, елшілерін кімді қаласа, соған өктем қылады. Сондай-ақ Алланың әр нәрсеге күші еркін жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ Өз елшісіне олардан соғыссыз олжа етіп бергендеріне, сендер аттармен де, түйелермен де атойлап шауып барған жоқсындар. Алайда, Аллаһ елшілеріне Өзі қалағандардың үстінен билік береді. Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы
Алла (Т.) ның, Елшісіне бір кент тұрғындарынан қалдырған олжалары; Аллаға, Елшісіне, жақындарына, жетімдерге және жолда қалғандарға тән. Сендерден байлар арасында айналып жүрмеуі керек. Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі. (Бұл аят бойынша Пайғамбар (Ғ.С.) дың әміріне бой үсыну уажіп. К.Т-Қ
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ елді мекен тұрғындарынан Өз елшісіне соғыссыз олжа етіп берген нәрселер -Аллаһқа, Елшіге, оның жақындарына, жетімдерге, жоқ-жітікке және жолда қалғандарға тиісті. / бұл, олжалар / сендердің қатарларындағы байлар арасында / үлестіріліп / қолдан-қолға өтетін нәрсе болмауы үшін. Елші сендерге не берсе соны алыңдар да, ол сендерді неден тыйса содан тыйылыңдар және Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһтың жазасы қатты
Әсіресе сондай жұрттарынан, малдарынан қуылғандар; Алладан мәрхамет, ризалық іздеп, Аллаға, Елшісіне көмек еткен пақыр мүһажірлер үшін. Міне солар шыншылдар
Аударма: Халифа Алтай
Олардың ішінде / Аллаһтан кеңшілік және ризалық іздеп әрі Аллаһқа және Оның елшісіне көмек беріп, жұрттарынан қуып шығарылған және мал-мүліктерінен айрылған муһажир кедейлерге тиісті. Міне, солар - шын сөзділер
Бұрыннан Мединеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі.) Олар өздеріне босып келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлде біреу сараңдықтан сақсынса, солар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олардан алдын / Мәдинада / үй-жайы болып әрі иманда орныққандар / ансарлар / , өздеріне қоныс аударғандарды / муһажирлерді / жақсы көреді, кеуделерінде оларға берілген нәрселерге ешқандай қажеттілік, кірбіңдік сезбейді. Әрі өздерінде мұқтаждық болса да, оларды өздерінен артық көреді. Кім өзінің сараңдығынан сақталған болса, міне, солар - табысқа жетушілер
Сондай олардан кейін келгендерге де (бұл олжадан беріледі.) Олар: "Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз шүбәсыз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің." (С. 100-А)
Аударма: Халифа Алтай
Олардан кейін келгендер: «Раббымыз! Бізді және бізден бұрын иманға келген бауырларымызды кешір! Әрі иманға келгендерге қарсы жүрегімізге жек көрушілік салма! Раббымыз! Ақиқатында, Сен өте Мейірбан, ерекше Мейірімдісің !» - деп айтады
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Мұнафықтар Кітап иелерінен иман келтірмеген туыстарына: "Егер жұрттарыңнан шығарылсаңдар, сендермен бірге шығамыз; сендерге қарсы әсте ешкімге бағынбаймыз. Егер соғыс болса, әлбетте сендерге көмек етеміз" дейді. Олардың мүлде суайт екендігіне Алла куәлік етеді
Аударма: Халифа Алтай
Мұнафиқтарды көрмедің бе, Кітап берілген қауым қатарындағы күпірлік етуші / имансыз / бауырларына: «Егер сендер шығарылсаңдар, онда біз де міндетті түрде сендермен бірге шығамыз. Сендерге қатысты ешкімге, ешқашан бағынбаймыз. Егер сендермен соғысса, әлбетте сендерге жәрдем береміз», - деп айтатын. Аллаһ олардың нағыз өтірікші екендігіне куәлік береді
Егер олар жұрттарынан шығарылса да олармен бірге мұнафықтар шықпайды. Ал егер соғыс болса да олар соғыспайды. Егер көмек етсе де әрине олар, арттарына бұрылып қашады. Сосын оларға жәрдем етілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар шығарылса, бұлар олармен бірге шықпайды. Егер Оларға қарсы соғыс болса, Оларға көмек бермейді. Көмек беруге келсе де, міндетті түрде арттарына бұрылып қашады. Содан кейін Оларға / ешқандай / көмек берілмейді
Олар сендермен топты түрде соғыса алмайды. Бірақ бекіністегі ауылда не дуардың далдасында соғысады. Әрине өзара тартыстары қатты. Оларды бірлікте деп, ойлайсың. Жүректері быт-шыт. Өйткені олар, ойланбайтын ел
Аударма: Халифа Алтай
Олар, қорғандар ішінде не қамалдардың артынан болмаса, сендермен бәрі бірге соғыспайды. Олардың өз араларындағы қарсылықтары қатты. / Ей, Мұхаммед! / Сен оларды бірлікте деп ойлайсың, алайда олардың жүректері әртүрлі. Бұл, олардың ақылын істетіп ұғынбайтын адамдар болғандығы себебінен
Олар, шайтаннын, мысалы сияқты; адамдарға: "Қарсы бол" деп айтып, адам баласы қарсы болған кезде: "Шынында сенен бездім. Расында әлемдердің Раббы Алладан қорқамын" деген еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар шайтанға ұқсайды, ол адамға: «Күпірлік ет / бойсұнба / », - деп, ал ол күпірлік еткен / бойсұнудан бас тартқан / кезде: «Негізінде менің саған қатысым жоқ. Шын мәнінде, мен әлемдердің Раббысы - Аллаһтан қорқамын», - деді
Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңцар. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар! Әрбір адам ертеңі үшін не дайындағанына қарасын. Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ сендердің істеп жатқандарыңнан Хабардар / Хабир
(Мүхаимед Ғ.С.) егер осы Құранды бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болғаның көрер едің. Бұл мысалдарды адам баласы түсінсін деп, келтіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Егер де осы Құранды бір тауға түсірсек, оның Аллаһтан қорыққаннан иілген / бойсұнған / түрде бөлшектеніп кеткенін көрер едің. Бұл мысалдарды адамдарға, олардың ойланулары үшін келтіреміз
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк
Аударма: Халифа Алтай
Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Мәлик / бүкіл әлемдердің шын Билеушісі / , әл-Қуддус / барлық кемшіліктен пәк / , әс-Сәлам / амандық иесі әрі айып, нұқсаннан таза кемелділік иесі / , әл-Мүмін / иманға келгендердің сенімін Растаушы / , әл-Муһаймин / Сақтаушы, бәрін бақылап тұрушы / , әл-’ Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Жаббар / Бағындырушы / әрі әл-Мутәкәббир / ақиқи ұлылық Иесі / . Аллаһ, олардың серік етіп қосқандарынан пәк
Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Ол Аллаһ - әл-Халиқ, / Жаратушы / , әл-Бәри / жоқтан бар етіп Жасаушы / , әл-Мусаууир / кескін-келбет беріп Бейнелеуші / . Ең көркем есімдер Оған тән. Аспандардағылар мен жердегілер Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол -әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Хаким / аса Дана