Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім азаншыны естіген кезінде: «Әшһәду әллә иләһә илләллаһ(у), уахдәһу лә шәрикә ләһ(у). Уә әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ(у). Радиту билләһи Раббан, уә би-Мухаммәдин расулән, уә бил-исләми динән (Жалғыз, ешқандай серігі жоқ Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін. Аллаһқа – Раббы ретінде, Мұхаммедке – елші ретінде және Исламға – дін ретінде разы болдым)», – десе, оның күнәсі кешіріледі», – деген (386/13). елшісіне (с.а.с.) тарту етілетін жаннаттағы ең жоғарғы орын. Араб тілінде ол «көмекші құрал, тәсіл» деген мағыналарды білдіреді. Бұл сөз Құранда да келген. Аллаһ тағала бір аятта: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар және Оған (жақындататын) тәсіл (әл-уәсилә) іздеңдер! Әрі табысқа жетулерің үшін барлық күш-қуатты Оның жолына жұмсаңдар», – деп айтқан (Мәида, 35). Мұнда Аллаһ елшісі (с.а.с.) онсыз да айтылмай қалған сөйлемдер бар екені аңғарылатындықтан, кейбір сөздерді жартылай қысқартқан. Біздің мазһабтың кейбір ғалымдары «азаншының шақыруына жауап қайтару (яғни ол айтқан азан сөздерін қайталау) міндет» деп есептейді. Бұл жайлы Ибн Һумам «Фатх әл-Қадир» кітабында айтқан. Біздің мазһаб фақиһтерінің кейбірі «бұл тіпті жүніп жағдайындағы адамға да міндетті» деген пікір білдірген. Саид Сабиқ «Фиқһ әс- сунна» кітабында және де басқа ғалымдар «азан сөздерін қайталауға қатысты нұсқау қаматқа да тиісті» деп есептеген.
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бізге Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қандай да бір іс жайлы сұрақ қоюға тыйым салынған-ды . Сондықтан бәдәуилерден ақылды бір кісі келіп, оған сауал қойғанда , тыңдап отыруды ұнататын едік. (Бірде) бәдәуилерден бір кісі келіп: «Уа, Мұхаммед! Бізге сенің елшің келді. Ол бізге сенің өзіңді Аллаһ жібергенін айтып жүргеніңді жеткізді», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол рас айтты», – деді. (Әлгі кісі): «Аспанды кім жаратты?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһ», – деді. «Жерді кім жаратты?» – деп (сұрады). «Аллаһ», – деді. «Мына тауларды тұрғызып, ондағыларды жасаған кім?» – деп (сұрады). «Аллаһ», – деді. «Онда аспанды жаратқан және жерді жаратқан әрі мына тауларды тұрғызғанмен (сұраймын)! Сені Аллаһ жіберді ме?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә», – деді. «Сенің елшің бізге күндізіміз бен түнімізде бес (мезгіл) намаз оқу міндеттелгенін айтты», – деді. «Ол рас айтты», – деді. «Өзіңді жібергенмен (сұраймын)! Мұны саған Аллаһ бұйырды ма?» – деп (сұрады). «Иә», – деді. «Сенің елшің бізге мал- дүниелерімізден зекет беру міндеттелгенін айтты», – деді. «Ол рас айтты», – деді. «Өзіңді жібергенмен (сұраймын)! Мұны саған Аллаһ бұйырды ма?» – деп (сұрады). «Иә», – деді. «Сенің елшің бізге жылымыз ішінде рамазан айында ораза тұту міндеттелгенін айтты», – деді. «Ол рас айтты», – деді. «Өзіңді жібергенмен (сұраймын)! Мұны саған Аллаһ бұйырды ма?» – деп (сұрады). «Иә», – деді. «Сенің елшің бізге жолына шамасы келгендерге Үйге қажылық жасау міндеттелгенін айтты», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол рас айтты», – деді. Содан кейін (әлгі адам) бұрыла бере: «Сені ақиқатпен жіберген (Аллаһ)пен ант етейін! Бұларға (ештеңе) қоспаймын да, олардан (ештеңені) кемітпеймін де», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Егер ол рас айтса, міндетті түрде жаннатқа кіреді», – деп айтты», – деген (12/10). Ән-Нәуәуи бұл тыйымның қажетсіз сұрақтар қоюға қатысты екенін айтқан. Тағы бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Менен сұраңдар» (яғни қажет деген мәселелеріңді менен сұраңдар) деп бұйырған. Яғни сұрақтардың маңыздылығын танып-білуге қабілетті әрі жақсы мінез-құлыққа ие. Өйткені бәдәуилер көбіне надандығымен және дөрекілігімен белгілі еді. Бәдәуилер қажеті жоқ нәрселерді сұрауға тыйым салынғанын білмейтін. Әл-Бұхари және басқалар көрсеткендей, бұл кісінің есімі Димам ибн Сағләбә болатын.
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Намаз әуелгіде екі ракағаттан парыз болған. (Кейіннен) сапар намазы (екі ракағат күйінде) қалып, тұрғылықты намаз толықтырылған . Әз-Зуһри2: «Мен Ғұруадан3: «(Онда) Айша не үшін сапарда (намазды) толық оқитын?» – деп (сұраған едім): «Ол Османның өздігінше пікір ұстанғаны сияқты өздігінше пікір ұстанған», – деп айтты», – дейді (285/3). кәффарат (болады)
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бес (уақыт) намаз және жұма (намазы) жұма (намазына) дейін үлкен күнәлар істемесе, өз араларындағы (кіші күнәлар) үшін кәффарат (болады)»; (Басқа) бір риуаятта: «Рамазандағы (ораза) рамазандағы (оразаға) дейін үлкен күнәлардан аулақ болған жағдайда, өз араларындағы (кіші күнәларды) өшіреді», – деп айтқан (233/14).
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ақиқатында, кісінің және ширк пен күпірліктің арасы – намазды тәрк ету», – деп айтқанын естідім», – деген (82/134). Әл-Бұхаридің риуаятында: «Содан кейін ол (с.а.с.) қоныс аударды да, парыз намаздар төрт ракағатқа толықтырылды. Ал сапар намазы өзгеріссіз қалды»; Имам Ахмадтың риуаятында: «тәуліктің жарық уақытын аяқтайтын тақ санды ақшам намазынан және Құран ұзағырақ оқылатын таң намазынан басқа» деп айтылған. Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғиндер қатарындағы ғалым, мухаддис. Ғұруа ибн Зубәйр, сахаба Зубәйр ибн Аууам мен Әсмә бинт Әбу Бәкірдің ұлы, фақиһ, ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын). Ән-Нәуәуидің айтуынша, түрлі пікірлер арасындағы ең дұрысы – екі әрекетті де, яғни намазды қысқарту мен толық оқудың екеуін де рұқсат етілген деп есептеу. Сондықтан да ол намазды сапарда толық оқыған. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Жолаушы үшін төрт ракағатты намаздарда екі ракағат міндетті болады және ол бұларға ештеңе қоспайды», – деген. Әш-Шәукәни «Сәйл әл-жаррар» кітабында (1/306): «Ең дұрыс пікір – сапарда намазды қысқартып оқу сүннет емес, мәлики мазһабы фақиһтерінің айтқанындай міндетті», – деп көрсеткен. «Сахих Муслимнің» түпнұсқасында бұл тарауда екі хадис келтірілген. Олардың біріншісі: «Адам баласы сәжде аятын оқып, сәжде жасаған кезде, шайтан көз жасын төге аулаққа кетіп: «Соры құрысын! (Басқа бір риуаятта: Сорым құрысын!) Адам баласына сәжде жасау бұйырылды да, ол сәжде жасап, жаннатқа лайық болды. Ал маған сәжде жасау бұйырылғанда, мен бас тартып, тозаққа лайық болдым», – дейді»; Екіншісі: «Ақиқатында, кісінің және ширк пен күпірліктің арасы – намазды тәрк ету» деген хадис. Мұнда аталмыш екі хадисті келтірудегі Муслимнің мақсаты – кейбір амалдарды тәрк ету шын мәнінде немесе тек атауы бойынша, күпірлік деп аталатынын көрсету болды. Біз қарастырып отырған хадистің мағынасы: намаз – адамның ширк пен күпірлікке түсуіне жол бермейтін тосқауыл. Егер адам намазды тәрк етсе, онда оны мен ширк арасында ешқандай бөгет қалмайды да, ол ширкке ұрынады. Намазды тәрк етудің үкіміне келсек, егер адам намаз оқудың парыз екенін біле тұра, оны теріске шығарып, бас тартса, мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша, кәпір саналып, Ислам дінінің аясынан шығып кетеді. Бұл тұрғыда адам Исламды енді ғана қабылдап, намаз оқудың парыз екені жайлы үкім жететіндей уақыт шамасында мұсылмандармен әлі қарым-қатынас жасамаған жағдайда ғана жеңілдік жасалады. Егер ол көп адамдардың әдетінше намаздың парыз екеніне сене тұра, оны жалқаулығы себепті тәрк етсе, бұл мәселеге қатысты ғұламалар пікір қайшылығына түскен: 1) Имам Әбу Ханифа, куфалық фақиһтердің бір тобы, әш-Шафиғи, Мәлик (Аллаһ оларға рақым етсін), әуелгі буын өкілдерінің көпшілігі және кейінгі буын ғұламалары «ондай адам кәпір болмайды, бірақ күнәкар болып табылады және одан тәубеге келу талап етіледі» деп есептеген. Егер ол тәубеге келсе, жөніне қалдырылады, ал керісінше жағдайда ол некеде зина жасаған адам сияқты жазаға тартылады. Бірақ оның жазасы некеде зина жасаған адам сияқты таспен ұрып өлтіру арқылы емес, қылыштың көмегімен орындалады. Көптеген ғұлама ондай адамның кәпір саналмайтынына Аллаһ тағаланың: «Ақиқатында, Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді де, бұдан өзгесін қалаған (пендесіне) кешіреді» («Ниса» сүресі, 48, 116-аят) және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) «Кімде-кім: «Лә иләһә илләллаһ» деп айтса, жаннатқа кіреді»; «Кімде-кім Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығын білген күйі дүниеден өтсе, жаннатқа кіреді» деген және т.б. сөздерін дәлелге тартқан. Олар Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Пенде мен күпірлік арасы – намазды тәрк ету» деген сөзіне қатысты бірнеше пікір ұсынған. Мәселен: – Мұндай адам кәпірлікке қатысты (бірақ оған жатпайтын) жазаға – өлім жазасына лайық болады. – Ол намазды тәрк етуге рұқсат етіледі деп санаса, кәпір болады. – Намазды тәрк ету кәпірлікке алып барады. – Намазды тәрк ету – кәпірлердің ісі. Анығы Аллаһқа мәлім (қ.: «Шарх ән-Нәуәуи»). «Табақат әл-ханабилә» кітабында (1/343) және де басқа жинақтарда имам Ахмад ибн Ханбал шәкірті Хафиз Мусәддид ибн Мусархидке арнаған өсиетінде: «Адамды Ұлы Аллаһқа ортақ таңуы не Аллаһ тағала ендірген парыздардың бірін теріске шығарып кері қағуы ғана Исламнан шығарады. Егер ол бұл (парызды) жалқаулығы не салғырттығы себепті тәрк етсе, бұл Аллаһтың еркінде, қаласа – азаптайды, қаласа – кешіреді», – деп айтқаны келтірілген. Имам Ахмадтың ұлы Абдуллаһ өзінің «Мәсәил» кітабында (55-бет): «Мен әкемнен (Аллаһ оған рақым етсін) намазды әдейі тәрк ету жайлы сұрағанымда, ол: «...Оны тәрк етіп, намаз оқымайтын және уақытында намаз оқымайтын (адамды намаз оқуға) үш рет шақырады; егер ол намазды орындаса, (жөніне қалдырылады). Болмаса ол өлім жазасына кесіледі. Менің пікірімше, ол діннен қайтқан (адамның) жағдайында болады», – деп айтты...», – дейді. Кейбір ғалымдар: «Бұл имам Ахмад намазды жай тәрк еткен (адамды) кәпір санамағанының дәлелі болып табылады. (Имам мұндай адамды) намаз
Абдуллаһ ибн Амрден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бесін (намазының) уақыты – күн (төбеден) ауып, кісі көлеңкесі өз бойындай болғаннан аср (намазының) уақыты кіргенге дейін. Аср (намазының) уақыты – күн сарғайғанға дейін. Ақшам намазының уақыты – (күн) шапағы жоғалғанға дейін. Құптан намазының уақыты – түннің бел ортасына дейін . Таң намазының уақыты – таң білінгеннен күн шыққанға дейін. Егер күн шыға бастаса, намазды тоқтата тұр. Өйткені ол шайтанның екі мүйізі арасынан шығады», – деп айтқан (612/173).
Әбу Мұсадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) біреу намаз уақыттары жайлы сұрап келеді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған оқымаса, өлім жазасына кесілетінін біле тұра, оны орындаудан бас тартқан жағдайда ғана (кәпірге балаған. Кәпірліктің) себебі өлімді намаздан артық көру болып табылады. Ал бұл оның күпірлігі сенім күпірлігі болып табылатынын көрсетеді», – деген. «Намазды оның парыз екенін теріске шығармай тәрк еткен адам кәпір болмайды» дейтін Ислам үмбеті ғұламаларының басым көпшілігінің пікірін ханбали мазһабының кейбір ірі ғалымдары да ұстанған. Олардың қатарында шейх Алауддин әл-Мардауи, Әбу Абдуллаһ ибн Батта және Муаффақуддин әл-Мақдиси сияқты ғалымдарды атауға болады. Имам Әбу Жағфар әт-Тахауи (Аллаһ оған рақым етсін) «Мушкил әл-әсәр» кітабында (4/228): «Мұның дәйегі: біз оған намаз оқуды бұйырамыз, ал кәпірге намазды орындауды бұйырмаймыз. Егер де (намазды тәрк еткен адам) кәпір болса, оған Исламды қабылдауды бұйырар едік. Ал егер ол Исламды қабылдаса, оған намаз оқуды бұйырар едік. Біздің бұлай етпеуіміз (яғни оған Исламды қабылдауды ұсынбауымыз) бен (оған) намаз оқуды бұйыруымызда оның намаз оқушылар қатарына жататындығына дәйек бар», – деп айтқан. 2) Әуелгі буын өкілдерінің бір тобы «ол кәпір болады» деп есептеген. Мұндай пікір Әли ибн Әбу Талибтен (Аллаһ оған разы болсын) нақыл етілген. Сондай-ақ бұл – Ахмад ибн Ханбалдың (Аллаһ оған рақым етсін) хабарларының бірі. Бұл пікірді Абдуллаһ ибн Мубарак, Исхақ ибн Раһауайһ және әш-Шафиғидің кейбір ізбасарлары ұстанған. Олар бұған дәлел ретінде аталмыш хадистің сыртқы мағынасын әрі бірқұдайшылық сөзінен салыстырмалы тұжырым (қияс) келтірген. Әт-Тирмизи мен әл-Хаким сахабалардан «олар намазды тәрк етуден басқа іс- әрекеттердің ешбірін кәпірлік деп есептемегені» жайлы хабар жеткізген. Әл-Хаким мұны әл-Бұхари мен Муслимнің шартына сәйкес келетін «сахих» деп атаған. Сондай-ақ оны басқа мухаддистер де «сахих» хабар санатына жатқызған. Абдур- Рахман әл-Мубаракфури «Тухфат әл-ахуази» кітабында біздің мазһаб ғалымы Әли әл-Қаридің: «Сахабалар намазды тәрк етуді күпірлікке жақын ең үлкен күнәлардың бірі деп есептеген» деген сөзін келтірген. Төмендегі хадистің сілтемесіне қараңыз. Ән-Нәуәуи ең дұрыс пікір: шайтанның қос мүйізі – оның басының екі шеті екенін айтқан. Шайтан бұл уақытта басын күнге жақындатады. Осылай күнге табынатындар шайтанға табынатындар сияқты болады. Сол үшін де шайтанның мекенінде намаз оқуға тыйым салынғаны сияқты бұл уақытта да намаз оқуға тыйым салынады. ешқандай жауап қатпайды. Әбу Мұса: «Сөйтіп, ол (с.а.с.) таң (намазына) таң қылаң бере, адамдар бір-бірін танымайтындай кезде қамат айтқызды. Сосын (Біләлге) бұйырып, бесін (намазына) біреу түс ортасы болды деп айтатындай күн (төбеден) ауған кезде қамат айтқызды. (Бірақ Пайғамбар (с.а.с.)) олардан жақсы білетін еді. Сосын оған бұйырып, аср (намазына) күн көтеріліп тұрған кезде қамат айтқызды. Сосын оған бұйырып, ақшам (намазына) күн батқан кезде қамат айтқызды. Сосын оған бұйырып, құптан (намазына күн) шапағы жоғалған кезде қамат айтқызды. Содан кейін ертесіне таң (намазын) оны аяқтағанда біреу күн шықты не шығудың алдында деп айтатындай (уақытқа) дейін кешіктірді. Сосын бесінді кешегі аср уақытына жақын қалғанға дейін кешіктірді. Сосын асрды оны аяқтағанда біреу күн қызарды деп айтатындай (уақытқа) дейін кешіктірді. Сосын ақшамды (күн) шапағы жоғалар (уақытқа) дейін кешіктірді. Сосын құптанды түннің әуелгі үштен бір бөлігі өткенге дейін кешіктірді . Содан кейін таңертең сұрақ қойған (адамды) шақырып: Осы кітаптағы Айша жеткізген 226-хадисте Пайғамбар (с.а.с.) құптан намазын түннің біраз бөлігі өткенше кешіктіргені айтылған. Мұнда «біраз бөлігі» дегенде түн жарымынан аспаған үлкен уақыт бөлігі меңзелген. Әрі ол хадисте құптан намазының нағыз, яғни абзал уақыты осы екені айтылған. Бірақ ғұламалардың ешқайсысы құптан намазының абзал уақыты түн жарымынан кейінгі уақыт екенін көрсетпеген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани құптан намазының уақыты таңсәріге дейін жалғасатынын айтқан. Оның дәлелі – Муслимнің «Ұйқы – кемшіндік (салғырттық) емес. Кемшіндікті намазды келесі намаздың уақыты кіргенше кешіктіретіндер жібереді» деген хадисі. Бұл Ибн Һумам айтқандай, әрбір намаздың уақыты келесі намаздың уақыты басталғанша жалғасатынын айғақтайды. Басқа ғалымдар құптан намазының уақыты түн жарымында шығатынын айтқан. Бұл тұрғыда олар Аллаһ тағаланың «Күн ауғаннан түн қараңғылығына дейін намаз оқы. Әрі таң Құранын (оқы)» (Исра, 78) деген сөзін келтірген. Түн қараңғылығы түн жарымында түседі. Тәуліктің осы уақыты ең қараңғы кез болып табылады. Өйткені бұл уақытта күн жердің қарсы бетінде тас төбеде тұрады. Аллаһ тағала намазды күн ауғаннан түн жарымына дейін орындауды бұйырған. Мұнда бесін, аср, шам және құптан намаздарының уақыты түн жарымына дейін кезекпен бірін-бірі алмастыратыны тұжырымдалады. Ал таң намазы басқа намаздардан бөлек айтылған. Өйткені таң намазынан басқа намаздардың арасындағы үзілістер (мәселен, бесіннен аср намазына дейінгі, асрдан ақшам намазына дейінгі және ақшамнан құптан намазына дейінгі уақыт аралығы) аса үлкен емес, ал құптаннан таң намазына дейінгі және таң намазынан бесін намазына дейінгі үзіліс едәуір ұзақ, осы айырмашылық таң намазын басқа намаздардан ажыратып тұрады. Бұл құптан намазын түн жарымына дейін оқуға болатынын білдіреді. Ислам шариғаты бойынша, тәуліктің түнгі уақыты күн батқаннан басталып, таң атқанға дейін жалғасады, яғни ол күн шыққанға дейін созылмайды. Сондай-ақ мухаддис Абдур-Рахман әл-Мубаракфури де «Тухфат әл- ахуази» кітабында осы пікірді ұсынған. Ол аталмыш кітапта «Аридат әл-ахуази» кітабынан Ибн әл-Арабидің имам Әбу Ханифа да құптан намазының уақыты түн жарымына дейін жалғасатыны жайлы пікірді ұстанғаны туралы сөзін келтірген. «(Намаздардың) уақыты – осы екеуінің аралығында», – деп айтты», – деген (614/178).
Мұхаммед ибн Амр ибн Хасан ибн Әлиден 1. Ол: «Хажжаж Мәдинаға келгенде, Жәбир ибн Абдуллаһтан сұрадық. Сонда ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бесінді тал түсте , асрды күн әлі жарқырап тұрғанда , ақшамды (күн) батқан кезде, құптанды кейде кешіктіретін, кейде ертерек (оқитын): (адамдардың) жиналып қойғанын көрсе, ертерек, ал олардың кешігіп жатқанын көрсе, кешіктіріп оқитын. Ал таң (намазын) олар (немесе Пайғамбар (с.а.с.)) түн қараңғылығы сейілмей тұрып оқитын», – деп айтты», – деген (646/233).
Әбу Бәкір ибн Ғұмара ибн Руайбадан 5. Оның әкесі Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Күн шығудан бұрынғы және батудан бұрынғы ((Пайғамбар (с.а.с.)) таң және аср (намаздарын) меңзеген) намазды оқыған адам ешқашан тозақ отына кірмейді» , – деп айтқанын естіген. Басралықтардан бір кісі одан: «Сен мұны Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естідің бе?» – деп (сұрағанда), ол: «Иә», – деген. (Сонда) әлгі кісі: «Мен де мұны Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естігеніме куәлік беремін. Оны құлақтарым естіп, жүрегім ұғып алды», – депті (634/213).
Әбу Бәкір ибн Әбу Мұса әл-Ашғари әкесінен (жеткізген). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім суықтағы екі намазды оқыса, жаннатқа кірді», – деп айтқан (635/215). Әли ибн Әбу Талибтің шөбересі, табиғин, хадис жеткізуші. Хажжаж ибн Юсуф – умәуилер халифасы Абдул-Мәлик ибн Маруанның тұсында кейбір аймақтардың басшысы болған кісі. Яғни күн қатты ысып, адамдар шаруаларын тоқтатқан кезде. Бұдан бесін намазын уақытының бастапқы сәттерінде оқудың мустахаб екендігі көрінеді. Яғни күн қызармай тұрып. Сахаба Ғұмара ибн Руайбаның ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Төмендегі хадистің түсіндірмесін қараңыз. Ол адам бұл сөздерді есінде жақсы сақтағанын және оларды Пайғамбардың (с.а.с.) өз аузынан тікелей естігенін айтқан. Сахаба Әбу Мұса әл-Ашғаридің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Ислам етек ала бастаған алғашқы жылдары мұсылмандарға екі парыз намаз оқу бекітілген. Мұнда Пайғамбар (с.а.с.) парыз намаздар саны беске көбейтілмей тұрғанда дүниеден өткен мұсылмандарды меңзеген. Ол мұнымен олардың жұмсаған күш-қайраты босқа кетпегеніне, олардың белгілі бір уақыт аралығында өздеріне міндеттелген амалдарды орындағандары үшін жаннатқа кіретіндерін айтқан. Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) мұндағы сөзін бұдан да ауқымды мағынада, нақты намаз оқуға қатысты тыйым
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) асрдан кейінгі екі ракағаттық (нәпіл намазды) қалдырған емес»1; Айша: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сол кезде намаз оқу үшін күннің шығуын және батуын күтпеңдер», – деп айтты», – деген (833/296).
Хаббабтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, оған құмның ыстықтығына шағымдандық, (бірақ) ол біздің шағымымызды қабылдамады», – деп айтқан . Зуһайр3: «Мен Әбу Исхақтан4: «(Бұл) бесін (намазына) қатысты ма?» – деп (сұраған едім), ол: «Иә», – деді. «Оны ертерек оқуға қатысты ма?» – деп (сұрағанымда да): «Иә», – деп (жауап берді)», – деген (619/189). түскенше кешіктіру
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) азаншысы бесін (намазына) азан айтты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Салқын түскенін күт! Салқын түскенін күт! (немесе Күте тұр! Күте тұр!)» – деді. Сондай-ақ ол (с.а.с.): «Расында, күннің қатты ысуы – жаһаннам аптабынан. Күн қатты ыстық болған жағдайда намазды салқын түскенше кешіктіріңдер» – деді»; Әбу Зарр: «(Сөйтіп), біз жоталардың көлеңкелері көрінгенге дейін (күттік)», – деген (616/184). айтқанда, осы екі намаздың ерекше маңыздылығын көрсету ретінде түсінуге де болады. Онда біз қарастырып отырған хадис: «Кімде-кім суықтағы екі намазды оқыса, жаннатқа кіреді» деп тәржімаланады. Осыған ұқсас хадистің түсіндірмесі төменде 222-хадистің сілтемесінде келтіріледі. Әл-Қуртубидің айтуынша, бұл бесін намазын күннің ыстығы қайтқанша кешіктіру бұйырылмай тұрып айтылған болуы мүмкін. Бәлкім, олар намазды тым көп кешіктіріп оқуды өтінгендіктен, Пайғамбар (с.а.с.) оларға бұған рұқсат бермеген болуы ықтимал. Сондай-ақ бұл сөйлем «Аллаһ елшісі (с.а.с.) шағымды қажет етпей- ақ намазды кешіктіруге рұқсат берді» деген мағынаны аңдатуы да мүмкін. Зуһайр ибн Муғауия, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Амр ибн Абдуллаһ әс-Сәбиғи әл-Хамадани, табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл биік емес, аласа төбелер болатын. Олардың көлеңкесі күн төбеден әжептеуір ауғаннан кейін барып көрінетін.
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Оның хабарлауынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.) аср (намазын) күн қызып, көтеріліп тұрған кезде оқитын. Сонда бір жүргінші әл-Ауалиге жол тартса, әл-Ауалиге барғанда күн әлі көтеріліп тұратын еді (621/192).
Ғалә ибн Абдур-Рахманнан . (Бірде) ол бесін (намазын) оқыған соң, Әнәс ибн Мәликтің Басрадағы үйіне кіреді. Оның үйі мешіттің жанында еді. (Ғалә): «Біз оның алдына кіргенімізде, ол: «Асрды оқыдыңдар ма?» – деді. Біз оған: «Шын мәнінде, қазір ғана бесінді оқыдық қой», – дедік. Ол: «Асрды оқып алыңдар», – деді. Біз тұрып намаз оқыдық. Оқып болғанымызда, ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Бұл – мұнафықтың намазы. Ол күнді бақылап отырады да, шайтанның қос мүйізі арасына келгенде, орнынан тұрып төрт рет (жер) шұқиды. Онда ол Аллаһты азғана еске алады», – деп айтқанын естідім», – деді»(, – дейді) (622/195). оқуға қатысты тыйым
Әбу Басра әл-Ғифариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізбен бірге Мухаммаста аср (намазын) оқыған соң: «Расында, бұл намаз сендерден бұрынғыларға да ұсынылған. (Бірақ) олар оны жоғалтқан. Кімде-кім оны қалдырмай оқыса, оған екі дүркін сауап бұйырады . Бұдан кейін куәгер шыққанша намаз жоқ», – деді. Ал куәгер – жұлдыз», – деп айтқан (830/292). Яғни оның түсі өзгермей, аптап басылмай тұрып. Мәдина қаласының төңірегіндегі елді мекендер. Олардың қалаға ең жақыны екі миль, ал ең қашығы сегіз миль болатын. Арабтарда бір миль өлшемі екі шақырымнан сәл ғана кем есептеледі. Ғалә ибн Абдур-Рахман – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Мұнда уәжді себепсіз намазды кешіктірудің айыпталатыны меңзелген. Бір мекеннің атауы. Мұнда аср намазының артықшылығы көрсетіліп, оған айрықша ынталандырылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар аср және таң намаздарынан кейін себепсізден- себепсіз намаз оқуға тыйым салынғаны және бұл уақыттарда парыз намаздарды оқуға рұқсат етілетіндігі жөнінде бірауызды келісімге келген. Имам әш-Шафиғи және басқалар «бұл уақыттарда себеп болған жағдайда нәпіл намазды оқуға да рұқсат етіледі» деп есептеген. Бұған мысал ретінде сәжде аяттарын оқыған жағдайдағы сәжде жасау шарасын, шүкіршілік сәждесін орындауды, жаназа және күн тұтылған кездегі намаздарды келтіруге болады. Өйткені бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) бесін намазынан соң оқитын екі ракағат нәпіл намазын асрдан кейін оқыған. Бұл рұқсат мешітке кірген кезде оған сәлем ретінде оқылатын нәпіл намазға да қатысты. Күн батуға және шығуға жақын қалмаса, күн батқанға дейін және күн (ескерту)
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аср намазын өткізіп алатын (адам) отбасы мен мал-дүниесінен айырылғандай (болады)», – деп айтқан (626/200).
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мүшріктер Аллаһ елшісіне (с.а.с.) аср намазын (оқуға) күн қызарғанша не сарғайғанша кедергі жасады. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Олар бізге орта намазға – аср намазына кедергі жасады. Аллаһ олардың қарындары мен қабірлерін отқа толтырсын (немесе Аллаһ олардың қарындары мен қабірлерін отқа орасын)!» – деп айтты», – деген (628/206). қатысты тыйым
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) асрдан кейін күн батқанша намаз оқудан және таң (намазынан) кейін күн шыққанша намаз оқудан қайтарған (825/285). жерленбейді
Ғұләййәдан . Ол: «Мен Ғұқба ибн Амир әл-Жуһанидің (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізді үш уақытта намаз оқудан және мәйіттерімізді жерлеуден қайтаратын: күн шығып келе жатқаннан ол көтерілгенге дейін, күн төбеде тұрғаннан күн ауғанға дейін және күн ұясына батып бара жатқаннан ол батқанға дейін», – деп айтқанын естідім», – деген (831/293). шыққанға дейін нәпіл намаздарды оқуға рұқсат етілетініне дәлел ретінде олар Әбу Дәуд (1/200), ән-Нәсәи (1/97) және басқалар Әлиден жеткізген хадисті келтірген. Онда: «Пайғамбар (с.а.с.) күн әлі көтеріліп тұрған уақытта болмаса, аср намазынан кейін намаз оқуға тыйым салды», – деп айтылған. Ал имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Күн шығар кезде, ол тас төбеде тұрған кезде және ол батар кезде намаз оқуға рұқсат етілмейді», – деп көрсеткен. Ибн Хиббан Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген риуаятта: «Аллаһ олардың үйлері мен қабірлерін (немесе жүректерін) отқа орасын!» делінген. Ғұлаййа ибн Рабах, табиғин, хадис жеткізуші. Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи және Ибн Мәжәһ төмендегі хадисті жеткізген. Әт-Тирмизи мен Ибн Хиббан оны «сахих» хадис санатына жатқызған.
Әбу Сәләмәдан . Ол Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) асрдан кейін оқитын екі сәжделік (намазы) жайлы сұрайды. Сонда (Айша): «(Пайғамбар (с.а.с.)) оны асрдан бұрын оқитын. Бірде ол оны шаруаларымен оқи алмай қалып не ұмытып кетіп, асрдан кейін оқыды. Сосын оны әрдайым оқитын болды. Ол бір намазды оқыса, оны әрдайым оқитын», – деп айтқан. Исмаил3: «(Айша Пайғамбардың (с.а.с.)) оны үзбей оқығанын меңзеді», – деген (835/298). Онда Жубәйр ибн Мутғим (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ей, абдуманаф әулеті! Қағбаны тауап жасағысы келген немесе күндіз бен түннің кез келген уақытында намаз оқығысы келген ешкімге кедергі жасамаңдар!» – деп айтқанын хабарлаған. Осы хадиске сүйенген мұсылман фақиһтері «басқа орындарда намаз оқу мәкруһ уақыттарда әл-Харам мешітінде намаз оқуға рұқсат етіледі» деп есептеген. Бұл аталмыш тыйымнан тысқары қарастырылатын дербес мәселе болып табылады. Бұдан өзге, имам әш-Шафиғи және басқалар «жұма күні де бұл тыйымнан тысқары қарастырылады» деп есептеген. Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни екі ракағаттық. Табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Ахмад Умму Сәләмәдан жеткізген хадисте (6/315) айтылуынша, Умму Сәләмә: «Егер бұл ракағаттарды жіберіп алсақ, осылай олардың орнын толтыруға міндеттіміз бе?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Жоқ», – деген. Алайда әл- Бәйһақи бұл риуаяттың әлсіз екендігін айтқан. Осыған ұқсас хадисті Әбу Дәуд Айшадан жеткізген (№1280). Дегенмен аталмыш намазға қатысты тыйым да әлсіз саналады. Өйткені бұл хадисті жеткізушілердің бірі Мұхаммед ибн Исхақ ибн Ясар мудәллис болған. Мудәллис – өзімен бір кезеңде өмір сүрген ұстазы немесе әріптестерінен хадисті естімегеніне қарамастан, оны естігендей көріну үшін ол кісілердің есімдерін өзгертіп (не бұрмалап) риуаят етуші адам. Сонымен бірге ол аталмыш хадисті «пәленшеден» деп келтіріп, одан өз құлағымен естігенін анық айтпаған. Бұған қоса, ол Ахмад (6/125) Миқдам ибн Шурайхтан, ал ол әкесінен жеткізген «сахих» хабарға қарама-қайшы келеді. Ол хабарда Шурайхтың әкесі: «Мен Айшадан асрдан кейінгі намаз жайлы сұрағанымда, ол: «Оны оқи бер. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сенің тайпаңа – йемендіктерге күн шығар кездегі намазға ғана тыйым салған», – деп айтты», – деген. Кейбір мухаддистер бұл хабардың иснады Муслимнің шартына сәйкес келетінін айтқан. Сонымен қатар әл-Бұхари (3/82) мен Муслим (2/210) Айшаның өзі де аср намазынан кейін екі ракағат намаз оқығанын риуаят еткен. Бұл тұрғыда біздің мазһабтың ғалымы Әбу Тайиб Шәмс әл-Хаққ әл- Азим әл-Әбәди «Таң намазындағы екі ракағаттың үкімі жайлы замандастар хабары» атты кітабында (55-бет), Ибн Исхақтың хадисі Муслим, ән-Нәсәи және басқалар Абдуллаһ ибн Таустен, ол әкесінен, ол Айшадан жеткізген хадиске де қарама- қайшы келетінін айтқан. Ол хадисте Айша: «Ибн Омар қателескен. Аллаһ елшісі (с.а.с.) күн шығар және батар кезде (намаз оқу үшін уақыт) таңдауға ғана тыйым салған», – деп айтқан.
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Хандақ күні Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) құрайыш кәпірлерін тілдей бастады. (Сосын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһпен ант етейін, күн батуға шақ қалғанда аср (намазын) әрең оқып үлгердім», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһпен ант етейін, мен оны оқымаппын» , – деді. Сөйтіп, біз Бутханға түстік, Аллаһ елшісі (с.а.с.) дәрет алды, біз де дәрет алдық. (Сосын) Аллаһ елшісі (с.а.с.) күн батқаннан кейін аср (намазын) оқыды да, артынан ақшамды оқыды» (, – деп айтқан) (631/209). ракағаттық (намаз) жөнінде
Мұхтар ибн Фулфулден . Ол: «Мен Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) асрдан кейінгі нәпіл намаз туралы сұрағанымда, ол: «Омар асрдан кейінгі намаз үшін (адамдардың) қолдарын ұратын. Ал біз Пайғамбардың (с.а.с.) кезінде күн батқаннан кейін ақшам намазынан бұрын екі ракағат (намаз) оқитынбыз», – деді. Одан: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны оқитын ба еді?» – деп (сұраған едім): «Ол біздің оқып жатқанымызды көретін, (бірақ бұған) бұйырған да жоқ, тыйым да салған жоқ», – деп (жауап берді)», – деген (836/302).
Сәләмә ибн Акуағдан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) ақшам (намазын) күн батып, перде артына жасырынған кезде оқитын (636/216). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Омарды (Аллаһ оған разы болсын) тыныштандыру үшін ант ішкен және оған өзі де әлі намаз оқымағанын айтқан. Мәдина маңындағы ойпат. Бұл хадистен қаза болған намазды жамағатпен оқуға рұқсат етілетіні көрінеді және ол туралы басқа да сахих хадистер келген. Сондай-ақ мұнда әуелі қаза болған намазды, сосын барып әлі уақыты шықпаған намазды оқу керектігі де айтылған. Бұл – имам Әбу Ханифаның пікірі әрі бұған «Мәсәил Ахмад» кітабында (56/95) ұлы Абдуллаһтың жеткізуінше, имам Ахмад та сілтеме жасаған. Мұхтар ибн Фулфул – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл намаз мустахаб саналады. Сондай-ақ бұл хадис мансұқ етілмеген әрі ол ақшам намазын кешіктіруге итермелемейді. Абдуллаһ ибн Муғаффал әл-Музәни (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Ақшам намазына дейін намаз оқыңдар», – деп үш рет қайталады да, үшіншіде: «Қалаған (адамға)», – деп қосты. Ол (с.а.с.) ақшам намазына дейінгі (бұл) нәпіл намазды адамдар сүннет деп ойлап қалуын қаламаған», – деп айтқан (әл-Бұхари).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір түні Пайғамбар (с.а.с.) құптан намазын түннің біраз уақыты өткенге дейін, мешіттегілер ұйықтап қалғанша кешіктірді. Содан кейін шығып, намаз оқыды да: «Расында, бұл – оның уақыты, егер үмбетіме қиындатып қоятын болмағанымда!» – деп айтты», – деген (638/219).
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Құптан намаздарыңның атауына қатысты бәдәуилердің ықпалына еш берілмеңдер. Расында, ол Аллаһтың кітабында құптан (иша). Ол түйелердің сауыны себепті түннің біраз уақытына дейін кешіктіріледі», – деп айтты», – деген (644/229).
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған: «Басшыларың намазды уақытынан кешіктіретін (немесе намазды уақытынан жоғалтатын) болса қалай етесің?» – деді. Мен: «Маған не бұйырасың?» – деп (сұрадым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Намазды өз уақытында оқы да, (сосын) оған олармен бірге кез келсең, (тағы) оқы. Расында, ол сен үшін нәпіл (болады)», – деп айтты», – деген (648/238). Мұнда түнгі парыз намазды «иша» деп атауға сілтеме келген. Бәдәуилер оны «атәмә» (қараңғылық) деп атайтын. Өйткені олар бұл намазды түйелерін сауып болған соң, қараңғылық түскеннен кейін ғана оқитын. Ал күн батқан кездегі (мағриб) намазды олар «иша» деп атайтын. Сондықтан түнгі парыз намазды «мағриб», күн батқан кездегі намазды «иша» деп атау дұрыс емес. Әл-Бұхари жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Күн батқан кездегі (мағриб) намаздарыңның атауына қатысты бәдәуилер сендерге ықпал етпесін», – деген. Әйтсе де тағы бір хадисте түнгі парыз намаз «атәмә» деп аталған. Онда: «Егер олар таңғы және түнгі (атәмә) намаздарда нендей (сауап) барын білгенде, оларға еңбектеп келсе де, міндетті түрде қатысар еді!» деп айтылған. Мұнда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түнгі парыз намазды «атәмә» деп атауының себебі, оны бұлайша атауға үзілді-кесілді тыйым салынбайтынын көрсеткісі келген. Немесе ол бұл жерде күн батқан кездегі намаз емес, түнгі намаз жайлы айтылғандығын барлық адамдардың түсінуін қалаған. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, бәдәуилер «иша» деген атауды күн батқан кездегі намаз деп те түсінуі мүмкін еді. Мұнда олардың намазды уақыты шыққаннан кейін оқитыны емес, намазды таңдаулы уақытынан кешіктіретіні меңзелген. Өйткені биліктегі әкімдердің ешқайсысы намазды мерзімі шығатындай уақытқа кешіктірген емес. Бірақ олар намазды таңдаулы, абзал уақытынан кешеуілдете оқитын. Сондықтан бұл хадисте намазды бастапқы уақытында оқуға, сонымен бірге күнәға жатпайтын мәселелерде билік басындағы тұлғаларға бағыну қажеттігіне ынталандыру бар. Себебі адамдар
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Қайсы амал ең абзал?» – деп сұрадым. Ол: «Намазды уақытында оқу», – деді. «Сосын қайсы?» – деп (сұрадым). «Ата-анаға игі болу», – деді. «Сосын қайсы?» – деп (сұрадым). «Аллаһ жолында күресу», – деді. Оны қинағым келмегендіктен бұдан артық (сұрамадым)», – деп айтқан (85/137). үлгереді
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім намаздың бір ракағатына үлгерсе, намазға үлгереді», – деп айтқан (607/161). оны есіне түскен кезде оқысын
Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге құтпа жасап: «Сендер кеш бойы және түнімен жол жүріп, Аллаһ қаласа, ертең суға жетесіңдер», – деді. Сөйтіп, адамдар бір-біріне қарамай, жолға аттанды»; Әбу Қатада: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) осылай түн жарымына дейін жол жүрді. Мен оның жанында едім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қалғып кетіп, түйесінен қисайды. Мен келіп, қашан өзі түйесінде бойын тіктегенше оны оятпастан сүйеп жүрдім. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) түннің басым бөлігі өткенге дейін жол жүріп, (тағы да) түйесінен қисайды. Мен оны өзі түйесінде бойын тіктегенге дейін оятпастан сүйеп жүрдім. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)) таң атар алдындағы уақытқа дейін жол жүрді де, (тағы да) қисайды. Бұл (жолы ол) алдыңғы екі қисайғанынан қаттырақ қисайды. Тіпті ауып кете жаздады. Мен келіп, оны сүйеген едім, басын көтеріп: «Бұл кім?» – деп (сұрады). «Әбу Қатада», – дедім. «Менімен бірге қашаннан бері жүріп келесің?» – деп (сұрады). «Түні бойы жүріп келемін», – дедім. «Сен Оның пайғамбарын сақтағаның үшін Аллаһ сені сақтасын!» – деді. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)): «Қалай ойлайсың, біз адамдарға көрінбейміз бе?» – деп (сұрады). Содан кейін ол: «Біреу көзіңе шалына ма?» – деп (сұрады). «Бір аттылы (адам)»; Сосын: «Міне, тағы бір аттылы (адам)», – дедім. Сөйтіп, біз жинала келе жеті аттылы болдық. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) жол шетіне шығып, басын қойды да: «Біздің намазымызға (ұйықтап қалмауымызды) қадағалаңдар», – деді. Ең арасындағы қарама-қайшылық пен келіспеушілік ел ішінде фитна мен бүліктің тууына апарып соғады. бірінші оянған Аллаһ елшісі (с.а.с.) болды. (Бұл кезде) күн шыға бастаған еді. Біз ұйқымыздан үрейлене тұрдық. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)): «Көліктеріңе мініңдер!» – деді. Біз көліктерімізге отырып, жолға шықтық. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) күн көтерілген кезде (түйесінен) түсіп, мендегі дәрет алатын ыдысты сұрады. Оның ішінде азғантай су бар еді. (Пайғамбар (с.а.с.)) одан жеңіл дәрет алды. (Ыдыстың) ішінде тағы біраз су қалды. Содан кейін ол Әбу Қатадаға: «Дәрет алатын ыдысыңды бізге сақтап жүр. Жақын арада оған қатысты бір хабар болады», – деді. Сосын Біләл намазға азан шақырды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) екі ракағат (намаз), сосын таң (намазын) оқып, әр күні жасайтынындай жасады . (Содан кейін) Аллаһ елшісі (с.а.с.) көлігіне мінді, біз де онымен бірге көлігімізге отырдық. Сонда біз бір-бірімізге: «Намазымызға қатысты айыпты іс жасау арқылы істегеніміздің кәффараты не?» – деп сыбырлай бастадық. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендер үшін менде өнеге бар емес пе?»; Содан кейін ол: «Өйткені ұйқыда айып жоқ. Шын мәнінде, айып намазды басқа намаздың уақыты кіргенше оқымаған (адамға) артылады. Кімде-кім осылай жасаса (яғни намазға ұйықтап қалса), оны оянған кезінде оқысын. Ал ертеңіне оны өз уақытында оқысын», – деді. Сосын ол (с.а.с.): «Қалай ойлайсыңдар, (қалған) адамдар не істеп жатыр?»; Содан кейін: «Адамдар таңертең пайғамбарларын жоғалтып алды. Әбу Бәкір мен Омар: «Аллаһ елшісі сендерден қалып қойды, ол сендерді ешқашан өзінен кейін қалдырмайды», – деді. Ал адамдар: «Расында, Аллаһ елшісі сендердің алдарыңда», – деді. Олар Әбу Бәкір мен Омарға бағынса, турасын табады», – деді. Сөйтіп, біз адамдарға күн созылып, барлық нәрсе қызып тұрған кезде келіп қосылдық. Олар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Құрыдық, бізді шөл қысты!» – деп айтып жатты. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендер құрымайсыңдар!» – деді де: «Маған қадақшамды беріңдер», – деп (бұйырды). Аллаһ елшісі (с.а.с.) дәрет алатын ыдысты алдырып, (одан ыдыстарға су) құя бастады. Әбу Қатада (адамдарға) су ұзатып тұрды. Адамдар дәрет алатын ыдыстағы суды көре сала, оған топырлап жиналып қалды. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жақсы мәміле жасаңдар! Бәрің де сусындатыласыңдар», – деді. Олар солай етті. Сөйтіп, Аллаһ елшісі Ән-Нәуәуи: «Бұл хадистен шығар қорытынды – мұсылмандар ұйықтап қалып, намазды өз уақытында оқи алмаған, сөйтіп, оны жамағатпен орындамақ болған жағдайда да намазға азан шақырудың мустахаб екендігі», – деген (әйтсе де намазды дұрыс оқымаған адам жайлы хадистің сыртқы мағынасы намазға азан шақыру жамағатқа да, жеке намаз оқушыға да міндетті екенін көрсетеді). Имам Бурһануддин әл-Марғинани де «әл-Һидая» кітабында қаза болған намазды оқыған кезде азан шақырылып, қамат айтылатынын көрсеткен. Тағы да мұнда сүннет санатына жататын нәпіл намазды уақыты шығып кетсе де, оқуға рұқсат етілетініне сілтеме бар. Кейбір ғалымдар «сосын таң (намазын) оқып, әр күні жасайтынындай жасады» деген сөзден қаза болған таң намазы Құранды дауыстай оқып орындалатыны жайлы тұжырым шығарған. Алайда ән-Нәуәуи «мұндай жағдайда Құран аяттарын іштей оқу жеткілікті» деген пікірді ұстанған. (с.а.с.) құйып тұрды, мен оларға су ұзатып тұрдым. Ақыры менен және Аллаһ елшісінен (с.а.с.) басқа (ешкім) қалмады. Сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) су құйды да, маған: «Іш», – деді. «Сен ішпейінше мен ішпеймін, уа, Аллаһтың елшісі!» – деген едім: «Негізінде, адамдарға су ұзатып тұрған (кісі) олардың соңында ішеді», – деді. Сөйтіп, мен іштім, Аллаһ елшісі (с.а.с.) де ішті. (Содан кейін) адамдар суға сергек, шөлдері қанған күйде жетті», – деген. Абдуллаһ ибн Рабах1: «Мен бұл хадисті жәмиғ мешітте айтып жатқанымда, кенеттен Имран ибн Хусайн: «Қалай айтып жатқаныңды байқа, ей, бала! Расында, мен сол түнгі аттылылардың бірімін», – деді. Мен: «Онда сен (бұл) хадисті (бәрінен) жақсы біледі екенсің ғой», – дедім. Ол: «Сен кімдердің қатарына жатасың?» – деп (сұрады). «Ансарлардың қатарынанмын», – дедім. «Сен айт, (өйткені) сендер өз хадистеріңді жақсы білесіңдер», – деді. Сөйтіп, мен (оны) адамдарға айтып бердім. Сонда Имран: «Расында, мен сол түнге куә болдым. (Бірақ) оны өзге біреудің мен есімде сақтағанымдай есінде сақтағанын аңғармаппын», – деп айтты», – деді (681/311).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Біреу Аллаһ елшісінен (с.а.с.) жалғыз киіммен намаз оқу туралы сұрағанда, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Бәріңнің екі киімдерің бар ма еді?» – деп айтқан (515/275).
Омар ибн Әбу Сәләмәдан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісін (с.а.с.) екі ұшын иықтарына тастап, жалғыз киімге оранып намаз оқып тұрғанын көрдім», – деп айтқан (517/278). Абдуллаһ ибн Рабах – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Бұл хадис намазды бір киіммен оқуға рұқсат етілетінін көрсетеді. Алайда намазды екі киіммен оқу абзалырақ (ән-Нәуәуи). Ол кездерде ер кісілердің киімі дамбал ретінде белден төмен оралатын матадан, ұзын көйлек пен денеге оранып алатын ұзын кездемеден тұратын. Ал кедейлерде олардың біреуі ғана болатын. Ибн Сиккит: «Оң иыққа тасталған киімнің ұшын сол қолдың астынан, ал сол иыққа тасталған киімнің ұшын оң қолдың астынан өткізіп, олардың ұштарын кеуде тұсына байлайды», – деп айтқан. Ибн Баттал мұны: «Бұл намаз оқушы рукуғ кезінде өз әуретін көрмеуі және рукуғ пен сәжде барысында киімі түсіп қалмауы үшін», – деп түсіндірген (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Әл-Бұхари (№359) мен Муслим (№516) Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешбірің жалғыз киіммен екі иығы ашық халде намаз оқымасын»; Әл-Бұхари жеткізген хадисте (№360): «Кім жалғыз киімде намаз оқыса, екі ұшын (иықтарына) айқастырып тастап, (иықтарын жапсын)», – деп айтқан. Иықтары жалаңаш күйде намаз оқуға қатысты тыйым үзілді-кесілді харам емес, кіршіксіздік тұрғысындағы мәкруһ (мәкруһ тәнзиһи) болып табылады. Бұл – Әбу Ханифа, Мәлик және әш-Шафиғидің пікірі. Өйткені мұнда әуреттің ашылып қалу қаупі бар әрі намаз оқушы намаз кезінде киімі түсіп қалмасын деп
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) ою-өрнектері бар хамисамен намаз оқып тұрғанда, оның ою- өрнегіне көзі түсті. Намазын аяқтағанда ол (с.а.с.): «Мына хамисаны Әбу Жәһм ибн Хузайфаға апарып беріңдер де, маған оның әнбижаниясын әкеліңдер, өйткені бұл әлгінде ғана намазымда көңілімді аударды», – деп айтты», – деген (556/62).
Исхақ ибн Абдуллаһ ибн Әбу Талхадан 7. Оған Әнәс ибн Мәликтің (Аллаһ оған разы болсын) айтуынша, (бірде оның әжесі) Муләйка 8 Аллаһ елшісін (с.а.с.) өзі әзірлеген тағамға шақырған. (Пайғамбар (с.а.с.) келіп), одан жеген соң: «Тұрыңдар, сендерге намаз оқимын», – деген. Әнәс ибн Мәлик: «Мен тұрып, ұзақ төселгеннен қарайып кеткен төсенішімізге су септім. Сөйтіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған тұрды, менімен бір жетім (бала) оның артынан сап түзедік, біздің артымызда әжей алаңдап, оны қолдарымен ұстап әуреге түсуі мүмкін. Бұған әл-Бұхари (№361) мен Муслим Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадис дәлелге жүреді. Онда Пайғамбар (с.а.с.) матаның қысқалығынан намаз оқуына кедергі жасайтындай әрі қолмен ұстап тұрмаса, әурет орындары ашылып қалатындай тар оранып намаз оқыған Жәбирге: «Егер киім кең болса, оған оранып ал, ал егер тар болса, оны изар етіп ора (яғни кіндіктен тізеге дейінгі аралықты ора)», – деген. Имам Ахмад хабарлардың бірінде, киім кең болған жағдайда намаз оқу үшін онымен иықтарды жабу қажет екендігін, намаз мұнсыз да дұрыс саналатынына қарамастан иықтарын жаппаған адам күнәкар болатынын ескерткен. Егер намаз оқушыда изардан басқа киім (рида) болса, оны кимей намаз оқуына болмайды. Мұны Бурайданың: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) көйлексіз жалғыз дамбалмен намаз оқуға тыйым салды» деген хадисі көрсетеді. Бұл хадисті хасан иснадпен Әбу Дәуд («Сахих Әбу Дәуд», №646) және әл-Бәйһақи риуаят еткен. Хамиса – барқыттан немесе жүннен жасалған әдіптелген қалың киім. Сондай-ақ ол ою-өрнегі бар қара түсті киім болуы да мүмкін. Амир ибн Хузайфа ибн Ғаним есімді сахаба. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған осы киімін сыйға тартқан. Әнбижания – ою-өрнексіз әдіптелмеген қатты киім. Мұнда Пайғамбар (с.а.с.) өзінің хамисасын айтқан. Бұл хадистен ою-өрнегі бар киіммен намаз оқуға рұқсат етілетінін көруге болады. Алайда намазды ою-өрнексіз қарапайым киіммен оқыған абзал. Сондай-ақ хадис намаз оқу барысында өзге ойларға берілудің намазды бұзбайтынын көрсетеді. Бұл жерде құрманың және басқа да өсімдіктердің сабағынан тоқылған төсеніш туралы айтылған (қазақтардағы қамыстан т.б. тоқылған ши сияқты). Исхақ ибн Абдуллаһ ибн Әбу Талха – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Сірә, бұл Әнәс ибн Мәликтің анасы – Муләйкә Умму Суләйм (Аллаһ оған разы болсын) болса керек. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) азат еткен құлы Думайра еді. (тұрды). Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге екі ракағат намаз оқып, сосын қайтып кетті», – дейді .
Сағид ибн Язидтен . Ол: «Мен Әнәс ибн Мәликтен: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) кебіспен намаз оқитын ба еді?» – деп (сұрағанымда), ол: «Иә», – деп (жауап берді)», – деген (555/60).
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Қайсы мешіт жер бетінде ең алғаш тұрғызылған?» – деп (сұрадым). «Әл-Харам мешіті» , – деді. «Одан кейін қайсы?» – дедім. «Әл- Ақса мешіті» , – деді. «Екеуінің (жыл) аралығы қанша?» – деп (сұрадым). «Қырық жыл. Намаз (уақыты) саған қай жерде тура келсе, (оны сол жерде) оқы! Ол (орын сен үшін) мешіт (саналады)», – деп айтты», – деген (520/1). Хадистен мынадай қорытынды шығаруға болады: – Біреу қонаққа шақырғанда барудың міндетті екендігі. – Нәпіл намазды жамағатпен оқуға рұқсат етілетіндігі. – Төсеніш, жайнамаз үстінде және жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің үстінде намаз оқуға рұқсат етілетіндігі. – Күндізгі, сол сияқты түнгі нәпіл намаздарды екі-екі ракағаттан оқудың абзалдығы. – Ненің не екенін ажырата аларлық тәмйиз жасына (5-6 жас) жеткен баланың намазының дұрыс саналатындығы. – Баланың намаз оқу үшін (басқалармен қатар) сапқа тұруына рұқсат етілетіні. – Имамның артында тұрған екі адам өз алдына бөлек сап түзейді. Алайда парасатты, абыройлы адамдар болған жағдайда олар имамға таяу тұрады (бұл жайлы 269- хадистің түсіндірмесінде айтылады). – Әйелдер жалғыз болса да ер кісілерден бөлек сапта тұрады (әйелдер мен ер адамдардың саптары жөнінде 271-хадиске қараңыз). Ал Әнәстің (Аллаһ оған разы болсын) төсенішке су сепкеніне келсек, ол мұны төсенішті жұмсарту (ол құрма бұтақтарынан тоқылған еді) және оның шаңын кетіру үшін істеген болатын. Әбу Мәсләмә, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда аяқкиім таза болса, онымен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі көрсетілген. Бұл жерде Қағба мен оған жалғасып жатқан аймақ туралы айтылған. Палестинадағы Иерусалим немесе Құдыс қаласында орын тепкен мешіт. Алайда қорым, әжетхана мен түйе қотаны секілді жерлерде намаз оқуға болмайды. Әбу Сағид әл-Худридің (Аллаһ оған разы болсын) хабарлауынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Барлық жер беті ғибадат орны ретінде жүреді, тек қорымдар мен моншалардан басқа», – деп айтқан (әт-Тирмизи). Әл-Бұхари, әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ және Ахмад түйе қотандарында намаз оқуға тыйым салынатыны жөнінде хадистер келтірген. Сондай-ақ Әбу Дәуд пен Ибн Мәжәһ мухаддистер хасанға
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (алғаш) Мәдинаға келгенде қаланың жоғарғы жағына, Бәну Амр ибн Ауф деп айтылатын ауданға түсті. Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) олардың арасында он төрт түн тұрды. Сосын ол бәну нажжарға кісі жұмсады. Олар қылыштарын асынып келді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) көлігінде, Әбу Бәкір оған мінгесіп, Әбу Айюбтың ауласына келіп тоқтағанша бәну нажжар басшыларының оның айналасында жүргені (әлі күнге) көз алдымда . Аллаһ елшісі (с.а.с.) намаз уақыты қай жерде кірсе, сол жерде намаз оқитын, қой қораларда да намаз оқитын. (Сосын) ол мешіт (тұрғызуды) бұйырып, бәну нажжар басшыларына кісі жіберді. Олар келгенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, бәну нажжар! Маған мына дуалдың бағасын айтыңдар», – деді. Олар: «Жоқ, Аллаһпен ант етейік, біз оның құнын сұрамаймыз, (оның сыйын) тек Аллаһтан ғана (сұраймыз)», – деді»5; Әнәс: «Ол жерде мен айтқандар – құрма ағаштары, мүшріктердің қабірлері және қирандылар бар еді. Пайғамбардың (с.а.с.) бұйрығымен құрма ағаштары кесіп алынды , мүшріктердің қабірлері көшірілді және қирандылар тегістелді. Олар құрма ағаштарын (мешіт) құбыласы ретінде қатарластыра қойып, (мешіттің) екі жақтаулық ұстынын тастан тұрғызды. Олар өлеңдетіп жүріп тас тасыды, Аллаһ елшісі (с.а.с.) де балаған хадис келтірген. Онда ұйықтап жатқан немесе әңгімелесіп отырған адамға қарап намаз оқуға тыйым салынатыны айтылған. Бұл жерде һижраның 1-жылы Пайғамбардың (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға қоныс аударған кезі туралы баяндалған. Бәну нажжар руы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) нағашылары болып келетін. Яғни бұл оқиға әлі күнге көз алдымда тұрғандай есімде. Мұнда дуалмен қоршалған жер аумағы туралы айтылған. Олар Аллаһтың сыйын үміт етіп, сатудан бас тартқан, яғни жерлерін мұсылмандардың мешіт тұрғызуы үшін тегін берген. Бұл хадис қажет болған жағдайда отынға пайдалану, орнына басқа ағаштар отырғызу мақсатында, олар әлдебір нәрсенің үстіне құлап зиян тигізуінен қауіптенген жағдайда немесе орнына мешіт тұрғызу үшін жеміс ағаштарын кесуге рұқсат етілетінін көрсетеді (ән-Нәуәуи). Ән-Нәуәуидің пікірінше, бұл ескі қабірлерді ашып көшіруге және топырақ мәйіттердің шірінділерімен араласқан болса да, ол жерде намаз оқуға рұқсат етілетінін көрсетеді. Орын мәйіт иістерінен тазарған жағдайда, мұндай жерге мешіт тұрғызуға рұқсат етіледі. Әлдебіреу жерленген орын одан кейін жерлеу үшін пайдаланылмаса, оны сатуға және қайырымдылық мақсатқа (уақф) өсиет етілмеген болса, жер иесі мен оның мұрагерлерінің меншігінде қалуға рұқсат етіледі. Бұл жерде ражаз – ежелгі арабтарға тән ауызекі әдебиеттің ерекше түрі туралы айтылған. Ражаз ырғақ қалыбы мен өзіндік өлең өлшеміне ие. Мұнда жұмыс істеу барысында немесе жол жүрген кезде рухты күшейту және жұмысты жеңілдету немесе қозғалысты ширату үшін өлең-жыр оқуға рұқсат етілетініне сілтеме бар. Өлеңдердің еріксіз туатын ырғақты ұйқас сөйлемдерден (сажъ) айырмашылығы, олармен бірге: «Уа, Аллаһ! Ақырет қайырынан басқа қайыр жоқ, ансарлар мен муһажирлерге жәрдем бер!» – деп айтатын», – деген.
Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахманнан . Ол: «(Бірде) менің қасымнан Абдур-Рахман ибн Әбу Сағид әл-Худри өтті. Мен оған: «Сен әкеңнің тақуалыққа негізделген мешіт жөнінде айтқанын қалай естідің?» – деген едім, ол: «Әкем3: «(Бірде) мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) (жолығу үшін) оның әйелдерінің бірінің үйіне кірдім. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Тақуалыққа негізделген екі мешіттің қайсысы?» – деп (сұрадым) . Ол (с.а.с.) қиыршық тастардан бір уыс алып, онымен жерді бір ұрды да5: «Ол – сендердің мешіттерің», – деді. Бұл – Мәдина мешіті» , – деп айтты», – деді. Сонда мен: «Расында, мен әкеңнің мұны айтқанын осылай естігеніме куәлік беремін», – деп айттым», – деген (1398/514). артықшылығы
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бір әйел ауруға шалдығып: «Егер Аллаһ маған шипа берсе, міндетті түрде шығып, Бәйт әл-Мақдисте намаз оқимын», – дейді. Сөйтіп, ол (ауруынан) айығып кетеді де, (Бәйт әл-Мақдиске қарай) шығуды қалап, қамданады. (Содан кейін) ол Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Мәймунаға сәлем бере келіп, оған мұны айтып береді. Сонда (Мәймуна): «Отырып, әзірлегеніңді жеп ал да, (Аллаһ) елшісінің (с.а.с.) мешітінде намаз оқы. Өйткені мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Онда (оқылған) намаз одан басқа мешіттерде (оқылған) мың намаздан артық. Бірақ Қағба мешіті бұдан тысқары», – деп айтқанын естігенмін», – депті», – деген (1396/510). өлеңдер арнайы құрастырылады. Ал Пайғамбарымызға (с.а.с.) өлең құрастыруға тыйым салынған болатын. Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Сахаба Әбу Сағид әл-Худридің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын). Басқа риуаяттарда Мәдина мешіті мен Құба мешіті жөнінде екі адам дауласып қалғаны айтылған. Пайғамбар (с.а.с.) мұны айтқанының маңыздылығын нақтылай түсу үшін жасаған. Бұл хадис тәпсірлерінде «тақуалыққа негізделген мешіт – Құба мешіті» деп көрсеткен кейбір тәпсір ғалымдарының пікірін теріске шығарады. Бұл – әл-Ақса мешіті. Арабтар Иерусалимді Бәйт әл-Мақдис деп атайды.
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Құба мешітіне көлікке мініп және жаяу барып, онда екі ракағат (намаз) оқитын», – деген (1399/516).
Махмуд ибн Ләбидтен (Аллаһ оған разы болсын). Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын) (Аллаһ елшісінің (с.а.с.)) мешітін (қайта) тұрғызуды қалайды. (Бірақ) адамдар мұны құптамай, оны сол күйінде қалдыруын қалайды. Сонда (Осман): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кім Аллаһ үшін мешіт тұрғызса, Аллаһ оған жаннатта (сол сияқтыны) тұрғызады», – дегенін естідім», – деп айтқан (533/25).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһқа ең ұнамды орындар – мешіттер, ал Аллаһқа ең жеккөрінішті орындар – базарлар», – деп айтқан (671/288).
Убәй ибн Кағбтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Ансарлар қатарында Мәдинадағы (мешітке) ең алыс үйде (тұратын) бір кісі бар еді. (Соған қарамастан) ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге (оқылатын) намазға жібермей қатысатын. Біз оған жанымыз ашып, мен: «Ей, пәленше! Өзіңді ыстық құмнан және жер зиянкестерінен қорғайтын есек сатып алсаң ғой!» – дедім. Ол (бұған): «Аллаһпен ант етейін! Мен үйімнің Мұхаммедтің (с.а.с.) үйіне жапсарлас (болғанын) тәуір көрмеймін» 2, – деді. Мен мұны (көңіліме) қатты ауыр алып қалдым. Сөйтіп, Аллаһтың пайғамбарына (с.а.с.) келіп, оған бұл жайлы айттым. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны (өзіне) шақырды. Ол (Пайғамбарға (с.а.с.) да) дәл сондай сөздерді айтып, өзінің әрбір ізі үшін сауап үміт ететінін ескертті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Расында, саған үміт еткен сауабың бұйырады», – деді», – деген (663/278). Ән-Нәуәуидің түсіндіруінше, мешіт – ғибадат үйлері әрі мейірім түсетін, ал базар – әдетте адамдар бірін-бірі алдайтын, өсімқорлықпен айналысатын, жалған ант ішетін, уәделерін бұзатын және Аллаһ жайлы ұмытып кететін орын. Басқаша айтқанда, бұл адам мешітке қарай жасаған әрбір қадамы үшін жазылатын сауапты үміт ететіндіктен, тіпті мешітке таяу орналасқан Пайғамбардың (с.а.с.) үйімен де көршілес тұруды қаламайтынын жеткізген. дәрежелер көтеріледі
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім үйінде тазаланып , сосын Аллаһтың үйлерінің біріне Аллаһтың парыз еткендерінің бірін орындау үшін жаяу барса, оның екі қадамының бірі күнәні өшіреді де, екіншісі дәрежені көтереді», – деп айтты», – деген (666/282).
Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бір күні) біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге намаз оқып жатқан кезімізде ол (адамдардың) шуын естіді. Намазын оқып болған соң, Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерге не болды?» – деді. Олар: «Намазға асықтық», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Олай етпеңдер! Егер намазға келсеңдер, жайбарақат болыңдар да, үлгергендеріңді оқыңдар, ал өткізіп алғандарыңды толықтырыңдар» , – деді», – деп айтқан (603/155).
Амра бинт Абдур-Рахманнан . Ол Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Егер де Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдердің ойлап тапқанын көргенде, исраилдіктердің әйелдеріне тыйым салынғандай, олардың да мешітке (келуіне) міндетті түрде тыйым салар еді» , – деп айтқанын естіген. Яғни дәрет алып немесе қандай да бір уәжді себеппен су пайдалана алмай қалған жағдайда таяммум соғып тазалану. Мәселен, намаз оқу үшін немесе қандай да бір нәзірін орындау үшін. Мешітке бару үшін жасалған басқа қадамдары туралы айтсақ, олар адам істеген ауыр күнәлардың жекелеген бөліктері үшін кәффарат шарасы қызметін атқарады немесе оның дәрежесін тіпті де арттыра түседі. Қалған ракағаттарды намаз аяқталған соң оқыңдар. Амра бинт Абдур-Рахман – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші әйел. Яғни қазіргі кездегі тағынған сәндік бұйымдары, себінген иіссулары және үстеріне киген әдемі киімдері үшін олардың мешітке баруына тыйым салар еді (ән-Нәуәуи). (Яхия ибн Сағид1): «Мен Амрадан: «Исраилдіктердің әйелдеріне мешітке (баруға) тыйым салынған ба еді?» – деп (сұраған едім), ол: «Иә», – деп айтты», – деген (445/144).
Әбу Хумайдтан не Әбу Усәйдтен (Аллаһ оларға разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім мешітке кірсе: «Аллаһумма, ифтах ли әбуәбә рахмәтик (Уа, Аллаһ! Мен үшін мейіріміңнің қақпаларын аш)!» – деп, ал (одан) шыққанда: «Аллаһумма, инни әс-әлукә мин фадлик (Уа, Аллаһ! Өзіңнен кеңшілігіңді сұраймын)!» – деп айтсын», – деді», – деген (713/68).
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабасы Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен мешітке кірдім, Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың арасында отыр еді. Мен де отырдым. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Отырмас бұрын екі ракағат (намаз) оқуыңа не кедергі болды?» – деп (сұрады). Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сенің отырғаныңды көрдім және адамдар да отырды», – дедім. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Кімде-кім мешітке кірсе, екі ракағат (намаз) оқымайынша отырмасын», – деп айтты», – деген (714/70). тыйым
Әбу Шағсадан . Ол: «(Бірде) біз мешітте Әбу Һурайрамен (Аллаһ оған разы болсын) бірге отыр едік. Азаншы азан шақырғанда, бір кісі орнынан түрегеліп, мешіттен (шығуға) беттеді. Әбу Һурайра оны мешіттен шығып кеткенінше көзімен шығарып салды да: «Мына адам, расында, Әбул- Қасимге қарсы келді», – деп айтты», – деген (665/258). Яхия ибн Сағид ибн Қайс әл-Ансари – табиғин, хадис жеткізуші. Сахабалардың есімдеріне қатысты күмәндану хадистің сахихтық дәрежесіне әсер етпейді. Өйткені сахабалардың бәрі де – сенімді тұлғалар. «Сахих Муслим» кітабының түпнұсқасында бұл хадис «Мешітке сәлем ретінде екі ракағат намаз оқудың қадір-қасиеті және оны орындамай тұрып, отырудың мәкруһтігі, сондай-ақ оны кез келген уақытта орындау шариғатқа сәйкес екені жөнінде» деген тарауда берілген (мұнымен қатар 217-хадистің түсіндірмесін қараңыз). Суләйм ибн Әсуад, табиғин, хадис жеткізуші. Басқаша айтқанда, Пайғамбардың (с.а.с.) бұйрығына бағынбады. Пайғамбар (с.а.с.) адам намаз оқи алмай қалатын ауру, дәреті бұзылу т.с.с. уәжді себептер болмаған