Аль-Филь
الفيل · 5 аят · меккелік
105:1أَلَمۡ تَرَ كَيۡفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِأَصۡحَٰبِ ٱلۡفِيلِ
(Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның піл иелеріне не істегенін білмедің бе
Аударма: ҚМДБ
105:2أَلَمۡ يَجۡعَلۡ كَيۡدَهُمۡ فِي تَضۡلِيلٖ
Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме
Аударма: Халифа Алтай
Сонда / олардың айлакерліктерін адасуға айналдырмады ма
Аударма: ҚМДБ
105:3وَأَرۡسَلَ عَلَيۡهِمۡ طَيۡرًا أَبَابِيلَ
Оларға топ-топ құс жіберді
Аударма: Халифа Алтай
әрі оларға құстарды топ-тобымен жібермеді ме
Аударма: ҚМДБ
105:4تَرۡمِيهِم بِحِجَارَةٖ مِّن سِجِّيلٖ
Құстар,оларға балшықтан жасалған тастар атып
Аударма: Халифа Алтай
Құстар / оларды балшықтан күйдірілген тастармен атқылады
Аударма: ҚМДБ
105:5فَجَعَلَهُمۡ كَعَصۡفٖ مَّأۡكُولِۭ
Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды
Аударма: Халифа Алтай
сөйтіп оларды дәні желініп / тапталған / сабандай қылды
Аударма: ҚМДБ
Аль-Филь сүресі туралы
Аль-Филь (الفيل) — Құранның 105-сүресі, 5 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 601-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу