107:1أَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي يُكَذِّبُ بِٱلدِّينِ
(Мұхаммед Ғ.С) сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе
Аударма: Халифа Алтай
Сен дінді / қайта тірілуді / өтірік деп санаушыны білдің бе
Аударма: ҚМДБ
107:2فَذَٰلِكَ ٱلَّذِي يَدُعُّ ٱلۡيَتِيمَ
Міне сол жетімді қақпайлағанды
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сол - жетімді зекіп қайтарады
Аударма: ҚМДБ
107:3وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ
Міскінде тамақтандыруға қызықтырмайды
Аударма: Халифа Алтай
және кедейді тамақтандыруға түрткі болмайды
Аударма: ҚМДБ
107:4فَوَيۡلٞ لِّلۡمُصَلِّينَ
Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Намаз оқушыларға қандай қасірет
Аударма: ҚМДБ
107:5ٱلَّذِينَ هُمۡ عَن صَلَاتِهِمۡ سَاهُونَ
Олар,намаздарын немқұрайды оқиды.(С.142-А)
Аударма: Халифа Алтай
солар, намаздарына немқұрайлылар
Аударма: ҚМДБ
107:6ٱلَّذِينَ هُمۡ يُرَآءُونَ
Олар көрсету үшін оқиды
Аударма: Халифа Алтай
солар, / амалдарын / өзгелерге көрсету / рия / үшін істейтіндер
Аударма: ҚМДБ
107:7وَيَمۡنَعُونَ ٱلۡمَاعُونَ
Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады. (Ыдыс аяқ,аспап,т.б сияқты.Ж.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
және олар тұтыну заттарын да бермейді
Аударма: ҚМДБ
Аль-Маун сүресі туралы
Аль-Маун (الماعون) — Құранның 107-сүресі, 7 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 602-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу