Аль-Хумаза

الهمزة · 9 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 601-бет
← Аль-АсрБарлық сүрелерАль-Филь →
104:1
وَيۡلٞ لِّكُلِّ هُمَزَةٖ لُّمَزَةٍ
Бүкіл қорлаушы,өсекшіге нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір айып таққышқа, балағаттаушыға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
104:2
ٱلَّذِي جَمَعَ مَالٗا وَعَدَّدَهُۥ
Сондай мал жиып,оны санағандарға
Аударма: Халифа Алтай
Сондай мал-дүние жиып, оны санаушыға
Аударма: ҚМДБ
104:3
يَحۡسَبُ أَنَّ مَالَهُۥٓ أَخۡلَدَهُۥ
Негізінен малы,өзін мәңгі жасатады деп ойлайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол байлығы, өзін мәңгі қалдырады деп ойлайды
Аударма: ҚМДБ
104:4
كَلَّاۖ لَيُنۢبَذَنَّ فِي ٱلۡحُطَمَةِ
Олай емес,әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Ол міндетті түрде Хутамаға тасталынады
Аударма: ҚМДБ
104:5
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡحُطَمَةُ
«Хұтаманың не екенін қайдан білесің?»
Аударма: Халифа Алтай
«Хутаманың» не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
104:6
نَارُ ٱللَّهِ ٱلۡمُوقَدَةُ
Ол,Алланың жағылған оты
Аударма: Халифа Алтай
Ол - Аллаһтың жандырылған оты
Аударма: ҚМДБ
104:7
ٱلَّتِي تَطَّلِعُ عَلَى ٱلۡأَفۡـِٔدَةِ
Сондай жүректерді шалатын
Аударма: Халифа Алтай
сондай, жүректерге жететін
Аударма: ҚМДБ
104:8
إِنَّهَا عَلَيۡهِم مُّؤۡصَدَةٞ
Расында олар,ол отқа қамалады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында ол / от / олардың үстерінен жауып тұрады
Аударма: ҚМДБ
104:9
فِي عَمَدٖ مُّمَدَّدَةِۭ
Ұзын діңгектерге байланады
Аударма: Халифа Алтай
созылған діңгектермен
Аударма: ҚМДБ
← Аль-АсрБарлық сүрелерАль-Филь →

Аль-Хумаза сүресі туралы

Аль-Хумаза (الهمزة) — Құранның 104-сүресі, 9 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 601-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу