Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 251–300 (Намаз Кітабы)
← Хадисы 201–250ОглавлениеХадисы 301–350 →
Глава 4. Намаз Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 251
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мешітте түкіру – күнә, ал оның өтемі – (түкірігін) көміп тастау», – деді», – деп айтқан (552/55).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 252
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хайбар жорығы кезінде: «Кім мына өсімдіктен (яғни сарымсақтан) жесе, мешіттерге келуші болмасын», – деп айтқан (561/68). аулақ жүруі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 253
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім сарымсақ немесе пияз жесе, бізден аулақ болсын (немесе мешітімізге жоламай, үйінде отырсын)», – деп айтты», – деген. Сондай-ақ (бірде Пайғамбарға (с.а.с.)) ішінде көкөністері бар қазан әкелінді. (Пайғамбар (с.а.с.)) одан бір иіс сезіп, (ол жайлы) сұрады. Оған ондағы бар көкөністер айтылды. Ол сахабаларының біріне: «Оны бері жағдайда, азан шақырылғаннан кейін парыз намазды оқымастан мешіттен кетіп қалуға тыйым салған болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінің едені жер еді және онда төсеніш болмаған. Сондықтан бұл хадисте түкірікті мешіт едені жер болған немесе оған құм т.с.с. төселген жағдайда көму қажеттігі туралы айтылған. Әбул-Махасин әр-Руяни өзінің «Бахр» кітабында: «Сондай-ақ «түкірікті көму» дегенде – оны мешіттен алып тастау меңзелген деп те айтылады. Егер мешіт еденіне тас не ағаштан еден төселген болса, көптеген білімсіздің істейтіні сияқты түкірікті еденге аяқпен не т.б. ысқылау оны көмуге жатпайды. Керісінше, мұндай әрекет күнәні ауырлатып, мешітті бұрынғыдан бетер ластай түседі. Ендеше, мешітке түкірген адам түкірікті сүртіп тастауы немесе сумен жуып кетіруі тиіс», – деп жазған. Жалпы, сарымсақ пен пияз – жеуге тыйым салынбаған өсімдіктер. Муслим Әбу Сағидтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мен Аллаһ рұқсат еткенге ешқашан тыйым салмаймын. Тек қана маған бұл өсімдіктің иісі ұнамайды», – деген. Ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде бұл өсімдікті жеудің мәкруһтігі мешітте не одан тыс жерде қандай да бір жиынға қатысатын және абыройлы кісілермен не мұндай иістерді ұнатпайтын жандармен кездесетін адамдарға да қатысты екенін айтқан. Ән-Нәуәуидің айтуынша, біз қарастырып отырған хадистің «Сахих әл-Бұхари», «Сунән Әбу Дәуд» және де басқа жинақтарда келтірілген риуаятында «қидр» (қазан) деген сөздің орнына «бәдр» (табақ) деп көрсетілген. жақындатыңдар», – деді де, оны көрген соң, жеуді қаламай: «Сен жей ғой, өйткені мен сен сөйлеспейтінмен құпия сөйлесемін», – деді (564/73). шығару
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 254
Мағдан ибн Әбу Талхадан . (Бірде) Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) жұма күні құтпа жасап, Аллаһтың пайғамбарын (с.а.с.) еске алды және Әбу Бәкірді еске алды. Ол: «Расында, мен өзімді бір әтеш үш рет шоқыған сияқты көрдім және мұны ажалымның келгені болар деп ойлаймын. Расында, кейбіреулер маған өзімнен кейінгі халифаны тағайындауымды бұйырады. (Бірақ) Аллаһ ешқашан Өз дінін, Өз халифалығын және Өзі онымен пайғамбарын (с.а.с.) жіберген (нәрсесін) жоғалтпайды . Егер маған бұйрық жақын арада (келсе), халифалық Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға разы болған күйі дүние салған мына алты (кісінің) арасындағы кеңес (арқылы бекітіледі) . Расында, мен кейбіреулердің бұл іске қатысты кінә айтып жүргенін білемін. Мен оларды мына қолыммен Ислам үшін таяқтадым. Егер олар мұны істесе, міне, солар – Аллаһтың дұшпандары, кәпірлер, адасушылар . Сосын мен өзімнен кейін қалдыратын ең маңызды мәселе – «кәләлә» жайындағы мәселе. Мен Аллаһ елшісінен Яғни періштелермен. Мағдан ибн Әбу Талха – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Сірә, мұны Омар (Аллаһ оған разы болсын) түсінде көрсе керек (аудармашының ескертпесі). Егер мен өзімнен кейінгі халифаны тағайындап не тағайындамай кетсем, оның оқасы жоқ. Өйткені Әбу Бәкір өзінен кейінгі халифаны тағайындап кетті, ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны тағайындаған жоқ. Қалай болған күнде де Аллаһ тағала Өзінің діні мен халифалығын құрдымға жібермейді. Яғни Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ризашылығын алған алты адам менен кейінгі халифаны тағайындайды. Бұлар: Осман, Әли, Талха, Зубәйр, Сағд ибн Әбу Уаққас және Абдур-Рахман ибн Ауф (Аллаһ оларға разы болсын). Омар мұнда тақуалығы себепті туыстары болғандықтан, Сағид ибн Зәйд пен өзінің ұлы Абдуллаһты атамаған (ән-Нәуәуи). Ән-Нәуәуидің айтуынша, егер олар бұлай етуге рұқсат етілген деп санаса, кәпір болады, ал мұндай әрекетте тыйым салынғанын мойындай отырып барса, кәпірлердің ісін жасайды. Кәләлә – дүниеден өткеннен кейін артында ата-анасы да, балалары да қалмаған адам. «Ниса» сүресінің 176-аятында: «Олар сенен пәтуа сұрайды. (Оларға) айт: «Аллаһ сендерге кәләлә жөнінде пәтуа береді. Егер баласы жоқ кісі дүние салса, әпкесі (не қарындасы) болса, оған ол қалдырған (мирастың) жартысы тиеді. (Егер өмірден өткен адам әйел болып,) оның баласы болмаса, ол (яғни ағасы не інісі) оның мұрагері болады. Егер (марқұмның әпкесі не қарындасы) екеу болса, екеуіне ол қалдырған (мирастың) үштен екісі тиеді. Егер (мұрагерлер) ер және әйел бауырлар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей (мұра) бұйырады. Аллаһ адаспауларың үшін сендерге анық түсіндіреді. Аллаһ – әрбір нәрсені Білуші» деп айтылған. (с.а.с.) кәләлә жайында сұрағанымдай ешбір мәселе жайында қайта-қайта сұрақ қойған емеспін. Әрі ол маған осы мәселеге қатысты қатаңдық көрсеткеніндей ешбір мәселеге қатысты қатаңдық көрсеткен емес. Тіпті ол саусағымен кеудемді нұқып: «Ей, Омар! Саған «Ниса» сүресінің соңындағы жаз аяты жеткілікті емес пе?» – деді. Егер мен тірі болсам, оған қатысты сондай бір үкіммен үкім етемін, онымен Құранды оқитындар және Құранды оқымайтындар да үкім етеді»; Содан кейін ол: «Уа, Аллаһ! Мен Өзіңді қалалардың әмірлеріне куә етемін! Шын мәнінде, мен бұл (әмірлерді) ол (қалаларға) әділдік жасаулары, адамдарға діндері мен пайғамбарларының (с.а.с.) сүннетін үйретулері, олардың арасында «фай» олжаларын үлестірулері және олардың істерінен қиындық туған (мәселелерді) маған жеткізулері үшін жібергенмін. Сосын сендер, ей, адамдар, екі өсімдікті жеп жүрсіңдер. Мен ол (өсімдіктерді) жиіркенішті деп қана санаймын. Бұл – пияз және сарымсақ. Расында, мен Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешітте олардың иісін бір кісіден сезсе, бұйрық беріп, ол (кісі) Бақиғқа шығарып жіберілетінін көргенмін. Ендеше, кім оларды жесе, пісіріп (иісін) өлтірсін», – деп айтқан (567/78). тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 255
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім мешіт ішінде жоғалған (затын) жариялап тұрған кісіні естісе: «Аллаһ саған оны қайтармасын!» – деп айтсын. Өйткені мешіттер бұл үшін тұрғызылмаған», – деді», – деп айтқан (568/69).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 256
Айша мен Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ оларға разы болсын). Ол екеуі: «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) (өлім) түскенде , хамисасын бетіне жаба бастады, ал тынысы тарылғанда, оны бетінен алатын. Ол осындай жағдайда: «Яһудилер мен христиандарға Аллаһтың лағынеті болсын, олар пайғамбарларының қабірлерін мешіт етіп алған», – деп (мұсылмандарды) олардың жасағандарынан сақтандырып жатты», – деген (531/22). Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл аят жазда түскен. Сондай-ақ мұнда сүрелерді «Ниса», «Бақара» т.с.с. есімдермен атауға рұқсат етілетіні көрінеді. Фай – дұшпандардың мал-мүлкінен соғыссыз алынған олжа. Бақиғ – Мәдинадағы Пайғамбар (с.а.с.) мешітіне жақын орналасқан қорымның атауы. Хадистің арабша мәтінінде «нузилә» (түсірілді) деп келген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл өлім періштесінің немесе құрметті періштелердің түскенін білдіреді. Хамиса – барқыттан немесе жүннен жасалған әдіптелген қалың киім. Сондай-ақ ол ою-өрнегі бар қара түсті киім болуы да мүмкін.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 257
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Умму Хабиба мен Умму Сәләмә (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) Эфиопияда ішіне суреттер (бейнеленген) шіркеуді көргендерін естеріне алып , оны Пайғамбарға (с.а.с.) айтқанда, ол: «Шын мәнінде, олар араларындағы бір ізгі кісі өлсе, оның қабірінің үстіне мешіт тұрғызып, оған әлгіндей суреттер бейнелейді. Міне, солар – Қиямет күні Аллаһтың алдында жаратылғандардың ең жаманы», – деген (528/16).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 258
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен (өзімнен бұрынғы) пайғамбарлардан алты (қасиет) арқылы артықшылық алдым2: маған қысқа да нұсқа сөйлеу (қабілеті) нәсіп етілді; қорқынышпен жәрдем берілді4; маған (соғыстан түскен) олжа халал етілді5; жер мен үшін тазаланатын нәрсе және сәжде орны етілді6; мен барша адамдарға жіберілдім7; және менімен пайғамбарларға мөр қойылды», – деген (523/5). көлемі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 259
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбірің намаз оқуға тұрса, оның алдында ердің артқы қасы сияқты (зат) болған жағдайда, оған бұл сутра болады. Ал егер алдында ердің Умму Хабиба мен Умму Сәләмә – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері. Олар Пайғамбарға (с.а.с.) тұрмысқа шықпай тұрғанда, бұрынғы күйеулерімен пайғамбарлықтың 4-жылы Меккедегі құрайыштар мен мұсылмандар арасында туындаған шиеленіс себепті Эфиопияға қоныс аударған болатын. Бұл қоныс аударуды алғашқы һижрат деп те атайды. Әл-Бұхари Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген риуаятта: «Бұрын ешкімге нәсіп болмаған» деп айтылған. Қысқа, бірақ терең мағыналы сөз. Әл-Харауидің айтуынша, бұл – Құран және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) хадистері. Әл-Бұхари жеткізген риуаятта: «Дұшпандарымның жүрегіне бір ай жолдық қашықтықтан ұялайтын» деп айтылған. Әл-Бұхаридің риуаятында: «Маған дейінгі пайғамбарлардың ешқайсысына нәсіп етілмеген» делінген. Бұл айтылған барлық мұсылмандарға да тән. Сондықтан мұсылмандардың намаз уақыты кірген кез келген жерде намаз оқи беруіне болады. Ал намаз оқуға тыйым салынған орындар жоғарыда 237-хадистің түсіндірмесінде айтылған. Әл-Бұхари жеткізген хадисте: «Бұрын әрбір пайғамбар өз қауымына ғана жіберілген» деген қосымша келген. артқы қасындай (зат) болмаған жағдайда, (алдынан кесіп өткен) есек, әйел не қара (түсті) ит оның намазын бұзады», – деп айтты», – деген. (Абдуллаһ ибн Самит1): «Мен: «Ей, Әбу Зарр! Қара иттің қызыл иттен, сары иттен айырмашылығы не?» – деп (сұраған едім), ол: «Ей, бауырымның ұлы! Сен менен сұрағандай, мен де Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сұрағанмын. Сонда ол (с.а.с.): «Қара ит – шайтан», – деп айтты», – деді», – дейді (510).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 260
Сәһл ибн Сағд әс-Сағидиден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз оқитын орын мен қабырғаның арасы қой өтетіндей еді», – деп айтқан (508/626).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 261
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Оның алдында ит, есек және әйел (намаз оқып жатқан адамның алдын кесіп өткен жағдайда) намазды бұзатыны айтылғанда, Айша: «Бізді есектер мен иттерге теңестірдіңдер ме3?! Аллаһпен ант етейін! Ақиқатында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен кереуетте оны мен құбыланың арасында жатқан кезімде намаз оқитынын көргенмін. Сонда қажетім болғанда, (көтеріліп) отырып Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жайсыздық тудыруды қаламай, (кереуеттің) екі аяғы тұсынан сырғып шығып кететінмін», – деген (512/270).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 262
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) бір кісі мешітке кіріп, намаз оқиды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір шетте тұр еді… (Осы Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші, сахаба Әбу Зарр әл-Ғифаридің көкесінің баласы. Имам Бурһануддин әл-Марғинанидің айтуынша, ашық орында намаз оқымақ болған адам алдына бір білек және одан үлкен көлемде сутра қоюы әрі хадиске орай сутраға жақын тұруы тиіс. Сондай-ақ ол алдынан біреулердің кесіп өту қаупі болмаса және намаз оқушы адам жол бойына қарап тұрмаса, сутрасыз намаз оқудың күнә емес екендігін әрі имамның сутрасы оған ұйығандар үшін де сутра болып табылатынын баяндаған. Өйткені әл-Бұхари (1/135), Муслим (№501) және басқалар Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларымен бірге (алдына) сутра қойып намаз оқығаны жайлы хадис келтірген. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға алдарына сутра қоюды бұйырмаған. Өйткені имамның сутрасы олар үшін де сутра болып табылады. Сутраның көлеміне келсек, әт-Тирмизидің риуаятында түйе жазысының орта белі туралы айтылған. Кейбір ғалымдар оны жазының алдыңғы бөлігі деп есептеп, сутраның ең кіші көлемі бір не екі қарысқа (бір білекке) тең деген тұжырым жасаған. Айша (Аллаһ оған разы болсын) «намаз оқып тұрған адамның алдынан ит, есек және әйел өтсе намаз бұзылады» деген адамдарға қарсылық білдірген. хадисте Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Егер намазға тұрсаң, толық дәрет ал да, құбылаға қарап , тәкбір айт », – деген (397/46).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 263
Бара ибн Азибтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге «Бақара» (сүресіндегі): «Қайда болсаңдар да, жүздеріңді ол (яғни Қағба) тарапқа бұрыңдар» (деген) аят түскенше, он алты ай Бәйт әл-Мақдиске қарап, намаз оқыдым . (Бұл аят) Пайғамбар (с.а.с.) намазды оқып болғаннан кейін түсті. (Осыдан кейін онымен бірге намаз оқыған) адамдардан бір кісі жолға шығады да (басқа бір мешітте Бәйт әл-Мақдиске қарап) намаз оқып тұрған ансарлардың қасынан өтіп бара жатып оларға (түскен аятты) айтып береді. Сөйтіп, олар (сол тұрыстарында) жүздерін Қағба тарапқа бұрыпты», – деп айтқан (525/11). Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Құбыла – шығыс пен батыстың арасында», – деп айтқанын жеткізген (әт-Тирмизи). Бұл хадистің әт- Тирмизидің риуаятын қуаттайтын басқа да иснадтары бар. Әл-Бұхари оларды «күшті» деп атаған. Яғни аталмыш хадис сахих саналады. Бұл нұсқау Мәдина қаласының тұрғындарына қатысты. Өйткені Мәдина қаласы Меккенің солтүстік тұсында орналасқан. Сондықтан Мәдина тұрғындары жүздерін Меккеге қаратқанда, олардың оң тарабы батыс, сол тарабы шығыс болады. Хадис намаз оқитын адам Қағбадан үлкен қашықтықта болса, жүзін әл-Харам мешітіне қаратуы жеткілікті саналатынын айғақтайды (Сафиур-Рахман әл-Мубаракфуридің «Итхаф әл-кирам» кітабын қараңыз). Мұнда намазға кіріскенде айтылатын алғашқы тәкбір «тәкбир әл-ихрам» туралы айтылған. Муслим мен Ибн Мәжәһ Пайғамбар (с.а.с.) намазды «Аллаһу әкбар» деген сөзбен бастағаны жайлы хадис келтірген. Құдыстағы әл-Ақса мешітінен. «Бақара» сүресі, 144-аят. Қоныс аударған Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдина қаласына рабиғ әл-әууәл айының он екісінде келген еді. Ал құбыланың ауысуы һижраның 2-жылы ражаб айының орта тұсында орын алған. Сондықтан он алты ай деп көрсеткендер Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға келген ай мен құбыла ауысқан айды қосып бір ай деп есептеген. Пайғамбардың (с.а.с.) Мәдинада он алты не он жеті ай бойы Бәйт әл-Мақдиске қарап намаз оқығаны анық. Бірақ оның Меккеде жүргенде қай тарапқа қарап намаз оқығаны жөнінде пікір қайшылығы бар. Әйтсе де Пайғамбар (с.а.с.) Меккеде Бәйт әл-Мақдиске қарап намаз оқығанмен, Қағбаны екі ортада ұстап, яғни Йемен бұрыштарының арасында тұрып намаз оқыған болуы мүмкін. Анығы Аллаһқа аян (қ.: «Фатх әл-Бәри»). намаз жоқ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 264
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Намазға қамат айтылған соң парыз (намаздан) басқа намаз жоқ», – деген (710/63).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 265
Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Намазға қамат айтылса, мені көргендеріңше орындарыңнан тұрмаңдар», – деп айтты», – деген (604/156).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 266
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біләл (бесін намазына күн) ауған кезде азан шақыратын да, Пайғамбар (с.а.с.) шыққанша қамат айтпайтын. (Пайғамбар (с.а.с.)) шықса, оны көрген кезде намазға қамат айтатын», – деген (606/160). Муслим Ибн Бухайнадан жеткізген өзге бір хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң намазына қамат айтылғаннан кейін намаз оқыған бір адамды көріп, оған: «Сен не, таң намазын төрт ракағат оқымақсың ба?!» – деген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл – намазға қамат айтылғаннан кейін, тіпті сол намаздың сүннеті болса да, нәпіл намазын оқуға болмайтындығына анық дәлел. Ал сүннет не нәпіл намазын қаматқа дейін бастап кеткен адамға жамағат намазына үлгере алуына байланысты үкім беріледі. Сүннет не нәпіл намазын оқып жатқан кісі таң намазының парызына қамат айтылғаннан кейін имаммен бірге жамағат намазына үлгеретіндігіне сенімді болса, оқып жатқан намазын аяқтап, содан кейін жамағатқа қосылып парыз намазын оқиды. Бесін намазының төрт ракағат сүннетін бастап кеткеннен кейін парыз намазына қамат түсірілсе, оның қай ракағатқа келгеніне байланысты үкім беріледі. Егер екінші ракағатты аяқтаған болса, төрт ракағат сүннет намазын толық аяқтап, сосын имамға ұйып, парыз намазын оқиды. Ал егер екінші ракағатты оқып болмаса, екінші ракағаттан кейін сәлем беріп, сүннет намазын аяқтайды да, имамға ілеседі. Муслим мен Ибн Хиббан жеткізген тағы бір риуаятта: «Өздеріңе шығып келе жатқан мені көргендеріңше» деп айтылған. Фақиһтердің басым көпшілігі «имам мешітте болмаса, адамдар оны көрмейінше орындарынан тұрмауы керек» дейді. Ал имам мешітте болған жағдайға қатысты пікір қайшылықтары бар. Мәселен, Ибн Мунзир мен басқалар, Әнәс (Аллаһ оған разы болсын) «Қад қамәтис-саләһ» деген сөзден кейін орнынан түрегелгенін жеткізген. Абдуллаһ (ибн Масғұдтің) ізбасарлары жайында осыған ұқсас хабарды Сағид ибн Мансур да риуаят еткен (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ал ханафи мазһабы бойынша жазылған «Мухтасар әл-Уиқая» еңбегінің жазбагері «имам және адамдар «Хаййә аләс-саләһ» деген сөзден кейін түрегеледі» деп баяндаған. Әл-Қуртубидің айтуынша, бұдан бұрынғы хадистен қамат Пайғамбар (с.а.с.) намазға шықпай тұрып айтылғаны аңғарылады. Бір қарағанда, алдыңғы хадис біз қарастырып отырған хадиске қарама-қайшы сияқты көрінгенімен, оларды «Біләл сыртқа шығуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 267
Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахман ибн Ауфтан . Ол Әбу Һурайраның (Аллаһ оған разы болсын): «(Бір күні) намазға қамат айтылды. Біз Аллаһ елшісі (с.а.с.) шықпай тұрып, орнымыздан түрегеліп, саптарды түзеп қойдық. Аллаһ елшісі (с.а.с.) келді де, намаз оқитын орнына тұрған кезде, тәкбір айтпай тұрып (жүніп екені) есіне түсті. Ол кері бұрылып, бізге: «Орындарыңда (болыңдар)», – деді. Содан біз тік тұрған қалпымызда (Пайғамбар (с.а.с.)) бізге (қайта) шыққанша күтіп тұрдық. Ол ғұсыл құйыныпты, басынан су тамшылап тұр еді. Сөйтіп, ол тәкбір айтты да, бізбен бірге намаз оқыды», – деп айтқанын естіген (605/158).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 268
Әбу Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаздан (бұрын) біздің иықтарымызды түзеп: «Түзуленіңдер, қарама- қайшылыққа түспейсіңдер, (әйтпесе) жүректерің қарама-қайшылыққа түседі. Менен кейін сендердің араларыңдағы ұстамды әрі ақылды Пайғамбардың (с.а.с.) намазға шыққанын бақылап отырып, оны адамдардың көбісі байқамай тұрып көрген болуы мүмкін» деп үйлестіруге болады. Сөйтіп, Біләл Пайғамбарды (с.а.с.) көре сала, намазға қамат айтуға кіріскеннен кейін ғана оны өзге адамдар көріп, орындарынан көтерілетін болған. Әл-Асқаланидің пікірінше, жоғарыдағы хадистің айтылуы себебі – имам әлдебір себептермен кешіккен жағдайда, адамдар тік тұрған қалпында оны күтіп қалуы мүмкін еді. Ал олар тік тұрған қалпында имам шыққанша күтіп қалғанын баяндаған хадистерді (келесі хадисті қараңыз) мұндай жағдай сирек орын алған немесе бұған рұқсат етілетінін аңдату үшін деп түсіндіруге болады (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Имам ән-Нәуәуи хадисте намазға қайта қамат айтылғаны көрсетілмегенін айтқан. Сондықтан осы хадистегі жағдай сияқты арада қысқа ғана уақыт өтсе, намазға қайтадан қамат айту міндетті емес. Ал арада айтарлықтай уақыт өткен болса, қайтадан қамат айтылуы қажет. Бұл – ансарлар қатарындағы Ғұқба ибн Амр ибн Сағләбә есімді сахаба. Хадистің арабша мәтінінде «улу әл-ахләм» деп келген. «Ахләм» сөзі – парасатты, дана адамдардың сипаты саналатын ұстамдылық және табандылық мағыналарын білдіретін «хилм» сөзінің көпше түрі. Хадистің арабша мәтінінде «улу ән-нуһә» (ақыл иелері) деп келген. Ән-Нәуәуи бұл хадистің лайықты (абыройлы) адамдар намазда имамға жақын тұруы тиіс екендігін көрсететінін айтқан. Өйткені әртүрлі жағдайларда имамды алмастырып, оның орнына тұруға тура келіп қалуы мүмкін. Әрі парасатты, сауатты адамдар имамға қашан жөн сілтеу керектігін жақсы біледі. Оның үстіне, бұл олар үшін намаздың қалай орындалатынын естерінде сақтап, басқаларға үйретуіне де қажет. Абыройлы, жоғары саналы адамдарды имамға жақын орналастыру намазға ғана емес, түрлі мәжілістерге, шаруалар мен кеңестерге де қатысты. (адамдар) тұрсын. Сосын олардан кейінгілер, сонан соң олардан кейінгілер (тұрсын)», – деді»; Әбу Масғұд: «Сендер бүгінде қатты қарама-қайшылықтасыңдар», – деп айтқан (432/122).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 269
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер адамдар азан айту мен (жамағат намазында) бірінші қатарда (тұруда) нендей (сауап) барын біліп, сосын оған жебе тартысу арқылы ғана қол жеткізетін болса, жебе тартысар еді. Ал егер намазға ерте келуде нендей (сауап) барын білгенде, оған жарысар еді . Сондай-ақ түнгі және таңғы намазға (қатысуда) нендей (сауап) барын білгенде, ол екеуін (мешітте оқу үшін) еңбектеп болса да келер еді», – деген (437/129).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 270
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ер адамдар саптарының ең жақсысы – біріншісі, ең жаманы – соңғысы. Ал әйелдер саптарының ең жақсысы – соңғысы, ең жаманы – біріншісі», – деп айтты», – деген (440/132).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 271
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Мүміндерге (Зуһәйрдің хадисінде: үмбетіме) қиындатып қоятын болмағанымда, оларға әр намаздан бұрын мисуак қолдануды бұйырар едім», – деген . Жәһилият дәуірінде арабтарда ер кісілер арасында дау-дамай, талас-тартысты шешудің ең кең тараған түрі: әрқайсысы жебеге есімдерін жазып, оларды араластырып, сосын жебе суырысатын, яғни арадағы келіспеушілікті жеребе тастау арқылы шешетін болған. Яғни намазға тез жетуге әрекеттенер еді. Зуһәйр ибн Муғауия – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Мәлик, Ахмад, Ибн Хузайма және ән-Нәсәи осыған ұқсас «сахих» хадис келтірген. Онда: «әр намаздың алдында» делінген. «Мисуак» деген сөзбен көбінесе күнделікті тіс тазалауға пайдаланылатын мия ағашының бұтақшасы не кішкентай тамыры меңзеледі. Аталмыш тіс тазалау құралы бактерияларға қарсы әсерге ие әрі тістің қызыл иегін бекітеді. Мисуак болмаған жағдайда, тіс щеткасы мен пастасын қолдануға болады. Хадисте тісті намаздың алдында тазалау туралы айтылғанымен, мисуакты кез келген уақытта пайдалану мустахаб. Әсіресе оны намаздың алдында, дәрет алғанда, Құран оқудан бұрын, ұйқыдан оянғанда және ауызда жағымсыз иіс пайда болғанда қолданған жақсы. Намаз оқудан бұрын мисуак қолдану жөніндегі нұсқау ораза тұтқан адамдарға да қатысты. Дегенмен имам әш-Шафиғи «Аллаһ тағалаға мисктің иісінен де ұнамды иісті кетірмеу үшін ораза кезінде түс ауғаннан кейін тісті тазаламау керек» деп есептеген. Алайда бұл қанағаттанарлық дәйекке жатпайды. Өйткені ораза тұтқан адамның аузынан шығатын иіс асқазанда пайда
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 272
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) бір кісі келіп, сапқа тұрады. Оның тынысы ентігіп тұр еді . Ол: «Әл-хамду лилләһи хамдән кәсиран тайибән мубәрәкан фиһ (Аллаһқа көп, жақсы әрі құт-берекелі мақтау болсын)!» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазын аяқтаған соң: «(Әлгі) сөздерді қайсысың айттыңдар?» – деп (сұрайды). Адамдар үндемейді. (Пайғамбар (с.а.с.) тағы да): «Оларды қайсысың айттыңдар? Негізінде, ол жаман (ештеңе) айтқан жоқ», – дейді. Бір кісі: «Келгенімде тынысым ентігіп тұр еді. Оны мен айттым», – деп (жауап береді). Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, мен оны қайсысы бірінші көтеруге таласқан он екі періштені көрдім» , – деп айтқан (600/149).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 273
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазға тұрғанда екі қолын иықтарының деңгейіне дейін көтеретін де, сосын тәкбір айтатын . Сондай-ақ рукуғ жасауды қалаған кезде де дәл солай жасайтын. Рукуғтан (басын) көтергенде де осылай ететін. (Бірақ) ол мұны басын сәждеден көтерген кезде істемейтін», – деп айтқан (390/22). болатындықтан, оны мисуак қолдану арқылы кетіру мүмкін емес (қ.: «Субул әс- сәләм», 1/57-58). Яғни асыққаны себепті. Мұнда періштелердің мұны бірінші болып жазуға таласқаны айтылған. Сондай-ақ Муслим Мәлик ибн Хуайристен (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісі (с.а.с.) қолдарын құлақтарының сырғалығына дейін көтергені жайлы хадис жеткізген. Бір ғалымдар: «Әл-Бұхари, Муслим, ән-Нәсәи және Әбу Дәуд жеткізген хадистердің түрлі риуаяттары қолдарды иық деңгейіне не құлақтардың сырғалығына дейін көтеру тәкбір айтқанға дейін не оның барысында немесе одан кейін де орындалса болатынын айғақтайды», – деген. Имам Бурһануддин әл- Марғинанидің «әл-Һидая» кітабында айтуынша, Уәил ибн Хужрдың хабарына орай және саңырау кісілер байқауы үшін қолдарды бас бармақтары құлақтың сырғалығына дейін болғанша көтеру керек. Ал әйелдер қолдарын иық деңгейіне дейін көтереді. Сонымен қатар ол «қолдарды иыққа дейін көтеру жайлы хабарға ол уәжді себеппен орындалған» деп түсінік берілетінін айтқан. Имам әт-Тахауи «Шарх маъани әл-әсәр» кітабында қолдарды иыққа дейін көтеру оларды киім жауып тұрған кезде орын алғанын баяндаған. Егер қолдың қимылына ештеңе кедергі жасамаса, олар құлақтың сырғалығына дейін көтерілуі керек. Яғни кеудесін тіктеп алған соң. Біздің мазһабта қолдар алғашқы тәкбірде ғана көтеріліп, қалған тәкбірлерде көтерілмейді. Әт-Тахауи бұл жайлы хабарды «Шарх маъани әл-әсәр» кітабында Абдуллаһ ибн Масғұдтан жеткізген. Егер имам намаз кезінде қолдарын көтермесе, оған ұйып тұрған адамдар да қолдарын көтермеуі тиіс. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, имам оған ұю үшін… (сондықтан) оған қарама-қайшы әрекет жасамаңдар», – деп айтқан. Мұнда имамға сыртқы амалдарда ілесу керектігі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 274
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазды тәкбірмен және «Әл-хамду лилләһи Раббил-ъаләмиин»ді оқумен бастайтын. Ол рукуғ жасағанда басын жоғары көтермейтін және төмен түсірмейтін, керісінше, осы (екеуінің) арасында (ұстайтын). Басын рукуғтан көтергенде тік түзеліп тұрғанша сәждеге бармайтын. Басын сәждеден көтергенде тік түзеліп отырғанша (екінші) сәждеге бас қоймайтын. Ол әр екі ракағаттан кейін «әт-тәхият» айтатын . Сол аяғын астына төсеп, оң аяғын тік ұстайтын 5. Ол шайтан отырудан меңзелгені жөнінде ғұламалар арасында пікір қайшылықтары жоқ. Олардың арасында пікірталас «имамға ниет сияқты ішкі амалдарда ілесу керек пе?» деген мәселе төңірегінде туындаған. Сондықтан да ғалымдар осы хадиске сәйкес имамның амалдарына ілесіп, оған қарама-қайшы әрекет жасамау қажеттігін айтқан. Сол үшін имам намазда қолдарын көтермесе, оған ұйып тұрғандар да қол көтермейді. Олар имам намазды қалай оқыса, намаздарын солай оқиды: егер имам қолдарын кіндік тұсына байласа, олар да солай етуі керек т.с.с. Ғалымдар адамдардың арасында сүннеттің кейбір түрін ендіруге, бұл сүннет танылмаған ортада асықпау керектігін ескерткен. Өйткені бұл бүлікке, тіпті қантөгіске апарып соғуы мүмкін. Өкінішке қарай, аталмыш жағдай біздің тұсымызда орын алып отыр. Бұған қоса, егер адам қандай да бір пікірге қатысты өз көзқарасын дұрыс деп есептесе де, бұл жөнінде ғалымдармен және мешіт имамдарымен дауласпауы тиіс. Көбінесе қарапайым адамдарда ғалымдармен және имамдармен пікір таластыратындай жеткілікті білім жоқ. Ән-Нәуәуи бұл хадисте намазды кез келген Аллаһты дәріптеу сөзімен (мәселен, субханаллаһ) емес, нақ «Аллаһу әкбар» деген сөзбен бастау керектігіне дәлел бар екенін айтқан. Мәлик, әш-Шафиғи, Ахмад және әуелгі әрі кейінгі буын өкілдері ғалымдарының көпшілігі де осы пікірді ұстанған. Олар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бізге намазды тек өзі сахабаларының көз алдында оқыған бейнесінде оқуды бұйырғандығын алға тартқан. Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Егер ол «Аллаһу әкбар» (деген сөздің) орнына «Аллаһу әжәл», «Аллаһу аъзам», «әр-Рахману әкбар», «Лә иләһә илләллаһ» деп немесе Аллаһ есімдерінің басқа бірін айтса, бұл, Әбу Ханифа мен Мұхаммедтің (Аллаһ оларға рақым етсін) пікірінше, есепке алынады. Ал Әбу Юсуф (Аллаһ оған рақым етсін): «Егер ол «әкбар» деген сөзді дұрыс айта алатын болса, одан «Аллаһу әкбар» немесе «Аллаһу кәбир» деген сөздерден басқасы есепке алынбайды», – деді», – деп айтқан. Мұнда «Фатиха» сүресі туралы айтылған. Имам ән-Нәуәуи қағданың барлық түрінде түзу отыру қажет екендігін айтқан. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бірінші және екінші ташаһһудтерді орындауға бұйырған осы және басқа да хадистерді имам Ахмад олардың міндетті екеніне дәлел ретінде келтірген. Әбу Дәуд пен әл-Бәйқаһи «хасан» иснадпен Пайғамбар (с.а.с.) намазда кемшілік жіберген адамға: «Намаздың арасында отырғаныңда, жайбарақат күйге түсіп, сол жамбасыңды төсе де, сосын ташаһһудты орында», – деп бұйырғаны жайлы хадис келтірген. Әш-Шафиғидің пікірінше, «ифтираш» деп аталатын осылай отыру бірінші ташаһһудта, екі ракағатты намаздардың ташаһһудында, екі сәжденің арасында және ракағаттар арасындағы тыныс алу отырысында (жәлсәт әл-истираха) орындалады. Ал қайтаратын және екі білекті жыртқыштардың төсейтіні сияқты жерге төсеуден қайтаратын. Ол намазды сәлем берумен аяқтайтын», – деп айтқан (498/240).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 275
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазға тұрған кезінде тәкбір айтатын. Сосын рукуғ жасарда тәкбір айтатын. Сосын рукуғтан белін көтерерде: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ (Аллаһ Өзін мадақтағанды естиді)!» – дейтін. Сосын түрегеліп: «Раббәнә уә ләкәл-хамд (Раббымыз, Саған мақтау болсын)!» – дейтін . Сосын төрт ракағатты намаздың соңғы отырысында, тәуәррук қалпында отырады. Тәуәррук – жерге жамбасымен жайғасып, сол аяғын оң аяғының астына жібере отыру. Ханафи мазһабында ерлер барлық отырыста ифтираш қалпында, ал әйел адамдар сол жамбасына жайғасып, екі аяғын да оң жаққа соза, тәуәррук қалпында отырады. Мәлик, әш-Шафиғи мазһабтарының фақиһтері «әйелдердің отыруы ер кісілердің отыруы сияқты, парыз намаздардағы отыру нәпіл намаздардағы отыру сияқты» деп есептеген. Мұсылмандар тізелерін көтере, қолдарын жерге тірей жамбасын төсеп отырмауы тиіс. Өйткені мұндай қалыпта шайтан отырады. Сондай-ақ бұлай отыру «ит отыру» деп те аталады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Менің сүйікті досым (яғни Пайғамбар (с.а.с.)) ит отырыспен отыруға тыйым салды», – деген. Хадисті әт-Тайалуси, Ахмад және Ибн Әбу Шәйбә жеткізген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда намазды сәлем берумен аяқтау міндетті деп есептейтін Мәлик, әш-Шафиғи, Ахмад және әуелгі әрі кейінгі буын өкілдері фақиһтерінің басым көпшілігінің пікірлерінің пайдасына дәлел бар. Мұнымен қатар олар: «Намаздың кілті – тазалану, оған тәкбір сөзімен кірісіп, оны тәслим (сәлем беру) сөзімен аяқтайды» деген хадисті де дәлел ретінде келтірген (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи). Әл-Хаким оның сахих екендігін дәлелдеген әрі мұнымен әз-Зәһәби және де басқа мухаддистер келіседі. Имам ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде: «Мұнда имам болсын, оған ұйып тұрған адам болсын, жамағат намазында болсын, жеке намаз оқығанда болсын әрбір намаз оқушы «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» сөзіне «Раббәнә ләкәл-хамд» деген сөзді қосып айтатынына дәлел бар», – деген. Яғни ол рукуғтан көтеріліп жатқанында: «Сәмиъиллаһу лимән хамидәһ», ал белін тіктегеннен кейін: «Раббәнә ләкәл-хамд» деп айтады. Ән-Нәуәуидің пікірінше, имамға ұйып тұрғандар имам: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» дегеннен кейін: «Раббәнә ләкәл-хамд» деп айтуы тиіс екенін нұсқаған хадистер мұны теріске шығармайды. Ол хадистер негізінде имамға ұйып тұрған адамдар «Раббәнә ләкәл-хамд» сөзін имам: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» дегеннен кейін ғана айтуы қажет екенін түсіндіреді. Алайда Әбу Ханифа «Имам тек: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ» деп, «Раббәнә ләкәл-хамд» сөзін айтпайды» деген пікір білдірген. Оның шәкірттері Әбу Юсуф пен Мұхаммед «Имам аталмыш сөздердің екеуін де айтады» деп көрсеткен (имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл- Һидая» кітабында Әбу Ханифаның екі шәкірті «имам «Раббәнә ләкәл-хамд» сөзін іштей айтады» деген пікір білдіргенін ұсынған). Ал имамға ұйып тұрған адам, біздің мазһабтың ұстанымы бойынша, «Раббәнә ләкәл-хамд» сөзін ғана айтады (қ.: «Бәдәиъ ас санаиъ»). сәждеге еңкейген кезінде тәкбір айтатын. Сосын басын көтерген кезде тәкбір айтатын. Сосын (қайта) сәждеге бас қояр кезінде тәкбір айтатын. Сосын (одан) басын көтерген кезде тәкбір айтатын. Содан кейін ол намаздың бәрінде де оны оқып болғанша осылай ететін. Ол екі (ракағаттан соң) отырғаннан кейін, орнынан көтерілгенде тәкбір айтатын», – деген . Содан кейін Әбу Һурайра: «Расында, мен намаз оқуда сендерге қарағанда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) көбірек ұқсаймын», – дейтін (392/28). қатысты тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 276
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге үйретіп: «Имамнан озып кетпеңдер. Ол тәкбір айтса, тәкбір айтыңдар. Ол: «Уә ладдааллиин» десе, «Әмин» деп айтыңдар . Ол рукуғ Мұнда рукуғтан көтерілген жағдайдан басқа, намаздағы әрбір еңкею және көтерілу кезінде тәкбір айту керектігіне дәлел бар. Ханафи, мәлики және шафиғи мазһабтарында «тәкбират әл-ихрам немесе ифтитах» деп аталатын алғашқы тәкбір парыз, қалған тәкбірлер сүннет саналады. Ал ханбали мазһабында барлық тәкбірлер уәжіп санатына жатады (қ.: «әл-Һидая», 1/47; «әл-Фиқһ ъалә әл-мәзәһиб әл-арбаъа», 1/293). Имам ән-Нәуәуи «ихрам тәкбірі уәжіп, қалғандары сүннет санатына жатады» дейді. Оның пікірінше, ихрам тәкбірінен басқа тәкбірлердің бірін қалдырып кеткен жағдайда намаз бұзылмайды. Бірақ абзал әрі сүннетке сәйкес амал зая болады. Бұл – Ахмад ибн Ханбалдан басқа барлық ғұламалардың мазһабы. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) оларға намаз оқып, әрбір еңкейгенде және басын көтергенде тәкбір айтатын да, (намазын) аяқтаған соң: «Аллаһпен ант етейін! «Расында, мен намаз оқуда сендерге қарағанда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) көбірек ұқсаймын», – дейтін. Өйткені Әбу Һурайраның заманында бұған қатысты пікір қайшылығы бар еді. Ол кезде адамдардың кейбірі «алғашқы ихрам тәкбірінде ғана тәкбір айту қажет» деп есептесе, кейбірі оған баз бір тәкбірлерді қосатын. Себебі ол адамдарға Аллаһ елшісі (с.а.с.) істеген амалдар жайлы хабар жетпеген болатын. Сондықтан да Әбу Һурайра оларға осылай деп айтатын. Ақыр соңында намаздағы тәкбірлер саны Әбу Һурайраның біз қарастырып отырған хадисіндегі сипатта бекіді (қ.: «Шарх ән-Нәуәуи»). Абдур-Рахман әл-Мубаракфури бұл хадистен «имам «әмин» сөзін айтпайды» деген тұжырым тумайтынын көрсеткен. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Егер имам «уә ладдааллиин» десе, «әмин» деп айтады. Намазда оған ұйып тұрғандар да Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер имам «әмин» десе, «әмин» деп айтыңдар» деген сөзіне сәйкес «әмин» деп қайталайды. Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер имам: «уә ладдааллиин» десе, «әмин» деп айтыңдар» деген сөзінде, имам Мәлик (Аллаһ оған рақым етсін) үшін, имам мен намазда оған ұйып тұрғандар айтуы керек сөздердің аражігін ажыратарлық негіз жоқ. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) (хадистің) соңында: «Өйткені имам «әмин» деп айтады», – деген. Өзімізге жеткен Ибн Масғұдтің (Аллаһ оған разы болсын) хадисіне орай, олар (яғни имам және оған ұйып тұрғандар) әминді іштей айтады», – деп қорытындылаған. Ханафи, шафиғи және ханбали мазһабтарында бұл сөзді айту имам үшін де, оған ұйып тұрғандар үшін де, жеке намаз оқушы үшін де сүннет саналады. Құран аяттары дауыстап жасаса, рукуғ жасаңдар. Ол: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ (Аллаһ Өзін мадақтағанды естиді)!» десе, «Раббәнә ләкәл-хамд (Раббымыз, Саған мадақ болсын)!» деп айтыңдар», – деді», – деген (415/87).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 277
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) аттан құлап, оң бүйірі жарақаттанып қалғанда, біз оған көңілін сұрай кірдік. Намаз (уақыты) кіргенде ол (с.а.с.) отырған қалпында бізге (имам болып) намаз оқыды , біз де оның артында отырған қалпымызда оқылатын намаз болсын, іштей оқылатын намаз болсын, «әмин» сөзінің іштей айтылатыны жайлы пікір біздің мазһабқа ғана тән. Бұл жөнінде шафиғи және ханбали мазһабтары ««әмин» сөзі Құран аяттары іштей оқылатын намаздарда іштей, дауыстап оқылатын намаздарда дауыстап айтылады» деген пікірді ұстанады. Яғни намаз оқушы адам таң, ақшам және құптан намаздарындағы бірінші және екінші ракағатта «Фатиха» сүресін дауыстап оқып болғаннан кейін, дауыстап «әмин» деп айтуы қажет. Ал Құран аяттары іштей оқылатын қалған ракағаттарда ол әминді іштен айтады. Бұл айтылғандар Құран аяттары іштей оқылатын бесін, аср, т.с.с. намаздарға да қатысты (қ.: «әл-Фиқһ аләл мәзәһибил арбаъа», 1/283). Ибн Хажар әл- Асқаланидің айтуынша, имамға ұйып тұрған адамдарды имам «әмин» деген жағдайда «әмин» деп айтуға бұйырған хадистің сыртқы мағынасы имам «әмин» сөзін дауыстап айтпаған жағдайда олардың да «әмин» деп дауыстап айтпайтындарын көрсетеді. Мұны «Заһаир» кітабының жазбагері де шафиғи мазһабының кейбір өкілдерінен келтірген. Кейбір ғалымдардың пікірінше, имам «уә ладдааллиин» дегеннен кейін «әмин» деп айту керектігі жайлы хадисте бұл сөзді айтатын орын, ал имам «әмин» деген соң, оған ұйып тұрғандар «әмин» деп айтулары тиіс екені жайлы хадисте оны қашан айту керектігі көрсетілген. Ендеше, имам «әмин» деп дауыстап айтпаса, оған ұйып тұрғандар да «әмин» деп дауыстап айтпайды (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Әш-Шәукәни «Нәйл әл-аутар» кітабында «имамға ұйып тұрғандар имам әминді дауыстап айтқан жағдайда ғана оны міндетті түрде айтулары тиіс» деп есептеген. Демек, осы хадиске орай, имам әминді дауыстап айтпаған жағдайда оған ұйып тұрған адамдардың оны дауыстап айтулары дұрыс емес. Әсіресе бұл намаз оқушылар арасында дау-жанжал мен дұшпандық тудыратын болса. Сахабалар пікірлері сәйкес келмесе де, имамға қарама-қайшы әрекет жасамауға тырысқан. Ибн Масғұд «сапарда намазды қысқарту қажет» деп есептесе де, сапар барысында Османның имамдығында төрт ракағат намаз оқыған. Алайда ол Османның пікірін «қате» деп есептеген. Уәлид ибн Ғұқба таң намазына имамдық жасап, оны төрт ракағат етіп оқығанда да, сахабалар оған ұйып, төрт ракағат намаз оқыған. Пайғамбар (с.а.с.): «Шын мәнінде, имам оған ілесу үшін қойылған... (сондықтан) оған қарама-қайшы әрекет жасамаңдар», – деп айтқан. Сондықтан имам әминді дауыстап айтпаса, әсіресе ол өзіне ұйып тұрғандарға оны дауыстап айтуға тыйым салатын жағдайда, әминді дауыстап айту имамға қарама- қайшы әрекет болып табылады. Яғни науқасы себепті парыз намазды түрегеліп оқи алмайтын және қиямға тұра алатын болса да, оған тұруы басқа бір дертке шалдығуына, науқасының асқынуына немесе одан айығуының кешеуілдеуіне апарып соғатын жағдайдағы адам намазды отырып оқиды. Алайда қиямға қабырғаға, таяққа немесе т.с.с. заттарға сүйеніп тұра намаз оқыдық. Намазды аяқтаған соң ол: «Шын мәнінде, имам оған ілесу үшін бекітілген 1. Ол тәкбір айтса, тәкбір айтыңдар. Сәжде жасаса, сәжде жасаңдар. Көтерілсе, көтеріліңдер. Ол: «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ!» десе, «Раббәнә уә ләкәл-хамд!» деп айтыңдар. Егер ол отырып намаз оқыса, барлығың отырып намаз оқыңдар», – деп айтты», – деген (411/77). алатын болса, оның намазды отырып оқуына рұқсат етілмейді. Бұл – біздің және ханбали мазһабының пікірі. Біздің мазһаб ғалымдарының пікірінше, отырып намаз оқитын адам Құран оқу және рукуғ жасау кезінде өз қалауынша отырады. Бірақ абзалы – ташаһһуд қалпында отыру. Ал сәжде және ташаһһуд жағдайында қиындық тумайтын болса, ташаһһуд қалпында отырады (қ.: «әл-Фиқһ ъалә әл-мәзәһиб әл- арбаъа», 1/768-770). Ән-Нәуәуидің айтуынша, әш-Шафиғи бұл хадисті парыз намазды нәпіл намаз оқып тұрған адамға ұйып орындауға, сондай-ақ, мәселен, бесін намазын аср намазын оқып тұрған адамға ұйып орындауға болатынына дәлел ретінде келтірген. Әш-Шафиғидің тағы бір дәлелі: Пайғамбар (с.а.с.) қауіп намазын сахабаларымен бірге екі рет оқыған, мұндағы оның екінші намазы нәпіл санатында еді. Сонымен қатар Муғаздан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте оның құптан намазын Пайғамбармен (с.а.с.) бірге оқып, содан кейін оны өз руластарымен бірге орындағаны айтылады. Мұнда да ол үшін екінші намазы нәпіл ретінде болатын. Ал біздің мазһаб бойынша нәпіл намазды парыз намазды оқып тұрған адамға ұйып орындауға рұқсат етіледі (қ.: «әл-Иная шарх әл-һидая»). Имам Бурһануддин әл- Марғинани «әл-Һидая» кітабында парыз намазды нәпіл намаз оқып тұрған адамға ұйып орындауға рұқсат етілмейтінін айтқан. Ахмад ибн Ханбал, Исхақ ибн Раһауайһ және де басқа мухаддистер «намазды отырып оқыған имамның артында оған ұйығандар да отырып намаз оқуы қажет» деген пікір ұстанған. Әбу Бәкір адамдарға имам ретінде түрегеліп намаз оқып тұрғанда, Пайғамбар (с.а.с.) шығып, Әбу Бәкірдің сол жағына отырып, намазға имамдық еткен кезде, сахабалар намазды түрегеліп тұрған қалпында жалғастырғаны жайлы хадисті (осы кітаптың 321-хадисін қараңыз) түсіндіре отырып, олар мұнда қамат бірінші имам болған Әбу Бәкірге айтылғанын хабарлаған. Сондықтан отырып намаз оқитын имам намазға басынан қатысса, оған ұйығандар да намазды отырып оқиды. Егер ол намаздың басында емес, түрегеліп намаз оқыған имамнан кейін келсе, жамағат намазында тұрғандар Әбу Бәкір жайлы хадиске сәйкес түрегеліп тұрған қалыптарында намаздарын жалғастырады. Мұхаммед Азим әл-Әбәди біз қарастырып отырған хадистің мансұқ болғаны жайлы пікірдің әлсіз екенін айтқан. Сондықтан да Әбу Дәуд бұл хадистің соңынан кеңінен танымал екеніне қарамастан, Әбу Бәкір жайлы хадисті оны мансұқ етуші ретінде тіркемеген (Әбу Дәуд «Сунәнында» мансұқ етілген хадистің соңынан оны мансұқ еткен хадисті тіркеу тәсілін ұстанған). Дегенмен біздің мазһабтың ұстанымы бойынша, отырып намаз оқыған имамға ұйыған адам намазды түрегеліп оқиды. Бұған дәлел ретінде «Пайғамбар (с.а.с.) соңғы намазын отырып оқығанда, адамдар оның артында түрегеліп намаз оқыған» деген хадис негізге алынады (қ.: «әл-Һидая», 1/56; «әл- Лубәб фи шарх әл-китәб», 1/26).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 278
Уәил ибн Хужрден (Аллаһ оған разы болсын). Ол Пайғамбардың (с.а.с.) намазға кіріскенде қолдарын көтеріп, тәкбір айтқанын көрген (Һаммам құлақтарының тұсына деп сипаттаған). Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)) киіміне оранып, оң қолын сол қолының үстіне қойған . Рукуғ жасағысы келгенде қолдарын киімнен шығарған . Содан кейін оларды көтеріп, тәкбір айтқан да, рукуғ жасаған. «Сәмиъаллаһу лимән хамидәһ!» деп айтқанда да қолдарын көтерген. Сәжде жасағанда алақандары арасына сәжде жасаған (401/54). Осы хадисті жеткізушілердің бірі. Мұнда сүннет бойынша ихрам тәкбірінен кейін оң қолды сол қолдың үстіне қою немесе оң қолмен сол қолды қапсыра ұстау қажеттігі көрінеді. Пайғамбар (с.а.с.) кейде оң қолымен сол қолын қапсыра ұстайтын (бұл жайлы ән-Нәсәи мен әд- Дарақутни сахих иснадты хадис келтірген). Біздің мазһаб ғалымдарының кейінгі буын өкілдері сақтық шарасы ретінде аталмыш қол байлау түрлерінен орта қалыпты таңдап, «бас бармақ және шынашақпен сол білекті қыса ұстап, қалған үш саусақты білектің үстіне қою қажет» деп есептеген. Бірақ біздің мазһабтың ірі фақиһтерінің бірі Ибн Абидин: «Менің ұстазым Абдул-Ғани «Шарх һадия Ибн Ғимад» кітабында: «Бұл пікірге қатысты ескерту бар. Өйткені «қолды қою тиіс» деп есептейтін адам бүкіл қолды қоюды көздейді. Ал «қолды қапсыра ұстау тиіс» деп есептейтін адам бүкіл қолды қапсыруды көздейді. Қолдың бір бөлігімен білекті ұстап, екінші бөлігін оның үстіне қою қапсыра ұстауға да, қоюға да жатпайды. Алайда, меніңше, абзалы: (аталмыш) екі (қол байлау түрінің) бірі сүннетке сәйкес келеді», – деп айтты», – дейді. Біздің мазһаб бойынша қалыптасқан дәстүрде ер кісі оң алақанын сол алақанының сыртына қояды (бірақ бұған қатысты басқа да пікірлер бар. Ибн Һумамның айтуынша, алақан білезіктің білекпен қиысқан жеріне қойылатыны, Әбу Юсуфтен оң қол сол қолдың білегін қапсыра ұстап тұратыны, Мұхаммедтен қол төсей қойылып, білек алақанның орта тұсында тұратыны нақыл етілген). Біздің мазһаб бойынша, намаз оқушы адам шынашақ және бас бармағымен білектің білезікпен қиысқан жерін ұстап, қолдарды кіндік астына байлайды. Әйел адам оң қолын сол қолының үстіне қапсырмастан төсеген күйде көкірегіне қояды. Бұдан аса үлкен емес қимылдардың намазды бұзбайтыны жайлы қорытынды шығаруға болады. Намазда беттегі терді не шаңды сүрту сияқты қажетті әрекеттерге рұқсат етіледі. Алайда қажетсіз бос қимыл-әрекеттер көп болған жағдайда намазды бұзса, ең кемінде мәкруһ саналады (қ.: «әл-Фиқһ ъалә әл-мәзәһиб әл-арбаъа», 1/338). Ән-Нәуәуи бұдан сәждеде қолдарды жерге қойғанда оларды иық деңгейіне қоюдың абзал екендігі жайлы тұжырым шығатынын айтқан. Ибн Мулаққин мұны «сахих» деп санаған. Сәждеде Пайғамбардың (с.а.с.) қолдары құлақтарының деңгейінде тұрғаны жайлы хадисті Әбу Дәуд пен ән-Нәсәи сахих иснадпен жеткізген. Сондықтан да имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында қолдар сәждеде құлақтар деңгейінде болатынын айтқан.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 279
Әли ибн Әбу Талибтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазға тұрғанда: «Уәжжәһту уәжһиә лилләзи фатарас-сәмәуәти уәл-арда ханифән, уә мә әнә минәл-мушрикин. Иннә салати уә нусуки, уә махйәйә уә мәмәти лилләһи Раббил-ъаләмиин, лә шәрикә ләһ(у). Уә бизәликә умирту уә әнә минәл-муслимиин. Аллаһумма, Әнтәл-Мәлику, лә иләһә иллә Әнтә. Әнтә Рабби, уә әнә ъабдукә. Заламту нәфси, уаътарафту бизәнби, фағфир ли зунуби жамиъан, иннәһу лә йағфируз- зунубә иллә Әнтә. Уәһдини лиахсанил-ахлақи, лә йәһди лиахсаниһа иллә Әнтә. Уасриф ъанни сәйиәһә, лә йасрифу ъанни сәйиәһә иллә Әнтә. Ләббәйкә уә саъдәйкә, уәл-хайру куллуһу фи йәдәйкә, уәш-шәрру ләйсә иләйкә, әнә бикә уә иләйкә, тәбәрактә уә таъаләйтә, әстәғфирукә уә әтубу иләйк(ә) (Жүзімді ханиф түрде аспандар мен жерді жаратқан (Аллаһ)қа қараттым, мен мүшріктер қатарында емеспін. Шын мәнінде, менің намазым, құрбандығым, өмірім мен өлімім әлемдердің Раббысы, серігі жоқ Аллаһқа тән. Мен осыған бұйырылдым әрі мен мұсылмандар қатарындамын. Уа, Аллаһ! Сен Патшасың, Сенен өзге ешбір құдай жоқ. Сен – менің Раббымсың, мен – Сенің құлыңмын. Мен өзіме әділетсіздік жасадым, күнәмді тән алдым, менің барлық күнәларымды кешіре гөр! Өйткені күнәларды Сенен өзге (ешкім) кешірмейді. Мені мінез- құлықтардың ең жақсысына бағытта, олардың ең жақсысына Сенен өзге (ешкім) бағыттамайды. Әрі менен олардың жаманын аулақтат, менен олардың жаманын Сенен өзге (ешкім) аулақтатпайды. Міне, мен Сенің құзырыңдамын, қызметіңе әрқашан әзірмін. Жақсылықтың бәрі Сенің екі қолыңда, ал жамандық Сенен емес. Менің сәттілік табуым Өзіңмен әрі Өзіңе арқа сүйеймін. Сен аса игі, асқақсың. Өзіңнен кешірім өтінемін және Өзіңе тәубе келтіремін)»; Рукуғ жасағанда: «Аллаһумма, ләкә ракаъту, уә бикә әмәнту, уә ләкә әсләмту. Хашаъа ләкә сәмъи уә басари уә муххи уә ъазми уә ъасаби (Уа, Аллаһ, мен Өзіңе рукуғ жасадым, Өзіңе иман келтірдім және Өзіңе бойсұндым. Құлағым, жанарым, миым, сүйегім және жүйкем Өзіңе құлдық ұрды)»; (Рукуғтан басын) көтергенде: «Аллаһумма, Раббәнә, ләкәл-хамду мил’әс-сәмәуәти уә мил’әл-арди уә мил’ә мә бәйнәһумә, уә мил’ә мә ши’тә мин шәй’ин баъд(у) (Уа, Аллаһ! Раббымыз, Саған аспандар толы, жер толы және ол екеуінің арасы толы, сондай-ақ Өзің қалаған нәрсе толы мақтау болсын)!»; Сәжде жасағанда: «Аллаһумма, ләкә сәжәдту, уә бикә әмәнту, уә ләкә әсләмту. Сәжәдә уәжһиә лилләзи халақаһу, уә саууараһу, уә шаққа сәмъаһу уә басараһу. Тәбәракаллаһу ахсанул-халиқиин (Уа, Аллаһ! Өзіңе сәжде жасадым, Өзіңе иман келтірдім және Өзіңе бойсұндым. Жүзім оны жаратқан, оны бейнелеген әрі оның естуі мен көруін жасаған (Аллаһ)қа сәжде жасады. Жаратушылардың ең жақсысы – Аллаһ аса игі)», – деп Ханиф – бір Аллаһқа ғана құлшылық етуге негізделген дінді ұстанушы адам. айтатын. Содан кейін оның ташаһһуд пен сәлем беру арасында ең соңғы айтатыны: «Аллаһуммағфир ли мә қаддәмту уә мә аххарту, уә мә әсрарту уә мә аъләнту, уә мә әсрафту, уә мә Әнтә аъләму биһи минни. Әнтәл- Муқаддиму, уә Әнтәл-Муаххиру, лә иләһә иллә Әнт(ә) (Уа, Аллаһ! Менің бұрын істеген әрі кейін істейтін, жасырын әрі жария істеген, шектен шыққан және оны маған қарағанда Өзің жақсы білетін (күнәларымды) кешіре гөр! Сен Ілгерілетушісің, Сен Кейіндетушісің, Сенен өзге ешбір құдай жоқ)» (деген сөздер еді). (Басқа) бір риуаятта: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазға кіріскенде тәкбір айтып, сосын: «Уәжжәһту уәжһи... (Жүзімді қараттым...)», – дейтін» (деп көрсетілген) (771/201).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 280
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.), Әбу Бәкірмен, Омармен және Османмен бірге намаз оқыдым. (Бірақ) олардың ешқайсысының «Бисмилләһир Рахманир Рахим» (сөзін) оқығанын естіген емеспін», – деп айтқан (399/50).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 281
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) біздің арамызда (отырғанда) қалғып кетті . Сосын езу тарта басын көтерді. Біз: «Сені не күлдірді, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрадық) . Ол: «Қазір ғана маған бір сүре түсірілді», – деп: «Бисмилләһир Рахманир Әл-Асқалани «Булуғ әл-марам» кітабында, Муслимнің осыған ұқсас хадисі қатарында: «Ахмад, ән-Нәсәи және Ибн Хузайманың риуаяттарында олар «Бисмилләһир Рахманир Рахим» сөзін дауыстап айтпағаны хабарланады»; Абдур- Рахман әл-Мубаракфури: «Муслимнің риуаятында Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен тура жолды ұстанған халифалар «Бисмилләһир Рахманир Рахим» сөзін айтпағаны хабарланады. Бірақ бұл олар аталмыш аятты мүлдем айтпағанын білдірмейді. Өйткені олар оны іштей оқыған», – деп айтқан (қ.: «Тухфат әл-ахуази», 1/204). Имам әз-Зайлағи «Насб әр-раяда» Ғұқайлидің «басмаланы дауыстап айтуға нақты дәлел болатын хадис жоқ» деген сөзін келтірген. Ибн Хажар «әд-Дираяда» әд- Дарақутнидің «Пайғамбарға (с.а.с.) телінетін «басмаланы» дауыстап айтуға дәлел болатын сахих хадис жоқ» деген сөзін келтірген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани де «әл-Һидая» кітабында «Бисмилләһир Рахманир Рахим» сөзін іштей оқу керектігін көрсеткен. Басқа бір риуаятта: «біздің арамызда мешітте» деп келген. Бұдан адамға мешітте және жолдастарының арасында ұйықтауға рұқсат етілетіндігі көрінеді (ән-Нәуәуи). Яғни ізбасарлардың өз жетекшісінен не үшін күлгенін және басқа жағдайларды сұрауы дұрыс (ән-Нәуәуи). Рахим (аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен) . Расында, Біз саған Кәусарды бердік. Ендеше, Раббың үшін намаз оқы және құрбандық шал. Негізінде, сені тілдеушінің өзі – қубас » (деген аяттарды) оқыды . Содан кейін ол: «Сендер Кәусардың не екенін білесіңдер ме?» – деп (сұрады). Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі», – деп (жауап қайтардық). Ол: «Расында ол – аса құдіретті әрі ұлы Раббым маған уәде еткен өзен. Онда көптеген игілік бар. Ол – Қиямет күні менің үмбетім келетін хауыз . Оның ыдыстары жұлдыздардың санындай. Сонда олардың арасында бір пенде оқшау тұрады. Мен: «Раббым, расында, ол менің үмбетім қатарында ғой», – деймін. Ол: «Өзіңнен кейін не болғанын сен білмейсің ғой», – дейді», – деп айтты», – деген (400/53). жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 282
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім намаз оқып, онда Уммул Құранды оқымаса, ол – жетімсіз (үш рет), толық емес », – деп айтқан. Әбу Һурайрадан: «Біз имамның артында Муслим бұл орында біз қарастырып отырған хадисті «Бисмилләһир Рахманир Рахим» сөзі сүренің басында тұратынын көрсету үшін тіркеген (ән-Нәуәуи). Кейбір ғалымдар аяттағы бұл сөзді «барлық игіліктен мақрұм қалған» деп түсіндірген. Кейбіреулер бұған қатысты «мұнда Ас ибн Уәил есімді нақты тұлға меңзелген» деген пікір білдірген (ән-Нәуәуи). Бұл «Кәусар» сүресі болатын. Ән-Нәуәуи бұл хадисте Пайғамбардың (с.а.с.) хауызына дәлел бар екенін айтқан. Оған әрбір мұсылман иман келтіруге міндетті. Басқа бір риуаяттарда: «олар не істегенін» және «ол не істегенін» деп те келген. Қазы Ғиядтың айтуынша, мұнда Ислам дінінен шығып кеткен немесе күнәкар адамдар меңзелген. Уммул Құран (Құранның анасы, негізі) – «Фатиха» сүресі атауларының бірі. Біз «жетімсіз» деп тәржімелеген хадистің арабша мәтініндегі «хидаж» сөзі «бұзылған», «жарамсыз» деген мағыналарды да білдіреді. Бұл сөзді арабтар түсік тастауға немесе айы-күні толмаған сәбиді босануға қатысты да қолданады. Мұны «намаз «Фатиха» сүресінсіз толық болмағанмен, дұрыс саналады» деп есептейтіндер дәлелге тартады. Біздің мазһабтың өкілдері «Құраннан өздеріңе жеңіл соққанын оқыңдар» (Муззәммил, 20) деген аятқа сүйеніп, «намазда Құран оқу рүкін (намаз тірегі), «Фатиха» сүресін оқу уәжіп (яғни міндетті, бірақ намаз онсыз жарамсыз саналмайтын амал) болып табылады» деп есептеген. Ал қалған үш мазһабта намазда «Фатиха» сүресін оқу парызға, яғни намаздың рүкініне жатады. Олар «Фатихасыз» намаз қабыл болмайды» деген мағынаны беретін көптеген хадиске сүйеніп осындай тоқтамға келген. Абдур-Рахман әл-Мубаракфури «біз қарастырып отырған хадисте «Фатиха» сүресін оқу парыз болсын, нәпіл болсын барлық намаздар үшін міндетті болып табылатындығының пайдасына дәлел бар» деп көрсеткен. Хадистің жалпы мағынасы жеке намаз оқушыны, имамды және оған ұйып тұрған адамды да қамтиды. Алайда имам Бурһануддин әл-Марғинани «Һидая» кітабында «имам Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтың пікірі бойынша имамның артында боламыз ғой?» – деп (сұрағанда), ол: «Оны ішіңнен оқы. Расында, мен Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Мен намазды Өзім мен пендемнің арасында екіге бөлдім. Пендеме сұрағаны нәсіп болады», – деді. Егер пенде: «Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мақтау болсын!» – десе, Аллаһ тағала: «Пендем Мені мадақтады», – дейді. (Пенде): «Аса Мейірімді, ерекше Рақымды», – десе, Аллаһ тағала: «Пендем Мені дәріптеді», – дейді. Ол: «Қарымта күнінің иесі», – десе, «Пендем Менің даңқымды асырды», – дейді. Ол бірде: «Пендем (өзін) Маған тапсырды», – дейді. (Пенде): «Өзіңе ғана құлшылық етеміз әрі Өзіңнен ғана жәрдем сұраймыз», – десе, «Бұл – Мені мен пендемнің арасындағы (нәрсе). Пендеме Құран оқу мәкруһ саналады» деп жазған. «Әл-Һидая» кітабына түсіндірме жазған Ибн Һумам «Фатх әл-Қадир» кітабында мұнда «мәкруһ» деген сөзден тыйымға жақын ұнамсыздық көзделгенін айтқан. Ал имам Мұхаммедтің пікірінше, бұл сақтық шарасы үшін мустахаб болып табылады. Омар ибн әл-Хаттаб, Әли ибн Әбу Талиб, Жәбир ибн Абдуллаһ, Имран ибн Хусайн, Ғұбада ибн Самит және Әбу Һурайра сияқты сахабалардың, Абдуллаһ ибн Мубарак, әш-Шафиғи, Ахмад және Исхақ ибн Раһауайһ сынды ғалымдардың пікірі де ««Фатиха» сүресін оқу жеке намаз оқушыға, имамға және оған ұйып тұрған адамға да қатысты» деген пікірге тоғысады. Мұнда «Фатиха» сүресі туралы айтылған. Ғұламалардың айтуынша, «Фатиха» сүресінің мағынасы жағынан екіге бөліну себебі, оның бірінші жартысы – Аллаһ тағаланы мадақтаудан, Оның даңқын асырудан, Оны дәріптеуден және пенденің өзін Оған тапсыруынан, ал екінші жартысы дұға-тілектен, өтініштен, жалбарынудан және пенденің Аллаһқа мұқтаждығынан тұрады. Ән-Нәуәуидің айтуынша, кейбіреулер мұны «Бисмилләһир Рахманир Рахим» аяты «Фатиха» сүресінің құрамына кірмейтініне дәлел ретінде келтірген. Яғни бұл жағдайда «Фатиха» сүресі екіге бөлінген. Бірақ оның ешқайсысында «Бисмилләһ» жайлы айтылмаған. Осы сияқты дәйектерге сүйенген кейбір ғалымдар «Құран сүрелерінің басындағы «Бисмилләһ» сөздері сүре құрамынан емес, әйтсе де сол сүрелерді бір-бірінен ажыратып тұрушы «фасилә» ретінде орналастырылған» деген пікір білдірген және «Бисмилләһ» аят ретінде тек қана бір жерде, нақты айтқанда, «Нәмл» сүресінің 30-аятында келген» деп анықтама берген. Имам Әбу Ханифа да осы пікірді қостаған. Сондықтан ханафи мазһабын ұстанған «хаттаттар», яғни Құранның қолжазбалық көшірмесін жасаушылар көшірген және осы мазһаб өкілдерінің жетекшілігімен баспада жарық көрген Құран нұсқаларында, әсіресе Түркия мен Пәкістанда басылған нұсқаларда «Фатиха» сүресінің басында келген «Бисмилләһ» сөзіне нөмір қойылмаған. Ал Араб елдерінде басылатын Құрандарда оған бірінші нөмір қойылады. Бұған қатысты да өзіндік пікірлер бар. Біріншіден, мұндағы екіге бөлу «Фатиха» сүресіне емес, намазға қатысты. Екіншіден, әд- Дарақутни (1312) Әбу Һурайраның (Аллаһ оған разы болсын): «Егер «Фатиха» сүресін оқысаңдар, «Бисмилләһты» оқыңдар, өйткені ол – осы сүре аяттарының бірі», – дегенін жеткізген. Ибн Кәсир (1/10) әд-Дарақутни осы хабарды жеткізе отырып, оның барлық риуаятшылары сенімге ие екеніне сілтеме жасағанын айтқан. Ибн Кәсирдің айтуынша, әл-Бәйқаһи (245) Әлиден, Ибн Аббастан және Әбу Һурайрадан олар «Бисмилләһ» «Фатиха» сүресінің жетінші аяты (яғни жеті аятының бірі) деп есептегенін риуаят еткен. Мухаддистер бұл хадистің мауқуф және марфуъ риуаяттары сахих екенін көрсетеді. сұрағаны нәсіп болады», – дейді. Бізді тура жолға бастай гөр! Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың емес, сондай Өзің нығметке бөлегендердің (жолына)», – десе, «Бұл – пендем үшін әрі пендеме сұрағаны нәсіп болады», – дейді», – деп айтқанын естідім», – деген (395/38).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 283
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешітке кіргенде, бір кісі де кіріп, намаз оқыды. Сосын ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, сәлем берді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның сәлеміне жауап қайтарып: «Қайта барып намаз оқы, өйткені сен намаз оқымадың», – деді. Ол кісі қайта барып, (әуелгі) намаз оқығанындай намаз оқыды да, Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, сәлем берді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Саған да сәлем болсын», – деді де: «Қайта барып намаз оқы, өйткені сен намаз оқымадың», – деді. Сөйтіп, ол (кісі) үш рет осылай етті. Сонда (әлгі) кісі: «Сені ақиқатпен жіберген (Аллаһ)пен ант етейін, бұдан жақсы оқи алмаймын, маған үйретші!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Намазға тұрсаң, тәкбір айт, сосын өзіңе жеңіл соққан Құран (аяттарын) оқы , сосын рукуғ қалпына түскеніңше рукуғ жаса, сосын тік тұрғаныңша (кеудеңді) көтер, сосын сәжде қалпына жеткеніңше сәжде жаса, сосын қалыпты отырғаныңша (басыңды) көтер және барлық намазыңда осылай ет», – деді (397/45). Бұл сөздің мағынасы жайлы алдыңғы хадистің түсіндірмесінде айтылып өткен. Қатарында біздің мазһабтың фақиһтері де бар бір топ ғұлама имам Құран оқығанда оған құлақ салудың имамға ілесуді білдіретдігін айтқан. Ал имамға ілесу – намаздың кәмілдігі белгілерінің бірі. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, имам оған ілесу үшін қойылған. Ол тәкбір айтса, тәкбір айтыңдар. Ол Құран оқыса, тыңдаңдар», – деп айтқан. Хадисті Муслим мен Әбу Ауана Әбу Мұса әл- Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген. Әбу Дәудтің «Сунәнінде» бұл хадис Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген (№604). Әл-Бұхари және басқалар оны «сахих» хадис санатына жатқызған. Имам оқыған Құранды тыңдау жеткілікті, оның артынан Құран оқу қажетсіз. Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде имам болса, имамның Құран оқуы – оның да Құран оқуы», – деп айтқан. Хадисті Ибн Әбу Шәйбә мен әд-Дарақутни Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген («Сахих әл-жамиъ», №6487). Муслим Зәйд ибн Сәбиттен (Аллаһ оған разы болсын): «Еш нәрседе имаммен бірге Құран оқу жоқ» деген хабарды риуаят еткен. Осыған ұқсас хабарды әт-Тахауи Зәйдтен, Жәбирден және Ибн Омардан (Аллаһ оларға разы болсын) нақыл еткен. Суфиян ибн Ғұйайна «намазда «Фатиха» сүресін оқудың міндеттілігі жайлы хадис жеке намаз оқушыға ғана қатысты» деп есептеген. Ханафи ғұламалары мен Суфиян әс-Сәури «имамға ұйып тұрған адамдар Құран аяттары дауыстап оқылатын намаздарда да, іштей оқылатын намаздарда да Құран оқымайды» деген пікірді ұстанған. Ғұбада ибн Самиттің (Аллаһ оған разы болсын) имам дауыстап Құран оқыған кезде «Фатиха» сүресін оқығаны жайлы хадис (Әбу Дәуд, №824) әлсіз саналады. Өйткені оның иснадында Ибн Абдул-Бәрр мен Ибн Хажар белгісіз деп атаған Нафиғ ибн Махмуд ибн Рабиғ бар. Оған қоса, Ибн Хиббанның айтуынша, бұл хабар Махмуд ибн Рабиғтың хабарына да қарама-қайшы келеді. «Әл-Мунтақа шарх Муатта» кітабының жазбагері (ғұламалардың бірауызды келісімі бойынша) намазға имам рукуғта тұрғанда үлгерген адам ол ракағатты орындаған болып саналатынын айтқан. Егер имамның Құран оқуы оған ұйып тұрған адамдар үшін жеткілікті болмаса, Құран оқылып қойғаннан кейін рукуғ жағдайына келген оның ракағаты есепке алынбас еді. Сондай-ақ Құранда: «Құран оқылғанда оған құлақ салып, үнсіздік сақтаңдар» деген аят та бар (Ағраф, 204). Тәпсір ғалымдарының пікірінше, қандай да бір себеппен түскен аят оның мағынасын жалпылама тұрғыда түсінуге кедергі келтірмейді. Сондықтан имам дауыстап Құран оқыған кезде, аятқа сәйкес оны үнсіз тыңдау керек. Басқа мазһабтарға тоқталып өтсек, Мәлик пен Ахмадтың пікірі бойынша, Құран аяттары іштей оқылатын намаздарда не ракағаттарда имамға ұйып тұрған адамдардың іштей Құран оқуы міндетті. Алайда имамға ұйып тұрған адам оның Құран оқығанын естімесе, іштей «Фатиха» сүресін оқуға міндетті. Жоғарыда ұсынылған «Еш нәрседе имаммен бірге Құран оқу жоқ» деген хадисті Әбу Һурайра, Жәбир (Аллаһ ол екеуіне разы болсын), әз-Зуһри, Абдуллаһ ибн Мубарак, Мәлик, Ахмад және Исхақ «имам дауыстап Құран оқыған кезде Құран оқу жоқ» деп түсінген. Сондай-ақ Мәлик пен Ахмадтың пікірі бойынша, имамға ұйып тұрған адам, имам «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін артындағылар да оны оқуға мүмкіндік алуы үшін үзіліс жасаған жағдайда, «Фатиха» сүресін іштей оқуға болады. Алайда бұлай үзіліс жасау сүннетте бекітілмеген. Ал «Фатиха» сүресін оқығаннан кейін үзіліс жасау туралы Әбу Дәуд Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадистерді (№777-780) мухаддистер, солардың қатарында Әбу Бәкір әл-Жассас «Ахкам әл-Құран» кітабында иснадында үзіліс (инқитаъ) болғаны үшін «әлсіз» деп атаған. Бұл хадистің ешбір иснадында Хасан әл- Басри оны Сәмурадан естігенін нақты айтпаған. Мухаддистердің көрсетуінше, «Сәмура айтты» деген риуаяттардың бірі иснадтағы үзілісті айғақтайды. Сондықтан да бұл хабарлар қабылдауға жатпайды. Кейбір ғалымдар әуелде имамға ұйып тұрған адамдарға Құран аяттарын дауыстап оқуға рұқсат етіліп, содан соң бұған тыйым салынғанын айтқан. Бұл жайлы: «Таң намазында (Пайғамбарға (с.а.с.)) Құран оқу қиынға соқты. Ол (с.а.с.) намазды аяқтаған соң: «Сендер имамдарыңа ілесіп Құран оқисыңдар ма?» – деді. Біз: «Иә, үлгеруге тырысамыз, уа, Аллаһтың елшісі!» – дедік. (Сонда) ол (с.а.с.): «Фатиха» сүресі оқылғанда болмаса, бұлай жасамаңдар. Шын мәнінде, оны оқымағанның намазы жоқ», – деді» деген хадис жеткен (әл- Бұхари («әл-Жуз» кітабы), Әбу Дәуд, Ахмад, әт-Тирмизи, әд-Дарақутни). Әт- Тирмизи мен әд-Дарақутни мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) «Фатиха» сүресін де имамның артында тұрып дауыстап оқуға тыйым салды. Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Құран аяттарын дауыстап оқыған намазды (кейбір риуаяттарда бұл таң намазы болғаны айтылған) аяқтаған соң: «Сендерден біреу менімен бірге Құран оқыды ма?» – деп сұрайды. Бір кісі: «Иә, (ол) мен едім, уа, Аллаһтың елшісі!» – дейді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Ал мен кім менімен тайталасып жатыр деп едім», – деген. Әбу Һурайра: «Осыдан кейін адамдар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) артында ол дауыстап оқыған кезде «Фатиханы» оқуды тоқтатты. Имам дауыстап оқымаған кезде олар (оны) іштей оқитын», – деп айтқан. Хадисті Мәлик, әл-Хумайди, әл-Бұхари («әл-Жуз» кітабы), Әбу Дәуд (№826) және әл-Мухамили (1/139/6) жеткізген. Әт-Тирмизи оны «қабылдауға жататын (мақбул)» хадис санатына, Әбу Хатим, әр-Рази және Ибн Хиббан «сахих» хадис
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 284
Имран ибн Хусайннан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге (имам болып) бесін не аср намазын оқыды да: «Қайсың менің артымда «Асқақ Раббыңның есімін дәріпте» (сүресін) оқыды?» – деп (сұрады). Бір кісі: «Мен, (бірақ) мұнымен жақсылықтан басқа (еш нәрсе) қалаған жоқпын», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, мен сендердің кейбіріңнің менімен онда тайталасқанын білдім», – деп айтты», – деген (398/47).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 285
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер имам «әмин» десе, «әмин» деп айтыңдар. Өйткені кімнің «әмин» деп айтқаны періштелердің «әмин» деп айтқанына тура келсе, оның бұрынғы өткен күнәлары кешіріледі», – деп айтқан. Ибн Шиһаб3: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) «әмин» деп айтатын», – деген (410/72).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 286
Симактан . Ол: «Мен Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (с.а.с.) намазы жайлы сұрағанымда, ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) намазды жеңілдететін және мыналардың намазы сияқты намаз санатына жатқызған. Мұны Ғұмарадан жеткен хадис те айғақтайды. Оның аяқ жағында: «Құран оқуда менімен кім тайталасты? Сендерге имамның Құран оқуы жеткілікті емес пе?! Шын мәнінде, имам оған ілесу үшін қойылған. Ол Құран оқығанда, тыңдаңдар» деп айтылған. Хадисті әл-Бәйһақи «Намаздағы міндетті Құран оқу» кітабында (2/344/3) ұсынған. Бұл «Ағлә» сүресі болатын. Әл-Бұхари «Жуз әл-қира’а» кітабында Ахмад және Сираждың «хасан» иснадпен жеткізген хадисінде: «Біз Пайғамбарға (с.а.с.) ілесіп Құран оқитынбыз және біздің Құран оқығанымыз естілетін. Содан кейін ол (с.а.с.): «Құран оқу кезінде сендер мені шатастырып жібердіңдер», – деді» делінгенін келтірген. Сондай-ақ Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, намаз оқушы өз Раббысына жалбарынады. Ендеше, Раббыларыңа не (нәрсемен) жалбарынып жатқандарыңа қарасаңдаршы. Сондай-ақ Құран оқу арқылы бір-біріңе кедергі жасамаңдар», – деп айтқан. Хадисті Мәлик және әл-Бұхари «Пенделердің іс-амалдары» кітабында «сахих» иснадпен жеткізген. Имам Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф «имамның артында Құран оқу мәкруһ» деп санаған. Әбу Ханифаның шәкірті имам Мұхаммед, керісінше, мұны іштей оқу мустахаб, ал имам әш-Шафиғи міндетті деп есептеген. Бұл пікірді имам әз-Зуһри, Мәлик, Ибн Мубарак, Ахмад ибн Ханбал және бір топ мухаддис ғалым ұстанған. Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғиндер қатарындағы ғалым, мухаддис. 277-хадистің түсіндірмесін қараңыз. Симак ибн Харб, табиғин, хадис жеткізуші. оқымайтын », – деді. Ол маған Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң (намазында) «Қаф. Даңқты Құранмен ант етемін» және сол сияқты (сүрелерді) оқитын болғанын хабарлады», – деп айтқан (458/169).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 287
Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). (Ол): «Пайғамбар (с.а.с.) бесін және аср (намаздарының) әуелгі екі ракағатында Кітаптың беташар (сүресі) мен (тағы) бір сүре оқитын. Кейде бізге аяттарды естіртетін. Ал соңғы екі ракағатта Кітаптың беташар (сүресін) оқитын», – деп айтқан (451/155).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 288
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) бесін намазында алғашқы екі ракағаттың әр ракағатында отыз аят шамасында, соңғы екеуінде он бес аят шамасында (немесе ол: «соның жартысындай», – деп айтқан) оқитын. Ал аср (намазында) алғашқы екі ракағаттың әр ракағатында он бес аят шамасында, соңғы екеуінде соның жартысындай шамада оқитын (452/157). Кейбір ғалымдардың айтуынша, мұнда Пайғамбар (с.а.с.) намазды басқалар сияқты тым қысқа да, тым ұзақ та емес, орта межеде оқығаны меңзелген. Яғни «Қаф» сүресін. Бұл хадис төрт ракағатты парыз намаздарының соңғы екі ракағатында «Фатиха» сүресінен кейін қосымша «Зәм» сүресінің оқылмайтындығына дәлел болады. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында үшінші, төртінші ракағаттарда «Фатихадан» кейін сүре оқылмайтынын және бұл дұрысына көбірек жақын пікір екенін айтқан. Осы кітапқа түсіндірме жазған Ибн Һумамның айтуынша, Хасан Әбу Ханифадан мұның (үшінші, төртінші ракағаттарда «Фатихадан» кейін сүре оқу) міндетті екенін және оны оқымаған адамға сәһу сәждесін жасау тиістігін нақыл еткен. Алайда Пайғамбардың (с.а.с.) оны оқымағаны жайлы хадистер бұл істің міндетті емес екенін көрсетеді. Сафиур-Рахман әл-Мубаракфури «Итхаф әл-кирам» кітабында үшінші, төртінші ракағаттарда (қосымша аяттарсыз) «Фатиха» сүресін ғана оқу кей кездері ғана орын алғандығына сілтеме жасаған. Кейбір ғалымдар мұнда соңғы екі ракағатта «Фатихаға» қоса аяттар оқудың сүннет екендігіне дәлел келгенін айтқан. Алайда біздің мазһабта қалыптасқан үрдіс бойынша парыз намаздарының үшінші, төртінші ракағатында қосымша сүре не аяттар оқылмайды. Әйтсе де Әбул-Хасанат әл-Лакнауи сияқты біздің ханафи мазһабының кейбір ғалымдары кез келген намаздың соңғы ракағаттарында «Фатихадан» кейін қосымша Құран оқу жайлы пікірді ұстанған. Әл-Лакнауи «әт-Таълиқ әл-мумажид» кітабында (102-бет): «Біздің замандастарымыздың кейбірі намаздың соңғы ракағаттарында «Фатиха» сүресінен кейін аяттар оқыған жағдайда сәһу сәждесін жасау міндетті деп есептеу арқылы қателікке ұрынуда», – деп жазған. Әш-Шафиғидің пікірі бойынша, соңғы ракағаттарда «Фатихаға» қосымша аяттар оқу сүннет саналады. Ханбали мазһабы «бұлай ету сүннетке жатпайды» деп есептеген («әл- Муғни», 1/649). Ал имам Мәлик мұны «мәкруһ» санаған («Нәйл әл-аутар», 2/234).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 289
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Анасы) Уммул- Фадл бинт Харис оның «Жалғасты жіберілгендерге серт» (сүресін) оқып жатқанын естіп: «Ей, балақайым менің! Аллаһпен ант етейін, бұл сүрені оқығаныңда есіме түсті, ол Аллаһ елшісінен (с.а.с.) тыңдаған соңғы (Құраным) еді және ол мұны ақшам намазында оқыған болатын», – деген (462/173).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 290
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Муғаз (ибн Жәбәл) Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқитын да, сосын барып қауымына имам болатын. Бір түні ол Пайғамбармен (с.а.с.) бірге құптан намазын оқыды да, сосын қауымына барып, оларға имам болды. Ол (намазды) «Бақара» сүресімен бастағанда, бір кісі (жамағат намазынан) шығып кетті. Ол сәлем беріп, намазды жеке өзі оқып аяқтады. (Адамдар) оған: «Ей, пәленше! Сен мұнафықтық қылдың ғой», – деді. Ол: «Жоқ, Аллаһпен ант етейін, мен міндетті түрде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) барып, мұны хабарлаймын», – деді. Сөйтіп, ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, түйелер суаты иелері күндіз жұмыс істейміз . Ал Муғаз сенімен бірге құптан намазын оқыған соң келіп, (намазды) «Бақара» сүресімен бастады», – деді. (Мұны естіген) Аллаһ елшісі (с.а.с.) Муғазға келіп: «Ей, Муғаз! Сен не, бүлдіргісің бе?! Сен мынаны оқы, мынаны оқы», – деді», – деп айтқан. Бұл жерде «Мурсәләт» сүресі туралы айтылған. Бұл хадистің басқа бір риуаятында Пайғамбардың (с.а.с.) аталмыш сүрені соңғы намазында оқығандығы айтылған. Кейде ол (с.а.с.) намаздарда ұзын сүрелер немесе орта муфассал сүрелер оқитын. Муфассал дегеніміз – «Қаф» сүресінен Құранның аяғына дейінгі сүрелердің жалпы атауы. Муфассал сүрелер: ұзын, орта және қысқа болып үш топқа бөлінеді. Ұзын муфассал сүрелер «Қаф» сүресінен басталып, «Буруж» сүресімен аяқталады. Орта муфассал сүрелер «Буруж» сүресінен басталып, «Бәйинә» сүресімен аяқталады. Ал қысқа муфассал сүрелер «Бәйинә» сүресінен басталып, «Нас» сүресімен аяқталады. Кей кездерде Пайғамбар (с.а.с.) ұзын сүрелердің бірі – «Ағрафты» екі ракағатта оқитын (хабарды әл-Бұхари, Әбу Дәуд, Ибн Хузайма (1/68/1), Ахмад, Сираж және Мухлис жеткізген). Сондай-ақ ол «Әнфалды» да екі ракағатта оқитын (хабарды әт-Табарани «әл-Муъжам әл-кәбир» кітабында «сахих» иснадпен жеткізген). Имам Бурһануддин әл-Марғинани «Һидая» кітабында намаздың әуелгі екі ракағатында «Фатиха» сүресінен кейін бір сүре немесе кез келген сүреден үш аят оқылатынын айтқан. Ибн Һумам бұған «...немесе ұзын бір аят» деп қосқан. «Бақара» сүресі – Құрандағы ең ұзын сүре. Яғни біз күні бойы тынымсыз жұмыс істеп шаршаймыз, сондықтан бізге намазда ұзақ тұру қиынға соғады. Суфиян1: «Мен Амрға2: «Расында, Әбу Зубәйр бізге Жәбирден (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сен «Күн және оның сәскесімен ант етемін» , «Сәскемен ант етемін» , «Қараңғылық қаптағандағы түнмен ант етемін» және «Асқақ Раббыңның есімін дәріпте» (сүрелерін) оқы», – дегенін жеткізді», – деген едім, Амр: «Сол сияқты», – деп айтты», – деген . Суфиян ибн Ғұйайна, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, фақиһ, мухаддис әрі хадис жеткізуші. Амр ибн Динар, табиғин, хадис жеткізуші. Мұхаммед ибн Муслим әл-Мәкки, табиғин, хадис жеткізуші. «Шәмс» сүресі. «Дұха» сүресі. «Ләйл» сүресі. «Ағлә» сүресі. Келесі бір риуаятта Муғазға бұл жайлы хабарлағанда, оның: «Бұл – мұнафықтық», – дегендігі айтылған. Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Сен не, бүлдіргісің бе?» деген сөзі «Сен не, адамдардың дініне кедергі жасап, оларға қиындатасың ба?» деген мағынаны білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.) мұнда Муғаздың намазды созып жіберуі адамдарда жамағат намазынан жеру сезімін тудыруы мүмкін екендігін айтқан. Бұл хадисте имамға ұйып тұрған адамдар Құранды ұзақ оқуды құптамаса, оны қысқарту керектігіне сілтеме бар. Сонымен қатар онда парыз намазды нәпіл намазын оқитын имамға ұйып орындауға болатынына да дәлел келген. Әш-Шафиғи бұған осы хадисті дәлелге тартқан. Алайда біздің мазһабта парыз намазды оқитын адамның нәпіл намаз оқитын имамға ұюына болмайды. Керісінше, нәпіл намаз оқитын адамның парыз намазды оқитын имамға ұюына рұқсат етіледі. Біздің мазһабтың ғалымдары парыз намазды нәпілге ұйып орындаудың дұрыс еместігіне Пайғамбарымыздың (с.а.с.) адамдарға имам болып қауіп намазын оқығанда, оларды екі топқа бөліп, әрқайсысымен бір ракағат намаз оқығанын дәлелге тартқан. Бұл тұста әл-Бұхари, Муслим және басқалар жеткізген хадиске сілтеме жасалған. Онда Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Нәждке қарай жорыққа шықтым. Біз дұшпанға бетпе-бет келгенімізде, оларға қарсы сап түзеп тұрдық. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізбен бірге намаз оқу үшін тұрды, (адамдардың) бір тобы онымен бірге намаз оқуға тұрды да, бір тобы дұшпанға қарап тұрды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзімен бірге болғандармен рукуғқа барып, екі сәжде жасады. Сосын олар намаз оқымағандардың орнына барды да, (намаз оқымағандар) келіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) олармен бірге де бір реттік рукуғқа барып, екі сәжде жасады, сосын сәлем берді. Сонда олардың әрқайсысы орнынан тұрып, өз бетінше бір рет рукуғқа барып, екі сәжде жасады», – деген. Мұнда Пайғамбар (с.а.с.) әрбір топ оның артында намаз оқу құрметіне ие болуы үшін осылай жасаған. Егер парыз намаз оқушының нәпіл намаз оқитын имамға ұюына рұқсат етілетін болғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) әуелгі топпен бірге намазды аяқтап, сосын нәпіл ниетімен екінші топпен бірге намаз оқитын еді. Әрі әрбір топ оның артында намаз оқу құрметіне ие болуы үшін намаздан тыс ешқандай әрекеттер болмаған болар еді. Оған қоса, хадисте Муғаздың Пайғамбармен (с.а.с.) бірге парыз намазын оқығаны жайлы сөз жоқ. Бәлкім, ол Пайғамбармен (с.а.с.) бірге намаз оқығанда нәпілге ниет етіп, сосын қауымымен бірге парызды оқыған болуы да ықтимал. Сондықтан да Пайғамбарға (с.а.с.) Муғаздың намазда Құран аяттарын ұзақ оқитыны жайлы хабар жеткенде, ол: «Не олармен бірге (намаз оқығаныңда) тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 291
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге (имам болып) намаз оқыды. Намазды аяқтаған соң бізге жүзімен бұрылып: «Ей, адамдар, расында, мен – сендердің имамдарыңмын. Рукуғта, сәждеде, қиямда және (намазды) аяқтауда менен озып кетпеңдер. Расында, мен сендерді алдымда және арт жағымнан көріп тұрамын»; Содан кейін ол: «Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етемін! Егер де сендер менің көргенімді көргендеріңде, міндетті түрде аз күліп, көп жылайтын едіңдер», – деді. (Адамдар): «Сен не көрдің, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұраған еді), ол: «Жаннат пен тозақты көрдім», – деп айтты», – деген (426/112). жеңілдетесің, не бізбен бірге намаз оқы», – деп айтқан. Бәлкім, бұл оқиға Исламның бастапқы кезінде парыз намазды қайталап оқу шариғат бойынша рұқсат етілген уақытта орын алған болуы мүмкін (қ.: «Бәдәиъ әс-санаиъ»). Осман ибн Әбул-Ас әс-Сақафиден жеткен басқа бір хадисте: «Шын мәнінде, сенің артыңда кәрі, әлсіз және шұғыл шаруасы бар (адамдар) намаз оқиды» делінген (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Сондай-ақ бұл хадисте себеп болған жағдайда жамағат намазын тоқтатып, намаздан шығуға және оны жеке оқып аяқтауға рұқсат етілетіні көрсетілген. Демек, намаз амалдарында имамнан озып кетуге тыйым салынған. Сондай-ақ хадисте жаннат пен тозақтың жаратылып қойғанына дәлел бар. «Жаннат пен тозақты көрдім» деген сөздің сыртқы мағынасы Пайғамбардың (с.а.с.) бұларды көзбен көргендігін айғақтайды. Кейбіреулердің пікірінше, мұнда арадағы перде ашылып, Пайғамбар (с.а.с.) оларды, шын мәнінде, жақын қашықтықтан көрген. Мұны әл-Бұхари «Намаз» кітабында Әсмәдан келтірген хадис қуаттайды. Онда Пайғамбар (с.а.с.): «Маған жаннат тым жақын келді, тіпті оған батылым жеткенде сендерге оның жемістерінің бірін әкелер едім және тозақ та маған тым жақын келді, тіпті мен: «Уа, Раббым! Мен олармен біргемін бе?» – деппін», – деп айтқан. Ал кейбір ғалымдар бұл жайлар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қабырға бетінде бейнеленген деп есептейді, яғни бұл жағдайлар бейненің айна бетіне түскені сияқты орын алған да, Пайғамбар (с.а.с.) ондағыларды түгелдей көрген. Мұны әл-Бұхари «Таухид» кітабында Әнәстен жеткізген хадис қуаттайды. Онда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Намаз оқып тұрғанымда, қазір маған мына қабырғадағы бейнеде жаннат пен тозақ көрсетілді», – деген болатын. Әл- Қуртубидің айтуынша, Пайғамбардың (с.а.с.) бұларды шын мәнінде көруіне ешқандай кедергі жоқ. Әсіресе әһлі сунна мазһабы ұстанымы бойынша жаннат пен тозақ бұрыннан-ақ жаратылып қойған және қазір де бар. Мұндағы сөздің төркіні Аллаһ тағала Өз пайғамбары (с.а.с.) үшін арнайы бір сезім мүшесін жаратып, сол арқылы Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаннат пен тозақты шын мәнінде көрген (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Аллаһ тағала жаннат пен тозақтың жаратылып, әзірленіп қойғанын айтқан. Мысалы, жаннат туралы: «...ол тақуалар үшін әзірленген» (Әлі Имран, 133), – десе, тозақ туралы: «...кәпірлер үшін әзірленген», – дейді (Әлі Имран, 131). Сондай-ақ Аллаһ тағала Құранда Адам ата мен оның жұбайын жаннатқа орналастырғанын және олар тыйым салынған ағаш жемісінен жегенше жаннатта болғанын баяндаған.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 292
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Намазында басын имамнан бұрын көтеретін (адам) Аллаһ оның бейнесін есектің бейнесіне өзгертуінен қауіпсіз емес», – деп айтты», – деген (427/115).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 293
Әсуәд пен Алқамадан . Ол екеуі: «(Бірде) біз Абдуллаһ ибн Масғұдқа, оның үйіне келдік. Ол: «Мына сендердің арттарыңдағылар намаз оқыды ма?» – деп (сұрады). Біз: «Жоқ», – дедік. Ол: «Орындарыңнан «Ғафыр» сүресінің 45-46 аяттарында қабірде жатқан кәпірлердің таңертең және кешке тозаққа ұсынылатыны, яғни олардың алдынан тозақтың қақпалары ашылып, оның ыстық лебін сезетіні жөнінде де хабар бар. Ғұламалардың айтуынша, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұғжизаларының бірі – ол намазда өзінің арқа тұсындағыларды көріп тұратын. Әл-Бұхари мен Муслим жеткізген басқа риуаяттарда «жүзін өзгертуінен», «басын өзгертуінен» деп келген. Хадис рукуғта және сәждеде басты имамнан бұрын көтеруге қатысты тыйымның барынша қатаңдығын көрсетеді. Бұл ескертудің мағынасы жайында ғалымдар арасында пікір қайшылықтары бар. Ибн Дақиқ әл- Ғид, Ибн Базизаның: «Бәлкім, мұнда, шын мәнінде, есекке айналу не бет-бейненің өзгеруі немесе мінез-құлықтың өзгеруі не болмаса екі тұрғыдағы өзгеру де меңзелген болуы мүмкін», – дегенін жеткізген. Кейбіреулер «мұнда тура мағына емес, астарлы түрде надандық меңзелген болуы ықтимал» деген пікір білдірген. Өйткені надандық сипаты көбінесе есекке таңылады. Алайда Абдур-Рахман әл- Мубаракфури: «Ескертудің келер шақта айтылғаны әрі бет-бейненің өзгеруі болашақта орын алатынын көрсететін сөйлем арқылы берілгені мұны кері қағады. Егер мұнда оның надандықта есекке ұқсайтыны меңзелген болса, онда Пайғамбар (с.а.с.) (осы шақта), мәселен: «Оның басы есектің басы болады» деп айтар еді. Мұны айтқан себебім, надандық сипаты имамнан бұрын басын көтерген адамда сол уақытта пайда болады. Сондықтан оған: «Егер бұлай етсең, наданға айналуыңа қауіп бар» деп айту дұрыс емес. Өйткені оның осы әрекетінің өзі надандықтан пайда болады», – деген (қ.: «Тухфат әл-ахуази»). Ал кейбір ғалымдар хадистің сыртқы мағынасын нұсқаған. Өйткені Әбу Мәлик әл-Ашғариден жеткен хадисте мұсылман үмбетінен кейбір адамдар Қиямет күніне дейін маймылдар мен шошқаларға айналатыны айтылған. Бұл хадис аталмыш өзгерудің шын мәнінде орын алуы мүмкін екенін көрсетеді. Ибн Хиббан Мұхаммед ибн Зиядтан жеткізген хадисте Аллаһ мұндай адамның басын иттің басына айналдыратыны айтылған болатын, алайда бұл хабар әлсіз саналады, өйткені ол есек жайлы айтылған көптеген сахих хабарға қарама-қайшы келеді. Әсуад ибн Язид, табиғин, хадис жеткізуші. Алқама ибн Қайс ән-Нахағи, табиғин, хадис жеткізуші. Абдуллаһ ибн Масғұд (Аллаһ оған разы болсын), биліктегілер мен олардың құйыршықтарын меңзеген. тұрып, намаз оқып алыңдар» , – деді, (бірақ) бізге азан шақыруды да, қамат айтуды да бұйырмады . Біз оның арт жағына тұрмақшы болып келген едік, қолдарымыздан ұстап, бірімізді оң жағына, басқа бірімізді сол жағына тұрғызды . Рукуғ жасағанда біз қолымызды тізелерімізге қойған едік, ол қолдарымызды қағып, өзі алақандарын қабаттап , сосын оларды сандары арасына сұқты. Намаз оқып болған соң ол: «Расында, таяу арада сендерге намазды уақытынан кешіктіріп, өлім алдындағылардың қылғынуына дейін тұншықтыратын басшылар болады . Егер олардың осылай жасағанын көрсеңдер, намазды өз уақытында оқыңдар да, олармен бірге оқыған намаздарыңды нәпіл етіңдер . Үшеу болсаңдар, намазды жамағат болып Мұнда үйде намазды жамағатпен оқуға рұқсат етілетініне дәлел бар. Алайда мұнымен мешітте намаз оқуға қатысты парыз кифая (яғни бір топ адам орындаса, үмбетке жүктелген міндет орындалған саналатын амал көрсеткіші) орындалмайды. Абдуллаһ ибн Масғұдтың бұлай жасауының себебі: биліктегілер мен басқа адамдар уақытынан кешіктіріп болса да намазды мешітте оқу арқылы парыз кифаяны орындайтын. Бұл жерде намазды уақытынан кешіктіруге қарсы дәлел келген. Бұл – Абдуллаһ ибн Масғұдтың ұстанымы. Аталмыш ұстаным бойынша қалада үлкен топтағы жамағат намазға азан шақырып, қамат айтқан жағдайда олардан бөлек намаз оқитындарға азан мен қамат айту міндеттелмейді. Алайда ханбали мазһабы өкілдерінен басқа имамдар азан шақырудың бекітілген сүннет (сунна муаккада) екендігіне келіскен. Ханбали мазһабы өкілдері оны «парыз кифая» деген. Яғни оны біреу орындаса, басқалардың мойнынан түседі. Ал қамат мәселесіне келсек, фиқһ мазһабтарында оның үкімі азан үкімімен бірдей (қ.: әл-Фиқһ ъалә әл- мәзәһиб әл-арбаъа»). Бұл да – Ибн Масғұдтың ұстанымы. Алайда бұған сахабалар мен табиғиндердің көпшілігінің пікірі қарама-қайшы келеді. Олар Жәбир және Хаббар ибн Сахр жеткізген хадиске сай, «екі адам имамның арқа жағында тұруы тиіс» деп есептеген. Муслим өз еңбегінің аяқ тұсында осы тұрғыда Жәбирден ұзақ бір хадис келтірген. Имаммен бірге намаз оқитын жалғыз адам болса, имамның оң жағына, екеу және одан көп болса, арқа тұсына тұрады. Бұған қатысты барлық ғұлама бірауызды келісімге келген. Тек жаназа намазы ғана бұдан тысқары қарастырылады. Жаназа намазында имаммен бірге жалғыз адам болса, ол имамның оң жағында емес, арқа тұсында тұрады. Әл-Хаким (1/365) мен әл-Бәйһақи (4/30, 31) жеткізген хадисте осылай келген. Бұл жайлы осы кітаптағы жаназа намазына қатысты тарауларға қараңыз. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында «Пайғамбардың (с.а.с.) екі намаз оқушының алдында тұрған әрекеті – абзал әрекет, ал (Ибн Масғұдтың әрекеті жайлы) хабар – рұқсат етілген әрекет» деп қарастырған. «әл- Һидая» кітабына түсіндірме ретінде жазылған «әл-Иная» кітабының қаламгері Ибн Масғұд екі намазханның ортасында орынның тарлығы себепті тұрғаны жайлы Ибраһим ән-Нахағидың сөзін келтірген. Ибн Хажардың айтуынша, ол рукуғ жағдайында алақандарының ішкі жақтарын бір-біріне қабаттап ұстаған. Бірақ бұлай ету мансұқ етілген болатын (келесі тарауды қараңыз). Яғни намаз уақытын түгелдей өткізіп жібермегенмен, оны өз уақытынан кешіктіріп, белгіленген уақытында оқымайтын басшылар пайда болады. Мұнда екі сауапқа да – намазды бастапқы уақытында оқу сауабына және жамағат намазының қадір-қасиетіне ие болу үшін, сондай-ақ имаммен бірге намаз оқудан оқыңдар. Егер одан көп болсаңдар, сендерге біреуің имам болсын. Қайсыбірің рукуғ жасаса, білектерін сандарына төсеп, белін исін, алақандарын қабаттап, (оларды тізелер арасына ұстасын). Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) саусақтарының (бір-біріне) айқасқанына қарап, оларды көріп тұрғандаймын», – деп айтты», – деген (534/26). тізелер арасына ұстаудың мансұқ болғаны
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 294
Мусғаб ибн Сағдтан . Ол: «(Бірде) мен әкемнің жанында намаз оқыдым. Мен қолдарымды тізелерімнің арасына ұстаған едім, әкем маған: «Алақандарыңды тізелеріңе қой», – деді. Содан кейін мен тағы бір рет осылай еткенімде, ол менің қолдарымды ұрып: «Расында, бізге бұған тыйым салынып, алақандарды тізелерге қою бұйырылды», – деп айтты», – деген (535/29).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 295
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) рукуғы мен сәждесінде Құранға амал қыла: «Субханәкә, Аллаһумма, Раббәнә, уә бихамдикә. Аллаһуммағфир ли (Сен пәксің, уа, Аллаһ, Раббымыз, әрі бас тарту себепті туындауы мүмкін бүліктен әрі мұсылмандар арасындағы қарама- қайшылықтан сақтану үшін осылай ету қажеттігі ескертілген. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында әл-Бұхари мен Муслим рукуғта алақандарды бір-біріне қабаттаудың мансұқ етілгені жайлы пікірді ұстанғанын келтірген. Әт-Тирмизидің айтуынша, ғұламалар мұның мансұқ етілгеніне бірауыздан келіскен. Ал Ибн Масғұд пен оның балаларының хабары бұдан тысқары. Алақандарды қабаттау мансұқ етілгенін баяндаған көптеген сахих хадистер бар. Сәйф «Футух» кітабында хабарлауынша, Масруқ Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) осы жайлы сұрағанда, ол яһудилер қолдарын қабаттайтын болғанын, осыған орай Пайғамбар (с.а.с.) уахи түспеген мәселелерде соларға сәйкес әрекет жасауды ұстанғанын айтқан. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) бұған тыйым салған. Ол өмірінің аяқ шенінде кітап иелеріне қарама-қарсы әрекет жасауды бұйырған. Ибн Әбу Шәйбә «хасан» иснадпен Әли (Аллаһ оған разы болсын) екі әрекетке де (яғни алақандарды бір-біріне қабаттауға және оларды тізелерге қоюға) рұқсат етілетіні жайлы пікірді ұстанғанын жеткізген. Әйтсе де ол мұның мансұқ етілгенін білмеген болуы немесе «алақандарды бір-біріне қабаттауға қатысты тыйым – үзілді-кесілді тыйым емес, кіршіксіздік тұрғысындағы мәкруһ (мәкруһ тәнзиһи)» деп санаған болуы мүмкін (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Сахаба Сағд ибн Әбу Уаққастың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында айтуынша, сахаба: «бізге бұйырылды», «бізге тыйым салынды», «бұл – сүннет» деп айтса, оның аталмыш хабарының (хадис мауқуф) түп-төркіні Пайғамбарға (с.а.с.) барып тіреледі (яғни марфуъ хадис дәрежесіне ие болады). Саған мақтау болсын! Уа, Аллаһ, мені кешіре гөр!)» деп жиі айтатын», – деген (484/217).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 296
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) пердені түргенде, адамдар Әбу Бәкірдің артында сап түзеп тұр еді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, адамдар, расында, пайғамбарлықтың қуанышты хабарларынан мұсылман көретін не оған көрсетілетін игі түстен басқа (еш нәрсе) қалмады. Естеріңде болсын, расында маған рукуғ не сәжде жағдайында Құран оқуға тыйым салынды . Сондықтан рукуғта аса құдіретті әрі ұлы Раббыны ұлықтаңдар. Ал сәждеде дұға жасауға күш салыңдар, ол сендерге жауап қайтарылуына лайықты (кез)», – деп айтты», – деген (479/207).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 297
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) рукуғтан басын көтергенде: «Раббәнә, ләкәл-хамду мил’ус- «Наср» сүресінің 3-аятында: «Раббыңды мадақтай тәсбих айт және Одан кешірім тіле» деп айтылған. Яғни шым-шытырық араласпаған анық түс. Адамның өңінде дәл келген түсі «игі, ақиқат түс» деп аталады. Адам баласының түс көруі үш түрлі сипатта болады. Біріншісі – ақиқат түс. Бұл – Аллаһ тағаладан аян етілетін түс. Екіншісі – адамның әлденені көп ойлауы себепті көрген түсі. Бұл әдеттегі табиғи түске жатады. Үшіншісі – «хулм» деп аталатын шым-шытырық түс. Бұл шайтан тарабынан енеді. Адамның түсінде жағымсыз жайттарды көруі осыған жатады. Мұнда түстің бірінші түрі, яғни ақиқат түс пайғамбарларға қатысты уахи болып табылады. Ал адамдардың көрген ақиқат түсі «қуанышты хабар» саналады. Пенде ақиқат түс көріп, ол арқылы шариғат үкімдерін шығара алмайды. Ақиқат түс бойынша үкім шығару – пайғамбарлардың ғана қолынан келетін іс. Бұған мысал ретінде Ибраһим пайғамбардың көрген түсі негізінде баласы Исмаилды құрбандыққа шалмақ болған әрекетін айтуға болады. Ақиқат түсті ізгі адам ғана емес, кәпір де көреді. Кәпір адамның ақиқат түс көруінде де бір даналықтың жатуы мүмкін. Мәселен, Юсуф пайғамбардың қиссасында Мысыр патшасының көрген түсі арқылы Аллаһ тағала Юсуфты абақтыдан босатқан. Ғұламалардың айтуынша, рукуғ пен сәждеде Құран оқуға қатысты тыйым парыз намаздарға да, нәпіл намаздарға да тиесілі. Ән-Нәуәуи бұған қатысты екі пікір бар екенін айтқан. Біріншісі – «Фатиха» сүресін оқудың мәкруһтігі. Екіншісі – әдейі Құран оқыған жағдайда бұл харам саналатыны әрі намаздың бұзылатыны. Ханафи мазһабы бойынша, рукуғта не сәждеде Құран оқу мәкруһ саналады. Әш-Шафиғи «мұндай жағдайда Құран оқыған адам оны ұмытып кетуі себепті не әдейі оқыған болса да сәһу сәждесін жасауы тиіс» деп есептеген. Ал рукуғ пен сәждеде Аллаһты еске алу сөздерін айтуға келсек, имам Әбу Ханифа, Мәлик және әш-Шафиғи мұны «мустахаб», имам Ахмад «міндетті» деп санаған. Ахмад аталмыш пікір тұрғысында осыған қатысты бұйрықтың жалпылама келгеніне сүйенген. сәмәуәти уәл-арди, уә мил’у мә ши’тә мин шәйин баъд(у), әһләс-сәнәи уәл-мәжд(и), ахаққу мә қаләл-ъабду, уә куллунә ләкә ъабд(ун). Аллаһумма, лә мәниъа лимә аътәйтә, уә лә муътиә лимә мәнаътә, уә лә йәнфаъу зәл- жәдди минкәл-жәдд(у) (Раббымыз, Саған аспандар мен жер толы әрі басқа Өзің қалаған (нәрсе) толы мақтау болсын, мадақтау мен даңқын асыруға лайықты, пенде айтқан сөздің ең лайықтысы. Бәріміз – Саған құлмыз. Уа, Аллаһ! Сенің ұсынғаныңды тосушы жоқ, ал Сенің тосқаныңды ұсынушы жоқ әрі Сенің алдыңда құдіреттінің құдіреті пайда бере алмайды)», – деп айтатын», – деген (477/205). жасауға ынталандыру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 298
Мағдан ибн Әбу Талха әл-Яғмариден . Ол: «(Бірде) мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) азат еткен құлы Сәубанды жолықтырып: «Маған Аллаһ ол арқылы мені жаннатқа кіргізетін бір амал айтшы, оны жасайын», – дедім (немесе: «амалдардың Аллаһқа ең ұнамдысын», – деп айттым», – деген). Ол үндемеді. Сосын одан (тағы) сұрадым, ол (тағы да) үндемеді. Содан кейін одан үшінші рет сұрағанымда, ол: «Мен бұл жайлы Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сұрағанмын. Ол: «Аллаһқа көп сәжде жаса. Өйткені сен Аллаһқа қандай бір сәжде жасасаң, міндетті түрде Аллаһ ол арқылы дәрежеңді көтеріп, күнәңді кешіреді», – деді», – деп айтты»; Мағдан: «Содан кейін Әбу Дәрдәны жолықтырып, одан да (бұл жайлы) сұраған едім, ол да маған Сәубанның айтқанындай айтты», – деген (488/225).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 299
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Пенде Раббысына ең жақын болатын (уақыт) – оның сәждедегі кезі. (Сондықтан онда) дұғаны көбейтіңдер», – деп айтқан 1 (482/215). Мұнда біз «құдірет» деп балама берген хадистің арабша мәтініндегі «жәдд» сөзі «құдірет, ұлылық, табыс, байлық, бала-шаға» деген мағыналарды да қамтиды. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Муслим Рабиға ибн Кағб әл-Әсләмиден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген басқа бір хадисте: «Бірде Пайғамбар (с.а.с.) маған: «Тілек тіле», – деді. Мен: «Жаннатта сенің серігің болғым келеді», – дедім. Ол (с.а.с.): «Тағы бір нәрсе (қалайсың ба)?» – деп сұрады. «Бар (тілегім) осы», – деп жауап қайтардым. Сонда ол (с.а.с.): «(Онда) көп сәжде жасау арқылы маған осыған жәрдем бер», – деді» деп айтылған. Аталмыш хадистерде намаздағы сәжде жасау туралы сөз болған. Мұнда «сәжде жасау қиямда ұзақ тұрудан абзал» деген пікірдегілер үшін дәлел бар. Сәждеде бойсұну мен құлшылықтың ең жоғары дәрежесі көрініс табады. Өйткені онда пенде денесінің ең құрметті бөлігі – бетін аяққа басылып, тапталған жерге қояды.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 300
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен жеті сүйекті 2: маңдайды (ол қолымен мұрнын көрсетті) 3, екі қолды 4, екі аяқты 5 және екі аяқтың саусақ ұштарын (жерге тигізіп) 6, киім мен шашты артқа қайырмай сәжде жасауға бұйырылдым», – деген 7 (490/230). Ән-Нәуәуи мен Абдур-Рахман әл-Мубаракфури осы хадистің түсіндірмесінде үш түрлі пікір келтірген: 1) ұзақ уақыт рукуғта және сәждеде болу ұзақ уақыт қиямда тұрудан абзал; 2) ұзақ уақыт қиямда тұру абзал (әш-Шафиғи мен әш-Шәукәнидің пікірі); 3) бұлар тең дәрежелі (Ахмад пен Исхақтың пікірі). Әш-Шәукәни «Нәйл әл-аутар» кітабында «мұнда сәжденің артықшылығы дұғаның қабыл болу тұрғысында ғана меңзелген» деп түсіндіреді. Муслим риуаят еткен «Намаздың ең абзалы – ұзақ қиямда тұру» деген хадис ұзақ уақыт қиямда тұрудың сәждеде ұзақ болудан абзал екендігін көрсетеді. Бұл хадисте дене бөліктері «сүйек» деп аталған. Келесі бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) маңдай мен мұрынды көрсетіп, оларды сәжде жасау тиіс бір ағза ретінде атаған. Имам Ибн Һумам «әл-Һидая» кітабының түсіндірмесінде айтуынша, имам Әбу Ханифа «намаз оқушы адам маңдаймен не мұрынмен сәжде жасауға ерікті» деп есептеген. Сондай-ақ оның айтуынша, Әбу Ханифадан жеткен бір хабар бойынша, уәжді себеп болмаса, тек мұрынмен сәжде жасауға рұқсат етілмейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі де осындай. Ал әл- Аузағи, Ахмад, Исхақ ибн Раһауайһ, әш-Шафиғи және Ибн Хабиб (имам Мәликтің шәкірті) «бір мезгілде маңдаймен және мұрынмен сәжде жасау міндет» деп есептеген. Абдур-Рахман әл-Мубаракфури және Мұхаммед әл-Әбәди сияқты ғалымдар да осы пікірді ұстанған. Басқалар (олардың қатарында мәлики мазһабы өкілдері мен ән-Нәуәуи) «сәждеде маңдайды жерге тигізу міндетті, ал мұрынды тигізу мустахаб» деп санаған. Әд-Дарақутни, әт-Табарани (1/140/3) және Әбу Нуғайм «Ахбар Асбаһан» кітабында «Маңдайы тигенге мұрнын да тигізбегеннің намазы жоқ» деген хадис келтірген. Кейбір мухаддистер аталмыш хадистің әл-Бұхаридің шартына сәйкес «сахих» екендігіне сілтеме жасаған. Бұл жайлы Әл-Хаким мен әз- Зәһәби де айтқан. Бұл марфуъ хадис түрлі жолдармен Икрима арқылы Ибн Аббастан жеткен. Сонымен қатар Ибн Мунзир тек мұрынмен сәжде жасаудың жеткіліксіз екені жайлы сахабалар бірауызды келісімге (ижмаъ) келгенін нақыл еткен. Яғни сәждеде бір мезгілде мұрынды және маңдайды жерге тигізу міндетті. Бұл ең дұрыс пікір болып табылады. Басқа риуаяттарда «алақандарды» деп келген. Тағы бір риуаятта «тізелерді» деп көрсетілген. Әл-Бұхари мен Әбу Дәуд жеткізген хадисте қол саусақтары мен аяқ башпайлары құбылаға қарап тұру керектігі жайлы айтылған. Сонымен қатар Ибн Сағд (157/4) Ибн Омардан «ол намазда барлық дене бөліктерін, қолдың үлкен саусақтарына дейін құбылаға қаратуды ұнатқаны» жайлы хабар келтірген. Осы сияқты Пайғамбар (с.а.с.) өзінің артында шашын бұрым етіп өріп намаз оқыған адамға қатысты: «Ол байлаулы намаз оқушы сияқты», – деген (Муслим, Әбу Ауана, Ибн Хиббан). Сондай-ақ ол (с.а.с.): «Бұл – шайтан отыратын орын», – деп, бұрымдарды меңзеген (Әбу Дәуд пен әт-Тирмизи бұл хадисті «хасан»
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 201–250ОглавлениеХадисы 301–350 →