يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَتَّخِذُواْ عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمۡ أَوۡلِيَآءَ تُلۡقُونَ إِلَيۡهِم بِٱلۡمَوَدَّةِ وَقَدۡ كَفَرُواْ بِمَا جَآءَكُم مِّنَ ٱلۡحَقِّ يُخۡرِجُونَ ٱلرَّسُولَ وَإِيَّاكُمۡ أَن تُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ رَبِّكُمۡ إِن كُنتُمۡ خَرَجۡتُمۡ جِهَٰدٗا فِي سَبِيلِي وَٱبۡتِغَآءَ مَرۡضَاتِيۚ تُسِرُّونَ إِلَيۡهِم بِٱلۡمَوَدَّةِ وَأَنَا۠ أَعۡلَمُ بِمَآ أَخۡفَيۡتُمۡ وَمَآ أَعۡلَنتُمۡۚ وَمَن يَفۡعَلۡهُ مِنكُمۡ فَقَدۡ ضَلَّ سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ
yāayyuhā alladhīna āmanū lā tattakhidhū ʿaduwwī waʿaduwwakum awliyāa tul'qūna ilayhim bil-mawadati waqad kafarū bimā jāakum mina l-ḥaqi yukh'rijūna l-rasūla wa-iyyākum an tu'minū bil-lahi rabbikum in kuntum kharajtum jihādan fī sabīlī wa-ib'tighāa marḍātī tusirrūna ilayhim bil-mawadati wa-anā aʿlamu bimā akhfaytum wamā aʿlantum waman yafʿalhu minkum faqad ḍalla sawāa l-sabīli
Әй мүміндер! Менің дұшпандарымды да өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер. Олар, Пайғамбарды да сендерді де Раббыларың Аллаға иман келтірдіңдер, деп жұрттан шығарды. Сендер Менің жолымда ризалығымды іздеп, соғысқа шыққанда, оларға жасырын достық істейсіңдер. Мен көрнеу, көмес істегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты. (Балтаға ұлы Хатып, Мединеден Сара атты әйелмен Меккедегі елге: "Меккені алыну әзірлігі көріліп жатыр" деп, хат жолдайды. Бірақ Пайғамбарга Алла білдіргендіктен бірнеше кісі жіберіп, Сарадағы хатты алдырып, Хатыптан сұралғанда: "Бала-шағам Меккеде болғандықтан жаздым" дегеннен кейін Пайғамбар (Ғ.С.) кешірім етеді. Б.Ж.М.К.Т.Х
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Менің дұшпаным әрі өздеріңнің дұшпандарыңды / имансыздарды / өздеріңе дос тұтпаңдар. Олар сендерге ақиқаттан келгенге күпірлік етсе де / мойындамаса да / , Оларға сүйіспеншілік пейіл білдіресіңдер. Олар Елшіні және сендерді, өздеріңнің Раббың - Аллаһқа сенгендерің үшін қуып шығаруда. Егер сендер Менің жолымда күресу үшін және Менің ризалығымды іздеп шықсаңдар / жауларымды дос тұтпаңдар / . Сендер Оларға сүйіспеншілік пейіл танытып, сыр айтасыңдар. Ал, Мен сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді жақсы білемін. Сендерден кім мұны істесе, әлбетте ол тура жолдан адасқан болады
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси