Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 451–500 (Намаз Кітабы)
← Хадисы 401–450ОглавлениеХадисы 501–550 →
Глава 4. Намаз Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 451
Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) жел қатты соққанда: «Аллаһумма, инни әс-әлукә хайраһә, уә хайра мә фиһә, уә хайра мә урсиләт биһ(и). Уә аъузу бикә мин шәрриһә, уә шәрри мә фиһә, уә шәрри мә урсиләт биһ(и) (Уа, Аллаһ! Өзіңнен мұның игілігін, ондағылардың игілігін және онымен жіберілгендердің игілігін сұраймын. Сондай-ақ Өзіңнен оның кесірінен, ондағылардың кесірінен және онымен жіберілгендердің кесірінен пана сұраймын», – дейтін»; «(Пайғамбар (с.а.с.)) аспан бұлттанғанда реңі өзгеріп, сыртқа кіріп- шыға беретін және әрі-бері тынымсыз жүре бастайтын. Ал жаңбыр жауғанда қуанатын. Мен мұны оның жүзінен білетінмін»; Айша: «Мен одан (осы жайлы) сұрағанымда, ол: «Бәлкім, ей, Айша, ад қауымы айтқандай, «Сонда олар ойпаттарына қарай жайылып келе жатқан бұлт тәріздіні көрген сәтте: «Бұл – бізге жаңбыр жаудыратын бұлт», – деді» , – деп айтты», – деген (899/15).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 452
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Маған Сабамен жәрдем берілді, ал ад (қауымы) Дәбурмен опат етілді», – деп айтқан (900/17). Мұнда «Ахқаф» сүресіндегі 24-аятқа сілтеме жасалған. Онда ад қауымы дауылмен опат етілгені баяндалған. Хадистің өзге бір риуаятында бұл жайлы анық айтылады. Тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен «бұл үмбетіме жіберілген жаза ма?» деп қорқып кеттім», – деген. Ал жаңбырды көрген соң, ол: «Мейірім!» – деп айтқан. Саба – шығыстан есетін, Дәбур – батыстан есетін жел.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 5. Жаназа Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 453
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге отырған едік. Оған ансарлардан бір кісі келіп, сәлем берді де, кері шегінді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) (оған): «Ей, ансарлардың бауыры, бауырым Сағд ибн Ғұбада қалай?» – деп (сұрады). Ол: «Тәуір», – деп (жауап берді). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерден кім оның көңілін сұрауға барады?» – деді де, орнынан көтерілді. Онымен бірге орнымыздан біз де түрегелдік. Біз оннан астам (кісі) едік. Бізде кебіс те, мәсі де, баскиім де, көйлек те жоқ болатын. Біз сортаң жермен жүре отырып, оған келдік. Қауымы оның айналасынан кері ысырылды да, Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен онымен бірге (келген) сахабалары (оған) жақындады», – деп айтқан (925/13). айтылады?
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 454
Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Науқастың не қайтыс болған (адамның) қасына келсеңдер, жақсылық айтыңдар . Өйткені періштелер сендердің айтқандарыңа «әмин» (қабыл болсын) деп тұрады», – деді»; «Әбу Сәләмә қайтыс болғанда, Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әбу Сәләмә қайтыс болды», – дедім. Ол: «Аллаһуммағфир ли уә ләһу, уә аъқибни минһу ъуқба хасана(тан) (Уа, Аллаһ! Мені және оны кешір! Сондай-ақ оның артынан маған жақсы нәтиже бер!)» – деп айт», – деді»; «Мен (мұны) айттым. Сөйтіп, Аллаһ артынша маған, мен үшін одан қайырлы (адам) – Мұхаммедті (с.а.с.) берді », – деп айтқан (919/6). Бұл хадистен сахабалардың тәркідүниелігі, олардың азға қанағат етіп, артық дүниелерден бас тартқандығы және сәнді киімдерге көңіл бөлмегендігі көрінеді. Ғалымдардың бірі, тәркідүниелікке («зуһд») «ақырет өмірінде пайдасы жоқ нәрселерге қызығудан бас тарту» деп анықтама берген. Яғни дұға қылыңдар, күнәлардың кешірілуін тілеңдер немесе жаман сөздер айтпаңдар. Сірә, бұл – өлім періштесі («мәләк әл-мәут») мен оның көмекшілері немесе басқа да періштелер болса керек (әс-Синди). Яғни жақсы хабар не жақсы өтеу. Умму Сәләмә Әбу Сәләмәдан кейін Аллаһ елшісіне (с.а.с.) тұрмысқа шыққан. (сөзін айтуға) үндеу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 455
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Араларыңдағы өлім алдында жатқандарды «Лә иләһә илләллаһ» (сөзін айтуға) үндеңдер», – деп айтты», – деген (916/1). жолығуды қалайды
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 456
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаһпен жолығуды қаласа, Аллаһ онымен жолығуды қалайды. Ал кім Аллаһпен жолығуды қаламаса, Аллаһ та онымен жолығуды қаламайды», – деді. Сонда мен: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Өлімді қаламау ше?!... Өйткені бәріміз өлімді қаламаймыз ғой?!» – деген едім, ол (с.а.с.): «Бұлай емес. Алайда мүмін Аллаһтың мейірімі, разылығы және жаннатымен сүйіншіленгенде, Аллаһпен жолығуды қалайды да, Аллаһ та онымен жолығуды қалайды. Ал кәпір Аллаһтың азабымен және ашуымен сүйіншіленгенде, Аллаһпен жолығуды қаламайды, Аллаһ та онымен жолығуды қаламайды», – деп айтты», – деген (2684/15). Шурайх ибн Һәниден (жеткен) риуаятта, Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаһпен жолығуды қаласа, Аллаһ онымен жолығуды қалайды. Ал кім Аллаһпен жолығуды қаламаса, Аллаһ та онымен жолығуды қаламайды», – деп айтты», – деген. (Шурайх) айтады: «Сонда мен Айшаға келіп: «Уа, мүміндердің анасы! Мен Әбу Һурайраның Аллаһ елшісінен (с.а.с.) бір хадис айтып жатқанын естідім. Егер дәл солай болса, біз сөзсіз құрыдық», – дедім. Ол: «Расында, құрдымға кетуші – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сөзімен құрдымға кеткен (адам). Ол не?» – деп (сұрады)». (Шурайх): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаһпен жолығуды қаласа, Аллаһ онымен жолығуды қалайды. Ал кім Аллаһпен жолығуды қаламаса, Аллаһ та онымен жолығуды қаламайды», – депті ғой. Ал бізден кім де болса өлімді қаламайды», – деді. (Сонда Айша): «Әрине, мұны Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтқан. (Бірақ) бұл сенің ойлағаныңдай емес. Алайда көз шарасынан шығып, кеуде қырылдаған кезде, тері тітіркеніп, саусақтар қарысқан кезде, кім Аллаһпен жолығуды қаласа, Аллаһ онымен жолығуды қалайды, ал Себебі хадисте: «Кімнің соңғы сөзі «Лә иләһә илләллаһ» болса, сол жаннатқа кіреді» делінген. Біз қарастырып отырған хадистегі бұйрық осылай жасаудың мустахаб екенін білдіреді. Мұндай үндеуді өлім алдында жатқан адамға қиындық тудырмау үшін тым жиі қайталамау керек. Егер ол бұл сөзді айтқаннан кейін басқа сөздер сөйлемеген болса, оған үндеу жасаудың қажеті жоқ. Демек, адамның соңғы сөзі «Лә иләһә илләллаһ» болуы тиіс (ән-Нәуәуи). Шурайх ибн Һәни – табиғин, сахаба Һәни ибн Язидтің ұлы, хадис жеткізуші. кім Аллаһпен жолығуды қаламаса, Аллаһ та онымен жолығуды қаламайды», – деген (2685/17).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 457
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) дүние саларынан үш (күн1) бұрын: «Сендердің ешқайсың Аллаһ жайлы жақсы ойда болмай өлуші болмасын», – деп айтқанын естідім», – деген (2877/81). дұға ету
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 458
Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Сәләмәға кірді. Оның көздері ашық қалған еді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оның (көзін) жауып: «Жан алынса, көз оған ілеседі», – деді. Сол кезде оның отбасынан бір адамдар шулап кетті. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Өздеріңе қарсы дұға қылмаңдар! Тек жақсылықпен (дұға етіңдер). Өйткені періштелер сендердің айтқандарыңа «әмин» деп айтып тұрады», – деді. Содан кейін ол (с.а.с.): «Уа, Аллаһ! Әбу Сәләмәны кешір! Тура жол тапқандардың ішінде оның дәрежесін көтер! Арттағылардың Осы хадистің басқа бір риуаятында бұл анық көрсетілген. Ән-Нәуәуидің түсіндіруінше, бұл сөздер күдер үзуден сақтандыру және үміт артуға ынталандыру ретінде айтылған. Сол сияқты басқа бір құдси хадисте: «Аллаһ тағала: «Пендем Мені қалай ойласа, Мен сондаймын», – дейді» деп айтылған (әл- Бұхари, №7405, хадис Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген). Аллаһ жайлы жақсы ойда болу Оның мейіріміне және кешіріміне үміт артуды білдіреді. Әрине, адам баласы дені сау кезінде де Аллаһтан қорқуы және Оның мейірімі мен кешіріміне үміт артуы тиіс. Сондай-ақ оның қорқуы мен үміті өзара тең дәрежеде болуы керек. Кейбір ғалымдар адамның дені сау кезінде қорқынышы үмітінен басым, ал өлім алдында, керісінше, үміті басым болуы керектігін нұсқаған. Және де бұл үміттің Аллаһқа деген мұқтаждықты сезінуді және Оның алдында бойсұнуды қамтығанын жөн деп санайды. Біз қарастырып отырған хадисті Муслим осыдан кейін тіркеген хадис (№2878) те қуаттай түседі. Онда: «Әркім өзі дүние салған жағдайда қайта тірілетін болады» делінген. Әли әл-Қари «Мирқат» кітабында: «Бұл жаман істер себепті үмітін жоғалтып алғандарға қатысты, олар осы (жаман істерін) жасап жүріп өлмеуі үшін»; Әл-Хаттаби: «Аллаһ жайлы жақсы ой игі амал жасауға қатысты. Бейне бір Аллаһ: «Сендер амалдарыңды жақсартсаңдар, Аллаһ жайлы ойларың жақсарады. Егер амалдар жаман болса, Аллаһ жайлы ой да жаман болады»; Әр-Рафиғи «Тарих Қазуин» кітабында: «Бәлкім, мұнда тәубеге келуге және заңсыздықтан бас тартуға ынталандыру қамтылған болуы мүмкін. Өйткені кім осылай жасаса (яғни тәубеге келсе және заңсыздықтан бас тартса, Аллаһ жайлы) ойын және Оның мейіріміне үміт артуын жақсартады», – деп айтқан. Дүние салған адамның көзін ашық қалдырмай, жауып қою мустахаб. Мұның мәнісі – адамдар жағымсыз көріністі, яғни марқұмның ашық қалған көздерін көрмеуі үшін (ән-Нәуәуи). (яғни тірілердің) ішінен оның орнын басқыз! Бізді және оны кешір, уа, әлемдердің Раббысы! Оның қабірін кеңейт және ол үшін (қабірін) нұрландыр!» – деп (дұға қылды)», – деген (920/7).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 459
Мүміндердің анасы Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние салғанында хибара 2 киіммен жауып қойылды», – деп айтқан (942/48).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 460
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол3: «Мүміннің рухы шықса, оны жоғары көтеретін екі періште қарсы алады», – деп айтқан. Хаммад4: «Ол оның иісінің жұпарын айтты және мискті айтты», – дейді. (Әбу Һурайра): «Аспан тұрғындары: «Жақсы рух, жер жақтан келді. Саған және сен өмір сүрген денеге Аллаһтың игілігі болсын», – дейді. Сөйтіп, оны аса құдіретті әрі ұлы Раббына қарай алып жөнеледі. Содан кейін: «Оны алып ең соңғы шекке дейін жөнеліңдер», – дейді»; (Әбу Һурайра): «Ал кәпірдің рухы шықса (Хаммад: «Ол оның сасық иісін айтты және лағынетті айтты», – дейді), аспан тұрғындары: «Жаман рух, жер жақтан келді», – дейді»; (Әбу Һурайра): «Сөйтіп: «Оны алып ең соңғы шекке дейін жөнеліңдер», – дейді»; Мұнда мәйітті жумай тұрып жауып қою туралы айтылған. Бұл кезде оның денесі толығымен жабылады. Бұл марқұмның әуретін бөгде көздерден тасалау үшін жасалады. Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткен хадиске орай, ихрам жағдайында қаза тапқандардың ғана басы мен беті жабылмайды. Хадисті әл- Бұхари, Муслим, Әбу Нуғайм «Мустахраж» кітабында және әл-Бәйһақи жеткізген. Хибара – жасыл түсті йемен шекпені. Сахабаның ғайып мәселелер жайлы, мәселен, әлемнің жаратылысы, болашақ (өлімнен кейінгі не Ақырет өмірі) туралы айтқан сөзі оның жеке пікірі емес, Пайғамбардың (с.а.с.) сөзі санатында қарастырылады. Хаммад ибн Зәйд – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғұлама, хадис жеткізушілердің бірі әрі білгірі. Қазы Ғиядтың айтуынша, бұл – Сидрат әл-Мунтаһа (ең шектегі лотус). Сидрат әл- Мунтаһа жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оның не екенін білмеймін, алуан түстер ораған» (әл-Бұхари, Муслим, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ахмад); «Оның жемістері Һажар құмыраларындай, ал жапырақтары пілдің құлақтарындай екен», – деп айтқан (әл-Бұхари, Муслим, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ахмад). Сондай-ақ «Нәжм» сүресінің 14-аятын қараңыз. Қазы Ғияд бұл шектің сижжин (күнәкарлардың рухтары жиналатын орын) екенін айтқан. Бәлкім, мұнда «осы дүниенің соңына дейін» деген мағына меңзелген болуы да мүмкін. Әбу Һурайра: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) үстіндегі киіммен былай мұрнын жапты », – деп (көрсеткен) (2872/75).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 461
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) сәбиіне жылап отырған бір әйелге келіп , оған: «Аллаһтан қорық, сабыр ет», – дейді . (Әйел): «Сен менің қайғы-қасіретіме көңіл де аудармайсың!» – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)) кеткен соң, ол (әйелге): «Шынында, ол Аллаһ елшісі (с.а.с.) ғой», – деп айтылады. Сонда ол (әйелді) өлім іспеттес (бір сезім) баурап, ол (Пайғамбардың (с.а.с.)) есігіне келеді. (Әйел) оның есігінің алдында қақпашыларды кездестірмейді . Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен сені танымай қалыппын», – дейді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Шын мәнінде, сабыр ету – қайғы-қасіреттің бастапқы кезінде», – депті (926/15). (адамның) сыйы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 462
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) ансарлық бір әйелдерге: «Сендерден қайсыбіріңнің үш баласы өліп, оны сауап үмітімен сабыр ете көтерсе, міндетті түрде жаннатқа кіреді», – деген. Олардың арасындағы бір әйел: «Ал екеу болса ше, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Екеу болса да», – деп (жауап берген) (2632/151). Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол сәтте кәпір рухының сасық иісін сезініп, жиіркенген кейіп көрсеткен (ән-Нәуәуи). Осы хадистің келесі бір риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) қабір басында отырған әйелдің қасынан өткені айтылған. Мұнда шариғат құптағанға бұйыру мен ол теріске шығарғаннан қайтаруға сілтеме келген (ән-Нәуәуи). Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кішіпейілділігін, қарапайымдылығын айғақтайды (ән-Нәуәуи). Ахмад, Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) түп-төркіні Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып тірелетін («марфуъ») хадис жеткізген. Онда: «(Пайғамбар (с.а.с.)): «Кімде- кім үш баласы өліп, оны сауап үмітімен сабыр ете көтерсе, жаннатқа кіреді», – деді. Біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Екеу болса ше?...» – деп сұрадық». Махмуд: «Мен Жәбирге: «Егер сен: «Біреу болса ше?...» – деп сұрағаныңда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреу болса да», – деп жауап берер еді деп ойлаймын», – дегенде, Жәбир: «Мен де солай ойлаймын», – деді» делінген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, басқа мухаддистердің риуаяттарында: «Біреу (болса да)» деп келген. Ибн Хажар бұл сүйінші хабарға ер адамдар да, әйелдер де (яғни ата-ана) кіреді деген пікір білдірген. Яғни сол сәтте Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерге құтпа жасап тұрғандықтан, аталмыш сүйіншіні оларға қатысты етіп айтқан. Өйткені төмендегі риуаятта: «Мұсылмандардан қайсыбіреудің...»; Сондай-ақ әл-Хаким мен Баззар риуаят еткен хадисте: «Қайсыбір Басқа иснадпен (Әбу Һурайрадан риуаят етілген) марфуъ (хадисте): «Мұсылмандардан қайсыбіреудің үш баласы өлсе, от оған азғантай ғана тиеді» (деп айтылған) (2632/150). ер кісі және қайсыбір әйелдің үш баласы өлсе, Аллаһ оны міндетті түрде жаннатқа кіргізеді»; Ән-Нәсәи Әнәстен жеткізген риуаятта: «(ер адамның) өз белінен (болған) үш (бала)» деп келген. Ал бұған балалардың балалары, яғни немерелер кіре ме, жоқ па деген мәселеге келсек, шынтуайтында ұлдардың балалары кіретін болса керек. Бірақ қыздардың балалары бұдан тысқары. Анығы Аллаһқа аян. Әл-Бұхари жеткізген бір хадисте: «Адамдардан қайсыбір мұсылманның балиғат жасына жетпеген үш (баласы) өлсе, Аллаһ оны оларға (яғни балаларға) деген рақымы себепті міндетті түрде жаннатқа кіргізеді», – деген. Аталмыш кеңшіліктің жас балаларға қатысты болуына себеп ретінде адамзаттың кішкентай баласына ерекше жанашырлық танытатындығын, оны бөлекше жақсы көретіндігін және оған барынша мейірімділік көрсететіндігін атауға болады. Осыған сүйенсек, балиғат жасына жеткен балаларынан айырылған ата- аналар аталмыш санатқа кірмейді. Бірақ, әрине, олардың да сауап алатындығында сөз жоқ (Ибн Хажар). Бұл риуаят аталмыш кеңшіліктің тек мұсылмандарға ғана қатысты екенін көрсетеді. «Ал кәпір кезінде балалары шетінеп, сосын Исламды қабылдаған мұсылман бұған қол жеткізе ме, жоқ па?» деген мәселеде пікір қайшылықтары бар. Әбу Сағлаба әл-Ашжағи жеткізген хадисте мұндай жағдайдың Аллаһ елшісінің (с.а.с.) хабарынан тысқары екендігі меңзеледі. Онда Әбу Сағлаба: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің балаларым өлді!» – деген едім, ол: «Кімнің Исламда балалары өлсе, Аллаһ оны жаннатқа кіргізеді», – деді», – деп айтқан. Хадисті Ахмад және әт-Табарани жеткізген. Амр ибн Абса жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімнің Исламда үш баласы өліп, (балиғатқа) жетпей шетінесе, Аллаһ оны жаннатқа кіргізеді», – деген. Хадисті Ахмад жеткізген. Сондай-ақ Ахмад жеткізген тағы бір хадисте Ража әл-Әсләмия: «(Бірде) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бір әйел баласын әкеліп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен үшін осы балаға береке тілеп (яғни аман сақтауын сұрап) Аллаһқа дұға етші. Өйткені менің (бұдан бұрын) үш (балам) шетінеп кетті», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) одан: «Исламды қабылдағаныңнан бері ме?» – деп (сұрады). (Әйел): «Иә», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Бұл тозақтан) берік қалқан (болады)», – деді», – деген (Ибн Хажар). Ал «азғантай ғана» (иллә тахилләтәл-қасам) деген сөзге келсек, бұған қатысты екі түрлі пікір бар: 1) Бұл сөз арабтарда азғантай сан мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Әл- Хаттабидің пікірінше, олар тозаққа ұзақ мерзімдік жазаға кірмейді, керісінше, онда азғана уақыт болады. 2) Ибн Хажар ғалымдардың мұнда «Сендерден оған (тозаққа) кірмейтін ешкім болмайды» (Мәриям, 71) деген Құран аяты меңзелгені жайлы пікірін ұсынған. Бұл Абдур-Раззақтың: «иллә тахилләтәл-қасам», яғни (тозаққа) келу» деген қосымшаға ие риуаятымен нақтыланады. Онда «иллә тахилләтәл-қасам» сөзі «тек анттың орындалуы үшін» деп тәржімеленеді. Әйтсе де тәпсіршілер бұл аяттың тозақ үстіне құрылған сират көпірінен өтуді білдіретіндігін айтқан. Анығы Аллаһқа аян.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 463
Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір пенде басына қайғы-қасірет түскенде: «Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиъун(а). Аллаһумма, ужурни фи мусибати, уахлиф ли хайран минһә! (Расында біз Аллаһқа тәнбіз, әрі Оған қайтушымыз. Уа, Аллаһ! Маған қайғы-қасіретімде сауап бер және мен үшін орнына одан жақсыны бер!)» – десе, міндетті түрде Аллаһ оған қайғы-қасіретінде сауап береді және ол үшін орнына одан жақсыны береді», – деп айтқанын естідім», – деген. (Умму Сәләмә): «Әбу Сәләмә қайтыс болғанда, мен Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзіме бұйырғанды айттым. Сонда Аллаһ маған орнына одан жақсыны – Аллаһ елшісін (с.а.с.) нәсіп етті», – деп айтқан (918/3).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 464
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Сағд ибн Ғұбада науқастанып қалғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Абдур- Рахман ибн Ауф, Сағд ибн Әбу Уаққас және Абдуллаһ ибн Масғұдпен бірге оның көңілін сұрай барды . Оның алдына кіргенде (Пайғамбар (с.а.с.)) оның ес-түссіз жатқанын көріп: «Ол қайтыс болды ма?» – деп (сұрады). (Адамдар): «Жоқ, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) жылап жіберді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жылағанын көрген соң, адамдар да жылады. (Сол кезде Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендер естімейсіңдер ме? Расында, Аллаһ көз жасы себепті де, жүрек қайғысы себепті де азаптамайды. Бірақ Ол мына себепті (Пайғамбар (с.а.с.) тілін көрсетті3) азаптайды не рақым етеді », – деп айтты», – деген (924/29). жоқтауға қатысты қатаң тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 465
Әбу Мәлик әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Менің үмбетімде жәһилият қылығынан олар тастай алмай Мұнда науқас адамдардың көңілін сұрап барудың мустахаб екендігіне сілтеме бар. Сондай-ақ мұнда дәрежесі жоғары адамның өзінен дәрежесі төмен адамға, басшының қарамағындағыларға, ғалымның шәкіртіне көңілін сұрап баруына да сілтеме келген. Кейбір ғалымдардың түсіндіруінше, сол кезде Сағд ибн Ғұбаданың үстіне бір нәрсе жауып қойылған еді. Бұдан «адам теріске шығарылған сөз себепті азапталатындығы» туралы мағынаны ұғамыз (Ибн Хажар). Яғни игі сөздер айтса не жазаға лайықты болмаса рақым етеді (Ибн Хажар). келе жатқан төрт (нәрсе бар): ата-тегімен мақтану , (біреуге) тегіне қатысты тіл тигізу , жұлдыздардан жаңбыр сұрау және (өлген адамды Аллаһтың тағдырына) наразы сөздер айтып жоқтау»; Сондай-ақ (Пайғамбар (с.а.с.)): «(Аллаһтың белгілеген тағдырына) наразы сөздер айтып жоқтаушы (әйел) өлмей тұрып тәубеге келмесе , Қиямет күнінде тұрғанында оның үстінде жабысқақ қара майдан ұзын киім, тозақ жалынынан сауыт болады», – деп айтқан (934/29). жағасын айырған адам бізден емес
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 466
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Қайғы-қасірет кезінде) жағын шапалақтаған не жағасын айырған немесе жәһилият дағуасын жасаған адам бізден емес», – деп айтты», – деген. (Басқа) бір риуаятта: «жыртқан және дағуа жасаған» (делінген) (103/165).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 467
Амра бинт Абдур-Рахманнан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) естіген. (Айшаға) Абдуллаһ ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Расында, өлген (адам) тірілердің жылауы салдарынан азапталады», – деп айтқанын жеткізгенде, Айша: «Әбу Абдур-Рахманды Аллаһ кешірсін6! Алайда ол өтірік айтпаған, бірақ ұмытып қалған не қателескен. Шын мәнінде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған (туыстары) жылап отырған бір яһуди (әйелдің) қасынан өтіп бара жатып: «Негізінде, олар бұған жылап отыр, ал ол қабірінде азапталуда», – деп айтқан», – депті (932/26). Кейбіреулердің нұсқауынша, бұл – адамның батырлық, шешендік т.с.с. қасиеттерімен мақтануы. Мұндай жағдай біреулер басқаларды тегіне қатысты анық-қанығын білмей тұрып, ешқандай негізсіз мінеген кезде орын алады. Осы кітаптағы 56-хадисті қараңыз. Мұнда осындай тұрпаттағы жоқтауға тыйым салынатыны көрсетілген. Бұған барлық ғұламалар бірауыздан келіскен (ән-Нәуәуи). Қазы Ғиядтың айтуынша, «жәһилият дағуасын қылу» өлген адамды Аллаһтың тағдырына наразы сөздер айтып жоқтауды білдіреді. Әбу Абдур-Рахман – Абдуллаһ ибн Омардың күниясы. Абдур-Рахман әл- Мубаракфури, Айшаның бұл жерде тамаша әдептілік көрсеткенін меңзеген. Өйткені ол Ибн Омардың қателігін ескерте отырып, оған дұға қылған және оның қателесу себебін түсіндірген. Айша (Аллаһ оған разы болсын) мұнда өз пікіріне сүйенген. Ол бұған дәлел ретінде: «Ешбір күнәкар басқаның күнәсін көтермейді» (Нәжм, 38) деген Құран аятын келтіреді. Әйтсе де адам жан тапсырар алдында туыстарына өзін жоқтауды
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 468
Әбу Қатада ибн Рибғиден (Аллаһ оған разы болсын). Оның айтуынша, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасынан бір жаназа шеруі өткенде, ол: «Тынығушы және (басқалар) одан тынығушы», – деген. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Тынығушы және (басқалар) одан тынығушы деген не?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Мүмін пенде бұл дүниенің машақатынан тынығады . Ал күнәкар пендеден (басқа) пенделер, елдер, ағаштар және жан-жануарлар тынығады », – деп айтқан (950/61).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 469
Умму Атиядан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қызы Зәйнәб қайтыс болғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге: «Оны тақ санда: үш рет не бес рет жуыңдар да, бесінші ретте кафур не кафурден бір нәрсе қосыңдар. Оны жуып болғандарыңда маған хабар беріңдер», – деді»; «Сөйтіп, біз оған хабар бердік. Сонда ол бізге изарын беріп: «Оны осымен ораңдар», – деп айтты», – деген (939/40).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 470
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мақта-қағаз (матадан тоқылған) сахули үш ақ киімге кебінделді . Олардың өсиет етсе, не оларға бұлай жасамауды ескертпесе, азапқа ұшырайды. Бұған әс- Синди сілтеме жасаған. Келесі бір риуаятта: «Ол Аллаһтың рақымымен бұл дүниенің жағымсыздықтарынан және машақаттарынан тынығады» делінген. Мұндай күнәкар пенде көзі тірісінде өзінің басбұзарлығымен адамдарға жағымсыз жағдайлар тудырған, шектен тыс жұмысқа жегу арқылы жануарларды қинаған және өсімдіктерге зиян жеткізген. Басқа риуаяттарда: «егер қажет деп санасаңдар, бұдан да көбірек»; «не жеті рет немесе одан да көбірек (жуыңдар)» делінген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұлардың барлығы тақ санда жууды білдіреді. Хадистегі үш не одан көп рет жуу туралы бұйрықтан мәйітті жуудың ең аз міндетті саны үш рет екені көрінеді. Кейбір ғалымдардың нұсқауынша, мәйітті киімін шешіп алғаннан кейін, денесіне жамылғы тастап, жамылғының астынан шүберек не т.с.с. затпен жуу керек. Тек Пайғамбарымызды (с.а.с.) ғана киімінің үстінен жуған (Әбу Дәуд, 2/60 және басқалар). Жалпы, ер адамды ер адамдар, ал әйелді әйел кісілер жуады. Бірақ күйеуі әйелін және ешкім табылмаған жағдайда күйеуін әйелі жууына болады. Хадистің бір риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Денесін жууды оң жақтан және дәретте жуылатын орындардан бастаңдар», – деп айтқаны хабарланады. Ал әл-Бұхари жеткізген риуаяттардың бірінде: «Біз оның шашын үш бұрым етіп өріп, оларды оның арқасына жайластырдық» деп айтылған. арасында көйлек те, сәлде де болмады. Ал (кебіндік) киімге (келсек), шын мәнінде, адамдарға ол (Пайғамбардың (с.а.с.)) кебінделуі үшін сатып алынғандай көрінді. (Алайда кебіндік) киім қалдырылып, (Пайғамбар (с.а.с.)) сахули үш ақ киімге кебінделді. Сонда (кебіндік киімді) Абдуллаһ ибн Әбу Бәкір алып: «Мұны өзім осыған кебінделуім үшін сақтап қоямын», – деді. Содан кейін ол: «Егер Аллаһ тағала Өз пайғамбарының (осыған кебінделуіне) разы болса, оны осыған кебіндер еді», – деп, оны сатты да, ақшасын садақаға үлестірді», – деп айтқан (941/45).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 471
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) құтпа жасап, сахабаларынан бір кісіні еске алды. Ол қайтыс болғанда, (жеткілікті) ұзын емес кебінге оралып, қабірге түнде қойылған еді. Пайғамбар (с.а.с.) адам баласы бұған мәжбүр болмаса, кісіге (жаназа) намазы оқылмай тұрып, оның түнде қабірге қойылуын жаратпады . Араб тілі ғалымдары «бұл киімдер ридадан және изардан тұрған» деп есептейді (ән-Нәуәуи). Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында мәйітті үш матаға кебіндеудің сүннет екенін айтқан. Оның айтуынша, әйелдер бес матаға кебінделеді. Бұлар: көйлектік, изарлық, орамалдық, байлаулық маталар және төсін жауып тұратын бір бөлек кездемеден тұрады. Ал Ибн Һумам «әл-Хуласа» кітабында әйел кісіні үш матаға кебіндеу жеткілікті екендігін айтқан. Ән-Нәуәуи мәйітті кебінге ораудың міндеттілігі жайлы ғұламалардың бірауызды пікірде екендігін нұсқаған. Бұл кебін марқұмның өз қаржысына сатып алынады. Егер оның бұған қаржысы болмаса, қамқоршыларының қаржысы пайдаланылады. Ал егер олардың да қаржысы жетпесе, дәулетті адамдар жәрдемдесуі қажет. Марқұмды бір матаға кебіндеу – міндет, ер адамдарды үш матаға кебіндеу – сүннет. Көпшілік ғалымдардың пікірі осыған тоғысады. Ал әйел адамды бес матаға кебіндеу – мустахаб. Кебіннің ақ болғаны және ою-өрнексіз болғаны жөн. Ер адамдарды жібек кебінге орауға тыйым салынады. Ғұламалардың басым көпшілігі «бұл тыйым әйелдерге де қатысты» деп есептеген. Түнде жерлеуге қатысты тыйымның екі себебі көрсетілген. Біріншісі – жаназа намазына қатысушылар санының аз болуы. Екіншісі – марқұмның жақсы кебінделмеуі. Ғұламалардың басым көпшілігі, жаназа намазы оқылған жағдайда, марқұмды түнде жерлеуге рұқсат етілетіні жайлы пікірді ұстанған. Біздің мазһаб өкілдерінің пікірлері де осыған тоғысады. Өйткені Әбу Бәкір мен бұрынғы буын өкілдерінің біраз бөлігі түнде жерленген. Сонда мұны ешкім де теріске шығармаған еді (әл-Бәйһақи, 4/32). Бірақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінде қызмет ететін әйел түнде жерленгенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабалардың бұл ісін жаратпаған. Себебі оның жаназа намазына азғана адам қатысқан болатын әрі мәйітті жуушылар қараңғыда кебіндеуді жақсы жасай алмаулары мүмкін еді. Сонымен қатар үш мезгілде жаназа намазын оқуға және жерлеуге тыйым салынады. Бұл мезгілдер – нәпіл намазын оқуға рұқсат етілмейтін уақыттар. Яғни күн ұясынан көтеріліп келе жатқанда, күн тас төбеде тұрғанда және күн батып бара жатқанда (Муслим, 2/208). Бұл пікірді Әбу Ханифа, Ләйс, Ахмад, Ибн Хазм, Әбул-Хасан әс-Синди және басқалар ұстанған. Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің қайсыбірің бауырын кебіндесе, оны кебіндеуді жақсы орындасын », – деген (943/49).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 472
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Жаназа шеруін тезірек жүргізіңдер. Егер (өлген адам) ізгі болса, онда (ол үшін тезірек барғаны) жақсы (бәлкім ол: «сендер оны алып бара жатқан (орынға)», – деп айтқан). Егер мұндай болмаса, жаманды иықтарыңнан (тезірек) түсіресіңдер», – деген (944/50).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 473
Умму Атиядан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бізге жаназаға ілесуге тыйым салынатын еді, (бірақ) бізге (бұған) кесімді түрде (тыйым салынбайтын)», – деп айтқан (938/34).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 474
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде қасымыздан) жаназа шеруі өткенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған орнынан тұрды. Онымен бірге біз де тұрдық. (Содан кейін оған): «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, бұл – яһуди әйел еді ғой!» – дедік. Сонда ол: «Расында, өлім – үрей. Қашан жаназа шеруін көрсеңдер, орындарыңнан тұрыңдар», – деп айтты», – деген (960/78). Ғұламалардың түсіндіруінше, «кебіндеуді жақсы орындау» – марқұмды ұзын, кең, таза, тығыз, денені толық жауып тұратын және көз тартпайтын қарапайым кебінге орауды білдіреді. Ән-Нәуәуи түсіндірмесінде осыған ұқсас пікірді нақыл еткен. Егер кебін қысқа болса, онымен марқұмның басын жауып, аяқтарын шалғын шөптермен көмкеру қажет. Бұл жайлы Хаббаб ибн Арат (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте айтылған (Муслим, №940). Мәйіттер көп болып, кебін жетпесе, оларды екеуден не үшеуден бір кебінге орауға болады. Ухуд шайқасында мерт болған мұсылмандар осылай жерленген (Әбу Дәуд, 2/59). Мұндай жағдайда қабірге марқұмдардың Құранды көп білетіні бірінші түсіріледі. Соғыс майданында мерт болғандардың киімін шешпей, оларды өз киімдеріне кебіндейді (Ахмад, 5/431). Ихрам жағдайында қайтыс болғандар да осы үкімге кіреді. Бұл әйелдердің жаназа шеруіне қатысуының кіршіксіздік тұрғысындағы мәкруһ («мәкруһ тәнзиһи») екенін көрсетеді (ән-Нәуәуи). Әбу Ханифа, Мәлик және әш-Шафиғи «жаназа шеруін көргенде орнынан тұру және мәйітті жерлеп болғанша түрегеліп тұру кейінірек мансұқ етілген» деп есептейді (ән-Нәуәуи). Бұл пікір бірнеше хадиске сүйенеді, солардың бірі – осы кітаптағы келесі хадис.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 475
Әлиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) орнынан тұрғанын көріп, біз де орнымыздан көтерілдік. (Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.)) отыратын болды. Сөйтіп, біз де отыратын болдық (яғни жаназа кезінде)», – деп айтқан (962/84). жағында тұрады?
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 476
Сәмура ибн Жундубтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) артында (жаназа) намазын оқыдым. Ол (бұл кезде) босанғаннан кейінгі қан кетуден қайтыс болған Умму Кағбке (жаназа) намазын оқыған еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз оқу үшін оның орта тұсына тұрды», – деп айтқан (964/87).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 477
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Нәжәши өлген күні адамдарға оның өлгені жайлы хабарлаған . Сөйтіп, Бұл хадис жаназа кезінде және жерлеу уақытында түрегеліп тұрудың күші жойылғанына дәлел болып табылады. Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірі осыған тоғысады. Бұл жайлы Ибн Һумам «Фатх әл-Қадир» кітабында нақыл еткен. Сондай- ақ Мәлик (1/332), әш-Шафиғи (әл-Умм, 1/247) және Әбу Дәуд (2/64) жеткізген хадисте: «Біз жаназа кезінде түрегеліп тұратын едік, кейін отыратын болдық» делінген. Келесі бір хадисте Әли (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге жаназа кезінде түрегеліп тұруды бұйырды. Содан кейін ол отыратын болды және бізге де отыруды бұйырды», – деген. Хадисті әш-Шафиғи, Ахмад (627), әт- Тахауи (1/282) және Ибн Хиббан «Сахихінде» жеткізген. Осы хадистің тағы бір риуаятында: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаназа кезінде (адамдар табытты жерге) қойғанша түрегеліп тұратын еді, адамдар да онымен бірге түрегеліп тұратын. Кейін ол (с.а.с.) отыратын болды және басқаларға да отыруды бұйырды» деп айтылған. Сондай-ақ табыттың жерге қойылуын күтіп, түрегеліп тұрған адамдарға Әлидің отыруды меңзегені, өйткені Пайғамбар (с.а.с.) орнынан тұруды бұйырып, кейін отыруды бұйырғаны жайлы да хадис бар. Бұл хадисті әт-Тахауи «хасан» иснадпен жеткізген (1/282). Имам Бурһануддин әл-Марғинанидің айтуынша, марқұм ер адам болсын, әйел болсын имам оның кеуде тұсына қарсы тұрады. Ал Әбу Ханифаның пікірінше, имам ер адамдардың басына қарсы тұрады. Оның дәйегі – Әбу Дәуд және әт-Тирмизи, Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадис. Әт-Тирмизи мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Сондай-ақ бұл хадисті Ибн Мәжәһ, әт-Тахауи, әл- Бәйһақи, әт-Тайалуси және Ахмад та риуаят еткен. Нәжәши – сахабаларды екі рет өз еліне паналатқан және Исламды қабылдаған Эфиопия патшасы. Мәйітті жуып, кебіндеуге және оған жаназа намазын оқып, жерлеуге қажетті адамдарды табу үшін біреудің дүние салғаны жайлы жұртқа хабарлауға рұқсат олармен бірге намаз оқитын орынға шығып , (жаназа намазын оқу барысында) төрт рет тәкбір айтқан (951/62). етіледі. Адамның дүние салғаны жайлы хабарлауға қатысты тыйым жәһилият дәуіріндегі ғұрыпқа негізделген. Ол кезде біреудің өлімі жайлы хабарлау оны мадақтау үшін немесе басқа да мақсаттарда жүзеге асырылатын. Аталмыш рұқсат жайлы пікірді имам Бурһануддин әл-Марғинани мен Ибн Һумам ұстанған. Имам Әбу Ханифа бұл хадисті жаназа намазының мешітте оқылмайтынына дәлел ретінде келтірген. Алайда ғұламалардың басым көпшілігі «жаназа намазын мешітте оқуға рұқсат етіледі» деп есептеген (ән-Нәуәуи). Сондай-ақ осы кітаптағы 481- хадисті қараңыз. Өзге бір ғалымдар жаназа намазын мешіттен тыс орында оқу абзал екендігін нұсқаған. Өйткені хадистердің көпшілігі осыны көрсетеді. Әйтсе де оны мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бұл пікірді Ибн Һумам да ұстанған. Ол бұған «Фатх әл-Қадир» кітабында сілтеме жасайды. Мұнда ол үшін жаназа намазын ешкім оқымаған елде қайтыс болған мұсылманға сырттай жаназа оқуға рұқсат етілетіндігіне сілтеме бар. Сырттай оқылатын жаназа намазында адамдар құбыла тарабына бет түзейді. Әрі бұл жаназа намазы жамағатпен оқылады. Жаназа намазын бір адам оқыса да, ол орындалған болып саналады. Әйткенмен оған қатыспаған адамдар жамағатты жаназа намазын орындамағандары үшін күнәлі болады. Біздің мазһаб ғалымдары жаназа намазын «парыз кифая» санатында деп есептейді. Жамағатты жаназа намазын оқушылардың саны ең кемінде үш адамды құрауы керек. Бұл пікір Абдуллаһ ибн Әбу Талхадан жеткен хадиске сүйенеді. Онда Әбу Талха (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (с.а.с.) артында жаназа намазын оқығанда, оның артында Умму Суләйм (Аллаһ оған разы болсын) тұрғаны айтылған. Хадисті әл-Хаким (1/365) және әл-Бәйһақи (4/30, 31) жеткізген. Әл-Хаким оны әл-Бұхари мен Муслимнің шартына сәйкес келетін «сахих» хадис санатына жатқызған. Бұл пікірмен әз-Зәһәби де келіскен. Әрі бұл хадис Ахмад, Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадиспен де нақтыланады. Сондай-ақ бұл хадисте жаназа намазына әйелдердің қатысуына рұқсат етілетіні меңзелген (қ.: «әл-Муния»). Жаназа намазындағы тәкбірлер саны осы хадисте көрсетілгендей төрт тәкбірден тұрады. Сағид ибн Мусаййабтың хабарлауынша, Омар (Аллаһ оған разы болсын) сахабаларды жаназа намазын төрт тәкбірмен оқуға біріктірген. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында бұл хабардың иснады «сахих» екенін айтады. Бірінші тәкбірде қолдар жоғары көтеріледі (бұған қатысты барлық ғұлама бір­ауызды келісімге келген). Содан кейін қолдар, біздің мазһаб өкілдерінің пікірі бойынша, кіндіктің астына байланады. Ханафи мазһабының ғалымдары «қолдар басқа тәкбірлерде көтерілмейді» деп есептеген. Тәкбірден кейін «сәнә» дұғасы оқылады немесе «сәнә» дұғасы ниетімен «Фатиха» сүресін оқуға болады (бұл жайлы «әл-Һидая» кітабында айтылған). Жаназа намазында тәкбірлерден басқа барлық сөздер іштей оқылады. Әл-Бұхари, Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жайлы жеткізген хабарда ол адамдарға сүннетті үйрету үшін ғана дауыстап оқығанын айтқан. Екінші тәкбірден кейін Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат, яғни «Аллаһумма, салли» және «бәрик» дұғалары оқылады. Үшінші тәкбірден кейін марқұмға арнап, сүннетте келген дұғалардың бірі оқылады (осы кітаптағы 480-хадисті қараңыз). Төртінші тәкбірден кейін аз үнсіз тұрып, әуелі оң жаққа, содан кейін сол жаққа сәлем беріледі. Сондай-ақ оң жағына ғана сәлем берумен шектелуге болады. Өйткені әд-Дарақутни, әл-Хаким және әл- Бәйһақи оң жаққа бір рет сәлем беруді нақыл еткен. Ал екі жаққа іштей сәлем беру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 478
Абдур-Рахман ибн Әбу Ләйләдан . Ол: «Зәйд жаназа намаздарымызда төрт тәкбір айтатын. Ол бір жаназа намазында бес тәкбір айтты. Одан (бұл жайлы) сұрағанымда: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) осылай тәкбір айтатын», – деді», – деп айтқан (951/62).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 479
Ауф ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаназа намазын оқығанда, оның дұғасын есімде сақтап қалдым . Ол (с.а.с.): «Аллаһуммағфир ләһу, уархамһу, уә ъафиһи, уаъфу ъанһу, уә әкрим нузуләһу, уә уәссиъ мудхаләһу, уағсилһу билмә-и, уәс- сәлжи, уәл-барад(и). Уә наққиһи минәл-хатайа кәмә наққайтәс-сәубәл- абйада минәд-дәнәс(и). Уә әбдилһу даран хайран мин дариһи, уә әһлән хайран мин әһлиһи, уә зәужан хайран мин зәужиһ(и). Уә адхилһул- жәннәтә, уә аъизһу мин азабил-қабр(и)! (немесе азабин-нар(и)!) (Уа, Аллаһ! Оны кешір, оған рақым ет! Оған амандық бер, оны ғафу ет! Оны қабылдауда сый-құрмет көрсет, оның қабірін кеңейт! Оны сумен, қармен және бұршақпен жуып, оны күнәлардан ақ киімді кірден тазартқаныңдай тазарт! Оған қарымта ретінде өз мекенінен қайырлы мекен, отбасынан қайырлы отбасы, жұбайынан қайырлы жұбай нәсіп ет! Оны жаннатқа кіргіз және оны қабір азабынан (немесе тозақ азабынан) құтқар!)» – деп айтқан-ды. Тіпті мен әлгі мәйіттің (орнында) өзім болуды тіледім», – деген (963/85).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 480
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Сағд ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын) қайтыс болғанда, Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері әш-Шафиғи «әл-Умм» кітабында (1/239-240), әл-Бәйһақи (4/39) және Ибн Жаруд Әбу Умамадан жеткізген хадисте көрсетілген. Абдур-Рахман ибн Әбу Ләйлә – табиғин, Куфа ғұламасы. Сахаба – Зәйд ибн Арқам (Аллаһ оған разы болсын). Кейбір ғалымдар жаназа намазында төрт, бес, тіпті тоғызға дейін тәкбір айтуға рұқсат етілетіні жайлы пікір білдірген. Өйткені сахабалардың Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірден өткеннен кейін төрттен көп тәкбір айтқандары жайлы хабарлар бар. Бұл пікірді ұстанғандар «жаназа намазын кезекпен әртүрлі тәкбір санымен оқу мустахаб» деп есептейді. Ал көп ғалымның пікірі бойынша, жаназа намазы төрт тәкбірден тұрады. Әл-Қаридің «Мирқат» кітабында айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл дұғаны адамдарға үйрету мақсатында дауыстап оқыған әрі бұл жаназа намазында дұғаны іштей оқудың мустахабтығын теріске шығармайды. Ән-Нәуәуи жаназа намазында дұғаның іштей оқылатыны жөнінде ғұламалар арасында пікір қайшылығы жоқ екенін айтқан. (адамдарға) оның жаназа шеруін мешіттен алып өтулерін, өздері оның жаназа намазына қатысатындарын (хабарлау үшін адам) жібереді. (Адамдар) осылай жасап, оны олардың бөлмелерінің жанына қояды. (Сөйтіп, Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері) оған жаназа намазын оқиды. Содан кейін оны орындықтарға қараған жаназа қақпасынан шығарады. Осыдан кейін оларға адамдардың бұл істі айыптап: «Жаназа шерулері мешітке кіргізілмейтін еді» деп айтқаны жайлы хабар жетеді. Бұл (хабар) Айшаға жеткенде, ол: «Адамдарды өздері білмейтін жайтты айыптауға асықтырған не іс?! Олар бізді жаназа шеруінің мешіттен өткені үшін айыптапты. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Суһәйл ибн Байдаға жаназа намазын мешітте оқыған», – деп айтқан (972/100).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 481
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Бір қара әйел не жас жігіт мешітті сыпырып жүретін. (Бір күні) Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны іздеп, ол жайлы сұрастырады. (Адамдар): «Ол қайтыс болды», – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Маған хабарласаңдар қайтеді?» – дейді. Ол (Әбу Һурайра): «Олар оның мәселесін елемегендей сыңай танытты. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Маған оның қабірін көрсетіңдер», – деді де, олар оны көрсетті. Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) оған жаназа намазын оқыды. Содан кейін ол: «Расында, мына қабірлер өз иелері үшін қараңғылыққа толы. (Алайда) Аллаһ тағала бұл (қабірлерді) оларға оқыған намазым себепті (иелері) үшін нұрландырады», – деп айтты», – деген (956/71). Әбу Бәкір мен Омарға да (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) жаназа намазы мешітте оқылған. Яғни жаназа намазын мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ оны мешіттен тыс орында оқыған абзалырақ. Өйткені жаназа намаздары көбінесе мешіттен тысқары жерде оқылған. Бұл жерде хадисті жеткізуші ол адамның әйел не ер кісі екендігіне күмәнданған. Кейбір ғалымдар бұл кісінің әйел адам болғандығын айтқан. Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұл хадис алғашқы жаназаға қатыса алмай қалғандарға марқұм үшін оның қабірі басында жаназа намазын оқуға рұқсат етілетініне дәлел болып табылады. Бірақ мұндай жағдайда – алғашқы жаназаға имам қатыспаған болуы шарт. Бұл пікірді әл-Хаттаби ұстанған (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Ибн Хиббан да осындай пікірде және ол «бұған Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқаларға да рұқсат етіледі» деп есептейді. Өйткені аталмыш жаназа намазын Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге басқалар да оқыған және Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұған қарсылық танытпаған. Алайда мұндай намаз тек қабір басында ғана оқылады, оны сырттай оқуға болмайды. Өйткені сырттай жаназа намазы жаназасы шығарылмағандарға ғана арнап оқылады.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 482
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбарға (с.а.с.) өзін-өзі жалпақ ұшты жебемен өлтірген бір кісіні әкелгенде, ол бұған жаназа оқымады», – деп айтқан (978/107). артықшылығы жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 483
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім жаназаға (марқұмға) намаз оқылғанша қатысса, оған бір қират (сауап бұйырады). Ал кім оған жерленіп болғанша қатысса, оған екі қират (сауап бұйырады)», – деді. (Одан): «Екі қират деген не?» – деп (сұрағанда), ол: «Екі үлкен тау сияқты», – деп айтты», – деген (945/52). шапағат ету құқығы беріледі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 484
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбір мәйітке мұсылмандардан жүзге жететін бір үмбет намаз оқып, Омар ибн Абдул-Азиз бен әл-Аузағи, «өзін-өзі өлтіргендерге жаназа намазы оқылмайды» деп есептеген (ән-Нәуәуи). Алайда ғұламалардың көпшілігі «бұған рұқсат етіледі» деп санайды және олар «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл ісі – әлгі адамға жасалған қатаң сөгіс» деп түсіндіреді. Оған жаназа намазын сахабалар оқыған. Сол сияқты Пайғамбарымыз (с.а.с.) бастапқыда қарызын өтемей өлгендерге де жаназа оқымай, оған жаназа намазын оқуды сахабаларға бұйырған. Жаназаға ілесіп жүру хадистің риуаяттарының бірінде келген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұны жаназа шеруінің алдында жүргеннен оның артында жүру абзал деп есептейтіндер дәлелге тартқан. Бұл – Әли (Аллаһ оған разы болсын) мен әл- Аузағидің пікірі. Аталмыш пікірді қолдайтын Ибн Әбу Шәйбә «Мусаннаф» кітабында (4/101) әт-Тахауи (1/279) және басқалар жеткізген хадис те бар. Онда: «Ер адамдардың жамағатпен оқыған намазы олардың жеке өзі оқыған намазынан қалай артық болса, жаназа шеруінің артында ілесіп жүру де оның алдында жүруден солай артық» деп айтылған. Біздің мазһаб өкілдерінің пікірі де осында түйіседі (қ.: «Мухтасар әл-уиқая»). Әл-Бұхари жеткізген риуаяттардың бірінде: «Кімде-кім бір мұсылманның жаназасына иманмен және (Аллаһтан) сауап алу үмітінде қатысып, жаназа намазы оқылып, мәйіт жерленгенше онымен бірге болса, шын мәнінде, ол әрбірі Ухуд тауындай екі қират сауап алып қайтады. Ал кім жаназа намазын оқып, мәйітті жерлеуден бұрын қайтса, ол бір қират сауаппен оралады» делінген. Бұл хадисте мұсылман адам бауырының жаназа намазына және оны жерлеуге қатысу арқылы екі қират сауап алатыны көрсетілген. Ал жерлеуге қатыспай, тек жаназа намазының ішінде болған адам бір қират сауап алады. Яғни оған жаназа намазын оқығаны үшін бір қират, жерлеуге қатысқаны үшін екінші қират сауап бұйырады. барлығы оған шапағат етпек болса, міндетті түрде оларға оған шапағат ету құқығы беріледі», – деп айтқан (947/58). шапағат ету құқығы беріледі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 485
Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Қудайдта не Ғұсфанда оның баласы қайтыс болғанда, ол: «Ей, Курайб2! Қарашы, адамдар оған қалай жиналыпты?» – деді. (Курайб): «Сыртқа шықсам, адамдар оған жиналған екен. Мұны (Ибн Аббасқа) хабарладым», – дейді. (Абдуллаһ): «Олар қырық (адам) дейсің бе?» – деп (сұрады). (Курайб): «Иә», – деді. (Сонда Абдуллаһ): «Оны сыртқа шығарыңдар. Расында, мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Қайсыбір мұсылман кісі өлгенде, оның жаназасына Аллаһқа серік қоспайтын қырық кісі тұрса, Аллаһ оларға оған шапағат ету құқығын береді», – деп айтқанын естідім», – деген (948/59).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 486
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) бір жаназа шеруі өткенде, (өлген адам) жайлы жақсы (сөздер) айтылды. Сонда Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.): «Уәжіп болды! Уәжіп болды! Уәжіп болды!» – деді. (Енді) бір жаназа шеруі өткенде, (өлген адам) жайлы жаман (сөздер) айтылды. Сонда Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.): «Уәжіп болды! Уәжіп болды! Уәжіп болды!» – деді. Омар: «Ата-анам саған пида! Бір жаназа шеруі өткенде, (өлген адам) жайлы жақсы (сөздер) айтылды, сонда сен: «Уәжіп болды! Уәжіп болды! Уәжіп болды!» – дедің. (Енді) бір жаназа шеруі өткенде, (өлген адам) жайлы жаман (сөздер) айтылды, сонда сен: «Уәжіп болды! Уәжіп болды! Уәжіп болды!» – дедің», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер ол жайлы жақсы (сөздер) айтқан (адамға) жаннат уәжіп болды. Ал сендер ол жайлы жаман (сөздер) айтқан (адамға) тозақ уәжіп болды. Сендер – Аллаһтың жер бетіндегі Хадистің өзге де риуаяттарында қырық адам және үш қатар саптағы намаз оқушылар туралы айтылған. Әт-Табарани «әл-Кәбир» кітабында үш сапта намаз оқушылардың намазы себепті дұғаның қабыл болатыны (не күнәлардың кешірілетіні) жайлы хадис келтірген. Осыған орай кейбір ғалымдар «жаназа намазында үш қатар сап түзеу мустахаб» деген пікір білдірген. Сондай-ақ, олардың айтуынша, егер имаммен бірге жалғыз ер адам болып, қалғандары әйелдер болса, онда ер адам басқа намаздардағыдай имамның оң жағына емес, оның арқа тұсында тұрады, (ал әйелдер осы ер адамның артында тұрады). Бұл әл-Хаким жеткізген әрі «сахих» санатына жатқызған хадисте (1/365) көрсетілген. Бұл хадистің сахихтігіне әз-Зәһәби де келіседі. Курайб – Ибн Аббастың азат еткен құлы, табиғин, хадис жеткізуші. Алдыңғы хадистің сілтемесін қараңыз. куәларысыңдар! Сендер – Аллаһтың жер бетіндегі куәларысыңдар! Сендер – Аллаһтың жер бетіндегі куәларысыңдар!» – деп айтты», – деген (949/60). соң (көлікке) мінуі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 487
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Ибн Дахдахқа (жаназа) намазын оқыды. Содан кейін (Пайғамбарға (с.а.с.)) бір жайдақ ат әкелінді. Бір кісі оны байлады да, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) оған мінді. Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) онымен желдіріп жөнелді, ал біз артынан жүгіре басып оған ілесіп отырдық»; «Адамдардан бір кісі: «Расында, Пайғамбар (с.а.с.): «Жаннатта қаншама ілулі (не салбырап тұрған) (құрма) бұтақтары Ибн Дахдахқа (бұйырды)!» – деп айтты», – деген (965). Ғалымдар «уәжіп болды» деген сөзді екі түрлі түсіндірген: онда айтылған жақсы сөздер марқұмдардың іс-амалдарына сәйкес келеді не мұсылман дүниеден өткенде Аллаһ тағала мұндай жақсы сөздерді адамдардың жүрегіне ұялатады. Әрі бұл өзі жайлы жақсы сөздер айтылған адамның іс-амалдарына қарамастан жаннаттық болатынын көрсетеді, өйткені бұл Аллаһ тағаланың қалауына тәуелді. Ән-Нәуәуи мұны дұрысына көбірек жақын пікірге балаған және мұндай жақсы сөздер марқұмға пайда тигізетінін айтқан. Әл-Бұхари жеткізген дүниеден өткен адамдарға тіл тигізуге тыйым салған хадис бар. Ән-Нәуәуидің талдауынша, бұл тыйым кәпірлерге, мұнафықтарға және азғындығы мен дінбұзарлығы анық болған азғындар мен дінбұзарларға қатысты емес. Адамдарды мұндайлардың қылығына еліктеуден сақтандыру үшін оларды даттауға рұқсат етіледі. Бәлкім, адамдар даттаған кісілер мұнафықтығымен не т.с.с. қылықтарымен танымал болған жандар болуы мүмкін. Әл-Асқалани «Фатх әл-Бәри» кітабында бұл пікірдің Ахмад «сахих» иснадпен Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадиспен қуатталатынын айтқан. Онда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) адамдар даттаған кісіге жаназа намазын оқымай, олар мақтаған кісіге жаназа оқығаны айтылған. Бұл мәселемен тереңірек танысу үшін ән-Нәуәуидің «әл-Әзкар» кітабын қарауға болады. Ибн Хажардың айтуынша, «сендер ол жайлы айтқан...» деген сөз сол кезде адамдар алып өткен сол екі мәйітке ғана қатысты деп есептейтіндердің пікірін теріске шығарады. Өйткені бұл барлығына қатысты айтылған. Ал Ибн Тин мұндай куәліктің сахабаларға ғана емес, сенімге ие және ізгі адамдарға да қатыстылығын айтқан (қ.: «Фатх әл-Бәри»). «Ахкам әл-жәнәиз» кітабында мұндай куәлік кем дегенде екі шыншыл адамға тиесілі екені айтылған. Бұл адамдардың ізгілік пен білімге ие болуы, марқұмды білетіндердің және оның көршілерінің қатарында болуы қажет. Бұған дәлел ретінде Омардың (Аллаһ оған разы болсын) сөзі жайлы Әбул-Әсуад әд-Дәйлиден жеткен хабар келтіріледі. Хабарды әл-Бұхари, ән-Нәсәи, әт-Тирмизи және басқалар жеткізген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұлай деп айтуының себебі: бірде бір жетім бала Әбу Лубәбәмен құрма ағаштарына қатысты дауласып қалады да, бала жылап жібереді. Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Лубәбәға: «Оған мұны бер, саған жаннатта құрма ағашының бұтағы бұйырады», – дейді. Бірақ ол: «Жоқ», – деп бас тартады. Бұл сөзді естіген Ибн Дахдах, Әбу Лубәбәның бағындағы әлгі құрма ағашын сатып алып,
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 488
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қабіріне қызыл барқыт салынды», – деп айтқан (967/91). қам қышпен өру жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 489
Амир ибн Сағд ибн Әбу Уаққастан . Сағд ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын) дүние салған науқасы кезінде: «Мен үшін, Аллаһ елшісі (с.а.с.) үшін жасалғаны сияқты, қабірімде қуыс орын қазыңдар және мен (жатқан қуыс орынды) қам қышпен өріңдер», – деп айтқан (966/90).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 490
Әбул-Һаййаж әл-Әсәдиден . Ол: «Әли ибн Әбу Талиб маған: «Сені, Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені жіберген (тапсырмаға): бірде-бір мүсінді қалдырмай көзін құртуға, бірде-бір көтеріңкі қабірді (қалдырмай) тегістеуге жіберейін бе?» – деп айтты», – деген (969/93). Пайғамбарымызға (с.а.с.) келеді де: «Егер мұны осы жетім балаға сыйласам, маған (жаннатта) құрма бұтақтары бұйырады ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұған: «Иә», – деп жауап береді. Мінеки, осыдан кейін Пайғамбар (с.а.с.) осы хадистегі сөздерді айтқан (ән-Нәуәуи). Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үстіне киген және астына төсеп жүрген барқыты болатын. Бұл барқытты қабірге Пайғамбарымыздың (с.а.с.) азат еткен құлы Шукран салып: «Мен мұны Аллаһ елшісінен (с.а.с.) кейін әлдебіреу кигенін қаламадым», – деген-ді (ән-Нәуәуи). Ибн Әбу Шәйбә мен Әбу Дәуд жеткізген хабарда Хасан әл- Басри қабірге Мәдина топырағы сортаң болғаны үшін барқыт төселгенін айтқан. Ибн Сағд «Табақат» кітабында Хасан әл-Басриден жеткізген хабарда Мәдина топырағы ылғалды болғаны үшін осылай жасалғаны нұсқалған. Сондай-ақ Ибн Сағд Уакиғдың қабірге барқыт төсеу Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана тән екені жайлы сөзін келтірген (әс-Суйюти мен әс-Синдидің «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесін қараңыз). Алайда Ибн Абдул-Бәрр бұл барқыттың қабірдің беті жабылмай тұрып алып қойылғанын жеткізген. Әл-Ирақи «Әлфия» кітабында бұл барқыттың шығарып алынғаны жайлы хабардың «сахих» екенін айтады (қ.: «Тухфат әл- ахуази»). Әл-Бәйһақи, Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) мәйіттің астына киім салуды құптамағаны жайлы хабар ұсынған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалардың көпшілігі (солардың қатарында біздің мазһаб ғалымдары да) марқұмның астына барқыт, жастық не т.с.с. төсеніштер салуды мәкруһ деп есептеген. Сахаба Сағд ибн Әбу Уаққастың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Қабір ішінен қуыс орын қазу және оны қам қышпен өру мустахаб амал болып табылады (ән-Нәуәуи). Біздің мазһаб өкілдері де осы пікірді ұстанады. Әбул-Һаййаж әл-Әсәди – Хаййан ибн Хусайн, табиғин, хадис жеткізуші. Келесі бір риуаятта: «Бірде-бір бейнені (қалдырмай) жоюға» делінген. Ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде мұнда жанды нәрселердің бейнесін жою меңзелгенін мәкруһтігі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 491
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) қабірді сылауға, оның үстіне отыруға және оның үстіне ғимарат тұрғызуға тыйым салды», – деп айтқан (970/94). (болашақтағы) орны көрсетіледі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 492
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендердің бірің қайтыс болғанда, оған таңертең және кешке (болашақтағы) орны көрсетіледі. Егер ол жаннатылардан болса, жаннатылар қатарындағы (орны), ал егер тозақылардан болса, тозақылар қатарындағы (орны көрсетіліп): «Қиямет күні Аллаһ сені ол үшін қайта тірілткенше бұл сенің орның» деп айтылады», – деген (2866/65). нұсқаған. Әс-Синди «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесінде бұл мүсін бейненің басын алып тастау, бет-бейнесін өзгерту т.с.с. тәсілдер арқылы жасалатынын айтқан. Сондай-ақ, оның айтуынша, «көтеріңкі қабір» деп оның үстіне тұрғызылған құрылыс меңзелген. Қабір екені көрініп тұру үшін оны топырақпен не таспен жер бетінен аздап көтеріңкі етіп қоюға тыйым жоқ. Кейбір ғалымдар қабірді жер бетінен доғал етіп көтерудің сүннет екендігін айтады (әл-Бұхари (3/198-199), әл- Бәйһақи (4/3)). Әрі ол жер бетінен бір табан бойы көтеріледі (Ибн Хиббан (№2160), әл- Бәйһақи (3/410)). Қабірде кім жерленгенін көрсету үшін тасқа таңба салуға немесе осыған ұқсас қандай да бір белгі жасауға рұқсат етіледі (Әбу Дәуд (2/69), әл-Бәйһақи (3/412)). Сондай-ақ қабірге сүйенуге де тыйым салынады (ән-Нәуәуи). Біздің мазһабта қабірге марқұмның есімін жазу, қабірдің үстіне ғимарат тұрғызу, оған сурет салу, оны безендіру, биік етіп көтеру және оған ою-өрнектер салу мәкруһ болып табылады (қ.: «Китәб ән-натф»). Бұл мүмін үшін игілік, ал кәпір үшін азап болып табылады (ән-Нәуәуи). Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында мұның қабір азабын нақтылау болып табылатындығын айтқан. Сондай-ақ бұл хадисте адамдардың тәні өлгенмен, олардың жаны өлмейтіні көрсетілген. «Сунән» кітаптарында қабірдегі адамның сұраққа тартылатыны жайлы хадис келген. Онда періштелер жауап алардан бұрын қабірдегі адамның тәніне оның жанының қайтарылатыны айтылған. «Муатта» кітабына түсіндірме жазған әл-Бажи біз қарастырып отырған хадистегі «орнын көрсету» тірі адамға ғана мүмкін екені жайлы пікірді ұстанған. Ол бұл кезде мәйіттің тірілетінін айтқан және мұны қуаттау үшін әл-Бұхари, Муслим және басқалар жеткізген хадисті келтірген. Аталмыш хадисте, пенде қабірге қойылып, жолдастары одан бұрылып кете бастағанда, мәйіт олардың кебістерінің дыбысын еститіні, содан кейін екі періште келіп, оны отырғызып, оған сұрақ қоятыны, ал ол бұлардың сұрағына жауап беретіні, сонда оған өзінің орнына қарау бұйырылатыны айтылған. Әл-Бажидің айтуынша, бәлкім, мәйіттің қандай да бір дене бөлігіне ғана жан бітетін болуы мүмкін. Өйткені біз оны өлі күйінде ғана көреміз. Аллаһ – жақсы Білуші. Абдур-Рахман әл-Мубаракфури сұрақ қоюы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 493
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, пенде қабіріне қойылып, жолдастары одан бұрылып кете бастағанда, (мәйіт) олардың кебістерінің дыбысын естиді»; «Екі періште келіп, оны отырғызып: «Мына кісі (Мұхаммед) жөнінде не айтушы едің?» – деп (сұрайды) »; «Мүмін болса: «Ол – Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін», – дейді»3; «Оған: «Тозақтағы орныңа қара, Аллаһ сен үшін оны жаннаттағы орынға ауыстырды», – деп айтылады»; Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.): «Сөйтіп, ол бұл екеуінің әрбіреуін көреді», – деп айтты», – деген. Қатада4: «Бізге оның қабірінің жетпіс кез кеңейтілетіні және оған (адамдар) қайта тірілер күнге дейін жасыл желек толтырылатыны айтылды», – дейді (2870/70). тіршілігінде және Ақыретте мықты сөзбен бекітеді» деген сөзі және оның қабірге қатыстылығы жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 494
Бара ибн Азибтан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ иман келтіргендерді мықты сөзбен бекітеді»; «Бұл (аят) қабір азабына қатысты түсті. (Қабірде мәйіттен): «Раббың кім?» – деп (сұрайды). Ол: «Раббым – Аллаһ, ал пайғамбарым – «Тухфат әл-ахуази» кітабында әл-Қуртубидің сөзін келтірген. Онда мұның шәһидтерге қатысты емес екені айтылған. Өйткені олар тірі, олардың жандары жаннатта өмір сүреді. Муслим жеткізген өзге бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Шәһидтердің) рухтары – Аршыға ілінген шырақтары бар жасыл құстардың кеуде қуысында. Олар ертемен жаннаттың өздері қалаған жеріне барып, сосын әлгі шырақтарға қайтады», – деп айтқан. Ибн Хиббанның риуаятында «Ол екі (періште) Мункәр және Нәкир деп аталады» деп көрсетілген. Әл-Бұхари жеткізген риуаяттардың бірінде: «Маған сендердің қабірлеріңде Мәсих Дажжалдың фитнасына ұқсас (немесе соған жақын) фитнаға ұшырайтындарың уахи етілді. (Қабірге қойылған адамнан): «Сен бұл кісі туралы не білесің?» – деп сұрайды» деп айтылған. Басқа бір риуаятта: «Сонда мүмін (немесе шын иланған) болса: «Ол – Мұхаммед, бізге анық дәлелдер мен тура жол әкелген Аллаһтың елшісі, ал біз оны қабыл алып, оған ілестік. Ол – Мұхаммед» деп үш рет айтады» деп айтылған. Қатада ибн Диғама – табиғин, хадис жеткізуші. «Ибраһим» сүресі, 27-аят. Мұхаммед» – деп (жауап береді) . Аса Құдіретті әрі Ұлы (Аллаһтың): «Аллаһ иман келтіргендерді дүние тіршілігінде және Ақыретте мықты сөзбен бекітеді» деген сөзі осы», – деп айтқан (2871/73).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 495
Зәйд ибн Сәбиттен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) бәну нажжар (тайпасының) бағында қашырының үстінде келе жатқан-ды. Біз де онымен бірге едік. Кенеттен (оның қашыры) тулап кетіп, оны құлата жаздады. Маңайымызға қарасақ, алты, бес я төрт шақты қабір бар екен (әл-Журәйри осылай деп айтатын). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Мына қабірлердің иелерін кім біледі?» – деп (сұрады). Бір кісі: «Мен», – деді. Ол (с.а.с.): «Бұлар қашан өлген?» – деді. (Әлгі кісі): «Олар ширк дәуірінде өлген», – деді. (Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Расында, бұл адамдар қабірлерінде бәлеге душар болып жатыр. Сендер бір-бірлеріңді жерлейтін болмағандарыңда, Аллаһтан сендерге өзім естіп тұрған қабір азабын естіртуді сұрар едім», – деді. Содан кейін ол (с.а.с.) жүзімен бізге қарай бұрылып: «Аллаһтан қабір азабына қатысты пана сұраңдар», – деді. (Сахабалар): «Аллаһтан қабір азабына қатысты пана сұраймыз», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) тағы да): «Аллаһтан тозақ азабына қатысты пана сұраңдар», – деді. (Сахабалар): «Аллаһтан тозақ азабына қатысты пана сұраймыз», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһтан фитналарға: олардың бой көрсеткеніне және жасырын жатқанына қатысты пана сұраңдар», – деді. (Сахабалар): «Аллаһтан фитналарға: олардың бой көрсеткеніне және жасырын жатқанына қатысты пана сұраймыз», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһтан Дажжалдың бүлігіне қатысты пана сұраңдар», – деді. (Сахабалар): «Аллаһтан Дажжалдың бүлігіне қатысты пана сұраймыз», – деді», – деп айтқан (2867/67).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 496
Әбу Айюбтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) күн батқаннан кейін тысқа шықты. (Кенет) бір дауыс естіп3: «Яһудилер қабірлерінде азапталып жатыр», – деп айтты», – деген (2869/69). «Сунән» кітаптарында: «Екі (періште): «Дінің не?» – деп (сұрайды. Бұған мүмін пенде): «Дінім – Ислам», – деп (жауап береді)» деген қосымша келген (Ибн Хажар). Әл-Журәйри – Сағид ибн Ияс, табиғин, хадис жеткізуші. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір дауыс естігендей жан-жағына елеңдеген. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында айтқандай, бәлкім, бұл азап періштелерінің дауысы не азапталып жатқан яһудилердің дауысы немесе олар ұшырап жатқан азаптың үні болуы мүмкін. Алайда әт-Табарани осы хадистің нақтырақ бір нұсқасын жеткізген. Онда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен қабірлерінде азапталып жатқан яһудилердің дауысын естіп тұрмын», – деп айтқан. Егер яһудилер яһуди дінін кешірім тілеу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 497
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) анасының қабіріне зиярат етіп барып , жылады . (Мұны көріп) оның жанындағылар да жылады. Сонда ол (с.а.с.): «Раббымнан ол үшін кешірім өтінуге рұқсат сұраған едім, маған рұқсат берілмеді. Ал Одан оның қабірін зиярат етуге рұқсат сұраған едім, рұқсат етілді. Ендеше, қабірлерді зиярат етіңдер, шын мәнінде, ол өлімді еске түсіреді», – деп айтты», – деген (976/108). ұстанғандары үшін азапқа тартылатын болса, онда Аллаһқа серік қосушы мүшріктер де қабірлерінде азапқа ұшырайды. Өйткені олардың күпірлігі яһудилерден де сорақы. Мұнда мүшріктерге тірі кезінде жағдайын сұрап баруға, сондай-ақ олардың қабірін зиярат етуге рұқсат етілетініне сілтеме келген (ән-Нәуәуи). Мұхаммед Азим Әбәди де бұдан мүшріктердің қабірін зиярат етуге рұқсат етілетіні жайлы қорытынды шығатынын айтқан. Абдур-Рахман әл-Мубаракфури де Ислам дағуаты жетпеген ата-ананың қабірін зиярат етуге рұқсат етіледі деген пікірді ұстанған. Аллаһ тағала күпірліктегі ата-анаға қатысты: «Оларға бұл дүниеде игі түрде жолдас бол», – деп айтқан (Лұқман, 15). Бірақ олар үшін Аллаһтан кешірім өтінуге тыйым салынады. Өйткені иман келтірмеген адамдар үшін кешірім өтінуге болмайды. Бұған қатысты түрлі пікір айтылған. Мәселен: 1) Қазы Ғиядтың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) анасының осы күндерге жетпегеніне және өзіне иман келтіре алмағанына жылаған. Мұхаммед Азим Әбәди Пайғамбарымыз (с.а.с.) ата-анасының азапқа тартылып жатқаны үшін жылағанын нұсқаған. 2) Кейбір ғалымдар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ата-анасының азапқа тартылмайтынын айтқан. Өйткені Аллаһ тағала Құранда елші жібермей тұрып, ешбір халықты азаптамайтынын баяндаған. Олардың түсіндіруінше, Пайғамбарымыз (с.а.с.), бәлкім, ата-анасының құтылатыны үшін көз жасына ерік берген болуы мүмкін. Ал оған (с.а.с.) ата-анасы үшін кешірім өтінуге тыйым салынғанын олар «дін дағуаты жеткендер және осы дінді ұстану міндеті жүктелгендер үшін кешірім өтіну тиіс» деп түсіндіреді. 3) Кейбіреулер «Пайғамбарымызға (с.а.с.) ата-анасы үшін кешірім өтінудің қажеті жоқ, өйткені Қиямет күні Аллаһ оларға онсыз да игі мәміле жасайды» деп мәлімдейді. Келесі хадисті де қараңыз. Әл-Хаким жеткізген риуаятта: «өйткені ол (яғни қабірлер не оларды зиярат ету) жүректерді жұмсартады, көздерді жасқа малиды, алайда жаман сөздер айтпаңдар» деген қосымша келген. Яғни қабірдегі адамдардан көмек сұрау, оларды сенімді түрде жаннаты деп дәріптеу сияқты т.б. Аллаһ тағаланың ашуын шақыратын сөздер айтуға болмайды (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Әс-Синди «Сунән Ибн Мәжәһқа» жазған түсіндірмесінде бұл бұйрық та қабірлерді зиярат етуге рұқсат етілетінін және мұның мустахаб екенін білдіретіндігін айтқан (Абдур-Рахман әл-Мубаракфури де «Тухфат әл-ахуази» кітабында осы пікірді ұстанған). Әрі «қабірлерді зиярат етіңдер» деген сөз өзінің жалпылығына орай, ер адамдарға да, әйелдерге де тиесілі. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында ғұламалардың көпшілігінің пікірі осыған тоғысатынын көрсеткен. Бұл әл-Хаким (1/376), одан әл-Бәйһақи (4/78) жеткізген хабармен нақтыланады. Онда Айша (Аллаһ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 498
Бурайдадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен сендерге қабірлерді зиярат етуге тыйым салған едім, енді оларды зиярат етіңдер . Сендерге құрбандық еттерін үш (күннен) артық (жеуге) тыйым салған едім, енді (одан) қажет деп тапқандарыңды сақтап қойыңдар . Сондай-ақ сендерге местен басқа (барлық ыдыстардағы) сусындарға тыйым салған едім, енді барлық ыдыстардан іше беріңдер, (бірақ) мас қылатын (ішімдіктерді) ішпеңдер », – деп айтты», – деген (977/106). оған разы болсын) бауырының қабірін зиярат етіп, қабірлерді зиярат етуге қатысты тыйымның күші жойылғанын айтқан. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) қабір басында отырған әйелді көргенде, оған қабір басында отыруға тыйым салмаған (осы кітаптағы 462-хадисті қараңыз). Ибн Хазм «Мухаллә» кітабында көрсеткендей, әйелдерге қатысты үкімді ер кісілерге қатысты үкімнен ажырататын дәлел келтірілмейінше, шариғат үкімі оларға бірдей тиесілі болады. «Сунән» жинақтарының иелері жеткізген Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қабірлерді зиярат етуші әйелдерге лағынет айтқаны жайлы хадиске келсек, әл-Қуртуби «мұнда қабірлерді жиі зиярат ететін әйелдер меңзелген» деп түсіндіреді. Бәлкім, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай әйелдер күйеуінің күтіміне жұмсауы тиіс уақытын жоғалтатынын және қабірлерді зиярат ету кезінде байбалам салып жылайтынын айтуы мүмкін (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Басқа да ғалымдардың айтуынша, мұндағы лағынет қабірлерді жиі зиярат етушілерге қатысты. Өйткені хадистің (арабша) мәтініндегі «зиярат етуші» сөзі қандай да бір іс-әрекетті жиі орындаушыны білдіретін қалыпта «заууар» түрінде келген. Ал қабірлерді жиі зиярат ету, байбалам салу, жұрт көзіне түсу, молаларды мәжіліс әрі зиярат орнына айналдырып алу, қажетсіз нәрселерге уақыт жоғалту сияқты шариғат тыйымдарының бұзылуына апарып соғады. Әт-Тирмизидің риуаятында: «өйткені ол сендерге болашақтағы өмірді еске түсіреді» деп айтылған. Әт-Тирмизидің риуаятында: «... (одан) қажет деп тапқандарыңды жеңдер, (басқаларды) тамақтандырыңдар және сақтап қойыңдар» деп айтылған. Мұхаммед Азим Әбәди «Сунән Әбу Дәуд» жинағына түсіндірме ретінде жазған «Аун әл-Маъбуд» кітабында бұрынғы үш күнге қатысты тыйым еттің барлығына: құрбандық шалғандарға да, шалмағандарға да жетуі үшін салынғандығын айтқан. Жоғарыда «Иман» кітабында айтылғандай, Исламның бастапқы кезеңдерінде местен басқа барлық ыдыстарда сусын дайындауға тыйым салынған. Өйткені олар мас қылатын ішімдікке айналып, адамдар оны ішуі мүмкін еді. Ол кезде масайтатын заттарға әлі тыйым салынбаған болатын. Оларға тыйым салынғаннан кейін, адамдар арасында мұндай нәрселерге тыйым салынғаны жайлы үкім берік орнады. Сөйтіп, құрамында алкоголь болмаса, кез келген ыдыстағы жеміс сусынына рұқсат етілді. және олар үшін дұға ету
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 499
Мұхаммед ибн Қайстан. Ол бір күні: «Сендерге өзім жайлы және анам жайлы әңгімелеп берейін бе?» – деген. (Хадисті жеткізуші айтады): «Біз ол туған анасын меңзеп тұр деп ойладық. Ол: «(Бірде) Айша: «Сендерге өзім жайлы және Аллаһ елшісі (с.а.с.) жайлы әңгімелеп берейін бе?» – деді. Біз: «Әрине!» – дедік. (Сонда Айша): «Пайғамбар (с.а.с.) менің (үйімде) болатын (кезекті) түнім келгенде, ол (с.а.с.) оралып, ридасын шешті. Кебістерін шешіп, оларды аяғының жанына қойды. Изарының шетін төсегіне төсеп, жатты. (Бірақ ұйықтамай) мені ұйықтады деп ойлағанша күтіп жатты. Сосын ол жайлап ридасын алып, кебістерін киді де, есікті ашып, тысқа шықты. Содан кейін (есікті) ақырын жауып қойды. Мен басыма бөркімді киіп, орамал тарттым. Изарымды киіп, сосын оның соңынан жөнелдім. Ол Бақиғ (зиратына) келіп, ұзақ уақыт тұрды. Сосын үш рет қолдарын көтерді . Сосын кері бұрылды, мен де бұрылдым. Ол жылдамдата (жүрді), мен де жылдамдаттым. Ол жүгіртектей жүрді, мен де жүгіртектедім. Ол (үйге) оралды, мен де одан оза келіп, ішке кіріп, дереу жатып қалдым. Ол ішке кіріп: «Саған не болды, ей, Айша, ентігіп жатырсың ғой?» – деді. «Ештеңе емес», – дедім. Ол: «(Не болғанын) міндетті түрде маған айтып бересің. Әйтпесе маған аса Қырағы, бәрінен Хабардар (Аллаһ) хабарлайды», – деді. «Уа, Аллаһтың елшісі! Ата- анам саған пида!» – деп, оған (болған жайтты) айтып бердім. «Алдымда көрген қара сен екенсің ғой?» – деді. «Иә», – дедім. Сонда ол менің кеудемнен ауырта, қатты нұқыды да: «Аллаһ және Оның елшісі өзіңе Мұхаммед ибн Қайс Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі Айша туралы айтқан. Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері барша мұсылмандардың аналары болып есептеледі. Сондықтан ол Айшаны «анам» деп атаған. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) қолдарын көтеріп, дұға қылған. Қорымда дұға жасағанда, жүзді қабірге емес, құбылаға бұру керек (тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабіріне қарап та дұға қылуға болмайды). Өйткені қабірге қарап намаз оқуға тыйым салынған. Ал дұға ғибадат әрі намаздың мәйегі болып табылады. Имам Әбу Ханифа, Мәлик, әш-Шафиғи, Ахмад және басқалар осы пікірді ұстанған. Ән-Нәуәуи «Мажмуъ» кітабында Әбул-Хасан әз-Зағфаранидің «Жәнәиз» кітабындағы сөздерін келтірген. Онда қабірді сипауға және сүюге болмайтыны, бұл істің бидғат саналатыны, сондай-ақ марқұм үшін дұға еткенде, одан бұрылып, жүзді құбылаға қарату керек екені айтылған. Тіпті имам Әбу Ханифа, Пайғамбарымызға (с.а.с.) сәлем беруші адамның да оған емес, құбылаға қарауы тиіс екендігін айтқан. Ал қалған үш имам Пайғамбарымызға (с.а.с.) сәлем беруші бетін оған қаратуы тиіс деп есептеген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) өзі жайлы жаман ойға берілгені үшін тәрбиелік шара ретінде осылай жасаған (қ.: әс-Синди, «Шарх Сунән ән-Нәсәи»). әділетсіздік жасайды деп ойладың ба1?» – деді», – деп айтты. (Айша): «Адамдар қанша жасырса да, Аллаһ оны біледі ғой, иә!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сен мені көрген кезіңде, Жәбірейіл келіп, мені шақырды, (бірақ) оны сенен жасырды. Мен оған жауап беріп, оны сенен жасырдым. Ол сенің үстіңе кірмеді, сен киіміңді шешіп қойған едің. Мен сені ұйықтап қалды деп ойлап, оятқым келмеді. Әрі сен жалғызсырайсың ба деп қорықтым», – деді. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, Раббың саған Бақиғдағыларға барып, олар үшін кешірім өтінуіңді бұйырды», – деді. (Айша айтады): «Мен: «Оларға қалай деп айтамын, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрадым). Ол: «Әс-сәләму ъалә әһлид-дияри минәл- мүмининә уәл-муслимин(а). Уә йархамуллаһу әл-мустақдиминә миннә уәл-мустахирин(а). Уә иннә иншаллаһу бикум лә-лахиқун(а)! (Мүміндерден және мұсылмандардан болған қорым иелеріне сәлем болсын! Біздің әуелгілерімізді және кейінгілерімізді Аллаһ рақым етсін! Ақиқатында, біз, Аллаһ қаласа , сіздерге қосыламыз!)» – деп айт», – деді» (974/102). оқу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 500
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреуіңнің шоққа отырып, терісіне жеткенше киімін жандырып алуы ол үшін қабір үстіне отырудан қайырлы», – деп айтты», – деген (971/96).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 401–450ОглавлениеХадисы 501–550 →