Аль-Фаляк

الفلق · 5 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 604-бет
← Аль-ИхлясБарлық сүрелерАн-Нас →
113:1
قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلۡفَلَقِ
(Мұхаммед Ғ.С): «Таңның Раббыға сиынамын,»
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Таңның Раббысына / Иесіне / сиынып, қорғауын тілеймін
Аударма: ҚМДБ
113:2
مِن شَرِّ مَا خَلَقَ
«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»
Аударма: Халифа Алтай
жаратқан нәрселерінің жамандығынан
Аударма: ҚМДБ
113:3
وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ
«Қараңғылық басқан сәтте,түннің кесірінен,»
Аударма: Халифа Алтай
әрі қараңғылықтың жамандығынан, ол жапқан кезде
Аударма: ҚМДБ
113:4
وَمِن شَرِّ ٱلنَّفَّـٰثَٰتِ فِي ٱلۡعُقَدِ
«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»
Аударма: Халифа Алтай
және түйіндерге үрлеушілердің жамандығынан
Аударма: ҚМДБ
113:5
وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ
«Күншілдердің кесірінен,ол күндеген сәтте (сиынамын)» де
Аударма: Халифа Алтай
әрі хасадшының қызғанған / хасад қылған / кездегі жамандығынан
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ИхлясБарлық сүрелерАн-Нас →

Аль-Фаляк сүресі туралы

Аль-Фаляк (الفلق) — Құранның 113-сүресі, 5 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 604-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу