Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оларға Кітап бізден бұрын беріліп, ал бізге (Кітап) олардан кейін берілгенімен, Қиямет күні біз (уақыт тәртібінде) соңғылар (болсақ та) әуелгілерміз және біз – жаннатқа кіретін (үмбеттердің де) ең әуелгісіміз. Олар пікір қайшылығына түсті, ал олар оған қатысты пікір қайшылығына түскен ақиқатқа Аллаһ бізге тура жол нұсқады . Бұл – олардың пікір қайшылығына түскен күндері, Аллаһ бізге оған жол көрсетті. Жұма күні, бүгін – біз үшін, ертеңгі күн – яһудилер үшін, ал арғы күн – христиандар үшін (қастерлі)», – деді», – деп айтқан (855/20).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Күн шыққан күннің ең жақсысы – жұма күні. Ол (күні) Адам жаратылған, сол (күні) ол жаннатқа кіргізілген, сол (күні) одан шығарылған әрі Қиямет те дәл жұма күні болады», – деп айтқан (854/18). Пайғамбарымыз (с.а.с.) «оларға» деп яһудилер мен христиандарды айтқан. Яғни Тәурат пен Інжіл (Ибн Хажар). Бұл – Құран (Ибн Хажар). Мұсылмандар – уақыт тәртібі бойынша жер бетіне жіберілген ең соңғы үмбет. Басқа бір риуаятта: «Біз – осы дүние тұрғындарының соңғыларымыз» деп көрсетілген. Мұсылмандар Қиямет күні бірінші болып жиналады, бірінші болып есеп береді, бірінші болып сираттан өтеді және бірінші болып жаннатқа кіреді. Басқа риуаятта: «оларға (яғни осы үмбетке) басқа жаратылғандардан бұрын үкім шығарылады» делінген. Сондай-ақ мұнда үмбет арасындағы үкім де меңзелген. Басқа бір риуаятта: «Бұл – олардың Аллаһ парыз еткен күндері, бірақ олар бұған қатысты пікір қайшылығына түсті» деп айтылған. Яғни жұма күні Аллаһқа құлшылық жасап, Оны еске алу күні ретінде бізден бұрын оларға бекітілген болатын. Ибн Хажар яһудилерге жұма күнін қастерлеуге нұсқау берілгені, бірақ олар бұдан бас тартқаны жайлы пікірді ұстанған. Бұған дәлел ретінде ол Ибн Әбу Хатим, әс-Суддиден жеткізген хадисті келтірген. Онда бұған анық сілтеме жасала отырып: «Расында, Аллаһ яһудилерге жұманы парыз етті. (Бірақ) олар жұмадан бас тартып: «Ей, Мұса! Аллаһ сенбі күні ештеңе жаратқан жоқ, сондықтан оны біз үшін бекітші», – деді. Сөйтіп, олар үшін сенбі бекітілді» деп айтылған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ал Аллаһ тағаланың жұманы бізге бекіткені туралы Құранда анық нұсқау келген («Жұма» сүресінің, 9-аятын қараңыз). Басқа бір хадисте Арафа күнінің артықшылығы туралы айтылған. Бұл хадистерді жыл ішіндегі ең жақсы күн – Арафа, апта ішіндегі ең жақсы күн – жұма деп үйлестіруге болады (ән-Нәуәуи).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Әбул-Қасим (с.а.с.): «Расында, жұмада бір уақыт бар, сол сәтке мұсылман пенде намаз оқып, Аллаһтан игілік сұраған сәтінде дөп келсе, (Аллаһ) оған (сұрағандарын) міндетті түрде береді», – деді де, қолымен ол (уақыттың) өте қысқа екенін көрсете, ишара жасады», – деп айтқан (852/14).
Әбу Бурда ибн Әбу Мұса әл-Ашғариден . Ол: «Менен Абдуллаһ ибн Омар: «Сен жұмадағы (дұға қабыл болатын) уақыт жөнінде әкеңнің Аллаһ елшісінен (с.а.с.) жеткізгенін естідің бе?» – деп (сұрады). Мен: «Иә. Оның: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол – имамның отыруы мен намаз аяқталғанға дейінгі аралықта », – дегенін естідім», – деп айтқанын естідім», – дедім», – деп айтқан (853/16). оқылады?
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) жұма күні таң намазында «Әлиф Ләм Мим. (Бұл) Кітап әлемдердің Раббысынан түсірілген. Онда күмән жоқ» және «Адам баласына дәуірден еске аларлық бір нәрсе болмаған уақыт келді ме?» (деп басталатын сүрелерді) оқитын. Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.) жұма намазында «Жұма» және «Мұнафиқун» сүрелерін оқитын (879/64).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) жұма күні адамдарға құтпа жасап тұрғанда, Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын) кірді. Омар оны айыптап: «Адамдарға не болған, азаннан кейін кешігіп келуде», – деді. Сахаба Әбу Мұса әл-Ашғаридің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші, кезінде Куфа қаласының қазысы болған. Алайда Ибн Мәжәһ, Абдуллаһ ибн Сәләмнан (Аллаһ оған разы болсын) «сахих» иснадпен жеткізген хадисте (№1139) бұл жерде жұма күнінің соңғы бөлігіндегі уақыт туралы айтылғаны хабарланған. Бұдан өзге де Әбу Дәуд (№1048) және ән- Нәсәи (100-99/3), Жәбирден жеткізген хадисте бұл уақыттың – аср намазынан кейінгі мезгіл екендігі көрсетілген. Мухаддистер бұл хадисті «сахих» хадис санатына жатқызған. Сағид ибн Мансур Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахманнан «сахих» иснадпен, «сахабалар жұма күні бір мезгілде жиналып, Аллаһты еске алып, содан кейін тарқайтындығы» туралы хабар жеткізген. Әрі олардың барлығы бірауыздан «Бұл – жұма күнгі соңғы сағаттардың бірі» деп есептеген (Ибн Хажар). Ендеше, осы пікірді жұма күнгі дұға қабыл болатын уақыт жөнінде ұсынылған ең дұрыс пікір деп тану керек. Мұнда «Сәжде» және «Инсан» сүрелері туралы айтылған. Осман: «Уа, мүміндердің әміршісі! Азанды естіген бойда дәрет алып, сосын (намазға) келдім», – деді. Сонда Омар: «Әлі дәрет пе?! Сендер Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім жұмаға келсе, ғұсыл құйынсын», – дегенін естімегенсіңдер ме?» – деді», – деп айтқан (845/4).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жұма күні ғұсыл құйыну, тісті тазалау және мүмкіндігі келгенше иіссу себіну – әрбір балиғатқа жеткенге (уәжіп2)», – деп айтқан (846/7). жайлы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жұма күні болғанда мешіт қақпаларының әрбірінде періштелер тұрып, (намазға келген адамдарды) рет-ретімен тізімдейді. Ал имам отырғанда , (періштелер) парақтарын жинап, зікір (сөздерін) тыңдауға келеді . (Жұмаға) ерте барған (адам) құрбандыққа бір түйе сойғандай болады , (екінші мерзімде барған) құрбандыққа бір сиыр сойғандай болады, (үшінші мерзімде барған) құрбандыққа қошқар сойғандай болады, (төртінші мерзімде барған) құрбандыққа тауық сойғандай болады, (бесінші мерзімде барған) жұмыртқаны құрбандық еткендей болады», – деп айтты», – деген (850/24).
Сәләмә ибн Акуағтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз жұма намазын Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге күн ауған кезде оқитынбыз, сосын (түс қайтар кездегі) көлеңкені іздеп қайтатынбыз», – деп айтқан (860/31). Қазы Ғиядтан «мүмкіндігі келгенше» деген сөздің мағынаны күшейту немесе аталмыш амалдың маңыздылығын арттыру үшін қолданылғаны жайлы пікір келтірілген (ән-Нәуәуи). «Мағынаны күшейту үшін» деген пікірді Ибн Хажар да ұстанған. Мұндағы «уәжіп» сөзі орындалуы тиіс міндет мағынасында келген, бірақ орындамаған жағдайда ол жазаға тартылмайды. Имам мінберге көтеріліп, құтпа жасауға кіріскен кезде. (Бұл азаншы намазға азан шақыруы үшін имамның мінберге құтпадан бұрын отыруының мустахаб екенін көрсетеді) (ән-Нәуәуи). Яғни періштелер жұма намазына келгендерді құтпаға дейін тізімдейді. Яғни сондай мөлшерде сауап алады. Мұнда хадисті жеткізуші өздерінің жұма намазын оқып қайтқан кездерінде шарбақ дуалдарда көлеңкелейтіндей еш сая болмайтынын меңзеген. Ән-Нәуәуи: «Бұл жұма намазда мінбер үстінде тұрғаны жайлы
Әбу Хазимнан . (Бірде) Сәһл ибн Сағдқа (Аллаһ оған разы болсын) бір топ кісі келді. Олар (Пайғамбардың (с.а.с.)) мінбері неден (жасалғанына) қатысты сөз таластырып, (бұл жайлы Сәһлден сұрағанда), ол: «Аллаһпен ант етейін, мен оның неден екенін және оны кім жасағанын жақсы білемін. Аллаһ елшісін (с.а.с.) оған алғаш отырған күні көрдім», – деді. (Әбу Хазим): «Мен оған: «Ей, Әбу Аббас! Бізге (оны) әңгімелеп берсеңші», – дедім. Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір әйелге (Әбу Хазим: «(Сәһл) сол күні ол (әйелдің) есімін атады», – деген.): «Ұста құлыңа бұйрық бер: маған адамдарға сөйлегенімде отыратын діңгектер жасап берсін!» – деп (кісі) жіберді. Сөйтіп, ол (ұста) мына үш баспалдақты жасады. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны алдырып, ол осы жерге қойылды. Ол орман жыңғылынан (жасалған) еді. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) оның үстінде тұрғанын көрдім. Ол мінбердің үстінде тұрып тәкбір айтты, оның артынан адамдар да тәкбір айтты. (Пайғамбар (с.а.с.) Құран оқып, рукуғ жасады , адамдар да оның артынан рукуғ жасады.) Сосын ол (басын) көтерді де, артқа шегіншектей (мінберден) түсіп , мінбердің түбіне сәжде жасады. Сосын (мінберге) қайта шықты. Намазын аяқтаған соң, адамдарға бұрылып: «Ей, адамдар, мұны маған ілесулерің және менің намазымды үйренулерің үшін істедім», – деді», – деп айтты», – деген (544/44).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Димад Меккеге келеді, ол әзд шәнуа (тайпасынан) еді. Ол жын соғуына қарсы дем салатын-ды. Меккелік ақымақтардың: «Расында, Мұхаммедті жын соққан» деп айтып жүргендерін естіп: «Егер мен бұл кісіні көрсем, бәлкім, Аллаһ менің қолыммен оған шипа берер», – дейді. (Содан кейін) ол (Пайғамбарды (с.а.с.)) жолықтырып: «Ей, Мұхаммед! Мен жынның соғуына қарсы дем саламын. Расында Аллаһ менің қолыммен Өзі қалаған (адамға) шипа береді. намазының ерте оқылғандығын және адамдардың шарбақтық дуалдарының аласа болғандығын көрсетеді», – деген. Әбу Хазим – Сәләма ибн Динар, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда үш пен тоғыз арасындағы адам саны туралы айтылған. Бұл қосымша Суфиян, Әбу Хазимнан жеткізген риуаятта келген (Ибн Хажар). Пайғамбарымыз (с.а.с.) құбылаға арқасымен қарап қалмауы үшін осылай жасаған. Сапта адамдармен қатар тұрғанда Пайғамбарымызды (с.а.с.) оған жақын тұрған кісілер ғана көре алатын, ал мінберде оның намазын көруге барлығына мүмкіндік туды (ән-Нәуәуи). Аллаһ елшісі (с.а.с.) мінбердің ең жоғарғы баспалдағында намаз оқыған. Мұнда басқаларға намазды, ондағы қимыл-әрекеттерді көрсету арқылы үйретуге рұқсат етілетіндігіне сілтеме бар (Ибн Хажар). Саған ше?...», – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Иннәл-хамдә лилләһи нахмадуһу уә нәстаъинуһ(у). Мән йәһдиһиллаһу фәлә мудилла ләһ(у), уә мән йудлил фәлә һәдиә ләһ(у). Уә әшһәду әллә иләһә илләллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ(у). Уә әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһ(у). Әммә баъд... (Шын мәнінде, мақтау Аллаһқа тән. Біз Оны мадақтаймыз және Одан жәрдем тілейміз. Аллаһтың тура жолға салғанын адастырушы жоқ, ал Оның адастырғанын тура жолға салушы жоқ. Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына куәлік беремін. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі (екеніне куәлік беремін). Енді...)», – деді . (Димам): «Маған осы сөздеріңді қайталашы», – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған бұл (сөздерді) үш рет қайталайды. (Сонда Димам): «Расында, мен сәуегейлердің сөздерін, сиқыршылардың сөздерін және ақындардың сөздерін естігенмін. (Бірақ) сенің мына сөздерің сияқтыны (ешқашан) естіген емеспін. Шынында, бұл (сөздер) теңіздің түбіне жетті», – дейді. (Содан кейін Димам): «Маған қолыңды бер, саған Исламды ұстануға адалдық антын берейін», – дейді. Сөйтіп, ол (Пайғамбарға (с.а.с.)) ант береді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Бұл ант) қауымың үшін де ме?» – деп (сұрайды). Ол: «Қауымым үшін де», – дейді. (Содан бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір барлаушы жасақ аттандырады. Олар (Димамның) қауымының жанынан өтеді. Жасақ басшысы әскерге: «Сендер бұлардан бір нәрсе алдыңдар ма?» – деп (сұрайды). Адамдардан бір кісі: «Мен олардан жуынатын ыдыс алдым», – дейді. Сонда (қолбасшы): «Оны қайтарып беріңдер. Расында, бұлар – Димамның қауымы», – дейді (868/46). сөздер (жайлы)
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) құтпа жасағанда, көздері қызарып, даусы көтеріліп, ашуы күшейетін. Тіпті ол: «(Дұшпан) сендерге таңертең шабуыл жасамақ! (Дұшпан) сендерге кешқұрым шабуыл жасамақ!» – деп әлдебір әскерге ескерту жасап тұрғандай (кейіпке енетін) . Ол: «Мен және Қиямет мына Бұл хадистің тараумен байланысы, Пайғамбарымыз (с.а.с.) құтпа жасағанда осы хадистегі сөздерді айтатын. Ол кейде бұған үш аят: («Әлі Имран» сүресінің 107- аятын, «Ниса» сүресінің 1-аятын және «Ахзаб» сүресінің 70-71 аяттарын) қосатын. Ал кейде «Әммә баъд... (Енді...)» деген сөзден кейін: «Фәиннә хайрал-хадиси – китабуллаһ, уә хайрул-һудә – һудә Мухаммад(ин), уә шәррул-умури – мухдәсәтуһә, уә куллу бидъатин – далалә, уә куллу далаләтин – фин-нар(и) (Расында, сөздердің ең жақсысы – Аллаһтың Кітабы, тура басшылықтың ең жақсысы – Мұхаммедтің басшылығы, істердің ең жаманы – (дінге ендірілген) жаңалықтар, әрбір бидғат – адасу, ал әрбір адасу – тозақта)», – дейтін. Бұл хадисті Муслим және басқалар жеткізген (осы кітаптағы келесі хадисті қараңыз). Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) аса зор маңызға ие жайттарды ескерткенде, ашуға мінген болуы мүмкін. Мұны ән-Нәсәидің риуаяты да нақтылай түседі. Онда: екеуі сияқты жіберілдім», – деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтары арасын түйістіретін . Сондай-ақ ол: «Енді... Расында, сөздердің ең жақсысы – Аллаһтың Кітабы, тура басшылықтың ең жақсысы – Мұхаммедтің басшылығы , істердің ең жаманы – (дінге ендірілген3) жаңалықтар, әрбір бидғат – адасу », – дейтін. Содан кейін: «Мен әрбір «(Пайғамбар (с.а.с.)) Қиямет күні жайлы әңгімелегенде, жүзі қызарып, даусы көтеріліп, ашуға мінетін» деп айтылған. Әс-Синди, Ибн Мәжәһтің «Сунәніне» жазған түсіндірмесінде бұл адамдардың жүрегіндегі бейғамдықты шығару және олардың назарын құтпаға аудару үшін жасалғанын нұсқаған. Сондай-ақ ескертуші жасаққа: «Егер маған бағынбасаңдар, сендерге азап келеді» деп тұрғандай. Қазы Ғиядтың айтуынша, бұл арқылы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қиямет күнінің жақын екендігін, сондай-ақ өзі мен Қиямет күнінің арасында енді ешбір пайғамбар келмейтінін көрсеткен болуы мүмкін. Өйткені сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың арасында басқа саусақ жоқ (ән-Нәуәуи). Әс-Синди, Қиямет күні мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) пайғамбарлығы бір-біріне, ұзындығы бойынша сұқ және ортаңғы саусақтар қаншалықты жақын болса, соншалықты жақын екенін айтқан. Ғұламалардың пікірінше, «һәдйун», «һудә» (басшылық, нұсқау) сөзі екі мағынаны білдіреді. Біріншісі – дәлел-айғақтарды көрсету, түсіндіру. Бұл мағына көбінесе пайғамбарларға, Құранға және пенделерге қатысты қолданылады. Екіншісі – тек Аллаһқа тән басшылық. Бұл – тура жолға салу. «Қасас» сүресінің 56-аятында: «Негізінде, сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Алайда Аллаһ Өзі қалағанын тура жолға салады» делінген. Бұл – әл-Қуртубидің сөзі. Ән-Нәсәи жеткізген риуаятта: «ал әрбір адасу – тозақта» деп қосылған. Әс- Синди осы хадиске жазған түсіндірмесінде, бұл сөздің «адасушы тозаққа түседі» деген мағынаны білдіретіндігін айтқан. Өзге бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім біздің ісімізге (яғни дінімізге) жат жаңалық ендірсе, ол кері қайтарылады», – деген (әл-Бұхари, Муслим). Өйткені Ислам діні өзіне қатысты кез келген жаңалық ендіруді қажетсінбейді. Аллаһ тағала «Мәида» сүресінің 3-аятында: «Бүгін сендерге діндеріңді толықтырдым», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да қоштасу қажылығы кезінде сахабалардан: «(Сендерге дінді) жеткіздім бе?» – деп үш рет сұраған. Ал олар сенімді түрде: «Иә», – деп жауап қайтарған. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһ тағаланы осыған куәға тартқан. Имам Мәлик өзінің пікірінде, дінге қосымша немесе жаңалық ендірген адамды Пайғамбарды (с.а.с.) өтірікші санаған кісінің санатына жатқызған. Өйткені ол адам бұл арқылы «дін толық емес, осы жаңалықпен оны толықтыруға болады және Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларға (дінге қатыстыларды) түгел жеткізбеді» деген ойға барған болады. Ал Осман халифаның жұма намазына екінші азанды ендіруі, азанды дыбыс күшейткіш құралдардың көмегімен шақыру, оқу орындарын тұрғызу, абақтылар салу сияқты мәселелер құлшылық-ғибадатқа қатысты бидғатқа жатпайды. Олар «маслаха әл- мурсәлә» деп аталатын мұсылмандар құқығы қағидасына жатады. Үмбет алдында қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда, бұл мәселенің шешіміне қатысты Құранда, сүннетте немесе сахабалардың бірауызды келісімінде («ижмағ») нұсқау келмесе, мұсылман ғалымдары бірнеше шарт негізінде «маслаха әл-мурсәлә» қағидасын ұстанады. Кейбір ғалымдар, бұл шарттардың төмендегілерді қамтитынын көрсетеді: 1) Қажеттілік қиял нәтижесі емес, ақиқат болуы керек; мүмінге өз жанынан да жақынмын . Кімде-кім артына мал-дүние қалдырса – отбасы үшін. Ал кімде-кім артында қарыз не қамқорлыққа мұқтаж балалар қалдырса – маған және менің міндетімде », – дейтін, – деген (867/43).
Әбу Уәилден . Ол: «(Бірде) Аммар (Аллаһ оған разы болсын) бізге құтпа арнап, (оны) қысқа, (бірақ) толық жасады. Ол төмен түскен соң, біз: «Ей, Әбул-Яқзан! Сен толық, (бірақ) қысқа (ғана құтпа жасадың). (Құтпаны біраз) ұзартсаң еді», – дедік. Сонда ол: «Расында, мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Шынында, кісінің намазының ұзақтығы мен құтпасының қысқалығы – оның дінді терең түсінгендігінің айғағы. Ендеше, намазды ұзартып, құтпаны қысқартыңдар . Негізінде, шешендікте сиқыр бар », – дегенін естідім», – деді», – деп айтқан (869/47). 2) Қажеттілік қандай да бір шектеулі ортаға емес, бүкіл үмбетке қатысты туындауы керек; 3) «Маслаха әл-мурсәлә» негізінде қабылданған шешім шариғатқа қарама-қайшы келмеуі керек. Кейбір ғалымдардың айтуынша, «маслаха әл-мурсәлә» шешіміне жетелейтін себеп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дәуірінде бар болғанмен, ол мұндай шешім шығармаған жағдайда, бұлай жасау бидғат болып табылады. Сондай-ақ мұндай себеп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде болмағанмен, «маслаха әл-мурсәлә» шешімі шариғаттың қандай да бір нұсқауын орындаудағы олқылық нәтижесінде туындаса, бұған да рұқсат етілмейді. Ал өзге жағдайларда мұндай шешім қабылдауға болады. Бұл Аллаһ тағаланың «Пайғамбар мүміндерге өз жандарынан да жақын» (Ахзаб, 6) деген сөзіне сәйкес келеді (ән-Нәуәуи). Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүміндерге өз жандарынан да жақын екендігі жайлы сөздің түсіндірмесі болып табылады. Бастапқы кезеңдерде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болған адамның мойнында өтелмеген қарызы болса, жаза ретінде оған жаназа намазын оқымаған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдар қарызды қайтару мәселесіне жеңіл қарамауы үшін осылай жасайтын еді. Ал Исламның билік күші тұрақталып, қаржылық мүмкіндіктер артқаннан кейін, Пайғамбарымыз (с.а.с.) марқұмдардың қарызын өзі қайтаратын болды. Ахмадтың Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген бір хадисінде (6/74): «Менің үмбетімнен кімде-кім қарыз ауыртпалығын арқалап, оны төлеуге тырысқанмен, өтей алмай қайтыс болса, мен оның қамқоршысы боламын» деп айтылған. Әл-Мунзири (3/33) бұл хадистің иснадын «хасан» санатына жатқызған. Ал кейбір мухаддистер оны әл-Бұхари мен Муслимнің шартына сәйкес келетін «сахих» хадис деп атаған. Сондай-ақ оны Әбу Яғла және әт-Табарани «Аусат» кітабында келтірген. Әбу Уәил – Шақиқ ибн Сәләма әл-Әсәди, табиғин, хадис жеткізуші. Бұл хадис намазды жеңілдету жайлы хадистерге және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) құтпасы мен намазы қысқа болғаны туралы хадистерге қарама-қайшы келмейді. Өйткені бұл хадис намаздың құтпамен салыстырғанда ұзағырақ болуы қажеттігін меңзейді және имамға ұйып намаз оқып тұрған адамдарға ауырлық түсіруді көздемейді (ән-Нәуәуи). Имам Ибн Һумам «әл-Һидая» кітабына жазған
Ади ибн Хатимнен (Аллаһ оған разы болсын). Бір кісі Пайғамбардың (с.а.с.) қасында құтпа жасап: «Кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнса, ол рас тура жол тауыпты. Ал кімде-кім ол екеуіне қарсы келсе, рас адасыпты», – деген. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен қандай жаман құтпа жасаушысың! «Ал кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келсе...», – деп айт», – деп (түзеткен) (870/48). Ибн Нумәйр: «Адасты», – деген. түсіндірмесінде құтпаны қысқартып, намазды ұзарту дұрыс түсінік пен сүннетке үйлесетіндігін айтқан. Бұл сөзге қатысты айтылған ең дұрыс пікір, бұл жерде мақтау араласқан шешендік көрсетілген. Өйткені мұндай шешендік сиқырдың жүректерге билік жүргізетініндей жүректерге өз әмірін жүргізе алады (ән-Нәуәуи). Имам Мәлик мұндай тұрпаттағы шешендікті теріске шығарылған деп есептейді. Өйткені ол күнә жасауға апаруы мүмкін. Бұл хадистен құтпа барысында Аллаһ тағала мен Пайғамбарымызды (с.а.с.) есімдік сөзбен осылай қысқартып айтуға рұқсат етілмейтіндігін түсінеміз. Өйткені Қазы Ғияд және бір топ ғалымның пікірінше, мұнда Пайғамбарды (с.а.с.) Аллаһ тағалаға теңестіру орын алады. Осы кітаптағы 22-хадисте: «Бойында мына үш (қасиет) болған адам иманның шырын дәмін сезінеді: Аллаһ және Оның елшісі ол үшін ол екеуінен басқадан сүйікті болу...» делінген. Яғни Аллаһ тағала мен Пайғамбарымыз (с.а.с.) «ол екеуі» деп есімдік арқылы қосарлана келтірілген. Ибн Хажар бұған қатысты төмендегідей пікірлер білдірген: 1) Бәлкім, бұлай сөйлеу – Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана рұқсат етілген жайттардың бірі. Яғни Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқаларға Аллаһ пен оны қосарлап, екілік түрде айтуға тыйым салынған болуы ықтимал. Өйткені одан өзгелер бұлай қосарласа, көңілінде Аллаһ пен Оның елшісін теңестірген ой ұялап қалуы кәдік. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дәрежесі өзіне мұндай ойдың келуіне жол бермейді. Ибн Абдус-Сәләм да осылай деп есептеген. 2) Иманның шырын дәмі жайлы хадисте Аллаһ пен Оның елшісіне қатысты сүйіспеншілік бір-бірінен ажырамастай, аса тығыз байланыста. Өйткені кімде-кім Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілігін жариялап, бірақ Оның елшісін сүймесе, оның мұндай сүйіспеншілігі бекер, яғни оның еш пайдасы жоқ. Бұған Аллаһ тағаланың: «(Мұхаммед!) Егер Аллаһты сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Сонда Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді» деген сөзі дәлел (Әлі Имран, 31). Яғни Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ілесу пенделердің Аллаһқа деген сүйіспеншілігі мен Аллаһ тағаланың пенделерге деген сүйіспеншілігінің дәнекері ретінде келген. 3) Біз қарастырып отырған хадисте Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнбау – әрқайсысы өз алдына дербес мағынаға ие. «Ниса» сүресінің 59-аятында: «Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бойсұныңдар әрі өз араларыңдағы билік иелеріне» деп айтылған. Мұндағы «билік иелеріне» сөзі Аллаһқа және Оның елшісіне қосарланғанмен, оларға қатысты айтылған «бойсұныңдар» деген сөз билік иелеріне қатысты айтылмаған. Өйткені билік иелеріне бойсұну өз алдына дербес мағынаға ие емес. Бұл – әл-Байдауи және әт-Тыйбидің пікірі.
Умму Һишам бинт Хариса ибн Нұғманнан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біздің тандырымыз бен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тандыры екі жыл не бір жыл бірнеше (ай) бойы ортақ болды. Мен «Қаф. Даңқты Құранға серт» (деп басталатын сүрені) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өз аузынан үйрендім. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны әр жұма күні мінбердің үстінде адамдарға құтпа жасағанда оқитын», – деп айтқан (873/52).
Ғұмара ибн Руайбадан. Ол (бірде) Бишр ибн Маруанның мінбер үстінде қолдарын көтеріп тұрғанын көріп: «Аллаһ мына қолдардың ұсқынын бұзсын! Расында, мен Аллаһ елшісі (с.а.с.) қолымен былай еткеннен артық (қимыл жасамайтынын) көргенмін», – деп, сұқ саусағымен ишара жасаған (874/53).
Әбу Рифағадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) оның құтпа жасап тұрған сәтінде келдім. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жат жерлік бір кісі діні жайлы сұрап келді, ол діні жайлы білмейді», – дедім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған бұрылды да, құтпасын тоқтатып, қасыма келді. Оған бір орындық әкелді. Ол (орындықтың) аяқтары темір (болды) ғой деймін. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған отырып, Аллаһтың өзіне үйреткендерін маған үйретуге кірісті. Содан кейін ол құтпасына оралып, оны соңына жеткізді», – деп айтқан (876/60).
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Әдетте Аллаһ елшісі (с.а.с.) түрегеп құтпа жасайтын, сосын отыратын. Содан кейін (тағы да) орнынан тұрып, түрегеп құтпа жасайтын. Кімде-кім саған оның отырып құтпа жасағандығын хабарласа, әлбетте, өтірік айтады. Расында, мен, Аллаһпен ант етейін, онымен екі мыңнан астам намазды бірге оқыдым», – деп айтқан (862/34). Ол нан жабатын тандырды айтқан. Бишр ибн Маруан – табиғин, халифа Маруан ибн әл-Хәкамның ұлы, ағасы Абдул- Мәлик ибн Маруанның халифалығы кезінде әуелі Куфаның, сосын Басраның әміршісі болған. Әт-Тирмизидің риуаятында бұл оқиғаның құтпада дұға жасау кезінде орын алғаны айтылған. Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұсылмандарға деген мейірімі соншалықты ұлы болғанын әрі ол маңызы көбірек істі соншалықты жоғары қойғанын көрсетеді.
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқитынмын. Оның намазы да межелі, құтпасы да межелі болатын», – деген (866/41). тұрса да, намаз оқиды
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) жұма күні Суләйк әл-Ғатафани келді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мінбер үстінде отырған-ды. Суләйк намаз оқымастан отырды. Пайғамбар (с.а.с.) одан: «Сен екі ракағат намаз оқыдың ба?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Орныңнан тұрып, екі ракағат намаз оқы», – деді», – деп айтқан (875/58).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жұма күні имам құтпа жасап тұрғанда, жолдасыңа: «Тыныш», – десең, шынымен бос сөз сөйлеген боласың», – деген (851/11). Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намазы мен құтпасының тым ұзақ та емес және тым қысқа да емес, орта межеде болғанын білдіреді (ән-Нәуәуи). Мұнда мешітке сәлем ретінде оқылатын екі ракағаттық намаз айтылған. Үш мазһабта және Әбу Ханифаның шәкірті Әбу Юсуфтың пікірінше, имам мінберде құтпа оқып тұрғанда, бұл намазды оқуға болады. Ал ханафи мазһабында имамның құтпасын тыңдау уәжіп болғандықтан, нәпіл намазы оқылмайды. Әйтсе де біреу құтпа кезінде сөйлесе, оған үнсіздік сақтауды ишарамен көрсету керек (ән-Нәуәуи). Имам Әбу Юсуф пен Мұхаммед имам халық алдына шыққаннан кейін, ол құтпа жасамай тұрғанда сөйлегенге күнә жоқ деп есептеген (әл- Марғинани). Олар әш-Шафиғи («Умм», 1/175), Сағләбә ибн Әбу Мәликтен жеткізген хабарды дәлел еткен. Онда: «Омар мінберде отырғанда, (сахабалар) сөйлесе беретін. Азаншы тоқтағанда (яғни намазға азан шақырып болғанда), Омар орнынан тұратын да, содан кейін ешкім сөйлемейтін» делінген. Тағы бір риуаятта: «Имамның отыруы зікірді тоқтатады, ал оның сөзі (басқалардың) сөйлеуін тоқтатады» деген қосымша келген. Ән-Нәуәуи бұл хабарды «сахих» санатына жатқызады. Әрі мұны Ибн Әбу Шәйбә «Мусаннаф» кітабында Сағләбә ибн (Әбу) Мәлик әл-Құразиден жеткізген хабар қуаттай түседі. Онда: «Мен Омар мен Османның (халифалығын) көрдім. Сонда имам жұмаға шыққан кезде, намаз оқуды тоқтататынбыз. Ал ол сөйлей (бастағанда), сөйлеуді тоқтататынбыз» деп айтылған. Кейбір мухаддистер бұл хадистің иснадын «сахих» санаған. артықшылығы жайлы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім ғұсыл құйынып, сосын жұмаға келсе және мүмкіндігінше намаз оқыса, сосын (имам) құтпасын аяқтағанша үнсіздік сақтаса, содан кейін онымен бірге намаз оқыса, оның келесі жұмаға дейінгі және тағы үш күн бойы (жасаған күнәлары) кешіріледі», – деп айтқан (857/26). сені (жұма құтпасында) тік тұрған бойыңда қалдырып кетті» дегені жөнінде
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) жұма күні түрегеліп құтпа жасап тұр еді. (Сол кезде) Шамнан керуен келді де, адамдар соған кетіп қалды. Сөйтіп, (құтпада) он екі кісіден басқа (ешкім) қалмады. Сонда «Жұма» (сүресіндегі): «Олар сауданы не сауықты көргенде, оған тарап, сені тік тұрған бойыңда қалдырып кетті» (деген) осы аят түсірілген (863/36).
Нұғман ибн Бәширден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) екі айт және жұма (намаздарында) «Асқақ Раббыңның есімін дәріпте» және «Саған (бүкіл әлемді) қаптайтын (Қиямет күнінің) хабары келді ме?» (деп басталатын сүрелерді4) оқитын»; «Айт және жұма (намаздары) бір күнге сәйкес келсе, ол екі намазда да осы екеуін оқитын», – деп айтқан (878/62). Мұнда жұма намазының құтпасынан бұрын ракағат саны шектеусіз нәпіл намазын оқудың мустахаб екеніне дәлел бар. Ғұламалардың басым көпшілігі осылай деп есептейді. Сондай-ақ бұл хадисте құтпадан кейін жұма намазының парызы басталғанға дейін сөйлеуге рұқсат етілетініне сілтеме келген (ән-Нәуәуи). «Жұма» сүресі, 11-аят. Тағы бір риуаятта: «он екі адам, Әбу Бәкір де солармен бірге еді»; «мен де (яғни Жәбир) солармен бірге болдым» делінген. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында айтқандай, Ғұқайлидің риуаяттарының бірінде құтпада төрт халифа, Ибн Масғұд және ансарлар қатарындағы адамдар қалғаны көрсетілген. Ғұқайли жеткізген өзге бір риуаятта: «жаннатпен сүйіншіленген он (сахаба), Біләл және Ибн Масғұд (қалды)» деп айтылған. Кейбір ғалымдар бұл хадисті жұма намазын он екі адаммен оқуға болатындығына дәлел ретінде келтірген. Ал енді біреулері жұма намазы үшін арнайы бір сан мөлшерін белгілеуге қатысты анық дәлелдің жоқ екендігін айтады. Имам Бурһануддин әл-Марғинанидің «әл-Һидая» кітабында айтуынша, имам Әбу Юсуф пен Мұхаммед жұма намазын оқу үшін имамнан басқа екі адам жеткілікті, ал имам Әбу Ханифа имамнан басқа үш адам жеткілікті деп есептеген. Бұл – «Ағлә» және «Ғашия» сүрелері.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жұмадан кейін намаз оқысаңдар, төрт (ракағат) намаз оқыңдар», – деді», – деп айтқан. (Басқа) бір риуаятта Суһәйл 1: «Егер сен қандай да бір іске асықсаң, онда мешітте екі ракағат, оралғаннан кейін екі ракағат намаз оқы», – деген (881/68).
Абдуллаһ (ибн Омардан) (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол жұма намазын оқыған соң, (үйіне) қайтып, үйінде екі ракағат намаз оқитын. Содан кейін ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) осылай жасайтын», – дейтін (882/70). сыртқа шықпай тұрып намаз оқымайды
Омар ибн Ата ибн Әбул-Хуардан . (Бірде) Нафиғ ибн Жубәйр оны Сәиб ибн Ухту Нәмирге (Аллаһ оған разы болсын), Муғауияның (Аллаһ оған разы болсын) одан намазда көргені жайында сұрауы үшін жіберген. Сонда ол: «Иә, мен онымен бірге (мешіттегі) бөлмеде жұма (намазын) оқыдым. Имам сәлем берген соң, мен орнымнан тұрып, сол орнымда намаз оқыдым. Ол ішке кірген соң, маған (адам) жіберіп: «(Енді әлгінде) жасағаныңды қайталама. Жұма намазын оқыған соң, сөйлемей не сыртқа шықпай тұрып, оның соңынан ешбір намазды жалғастырма. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге осыны, біз сөйлемей не сыртқа шықпастан, ешбір намазды (басқа) намазбен жалғастырмауымызды бұйырды», – деді», – деп айтқан (883/73).
Хакам ибн Минадан . Абдуллаһ ибн Омар мен Әбу Һурайра (Аллаһ оларға разы болсын) оған Аллаһ елшісі (с.а.с.) мінберінің тақтайларында Суһәйл ибн Әбу Салих – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Сахаба Жубәйр ибн Мутғимнің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни басшы пайда бар деп тапса, мешітте бөлме жасауға рұқсат етіледі (ән- Нәуәуи). Кейбіреулер мұндай бөлмені алғаш жасаған Муғауия (Аллаһ оған разы болсын) екендігін айтқан. Муғауия оны өзіне хауариждер қастандық жасамақ болғаннан кейін жасатқан болатын. Басқа ғалымдардың пікірінше, мұндай бөлмеде жұма намазын оқуға бір шарт бойынша ғана рұқсат етіледі. Бұл шарт: бөлме белгілі бір адамдар тобына ғана арналмаған болуы керек, яғни ол бөлменің есігі кез келген мұсылман үшін ашық болу керек. Табиғин, хадис жеткізуші. (тұрып): «Адамдар жұма (намаздарды) қалдыруларын тоқтататын болсын. Әйтпесе Аллаһ олардың жүрегіне мөр басатын болады. Содан кейін олар бейғамдардан болады», – деп айтқанын естігендерін әңгімелеп берген (865/40). Мұндағы «мөр басатын болады» деген сөзге қатысты түрлі пікір айтылған. Ол пікірлердің бастауы мұндай адамдар игіліктен қағылады десе, аяғы олардың жүрегінде надандық, қатыгездік, тіпті күпірлік пайда болады дегенге барып тіреледі. Сондай-ақ бұл тұрғыда өзге де «сахих» және «хасан» хадистер бар. Ол хадистерде жұма намазына уәжді себепсіз, зәруліксіз немесе жеңіл қарау салдарынан үш рет қатыспай қалған адамдардың жүрегіне мөр басылатыны туралы айтылған. Бұл хадистерді Ибн Мәжәһ, әт-Тирмизи және Ибн Хузайма, Әбул-Жәдд әз-Зәмириден, Ибн Мәжәһ, Жәбирден жеткізген. Жұма намазына уәжді себептермен қатыса алмаған адам не істеуі керектігі жөніндегі мәселеге қатысты мынадай хабар келген: Абдуллаһ ибн Масғұд (Аллаһ оған разы болсын): «Кімде-кім жұма намазының бір ракағатына үлгерсе, оған тағы бір ракағат қоссын (яғни толықтырсын). Ал кімде-кім екі ракағатты да өткізіп алса, төрт ракағат оқысын», – деген. Әт-Табаранидің «Кәбир» кітабында нақыл етуі бойынша әрі мухаддистердің пікіріне сүйенсек, бұл хадистің иснады «хасан» санатына жатады. Осыған ұқсас хабарды әл-Бәйһақи, Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген. Демек, жұманы өткізіп алған адам бесін намазын оқуы керек. Бұл – түгелдей дерлік ғалымдардың пікірі. Ал жұма намазына кешігіп келген адам қай кезде оған үлгерген болып саналады? Бұл мәселеге қатысты ән-Нәсәи, Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Жұма намазының бір ракағатына үлгерген (адам) жұма намазына үлгереді», – дегені айтылған. Осыған ұқсас хадисті ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ және әд-Дарақутни Ибн Омардан жеткізген. Мұнда рукуғқа үлгерген адам намазға үлгерген болып саналады. Ғұламалардың басым көпшілігі «Жұма намазына екінші ракағаттың рукуғынан кейін келген адам намазға қосылып, намаз аяқталған соң төрт ракағат намаз оқуы керек» деген пікірді ұстанған. Яғни мұндай кезде адам бесін намазына қоса ниет етеді. Имам Бурһануддин әл-Марғинанидің айтуынша, имам Мұхаммед «Егер адам екінші ракағаттың көп бөлігіне (яғни рукуғына) үлгерсе, жұма намазын толықтырады» деген пікір білдірген. Ал керісінше жағдайда ол бесін намазын толықтырады. Имам Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф «Мұндай жағдайда ол жұма намазына үлгерген болып саналу үшін өзі қатыса алмай қалған екі ракағатты оқиды» деп есептеген. «Жұма намазына қатысу кімдерге парыз?» деген мәселені қарастырсақ, әл-Хаким, Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте жұма намазының құлдардан, әйелдерден, жас балалардан және науқас адамдардан басқа барлық мұсылмандарға парыз екендігі айтылған. Сондай-ақ бұл хадисті Әбу Дәуд (№1067), Тариқтан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген әрі мухаддистер оны «сахих» хадис санатына жатқызған. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында айтқандай, біздің мазһаб ғалымдарының пікірлері де осыған тоғысады. ЕКІ АЙТ НАМАЗЫ
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге екі айт намазын бір рет емес, екі рет емес, (бірнеше рет) азансыз және қаматсыз оқыдым», – деп айтқан (887/7).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Аллаһтың пайғамбарымен (с.а.с.), Әбу Бәкірмен, Омармен және Османмен (Аллаһ оларға разы болсын) бірге ауызашар (айты) намазына қатыстым. Олардың бәрі оны құтпадан бұрын оқитын да, сосын құтпа жасайтын »; «Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) төмен түсті , мен ол қолымен (ишара жасап), ер кісілерді отырғызып жатқанын көріп тұрғандаймын. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) олардың (саптарын) жара, әйелдерге келді. Онымен бірге Біләл бар еді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Ей, Пайғамбар! Қашан саған мүмін әйелдер Аллаһқа еш нәрсені серік қоспауға ант беруге келсе...» – деп, осы аятты аяғына дейін оқыды. Содан кейін оны оқып болған соң: «Сендер осы үшін (келдіңдер ме)?» – деп (сұрады). Бір әйел: «Иә, уа, Аллаһтың пайғамбары!» – деді. (Әйелдерден) одан басқа ешкім оған жауап қайтармады. Сол уақытта ол (әйелдің) кім екені белгілі емес- ті . Сонда (әйелдер) садақа берді. Біләл киімін төсеп: «Мұнда (салыңдар), ата-анам сендерге пида болсын!» – деді. Сөйтіп, олар тасы жоқ және тасы бар жүзіктерді Біләлдің киіміне тастай бастады», – деп айтқан (884/1).
Ғұбайдуллаһ ибн Абдуллаһтан . (Бірде) Омар ибн әл-Хаттаб, Әбу Уақид әл-Ләйсиден (Аллаһ ол екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрбан (айтта) және ауызашар (айтында) не оқитын еді?» – деп сұрайды. Сонда ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) оларда: «Қаф. Даңқты Құранға серт» және Әл-Ирақи айтқандай, барлық ғұламалар осы амалды ұстанады. Ән-Нәуәуи мен Қазы Ғиядтың айтуынша, барлық ғұламаның пікірі «құтпа айт намазынан кейін жасалады» дегенге тоғысады. Яғни ол құтпа жасап болған соң төмен түскен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға отыруды бұйырған. «Мумтахина» сүресі, 12-аят. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда мәтіндік қате кеткен. Дұрысы, әл-Бұхаридің риуаятында көрсетілгендей: «Хасан ол (әйелдің) кім екенін білмеген». Хасан ибн Муслим – осы хадисті жеткізушілердің бірі. Табиғин, ғұлама, хадис жеткізуші. «Қиямет сағаты жақындады. Ай жарылды» (деп басталатын сүрелерді1) оқитын», – деп айтқан (891/14). намаз оқымау
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрбан не ауызашар (айты) күні шығып, екі ракағат намаз оқыған (және) одан бұрын да, кейін де намаз оқымаған . Содан кейін Біләлмен бірге әйелдерге келіп, оларға садақа беруді бұйырған. Сонда әйелдер (садақаға) сырғалары мен алқаларын тастай бастаған (884/13).
Умму Атиядан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге ауызашар және құрбан (айттарында әйелдерді): қыздарды, хайыз жағдайындағы әйелдерді және шымылдықта отырған бойжеткендерді (намаз оқитын орынға) шығаруымызды бұйырды. Алайда хайыз жағдайындағы әйелдер намаздан оқшау тұрып, жақсылыққа және мұсылмандардың дұғасына қатысады . Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біреуіміздің жилбабы болмаса ше?» – деп (сұраған едім): «Оған әпкесі (не сіңлісі) жилбабынан кигізсін» , – деп айтты», – деген (890/12). Мұнда «Қаф» және «Қамар» сүрелері туралы айтылған. Мусаллә – Пайғамбарымыз (с.а.с.) заманында мешіттер тар болғандықтан, айт намазы секілді Мәдина қаласының айналасындағы ауылдық жерлерде тұратындар да қатысатын, көп жамағатты намаз оқу үшін қала сыртындағы арнайы орын. Имам Бурһануддин әл-Марғинани айт намазынан бұрын мусалләда нәпіл намазының оқылмайтындығын айтқан. Мұндағы дәлел көзі – Әбу Сағид әл- Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадис. Онда: «Пайғамбар (с.а.с.) айт намазынан бұрын намаз оқымайтын, ал үйіне оралған соң, екі ракағат намаз оқитын» делінген. Хадисті Ибн Мәжәһ (№1293) жеткізген. Ибн Хажар «Булуғ әл- марам» кітабында айтқандай және басқа да мухаддистердің айтуынша, оның иснады «хасан» санатына жатады. Яғни нәпіл намазды айт намазынан кейін үйде оқуға болады. Ал біз қарастырып отырған хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) айт намазынан бұрын және кейін намаз оқитын орында нәпіл намазын оқымағаны айтылған. Мұнда игі бастамаларға, дұғаға және білім алуға әйелдердің де қатысуының мустахаб екендігіне сілтеме бар (ән-Нәуәуи). Әйелдердің сыртқа шыққанда киетін, басты және бүкіл денені жауып тұратын сырт киімі. Мұнда айт намаздарына барлық мұсылманның қатысуына және олардың өзара бір- біріне көмек қолын созуына ынталандырудың бар екенін көреміз (ән-Нәуәуи).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) (менің үйіме) кірді. Менің қасымда екі қыз Буғас әнін айтып отырған еді . (Пайғамбар (с.а.с.)) төсекке жатып, бетін бұрып алды. (Содан кейін) Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) кірді де, маған ұрсып: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында шайтанның сырнайы (ойнап жатыр ма)?» – деді . Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған бұрылып: «Оларды жөніне қалдыр», – деді . (Пайғамбар (с.а.с.)) аңдаусыз қалғанда, мен оларға ишара жасадым да, олар шығып кетті. Сондай-ақ айт күні қара тәнді кісілер тері қалқандармен және найзалармен ойын-сауық құратын. Сонда не Аллаһ елшісіне (с.а.с.) мен өзім өтініш жасадым, не ол өзі (с.а.с.): «Тамашалауды қалайсың ба?» – деп (сұрады). Мен: «Иә», – дедім. Ол мені арқа тұсына тұрғызды, менің самайым оның самайына (тиіп тұрды) . Ол (с.а.с.): «Қане, Буғасқа қатысты бірнеше пікір айтылған. Мәселен: 1) Имам Ахмад жеткізген хабарда Буғас күні мәдиналық әус және хазраж тайпалары арасында соғыс болғандығы айтылған. 2) Бұл – Мәдинадан екі күндік қашықтықтағы жердің аты. 3) Бұл – әус тайпасы қамалының атауы. 4) Ибн Хажардың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударудан үш жыл бұрын ансарлар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Исламды ұстануға алғаш рет осы Буғас күні ант берген-тұғын (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Тағы бір риуаяттарда бұл қыздар шығыршық тағылмаған даңғыра шалғаны туралы айтылған. Айт мерекелерінде және қуанышты күндерде (мәселен, тойда) әйелдер мен балаларға мағынасы шариғатқа қайшы келмейтін әндер айтуға рұқсат етіледі және шығыршық тағылмаған даңғырада ойнауға да болады. Ғұламалардың, солардың қатарында біздің мазһаб ғалымдарының да пікірлері – осы. Бұл жайлы Ибн Һумам «Фатх әл-Қадир» кітабында анық айта отырып, дәлел ретінде хадистер де келтірген. Бұл аспаптың шайтанмен байланыстырылғанының себебі: оның көңіл көтеруге жататындығы әрі оның жүректерді Аллаһты еске алудан алдандыратындығы. Осы хадистің басқа бір риуаятында Аллаһ елшісі (с.а.с.) киіміне оранып жатқаны айтылған. Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) мұны көріп, Пайғамбар (с.а.с.) ұйықтап жатыр және болып жатқан жайттан хабарсыз деп ойласа керек-ті. Әйтпегенде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үнсіз келісімі-ақ Әбу Бәкірге жеткілікті болар еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) киіміне оранып жатуы оның дәрежесі мұндай әнді тыңдаудан жоғары екенін көрсетеді. Алайда оның үнсіз құптауы ән айтуға рұқсат етілетіндігін аңдатады (Ибн Хажар). Басқа риуаятта: «Шын мәнінде, бұл – мереке күндері»; Тағы бірінде: «Әр халықтың өз мерекесі бар, ал бұл – олардың мерекесі» деп айтылған. Бұл жерде әйелдерге жұмсақ мәміле жасау қажеттігі көрсетілген (Ибн Хажар). Келесі бір риуаятта Айша: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені шекпенімен қалқалап тұрды. Ал мен ойын-сауық құрып жатқан эфиоптарды тамашаладым. (Ол кезде) мен жас едім», – деген. Мұнда мешітте соғыс ойындарын құруға рұқсат етілетіндігіне де сілтеме бар. Сондай-ақ мұнда ер адамдардың осындай ойындарын әйелдердің тамашалауына рұқсат етілетіні де меңзелген. Бірақ ондай кезде әйелдер олардың ей, Арфида әулеті1!» – деді. Жалыққан кезімде, ол (с.а.с.): «Саған жеткілікті ме?» – деп (сұрады). Мен: «Иә», – дедім. Ол (с.а.с.): «Онда бара бер», – деді», – деген (892/19). денелеріне құмарлықпен қарамауы керек (ән-Нәуәуи). Ғұламалардың бірауызды пікірі бойынша, әйелдің махрамы саналмайтын ер адамның жүзіне құмарлықпен көз салуына да тыйым салынады. Эфиоптардың лақабы. ЖОЛАУШЫНЫҢ НАМАЗЫ
Яғла ибн Умәййәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын): «Егер кәпірлік қылғандардың бүлік жасауынан қорықсаңдар, сендерге намазды қысқартуларыңда күнә жоқ» , енді адамдар қауіпсіз болды ғой?» – деп (сұрағанымда), ол: «Сен таңғалғанға мен де таңғалған едім. Сөйтіп, Аллаһ елшісінен (с.а.с.) осы жайлы сұрадым. Сонда ол: «(Бұл) – Аллаһтың сендерге берген садақасы. Сондықтан Оның садақасын қабыл алыңдар», – деп айтты», – деді», – деген (686/4).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ пайғамбарларыңның (с.а.с.) тілімен намазды тұрғылықты кезде төрт (ракағат), сапарда екі ракағат, ал қауіп-қатер кезінде бір ракағат етіп парыз етті», – деген (687/5).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге бесін (намазын) Мәдинада төрт (ракағат) оқыдым. Ал онымен бірге асрды Зул-Хуләйфада екі ракағат оқыдым», – деген (690/11). «Ниса» сүресі, 101-аят. Мұнда сапар кезінде қауіп болмаса да, намазды қысқартып оқуға нұсқау бар (ән- Нәуәуи). Сапарда намазды қысқартып оқудың міндетті екендігі жайлы пікірді сахабалардан Омар, Әли, Ибн Масғұд, Ибн Аббас, Ибн Омар және Жәбир (Аллаһ оларға разы болсын), сондай-ақ біздің мазһаб ғалымдары да ұстанған. Қауіп-қатер кезінде сахабалар намаздың екінші ракағатын имамнан бөлек, өз беттерінше оқыған. Сондықтан мұнда имаммен бірге оқылатын бір ракағат туралы ғана айтылған (ән-Нәуәуи). Ал әс-Синди «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесінде қауіп-қатер кезінде бір ракағат оқу парыз, ал екінші ракағат мустахаб саналатындығын айтқан. Ән-Нәуәуи, Мәдина мен Зул-Хуләйфаның арасы – 6 миль, ал басқалар 7 миль екенін айтқан (Сәйид Сабиқ «Фиқһ әс-сунна» кітабында, 1 миль – 1748 метрге тең деп көрсеткен). Имам Әбу Ханифа намазды (жаяу адамның жүрісімен) үш күндік сапарда қысқарту керек деп есептеген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани, Әбу Юсуф бұған екі күнді және үшінші күннің көп бөлігін қамтитын сапарды белгілегенін айтқан. Ибн Мунзирдің айтуынша, ғұламалар егер жолаушы қандай да бір жерге тоқтамаса, ол жылдар өтсе де намазды қысқартып оқитыны жөнінде бірауызды келісімде (Сәйид Сабиқ, «Фиқһ әс-сунна»). Осыған ұқсас пікірді әт-Тирмизи «Сунән» кітабында да ұсынған. Қандай да бір орында белгілі бір уақытқа тоқтау мәселесінде, мысалы, жолаушы бір орынға он бес күнге тоқтап, содан кейін сапарын
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Мәдинадан Мекке бағытына бет алдық. Сонда ол қайта оралғанша намазды екі-екі ракағаттан ғана оқыды», – деп айтқан. Мен1: «Ол Меккеде қанша (уақыт) тұрды?» – деп (сұрағанымда), ол: «Он (күн)», – деп (жауап берді)», – деген. (Келесі) бір риуаятта: «Мәдинадан қажылыққа шықтық» (делінген) (693/15).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.), Әбу Бәкір және Омар, ал Осман сегіз жыл (не алты жыл) Минада жолаушы намазын оқыды», – деген . Хафс4: «Ибн Омар Минадағы кезінде намазды екі ракағаттан оқитын да, содан кейін төсегіне келетін. Мен: «Уа, көкешім! Бұдан кейін (тағы) екі ракағат намаз оқымайсың ба?» – дегенімде, ол: «Егер бұлай жасасам, намазды толық оқимын ғой », – деді», – деп айтқан (694/18).
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) сапар кезінде асықса, бесін (намазын) асрдың әуелгі уақытына дейін кешіктіретін де, ол екеуін бірге оқитын. Сондай-ақ шам (намазын) кешіктіріп, оны шапақ жоғалар кезде құптанмен қатар оқитын (704/48). жалғастыруды ниет етсе, ол осы он бес күн бойы тұрғылықты жерінде тұрған болып есептеледі. Мұнда осы хадисті жеткізушілердің бірі табиғин Яхия ибн Әбу Исхақ туралы айтылған. Бұл хадисте қоштасу қажылығы айтылған (ән-Нәуәуи). Әл-Бәйһақидің риуаятында: «Шам намазынан басқа (намаздарда)» деп көрсетілген (Ибн Хажар). Өйткені шам намазы үш ракағаттан тұрады. Намазды қысқартуды тұрғылықты орыннан шыққаннан бастау керек, ал ол тұрғылықты орынға келгеннен кейін тоқтатылады. Ғұламалардың көпшілігі осы пікірді ұстанған. Бұл жайлы Сәйид Сабиқ «Фиқһ әс- сунна» кітабында айтқан. Осы кітаптағы 444-хадистің түсіндірмесін қараңыз. Хафс ибн Асим – табиғин, хадис жеткізуші, осы хадисті Ибн Омардан жеткізген. Яғни оны толық оқып, жолаушыға рұқсат етілген жеңілдіктен бас тартқан боламын. Имам әт-Тахауи «Шарх мушкил әл-әсәр» кітабында айтқандай, біздің мазһабта намаздарды біріктіру жайлы хадистер оларды уақыт бойынша емес, іс жүзінде біріктіру деп түсіндіріледі. Яғни бесін намазын уақыты шығар алдында, ал асрды оның алғашқы уақытында оқу керек деп есептейді. Бұған дәлел ретінде әл- Бұхаридің «Сахихінде» келген Ибн Масғұдтың хадисі ұсынылған. Онда: «Мен, намазды біріктіруде болмаса, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) намазды өз уақытынан тыс
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинада қауіп-қатерсіз және жаңбырсыз (күнде) бесін мен асрды, шам мен құптанды бірге оқыды», – деген. Уакиғтың хадисінде ол: «Мен Ибн Аббастан: «Ол не үшін осылай жасады?» – деп (сұрадым). Ол: «Үмбетіне қиындық тудырмау үшін», – деп (жауап қатты)», – деген. Әбу Муғауияның хадисінде Ибн Аббастан: «Ол бұл арқылы нені көздеді?» – деп (сұрағанда), ол: «Үмбетіне қиындық тудырмауды қалады», – деп айтқан (705/50). оқуы
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол суық, желді және жаңбырлы бір түні намазға азан шақырып, азанының соңында: «Намазды өз жайларыңда оқыңдар! Намазды өз жайларыңда оқыңдар!» – деп (қосқан). Содан кейін: «Расында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) сапардағы кезінде суық не жаңбырлы түні азаншыға: «Намазды өз жайларыңда оқыңдар!» – деп айтуды бұйыратын», – деген (697/22). оқығанын көрген емеспін. Өйткені ол (Муздалифада) жиналған орында шам намазын құптанмен бірге оқитын. Ал таң намазын оның әдеттегі уақытынан бұрын оқитын» деп айтылған. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) таң намазын Муздалифада қараңғылық сейілмей тұрғанда, таңның ең алғашқы уақытында оқитын. Демек, біздің мазһабта намаздарды уақыт бойынша, шын мәнінде, біріктіру Арафат пен Муздалифада ғана жасалады. Онда шам және құптан намаздарын бірге оқиды. Уакиғ ибн әл-Жәррах – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғұлама, хадис жеткізуші. Әбу Муғауия – Мұхаммед ибн Хәзим әд-Дәрир, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Имам Ахмад, Қазы Хусейн, әл-Хаттаби, әл-Мутәуәлли және әр-Руяни бұл хадисті намаздарды науқастанып қалғанда немесе осыған ұқсас уәжді себептер туындағанда біріктіру деп түсінген. Имамдардың бір тобы «зәрулік туындағанда тұрғылықты орында да намаздарды біріктіруге рұқсат етіледі» деп есептеген. Бірақ бұлай оқуды әдетке айналдырмау қажет. Бұл – Ибн Сириннің, Ашһабтың, Кәффәл әш-Шашидің және бір топ мухаддис пен Ибн Мунзирдің пікірі (ән-Нәуәуи). Имам Мәлик, әш- Шафиғи және Ахмадтың пікірлері бойынша, жаңбырлы күнде шам және құптан намаздарын қатар оқуға рұқсат етіледі. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Әбу Дәуд, Ибн Мәжәһ және әл-Бәйһақи жеткізген басқа хадистерде Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларға Худайбия келісімі жасалар кезде тоқтаған орындарында намаз оқуды бұйырған. Бұл хадис жаңбырлы күнде жамағат намазына шықпай, оны үйде жеке оқуға рұқсат етілетінін білдіреді.
Хафс ибн Асимнан . Ол: «Мен Мекке жолы бойында Ибн Омарға (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) серік болдым. Ол бізге имам болып, бесін намазын екі ракағат етіп оқыды. Содан кейін ол кетті, біз де онымен бірге бардық. Сөйтіп, ол (тоқтаған) жайына келіп отырды. Оның қасына біз де жайғастық. Оның назары өзі намаз оқыған орынға түсті де, (намаз оқып) тұрған бір адамдарды көріп: «Мыналар не істеп жатыр?» – деп (сұрады). Мен: «Олар нәпіл намаздарын оқып жатыр», – дедім. Ол: «Егер мен нәпіл намаз оқысам, намазымды толық еткен болар едім. Ей, бауырымның ұлы! Расында, мен сапарда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) серік болдым. Ол Аллаһ өзін алғанша екі ракағатқа (ешқандай намаз) қосқан емес . Сондай-ақ мен Әбу Бәкірге де серік болдым. Ол да Аллаһ өзін алғанша екі ракағатқа (ешқандай намаз) қосқан емес. Сондай-ақ Омарға серік болдым. Ол да Аллаһ өзін алғанға дейін екі ракағатқа (ешқандай намаз) қосқан емес. Содан кейін Османға серік болдым. Ол да Аллаһ өзін алғанша екі ракағатқа (ешқандай намаз) қосқан емес . Расында, Аллаһ: «Негізінде, сендер үшін Аллаһ елшісінде көркем өнеге бар» , – деді», – деп айтты», – деген (689/8).
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) нәпіл намаздарды түйе үстінде, ол қай бағытқа бет алса, (сол жаққа) қарап оқитын. Сондай-ақ ол (түйенің) үстінде үтір Хафс ибн Асим – табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда әдетте парыз намаздардан бұрын және кейін оқылатын нәпіл намаздар («рауатиб») меңзелген. Әл-Бұхари өзінің «Сахихінде» бір тараудың тақырыбы арқылы осыған нұсқаған. Сондай-ақ бұған Мұхаммед Азим Әбәди «Аун әл- Маъбуд» кітабында және Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында сілтеме жасаған. Ибн Хажар бұл намаздардың сапарда оқылмайтынын айтады және бұл пікірді имам Ибн Һумам да ұстанған. Ол өзінің «Фатх әл-Қадир» кітабында біздің мазһаб ғалымдарының көпшілігінің пікірі осыған тоғысатынын айтқан. Ал басқа нәпіл намаздарын, мәселен, түнгі, дұха, таң намазындағы екі ракағат нәпіл намаздарын Аллаһ елшісі (с.а.с.) сапарда оқығаны жайлы хабар бар. Әл-Бұхари Амир ибн Рабиғтан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте «Пайғамбар (с.а.с.) сапарда болған кезінде, түйесінің үстінде отырған күйі, (түйесі) қай бағытқа бет алып бара жатса, (сол жаққа) қарап түнгі нәпіл намазын оқығаны» айтылған. Осы кітаптағы 440-хадисте Османның (Аллаһ оған разы болсын) Минада сегіз не алты жыл намазды қысқартып оқығаны, содан кейін намазды Минада толық оқуға көшкені айтылған. Ән-Нәуәуи айтқандай, ғұламалар Османның мұны Минада ғана жасағандығын көрсеткен. Жоғарыдағы түсіндірмелерде, Османның (Аллаһ оған разы болсын) «Сапарда намазды қысқарту міндет емес» деп есептегені айтылған болатын. «Ахзаб» сүресі, 21-аят. намазын да оқитын. Бірақ ол парыз (намаздарды түйе) үстінде оқымайтын», – деп айтқан (700/39).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге бір жорыққа шықтым. Түйем шаршағандықтан, мен артта қалдым. Сөйтіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) менен бұрын келді де, мен таңертең келдім. Мешітке келіп, оны мешіт қақпасының алдында жолықтырдым. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Қазір ғана келдің бе?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім. «Түйеңді қалдыр да, ішке кіріп, екі ракағат намаз оқы», – деді. Сөйтіп, мен ішке кіріп, намаз оқыған соң қайттым», – деп айтқан (715/73).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге жуһайна (тайпасының) бір қауымына қарсы жорыққа шықтық. Олар бізбен аянбай соғысты. Біз бесін (намазын) оқыған кезде, мүшріктер: «Біз оларға ұмтылсақ, оларды қырып салар едік», – депті. Мұны Жәбірейіл Аллаһ елшісіне (с.а.с.) хабарлады, ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұны бізге айтып берді. Сондай-ақ (мүшріктер): «Оларға таяу арада тағы да намаз (уақыты) келеді. Бұл (яғни намаз) оларға балаларынан да сүйікті», – депті. Сөйтіп, аср (намазының уақыты) келгенде, (Пайғамбар (с.а.с.)) бізді екі сапқа тұрғызды. Мүшріктер біз бен құбыланың арасында тұрды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) тәкбір айтты, біз де тәкбір айттық. Ол рукуғ жасады, біз де рукуғ жасадық. Сосын ол сәждеге барды да, онымен бірге Ғұламалардың көпшілігі «Үтір намазы – сүннет» деп есептейді және «оны көлік үстінде оқуға рұқсат етіледі» деп көрсетеді. Алайда біздің мазһаб ғалымдары үтір намазын уәжіп деп санап, оны көлік үстінде оқуға рұқсат етілмейтінін айтқан. Ал парыз намаздарға келсек, қазіргі заманда жолаушылардың жиі тап болатын жағдайы тасымалдау көлігі парыз намазы кезінде тоқтамайды. Қазіргі ғалымдардың кейбіреулері бұған қатысты мынадай пәтуа шығарған: егер жолаушы ұшақта не автобуста отырып, құбылаға қарауға мүмкіндігі болмаса, ол көліктің құбылаға бағыт алуын күтіп, сол кезде намазын оқуға кіріседі. Ал егер көлік парыз намазының уақыты бойында құбылаға бағыт алмайтын болса, онда ол намазды көлік бет алып бара жатқан бағытқа қарап оқиды. Бұл хадисте сапардан оралған соң екі ракағат намаз оқудың мустахаб екендігіне сілтеме бар (ән-Нәуәуи). Муслимнің «Сахихінде» Убәй ибн Кағбтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте (№716): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) сапардан әрдайым күндіз, күннің алғашқы жартысында оралатын. Келген бетте мешітке түсіп, онда екі ракағат намаз оқитын да, сосын сонда (біраз) отыратын» деп айтылған. әуелгі сап сәждеге барды . Олар орындарынан көтерілген соң, екінші сап сәжде жасады. Содан кейін әуелгі сап кейін шегінді де, екінші сап алға өтті. Сөйтіп, олар әуелгі саптың орнына тұрды да, Аллаһ елшісі (с.а.с.) тәкбір айтты, біз де тәкбір айттық. Ол рукуғ жасады, біз де рукуғ жасадық. Сосын онымен бірге бірінші сап сәждеге барды да, екінші сап түрегеп тұрды . Екінші сап сәжде жасап болған соң, барлығы отырып, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға сәлем берді », – деген. Әбу Зубәйр6: «Содан кейін Жәбир жекелей: «Мына басшыларың намаз оқитындай», – деді», – деп айтқан (840/308).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде күн тұтылғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз оқуға тұрды. Ол өте ұзақ уақыт қиямда тұрды. Сосын рукуғ жасап, өте ұзақ уақыт рукуғта болды. Сосын басын көтеріп, өте ұзақ уақыт қиямда тұрды, (бірақ) бұл алғашқы қиямдай (ұзақ) болмады. Сосын (тағы да) рукуғ жасап, өте ұзақ уақыт рукуғта болды, (бірақ бұл) алғашқы рукуғтай (ұзақ) болмады. Сосын сәждеге барды . Сосын (екінші ракағатқа) түрегеліп, ұзақ уақыт қиямда тұрды, (бірақ) бұл алғашқы қиямдай (ұзақ) болмады. Сосын рукуғ жасап, ұзақ уақыт рукуғта болды, (бірақ) бұл да алғашқы рукуғтай (ұзақ) болмады. Сосын басын көтеріп, түрегелді де, ұзақ уақыт қиямда тұрды, (бірақ) бұл алғашқы қиямдай (ұзақ) болмады. Сосын рукуғ жасап, ұзақ уақыт рукуғта болды, (бірақ) бұл да алғашқы рукуғтай (ұзақ) болмады. Яғни рукуғтан көтерілгеннен кейін сәждеге барды. Бұл хадистің басқа бір риуаятында осылай көрсетілген. Келесі бір риуаятта: «Екінші сапта тұрғандар дұшпандарды бетпе-бет бақылап тұрды» деген қосымша келтірілген. Басқа бір риуаятта: «Бұл – бірінші ракағатта екінші сапта тұрған мұсылмандар еді» делінген. Тағы бір риуаятта: «дұшпандарды бетпе-бет бақылап тұрды» деп айтылған. Келесі бір риуаятта: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) және бірінші сапта намаз оқып тұрғандар сәжде жасап болғаннан кейін» делінген. Енді бір риуаятта: «біз де оның соңынан осылай жасадық» деп айтылған. Әбу Зубәйр – Мұхаммед ибн Муслим әл-Мәкки, табиғин, хадис жеткізуші, осы хадисті Жәбирден жеткізген. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне қауіп намазын жерде не көлік үстінде, құбылаға не басқа жаққа қарап оқуды үйреткен (әл-Бұхари, Муслим). Ол: «Қашан бүлікке тап болсаңдар, тәкбір айтып, басты қимылдату арқылы намаз оқуларың керек», – деп айтқан (әл-Бәйһақи, сахих иснадпен). Намаз аса қауіпті кездерде осылай оқылады. Ән-Нәуәуи қауіп намазын оқудың жеті түрін келтірген және бұлардың бәріне де рұқсат етілетінін айтқан. Ахмад та бұл намазға қатысты алты не жеті сенімді хадис бар әрі оның барлық түріне рұқсат етіледі деп есептеген (қ.: Сәйид Сабиқ, «Фиқһ әс-сунна»). Қиям – намаз кезінде тік тұрған қалыпта Құран аяттарын оқитын кезең. Бұл тұста екі реттік сәжде туралы айтылған. Сосын сәжде жасады . Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) (намаздан) шықты, (бұл кезде) күн ашылған еді. Ол (с.а.с.) адамдарға құтпа жасап, Аллаһқа мақтау-мадақ айтты да, сосын: «Расында, Күн мен Ай – Аллаһтың белгілерінен. Олар біреудің өлімі не өмірге келуі себепті тұтылмайды . Егер оларды көрсеңдер, тәкбір айтыңдар, Аллаһқа дұға қылыңдар, намаз оқыңдар және садақа беріңдер. Ей, Мұхаммедтің үмбеті, өз құлының зина жасауына не күңінің зина жасауына Аллаһтан артық қызғаныш 4 білдіретін ешкім жоқ. Ей, Мұхаммедтің үмбеті, Аллаһпен ант етейін, мен білген нәрселерді білгендеріңде, сөзсіз аз күліп, көп жылар едіңдер! Мен жеткіздім бе?!...» – деді», – деген (901/1). Мұнда да екі реттік сәжде туралы айтылған. Демек, күн тұтылу намазы төрт рукуғ, төрт сәждені қамтитын екі ракағаттан тұрады. Ханафи мазһабында күн тұтылу намазы басқа намаздар секілді бір ракағаты бір рукуғ екі сәждеден тұрады. Әл- Бұхари Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте (№1065) Пайғамбардың (с.а.с.) күн тұтылу намазында Құранды дауыстап оқығандығы анық көрсетілген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани де «әл-Һидая» кітабында имам Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің аталмыш намазда Құран аяттары дауыстап оқылады деп есептегенін айтқан. Ғұламалардың көрсетуінше, Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн тұтылу намазын өмірінде бір рет қана оқыған. Әл-Бұхари Муғира ибн Шуғбадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте (№1043) Муғира: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде (оның ұлы) Ибраһим шетінеген күні күн тұтылды. Сонда адамдар: «Ибраһимнің өлімі себепті күн тұтылды», – деп шуласты. (Мұны естіген) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, Күн мен Ай біреудің өлімі не өмірге келуі себепті тұтылмайды, егер (олардың тұтылғанын) көрсеңдер, намаз оқып, Аллаһқа дұға қылыңдар», – деді», – деген. Бұл күн тұтылуы һижраның 9-жылы Пайғамбардың (с.а.с.) кіші ұлы Ибраһимнің шетінеген күніне сәйкес келген болатын. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) біз қарастырып отырған хадистегі сөздерін осы себепті айтқан. Бұл Күн мен Айды ұлықтайтын соқыр сенімдерді теріске шығарады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күн мен айдың Аллаһ тағала жаратқан аспан денелері ғана екендігін және олардың басқа жаратылыстар сияқты өзгеруі, құбылуы мүмкін екендігін түсіндірді. Сондай-ақ бұл сөздер «Күн мен Ай қандай да бір ұлы адамның өлімі не т.с.с. себептерге байланысты тұтылады» дейтін жұлдызшылардың болжамын жоққа шығарады. Ал Ибраһимнің өлімі күн тұтылуына тек қана сәйкесіп қалған. Бұл бұйрық күн тұтылған кезде намаз оқудың міндеттілігін нұсқайды. Әйтсе де көптеген ғалым «ол – сунна муаккада» деп есептеген. Зәйн ибн Мунир имам Әбу Ханифаның бұл намазды міндетті деп есептегендігін жеткізген (бұл жайлы Ибн Хажар айтқан). Ал Ибн Һумам біздің мазһаб фақиһтерінің арасында бұл намаздың міндеттілігі жайлы пікір бар екендігін айтады. Оның міндеттілігі жайлы пікірді Әбу Ауана «Сахихінде», Ибн Хузайма «Сахихінде», әш-Шәукәни «Сәйл әл-жәррар», Сыддық Хасанхан «Раудат ән-нәдия» кітабында көрсеткен және бұл пікірді басқа да кейбір мухаддистер ұстанған. Бұл жерде жай ғана қызғаныш емес, ар-намыс, абыройға дақ түсетін жағдайларда туатын ашу-ыза туралы айтылған.
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) күн тұтылған кезде, төрт сәждемен сегіз ракағат намаз оқыды», – деп айтқан (908/18).
Абдуллаһ ибн Зәйд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз оқитын орынға жаңбыр сұрай шығып, дұға қылуды қалаған кезде құбылаға бұрылып, желбегейін теріс аударып киген. (Басқа) бір риуаятта: «Ол адамдарға арқасын бұрып, құбылаға қарап дұға қылды және желбегейін теріс айналдырып, содан кейін екі ракағат намаз оқыды» (деп айтылған) (894/3, 4).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге болғанымызда, жаңбыр жауды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) киімін шешті де, оның (денесіне) жаңбыр (тамшылары) тие бастады. Біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мұны не үшін жасадың?» – деп (сұраған) едік: «Өйткені бұл жаңа ғана аса жоғары Раббының қасында болды», – деп (жауап берді)», – деген (898/13). Ибн Хиббан «Сахихінде» және басқа да кейбір мухаддистер мұны «әлсіз» хадис санатына жатқызған. Өйткені, біріншіден, бұл хадисті Таустан жеткізген Хабиб ибн Әбу Сәбит одан хадис тыңдамаған әрі ол өзі жалғанпаздықта («тәдлис») айыпталған кісі (бұл жайлы әл-Бәйһақи айтқан). Екіншіден, бұл хадис көптеген «сахих» хабарға қарама-қайшы келеді. Ол хабарларда күн тұтылу намазы төрт рукуғ, төрт сәждені қамтитын екі ракағат намаздан тұратыны айтылған. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында айтқандай, имам Әбу Юсуф пен Мұхаммед «Жаңбыр сұрау намазы имаммен бірге Құран аяттары дауыстала екі ракағат оқылады, содан кейін құтпа жасалады» деп есептеген. Сондай-ақ ғұламалардың басым көпшілігі «бұл намаз құтпаға дейін оқылады» деп санайды. Әл-Бұхаридің риуаятында жаңбыр сұрау намазында Құран аяттарының дауыстап оқылғаны айтылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, шафиғи мазһабының өкілдері «жаңбыр сұраудың үш түрі бар» деп есептейді, ол: 1) намазсыз дұға қылу; 2) жұма намазының құтпасында не парыз намазынан кейін дұға қылу; 3) намаз оқып дұға қылу әрі мұның алдында садақа беру, ораза тұту, игі істер жасау, тәубе қылу және шариғат теріске шығарғандардан бас тарту. Бұл хадис жаңбыр сұрау үшін қала сыртына шығу және киімнің астарын теріс қаратудың мустахаб екендігін көрсетеді. Әл-Хаким Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген «сахих» хадисте (1/326), «киім құрғақшылықтың жаңбырға алмасуы үшін теріс қаратылады» делінген. Мұнымен әз-Зәһәби де келіседі. Муслим Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте (№896) жаңбыр сұрау кезінде имамның қолдарын биік көтеретіндігі және алақанының сыртын жоғары қарата ұстайтындығы айтылған. Алайда имамның артында тұрған адамдар дұға тілегенде қолдарын тым жоғары көтермейді. Өйткені бізге бұған қатысты дәлел келмеген. жауғанда қуану