Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 301–350 (Намаз Кітабы)
← Хадисы 251–300ОглавлениеХадисы 351–400 →
Глава 4. Намаз Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 301
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сәждеде түзуленіңдер және ешқайсың ит секілді екі білегін (жерге) төсемесін», – деп айтты», – деген (493/233).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 302
Абдуллаһ ибн Мәлик ибн Бухайнадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз оқығанда қолдарының арасын қолтығының ағы көрінетіндей ашатын (495/235). дәрежесіне дейін күшейткен, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан және басқалар оның сахихтығын дәлелдеген). Ибн Әсирдің айтуынша, бұл хадистің мағынасы – егер оның шашы тарқатулы болса, олар сәжде барысында жерге тиіп, шаштарымен бірге сәжде жасағаны үшін намаз оқушы адам сауап алар еді. Алайда оның шашы бұрым етіп өріліп, сәждеден тыс қалғандықтан, Пайғамбар (с.а.с.) әлгі намаз оқушыны қолдары байлаулы кісіге теңеген. Егер ол қолдары байлаулы жағдайда сәжде жасаса, қолдары сәждеден тыс қалар еді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Абдуллаһ ибн Харистің шашын өріп, артына тастап намаз оқып жатқанын көргенде, орнынан тұрып, оның шашын тарқатқан және Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Шын мәнінде, мынау байлаулы күйде намаз оқып жатқан сияқты», – деп айтқанын естігенін жеткізген. Кейбір ғалымдар «шашты бұрым етіп өрмей намаз оқу жайлы нұсқау тек ер адамдарға қатысты» деген. Бұл жайлы әш-Шәукәни мен Ибн әл-Араби нақыл еткен. Ал кейбіреулердің айтуынша, адамның сәжде жасаудан бұрын жерге тимеу үшін киімін жинау әрекеті тәкаппарлық болып табылады (әс- Синдидің «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесін қараңыз). Ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде киімді түру не қолмен ұстау, сондай-ақ шашты сәлденің ішіне салу және бұрым етіп өру де осыған қатысты екендігін әрі ғұламалар аталмыш нұсқаудың намазға қатыстылығы жөнінде бірауызды келісімге келгенін айтқан. Сонымен бірге ол – ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі бұлай ету мәкруһ тәнзиһи екеніне саятынына және мұндай адамның намазы бұзылмайтынына сілтеме жасаған. Тек Ибн Мунзирден жеткен хабарда Хасан әл-Басридің «мұндай адам намазын қайта оқуы тиіс» деп есептегені жайлы айтылған. Басқа бір хадисте: «Білектеріңді (жануарлар сияқты жерге) төсеме. Оларды алақандарға тіре және иықтан қашық ұста. Егер сен шын мәнінде осылай жасасаң, онда сенімен бірге барлық дене бөлігің сәжде жасайды» деп айтылған (хадисті Ибн Хузайма (2/80/1) және әл-Мақдиси «Мухтарат» кітабында тіркеген, әл- Хаким мұның сахихтығын дәлелдеген, мұнымен әз-Зәһәби де келіседі). Сондай-ақ Муслим Бара ибн Азибтан жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сәжде жасағанда алақандарды жерге қойып, білектерді жоғары көтер», – деп айтқан. Муслим, Әбу Ауана және Ибн Хиббан жеткізген хадисте: «...сондайлық, егер оның қолдары астынан қозы өтпек болса, өтіп кетер еді» деп айтылған. Әбу Дәуд пен Ибн Мәжәһ «хасан» иснадпен кейбір сахабалар: «Сәжде жасағанда қолдарын бүйірінен сондайлық қашық ұстайтындықтан, біз Аллаһ елшісін (с.а.с.) аяп кететінбіз», – деп айтқанын риуаят еткен.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 303
Абдуллаһ ибн Зубәйрден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазда отырғанда, сол табанын (оң) саны мен балтырының арасына сұғып , оң табанын (жерге) төсейтін . Сол қолын сол тізесінің үстіне , оң қолын оң санының үстіне қоятын 4 және (сұқ) саусағымен ишара жасайтын », – деп айтқан (579/112). Әбу Дәуд пен әл-Бәйһақи «сахих» иснадпен жеткізген хадисте: «Оның сол сирағы жерде жатқанда, табандарының екеуі де бір тарапта болатын» делінген. Әл-Бұхари жеткізген хадисте оң табанды қоюдың басқаша тәсілі келген. Онда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оң табанын тік қалпында ұстағаны нақыл етіледі. Муслим мен Әбу Ауана жеткізген басқа бір риуаятта «ол сол алақанымен сол тізесін қапсыра ұстайтын» деп айтылған. Ән-Нәуәуи аталмыш әрекеттегі даналықтың намаз оқушы адам қағдада отырғанда қолдарымен ойнамауы үшін екендігіне сілтеме жасаған (Бәлкім, ән-Нәуәуи, Муслим Әли ибн Абдур-Рахман әл- Муғауиден жеткізген хадиске сүйенсе керек). Оның айтуынша, ол (қолдарымен намазда) жайнамазбен ойнағанда, Абдуллаһ ибн Омар оған бұлай жасауға тыйым салып: «Намазда Аллаһ елшісі (с.а.с.) жасаған (әрекеттерді ғана) жаса», – деп айтқан. Мұндай отырыс «тәуәррук» деп аталады. Кейбір ғалымдар «бұлайша отыру үш және төрт ракағатты намаздардың соңғы ракағатында қолданылады» деп есептеген. Бұл жайлы жоғарыда 275-хадистің түсіндірмесінде баяндалған болатын. Ал Ханафи мазһабы бойынша ер адамдар намазда барлық жағдайда ифтираш қалпында, ал әйелдер тәуәррук қалпында отырады. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «Пайғамбар (с.а.с.) тәуәррук қалпында жасы ұлғаюы себепті отырған» деп есептейді. Ташаһһуд кезінде сұқ саусақпен ишара жасау «ишара әс-сәббәбә» деп аталады. Әбу Ауана мен Ибн Хузайма жеткізген осыған ұқсас хадистің бір риуаятында Пайғамбардың (с.а.с.) «оған (яғни сұқ саусағына) қарағаны» айтылған. Әл-Хумайди өзінің «Муснад» кітабында (1/131) және Әбу Яғла (1/175) «сахих» иснадпен Ибн Омардан: «Бұл – шайтанды сабайтын таяқ. (Ендеше), ешкім мұны елеусіз қалдырмай, осылай жасасын» деген сөз қосқан. Тағы бір хадисте: «Ол саусағымен ишара жасағанда бас бармағын ортаңғы саусағына қоятын» деп айтылған (Муслим, Әбу Ауана). Кейде «ол бұларды (яғни бас бармағы мен ортаңғы саусағын) шеңбер тәрізді біріктіретін», сондай-ақ «ол саусағын көтергенде оны қимылдатып, осылай дұға жасайтын» (хадисті Әбу Дәуд, ән-Нәсәи, Ибн Жаруд «Мунтақа» кітабында (208), Ибн Хузайма (2-1/86/1) және Ибн Хиббан өзінің «Сахихінде» «сахих» иснадпен жеткізген. Оның сахихтігін Ибн Мулаққин дәлелдеген және бұған Ибн Адиде куәлік келген). «Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары (Аллаһ оларға разы болсын) бұны бір-біріне үйрететін», мұнда дұға қылған кезде саусақпен ишара жасау меңзелген (хабарды Ибн Әбу Шәйбә «хасан» иснадпен жеткізген (2/123/2)). «Пайғамбар (с.а.с.) екі ташаһһудта да осылай жасайтын» (хадисті ән-Нәсәи және әл-Бәйһақи «сахих» иснадпен жеткізген). «Ол сұқ саусақтарының екеуімен бірдей (ишара жасап) дұға қылып отырған адамды көргенде: «Біреуімен! (Біреуімен!)» – деп айтқан және әлгі адам сұқ саусағының біреуімен ишара жасауға көшкен (хадисті Ибн Әбу Шәйбә (1/40/12, 2/123/2) және ән-Нәсәи жеткізген. Әл-Хаким оның сахихтігін дәлелдеген, мұнымен әз-Зәһәби де
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 304
Таустен . Ол: «Біз Ибн Аббасқа өкшелерге отыру жайлы айтқанымызда, ол: «Ол сүннет», – деді. Біз оған: «Біз оны адамға қолайсыз көреміз», – деген едік, Ибн Аббас: «Жоқ, ол – Пайғамбарыңның (с.а.с.) сүннеті», – деп айтты», – деген (536/32).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 305
Хиттан ибн Абдуллаһ әр-Рақашиден . Ол: «(Бірде) мен Әбу Мұса әл- Ашғаримен (Аллаһ оған разы болсын) бірге намаз оқыдым. Ол қағдада болған кезде адамдардың біреуі: «Намаз игілікпен және зекетпен бірге бекітілді», – деді. Әбу Мұса намазды аяқтаған соң, бұрылып: «Мына, мына сөзді қайсың айттыңдар?» – деп (сұрады). Адамдар үндемеді. Сосын ол (тағы да): «Мына, мына сөзді қайсың айттыңдар?» – деп (сұрады). Адамдар (тағы) үндемеді. Ол: «Сірә, мұны сен айтқан шығарсың, ей, Хиттан?» – деп (сұрады. Хиттан): «Оны мен айтқан жоқпын. (Бірақ) бұған мені жазғырасың деп қорықтым», – деді. Сонда әлгіні айтқан адам: «Оны мен айттым, (бірақ) мұнымен жақсылықтан басқа (еш нәрсе) қаламадым», – деді. Әбу Мұса (оған): «Сендер намаздарыңда не айтатындарыңды білмейсіңдер ме? Расында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге құтпа жасап, сүннетімізді түсіндірді және намазымызды үйретті. Ол (с.а.с.): «Егер намаз оқысаңдар, келіседі). Сондықтан да имам Бурһануддин әл-Марғинани «Һидая» кітабында «екі саусақпен бірдей ишара жасау мәкруһ» деп көрсеткен. Жоғарыдағы хадистердің біріндегі: «ол осылай дұға жасайтын» деген сөзге қатысты әт-Тахауи: «Мұнда ол мұны намаздың соңында да жасағанына дәлел бар», – деген. Біздің мазһабта саусақпен ишара жасау имам Әбу Ханифаның шәкірттері Мұхаммед пен Әбу Юсуфтен нақыл етілген. Ал әл-Хаулани сұқ саусақ «лә иләһә» дегенде жоғары көтеріліп, «иллаллаһ» дегенде төмен түсірілетінін айтқан (имам Камал ибн Һумамның «Һидая» кітабына түсіндірме ретінде жазған «Фатх әл-Қадир» кітабын қараңыз). Әбу Абдур-Рахман ибн Кайсан, фақиһ, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда «адамға қолайсыз» деп олар адам бұлай отырғанда нық қалпын жоғалтатынын немесе Абдур-Рахман әл-Мубаракфури айтқандай, мұндай отыру ер адамға дөрекі екенін меңзеген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, сахабалардың бір тобы, олардың қатарында Ибн Омар мен Ибн Аббас осылай жасаған (әл-Бәйһақи «сахих» иснадпен Ибн Омар да мұның сүннетке жататынын айтқанын жеткізген). Сондай-ақ бірқатар ғалымдар мұны «сүннет» деп санаған. Абдур-Рахман әл-Мубаракфури иқъа қалпында отыруды Ибн Һумам және басқалар сияқты біздің мазһабтың кейбір имамдары да ұстанғанын айтқан. Әл-Бәйһақидің түсіндіруінше, осылай өкшелерге және аяқ башпайларына отыру кезінде тізелер жерде болады. Иқъа қалпында отырудың сүннет екені жайлы хадисті Әбу Ауана, Әбу Шейх («Жәбирмен қатар Әбу Зубәйрден нақыл етілгендер» деген кітапта (104, 106)) және әл-Бәйһақи де жеткізген. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. саптарыңды түзеңдер . Содан кейін сендерге біреуің имам болсын . Ол тәкбір айтса, тәкбір айтыңдар . «Ғайрил мағдуби аләйһим уә лад- дааллиин» десе, «әмин» деп айтыңдар , Аллаһ сендерге жауап қатады. Егер ол тәкбір айтып, рукуғ жасаса, тәкбір айтып, рукуғ жасаңдар. Өйткені имам сендерден бұрын рукуғ жасап, сендерден бұрын (басын) Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар бұл бұйрыққа қатысты бірауызды келісімге келген. Мұнда «саптарыңды түзеңдер» деп оны түзулеу, алдыңғы саптарды ретімен толтыру және саптарды тығыз орналастыру туралы айтылған. Ән-Нәуәуи «мұнда парыз намаздарды жамағатпен оқуға бұйрық бар» деген. Бұған ешқандай да келіспеушілік жоқ, алайда пікір қайшылығы «бұлай жасау міндет пе, әлде мустахаб па?» деген мәселеде туындаған. Имам Бурһануддин әл-Марғинани: «Пайғамбардың (с.а.с.) «Жамағат намазы – тура басшылық сүннеттерінің бірі, оған мұнафық қана келмейді» деген сөзіне сәйкес жамағат намазы бекітілген сүннет болып табылады», – деген. «Әл-Һидая» кітабына түсіндірме жазған имам Ибн Һумамның айтуынша, имам Бурһануддин алға тартқан дәйек бұл сүннетте нақтыланғанын меңземеген болса, оның сүннетке жататыны жайлы пікіріне сәйкес келмейді. Өйткені аталмыш дәйектен, уәжді себеп болмаса, жамағат намазына қатысудың уәжіп екені жайлы тұжырым туады. Ендеше, бұдан шығар қорытынды: уәжді себебі барлардан басқаларға жамағат намазына қатысу жекелей парыз (фард әл-айн) болып табылады. «Әл-Ғая» кітабында: «Біздің шейхтардың барлығы мұның уәжіп екенін айтқан»; «Муфид» кітабында: «Бұл – міндет, ал «сүннет» деп аталуы оның сүннет бойынша міндеттелгеніне байланысты» деп көрсетілген. Бұл айтылғандар – Ибн Һумамның пікірі. Біздің мазһабтың белгілі мухаддисі әз-Зайлағи «Насб әр-рая» кітабында имам әл-Марғинани келтірген хадис жайлы: «Ол мұндай мәтінмен белгісіз. Муслим Әбул-Ахуастан (осы кітапта Ибн Масғұдтан (325-хадис)) жеткізген хадисте: «Расында, мен бізден екіжүзділігімен танылған мұнафықтан не науқас (адамнан) басқа (жамағат) намазына қатыспай қалған (ешкімді) көрмедім. (Тіпті) науқас болса да, намазға қатысу үшін екі кісінің (сүйемелдеуімен) келетін»; «Расында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге (Аллаһ нұсқаған) тура басшылық сүннеттерін үйретті, ал тура басшылық сүннеттерінің бірі – оған азан шақырылатын намазды мешітте оқу» деп айтылған» деп көрсетілген. Ал әш-Шафиғи «жамағат намазы – парыз кифая» деп санаған. Егер оны біреулер орындаса, басқалардың мойнынан бұл міндет түседі. Керісінше жағдайда бұл міндетті орындамағандары үшін бәрі де күнәлі болады. Шафиғи мазһабының кейбір өкілдері жамағат намазын сүннет санатына жатқызған. Ахмад, Дауд, Ата, Әбу Сәур және Ибн Хузайма «бұл – парыз айн» деп санаған. Алайда бұл намаз шартына жатпайды және уәжді себепсіз жеке намаз оқыған адамның намазы дұрыс саналады. Әйтсе де ол адам күнәлі болып табылады. Кейбір заһирилер «жамағат намазы – намаздың дұрыс болуының шарты» деп есептеген. Алайда жамағат намазы намаздың дұрыс болуының шарты саналады деген пікір дұрыс емес. Өйткені хадисте жамағатпен оқыған адамның намазы сауап тұрғысында жеке оқылған намаздан артық екені айтылған. Егер жеке оқыған адамның намазы жарамсыз болса, оған сауап жазылмас еді. Мұнда тәкбірді имамнан бұрын және бірге емес, одан кейін айтуға бұйрық келген (ән-Нәуәуи). Ән-Нәуәуи мұнда имамға ұйып тұрған адамдардың «әмин» сөзін имамнан кейін емес, онымен бірге айтатынына дәлел бар екенін көрсеткен. Бұл мәселеге қатысты ғұламалардың пікірлері алдыңғы хадистердің түсіндірмелерінде талданып келтірілген. көтереді»; (Содан кейін) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұны осылай (жасаңдар) . Егер (имам): «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» десе, «Аллаһумма, Раббәнә, ләкәл-хамд» деп айтыңдар, Аллаһ сендерді естиді. Өйткені аса игі әрі (бәрінен) жоғары Аллаһ пайғамбарының тілі арқылы: «Аллаһ Өзін мадақтағанды естиді», – деп айтты. Егер ол тәкбір айтып, сәжде жасаса, тәкбір айтып, сәжде жасаңдар. Өйткені имам сендерден бұрын сәжде жасап, сендерден бұрын (басын) көтереді»; (Содан кейін) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұны осылай (жасаңдар. Имам) қағдада болғанда сендердің біріңнің әуелгі сөзі: «Әт-тәхиййатут-таййибәтус-салауату лилләһи, әс- сәләму аләйкә әййуһән-нәбиййу уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму аләйнә уә алә ибәдилләһис-салихиин. Әшһәду әллә иләһә илләллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ (Сәлемдесулер, жақсы нәрселер мен дұғалар Аллаһқа тән. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем, Аллаһтың рақымы мен құт-берекесі болсын! Бізге және Аллаһтың ізгі пенделеріне сәлем болсын. Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына куәлік беремін және Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін)» (деген сөздер) болсын» , – деді», – деп айтты» (404/62).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 306
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге ташаһһудты Құраннан сүре үйреткендей үйрететін. Ол: «Әт- тәхийатул-мубәракәтус-салауатут-тайибәту лилләһи, әс-сәләму аләйкә әййуһән-нәбиййу уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму аләйнә уә алә ибәдилләһис-салихиин. Әшһәду әллә иләһә илләллаһу уә әшһәду әннә Мухаммәдәр расулуллаһ (Сәлемдесулер, берекелілер мен жақсылардың барлығы және дұғалар Аллаһқа тән. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем, Аллаһтың рақымы мен құт-берекесі болсын! Бізге және Аллаһтың ізгі пенделеріне сәлем болсын. Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына куәлік беремін және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беремін)», – деп айтатын», – деген . Яғни имамның әрекеттеріне ілесуде белгілі бір межедегі біраз уақыт аралығын ұстаныңдар. Бұл сөздің осылай «Аллаһумма, Раббәнә, ләкәл-хамд», сондай-ақ «Раббәнә, ләкәл- хамд» және «Раббәнә, уә ләкәл-хамд» деген нұсқалары бар. Бұл нұсқалар әл- Бұхаридің «Сахихінде», Ахмадтың «Муснадында» және ән-Нәсәидің жинағында келген. Сонымен қатар Ахмад Әбу Һурайрадан жеткізген хадис те бар. Осыған ұқсас хадисті әд-Дарақутни Ибн Омардан, әл-Бәйһақи Әбу Сағид әл-Худриден, ән- Нәсәи Әбу Мұса әл-Ашғариден жеткізген. Ғалымдардың бір тобы мұны ташаһһудты «бисмилләһсіз» бастау керектігіне дәлел ретінде келтірген. Тағы бір риуаятта: «абдуһу уә расулуһ» делінген. Кейбір ғалымдардың түсіндіруінше, «әт-тәхийат» – Аллаһ тағала – әс-Сәләм (барлық кемшіліктерден пәк) екенін және билік (әл-мулк) пен тұрақтылық (әл- бақа) Оған тән екенін көрсететін барлық сөздер. «Әс-салауат» – Аллаһ тағаланы ұлықтайтын және Одан басқа ешкімге лайық болмайтын жалбарыну сөздері. «Әт- тайибат» – Аллаһ тағаланы дәріптейтін, Оны мадақтайтын барлық сөздер мен іс- Ибн Румхтың риуаятында: «Бізге Құран үйреткендей» (деп айтылған) (403/60).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 307
Ғұруа ибн Зубәйрден . Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) оған хабарлауынша, Пайғамбар (с.а.с.) намазда: «Аллаһуммә, инни аъузу бикә мин азәбил-қабр, уә аъузу бикә мин фитнәтил-мәсихид-дәжжәл, уә аъузу бикә мин фитнәтил-махйа уәл- мәмәт! Аллаһуммә, инни аъузу бикә минәл-мәсәми уәл-мағрам (Уа, Аллаһ! Өзіңнен қабір азабынан пана сұраймын, Өзіңнен Мәсих Дажжалдың бүлігінен пана сұраймын, Өзіңнен өмір мен өлімнің бүлігінен пана сұраймын. Уа, Аллаһ! Өзіңнен күнәкарлық пен қарыздарлықтан пана сұраймын)!» деп дұға қылатын . Біреу оған: «Қарыздарлықтан неге сонша көп пана сұрайсың, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрақ қойды) . Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, кісі қарызға батқанда, сөйлесе – жалған айтады, ал уәде берсе – орындамайды », – деді (589/129). амалдар. Мұнда Аллаһ тағаланың сипаттарына кереғар, Оған лайық емес нәрселер киліге алмайды. «Әс-сәләму аләйкә» – Аллаһтан сені (кемшіліктерден, кесірден т.б.) сақтауын, сені мығым етуін сұраймын. Аллаһ сені қорғанына алып, жақсылықпен жарылқасын. Сондай-ақ мұны: «Аллаһ (Өз мейірімі, жәрдемі арқылы) сенімен бірге болсын» деп те тәржімалауға болады. Өйткені «әс-Сәләм» сөзі – Аллаһ тағаланың көркем есімдерінің бірі. Мағынасы: Ол – барлық айып- нұқсандардан, кемшіліктерден, жамандықтардан т.б. Өзіне лайық емес сипаттардан пәк, таза. «Бәракәт» – Аллаһ тағаладан бастау алған, тынымсыз төгіліп тұратын барлық игіліктер. Ибн Румх – Мұхаммед ибн Румх әл-Муһажир, Муслимнің ұстазы. Сахаба Зубәйр ибн Аууам мен Әсмә бинт Әбу Бәкірдің ұлы, фақиһ-ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда «Пайғамбар (с.а.с.) күнәдан жан-жақты қорғалғанына қарамастан, не үшін күнәкарлықтан пана сұраған?» деген сұрақ тууы мүмкін. Мұны Ибн Хажар: «Біріншіден, бұл мұсылмандар үмбетіне тәлім беру үшін жасалған болуы мүмкін. Екіншіден, Пайғамбар (с.а.с.) бұдан өзі үшін емес, бүкіл үмбеті үшін пана сұраған. Үшіншіден, бұл оның кішіпейілділігін, Аллаһ алдындағы бойсұнуын және Оған деген құлшылығын көрсетеді» деп түсіндіреді. Мұнда күнәдан қорғалмағандар үшін ғибрат бар. Осы дұға арқылы жалбарынушыға сауаптар жазылып, дәрежелері көтеріледі. Ал біз «қарыздарлық» деп балама берген хадистің арабша мәтініндегі «мағрам» деген сөзге келсек, ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл қарызын қайтаруға мүмкіндігі жоқ борыштыны білдіреді. Бұл жайлы әл-Асқалани де айтып өткен. Басқалар «бұл – күнәлар және бойсұнбаушылық салдарынан туатын залал» деген пікір білдірген. Ән-Нәсәидің риуаятында бұл сұрақты Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) қойғандығы айтылған және бұл жайлы Ибн Хажар, әс-Суюти және басқалар да айтқан болатын. Ибн Хажардың айтуынша, мұндай жағдай (әр кезде емес) жиі орын алады.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 308
Әбу Бәкір әс-Сыддықтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.): «Маған онымен намазымда және үйімде дұға жасайтын бір дұға үйретші», – деп (өтінгенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәбиран ((басқа) бір риуаятта: кәсиран), уә лә йағфируз-зунубә иллә Әнтә, фағфирли мағфиратан мин ъиндикә уархамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!» (Уа, Аллаһ! Расында, мен өзіме үлкен ((басқа бір риуаятта: көп) әділетсіздік жасадым , ал күнәларды кешіретін Сен ғанасың, мені Өз алдыңнан болған бір кешіріммен кешіре гөр және маған рақым ет! Өйткені Сен – өте Кешірімді, аса Рақымдысың)!» деп айт», – деген (2705/48). пана сұрау
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 309
Әбу Дәрдәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) (намазға) тұрды . Біз оның: «Сенің (кесіріңнен) Аллаһқа сиынып пана сұраймын», – деп айтқанын естідік. Сосын ол (с.а.с.): «Сені Аллаһтың лағынетімен лағынеттеймін» , – деп үш рет айтты да, бірдеңені ұстамақ болғандай қолын созды . Ол намаздан босаған соң, біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сенің намазда бұдан бұрын айтқаныңды естімеген бір нәрсе айтқаныңды естідік және қолыңды созғаныңды көрдік», – дедік . (Сонда) ол: «Расында, Аллаһтың дұшпаны Ібіліс оны бетіме қою үшін от жалынымен келді . Сол кезде мен: «Сенің Яғни күнәлар істедім. Мағынасы осыған ұқсас хадисті әл-Бұхари, ән-Нәсәи, Ахмад, әд-Дарақутни және әт-Табарани жеткізген. Ол риуаяттардың бірінде бұл намаздың парыз намазы болғандығы айтылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда намаз кезінде екінші біреуге бағыттай дұға жасауға рұқсат етілетініне сілтеме келген (кейбіреулер мұның шайтанға ғана қатысты екенін айтқан). Алайда мәлики мен шафиғи мазһабының кейбір өкілдері бұл жағдайдың намазда басқалармен сөйлесуге тыйым салынбас бұрын болғандығын айтқан. Біздің мазһабта Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Расында, бұл – намаз, онда адамдардың сөзінен еш нәрсе жарамайды. Шын мәнінде, ол – тәсбих, тәкбір және Құран оқу» (Муслим) деген сөзіне сәйкес Құранда және сүннетте келмеген, адамдардың сөзіне ұқсас дұға жасау намазды бұзады. Келесі бір риуаятта: «ол бұл кезде қолын қысты» делінген. Осыған сүйенген имам Муслим жинақтың түпнұсқасында біз қарастырып отырған тарауды «...намазда кішігірім әрекеттерге рұқсат етілетіні» деп атаған. Мұны басқа да хадистер айғақтайды. Тағы бір риуаятта адамдар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Намазға жаңадан бір нәрсе енді ме?» – деп сұраған. Енді бір риуаятта: «Бұл шайтан алдымды кесіп өтпек болды, ал мен оның мойнынан ұстап, қолымда оның мұздай тілін сезіндім» деп айтылған. «Сифат әс- (кесіріңнен) Аллаһқа сиынып пана сұраймын», – деп үш рет, сосын: «Сені Аллаһтың толық лағынетімен лағынеттеймін», – деп айттым. Ол (сонда да) кетпеді. (Осылай) үш рет (қайталанды). Содан кейін оны ұстамақ болдым. Аллаһпен ант етейін , бауырымыз Сүлейменнің дұғасы болмағанда , ол міндетті түрде байланып , Мәдина тұрғындарының балалары онымен ойнайтын еді», – деп айтты», – деген (542/40).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 310
Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Сағд ибн Ғұбадамен әңгімелесіп отырғанымызда, бізге Аллаһ елшісі (с.а.с.) келді. Бәшир ибн Сағд одан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһ тағала бізге саған салауат айтуды бұйырды . Ендеше, саған қалай салауат айтамыз?» – деп (сұрады). Аллаһ елшісі (с.а.с.) үндемеді. Тіпті біз ол одан мұны сұрамай-ақ салат» кітабының жазбагері: «(Бұл хадис) осылар себепті қадиянилер кәпір болған хадистер қатарына жатады. Олар Құранда және сүннетте айтылған жындарға сенбей, анық дәлелдерді теріске шығарады. Олар «жын» сөзі «инс» не «башар» сияқты адамзат атауларының бірі деп санап, Құранның түсіндірмесі мен түсінігін өзгертеді. Мұнымен олар діннен ғана шығып қоймай, араб тілі грамматикасы ережелеріне қарсы келеді. Олар Құран мәтіндерін өз пікірлері негізінде түсіндіріп, бұл мәтіндерге қатысты Пайғамбардың (с.а.с.), оның сахабаларының (Аллаһ оларға разы болсын) және оларға ілесушілердің түсінігіне назар аудармаған. Олардың Құранға, хадистерге және тура ұғымға қарама-қайшы келетін өтіріктері әбден түсінікті», – деп жазған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда ешкім ант ішуді талап етпесе де, айтылған хабарға көбірек маңыз аудару және оның сенімділігін көрсету үшін ант етуге рұқсат етілетініне дәлел келген. Мұнда Сүлеймен пайғамбардың (оған сәлем болсын) «Раббым... маған өзімнен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер» деген дұғасы меңзелген (Сад, 37- 38). Оған нәсіп болған патшалықтың бір ерекшелігі – ол барлық жын-шайтандардың үстінен билік жүргізген-ді. Аллаһ тағала: «Оған түрлі құрылыс салушы және сүңгігіш шайтандарды бағындырдық. Ал басқа біреулері шынжырларда қосақтаулы еді. Бұл – біздің бергеніміз. Ендеше, қалағаныңа бер не бермей ұстап тұр, (оның) есепсіз» (Сад, 37-39); «Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз. Олар Сүлейменнің қалауынша құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын» (Сәбә, 12-13); «Оған суға сүңгитін және басқа істерді істейтін шайтандарды бағындырдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік», – деген (Әнбия, 82). Басқа риуаятта: «Мен оны мешіт тіреулерінің біріне байлап қояр едім» деп келген. Енді бір риуаятта: «Егер біреу өзі мен құбыланың арасынан ешкім кесіп өтпеуін қамтамасыз ете алса, осылай жасасын» деген қосымша сөз бар. Мұнда Бәшир ибн Сағд Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтып, сәлем жолдауды бұйырған «Ахзаб» сүресінің 56-аятын меңзеген. Ибн Хузайманың риуаятында: «...егер біз мұны намазда орындайтын болсақ» деп келген. қойғанда ғой деп ойладық . Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһумма, салли ъалә Мухаммәдин уә ъалә әли Мухаммәдин кәмә саллайтә ъалә әли Ибраһим, уә бәрик ъалә Мухаммәдин уә ъалә әли Мухаммәдин кәмә бәрактә ъалә әли Ибраһима фил-ъаләмиин(ә), иннәкә Хамидун Мәжид! (Уа, Аллаһ! Мұхаммедке және оның отбасына Ибраһимнің отбасына салауат еткеніңдей салауат ет , сондай-ақ Мұхаммедке және оның отбасына Ибраһимнің отбасына береке бергеніңдей береке бер! Шын мәнінде, Сен – мақтауға лайық, аса Даңқтысың!» деп айтыңдар. Ал сәлем өздерің білетіндей» , – деп айтты», – деген (405/65).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 311
Амир ибн Сағдтан . Оның әкесі: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) оң жағына және сол жағына сәлем беріп жатқанын көретінмін. Тіпті оның жүзінің ағына көзім түсетін», – деп айтқан (582/119). мәкруһтігі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 312
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқығанымызда: «Әс-сәләму ъаләйкум уә Сахабалар «бұл сұрақ Пайғамбарға (с.а.с.) ауыр тиіп, ұнамады» деп ойлаған. «Салауат еткеніңдей» деген сөзді қалай түсіну керектігі жөнінде ғұламалар арасында пікір қайшылықтары туындаған (өйткені пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) Ибраһим пайғамбардан қадір-қасиеті артық. Демек, Ибраһимге қарағанда Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) арналған салауаттың дәрежесі артық болуы тиіс). Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұл жөнінде қозғалған пікірлердің ең күштісі: «Ибраһимнің отбасында пайғамбарлар бар, ал Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) отбасында ондай адамдар жоқ. Біз Аллаһ тағаладан Пайғамбарымызға (с.а.с.) және оның отбасына Ибраһимге және оның отбасына салауат еткеніндей салауат етуін сұрап дұға қыламыз. Осы арқылы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) отбасына біз сұрағандардан оларға лайықтылары нәсіп болады. Алайда олар пайғамбарлар дәрежесіне жете алмайды. Сондай-ақ оларға пайғамбарларға, солардың қатарында Ибраһимге және Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) тарту етілген игіліктер мен берекелер нәсіп болады» деген пікір. Әбу Алия: «Аллаһтың Пайғамбарға (с.а.с.) салауат етуі – оны мақтап, жоғары көтеруі. Ал періштелер мен басқалардың салауат айтуы – олардың Аллаһ тағалаға оны (Пайғамбарды (с.а.с.)) мақтап, жоғары көтеруі үшін дұға қылуын білдіреді. Мұнда дұға қылудан, біз және періштелер дұға жасамайынша, Аллаһтың оған салауат етпейтіні меңзелмеген. Сірә, мұнда Пайғамбарға (с.а.с.) салауатты жиі айту меңзелсе керек», – деп айтқан (қ.: Ибн Ражаб, «әл-Фатх»). Басқа хадистерде: «Ибраһимге және Ибраһимнің отбасына» деген сөз қосылған. Мұнда ташаһһудта «Әс-сәләму ъаләйкә йә әйюһән-нәбию уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ(у)...» деп сәлемдесу туралы айтылған (ән-Нәуәуи). Сахаба Сағд ибн Әбу Уаққастың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. рахматуллаһ(и), әс-сәләму ъаләйкум уә рахматуллаһ» деп, (әрқайсымыз) қолмен екі жаққа ишара жасайтынбыз. (Мұны көрген) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер қолдарыңмен мазасыз жылқылардың құйрықтары сияқты не нәрсеге ишара жасайсыңдар? Шын мәнінде сендердің біріңе қолын санына қойып, сосын оң жағындағы және сол жағындағы бауырына сәлем беруі жеткілікті», – деп айтты», – деген (431/120).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 313
Муғира ибн Шуғбаның азат еткен құлы Уаррадтан . Ол: «Муғира ибн Шуғба Муғауияға Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазды аяқтаған соң: «Лә иләһә илләллаһ(у), уахдәһу лә шәрикә ләһ(у), ләһул-мулку уә ләһул-хамд(у), уә һуә ъалә кулли шәйин қадир. Аллаһуммә лә мәниъа лимә аътайт(ә), уә лә муътийә лимә мәнаът(ә). Уә лә йәнфаъу зәл-жәдди минкәл-жәдд(и) (Аллаһтан өзге ешбір құдай жоқ, Ол жалғыз Өзі, Оның серігі жоқ. Билік пен мақтау Оған тән және Ол – барлық нәрсеге Құдіретті. Уа, Аллаһ! Сенің бергеніңді тыюшы жоқ, ал Сенің тыйғаныңды беруші жоқ әрі Сенің алдыңда құдіреттінің құдіреті пайда бере алмайды)», – деп айтқанын жазды», – деген (593/137).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 314
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) намазы аяқталғанын тәкбір арқылы білетін едік», – деп айтқан (583/120). және «Аллаһу әкбар» (сөздерін) айту
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 315
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім әр намаздың соңында отыз үш рет Аллаһты пәк деп дәріптесе Яғни сендерге. Басқа бір риуаятта: «Сәлем бергендеріңде қапталдағы (адамға) бұрылыңдар, (бірақ) қолдарыңмен ишара жасамаңдар» деп айтылған. Уаррад – Муғира ибн Шуғбаның азат еткен құлы, табиғин, хадис жеткізуші. Ибн Хажар бұл жөнінде бірнеше пікір келтірген. Мәселен, Ибн Дақиқ әл-Ғидтың айтуынша, Ибн Аббас соңғы қатардағы саптарда намаз оқығандықтан, сәлем беру сөзін естімейтін болған. Сондықтан ол намаздың аяқталғанын тәкбір арқылы білетін. Ибн Журайж жеткізген риуаятта тәкбірдің орнына намаз соңында айтылатын зікір сөздері көрсетілген (келесі хадисті қараңыз). Сірә, сахабалар зікір сөздерін тәкбірмен бастап, оны дауыстап айтқан болса керек (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ал біздің мазһабта аталмыш зікір сөздері парыздан кейін сүннет намазы бекітілмесе, парыз намазының соңында, сүннет намазы бекітілсе, соны оқып болғаннан кейін хадисте келген ретіне сәйкес айтылады (қ.: «әл-Фиқһ ъалә әл- мәзәһиб әл-арбаъа», 1/506). (яғни «субханаллаһ» деп айтса), отыз үш рет Аллаһты мадақтаса (яғни «әл-хамду лилләһ» деп айтса) және отыз үш рет Аллаһты ұлықтаса (яғни «Аллаһу әкбар» деп айтса), бұл – тоқсан тоғыз, сондай-ақ жүзге толтырып: «Лә иләһә илләллаһ(у), уахдәһу лә шәрикә ләһ(у), ләһул-мулку уә ләһул-хамд(у), уә һуә ъалә кулли шәйин қадир (Аллаһтан өзге ешбір құдай жоқ, Ол жалғыз Өзі, Оның серігі жоқ. Билік пен мақтау Оған тән және Ол – барлық нәрсеге Құдіретті)» деп айтса, оның күнәлары теңіз көбігіндей болса да кешіріледі», – деген (597/146).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 316
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Ешқайсың «тек оң жақпен шығуға міндеттімін» деп ойлап, өзінен шайтанға әлдебір үлес қалдырмасын . Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сол жағымен шыққанын талай рет көргенмін», – деген (707/59).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 317
Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамдарға Аллаһтың кітабын ең көп жаттағаны , Құран оқуда шамалас болса, сүннетті ең жақсы білетіні, сүннеттегі (білімдері) де шамалас болса, бұрын һижрат жасағаны , егер һижратта да бірдей болса, Исламды бұрын қабылдағаны имамдыққа өтеді . Ешбір Яғни қате сенімді ұстану арқылы (әс-Синди). Келесі бір риуаятта: «Мен оның (Пайғамбардың (с.а.с.)) намаздан оң жақтан шыққанын талай рет көргенмін» деп келген. Бұл хадистерді Пайғамбар (с.а.с.) намазды аяқтаған соң кейде оң жақпен, кейде сол жақпен бұрылған, ал хадис жеткізушілер өздері көрген жайтты көбіне орын алатын жағдай санаған деп үйлестіруге болады. Мұнда Құранды ең көп жаттаған және оның үкімдерін бәрінен жақсы білетін әрі бәрінен жақсы ұстанатын кісі туралы айтылған. Ислам үшін Меккеден Мәдинаға басқалардан бұрын қоныс аударғаны. Басқа бір риуаятта «Исламды бұрын қабылдағаны» деген сөздің орнына «жасы үлкені» делінген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында имамдыққа өтуге лайық адамдардың ретін төмендегіше көрсеткен: Бірінші – сүннетті жақсы білетіні. Ол мұны Құран оқу намаздың бір тірегіне ғана, ал білім барлық тірегіне қажет деп түсіндіреді. Себебі намаз оқудың үкімдері сүннетте кеңінен тарқатылып түсіндірілген. Екінші – сүннеттегі білімдері шамалас болса, Құранды ең көп жаттағаны. Ол бұған қатысты: «Өйткені олар Құранды үкімдерімен бірге үйренетін, сондықтан ол хадистен жоғары қойылды. Ал біздің заманымызда бұлай емес, сондықтан біз сүннетті жақсы білуді жоғары қойдық» деген пікір білдірген. Үшінші – Құрандағы білімдері шамалас болса, бәрінен тақуасы. Төртінші – тақуалықтары да шамалас болса, жасы үлкені. кісі өз иелігінде (болған) кісіге имамдық етуші болмасын және оның үйінде өз рұқсатынсыз оның құрметті орнына отырмасын», – деп айтты», – деген (673/290).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 318
Барадан (Аллаһ оған разы болсын). Олар Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқитын. (Пайғамбар (с.а.с.)) рукуғ жасағанда, рукуғ жасайтын. Ол рукуғтан басын көтеріп: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» дегенде, (рукуғтан көтерілетін. Бара): «(Сөйтіп), біз ол жүзін жерге қойғанын көргенімізше қиямда тұратынбыз. Сосын оған ілесетінбіз»(, – деп айтқан) (474/197). жеңілдетуді бұйыру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 319
Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір кісі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Расында, мен таң намазына пәленшенің себебінен кешігіп барамын, ол бізге тым созып жібереді», – деді. Мен Пайғамбарды (с.а.с.) уағыз кезінде сол күнгі ашуланғанынан қатты ашуланғанын ешқашан көрген емеспін. Ол: «Ей, адамдар! Расында, сендердің араларыңда (адамдарды діннен) бездірушілер бар! Қайсыбірің адамдарға имам болса, қысқа оқысын , өйткені оның артында кәрілер, әлсіздер мен қажеті бар (адамдар) болады», – деді», – деген (466/182). оның адамдарға (имам болып) намаз оқуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 320
Ғұбайдуллаһ ибн Абдуллаһтан . Ол: «(Бірде) мен Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) алдына кіріп, оған: «Маған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) науқасы жайлы айтып берсеңші?» – дедім. Ол: «Әрине. Пайғамбар (с.а.с.) жағдайы ауырлаған кезде4: «Адамдар намаз оқыды ма?» – деп (сұрады). Яғни үй иесі, мәжілісті ұйымдастырушы және мешіт имамы Құран мен сүннет білімінде т.б. имамдыққа өтуге қажет шарттарда басқалардан төмен болса да, намазда имамдық жасауға көбірек құқылы. Әйтсе де кейбір ғалымдар «үй иесінің намазға имамдық етуге көбірек лайықты адамға орын беруі мустахаб» деп санаған. Кейбір ғалымдар «биліктегі адам не оның орынбасары біреудің үйіне келсе, олар имамдыққа өтуге үй иесіне қарағанда көбірек құқылы, өйткені олардың билігі жалпыға тарайды» деген пікір де білдірген. Яғни Құран аяттарын аз оқысын. Ғұбайдуллаһ ибн Абдуллаһ ибн Ғұтба, фаһиқ, табиғин, хадис жеткізуші. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жағдайы науқасы күшеюі себепті ауырлаған еді. Осыған ұқсас хадисті әл-Бұхари де жеткізген. Риуаяттардың бірінде: «Аллаһ елшісі «Жоқ, олар сені күтуде, уа, Аллаһтың елшісі!» – дедік. «Маған жамға су құйыңдар», – деді. Біз солай еттік. Ол ғұсыл құйынып, орнынан тұруға әрекет жасағанда есінен танып қалды . Сосын ол (с.а.с.) есін жиып: «Адамдар намаз оқыды ма?» – деп (сұрады). «Жоқ, олар сені күтуде , уа, Аллаһтың елшісі!» – дедік. «Маған жамға су құйыңдар», – деді. Біз солай еттік. Ол ғұсыл құйынып , орнынан тұруға әрекет жасағанда (тағы да) есінен танып қалды. Сосын есін жиып: «Адамдар намаз оқыды ма?» – деді. «Жоқ, олар сені күтуде, уа, Аллаһтың елшісі!» – дедік. Ол (тағы да): «Маған жамға су құйыңдар!» – деді. Біз солай еттік. Ол ғұсыл құйынды да, орнынан тұруға әрекет жасағанда есінен танып қалды. Сосын есін жиып: «Адамдар намаз оқыды ма?» – деп (сұрады). «Жоқ, олар сені күтуде, уа, Аллаһтың елшісі!» – дедік»; (Айша): «Адамдар болса мешітте соңғы құптан намазын оқу үшін жиылып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) күтіп отырды»; (Айша): «Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдарға имам болып намаз оқуы үшін Әбу Бәкірге (адам) жіберді. Жіберілген кісі (Әбу Бәкірге) келіп: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдарға имам болып намаз оқуыңды бұйырады», – деді . (с.а.с.) дүниеден өтер алдындағы ауруымен науқастанып жүргенінде...» деп айтылған. Мұнда пайғамбарлардың да есінен танып қалуы мүмкін екеніне сілтеме бар. Бірақ олар ешқашан ақыл-есінен айырылмайды (ән-Нәуәуи). Бұдан егер адамдар имам таяу арада келер деп үміттенсе, оны күтетіні және оның орнына басқа біреуді өткізбейтіні жайлы қорытынды шығады (ән-Нәуәуи). Бұл естен танып қалғаннан кейін ғұсыл құйынудың мустахабтығын көрсетеді. Әл-Бұхари жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Әбу Бәкірге бұйырыңдар, адамдарға имам болып намаз оқысын», – деген. Оған: «Әбу Бәкір – жүрегі өте нәзік кісі. Егер ол сенің орныңа тұрса, адамдарға имам болып намаз оқи алмайды», – делінді. (Пайғамбар (с.а.с.)) қайталап (айтты), (олар) оған қайтадан (әлгіндегідей деді). Сонда ол (бұйрығын) үшінші рет қайталап: «Расында, сендер Юсуфқа көңілі ауған әйелдер (сияқты болып тұрсыңдар)*! Әбу Бәкірге бұйырыңдар, адамдарға имам болып намаз оқысын», – деген. Кейбір риуаяттарда мұндағы сөз Айшаға (Аллаһ оған разы болсын) қарата айтылғаны көрсетілген. *Мұнда Мысыр патшасы уәзірінің Юсуф пайғамбарды азғырмақ болған әйелінде қонақта отырған әйелдер туралы айтылған. Әйтсе де бұдан уәзірдің әйелі ғана меңзеледі. «Юсуф» сүресінің 30-31 аяттарында баяндалуынша, уәзірдің әйелі ойына алған әрекеті іске аспай қалған соң, оны өзге әйелдер айыптап, өсек таратқаннан кейін оларды сыйламақ болғансып қонаққа шақырады, Юсуфтың керемет сұлулығын көрсетіп, өз қылығының себебін түсіндіруді қалаған еді. Пайғамбар (с.а.с.) мұнымен Айшаға «ішіңдегі ойды бүгіп қалуда сен Юсуфқа көңілі ауған әйел сияқты болып тұрсың» дегенді меңзеген. Өйткені Айша да имамдыққа өтуді әкесінен бұрып әкетуді қалауының себебі ретінде ол Құран оқығанда жылайтын болғандықтан, намазға ұйып тұрған адамдар оқылған Құранды естімей қалатынын алға тартқанмен, адамдар оған іш тартып қалмауын қалаған болатын. Осыдан кейін ол ойын ашық баяндап: «Мен (Пайғамбарға (с.а.с.)) қарсы жауап қайтардым. Мені оған қарсы жауап қайтаруға итермелеген – жүрегіме «одан кейін оның орнына Сонда Әбу Бәкір (ол жаны нәзік кісі еді): «Ей, Омар! Адамдарға имам болып намаз оқышы», – деді. Омар: «Бұған сен көбірек лайықсың», – деді»1; (Айша): «Сөйтіп, сол күндері Әбу Бәкір оларға (имам болып) намаз оқыды. Сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) бойында жеңілдік сезініп, екі кісінің (сүйемелі) арасында, оның бірі – Аббас, бесін намазына шықты. Әбу Бәкір адамдарға имам болып намаз оқып тұрған, оны көрген Әбу Бәкір кері шегінбек болды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған шегінбеуге ишара жасап, (әлгі) екеуіне: «Мені оның жанына отырғызыңдар», – деді. Олар оны Әбу Бәкірдің жанына отырғызды . Сөйтіп, Әбу Бәкір Пайғамбардың (с.а.с.) намазына ұйып, түрегеп намаз оқыды, ал адамдар Әбу Бәкірдің намазына ұйып намаз оқыды. Пайғамбар (с.а.с.) отырып (намаз оқыды)» , – деп айтты»; Ғұбайдуллаһ: «Мен Абдуллаһ ибн Аббастың алдына кіріп, оған: «Саған Айша маған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) науқасы жайлы баяндаған әңгімені айтып берейін бе?» – дедім. Ол: «Қане», – деді. Мен оған (Айшаның) әңгімесін айтып бердім. Ол бұдан ештеңені теріске шығармады. Тек: «Ол саған Аббаспен бірге болған кісінің есімін атады ма?» – деп (сұрады). «Жоқ», – деген едім: «Ол – Әли», – деп айтты», – деген (418/90). өтеді
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 321
Муғира ибн Шуғбадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Тәбук жорығына қатысқан болатын. Муғира: «Аллаһ тұрған кісіні адамдар ешқашан ұнатпайды» деген ой келді», – деген (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Бұдан бірнеше пайдалы қорытынды шығаруға болады. Мәселен: – Әбу Бәкірдің қасиеті және оның барлық сахабалардан (Аллаһ оларға разы болсын) артықшылығы. – Әбу Бәкірдің Аллаһ елшісінің (с.а.с.) халифасы болуға басқаларға қарағанда көбірек лайық екендігі. – Имамның жамағат намазына қатыспауға уәжді себебі болса, өз орнына ең лайықты адамды таңдай отырып, басқа біреуді тағайындауы. – Әбу Бәкірден кейінгі Омардың (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) қадір-қасиеті. – Егер көбірек лайықты адам қандай да бір шаруаны оған өзіне қарағанда азырақ лайықты адамға ұсынса, ол ешқандай кедергі болмаған жағдайда бұл шаруаны көбірек лайықты адамға қалдырады. – Адам өз-өзіне сүйсініп, азғыруға ұшырауына қауіптенбеген жағдайда, біреуді көзінше мақтауға рұқсат етілетіні (ән-Нәуәуи). Басқа бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Бәкірдің сол жағына отырғаны айтылған. 278-хадистің сілтемесіне қараңыз. Тәбук – һижраның 9-жылы ражаб айында болған жорық. Бұл жорық византиялықтарға қарсы ұйымдастырылғанмен, екі жақ бір-бірімен соғыс майданында кездеспей, мұсылмандар қосыны соғыссыз кері оралған. Осы жорықта Пайғамбар (с.а.с.) Әйлә қаласы көсемімен келісім түзген болатын. елшісі (с.а.с.) әжетхана жаққа (барып) түзге отырды. Мен онымен бірге таң намазынан бұрын шанаш алып бардым. Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған қайтып оралған соң, шанаштан оның қолдарына су құя бастадым. Ол қолдарын үш рет жуды. Сосын бетін жуды. Содан кейін ол шекпенін білектерінен түрмек болған еді, шекпенінің жеңі тар болды да, қолдарын шекпенге (қайта) сұғып, білектерін шекпеннің төменгі жағынан шығарды. (Сөйтіп), білектерін шынтаққа дейін жуды. Сосын мәсілеріне (мәсіх тартып) дәрет алды да, (адамдарға) оралды»; Муғира: «Мен де онымен бірге келдім. Біз келсек, адамдар Абдур-Рахман ибн Ауфты имамдыққа өткізіп, ол оларға намаз оқып тұр екен. Аллаһ елшісі (с.а.с.) екі ракағаттың біріне үлгеріп, адамдармен бірге екінші ракағатты оқыды . Абдур-Рахман ибн Ауф сәлем берген соң, Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазын аяқтау үшін орнынан тұрды. Бұл мұсылмандарды қорқытып жіберді де, олар жиілете тәсбих айтты . Пайғамбар (с.а.с.) намазын аяқтаған соң, оларға бұрылып, олардың намазды уақытында оқығанына сүйсіне: «Жақсы жасадыңдар (немесе дұрыс жасадыңдар)», – деп айтты», – деген (274/105). жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 322
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбарға (с.а.с.) бір соқыр кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мені мешітке ертіп келетін адамым жоқ», – деп, Аллаһ елшісінен (с.а.с.) намазды өз үйінде оқуға рұқсат беруін сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған рұқсат берді де, ол кете бергенде, (қайта) шақырып: «Намазға азан шақырылғанын естисің Басқа адам, атап айтқанда, Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) имамдыққа өткені жайындағы Муслим жеткізген тағы бір хадисте (№421) Аллаһ елшісі (с.а.с.) сапқа келіп қосылғанда, адамдар қолдарын шапалақтағаны, Әбу Бәкір артына бұрылып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) көрген соң, кері шегінгені айтылған. Намаздан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға имам намазда қателескен жағдайда ер адамдар тәсбих айтуы, ал әйелдер қол шапалақтау керектігін ескерткен. Олар намазды Аллаһ елшісінен (с.а.с.) бұрын оқып қойғандарына қорқып кеткен болатын (қ.: «Тәнуир әл-хауалик», 1/47). Бұл хадистен және оның риуаяттарынан мынадай тұжырымдар шығады: – Намазда оны бұзбайтын аса үлкен емес бөгде қимылдар жасауға рұқсат етілетіндігі. Өйткені риуаяттардың бірінде: «адамдар қолдарын шапалақтады» делінген. Сондай-ақ намаз кезінде қажеттілік туғанда артқа бұрылуға және бір-екі қадам жасауға рұқсат етілетіндігі. – Намазда имам қателескен жағдайда оған ескерту үшін ер адамдар: «субханаллаһ» деп айтады. Ал әйелдер оң алақанының ішкі жағымен сол алақанының сыртын шапалақтайды және ойынға ұқсатып жібермеуі үшін алақандардың ішкі жақтарын бір-біріне шапалақтамаулары керек (ән-Нәуәуи). Әбу Дәуд және басқа мухаддистердің риуаятында соқыр кісінің есімі Ибн Умму Мәктум екендігі айтылған (ән-Нәуәуи). бе?» – деп (сұрады). Ол: «Иә», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Онда (оған) жауап бер», – деп айтты», – деген (653/255).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 323
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жамағат намазы әлдекімнің жеке оқыған намазынан жиырма бес есе артық», – деп айтқан (649/245). сүннеттерінің бірі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 324
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). (Ол): «Расында, мен бізден екіжүзділігі танылған мұнафықтан не науқас (адамнан) басқа (жамағат) намазына қатыспай қалған (ешкімді) көрмедім. (Тіпті) науқас болса да, намазға қатысу үшін екі кісінің (сүйемелдеуімен) келетін»; Ол: «Расында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге (Аллаһ нұсқаған) туралық сүннеттерін үйретті, ал туралық сүннеттерінің бірі – оған азан шақырылатын намазды мешітте оқу», – деп айтқан (645/256). артықшылығы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 325
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кісінің жамағатпен оқыған намазы оның өз үйінде оқыған намазынан және базарда оқыған намазынан жиырмадан астам Бұл хадис жамағат намазы азанды еститін әрбір (балиғатқа жеткен ер адамға) парыз айн деп есептейтіндер үшін дәлел болып табылады (ән-Нәуәуи). Имам Ибн Һумам сияқты біздің мазһабтың көпшілік ғалымдары осы пікірді ұстанған. Ал кейбіреулері бұл хадисті «жеке намаз оқыған адам жамағат намазы сауабынан құралақан қалады және оның намазы кәміл болмайды» деп түсіндіріп, жамағат намазын «парыз кифая не әрбір адамға жекелей бекітілген сүннет (сунна муаккада)» санаған. Жамағат намазына қатысу міндеті шарттарының бірі – азан даусын есту. Алайда бүгінгі таңдағы жағдайға қатысты ескерерлік жайт, қазіргі заманда мешіттердің басым көпшілігінде намазға азан дыбыс күшейткіш құралдар көмегімен шақырылады. Ал шариғаттың нұсқауы азаншының дыбыс күшейткіш құралсыз, табиғи өз даусына негізделген. Өйткені дыбыс күшейткіш құралдар көмегімен шақырған жағдайда, азанның естілу қашықтығы мешіттен өте ұзаққа тарайды. Ал бұл күнделікті бес уақыт намазға қатысу үшін қиындық тудырады. Сондықтан да біздің мазһабтың ірі ғалымдары өздерінің пәтуаларында «мешітке келу – одан азаншының өз табиғи даусы жететін қашықтықта тұратындар үшін міндет» деп көрсеткен. Басқа риуаятта: «жиырма жеті есе» деп келген. Мұнда жеке оқылған намаз меңзелген (ән-Нәуәуи). дәреже артық. Бұл егер кімде-кім жақсылап дәрет алып, оны намаз ғана жетелеп, намаз оқуды ғана қалап мешітке келсе, мешітке кіргенше басқан әрбір қадамы арқылы оның дәрежесі көтеріледі әрі ол арқылы оның күнәсі өшіріледі. Мешітке кірсе, қашан оны намаз ұстап тұрған жағдайда намазда (тұрғандай) болады. Намаз оқыған орнында қалған әрбіріңе қашан ол (басқаларды) мазаламайынша және дәреті бұзылмайынша періштелер дұға жасап: «Уа, Аллаһ! Оған рақым ет. Уа, Аллаһ! Оны кешір. Уа, Аллаһ! Оның тәубесін қабыл ал» – деп айтады», – деді», – деген (649/272). артықшылығы жайында
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 326
Абдур-Рахман ибн Әбу Амрадан . Ол: «(Бірде) Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын) ақшам намазынан кейін мешітке кіріп, жалғыз өзі отырды. Мен оның (қасына) отырдым. Ол: «Ей, бауырымның ұлы! Мен Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім құптан (намазын) жамағатпен оқыса, жарты түн бойы (нәпіл) намаз оқыған сияқты, ал кім таң (намазын) жамағатпен оқыса, түні бойы намаз оқыған сияқты (болады)», – деп айтқанын естідім», – деді», – деген (656/260). қатысты қатаң (ескерту)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 327
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұнафықтар үшін ең ауыр намаз – құптан намазы мен таң намазы. Егер де олар ол екеуінде нендей (сауап) барын білгенде, (мешітке) ол екеуіне еңбектеп болса да келер еді. Расында, мен намазға бұйырып, қамат айтылуын, сосын бір кісіге бұйырып, оның адамдарға (имам болып) намаз оқуын, содан кейін (қолдарында) отын бумалары бар кісілермен бірге намазға қатыспаған адамдарға барып, олардың үйлеріне от қойып, өртеп жіберуді қалар едім ((басқа) бір риуаятта: «Егер де Біз «астам» деп балама берген хадистің арабша мәтініндегі «бидъ» сөзі үш пен тоғыз арасындағы кез келген сан мөлшерін білдіреді, яғни бұл жерде жиырма бес не жиырма жеті саны туралы айтылған. Сахабаның ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Кейбір ғалымдар «егер адам таң және құптан намаздарын жамағатпен оқыса, түні бойы (нәпіл) намаз оқыған сияқты болады» деп есептеген. Яғни ол таң намазын жамағатпен оқу арқылы түннің екінші жартысын намазбен өткізген адам іспеттес, ал құптан намазында жамағатқа қатысу арқылы түннің бірінші жартысын намазға арнаған іспеттес болады. Осылайша ол түні бойы намаз оқыған адам болып саналады. Өйткені Әбу Дәуд пен әт-Тирмизидің риуаяттарында: «Кім құптан және таң намаздарын жамағатпен оқыса, ол үшін түні бойы намаз оқығандай есептеледі» делінген. олардың бірі майлы сүйек табарын білгенде, оған (құптан намазына) міндетті түрде қатысар еді)», – деп айтты», – деген (651/252).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 328
Абдуллаһ (ибн Масғұдтан) (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) жұма (намазынан) қалып қоятын адамдарға (қатысты): «Расында, мен бір кісіге бұйырып, оның адамдарға (имам болып) намаз оқуын, содан кейін жұма (намазында) үйлерінде қалып қоятын кісілерді өртеп жіберуді қалар едім», – деп айтқан (652/254). рұқсат етілетіндігі жайлы Мұнда Итбан ибн Мәликтің хадисі (келтірілген). Ол жоғарыда «Иман» кітабында ұсынылған (14-хадис). қатысты бұйрық
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 329
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізбен намаз оқып, (оны) аяқтаған соң: «Ей, пәленше! Намазыңды көркемдесең қайтеді?! Намаз оқығанда намаз оқушы қалай намаз оқып жатқанына қарамай ма екен?! Шын мәнінде, ол тек өзі үшін намаз оқиды. Расында, мен, Аллаһпен ант етейін, арт жағымдағыларды алдымдағыларды көретінімдей көріп тұрамын », – деп айтты», – деген (423/108).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 330
Бара ибн Азибтен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Мұхаммедпен (с.а.с.) бірге оқылған намазды бақыладым және оның қиямы, Бұл – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұғжизаларының бірі. Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған. Мәселен: 1) Ән-Нәуәуидің түсіндірмесінде Қазы Ғиядтың: «Ахмад ибн Ханбал және ғұламалардың көпшілігі: «Аталмыш көру – шын мәніндегі көзбен көру», – дейді» деген сөзі келтірілген. 2) Кейбіреулер «арқа тұсындағылар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қабырға бетінде бейнеленетін» деп есептейді. Бұл жағдай бейненің айна бетіне түскені сияқты орын алатын да, Пайғамбар (с.а.с.) ондағылардың бәрін көріп тұратын (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Хадистен мынадай қорытындылар шығаруға болады: – Хадисте намазды өз дәрежесінде, бойсұну сезімімен оқуға және рукуғ пен сәжделерді толық орындауға қатысты бұйрық келген. – Зәрулік тумаса да, Аллаһпен ант беруге рұқсат етілетіндігі. Алайда сөзге маңыздылық дарыту, оған назар аударту сияқты қажеттілік болмаса, жалпы – мұндай анттан бас тартқан жөн. рукуғы, рукуғтан кейінгі бойын тіктеуі, сәждесі, екі сәжде арасында отыруы, (екінші) сәждесі және сәлем беру мен (намазды) аяқтау арасындағы отыруы тепе-теңдікте (өзара) шамалас екенін көрдім», – деп айтқан (471/193).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 331
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Расында, мен сендермен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бізбен намаз оқығанын көргенімдей намаз оқуымда кемшілік жібермеймін», – деген. (Сәбит2): «Әнәс бір амал істейтін және мен оны сендердің істегендеріңді көргенім жоқ. Ол рукуғтан басын көтергенде, біреу «ол (сәжде жасауды) ұмытып кетті» деп айтатындай (уақыт) тік түзеліп тұратын. Ал басын сәждеден көтергенде, біреу «ол (екінші сәждеге баруды) ұмытып кетті» деп айтатындай (уақыт бойына) отыратын », – деп айтқан (472/195).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 332
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Намаздың қайсысы ең абзал?» – деп сұрағанда, ол: «Ұзақ уақыт қиямда тұру», – деп айтты», – деген (756/164).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 333
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге шығып: «Бұл не? Сендердің мазасыз жылқылардың құйрықтары сияқты қолдарыңды жоғары көтергендеріңді көремін . Намазда тыныштық сақтаңдар», – деді»; Ол: «Содан кейін ол бізге шығып, біздің айнала алқа құрып тұрғанымызды көрді де: «Бұл не? Сендердің топырлап тұрғандарыңды көремін», – деді»; Бұл Пайғамбардың (с.а.с.) Құран оқуы, ташаһһудта отыруы, рукуғ пен сәждеде болуы және олардан көтерілгеннен кейінгі қалыпты ұстауы жеңілдікке негізделгенін көрсетеді (ән-Нәуәуи). Мұны Аллаһ елшісінің (с.а.с.) намазының қысқа, бірақ толық болғаны жайлы Муслим Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадис (№473) айғақтайды. Пайғамбар (с.а.с.) намазда Құранды кейде ұзақ, кейде қысқа оқитын. Ал одан басқа амалдарының уақыты өзара шамалас келетін. Сондай-ақ хадистегі соңғы сөз Пайғамбар (с.а.с.) сәлем бергеннен кейін намаз оқыған орнында сәл уақыт отырғанын көрсетеді. Негізі, намаз соңында сәлем бергеннен кейін сол орнында отырып: «Әстағфируллаһ! Әстағфируллаһ! Әстағфируллаһ! Аллаһумма, Әнтәс-Сәләм, уә минкәс-сәләм, тәбәрактә, уә таъаләйтә, йә Зәл-жәләли уәл-икрам» деп айту мустахаб. Сәбит ибн Әсләм, осы хадисті Әнәстен жеткізген табиғиндер қатарындағы кісі. Бұдан кейбір адамдардың екі сәжденің арасындағы үзілісті сақтамағандарын түсінуге болады (Ибн Хажар). 313-хадиске және оның сілтемесіне қараңыз. Ол: «Содан соң ол бізге шығып: «Періштелер Раббылары құзырында сап түзегендей сап түзесеңдер қайтеді?» – деді. Біз: «Уа, Алаһтың елшісі! Періштелер Раббылары құзырында қалай сап түзейді?» – деп (сұраған едік): «Әуелгі сапты толтырып, сапта иін тіресе тұрады», – деп айтты», – деген (430/119).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 334
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені бір қажеттілік үшін жұмсады. Содан келсем, ол (Қутайба2: «намаз оқып тұр екен», – деген). Мен оған сәлем бердім. Ол маған ишара жасады . (Намаздан) босаған соң мені шақырып: «Сен әлгінде мен намаз оқып тұрғанда сәлем бердің», – деді. Сол кезде ол (намазда) жүзін шығысқа қаратып тұр еді», – деп айтқан (540/36).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 335
Муғауия ибн Хакам әс-Суләмиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқып тұрғанымда адамдардан бір кісі түшкірді. Мен: «Йархамукаллаһ», – дедім. Адамдар маған оқырайып қарай бастады. Мен (түсінбей): «Анам артымда қалсын5! Неге маған (бұлай) қарайсыңдар?!» – деп (таңырқадым). Олар (мені сөзден қайтару үшін) қолдарымен сандарын шапалақтай бастады . Олардың мені үнсіздік сақтауға шақырып тұрғанын түсінген соң, үнсіз қалдым. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз оқып болды. Ата-анам оған пида! Бұрын- соңды одан жақсы тәлімгер көрген емеспін! Аллаһпен ант етейін, ол мені Хадисте төмендегілерге қатысты бұйрық келген: – Мұсылмандардың өзара тізе біріктіріп, бірігуі және бөлінушілікке, алауыздыққа жол бермеуі. – Алдыңғы саптарды толтыру және алдыңғы сап толмайынша келесі сапты түземеу. – Намаз саптарында сығылыса тығыз тұру (ән-Нәуәуи). Қутайба ибн Сағид – Муслимнің ұстазы. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадисте: «Мен Біләлдан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (с.а.с.) намаз оқып тұрғанында, олардың сәлеміне қалай жауап қайтаратын болғаны жайлы сұрадым. Біләл: «Ол былай ететін», – деп, алақанын жайды» делінген. Хадисті Әбу Дәуд және әт-Тирмизи жеткізген әрі әт-Тирмизи оны сахих хадис санатына жатқызған. Пайғамбар (с.а.с.) түйе үстінде бет алып бара жатқан бағытына қарап намаз оқып отыр еді. Мұнда сапар барысында нәпіл намаздарды көлік үстінде, ол бет алып бара жатқан бағытқа қарап оқуға рұқсат етілетініне дәлел бар. Мұнда хадис жеткізуші өзінің таңданысы мен наразылығын арабтар қолданатын тосын тұрпаттағы бейнелі сөзбен жеткізген. Сірә, бұл оқиға намазда ескерту жасау үшін ер адамдардың тәсбих айтуы керектігіне нұсқау берілмей тұрып болса керек (ән-Нәуәуи). зекімеді де, нұқымады да, тілдемеді де . (Жай сөзбен): «Расында, бұл – намаз, онда адамдар сөзінен бір нәрсе (айту) жарамайды . Шын мәнінде, ол – тәсбих және тәкбир (сөздері) мен Құран оқу », – деді. Немесе Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтқандай (сөздер айтылды). Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен жәһілдіктен жаңа шыққан (мұсылманмын). Аллаһ (бізге) Исламды жеткізді. Біздің арамызда сәуегейлерге баратын кісілер бар», – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оларға барма» , – деді. «Біздің арамызда ырымға жорушы кісілер де бар», – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл – олардың көкейлеріне алғандары. Бұл (ырым) оларды тоспасын (Ибн Саббах6: «сендерді тоспасын», – деген)», – деді. Мен: «Біздің арамызда (жерге) сызық сызып (бал ашатын) кісілер бар», – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Пайғамбарлар арасындағы бір пайғамбар (жерге) сызық сызатын болған, кімде-кім оның сызығына сәйкес жасаса, бұл (рұқсат етіледі) », – деп айтты»; (Муғауия): «Менің Ухуд пен Жаууания тұсында қойларымды бағатын бір күңім бар еді . Бір күні қойлардың біреуін қасқыр алып кеткеніне куә болдым. Мен де Адам баласымын, олардың өкінетіні сияқты өкінішке Хадисті жеткізуші бұл сөздермен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұлы мінез-құлқын, надандарға қатысты жұмсақ мәмілесін және үмбетіне арнаған жайдарылығын сипаттаған. Бұған «Қалам» сүресінің 4-аятында Аллаһ тағаланың Өзі куәлік берген. Бұл намаз оқып тұрғанда кез келген бөгде сөз сөйлеуге рұқсат етілмейтінін көрсетеді. Яғни намаз осы және осыған ұқсас дұға, зікір және сәлем беру сияқты сөздерден тұрады. Сондықтан да намазда түшкірген адамға «йархамукаллаһ» деп айтуға болмайды. Ал намазда түшкірген адамның өзі «әл-хамду лилләһ» сөзін іштей айтады. Исламнан бұрын арабтарда «каһин» (абыз, сәуегей), «арраф» (көріпкел), «мунажжим» (жұлдызшы) деп аталатын адамдар жындардың, айрықша парасаттың не жұлдыздардың көмегімен ғайыпты білеміз деп сендіретін-ді. Барлық ғұлама мұндай адамдардың алдына баруға тыйым салынғанына бірауыздан келіскен. Сондай-ақ олар ұсынған сыйлықты қабыл алу да осы тұрғыда қарастырылады. Өйткені олар ақшаны жалған кәсіппен табады. Мұнда жаман ырымдардан көңілде пайда болатын жайттарға емес, осы ырымдарға сәйкес әрекет жасауға тыйым салынған (ән-Нәуәуи). Ибн Саббах – Мұхаммед ибн Саббах әл-Бәззәз, Муслимнің ұстазы. Ғұламалар біздің шариғатымызда мұндайға тыйым салынатыны жөнінде бірауызды келісімге келген. Егер біз дәл сол пайғамбар сияқты жасай алсақ, рұқсат етілер еді. Бірақ біз оның қалай жасағанын білмейтіндіктен, мұндайға рұқсат етілмейді. Жаууания – Мәдинаның солтүстік тарабындағы Ухуд тауына таяу орын тепкен мекен. Мұнда күңге (махрамсыз) жалғыз өзіне қой бақтыруға рұқсат етілетініне сілтеме келген. Алайда әйелді сапарға, әлдекімнің соқтығу қаупі бар және жәрдемдесер ешкім болмайтын орынға жалғыз жіберуге тыйым салынады. Ал хадистегі жағдайда мұндай қауіп жоқ. Әйтсе де мұндай жағдайда жоғарыда айтылғандай қауіп болса, әйелдің махрамсыз сапарға шықпайтыны сияқты бұған да тыйым салынады (ән- Нәуәуи). берілемін. Сондықтан оны бір салып қалдым. Сосын Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келген едім, ол мұны мен үшін үлкен (күнә) санады. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Оны азат етейін бе?» – деп (сұрадым. Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны маған алып кел», – деді. Сөйтіп, оны (Аллаһ елшісіне (с.а.с.)) алып келдім. (Пайғамбар (с.а.с.)) одан: «Аллаһ қайда?» – деп (сұрады). Ол: «Көкте», – деп (жауап қайтарды. Пайғамбар (с.а.с.)): «Мен кіммін?» – деп (сұрады. Күң): «Сен Аллаһ елшісісің», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны азат ет, өйткені ол мүмін », – деп айтты», – деген (537/33).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 336
Зәйд ибн Арқамнан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз (бұрын) намазда әңгімелесе беретінбіз, адамдар жанындағы жолдасына намазда сөйлей беретін . Сөйтіп, «Аллаһқа бойсұнған түрде тұрыңдар» (деген аят) түсті де, бізге тыныштық сақтау бұйырылып, сөйлеуге тыйым салынды», – деген (539/35).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 337
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тәсбих – ер кісілер үшін, қол шапалақтау – әйелдер үшін ((басқа) бір риуаятта: намазда)», – деді», – деп айтқан (422/106). Мұнда кәпір құлға қарағанда мүмін құлды азат етудің абзал екендігіне сілтеме бар (ән-Нәуәуи). Дегенмен ғұламалар кәпір құлға да азаттық беруге рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Алайда кәпір құлды азат ету кісі өлтіру сияқты күнәлардың кәффараты үшін жарамайды. Имам Әбу Ханифа (Аллаһ оған рақым етсін) «күйеуі әйелін өзіне харам деп жарияласа, адам антын бұзса және әйелімен рамазан айында күндіз жақындасып қойса, оның кәффараты ретінде кәпір құлды азат етуге болады» деген пікірді ұстанған. Хадистің соңғы сөйлемдері адамның Аллаһқа және Оның елшісіне (с.а.с.) иман келтіруімен және бұған анық сенуімен мүмін санатына қосылатынын айғақтайды. Әрі бұл оның иманының дұрыс болуы мен өзі мұсылмандар санатына кіруі үшін жеткілікті саналады. Мұнда оның иманын айғақтайтын дәлелдер талап етілмейді және бұл дәлелдерді білу де міндет емес. Әл-Бұхаридің риуаятында: «қажеттілік туғанда» деп келген. Бұл сахабалардың оған дейін кез келген іс жайлы (бостан-босқа) сөйлесе бермегенін, керісінше, сәлемге жауап қайтарғандарын және қажеттілікке орай осыған ұқсас сөздерді сөйлегендігін білдіреді (Ибн Хажар). «Бақара» сүресі, 238-аят. Аятта намазда бойсұнған күйде оған қатысы жоқ сөздерден тыйылып тұру бұйырылған. Ғұламалар қажеттіліксіз адам сөзіне намазда тыйым салынатынына және бұлай жасаудың намазды бұзатынына бірауыздан келіскен. Олардың басым көпшілігі, солардың қатарында төрт имам «қажеттілік туғанда сөйлеген сөз де намазды бұзады» деген пікірде. 322-хадистің түсіндірмесін қараңыз.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 338
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамдар намазда дұға ету кезінде көздерін аспанға қарап көтеруді тоқтатсын, әйтпесе көз жанарлары алынады », – деген (429/118). қатысты қатаң (ескерту)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 339
Буср ибн Сағидтен . (Бірде) оны Зәйд ибн Халид әл-Жуһәни (Аллаһ оған разы болсын) намаз оқып тұрған (адамның) алдынан өтушіге қатысты Аллаһ елшісінен (с.а.с.) не естігенін сұрауы үшін Әбу Жуһаймға (Аллаһ оған разы болсын) жібереді. (Бұған) Әбу Жуһәйм: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Намаз оқып тұрған (адамның) алдынан өтуші өзіне (қандай күнә жүктелетінін) білгенде, ол үшін оның алдынан өтуден қырық… күтіп тұру қайырлы болар еді», – деді», – деген. Әбу Надр4: «Ол қырық күн не ай немесе жыл» деді ме – білмеймін», – деген (507/261). болғанды кері қағу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 340
Әбу Салих әс-Сәмманнан . (Ол): «Мен саған Әбу Сағидтен (Аллаһ оған разы болсын) естігенімді және одан көргенімді айтып берейін. (Бірде) мен Әбу Сағидпен бірге, ол жұма күні өзін адамдардан қалқалайтын бір нәрсеге қарап намаз оқып тұрғанда, бәну әбу муғайт (руынан) бір жас жігіт оның алдынан өтпек болды. Сонда (Әбу Сағид) оның көкірегінен кері итерді. (Жігіт жан-жағына) қарап, Әбу Сағидтің алдынан басқа өтетін жер таппаған соң, тағы да (оның алдынан) өтпек болды, (бірақ Әбу Сағид) оны әуелгіден де қаттырақ кері итерді де, бойын тіктеп алды. Сол кезде (әлгі жігіт) Әбу Сағидқа қатты сөздер айтты. Сосын адамдармен сығылыса сыртқа шықты. (Содан кейін) Маруанның алдына кіріп, оған (Әбу Бұған қатысты «намаз оқып тұрған адам көзін аспанға көтерген жағдайда, періштелермен бірге түсетін нұрлар көз жанарына әсер етеді» деген пікір айтылған. Оған әд-Дәуди де ишара жасаған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Сондай-ақ бұл жөнінде басқа да пікірлер бар. Анығы Аллаһқа мәлім. Ғұламалардың барлығы намазда жанарды аспанға көтеруге тыйым салынатынына қатысты біржақты пікірде (ән-Нәуәуи). Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Нақты айтқанда, оны мен сутраның арасынан. Мұнда умәуилер мемлекетінің халифасы – Маруан ибн Хакам (һижраның 65- жылы дүние салған) туралы айтылған. Сағидтен) көргенін айтып шағым жасады. (Оның артынан) Әбу Сағид те Маруанға кірді. Маруан одан: «Сені мен (мына) туысыңның баласына не болды? Ол сенің үстіңнен шағым айтып келді», – деп (сұрады). Сонда Әбу Сағид: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Қайсыбірің адамдардан қалқалап тұратын бір нәрсеге қарап намаз оқыса және біреу оның алдынан өтпек болса, оны көкірегінен кері итерсін. Ал бас тартса, онымен айқассын, өйткені ол – шайтан», – дегенін естігенмін», – деп (жауап қайтарды)», – деген (505/259).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 341
Талха ибн Ғұбайдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз намаз оқып жатқанда жануарлар алдымыздан өте беретін. Мұны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) айтқанымызда, ол: «Қайсыбіріңнің алдында ердің артқы қасы сияқты (зат) тұрса, алдынан өткен нәрсе оған зиян келтірмейді (Ибн Нумәйр2: «алдынан өткен жан оған зиян келтірмейді», – деп айтқан)», – деді», – деген (499/242). Ән-Нәуәуи мұндай жағдайда адамды кері итерудің мустахаб екенін және мұны міндетті санаған ешбір ғалымды білмейтінін айтқан. Қазы Ғиядтың айтуынша, ғұламалар мұндай адаммен қару және т.б. қатерлі құралдар көмегімен айқасудың қажеті жоқтығына, сондай-ақ адамға алдынан кесіп өтпек болған кісіні қайтару үшін намаз оқып тұрған орнын тастап кетуіне болмайтынына қатысты бірауызды келісімге келген. Өйткені намазда әрі-бері жүру біреу оның алдынан алыстан кесіп өткенінен жаман. Сондықтан ол кесіп өтпек болған адамды намаз оқып тұрған орнынан қол жетер қашықтықта қайтаруына болады. Осыған байланысты намаз оқитын адам сутраға жақын тұруы қажет. Егер біреу алдынан алыстан өтпек болса, оған ишара жасауы не тәсбих айтуы керек. Сонымен бірге ғұламалар намаз оқып тұрған адамның алдынан біреу-міреу өтіп кеткен жағдайда, алдынан қайта өтпеуі үшін оған соқтығудың қажеті жоқтығын айтқан. «Өйткені ол – шайтан» деген сөзге қатысты Қазы Ғияд ғалымдардың бірнеше пікірін ұсынған. Мысалы: 1) Ондай адамды намаз оқып тұрған кісінің алдын кесіп өтуге шайтан мәжбүрлейді және артқа қайтуына жол бермейді. 2) Ол шайтанның ісін жасайды. Өйткені шайтан игіліктен және сүннетті қабылдаудан қашық. 3) Мұнда шайтан дегенде – адамның жын серігі меңзелген. Өйткені тағы бір хадистерде: «Расында, онымен бірге жын серігі болады» деп айтылған. Енді бір ғалымдар «намаз оқып тұрған адамның алдынан» деген сөз – адам мен оның сәжде жасайтын орны арасын білдіретінін айтқан. Сондықтан да олар «сәжде жасайтын орынның сыртынан біреудің кесіп өтуі адамның намазына зиян келтірмейді» деген пікір білдірген. Адам алдына сутра қоймаса және біреу оны мен сәжде арасынан кесіп өтсе ғана оның намазына зиян келтіреді. Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Нумәйр, Муслимнің ұстазы. 260-261 хадистердің түсіндірмесін қараңыз.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 342
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) айт күні шыққанда сүңгі (әкелуді) бұйырып, оның алдына шаншып қойылатын. Сөйтіп, соған қарап намаз оқитын, ал адамдар оның арқа тұсында (тұратын). Сондай-ақ сапарда да осылай ететін. Сондықтан оны әмірлер де ұстанған (501/245).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 343
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) түйесін алдына қойып, соған қарап намаз оқитын (502/247). жағынан кесіп өту
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 344
Аун ибн Әбу Жухайфадан . Оның әкесі Аллаһ елшісін (с.а.с.) қызыл тері шатырда көрген. (Ол): «Сондай-ақ Біләлдің (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) дәрет алғаннан артылған суды сыртқа шығарғанын көрдім және адамдардың сол дәрет суына (таласып) ұмтылғандарын көрдім . Кімге ол (судан) азғана бұйырса, онымен (денелерін) сипайтын, ал кімге ол (судан) бұйырмаса, жолдасының қолындағы ылғалды алатын. Сосын Біләлдің үшкір таяқ алып шығып, оны (жерге) шаншығанын көрдім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) (сирағының орта тұсына дейін) көтерген қызыл түсті киіммен шығып, таяқ жаққа қарап адамдармен бірге екі ракағат намаз оқыды және адамдар мен жануарлардың таяқтың алдынан өтіп жатқанын көрдім»(, – деп айтқан) (503/250).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 345
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) ер адамның бүйірін таянып намаз оқуына тыйым салған (545/46). Мұнда жануарға қарап намаз оқуға және түйенің жанында намаз оқуға рұқсат етілетініне дәлел бар. Алайда түйе қотандарында намаз оқуға тыйым салынады (ән- Нәуәуи). Сахаба Әбу Жухайфаның ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда дәрет алғаннан артылған судың таза екеніне дәлел бар (Ибн Хажар). Бұл әл- Бұхаридің да пікіріне сәйкес келеді. Мұнда ер адамдарға қызыл киім киюге рұқсат етілетініне дәлел келген. Әйтсе де бұған қатысты ғалымдар арасында пікір қайшылықтары бар. Ғұламалардың көпшілігі «мұнда қолды бүйірге таянып намаз оқу меңзелген» дейді (ән-Нәуәуи). Абдур-Рахман әл-Мубаракфури мұны харам деп есептеген. Өйткені бұл тыйымды мәкруһ (тәнзиһи) дәрежесіне төмендететін дәлел жоқ. Аталмыш тыйымның себебіне қатысты бірнеше пікір айтылған. Мәселен: тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 346
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешіттің михрабынан қақырық көргенде, адамдарға бұрылып1: «Раббысына қарап тұрып қарсы алдына қақырынатын сендердің біріңе не болған2?! Қайсыбірің өзіне қарап тұрып бетіне қақырылуын ұнатады ма?! Сондықтан сендерден біреу қақырынса, сол жағына аяғының астына қақырынсын . (Бұған мүмкіндік) таппаса, былай етсін», – деді. Қасим (қалай ету керектігін) сипаттап, киіміне түкірген де, сосын оларды бір-біріне сүйкеген (550/53). 1) Бұл – яһудилердің әрекеті (Ибн Әбу Шәйбәның риуаятында мұның намазға қатысты екені көрсетілген). Ибн Хажар осы пікірді қостаған. 2) Бұл – шайтанның ісі. 3) Шайтан жаннаттан осындай қалыпта түскен. 4) Бұл тәкаппарлық әрекетіне жатады. 5) Бұл айқыш белгі (крест) саналады. Бұл жайлы Әбу Дәуд пен ән-Нәсәи жеткізген Ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) хабарында айтылған. 6) Бұл – тозақылардың тынығатын қалпы. Хадистің риуаяттары бірінде: «Бұл оған жағымсыздық тудырғаны соншалық, өңінен көрінді. Ол тұрып, оны қолымен үгітті де: «Сендердің біріңе не болған?!...» – деді» деп айтылған. Мұнда қақырық т.с.с. жаман нәрселерді мешіттен алып тастауға кеңес бар. Тағы бір риуаятта: «Намаз оқығандарыңда сендер Раббыларыңмен құпия сөйлесесіңдер (немесе Раббыларың сендер мен құбыланың арасында болады)» делінген. Риуаяттардың бірінде: «алдарыңа да, оң жақтарыңа да түкірмеңдер» деп келген. Әл-Бұхаридің риуаятында намаз оқып тұрған адамның оң жағында періште тұратыны баяндалған. Алдыға және оң жаққа түкіруге қатысты бұйрық мешіт не басқа болсын кез келген намаз оқитын орынға тиісті. Ал сол жаққа аяқ астына түкіру мешіттерден басқа орындарға қатысты. Өйткені мешіттерде, осы хадисте көрсетілгендей, киімге немесе беторамалға ғана түкіруге болады. Енді бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мешітте түкіру – күнә», – деп мешітте мүлдем түкіруге тыйым салған. Қазы Ғиядтың айтуынша, намаздағы адамның сол жағында басқа біреу тұрса, сол жаққа да түкіруге болмайды. Қасим ибн Михран әл-Қайси, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 347
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім намазда есінесе, мүмкіндігінше оны бассын. Өйткені шайтан ішіне еніп кетеді ((басқа) бір риуаятта: қолымен аузын жапсын . Өйткені шайтан ішіне еніп кетеді) », – деп айтты», – деген (2995/59).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 348
Әбу Қатада әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Пайғамбарды (с.а.с.) адамдарға (намазда) имамдық жасап тұрғанын көрдім. Умама бинт Әбул-Ас, ол – Пайғамбардың (с.а.с.) қызы Зәйнәбтің қызы, оның иығында еді. (Пайғамбар (с.а.с.)) рукуғ жасағанда оны (жерге) қойып, сәждеден (басын) көтергенде оны қайта (иығына отырғызатын)», – деп айтқан (543/42).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 349
Муғайқибтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) мешітте (жерді), яғни қиыршық тастарды сипау жайлы ескертіп: «Егер міндетті түрде осылай жасайтын болсаң, (онда) бір рет», – деп айтты», – деген (546/47). Есінеу – шайтаннан. Мұнда есінеу салғырттық, бойкүйездік дарытатындықтан, шайтанға таңылады. Ибн әл-Арабидің айтуынша, шариғатта барлық айыпталатын істер шайтанмен, ал барлық игі істер періштелермен байланыстырылады. Өйткені олар өздеріне байланыстырылатын істердің дәнекері болады. Бір хадистерде түшкірудің Аллаһқа ұнайтынына сілтеме жасалған. Өйткені түшкіру адамның белсенділігін көрсетеді. Мұнда есінеуді басу – оның себептерін жоюды білдіреді. Сондай-ақ әл-Бұхари мен Муслим жеткізген риуаяттардың көпшілігінде тек намаздағы емес, жалпы есінеу туралы айтылған. Мүмкіндігінше есінемеуге тырысып, аузын қолымен жапсын. Басқа бір риуаятта: «сендерден біреу: «А-а-аһ!» деп (есінесе), шайтан (оған) күледі», – деп айтылған. Яғни шайтан адам баласының енжарлығына риза болады және азғыру үшін ішіне кіріп кетеді. Бұл хадисте намаз барысында қиыршық тастарды маңдайдан ысыру немесе сәжде жасайтын орынды тегістеу туралы айтылған. Қатты зәрулік туғанда тек бір рет қана қиыршық тастарды ысыруға болады. Ибн Хажардың айтуынша, намаз кезінде адамның көңілі бөлінбеу үшін мұны намазға дейін жасауға болады, тіпті осылай жасаған дұрыс. Сондай-ақ бұл қиыршық тастарға және топырақ, құмға ғана емес, үстінде намаз оқитын басқа да сол сияқты заттарға да (шөп т.с.с.) қатысты.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 350
Абдуллаһ ибн Шыххирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқыдым. Сонда оның қақырынып, оны кебісімен ысқылағанын көрдім», – деп айтқан (554/58).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 251–300ОглавлениеХадисы 351–400 →