Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 351–400 (Намаз Кітабы)
← Хадисы 301–350ОглавлениеХадисы 401–450 →
Глава 4. Намаз Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 351
Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол Абдуллаһ ибн Харистің шашын арт жағына өрген қалпында намаз оқып тұрғанын көргенде, орнынан тұрып, (оның шашын) тарқата бастайды. (Ибн Харис намазын) аяқтаған соң Ибн Аббасқа бұрылып: «Менің басымда нең бар?» – деп (сұрайды). Сонда ол: «Расында, мен Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, мына тәрізділер қолдары байлаулы халде намаз оқитын (адам) сияқты», – деп айтқанын естідім», – деген (492/232).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 352
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кешкі ас жақындатылғанда намаз (уақыты) кірсе, ақшам намазын оқымай тұрып (кешкі асқа) кірісіңдер және кешкі астарыңды (жеп алуда) асықпаңдар», – деп айтқан (557/64). Басқа бір риуаятта: «сол кебісімен» деп айтылған. 347-хадистің сілтемесін қараңыз. Табиғиндер қатарындағы кісі. Яғни желкесіне. Бұл хадис шариғат құптағанға бұйыру мен ол теріске шығарғаннан қайтаруды Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) сияқты тез арада орындау керектігін көрсетеді. Хадис теріске шығарылғанды қолымен өзгертуге мүмкіндігі болған адам оны осы тәсілмен өзгертуі тиіс екендігін баяндайды. Сондай-ақ мәкруһ амалдар да, харам амалдар да шариғат теріске шығарған жайттарға жатады. Ибн Әсир: «Бұл хадистің мағынасы: сәжде жасау кезінде жерге түсіп тұратын тарқатулы шаштар намаз оқушы адамның сауап алуына кепіл болады. Ал бұрымға өрілген шаштар байлаулы қолдар сияқты сәжде орнына жете алмайды», – деп айтқан. Ибн әл- Арабидің айтуынша, бұл нұсқау тек ер адамдарға қатысты. Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Бұл (бұрымдар) – шайтан отыратын орын», – дейді (Әбу Дәуд). Әт- Тирмизи оны мақбул (қабылдауға жататын) дәрежесіне дейін күшейткен. Ибн Хузайма, Ибн Хиббан және басқа ғалымдар оның сахихтігін дәлелдеген. Мұнда кешкі ас тартылған кезде намаз оқудың мәкруһ екеніне сілтеме бар (ән- Нәуәуи). Муслим Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген басқа бір хадисте: «Ас дастарқанға қойылғанда немесе намаз оқушы үлкен не кіші дәретке барғысы келіп тұрғанда, намаз оқылмайды» делінген. Сондай-ақ бұған намаздағы бойсұну кемелдігін кемітетін жайттардың бәрі де қатысты. Ғұламалардың көпшілігі «әуелі тамақтанып алу керектігі намаз уақыты ұзақ болған жағдайға қатысты» деп есептеген. Егер тамақтанатын жағдайда намаз уақыты өтіп кететін болса, онда намазды кешіктіруге болмайды. бұйрық
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 353
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреуің намазында күмәнданып, үш әлде төрт, қанша ракағат оқығанын біле алмай қалса, күмәнді тастап, өзі сенімді болғанын негізге алсын . Содан кейін ол сәлем беруден бұрын екі сәжде жасайды . Егер ол бес (ракағат) оқыған болса, бұл (сәжделер) оның намазын жұп етеді. Ал егер толық төрт (ракағат) оқыса, бұл екеуі шайтан үшін қорлау болады », – деп айтты», – деген (571/88).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 354
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізбен бірге екі кешкі намаздың бірін – я бесін, я аср (намазын) оқыды. Ол екі ракағатта сәлем берді де, содан кейін мешіттің құбыласындағы (ағаш) дөңкесіне келіп, ашулы күйде оған сүйенді. Адамдардың ішінде Әбу Бәкір мен Омар да бар еді. Ол екеуі (Пайғамбармен (с.а.с.)) сөйлесуге бата алмады. Асыққан адамдар сыртқа шығып: «Намаз қысқарды ма?»( – десті). Сонда Зул-Йәдәйн орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Намаз қысқарды ма, әлде ұмыттың ба?» – деп (сұрады). Намазхан оқыған намазының ракағат санының көптігіне не аздығына жіп таға алмай, күмән туған жағдайда, ол көңіліндегі ракағат санының азына тоқтауы тиіс. Бұл орайда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерден біреу бір ракағат оқыдым ба, әлде екі ракағат оқыдым ба (деп) күмәнданса, бір ракағат оқыдым деп есептесін. Егер екі не үш ракағат оқылды ма (деп) күмәнданса, екі ракағат оқыдым деп есептесін. Ал егер үш не төрт ракағат оқылды ма (деп) күмәнданса, болжам артық мөлшерге негізделуі үшін үш ракағат оқыдым деп есептесін. Сонан соң намазды аяқтап, сәлем беруден бұрын отырған қалпы екі рет сәжде жасауы керек», – деп айтқан (Ахмад; сахих хадис). Ал егер оның қандай да бір сан мөлшеріне қатысты ойы басым келіп тұрса, соны негізге алуы тиіс. Өйткені хадистердің ешқайсысында ракағат санының азына тоқтау қажеттігі жайлы ашық айтылмаған. Керісінше, хадистерде сенімді болып тұрған және ақиқатқа жақын сан мөлшерін таңдау ескертілген. Біздің мазһаб бойынша, намаз барысында қателескен адам соңғы отыруда әт- тахият дұғасын оқып болғаннан кейін, оң жаққа сәлем беріп, екі рет сәһу сәждесін жасайды. Содан кейін қайтадан әт-тахият, салауат және сәлемнен бұрынғы дұғаларды оқып, екі жаққа сәлем берумен намазды аяқтайды. Әбу Дәуд, Ахмад және басқалар жеткізген хадисте: «Әрбір ұмыту үшін – екі сәжде» деп айтылған. Мухаддистер мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Әш-Шәукәни «Сәйл әл- жаррар» кітабында (1/274-275): «Намазда уәжіп амалды ұмытқан жағдайда, екі рет сәһу сәждесін жасау – міндетті амал, ал сүннетке жататын амалдарды ұмытқан жағдайда, бұл сүннет санатына жатады», – деген. Яғни шайтанды қорлау және оны ызаландыру болады. Өйткені шайтан Аллаһ тағала сәжде жасауды бұйырғанда бас тартып, жаннаттан мәңгілікке үмітін үзген. Сөзбе-сөз тәржімелегенде «екі қолдың иесі» деген мағынаны білдіреді. Ол қолдарының тым ұзындығы үшін осылай аталған немесе екі қолымен бірдей әрекет ете алатын болған. Пайғамбар (с.а.с.) оң жағына және сол жағына қарап: «Зул-Йәдәйн не айтып тұр?» – деді. (Адамдар): «Ол рас айтты. Сен екі ракағат қана оқыдың», – деді. (Сол кезде Пайғамбар (с.а.с.)) екі ракағат намаз оқып, сәлем берді, сосын тәкбір айтып, сәжде жасады. Сосын тәкбір айтып, (сәждеден басын) көтерді. Сосын (тағы да) тәкбір айтып, (қайтадан) сәжде жасады. Содан кейін тәкбір айтып, (сәждеден басын) көтерді», – деген . (Мұхаммед ибн Сирин2): «Маған Имран ибн Хусайннан оның: «және сәлем берді», – деп айтқаны жайлы хабар жетті», – дейді (573/97).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 355
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Ол): «Пайғамбар (с.а.с.) Құран оқығанда, онда сәжде (аяты) бар сүрені оқығанда, сәжде жасайтын, онымен бірге біз де сәжде жасайтынбыз. Тіпті кейбіріміз маңдайын (қоятын) жер үшін орын таппай қалатын»(, – деп айтқан) (575/103).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 356
Әбу Рафиғдан . Ол: «(Бірде) Әбу Һурайрамен (Аллаһ оған разы болсын) бірге түнгі (атәмә) намазды оқыдым. Ол «Аспан жарылған сәтте» (деп басталатын сүрені) оқығанда, оның барысында сәжде жасады. Мен одан: «Бұл не сәжде?» – деп (сұрадым). Сонда ол: «Мен бұл сәждені Әбул- Қасимнің (с.а.с.) артында жасағанмын, енді оны жолықтырғанымша бұл сәждені жасаудан әсте танбаймын», – деп айтты», – деген (578/110).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 357
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң намазында Құран оқып болған соң, тәкбір айта (рукуғқа барып, одан) басын көтергенде: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ! Раббәнә уә ләкәл- хамд!» (дейтін). Содан кейін тік тұрған қалпы: «Уа, Аллаһ! Уәлид ибн Пайғамбарда (с.а.с.) да кейбір амалдарды орындау барысында ұмытып не жаңылысқан кездер орын алған. Басқа бір хадисте ол (с.а.с.): «Мен кәдімгі адаммын. (Кей кезде) сендер сияқты мен де ұмытамын», – деген (Ахмад). Әйтсе де Аллаһ елшісінің (с.а.с.) амалдарды орындау барысындағы ұмытуында хикмет, даналық болған. Өйткені ол осы арқылы мұсылман үмбетіне түрлі шариғат нұсқауларын үйреткен. Ал шариғаттың тікелей өзіне қатысты нұсқауларға келсек, мұнда Пайғамбардың (с.а.с.) ұмытуы мүмкін емес. Табиғиндер қатарындағы хадисті жеткізуші. Құран Кәрімде мұндай сәжде аяты он төрт орында келген. Тіләуат сәждесін жасау біздің мазһабта уәжіп ретінде қарастырылады. Нафиғ әл-Мәдәни, табиғин, хадис жеткізуші. «Иншиқақ» сүресі. Пайғамбарымызды (с.а.с.) Қасим атты ұлы болғаны себепті оны кейде Әбул-Қасим (Қасимнің әкесі) деп атайтын. Яғни тірі тұрғанымда. Уәлидті, Сәләмә ибн Һишамды, Аййаш ибн Әбу Рабиғаны және мүміндердің әлсіздерін құтқара гөр! Уа, Аллаһ! Мударға қысымыңды күшейт және оларға Юсуф жылдарындай жылдар ете гөр! Уа, Аллаһ! Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы шыққан лихйан, риғл, зәкуан және ғұсаййа (тайпаларын) лағынет ет » – дейтін. Сосын: «Бұл істе саған еш нәрсе жоқ. (Аллаһ) не оларды тәубеге келтіреді немесе оларды жазалайды. Өйткені олар әділетсіздер» (деген аят) түскеннен кейін, ол мұны тоқтатқаны жайлы бізге хабар жетті», – деп айтқан (675/294).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 358
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһпен ант етейін! Мен сендермен бірге Аллаһ елшісінің (с.а.с.) намазын барынша жақындатамын», – дейтін. Әбу Һурайра бесін, соңғы құптан (намаздарында) және таң намазында құныт оқып, мүміндерге дұға қылатын және кәпірлерге лағынет айтатын (676/296).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 359
Бара ибн Азибтан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң және ақшам (намаздарында) құныт оқитын (678/305). Бұл кісілер сол кезде жау қолында тұтқында жатқан сахабалар еді. Теріскейдегі араб тайпаларының жалпы атауы, бұған құрайыштар да кіреді. Яғни жазаңды арттыр. Бұл жерде Юсуф пайғамбардың кезіндегі жеті жылға созылған ашаршылық туралы айтылған. Бұл тайпалар өздеріне сенім артқан мұсылмандарға қиянат жасап, оларды қырып салған болатын. Әл-Бұхари жеткізген хадисте Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «(Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) бәну суләйм (тайпасынан) жетпіс адамды бәну амир (тайпасына) жіберді. Олар барған соң, менің нағашы ағам оларға: «Мен бұрын барамын, егер олар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) (сәлемін) жеткізуіме бейбіт қараса, (жақсы), болмаса маған жақын тұрыңдар», – деп алдыға шығады. Олар (алғашында) бейбіт қарайды. Сөйтіп, ол Пайғамбардың (с.а.с.) сөздерін айта бергенде, олар араларындағы бір кісіге ишара жасайды да, ол (нағашыма найза) ұрып шаншиды. Сонда (нағашым): «Аллаһ Ұлы! Қағбаның Раббысымен ант етейін, мен табысқа жеттім», – деп (жан тапсырады). Сосын олар оның қалған жолдастарына шабуыл жасап, (барлығын) өлтіріп тастайды... Ал (Пайғамбар (с.а.с.)) қырық (күн бойы) таңертең Аллаһ пен Оның елшісіне (с.а.с.) қарсылық көрсеткен риғл, зәкуан, бәну лахйан және бәну ғұсаййа (тайпаларына) қарсы дұға қылды», – деп айтқан. «Әлі Имран» сүресі, 128-аят.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 360
Хафсадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң атқанда жеңіл екі ракағаттан басқа намаз оқымайтын», – деп айтқан (723/88). жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 361
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Таң (намазының) екі ракағаты бұл дүние мен ондағылардан қайырлы», – деп айтқан (725/96).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 362
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң (намазының) екі ракағатында «Айт: «Ей, кәпірлер...» және «Айт: «Ол Аллаһ Жалғыз» (деп басталатын сүрелерді) оқыған . жантайып жату
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 363
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) таң (намазының) екі ракағатын оқыған соң, ояу болсам, менімен сөйлесетін, болмаса бүйіріне жантайып жататын», – деп айтқан (743/133). отыру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 364
Симак ибн Харбтан . Ол: «Мен Жәбир ибн Сәмурадан: «Сен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге отыратын ба едің?» – деп (сұрағанымда), ол: «Иә, жиі (отыратынмын. Пайғамбар (с.а.с.)) онда таң намазын оқитын және намаз орнынан күн шыққанша тұрмайтын. Күн шыққан кезде орнынан Бұл хадис таң атқан соң таң намазының екі ракағат нәпілінен басқа намаз оқуға тыйым салмайды. Ең дұрыс пікір бойынша, таң намазының парызынан кейін нәпіл намаз оқу мәкруһ саналады (ән-Нәуәуи). Пайғамбар (с.а.с.) таң намазының сүннетінде бірінші ракағатта «Фатихадан» кейін «Кәфирун», екінші ракағатта «Ықылас» сүресін оқыған. Кейде ол «Фатихаға» қосымша бірінші ракағатта «Бақара» сүресінің 136-аятын, екінші ракағатта «Әлі Имран» сүресінің 64-аятын оқитын (Муслим, Ибн Хузайма, әл-Хаким). Кейде ол «Әлі Имран» сүресінің 52-аятын оқыған (Муслим, Әбу Дәуд). Бұл намазда Пайғамбар (с.а.с.) Құран аяттарын өте аз оқитын. Тіпті Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Ол онда «Уммул-Китабты» оқыды ма екен?!» – деп қалатын (әл-Бұхари, Муслим). Симак ибн Харб, табиғин, хадис жеткізуші. тұратын. (Сахабалар) әңгімелесіп, жәһилият істері жөнінде сөз қозғап, күлетін, ал (Пайғамбар (с.а.с.)) жымиып күліп (отыратын)», – деп айтты», – деген (670/286).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 365
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен ешқашан Аллаһ елшісі (с.а.с.) дұха намазы нәпілін оқығанын көрген емеспін. Ал мен оны оқимын. Егер Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзі амал жасауды ұнататын бір амалды тоқтатса, (бұл) оған адамдар амал жасауға (кірісіп), оларға (сол амалдың) парыз етілуінен қорыққандығы себепті (орын алатын)», – деп айтқан (718/77).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 366
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Таңның атуымен сендердің әрбіріңнің әрбір буынына садақа жүктеледі. Әрбір тәсбих («субханаллаһ» деп айту) – садақа, әрбір тахмид («әл-хамду лилләһ» деп айту) – садақа, әрбір тәһлил («лә иләһә илләллаһ» деп айту) – садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) – садақа, (шариғат) құптағанға бұйыру – садақа және (шариғат) теріске шығарғаннан қайтару – садақа. Ал бұларды дұха (намазында) жасайтын екі ракағат алмастыра алады», – деп айтқан (720/84).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 367
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) дұха намазын төрт (ракағат) оқитын және (оған) Аллаһ қалағанша қосатын», – деп айтқан (719/79).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 368
Абдуллаһ ибн Харис ибн Нәуфалдан . Ол: «Мен сұрастырып, адамдардан өзіме Аллаһ елшісі (с.а.с.) дұха намазы нәпілін оқығаны жайлы хабар беретін біреуді табуға тырыстым және Умму Һәни бинт Әбу Талибтен басқа мұны өзіме айтып беретін ешкімді таппадым. Ол маған Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккені қолға алған күні күн көтерілгеннен кейін келгенін, оған киім әкеліп, ол оны қалқалап ғұсыл құйынғанын, содан кейін (намазға) тұрып сегіз ракағат намаз оқығанын хабарлады. «Онда қиямы ұзақ болды ма, әлде Хадистен Пайғамбардың (с.а.с.) үмбетіне деген шексіз мейірімі көрінеді. Мұнда Айша (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (с.а.с.) бұл намазды мүлдем емес, әрдайым оқымағанын меңзеген. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) кей кездері дұха намазын оқыған. Бұл жайлы басқалардан естіген Айша оны оқитын еді. Табиғин, әкесі мен атасы сахаба болған. рукуғы ма, әлде сәждесі ме білмеймін. Олардың бәрі өзара жақын еді» (, – деді. Умму Һәни): «Мен (Пайғамбарды (с.а.с.)) бұрын-соңды оны оқығанын көрген емеспін», – деп айтты», – деген (336/71).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 369
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Менің жақын досым (с.а.с.) маған үш (нәрсені): әр айда үш күн ораза тұтуды, екі ракағат дұха (намазын оқуды) және ұйықтауымнан бұрын үтір намазын оқуды өсиет етті», – деп айтқан (721/85).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 370
Қасим әш-Шәйбәниден . Зәйд ибн Арқам (Аллаһ оған разы болсын) дұха намазын оқып жатқан адамдарды көріп: «Әйтсе де олар (бұл) намазды бұдан басқа уақытта оқудың абзал екендігін біледі. Расында, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бойсұнушылардың намазы – құм емшектен ажыратылған боталардың табанын күйдіретін уақытта», – деп айтқан», – деген (748/143).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 371
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адам баласы сәжде (аятын) оқып, сәжде жасаса, шайтан жылап, аулаққа кетіп: «Ей, соры құрысын4! (Әбу Курайбтың риуаятында: сорым құрысын!) Адам баласы сәжде жасауға бұйырылды да, сәжде жасады, енді оған жаннат бұйырады. Ал маған сәжде жасау бұйырылды да, мен бас тарттым , енді маған тозақ бұйырады», – деп айтады», – деді», – деген (81/133). Яғни түннің соңғы бөлігінде ұйықтап қалудан қорыққандар үшін. Табиғин, хадис жеткізуші. Дұха намазының уақыты күн найза бойы көтерілгеннен бастап, тас төбеге келгенге дейін болса да, кейбіреулер хадисте сілтеме жасалған уақыттың абзалдығы басым екенін айтқан (ән-Нәуәуи). Шайтан өзіне жамандық таңбау үшін өзі жайлы осылай ІІІ жақта айтады (ән- Нәуәуи). Әбу Курайб – Муслимнің ұстазы, мухаддис. Мұнда Аллаһ тағала Адамға сәжде жасауды бұйырғанда, шайтанның бұдан бас тартқаны туралы айтылған. (адамның) артықшылығы жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 372
Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Умму Хабибадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір мұсылман пенде Аллаһ үшін әр күні парыздан тыс он екі ракағат нәпіл намаз оқыса, міндетті түрде Аллаһ ол үшін жаннатта бір үй тұрғызады (немесе міндетті түрде ол үшін жаннатта бір үй тұрғызылады)», – дегенін естідім», – деп айтқан. Умму Хабиба: «(Осыдан) кейін ол (он екі ракағат нәпілді) оқуды қалдырған емеспін»; Амр (ибн Әус)1: «(Осыдан) кейін оларды оқуды қалдырған емеспін», – деген. Нұғман (ибн Сәлим) де сол сияқтыны айтқан. (Басқа) бір риуаятта: «күндіз бен түнде» (деп көрсетілген) (728/101). намаз (бар)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 373
Абдуллаһ ибн Муғаффал әл-Музәниден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әрбір екі азанның арасында намаз (бар)», – деді. Ол мұны үш рет айтты да, үшіншіде: «Қалаған (адам) үшін», – деп айтты», – деген (838/304).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 374
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге бесіннен бұрын екі ракағат , одан кейін екі ракағат, ақшамнан кейін екі ракағат, құптаннан кейін екі ракағат және жұмадан кейін екі ракағат намаз оқыдым. Алайда ақшам, құптан және жұма (намаздарының нәпілін) Пайғамбармен (с.а.с.) бірге оның үйінде оқыдым», – деп айтқан (729/104). Көрнекті табиғиндердің бірі, хадис жеткізуші. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Әт-Тирмизи осыған ұқсас хадис жеткізген (№415). Онда: «Бұлар – бесін намазынан бұрынғы төрт ракағат пен одан кейінгі екі ракағат, ақшам намазынан кейінгі екі ракағат, құптан намазынан кейінгі екі ракағат және таң намазынан бұрынғы екі ракағат» деп айтылған. Ол мұны қабылдауға жататын «сахих» хадис санатына жатқызған. Пайғамбар (с.а.с.) бесін намазынан бұрын кейде екі, кейде төрт ракағат намаз оқыған. Ал біздің мазһабта бесіннің парызынан бұрын төрт ракағат сүннет намаз оқу бекітілген. Біздің мазһабта жұма намазының парызынан кейін мешітте төрт не үйде екі ракағат нәпіл оқылады.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 375
Абдуллаһ ибн Шақиқтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) намазы – оның нәпіл намазы жайлы сұрағанымда, ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) менің үйімде бесіннен бұрын төрт (ракағат) намаз оқитын. Сосын сыртқа шығып, адамдармен бірге намаз оқитын. Содан кейін ішке кіріп, екі ракағат намаз оқитын. Адамдармен бірге ақшамды оқитын да, сосын ішке кіріп, екі ракағат намаз оқитын. Адамдармен бірге құптанды оқитын да, менің үйіме кіріп, екі ракағат намаз оқитын. Ол түнде тоғыз ракағат намаз оқитын, үтір солардың ішінде еді. Ол түнде ұзақ уақыт тік тұрған күйі, (кейде) ұзақ уақыт отырған қалпы намаз оқитын. Ол Құранды тік тұрған күйі оқыса, тік тұрған күйі рукуғ жасап, сәждеге баратын. Ал Құранды отырған қалпы оқыса, отырған қалпы рукуғ жасап, сәждеге баратын. Таң атқанда екі ракағат намаз оқитын», – деп айтты», – деген (730/105).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 376
Зәйд ибн Сәбиттен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) (мешітте) құрма талшығынан не алашадан өзіне кішкентай бөлме дайындатып, онда намаз оқуға шықты»1; «Оған бір кісілер ілесіп, оның намазы бойынша намаз оқуға келді»2; «Содан кейін олар бір түні келіп, әзір тұрды. (Бірақ) Аллаһ елшісі (с.а.с.) олардан кешікті»; «(Пайғамбар (с.а.с.)) оларға шықпады. Олар дауыстап (белгі беріп), есікке тас лақтыра бастады . Аллаһ елшісі (с.а.с.) ашулы күйде шығып, оларға: «Неге бұлай жасауларыңды қоймайсыңдар? Тіпті мен (бұл намаз) сендерге парыз етілер деп ойладым . Намазды үйлеріңде оқыңдар. Бұл бөлме Пайғамбар (с.а.с.) намаз оқып жатқанда, біреулер жанынан өтпеуі және мазаламауы, сондай-ақ бойсұну сезімі артып, жан оңашалығы ұялауы үшін әзірленген еді. Бұған намаз оқушыларға қолайсыздық тумайтын жағдайда рұқсат етіледі. Пайғамбар (с.а.с.) бұл бөлмені әрдайым емес, тек түнде намаз оқуды қалаған кезде ғана әзірлететін. Ал күндіз, Муслим жеткізген басқа бір хадисте (№782) айтылғандай, оны алып тастайтын. Бұл жағдайдан соң ол күндіз де, түнде де онда намаз оқуды тоқтатып, үйінде намаз оқитын болды. Бұл хадис мешітте нәпіл намаздарды оқуға рұқсат етілетінін көрсетеді (ән-Нәуәуи). Бұдан кейбір парызға жатпайтын намаздарды (мәселен, рамазан айындағы тарауих намазын) жамағатпен оқуға рұқсат етілетінін көреміз (бірақ бұған қатысты сүннетте нұсқау келу керек). Сондай-ақ хадисте имам намазға басшылық жасауды ниет етпесе де, оған ұйып жамағат намазын оқуға рұқсат етілетініне сілтеме бар (ән-Нәуәуи). Олар «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл намазды ұмытып кетті» деп ойлаған-ды (ән- Нәуәуи). Бұдан Пайғамбардың (с.а.с.) үмбетіне деген мейірімінің зор екендігін көреміз. Сондай-ақ хадисте зиянды жайттың алдын алу үшін игі істен бас тартуға сілтеме келген. Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұсылмандарға басшылық жасайтын Өйткені парыз намаздан басқа кісінің ең жақсы намазы – үйінде (оқыған намазы) », – деп айтты», – деген. (Келесі) бір риуаятта: «Пайғамбар (с.а.с.) мешітте алашадан өзіне бөлме жасатып алды» (деп айтылған) (781/213).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 377
Жәбир (ибн Абдуллаһтан) (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбірің мешітте намаз оқып болса, намазынан үйіне де үлес қалдырсын. Расында, Аллаһ (пенденің) үйіне оның намазы арқылы игілік дарытады», – деді», – деп айтқан (778/210). қалжыраса, отырсын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 378
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешітке кірді. (Онда) екі тіреу арасында арқан тартылып тұр еді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл не?» – деп (сұрады. Адамдар): «(Бұл) Зәйнәбтікі, оның намаз оқуы үшін. Ол шаршағанда не қалжырағанда осыдан ұстайды», – деді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны шешіп тастаңдар. Әркім белсенді кезінде намаз оқысын, ал егер шаршаса не қалжыраса, отырсын», – деп айтты», – деген (784/219). адамдардың барлығына тамаша өнеге көрсеткен. Бұл тұрғыда, ең алдымен, қоғамдық маңыздылықтарды басшылыққа алу керек. Алайда Ислам дінінің рәмізі саналатын айт намаздары, күн тұтылу кезіндегі намаз, жаңбыр сұрау намазы және рамазан айындағы тарауих намаздары бұдан тысқары. Мұндай намаздар мешітте не басқа орындарда жамағатпен оқылады. Хадистен төмендегідей қорытындылар шығаруға болады: – құлшылық-ғибадаттарда орта межені ұстану; – құлшылық амалдарында шектен шығып, асыра сілтеуге тыйым салынатыны; – пенденің ғибадатқа шама-шарқына қарай кірісуіне қатысты бұйрық; – адам ғибадат барысында шаршаған жағдайда, қалжырауы басылғанша отыруы тиіс; – нәпіл намаздарды мешітте оқуға рұқсат етілетіні. Өйткені Зәйнәбтің мешітте нәпіл намаз оқуын Пайғамбар (с.а.с.) теріске шығармаған (ән-Нәуәуи). орындалатыны
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 379
Алқамадан . Ол: «Мүміндердің анасы Айшадан (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, мүміндердің анасы! Аллаһ елшісінің (с.а.с.) амалы қандай еді? Ол (бұл үшін) белгілі бір күндер арнайтын ба еді?» – деп сұрадым. Ол: «Жоқ. Оның амалы әрдайым еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) шамасы келгенге қайсыларыңның шамасы жетеді?!» – деп айтты», – деген (783/217).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 380
Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) қасында (отырғанда), оның жанынан Хаулә бинт Туәйт ибн Хабиб ибн Әсәд ибн Абдулғұзза өткен еді. (Сонда Айша): «Бұл – Хаулә бинт Туәйт! (Адамдар) ол түнде ұйықтамайды деп айтып жүр!» – дейді. (Мұны естіген) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Түнде ұйықтамайды ма?! Амалдардан шамаларың келетінді орындаңдар . Аллаһпен ант етейін, сендер жалықпасаңдар, Аллаһ жалықпайды », – деп айтқан (786/220). Муслим жеткізген бір хадисте (№782): «Амалдардың Аллаһқа ең ұнамдысы – аз да болса үнемі орындалатыны» деп айтылған. Яғни үнемі, үздіксіз орындалатын амалдардың сауабы арагідік істелетін амалдардың сауабына қарағанда көбірек болады. Ән-Нәуәуи: «Аз да болса үнемі орындалатын амалдар арқылы Аллаһқа бойсұну жалғасын табады... Ал көп әрі қиын амалдар үзіліп, тоқтап қалуы мүмкін. Тіпті үнемі орындалатын аз амалдар дами келе, арагідік орындалатын көп амалдардан неше есе асып түседі», – деген. Алқама ибн Қайс ән-Нахағи, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни үнемі орындауға шамаларың келетін амалдармен шұғылданыңдар. Бұл сөйлемнің мәтіні «адам құлшылық-ғибадаттармен шама-шарқына қарай айналысып, сонысымен шектелуі керек» деген мағынаны білдіреді. Ал оның мазмұнынан «пенде өз-өзіне шамасы келмейтін міндетті жүктемеу керек» деген мағына аңғарылады. Өйткені кімде-кім дін амалдарында асырасілтеушілікке жол беріп, тереңдеп кетсе, жеңілдікті ұстанбаса, өзі әлсірейді. Айналысып жүрген амалдарын тоқтатып, жеңілуге мәжбүр болады. Ибн Мунир: «Бұл хадис – пайғамбарлық рәміздерінің бірі. Біз және бізден бұрынғы адамдар дінге тым шұқыланғандардың барлығының кері кететініне куә болғанбыз. Мұнда ғибадатты кемелдендіре түсуге ұмтылудан бас тарту туралы айтылмаған. Өйткені ол – мақтаулы іс-әрекеттердің бірі. Керісінше, мұнда жалығуға алып баратын шектен шығу туралы немесе нәпіл амалдарда асырасілтеушілікке жол беру туралы айтылған. Бұл өз кезегінде маңыздырақ амалды тәрк етуге не парыз ғибадаттың уақытын өткізіп алуға себеп болуы мүмкін. Мәселен, түні бойы нәпіл намаз оқыған адам түн аяғында ұйқыға жеңіліп, оның көзі ілініп кетуі ықтимал. Сөйтіп, таң намазының парызын жамағатпен оқу үшін мешітке шыға алмай қалуы немесе таң намазын оқу абзал уақытты өткізіп алуы кәдік. Тіпті күн шыққанша тұра алмай таң намазын уақытында оқи алмай қалуы да әбден мүмкін», – деп айтқан (Ибн Хажар). «Жалығу» (мәләл/сә-имә) деген сөз – бір нәрсенің ауыр тиіп, бұрын ұнатса да, адамның одан безінуін білдіреді. Бұл етістік Аллаһқа қатысты бейнелі сөз ретінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 381
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бір түні мен нағашы әпкем Мәймунаның (үйінде) қондым . Пайғамбар (с.а.с.) түнде тұрып, қажетін өтеді де, беті мен қолдарын жуып, ұйқыға жатты. Сонан соң орнынан тұрды, меске барып, аузын шешті де, екі дәреттің арасында, (яғни) көп (су жұмсамай) толық дәрет алды. Содан кейін тұрып, намаз оқыды. Мен де орнымнан тұрып, өзімнің оған қарап жатқанымды сезгенін қаламай, мысықтабандап келіп дәрет алдым . (Пайғамбар (с.а.с.)) тұрып, намаз оқыды, мен оның сол жағына тұрған едім, қолымнан ұстап, оң жағына өткізді . Аллаһ елшісінің (с.а.с.) түнгі намазы он үш ракағатпен аяқталды. Сонан соң жатып, терең тыныстап ұйықтады, ол ұйықтағанда терең тыныстайтын. Содан кейін оған Біләл келіп, намаз (уақыты болғанын) хабарлады. Сонда ол орнынан тұрып, дәрет алмастан намаз оқыды . Ол дұғасында: «Аллаһуммаж-ъал фи қалби нуран, уә фи басари нуран, уә фи самъи нуран, уә ъан йәмини нуран, уә ъан йасари нуран, уә фауқи нуран, уә тахти нуран, уә әмәми нуран, уә халфи нуран, уа ъаззим ли нуран! (Уа, Аллаһ! Жүрегіме нұр бере гөр, жанарыма нұр бере гөр, құлағыма нұр бере гөр, оң жағыма нұр бере гөр, сол жағыма нұр бере гөр, төбе жағыма нұр бере гөр, асты жағыма нұр бере гөр, алды жағыма нұр бере гөр, арқа жағыма нұр бере гөр және маған нұрды арттыра гөр!)»( – деп айтатын)», – деген. ауыспалы мағынада келген. Өйткені Аллаһ тағаланың жалығуы мүмкін емес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны ауыспалы мағынада сөз үйлесімі үшін келтірген. Әл- Қуртуби: «Бұл сөздің ауыспалы тұрғыдағы мағынасы: айналысып жүрген амалдарын жалығу себепті тоқтатқан пендеге Аллаһ тағала бұл амалдары үшін сауап жазуын тоқтатады. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) әрекетті оның себебі арқылы көрсетіп: «жалықпайды», – деп айтқан», – дейді (Ибн Хажар). Осылайша Пайғамбар (с.а.с.) әлгі әйелдің ісін теріске шығарған. Өйткені имам Мәликтің «Муатта» кітабында келген риуаятта бұл әйелдің ісінің Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ұнамағаны, тіпті оның нышаны реңінен көрінгені айтылған. Осыған сүйенген фақиһтердің басым көпшілігі «түндерді ұйқысыз намазбен өткізу мәкруһ» деп санаған. Ибн Аббас Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің бірі Мәймунаның (Аллаһ оған разы болсын) жиені болатын. Ол кезде Абдуллаһ жас бала еді. Сөйтіп, Ибн Аббас енді ғана оянғандай кейіп танытқан. Егер имамға бір ғана адам ұйып намаз оқитын болса, ол имамның оң жағына тұруы керек. Сондай-ақ хадисте түнгі нәпіл намазды жамағатпен оқуға рұқсат етілетініне дәлел бар. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ерекшеліктерінің бірі – ұйқы оның дәретін бұзбайтын. Басқа бір хадисте ол мұны көзі ұйқыда болғанмен, жүрегінің ояу жататынымен түсіндірген. Ән-Нәуәуи «ұйқыда дәреті бұзылса, Пайғамбар (с.а.с.) мұны білер еді» деген. Ал терең ұйқыдан кейін дәрет алудың міндетті екенін көрсететін өзге хадистер бар. Курайб1: «Сондай-ақ қобдидағы жетеу», – деп айтты. Мен Аббастың балаларының бірін жолықтырдым. Ол маған бұларды әңгімелеп: «Жүйкеме, етіме, қаныма, шашыма, теріме», – деді және (тағы) екі қасиетті айтты (763/181).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 382
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) түнде намаз оқуға тұрса, намазын жеңіл екі ракағатпен бастайтын», – деп айтқан (768/197).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 383
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) түн ортасында намазға тұрғанда былай дейтін: «Аллаһумма, ләкәл- хамд(у), Әнтә – Нурус-сәмәуәти уәл-ард(и). Уә ләкәл-хамд(у), Әнтә – Қаййамус-сәмәуәти уәл-ард(и). Уә ләкәл-хамд(у), Әнтә – Раббус- сәмәуәти уәл-арди уә мән фиһинн(ә). Әнтәл-Хаққ(у), уә уаъдукәл-хаққ(у), уә қаулукәл-хаққ(у), уә лиқа-укә хаққ(ун), уәл-жәннәту хаққ(ун), уән-нару хаққ(ун), уәс-саъату хаққ(ун). Аллаһумма, ләкә әсләмту, уә бикә әмәнту, уә ъаләйкә тәуәккәлту, уә иләйкә әнәбту, уә бикә хасамту, уә иләйкә хакәмту, фағфир ли мә қаддамту уә аххарту, уә әсрарту уә аъләнт(у). Әнтә иләһи, лә иләһә иллә Әнт(ә)! (Уа, Аллаһ! Саған мақтау болсын, Сен – аспандар мен жердің Нұрысың6! Саған мақтау болсын, Сен – аспандар мен жердің қалтқысыз Басқарушысысың7! Саған мақтау болсын, Сен – аспандар мен жердің және ондағылардың Раббысысың8! Сен – Хақсың, Сенің уәдең – хақ, сөзің – хақ, Сенімен жолығу – хақ, жаннат – хақ, тозақ – хақ және Қиямет – хақ. Уа, Аллаһ! Мен Саған Осы хадисті Ибн Аббастан естіген, табиғин, хадис жеткізушілердің бірі. Яғни адам кеудесіндегі. Хадисті жеткізуші дұғада келген адам кеудесіндегі жеті ағзаны ұмытып қалған болатын. Сәләмә ибн Кухайл – хадисті Курайбтан естіген риуаятшы (ән-Нәуәуи, Ибн Хажар). Мұнда айтылмаған екі ағза Муслим Сәләмә ибн Кухайлден жеткізген келесі бір риуаятта көрсетілген. Онда «жүрегіме нұр бере гөр» деген сөзден кейін «тіліме нұр бере гөр», «маған нұрды арттыра гөр» деген сөзден бұрын «жаныма нұр бере гөр» деп айтылған. Әд-Дәуди хадистің соңында сілтеме жасалған екі ағзаның сүйектер мен ми екенін, ал әл-Кирмани, бәлкім, бұлар жілік майы мен сүйектер болуы мүмкін екенін айтқан (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте осылай жасауға қатысты бұйрық келген. Бұл келесі ракағаттарды орындауға сергіп алу үшін қажет (ән-Нәуәуи). Яғни оларды нұрландырасың, олардың нұрын жаратасың және ондағыларды жолға саласың. Оларды сақтайсың, қорғайсың, бақылауыңда ұстайсың және күтіп-бағасың. «Раббы» сөзі – иелік етуші, меңгеруші деген мағынаны білдіреді. Бұл жолығу – қайта тірілу (ән-Нәуәуи). бойсұндым , Саған иман келтірдім , Өзіңе тәуекел еттім, Өзіңе тәубе қылдым , Сенің көмегіңмен дауластым және Өзіңе жүгіндім, мен үшін бұрын істегенімді және кейін істейтінімді, жасырын істегенімді және жария істегенімді кешіре гөр5! Сен – менің құдайымсың, Сенен өзге ешбір құдай жоқ!)» (769/199).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 384
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) түнде он үш ракағат намаз оқитын . Соның ішінде бес (ракағат) үтір оқитын . Ол бұл (бес ракағаттың) ең соңында ғана отыратын», – деп айтқан (737/123). ракағат
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 385
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі Аллаһ елшісінен (с.а.с.) түнгі намаз жайлы сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Түнгі намаз екі-екі ракағаттан, егер әлдекім таң атып кетуінен қауіптенсе, оқыған намазын тақ етуі үшін бір ракағат намаз оқысын», – деп айтқан (749/145).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 386
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісін (с.а.с.) қартайғанша түнгі намаздың ешқайсысында Құранды отырып оқығанын Яғни Сенің бұйрықтарың мен тыйымдарыңа бағындым. Сен хабарлаған, бұйырған және тыйым салғандардың бәріне сендім. Өзіңе құлшылық жасауға қайтамын. Өзің маған нәсіп еткен айғақ-дәлелдер және күш-қуат арқылы Сені теріске шығаратындармен күресемін. Мұнда Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Раббысы алдындағы кішіпейілдігі көрінеді. Өйткені ол бұрынғы және кейінгі барлық істерінің кешіріліп қойғанына қарамастан, Аллаһтан кешірім тілеген. Хадис Пайғамбардың (с.а.с.) түндерде әрдайым дұға жасап, Аллаһты еске алғанын көрсетеді. Айшадан жеткен келесі бір хадисте Пайғамбардың (с.а.с.) түнде он бір ракағаттан артық намаз оқымағаны айтылған. Біз қарастырып отырған хадис пен осы хадисті үйлестіру үшін ғалымдар түрлі пікір ұсынған. Мәселен: 1) Мұндағы айырмашылық тудырып отырған екі ракағат – таң намазының екі ракағат сүннеті. 2) Ибн Хажар «бұл – Пайғамбар (с.а.с.) түнгі намаздарын бастаған жеңіл екі ракағатты намаз» деген пікірді ұстанған (383-хадисті қараңыз). 3) Бұл – құптан намазының парызынан кейін оқылатын екі ракағат сүннет намаз. Біздің мазһаб бойынша, үтір намазы үш ракағат оқылады (Ибн Һумам). көрген емеспін. (Ал қартайған кезінде) Құранды отырып оқитын да, сүреден отыз не қырық аят қалғанда, орнынан тұрып, оларды оқып, сосын рукуғ жасайтын », – деген (731/111). мәкруһтігі жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 387
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында түнде таң атқанша ұйықтаған кісі жайлы әңгіме болғанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол кісінің құлақтарына (немесе құлағына) шайтан дәрет сындырып кетті », – деді», – деп айтқан (774/205).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 388
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбірің намазда қалғи бастаса, ұйқысырауы кеткенше ұйықтап алсын. Өйткені әлдекім қалғып отырып намаз оқыса, кешірім өтінгісі келіп тұрып, өз- өзіне тіл тигізіп алуы мүмкін», – деп айтқан (786/222). Хафсаның (Аллаһ оған разы болсын) түсіндіруінше, бұл Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние салардан бір жыл бұрын орын алған еді (Ибн Хажар). Бұл хадисте ракағат барысында намаздың бір бөлігін отырып, екінші бөлігін түрегеп оқуға рұқсат етілетініне сілтеме бар. Ғұламалардың басым көпшілігі «бұған рұқсат етіледі» деп есептеген. Мұнда әуелі түрегеп тұрып, сосын отыра ма не керісінше жасай ма, оның айырмашылығы жоқ (ән-Нәуәуи). Мұнда түнгі нәпіл намазға не таңғы парыз намазға ұйықтап қалған адам меңзелген (Ибн Хажар). Мұның таңғы парыз намазға қатысты екендігі жайлы пікір Ибн Хиббан жеткізген хадиспен нақтыланады. Оның «Сахихінде» Суфияннан риуаят етілген хадисте: «Біздің пікірімізше, бұл, сірә, парыз намазға ұйықтап қалған болса керек» деп айтылған. Бұған қатысты ғалымдар әртүрлі пікірге келген. Мәселен: 1) Шайтан ондай адамды бүлдіріп, рәсуа етеді. 2) Ондай адам шайтанға бағынып, шайтан оған билік жүргізеді, оның желкесіне «сенде ұзақ түн бар» деп түйін байлайды, оны қорлайды. 3) Шайтан оны масқаралайды, қорлайды және оған билік жүргізеді. 4) Шайтан оған күледі (ән-Нәуәуи). 5) Қазы Ғияд хадистің сыртқы мағынасының ақиқаттан алыс емес екендігін айтқан. Әл-Қуртуби де шайтанның ішіп-жейтінін т.б. алға тарта, осы пікірді ұстанған. 6) Шайтан оның құлағына ұялайды не ол Аллаһты еске алуды естімейтіндей құлағына өтірікті сыбырлайды. Немесе оның құлағы өтірікке толып, ауырлап, сезімталдығын жоғалтады. Қазы Ғиядтың айтуынша, мұндағы «кешірім өтіну» сөзі дұға жасауды білдіреді. Бұл хадис намазды бойсұну сезімімен, жан дүниемен беріле, бөгде ойлардан таза және сергек кезде оқуға ынталандырады. Бұл бұйрық парыз, нәпіл, түнгі және күндізгі барлық намаздарға қатысты. Тек қана шарты – намаз уақытын өткізіп алмау керек. Ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі осыған саяды (ән-Нәуәуи).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 389
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізіп: «Шайтан әлдекімнің басының қарақұсына ұйықтаған кезінде үш түйін байлайды. Ол әрбір түйінді ұрып: «Сенде ұзақ түн бар»(, – дейді) . (Бірақ адам) оянғанда Аллаһты еске алса, бір түйін шешіледі. Дәрет алса, екі түйін шешілген болады. Намаз оқыса, (барлық) түйін шешіліп, ол таңды белсенді, жаны жайсаң күйде қарсы алады. Болмаса көңіл күйі нашар, сылбыр күйде таң атырады », – деп айтқан (776/207).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 390
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, түнде бір уақыт бар. Мұсылман пенде оған Аллаһтан игілік сұраған халде дөп келсе, міндетті түрде (Аллаһ) оған осыны тарту етеді. Сондай-ақ әр түні осылай», – деп айтқанын естідім», – деген (757/167). ынталандыру, сондай-ақ бұл (уақытта дұғаның) қабыл болатыны жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 391
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ әр түні түннің әуелгі үштен бір бөлігі өткенде 5 Бұған қатысты да бірнеше пікір айтылған. Мәселен: 1) Бұлар сиқыр түйіндері сияқты шын мәніндегі түйіндер. Олар ұйқыда жатқан адамның оянуына кедергі жасайды. «Фалақ» сүресінде: «Түйіндерге дем ұрушылардың кесірінен (пана сұраймын)» деп айтылған. 2) Бұл – сиқыршылардың түйіндерге дем ұрғаны сияқты әрекет. 3) Бұл – шайтан ұйқыда жатқан адамға: «Сенде ұзақ түн бар», – деп айтқанда, жанның тұншығуы. Сонда ұйқыда жатқан адам оянуын кешеуілдетеді. 4) Бұл – бейнелі мағынадағы сөз. Ол түнгі нәпіл намазға тұруға кедергі жасайтын жайттарды көрсетеді. Яғни Аллаһқа бойсұнғанына, Оның уәде еткен сыйлығы мен игілігіне және Аллаһ оның барлық істерін басқаратынына қуанған күйде. Яғни оның бойында шайтан байлаған түйіндердің әсер-ықпалы қалады. Бұл оның өзін сергек сезінуіне кедергі жасап, ұнжырғасын басады. Хадистің сыртқы мағынасы, шайтан байлаған түйіндердің әсер-ықпалы барлық үш амалды (Аллаһты еске алу, дәрет алу және намаз оқу) бірдей жасамаған адамның бойында қалатынын көрсетеді. Бұл хадис ұйқыдан оянғанда Аллаһты еске алуға, дәрет алуға және қысқа болса да намаз оқуға ынталандырады (мұндай кезде Аллаһты нақты қандай сөздермен еске алу керектігі жөнінде «сахих» хадистер келген («Мұсылман қорғанын» қараңыз)). Риуаяттардың бірінде «түн жарымы не оның үштен екісі», тағы бірінде «түннен соңғы үштен бір бөлігі қалғанда» деп айтылған. Бұған қатысты ғалымдардың пікірлері әртүрлі. Мәселен: төменгі аспанға түсіп: «Мен – Патшамын! Мен – Патшамын! Кім Маған дұға жасайды, оған жауап беремін. Кім Менен сұрайды, оған тарту етемін. Кім Менен кешірім тілейді 1, оны кешіремін», – дейді. Ол таң жарық тартқанша осылай (деп айтуын) тоқтатпайды», – деп айтқан (758/169). не науқастанып қалған (адам жайлы)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 392
Қатададан , (ол) Зурарадан . (Бірде) Сағд ибн Һишам ибн Амир Аллаһ жолында жорыққа шығуды қалап, Мәдинаға келеді. Ол осы (қаладағы) жылжымайтын мүлкін сатып, оны қару-жарақ пен ат (сатып алуға) жұмсауды және византиялықтармен өлгенше соғысуды қалайды. Ол Мәдинаға келгенде, мәдиналықтардан бір адамдарды жолықтырады. Олар оны бұдан қайтарады және Пайғамбардың (с.а.с.) көзі тірісінде алты адам осыны қалағанда, Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) оларды қайтарып: «Сендер үшін менде өнеге бар емес пе?» – дегенін хабарлайды. Олар (Сағдқа) осыны айтқаннан соң, ол талақ еткен әйелін қайтарып алады және оны қайтарып алғанына (басқаларды) куәға тартады. Содан кейін ол Ибн Аббасқа келіп, одан Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үтір (намазы) жайлы сұрайды. Ибн Аббас: «Саған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үтір (намазы) жайлы жер бетіндегілердің ең білгірін нұсқайын ба?» – дейді . (Сағд): «(Ол) кім?» – дейді. (Ибн Аббас): «Айша. Сен содан барып сұра да, сосын маған келіп, оның өзіңе қайтарған жауабын айтып бер», – дейді. (Сағд айтады): «Сөйтіп, мен (Айшаға) жол тарттым. (Жолай) Хаким ибн Афлахқа келіп, одан менімен бірге (Айшаға) баруын өтіндім. Ол: «Мен оған бармаймын. Өйткені мен оған мына екі топ жайлы бір нәрсе айтуына 1) Қазы Ғияд мухаддистер дұрысына көбірек жақыны «түннің соңғы үштен бір бөлігі қалғанда» деген сөз деп есептегенін нақыл еткен. 2) Бәлкім, «түннің әуелгі үштен бір бөлігі өткенде» деген сөз түннің әуелгі үштен бір бөлігі өткеннен кейін орын алатынын білдіреді. Осылай риуаяттар арасындағы қарама-қайшылықтар жоғалады. 3) Пайғамбар (с.а.с.) бастапқыда «түннің әуелгі үштен бір бөлігі өткенде», содан кейін «түннен соңғы үштен бір бөлігі қалғанда» деп хабарлаған. Ән-Нәуәуи осы пікірдің дұрыс екенін айтқан. Енді бір риуаятта: «Кім тәубеге келеді?» делінген. Қатада ибн Диғама, табиғин, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Ғалым өзіне сұрақ қойылғанда, бұл жайлы көбірек жақсы білетін адамды білсе, соған нұсқау жасағаны жөн. Өйткені дін – адал насихат. Сондай-ақ бұдан шын пейіл, лайықты адамның қадір-қасиетін мойындау және кішіпейілділік аңғарылады (ән- Нәуәуи). Табиғин. Мұнда сол тұста бір-бірімен соғысқан екі топ туралы айтылған. тыйым салған едім. Ал ол бұлар жайлы (сөйлемеуден) бас тартып, бұрынғысынша (сөйлеуін) жалғастыра берді», – деді. Мен оған ант ішкен соң, ол (маған ілесіп) жүрді де, біз Айшаға бардық. Біз одан (кіруге) рұқсат сұрадық, ол рұқсат етті. Сөйтіп, біз оған кірдік. Ол: «Хаким бе?» – деп, оны таныды. (Хаким): «Иә», – деді. «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). «Сағд ибн Һишам», – деді. «Һишам кім?» – деп (сұрады). «Амирдің баласы», – деді. Сонда (Айша) оған рақым тілеп, игілік айтты»; Қатада: «Ол Ухуд (шайқасы) күні мерт болған еді», – деп айтқан. (Сағд айтады): «Мен: «Уа, мүміндердің анасы! Маған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мінез-құлқы жайлы айтып берші», – дедім. Ол: «Сен Құран оқиды емессің бе?» – деді. «Әрине, (оқимын)», – дедім. «Расында, Аллаһ пайғамбарының (с.а.с.) мінез-құлқы – Құран болатын », – деді. Мен орнымнан тұруға және енді өле-өлгенімше ешкімнен еш нәрсе жайлы сұрамауға ой түйдім. Содан кейін маған (тағы бір) ой келіп: «Маған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) (түнгі намазға) тұруы жайлы айтып берші», – дедім. Ол: «Сен «Ей, оранып жатқан!..» (деп басталатын сүрені) оқиды емессің бе?» – деді. «Әрине, (оқимын)», – дедім. «Расында, Аллаһ тағала түнде намазға тұруды осы сүренің бас жағында парыз еткен. Сонда Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) мен оның сахабалары бір жыл бойы (түнде намазға) тұрды. Аллаһ бұл (сүренің) соңғы (аяттарын) он екі ай бойы аспанда (түсірмей) ұстап тұрды. Ақыр соңында Аллаһ осы сүренің аяқ жағында жеңілдік түсірді де, түнде намазға тұру парыздан кейін нәпілге айналды», – деді»; (Сағд) айтады: «Мен: «Уа, мүміндердің анасы! Маған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үтір (намазы) жайлы айтып берші», – дедім. Ол: «Біз оған мисуак пен дәрет суын әзірлеп қоятынбыз . Аллаһ түнде оны Өзі қалаған кезде оятатын. Ол тісін тазалап, дәрет алып, тоғыз ракағат намаз оқитын (және) онда сегізінші (ракағатта) бір-ақ отыратын. Сөйтіп, Аллаһты зікір ететін, Оған мақтау айтатын және дұға қылатын, сосын сәлем бермей, орнынан көтерілетін. Содан кейін тұрып, тоғызыншы (ракағатты) оқитын да, отырып, Аллаһты зікір ететін, Оған мақтау айтатын және дұға қылатын. Сосын бізге естірте сәлем беретін. Сосын сәлем бергенінен кейін отырған қалпында екі ракағат намаз оқитын. Осы – он бір ракағат, ей, балам! Кейін Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) жасы егде тартып, ет алып (толысқан) соң, жеті (ракағатта) үтір оқитын болды. Ал екі ракағатта әуелгіде жасағанындай жасайтын. Осы – тоғыз ракағат, ей, балам! Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) бір намазды оқыса, оны үнемі оқуды ұнататын. Ол егер түнгі намазға тұруға ұйқы айналдырса не қандай да бір Яғни Аллаһ елшісі (с.а.с.) Құранға сәйкес амал жасайтын, оның тыйымдарына түгелдей бағынатын, әдеп ережелерін ұстанатын, үлгі-өнегелері мен әңгімелерінен ғибрат алатын, оған ой жүгіртетін және оны көркем оқи білетін (ән-Нәуәуи). Яғни «Муззәммил» сүресі. Мұнда ғибадатқа қажеттілердің бәрін алдын ала әзірлеп қоюдың және оған көңіл бөлудің мустахаб екеніне сілтеме келген. ауру (кедергі жасаса), күндіз он екі ракағат намаз оқитын . Мен Аллаһтың пайғамбарының (с.а.с.) бір түнде Құранды түгелдей оқып шыққанын да, түнде таңға дейін намаз оқығанын да, рамазаннан басқа бір ай толық ораза тұтқанын да білмеймін», – деді»; (Сағд) айтады: «Содан кейін мен Ибн Аббасқа барып, (Айшаның) айтқандарын әңгімелеп бердім. (Ибн Аббас): «Ол рас айтты. Егер де мен оның туысы болсам не алдына кірсем, маған да осыны айтып беруі үшін міндетті түрде оған барар едім», – деді. (Сонда) мен: «Егер сенің оның алдына кірмейтініңді білгенімде, саған оның айтқанын әңгімелеп бермес едім», – деп айттым» (746/139).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 393
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) үтір намазын түннің барлық (бөлігінде): түннің алғашқы (бөлігінде), ортаңғы (бөлігінде) және соңғы (бөлігінде) оқитын. (Кейде) оның үтірі таң сәріге дейінгі (уақытта) аяқталатын», – деп айтқан (745/136).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 394
Әнәс ибн Сириннен . Ол: «Мен Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Қалай ойлайсың, таң намазы (парызынан) бұрынғы екі ракағатта Құранды ұзақ оқиын ба?» – деп сұрадым. Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) түнде екі-екі ракағаттан намаз оқитын және бір ракағат үтір оқитын», – деді. «Сенен бұл жайлы сұрап тұрған жоқпын», – деген едім: «Сен сондай алыпсың3! Саған хадисті толық айтып беруіме мүмкіндік бересің бе? Аллаһ елшісі (с.а.с.) түнде екі-екі ракағаттан намаз оқитын және бір ракағат үтір оқитын. Сондай-ақ таң (намазынан) бұрын азан құлақтарында тұрғандай екі ракағат намаз оқитын», – деп айтты», – деген (749/156). Жалпы, түнгі намазға жеңіл қарамау және өткізіп алған жағдайда оның орнын толтыру керек (ән-Нәуәуи). Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Бұл сөз аңғалдық пен әдепсіздікті көрсетеді. Ибн Омар мұны Әнәс ибн Сирин әңгімесін үзіп, хадисті аяқтауға жеткізбей, асықтырғаны үшін айтқан (ән-Нәуәуи). Ибн Хажар әдетте тым семіз адамдарда зиялылық жетіспейтініне сілтеме жасаған. Мұнда қамат туралы айтылған (ән-Нәуәуи). Қазы Ғиядтың айтуынша, хадисте Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұл намазы оның басқа намаздарымен салыстырғанда өте қысқа болғаны көрсетілген. Әл-Бұхари жеткізген риуаятта оны жеткізушілердің бірі – Хаммад бұл сөзді «жылдам» деп түсіндірген. Яғни Пайғамбардың (с.а.с.) аталмыш намазы намазға қамат айтылғанын естіген адамның намазы сияқты жылдам оқылатын болған (Ибн Хажар). үтір (намазын түннің) әуелгі (бөлігінде) оқысын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 395
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім түн аяғында тұра алмай қалудан қауіптенсе, үтір (намазын түннің) әуелгі (бөлігінде) оқысын. Ал (түн) аяғында тұруға үміттенсе, үтірді түн аяғында оқысын. Өйткені түн аяғындағы намаз куәларға ие , ал бұл абзал», – деп айтты», – деген (755/162).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 396
Әбу Сағид (әл-Худриден) (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Үтірді таң атпай тұрып оқыңдар», – деп айтқан (754/160).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 397
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреуің үйіне оралғанда үш бірдей үлкен, семіз түйелер табуды ұнатады ма?» – деп (сұрады). Біз: «Иә», – дедік. (Сонда) ол: «Біреуің намазында оқитын үш аят – ол үшін үш бірдей үлкен, семіз түйелерден жақсы», – деп айтты», – деген (802/250).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 398
Әбу Уәилден . Ол: «Бір күні біз таң (намазын) оқығаннан кейін ертемен Абдуллаһ ибн Масғұдқа бардық. Біз есік алдында сәлем бердік. Ол бізге (кіруге) рұқсат етті. Біз есік алдында біраз уақыт бөгелдік. Қызметкер әйел сыртқа шығып: «Кірмейсіңдер ме?» – деді. Ішке кірсек, ол тәсбих айтып отыр екен. Ол: «Ішке кірулеріңе не кедергі болды? Сендерге рұқсат етілген еді ғой», – деді. «Жоқ, бірақ біз үйдегілердің кейбірі ұйықтап жатыр ма деп ойладық», – дедік. «Сендер Ибн Умму Абдтың отбасы бейғамдықта болады деп ойладыңдар ма?» – деді . Сосын ол (қайтадан) тәсбих айтуға кірісті. Күн шықты ғой деп ойлаған кезінде: «Ей, қызметкер әйел! Қарашы, (күн) шықты ма?» – деді. (Қызметкер әйел) қараған еді, (күн) әлі шықпапты. Ол (қайтадан) тәсбих айтуға кірісті. Күн шықты ғой деп ойлаған Түн аяғындағы намазға куә ретінде мейірім періштелері қатысады. Ибн Хиббан «сахих» иснадпен жеткізген риуаятта: «Кім ракағаттары тақ санды түнгі намазды таң атпай тұрып оқымаса, ол үшін сауап алмайды» делінген. Мұнда орта буаз, яғни буаздықтың орта кезеңіндегі түйелер туралы айтылған (ән- Нәуәуи). Әс-Синди мұндай түйелердің арабтарда ең құнды мүлік түрі болғанын айтады. Шақиқ ибн Сәләмә әл-Әсәди, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда ер адам өз отбасына, олардың дінге қатысты істеріне көңіл бөлуі керектігіне сілтеме бар (ән-Нәуәуи). кезінде: «Ей, қызметкер әйел! Қарашы, (күн) шықты ма?» – деді. Ол қараса, (күн) шыққан екен. Сонда ол: «Біздің осы күнімізді кешірген Аллаһқа мақтау болсын!» – деді. (Мәһди1: «Ол: «Бізді күнәларымыз себепті опат етпеген...» деп айтты деп ойлаймын», – деген.) Сонда адамдардың біреуі: «Кеше түнде муфассалды түгелдей оқып шықтым», – деді. (Мұны естіген) Абдуллаһ (ибн Масғұд): «(Бұл) өлеңді судыратқандай судырату екен. Расында, біз ұқсас (сүрелерді) тыңдағанбыз. Әрі мен Аллаһ елшісі (с.а.с.) оқитын ұқсас (сүрелерді) есімде жақсы сақтағанмын . (Олар:) муфассалдан он сегіз , «Ха Мим» қатарындағылардан екі сүре», – деп айтты», – деген (822).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 399
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) түн ортасында шығып, мешітте намаз оқиды. Сонда бір кісілер оның намазына ілесіп намаз оқиды. Таң атқан соң адамдар мұны әңгіме қылады да, олардың көпшілігі жиналады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) екінші түні шығып, (адамдар тағы да) оның намазына ілесіп намаз оқиды. Таң атқан соң адамдар мұны әңгіме қылады. Үшінші түні мешітке келген адамдар тіпті көп болады. (Пайғамбар (с.а.с.)) шығып, олар оның намазына ілесіп намаз оқиды. Төртінші түн болғанда, мешітке келген адамдар сыймай қалды. (Бірақ) Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға шықпады. Олардан бір кісілер: «Намаз!» – деп айта бастады. (Әйтсе де) Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға шықпады. Сөйтіп, ол таң намазына (бір-ақ) шықты да, таң (намазын) оқып болған соң, адамдарға бұрылып, куәлік сөздерін айтты. Содан кейін ол: «Енді... (Кеше) түнде маған сендердің жағдайларың жасырын қалмады. Бірақ мен сендерге түнгі намаз парыз етіліп, сендер оған әлсіздік танытарсыңдар деп қорықтым», – деді. (Келесі) бір риуаятта: «Бұл рамазан (айында болған еді)» (деп айтылған) (761/178).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 400
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) рамазанда намазға тұруға ынталандыратын. Бірақ оларға мұны шешімді түрде (орындауды) бұйырмайтын. Ол: «Кімде-кім рамазанда иманмен әрі сауап алу үмітімен намазға тұрса, оның бұрынғы өткен күнәлары кешіріледі», – дейтін. Содан Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүниеден өтті Мәһди ибн Мәймун, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. «Қаф» сүресінен Құранның аяғына дейінгі сүрелер. Яғни көлемдері мен мағыналары ұқсас сүрелер. Басқа бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.) оларды бір ракағатта екі сүреден оқығаны келген. Енді бір риуаятта: «жиырма сүре» делінген. Мұнда «Ха Мим» деп басталатын сүрелер туралы айтылған. де, жағдай осылай (қалды) . Сосын Әбу Бәкірдің халифалығы және Омардың халифалығының бас кезінде де жағдай осылай (болды)», – деген (759/174). Яғни мешітте үлкен жамағатпен оқылмайтын. Содан кейін Омардың тұсында тарауих намазы жамағатпен оқылатын болды. Тарауих намазын жамағатпен оқыған абзал. Өйткені Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзі оны жамағатпен оқыған және оның абзал екеніне сілтеме жасаған. Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Егер адам намазды аяғына дейін имаммен бірге оқыса, оған түні бойы намаз оқығаны жазылады» деп айтылған. ЖҰМА (НАМАЗЫ ЖАЙЛЫ) ТАРАУЛАР
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 301–350ОглавлениеХадисы 401–450 →