Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбірің ішінде әлденені сезсе, (бірақ) одан бір нәрсе шықты ма, әлде жоқ па (деп) күмәнданса, онда дауысын естігенше не иісін сезгенше мешіттен шығушы болмасын», – деп айтты», – деген (362/99). Сахабаның ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Имам ән-Нәуәуи, бұл хадис сүт ішкеннен кейін ауызды шаю мустахаб екенін көрсететінін айтқан. Ғұламалар сондай-ақ басқа да тағамдар мен сусындардан кейін де ауызды шаюдың мустахабтығына сілтеме жасаған. Бұл намаз кезінде тамақ қалдықтарын жұтып қоймаудың және ауызды тазалаудың шарасы болмақ. Бұл жерде намаз оқып жатқан кезінде өзінен жел шыққан секілді сезінген адам туралы айтылған. Бұл хадистен «адам жел даусын естіген не иісін сезген жағдайда ғана дәрет бұзылады» деген тұжырым тумайды. Адам өзінен жел шыққанына көзі анық жеткен және бұған күмәнданбаған жағдайда, оның даусын естімей-ақ, иісін сезбесе де, дәрет бұзылады. Ал хадисте айтылған екі белгі адамның жел шығаруы көбіне осы құбылыстармен қатар жүретіндіктен айтылған. 3. ҒҰСЫЛ1 КІТАБЫ
Абдур-Рахман ибн Әбу Сағид әл-Худриден . Оның әкесі: «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге дүйсенбі күні Құбаға қарай шықтым. Бәну сәлим (руының қонысына) жеткенімізде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Итбанның есігінің алдына тоқтап, оны дауыстап (шақырды). Ол изарын сүйрете сыртқа шықты. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біз кісіні асықтырып қойыппыз», – деді. Сонда Итбан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әйелімен (жақындасып жатқанда) асықтырылған, (бірақ) мәни бөлінбеген кісі жөнінде не айтасың? Ол не істеуі керек?» – деп (сұрады). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, су – судан кейін», – деп айтты», – деген (343/80). жыныс мүшесінің жанасуы себепті ғұсыл құйынудың міндеттелуі
Әбу Мұсадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Муһажирлер мен ансарлардан бір топ адам осыған қатысты пікір қайшылығына тап Ғұсыл – жүніптіктен, хайыздан және нифастан кейін, сондай-ақ тағы басқа жағдайларда ауызды, мұрынды және бүкіл денені жуу. Сахаба Әбу Сағид әл-Худридің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Изар – дамбал ретінде кіндік пен екі тізе арасына оралатын мата. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дәуірінде осындай киім үлгісі қолданылған. Қазіргі таңда изарды қажылық өтейтін мұсылмандар ихрамға кіргенде киеді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзі, сумен ғұсыл құйыну мәни бөлінген жағдайда ғана міндетті саналады дегенді білдіреді. Егер ер адам әйелін аймаласа, бірақ бойынан кетпесе, онда ғұсыл құйыну міндетті емес. Біз қарастырып отырған хадистің көптеген риуаяты Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жоғарыдағы сөздері тікелей жыныстық қатынасқа қатысты екенін көрсетеді. Шын мәнінде де, Ислам тарай бастаған алғашқы жылдарда мұсылмандарға жыныстық қатынастан кейін ғұсыл құйыну мәни бөлінген жағдайда ғана үкім етілген. Бірақ кейіннен бұл үкімнің күші жойылып, мансұқ етілген. Мұны жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйел мәни бөлінген-бөлінбегеніне қарамастан ғұсыл құйынуы міндетті екенін нақтылайтын келесі хадистер айғақтайды. Ал ұйқыдағы шақуаттануға келер болсақ, басынан-ақ біз қарастырып отырған хадистің оған қатысы болмаған. Әйтсе де оның жалпы мағынасы ұйқыдағы шақуаттануды да қамтиды. Бұдан «егер адам ұйқыда шақуатын қоздырған түс көрсе, ол бойынан мәни бөлінген жағдайда ғана ғұсыл құйынуы тиіс» деген қорытынды шығады. Аталмыш дін үкімі мансұқ етілмей, өз күшінде қалған. Аят, хадистерде бұл үкімнің күші жойылғаны жөнінде ешқандай хабар келмеген. Керісінше, бұл осы тұрғыдағы көптеген хадиспен нақтыланады. Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірі бойынша, жыныстық қатынастан тыс жағдайда, еркек не әйелден ұйқыда не ояу кезде серпінмен және шақуатпен мәни бөлінсе, олар ғұсыл құйынуға міндетті. Бұл жайлы имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында айтқан. Бұл жерде оннан аз адам саны туралы айтылған. болды. Ансарлар: «(Ұрық суы) төгілгеннен не шәует (бөлінгеннен) болмаса ғұсыл құйыну міндет емес», – десе, муһажирлер: «Жоқ, (жыныс мүшелері) жанасса, ғұсыл құйыну міндет болады», – деді», – деп айтқан. Әбу Мұса: «Сендерді бұл (пікір қайшылығынан) мен айықтырамын», – деген. (Әбу Мұса айтады): «Сөйтіп, мен орнымнан тұрып, Айшаның (алдына кіруге) рұқсат сұрадым. Маған рұқсат етілді. Мен оған: «Уа, анашым (немесе уа, мүміндердің анасы)! Сенен бір нәрсе жайлы сұрауды қалаймын, (бірақ) мен сенен ұялып тұрмын», – дедім. Ол: «Менен өзіңді туған анаңнан сұрайтын (нәрсе) жайлы сұраудан ұялма. Шын мәнінде, мен – сенің анаңмын», – деді. Мен: «Ғұсыл құйынуды не міндеттейді?» – деп (сұрадым. Сонда Айша): «Сен хабары бар (адамға) дөп түстің. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер (еркек әйелдің) төрт мүшесі арасына отырып, жыныс мүшесі жыныс мүшесіне жанасса, ғұсыл міндетті болады», – деп айтқан», – деді» (349/88).
Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Умму Кулсумнен (жеткізген). Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Бір кісі Аллаһ елшісінен (с.а.с.) әйелімен жақындасқан, (бірақ) жыныстық қатынасты бойынан кетпей тұрып үзген адам жайлы, ол (әйелі) екеуі ғұсыл құйынуға міндетті ме, (соны) сұрады», – деген. Айша (сол жерде) отыр еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, мен және мынау осылай етеміз де, сосын ғұсыл құйынамыз», – деп айтқан (350/89). құйынатын әйел жөнінде
Исхақ ибн Әбу Талхадан . (Ол айтады): «Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) маған хадис жеткізіп: «(Бірде) Умму Суләйм (ол – Исхақтың әжесі) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әйел ұйқыда ер кісі көретін сияқты (нәрсені) көреді де, бойынан ер кісі көретін сияқты (нәрсені) көреді» , – деді. Айша оның (с.а.с.) қасында еді. Мұнда әйелдің екі қолы және екі аяғы арасы, яғни жыныс мүшесі меңзелген. Ғұламалар ер адамның қасабасы әйелдің жыныс мүшесіне кірмесе, бар болғаны жыныс мүшелерінің бір-бірімен сырттай жанасуы ғана орын алған жағдайда, ғұсыл құйыну міндетті емес екені жөнінде бірауызды келісімге келген (ән-Нәуәуи). Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы, көрнекті табиғиндердің бірі. Пайғамбар (с.а.с.) Айшаны меңзеген. Исхақ ибн Абдуллаһ ибн Әбу Талха, табиғин, хадис жеткізуші. Умму Суләйм Ғұмайса бинт Милхан, сахаба, Әнәстің анасы. Яғни қоймалжың сұйықтық көреді. Мұны осы хадистің әл-Бұхари жеткізген риуаяты нақтылайды. Сонда Айша: «Ей, Умму Суләйм! Сен әйелдердің (сырын) жайдың ғой , оң қолың шаңға батсын2!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) Айшаға: «Керісінше, сенің оң қолың шаңға батсын! Иә, оны көрген жағдайда, ол (әйел) ғұсыл құйынсын , ей, Умму Суләйм!» – деді», – деп айтты» (310/29).
Мәймунадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл құйынатын суды жақындаттым. Ол алақандарын екі не үш рет жуды. Содан кейін қолын ыдысқа батырды да, онымен жыныс мүшесіне су құйып, оны сол қолымен жуды. Сосын сол қолымен жерді ұрып, оны қатты ысқылады. Содан кейін намазға дәрет алғанындай дәрет алды. Сосын алақанын толтыра басына үш рет су құйды. Сосын қалған денесін жуды. Сосын әлгі тұрған орнынан ысырылып, аяқтарын жуды . Содан кейін оған сүлгі әкелген едім, ол оны алмады», – деп айтқан (317/37). Мұнда Айша Умму Суләймнің әдетте әйелдер ер адамдардың алдында сөз етуге ұялатын жайтты әңгімелегенін меңзеген. Бұл – біреуді зекігенде не әлденеге таңғалғанда айтылатын тыйым сөз. Одан оның сыртқы мағынасы меңзелмейді. Яғни егер әйел ұйқыда шақуаттанып, түсінде өзінің жыныстық қатынаста болғанын көріп, мәни бөлінгенін көрген жағдайда, ғұсыл құйынсын. Бұл сөз осындай жағдайдан кейін мәни бөлінді ме, жоқ па, осыны анықтау керектігін көрсетеді. Пайғамбар (с.а.с.) мәнидің бөлінуін ғұсыл құйынуға шарт ретінде бекіткен. Бұл егер әйел мәни бөлінгенін көрмесе, ғұсыл құйынбайтынын көрсетеді. Мәймуна бинт Харис, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің бірі. «Ғұсыл құйыну үшін дәрет алғанда аяқтарды жуу керек пе, жоқ оларды ғұсылдан кейін жуу қажет пе?» деген мәселе жөнінде ғұламалар пікір қайшылығына түскен. Шафиғи мазһабының кейбір өкілдері, олардың қатарында ән-Нәуәуи дәретті толық ету үшін аяқтарды әуелгі дәрет алғанда бір рет, сосын ғұсылдан кейін бір рет жуу мустахаб деп санаған. Алайда әл-Қуртуби және Ибн Хажар Пайғамбар (с.а.с.) аяқтарын көбіне ғұсылдан кейін жуған деген пікір айтқан. Хадистегі ғұсыл құйыну кезінде Пайғамбардың (с.а.с.) намазға дәрет алғанындай дәрет алғанына қатысты сөзге келсек, ең дұрыс пікір, ғұсылдың ішінде дәрет алу сүннет болып табылады. Аталмыш пікірді көптеген ғұлама, солардың қатарында біздің мазһаб ғалымдары («Тәбйин әл-хақаиқ»), әл-Бәйһақи («Сунән», 1/177), Ибн Хазм («Мухаллә», 2/28) және әш-Шәукәни ұстанған. Ғұсыл ішінде дәрет алу міндетті емес екенінің дәлелі Муслим (№328) және басқалар Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадисте келген. Онда Сақиф тұрғындары өздері тұратын аймақ суық болғандықтан, жүніптіктен ғұсыл құйынуды жеңілдетуді өтінген кезде, Пайғамбар (с.а.с.) оларға үш рет бастарына (үстеріне), бүкіл денелеріне су құюды үйреткен. Ән-Нәуәуи, сүлгімен сүртінуге де, сүртінбеуге де рұқсат етілетінін айтқан. Әйтсе де басқалар «сүлгімен сүртінбеу – мустахаб» деп есептеген. Өйткені әт-Тирмизидің айтуынша, сүлгімен сүртіну жөнінде сенімді хадис келмеген. Ал Ибн Хажардың
Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахманнан . Ол: «(Бірде) мен сүт бауырыммен бірге Айшаның (алдына) кірдім. Ол одан Пайғамбардың (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл құйынуы жайлы сұрады. Сонда (Айша) бір сағ көлеміндегі ыдыс алдырып, ғұсыл құйынды. Біз бенен оның арасында перде тұрды. Ол басына үш рет су құйды», – деген. (Әбу Сәләмә): «Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері шаштарын құлақтың сырғалығындай етіп (қысқартып) алатын», – деп айтқан (320/42).
Умму Һәни бинт Әбу Талибтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол Мекке бағындырылған жылы Аллаһ елшісіне (с.а.с.), ол Меккенің жоғарғы жағында болғанда келген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ғұсыл құйыну үшін орнынан көтерілді. Фатима оны қалқалап тұрды . Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)) киімін алып, оған оранып алды. Содан кейін ол сегіз ракағат дұха намазын оқыды (336/71). тасалану жайлы
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісі Мұхаммедтен (с.а.с.) (жеткізіп), олардың қатарында бірнеше хадис айтқан. (Солардың бірінде) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Исраил ұрпақтары бір-бірінің ұятты сілтеме жасауынша, Пайғамбарға (с.а.с.) әйелінің сүлгі ұсынғанының өзі ол (с.а.с.) сүлгімен сүртінгенін көрсетеді. Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Сиымдылығы төрт муддіге немесе шамамен 2,66 литрге тең көлемдік өлшем. Бұл хадис әйелдерге шаштарын қысқартуға рұқсат етілетінін көрсетеді. Ғұламалар да, Пайғамбар (с.а.с.) мен оның әйелдері ғұсыл құйыну үшін салыстырмалы түрде аз мөлшердегі су пайдаланғандары да осыған сілтеме жасайды. Қазы Ғияд, олар Айшаның махрам туыстарға қарауға рұқсат етілетін басын және денесінің жоғарғы бөліктерін (мәселен, мойнын, білектерін) көргенін айтқан. Сондай-ақ оның айтуынша, Әбу Сәләмә Айшаның сүт бауыр немере інісі еді. Өйткені оны Айшаның сіңлісі (не әпкесі) Умму Кулсум бинт Әбу Бәкір емізген. Әл-Қуртуби де олар Айшаның басын және денесінің жоғарғы бөліктерін көргенін, ал Айша ғұсыл құйынған кездегі өздері көрмеген қимыл-әрекеттерге тыңдау арқылы көздері жеткенін айтқан. Әйтсе де Ибн Ражаб «Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахман ибн Ауф Айшаға туыс емес, бәлкім, ол сол кезде балиғатқа жетпеген жас бала болған» деп есептеген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немере қарындасы (не әпкесі). Хадистің басқа риуаяттарында «оны киімімен қалқалап тұрды» деген сөз қосылған. Күн найза бойы көтерілгеннен тас төбеге барғанға дейін оқылатын нәпіл намаз. жеріне қараған күйде жалаңаш жуынатын еді, ал Мұса (аләйһис-сәләм) жалғыз өзі жуынатын. Сонда олар: «Аллаһпен ант етейік! Мұсаны бізбен бірге жуынудан (әуретінің) ісіктігі ғана қайтарады», – дейді. Сөйтіп, бірде (Мұса) жуынуға барып, киімін бір тастың үстіне қойғанда, тас (Аллаһтың әмірімен) киімін ала қашады. Мұса: «Киімім, (ей,) тас! Киімім, (ей,) тас!» – деп оның соңынан ентелей жүгіреді. Исраил ұрпақтары Мұсаның әуретін көріп: «Аллаһпен ант етейік! Мұсада ешқандай кемістік жоқ екен!» – дейді. (Адамдар) оған қараған соң, тас тоқтайды. (Мұса) киімін алып, тасты қойып қалады», – деп айтқан. Әбу Һурайра: «Аллаһпен ант етейін! Мұсаның соққысынан тасқа алты не жеті сызат түскен», – деген (75/339).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ер адам ер адамның әуретіне , әйел әйелдің әуретіне қарамасын, сондай-ақ ер кісі ер кісімен бір жамылғыда жатпасын және әйел әйелмен бір жамылғыда жатпасын», – деп айтқан (338/74). Бұл жерде Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сөздерін жеткізген. Әурет – басқалардың көзінен жасыру тиіс дене мүшелерінің жалпы атауы. Ер кісілердің әуреті – кіндік пен тізе арасы. Бұл – ғұламалардың басым көпшілігінің ең дұрыс пікірі. Өйткені сөз жүзіндегі хадистер іс-әрекет тұрғысындағы хадистерден жоғары қойылады. Сондай-ақ қандай да бір нәрсеге тыйым салған хадистер рұқсат берген хадистерден жоғары қойылады. Әурет тұрғысында: «Кіндік пен тізе арасы – әурет» деген «хасан» хадис келген (Әбу Дәуд, Ахмад, әд-Дарақутни). Имам Әбу Ханифа, әш-Шафиғи және заһирилер «ер адамның кіндігі әуретке жатпайды» деп есептеген. Мәлик, Ахмад (бір хабарда), әс-Суйюти, Ибн Хажар және әш-Шәукәни «ер кісінің тізесі әуретке жатпайды» деп санаған. Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірі бойынша, тізе әуретке жатады. Ал санды жалаңаштау жайлы хадистерді «оны жалаңаш ұстауға қатысты тыйымның қатаңдығы жыныстық мүшені жалаңаштауға қатысты тыйымның қатаңдығындай емес» деп түсінуге болады. Бөтен еркектердің алдында әйелдердің білезіктері мен бетінен басқа (Ибн Аббас, Ибн Омар, Айша (Аллаһ оларға разы болсын) және басқалардың пікірі) барлық денесі әурет болып табылады. Басқаша айтқанда, бөтен еркектерге әйелдің жоғарыда айтылғаннан басқа дене мүшелеріне қарауға болмайды. Яғни бір-бірімен жанасып. Бұл жерде де әйелдердің бір-бірімен жанасып жатуы туралы айтылған. Ер адамдарға (әйелдері мен күңдерінен басқа) әйелдердің әуретіне қарауға, сондай-ақ әйелдерге (күйеуінен басқа) еркектердің әуретіне қарауға тыйым салынған. Мұнда пікір қайшылығы жоқ. Әйелдің махрамдарына (аға-інісі, немере туысы т.с.с.) және басқа әйелдерге оның жұмыс істеген кезде ашылатын дене бөліктеріне ғана қарауға рұқсат етіледі. Бұған мысал ретінде тізе, иық және мойынды келтіруге болады. Кейбір ғалымдар махрам кісі алдында әйелге басын ашуға рұқсат етілетінін айтқан. Қазы Ғияд, әл-Қуртуби және басқалардың да «бұған махрамдардың алдында рұқсат
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) олармен бірге Қағба үшін тас тасығанда изары бар еді. Оған көкесі Аббас: «Уа, бауырымның ұлы! Изарыңды ағытып, иығыңа, тастың астына қойып алсаңшы», – дейді. (Жәбир): «Сонда ол (изарын) ағытып, иығына қойып алды. (Көп ұзамай) ол есінен танып құлап түсті. Сол күннен кейін оны ешкім жалаңаш көрген емес», – деп айтқан (340/77). құйынуы
Муғазадан . Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге арамыздағы бір ыдыстан ғұсыл құйынатын едім. Ол менен озып кететіндіктен, мен: «Маған да қалдыр, маған да қалдыр», – деп айтатынмын», – деген. (Муғаза): «Ол екеуі жүніп күйде (осылай ететін)», – деп айтқан (321/46). жағдайда дәрет алуы
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жүніп болып, тамақтануды не ұйықтауды қаласа, намазға дәрет алғанындай дәрет алатын», – деп айтқан (305/22). етіледі» деп есептегеніне жоғарыда сілтеме жасалған болатын. Мұсылман әйелдердің мұсылман емес әйелдерге беті мен білезіктерінен басқа дене бөліктерін көрсетуіне рұқсат етілмейді. Өйткені мұсылман емес әйелдерге сенуге болмайды, олар өзі көрген мұсылман әйелді басқа еркектерге сипаттап беруі мүмкін. Ал бұған тыйым салынған. Бірақ бұл тұрғыдағы негізгі дәлел көзі – Аллаһ тағаланың «олар зейнеттерін... өз әйелдеріне ғана көрсетсін» деген сөзі (Нұр, 31). Мұнда «өз әйелдері» дегенде – мүмін әйелдер туралы айтылған. ХХ ғасырдағы кейбір адамдар есептегендей, бұған барлық мұсылман және мұсылман емес салиқалы әйелдер кірмейді. Әш-Шәукәни «Фатх әл-Қадир» кітабында (4/22) бұл аятта тек мүмін әйелдер меңзелгенін айтқан. Яғни құрайыштармен. Бұл жерде Исламнан бұрынғы миләди 603-605 жылдары жүргізілген Қағбаны қайта тұрғызу жұмысы туралы айтылған. Бұған Пайғамбар (с.а.с.) да қатысқан-ды. Муғаза бинт Абдуллаһ әл-Адауия, табиғин, хадис жеткізуші әйел. ұйықтауы
Абдуллаһ ибн Әбу Қайстен . Ол: «Мен Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үтір (намазы) туралы сұрадым (ол осы жайлы хадисті айтқан). Мен: «(Пайғамбар (с.а.с.)) жүніп жағдайында қалай ететін еді? Ұйықтаудан бұрын ғұсыл құйынатын ба еді, әлде ғұсыл құйынбай тұрып ұйықтайтын ба еді?» – деп (сұрадым. Айша): «Ол осының бәрін істейтін. Кейде ғұсыл құйынып ұйықтайтын, кейде дәрет алып ұйықтайтын», – деді. (Сонда) мен: «Істе кеңшілік жасаған Аллаһқа мақтау болсын!» – деп айттым», – деген (307/26). дәрет алсын
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбірің әйелімен жақындасып, сосын қайталағысы келсе, дәрет алсын», – деп айтты», – деген (308/27).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Сапарларының бірінде Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге (жолға) шықтық . Әл-Бәйдада (немесе Зәт әл-Жәйште) болғанымызда, менің моншағым үзіліп қалды да, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны іздеу үшін аялдады, адамдар да онымен бірге аялдады. Олар сусыз жерде еді, өздерімен бірге су да жоқ-ты. Адамдар Әбу Бәкірге келіп: «Айшаның не істегенін көрмейсің бе? Аллаһ елшісін (с.а.с.) және онымен бірге адамдарды аялдатып қойды, ал олар сусыз жерде, өздерімен бірге су да жоқ», – дейді. Әбу Бәкір келгенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) менің саныма басын қойып ұйықтап кеткен еді. (Әкем): «Сен Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен адамдарды тостырып қойдың. Олар сусыз жерде, өздерімен бірге су да жоқ», – деді»; Абдуллаһ ибн Әбу Қайс – табиғин, хадис жеткізуші. Тақ санды ракағаттан тұратын түнгі намаз. Ғұламалардың басым көпшілігі жүніп кезде ұйықтар алдында я әйелімен қайта жақындасқысы келгенде, дәрет алу және ғұсыл құйыну міндетті емес мустахаб екенін айтқан. Жүніп жағдайында суға қол тигізбей-ақ ұйықтауға рұқсат етіледі. Өйткені Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жүніп жағдайында суға қол тигізбей ұйықтайтын», – деп айтқан (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Әл-Бәйқаһи және бір топ ғалым хадисті «сахих» хадис санатына жатқызған. Хадисте һижраның 4-жылы бәну мусталиқ тайпасына жасалған жорық туралы айтылған. Әл-Бәйда және Зәт әл-Жәйш – Мәдина мен Хайбар арасындағы жер атаулары. Әбу Бәкір – Айшаның (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) әкесі. (Айша): «Әбу Бәкір мені жазғырып, Аллаһ айтуын қалаған (сөздерді) айтты және қолымен бүйірімді нұқи бастады. Қозғалуыма Аллаһ елшісінің (с.а.с.) санымда жатқаны ғана кедергі келтірді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) таңертең тұрғанда су жоқ еді. Аллаһ таяммум аятын түсіріп, (адамдар) таяммум жасады . Сонда үлкендердің бірі Усәйд ибн Худайр3: «Бұл сендерге (түсірілген) берекенің әуелгісі емес, ей, Әбу Бәкірдің отбасы!» – деді», – дейді. Айша: «Сосын мен мініп жүрген түйені тұрғызған едік, моншақты соның астынан таптық», – деп айтқан (367/108).
Шақиқтан . Ол: «Мен Абдуллаһ (ибн Масғұд) және Әбу Мұса (әл- Ашғаримен) бірге отыр едім, Әбу Мұса: «Ей, Әбу Абдур-Рахман5! Не айтасың, егер бір кісі жүніп болып, бір ай бойы су таппаса, намазды қалай етеді?» – деп (сұрады). Абдуллаһ: «Ол бір ай бойы су таппаса да, таяммум соқпайды», – деді. Әбу Мұса: «Сонда «Мәида» сүресіндегі: «Егер су таппасаңдар, таза жер қыртысына таяммум соғыңдар» (деген) мына аят қалай?» – деді. Абдуллаһ: «Егер оларға бұл аятта рұқсат етілсе , олар өздеріне су суық болған жағдайда жер қыртысына таяммум соғуға кірісер еді», – деді. Әбу Мұса Абдуллаһқа: «Сен Аммардың: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені бір қажеттілік үшін жұмсады. Мен (жолда) жүніп болып , су таппаған соң жануар аунағандай жерге аунадым. Содан кейін Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, оған мұны айтқан едім, ол: «Шын мәнінде, саған қолдарыңмен былай етуің жеткілікті болар еді», – деп, қолдарымен жерді бір ұрып, сол қолын оң қолына сүртті және алақандарының сырты мен бетіне (мәсіх тартты)» деген сөзін естімегенсің бе?» – деді. Абдуллаһ: «Ниса» сүресінің 43-аятын және «Мәида» сүресінің 6-аятын қараңыз. Таяммумды қалай жасау керектігі төменде айтылған. Ал таяммум соғатын нәрсе туралы айтсақ, ол құм (жер, топырақ) болуы міндетті емес. Керісінше, шаңға, тасқа және жердің беткі қыртысындағы барлық таза нәрселерге, тіпті қабырғаға да таяммум жасай беруге болады. Бұл «Барлық жер беті мен үшін және менің үмбетім үшін сәжде орны әрі тазалану құралы етілді» деген хадистің жалпы мағынасынан алынады. Аталмыш пікірді имам Әбу Ханифа, Мәлик, Ибн Хазм (2/158-161) және де басқа ғалымдар ұстанған. Усәйд ибн Худайр (Аллаһ оған разы болсын) – ансарлар қатарына жататын көрнекті сахаба. Әбу Уәил, ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Абдуллаһ ибн Масғұдтің күния есімі. «Мәида» сүресі, 6-аят. Яғни таяммум соғуға. Яғни түсінде бойынан шәует бөлінген. Әл-Бұхари жеткізген риуаятта: «Ол алақандарымен жерді ұрып, (алақандарын) үрледі де, олармен бетіне және қолдарының білезігіне мәсіх тартты» деп айтылған. Бұл хадисті «таяммум жасағанда алақандарды құмға бір рет қана тигізіп, «Сен Омар Аммардың сөзіне қанағаттанбағанын көрмегенсің бе?» – деді», – деп айтқан. (368/110).
Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) азат еткен құлы Ғұмайрден . (Хадисті жеткізушілердің бірі Абдур-Рахман ибн Һурмуз4) оның: «(Бірде) мен Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Мәймунаның азат еткен құлы Абдур-Рахман ибн Ясармен бірге келіп, біз Әбу Жуһайм ибн Харис ибн Симма әл-Ансаридің (Аллаһ оған разы болсын) (алдына) кірдік. Сонда Әбу Жуһайм: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) Жәмәл құдығы жақтан келе жатқанда, оған бір кісі жолығып, сәлем берді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған жауап қатпастан дуалға келді де (таяммум соғып), беті-қолдарын сипап, сосын барып оның сәлеміне жауап қайтарды», – деді», – деп айтқанын естіген (369/114). олармен бетке және қол білезігінің ішкі-сыртқы жағына мәсіх тарту тиіс» деп есептейтіндер дәлел ретінде келтірген. Ал имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл- Һидая» кітабында: «Таяммум – екі соққы. Бірі – бетке мәсіх тарту үшін, екіншісі – екі қолға шынтақтарға дейін мәсіх тарту үшін», – деп айтқан. Яғни Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын). Омар бұл жайтты ұмытып қалған еді. Аммар оған мұны әңгімелеп бергенде, Омар оның сөзін теріске шығарған болатын. Алайда уәжді себеп болғанда, таяммум соғу уақыттық шектеуді қажет етпейді. Бірақ уәжді себеп жоғалған заматта мұсылман Аллаһтан қорқып, сумен тазалануға міндетті. Бұл Баззар Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген «сахих» хадистен алынады. Онда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мүмін мұсылман су таппаса, он жыл бойы да таяммум жасай алады. Ал су тапқан кезінде Аллаһтан қорқып, денесіне су тигізсін», – деп айтқан. Ибн Қаттан мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Әт-Тирмизи осы сияқты хадисті Әбу Заррдан жеткізген және оны «сахих» деп атаған. Осындай пікірді әл-Хаким де ұстанған. Ғұмайр ибн Абдуллаһ әл-Һиләли, табиғин, хадис жеткізуші. Абдур-Рахман ибн Һурмуз – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Сірә, бұл Абдур-Рахманның бауыры Абдуллаһ болса керек. Муслим жеткізген хадистердің иснадын тексерген ғалымдар осылай деп көрсеткен. Мәдина маңындағы құдық атауы. Сәлемдесудің құрамдас бөлігі «әс-Сәләм» сөзі Аллаһ тағаланың көркем есімдерінің бірі болып табылады. Сондықтан да Аллаһ елшісі (с.а.с.) (осы хадистің басқа риуаяттарында нақтыланғандай) жүніп жағдайында сәлемге жауап қайтаруды өзіне мәкруһ санаған, (бірақ үзілді-кесілді тыйым салмаған). Алайда кейбір ғалымдар дәретсіз сәлемге жауап қайтаруға және Құран оқуға рұқсат етілетінін айтқан. Өйткені осы кітаптағы 123-хадисте көрсетілгендей, Пайғамбар (с.а.с.) ұйқыдан оянғаннан кейін дәрет алмай-ақ Құран аятын оқыған (бұл хадисті әл- Бұхари де ұсынған). Олар бұған үзілді-кесілді тыйым салынғанына қатысты дәйектер әлсіз немесе дұрыс түсіндірілмейтінін айтқан. Бұл тұрғыда «Сунән» жинақтары иелері Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадис бар. Онда: «Маған намаз оқу үшін ғана дәрет алу бұйырылды» деп айтылған. Ол
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) оны Мәдина жолдарының бірінде кездестіреді, (Әбу Һурайра) жүніп күйде еді. Ол байқатпай барып, ғұсыл құйынады. Пайғамбар (с.а.с.) оны іздейді. Келген кезінде: «Қайда болдың, ей, Әбу Һурайра?» – деп (сұрайды. Әбу Һурайра): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен мені жүніп күйімде жолықтырдың, сондықтан ғұсыл құйынбайынша өзіңмен бірге отыруды қаламадым», – деп (жауап береді). Аллаһ елшісі (с.а.с.) сонда: «Субханаллаһ1! Ақиқатында мүмін (еш уақытта) нәжіс болмайды», – деп айтқан (371).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) барлық уақытта Аллаһты еске алатын», – деп айтқан (373/117). мұны қабылдауға болатын «сахих» деп атаған. Бұл пікірді сондай-ақ Ибн Аббас, Сағид ибн Мусаййаб, Сағид ибн Жубәйр, Икрима, имам Дауд, Ибн Хазм және басқа заһирилер ұстанған. Әйтсе де, жоғарыда айтылғандай, бәрібір Құран оқығанда және адамдарға сәлем бергенде дәретті болу мустахаб. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Сәжде аятын оқығанда дәретсіз сәжде жасау дұрыс болмайды... Намазға азан шақыруды және оған қамат айтуды дәретті жағдайда орындау қажет. Алайда ол намазға дәретсіз азан шақырған болса, бұл есепке алынады. Өйткені намазға азан шақыру намаз емес, зікір сөзі болып табылады. Сондықтан бұл үшін дәрет алу Құран оқығандағы сияқты мустахаб саналады», – деп айтқан. Сондай-ақ сол орында ол имам Мұхаммед ибн Хасанның «Жамиғ әс- сағир» кітабындағы сөзін келтірген. Онда имам Мұхаммед: «Егер ол намазға азан шақыруды және қамат айтуды дәретсіз орындаса, бұларды қайталамайды. Ал енді мұны жүніп жағдайында жасаған адамға келсек, менің пікірімше, оның мұны қайталағаны жөн», – деген. Имам ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде айтуынша, бұл хадистен таяммум соғу үшін шаңы бар дуалға қолды сүйкеуге рұқсат етілетіні, сондай-ақ таяммум арқылы парыз әрі нәпіл ғибадат түрлеріне тазалануға рұқсат етілетіні жайлы қорытынды шығады. «Субханаллаһ» сөзі бұл жерде таңданыс мағынасын білдіреді. Басқа бір риуаятта: «мұсылман» деп келген. Яғни мүмін адам намаз оқуға болмайтын дәретсіз не жүніп жағдайында жүруі мүмкін, бірақ ол ешқашан таза емес – нәжіс саналмайды. Әл-Бұхари өзінің жинағында Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) муъаллақ (яғни риуаятшылар тізбегінде мухаддис пен одан жоғарғы тізбектегі сахабаға дейінгі адамдар арасында үзіліс бар) хадис келтірген. Онда: «Мұсылман тірі күйінде де, өлі күйінде де таза емес болмайды» деп айтылған. «Тәубе» сүресіндегі «Негізінде мүшріктер таза емес» (Тәубе, 28) деген аятқа келсек, имам ән-Нәуәуи айтқандай, мұнда мүшріктер нәжіс сияқты таза емес деген мағына меңзелмеген. Керісінше, олардың сенімдерінің таза еместігі және олардың дәретсіз екендіктері көзделген. Яғни барлық жағдайда, дәретті болсын, дәретсіз болсын Аллаһ тағаланы еске алудан еш танбайтын.
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) әжетханадан шыққанда, оған тағам әкелген. (Адамдар) оған дәрет алуды ескерткенде, ол: «Мен намаз оқығым келсе, дәрет аламын», – деп айтқан (374/118). Осы кітаптағы 169-хадистің сілтемесін қараңыз. деген сөзі жөнінде
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Яһудилер өз араларында әйел хайыз көрген жағдайда, онымен бірге тамақтанбайтын және олармен үйлерде бірге болмайтын. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары (бұл жайлы) Пайғамбардан (с.а.с.) сұрағанда, Аллаһ тағала «Олар сенен хайыз жайлы сұрайды. (Оларға): «Ол – жайсыздық. Сондықтан хайыз кезінде әйелдерден оңашаланыңдар» (деген) аятты аяғына дейін түсірді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жақындасудан басқа барлық нәрсені істей беріңдер», – деді. Бұл (хабар) яһудилерге жеткенде, олар: «Бұл кісі қашан біздің ісімізден бір нәрсені қалдырғысы келсе, міндетті түрде оған қатысты бізге қарама-қайшы істейді», – деседі. Сонда Усәйд ибн Худайр мен Аббад ибн Бишр келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, яһудилер былай-былай деп айтып жүр, біз олармен жақындаспаймыз ба?» – деді. Сонда Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жүзі өзгеріп кетті . Тіпті біз (Пайғамбар (с.а.с.)) ол екеуіне ренжіп қалды деп ойладық. Сөйтіп, олар сыртқа шықты, оларға Пайғамбарға (с.а.с.) сыйлыққа сүт (әкелген адам) қарсы жолықты. (Пайғамбар (с.а.с.)) олардың соңынан (адам) жіберіп, оларға (сүттен) ішкізді. (Содан кейін) олар (Аллаһ елшісінің (с.а.с.)) өздеріне ренжімегенін білді (302/16).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Әсмә Пайғамбардан (с.а.с.) хайыздан (тазарғанда) ғұсыл құйыну туралы сұрағанда, ол (с.а.с.): «Сендердің бірің су мен сидр алып, жақсылап тазаланады . Сосын басына су құйып, (су) бас терісіне жеткенше қатты ысқылайды. Сонан соң үстіне су құяды. Содан кейін миск себілген езгі алып, онымен тазаланады», – дейді. Әсмә: «Онымен қалай тазаланады?» – деп «Бақара» сүресі, 222-аят. Яғни хайыз жағдайындағы әйелдермен. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) оларға назарын сирек тастады және жүзі әдеттегіше жарқын болмады. Өйткені кәпірлерге қарама-қайшы іс жасауды қалау тыйым салынған нәрсені істеуге уәж болмайды. Яғни Усәйд ибн Худайр мен Аббас ибн Бишрге. Хайыз жағдайынан шыққан әйелдермен қашан жақындасуға болатыны жайлы және истихадасы бар әйел жөніндегі мәселеге қатысты осы кітаптағы 590-хадистің түсіндірмесіне қараңыз. Әсмә бинт Шәкәл, ансарлар қатарындағы сахаба әйел. Имам ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл жерде дәрет алу туралы айтылған. Ол кездегі езгілер бір жұлым жүннен не мақтадан немесе жүні алынбаған теріден жасалатын. (сұрайды . Пайғамбар (с.а.с.)): «Субханаллаһ! Сонымен тазаланасың!» – дейді . Сонда Айша мұны құпиялап (жеткізгендей): «Қан іздерін кетіресің», – дейді. Сондай-ақ (Әсмә Пайғамбардан (с.а.с.)) жүніптіктен ғұсыл құйыну туралы сұрайды. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Су алып, жақсылап (не кемеліне жеткізе) тазаланады. Сосын басына су құйып, (су) бас терісіне жеткенше ысқылайды. Содан кейін үстіне су құяды», – дейді. Айша: «Ансарлардың әйелдері қандай жақсы әйелдер! Оларға дінді үйренуге ұят кедергі жасаған жоқ», – деп айтқан (332/61).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешітте болған кезінде: «Ей, Айша! Маған киімді әперші» , – деді. Ол: «Мен хайызбын ғой», – деген еді, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сенің хайызың қолыңда емес қой», – деді. Сөйтіп, (Айша) оған (киімді) әперді», – деп айтқан (299/13).
Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен үйге қажеттілік үшін кіретінмін . Онда науқас (адам) болса, ол жайлы өтіп бара жатып қана сұрайтынмын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешіттен маған басын сұғатын еді де, мен оны тарап беретінмін . Ол (с.а.с.) иғтикаф жағдайында үйге қажеттілік үшін ғана кіретін», – деп айтқан. жатқан ер кісінің Құран оқуы
Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге хамила жамылып жатқанымда, етеккірім келді. Әл-Бұхари жеткізген риуаятта Әсмә бұл сұрақты үш рет қайталаған. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұны ашық түсіндіруге ұялған. Басқа хадистерде Пайғамбар (с.а.с.) төсенішті әперуді сұраған. Айша бұл жерде мешітте иғтикафта отырған кездегі әрекетін әңгімелеген. Тағы бір риуаятта: «Басын жуып беретінмін» деп айтылған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің бірі. Хамила – қалың матадан тігілген киім. Ақырын тұрып, хайыз киімімді алдым . Аллаһ елшісі (с.а.с.) менен: «Нифас болып қалдың ба?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім. Сонда ол мені шақырып, онымен бірге хамила астында жаттым», – деген. (Умму Сәләмәның қызы3): «Ол және Аллаһ елшісі (с.а.с.) жүніптіктен бір ыдыста ғұсыл құйынатын еді», – деп айтқан (296/5). аймалау
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біреуіміз хайыз болса, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған хайызының бастапқы (не көп) бөлігінде изар киюді бұйыратын да, сосын оны құшақтап аймалайтын», – деп айтқан. (Айша): «Қайсыбірің Аллаһ елшісі (с.а.с.) шақуатына ие болғандай шақуатына ие бола алады?» – деген (293/2).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен хайыз халімде (сусын) ішетінмін де, сосын оны Пайғамбарға (с.а.с.) ұзататынмын. Ол аузын менің аузымның орнына қойып ішетін. Сондай-ақ мен хайыз халімде ет тістейтінмін де, сосын оны Пайғамбарға (с.а.с.) ұзататынмын. Ол аузын менің аузымның орнына қоятын», – деп айтқан (300/14).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Умму Хабиба бинт Жахш Аллаһ елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрап: «Мен истихадасы бар (әйелмін)», – деді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Шын мәнінде, ол тамырдан (келетін қан) . Ғұсыл құйын да, намаз оқы», – деді. (Содан кейін) ол әр намазда ғұсыл құйынатын», – деген. Ләйс ибн Сағд8: «Ибн Шиһаб Аллаһ елшісі (с.а.с.) Умму Хабиба бинт Жахшқа әр намазда ғұсыл құйынуды бұйырғанын айтпаған. Бірақ бұл – ол істеген нәрсе», – деп айтқан (334/63). Яғни етеккір жағдайында киетін киімін алған. Нифас – әйелдерде босанғаннан кейін келетін қан. Кейде нифас пен хайыз әйелдердің діни міндеттерін орындауда бірдей үкімге ие болғандықтан, ол екеуі бір- біріне ауыстырылып қолданыла береді. Умму Сәләмәның қызы хадисті анасынан жеткізген. Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдері туралы айтылған. Изар – дамбал ретінде кіндік пен екі тізе арасына оралатын мата. Бұл – әйелдерде етеккір мерзімінен тыс, жатырдан қан келетін созылмалы ауру. Яғни қан келуі осыдан пайда болады. Ләйс ибн Сағд – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, фақиһ, ғалым, имам, хадис жеткізуші. оразаның қазасын өтейді
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Табиғи қасиет бесеу (немесе бес (нәрсе) табиғи қасиетке жатады): сүндетке отыру, (шаптың жүндерін) қыру, тырнақтарды алу, қолтық (жүнін) жұлу және мұртты қысқарту », – деп айтқан (257/49).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Он (нәрсе) табиғи қасиетке жатады: мұртты басу, сақалды өсіру, мисуак (пайдалану), мұрынды сумен шаю, тырнақтарды алу, саусақтардың араларын жуу, қолтық (жүнін) жұлу, шаптың жүнін қыру және сумен тазалану », – деп айтты», – деген. Зәкәрия8: «Мусғаб1: «Оныншысын ұмытып қалдым, бірақ ауызды шаю болса керек», – дейді. Қутайба2: «Уакиғ3: «Сумен тазалану, яғни истинжа», – деді», – (деп) қосқан (261/56). Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғиндер қатарындағы ғалым, мухаддис. Муғаза бинт Абдуллаһ әл-Адауия, табиғин, хадис жеткізуші әйел. Харура – Әли ибн Әбу Талибтің (Аллаһ оған разы болсын) ләшкерін тастап, мұсылмандардан бөлініп шыққан он екі мың адам бас біріктірген Ирактың Куфа қаласы маңындағы елді мекеннің аты. Мұсылмандар арасында ыдырау дәл осы жерден бастау алды. Хауариждер (бөлініп шығушылар) әйел хайыздан тазаланғаннан кейін қаза болған намаздарын өтеу керек деп есептеген. Айша (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде де әйелдердің хайыз жағдайында болғанын меңзеген. Сахабалардың: «Пайғамбардың (с.а.с.) кезінде бізге бұйырылған еді... біз істедік», «...бұл сүннет болып табылады» деген сияқты хабарлары (яғни мауқуф хадистер) шариғи заң күшіне ие (яғни олардың түп- төркіні Аллаһ елшісіне (с.а.с.) барып тіреліп, үкім тұрғысында Пайғамбардың (с.а.с.) сөзі сияқты (марфуъ) болады). Қолтық жүнін тек жұлу емес, кез келген тәсілмен алуға болады. Мұнда мұртты үстіңгі ерінге түспейтіндей етіп қысқарту айтылған. Мұнда истинжа – екі несеп жолынан шыққан нәжісті сумен жуып тазарту меңзелген. Зәкәрия ибн Әбу Зәида, табиғин, хадис жеткізуші.
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Түсімде мисуакпен (тісімді) тазалап жатқанымды көрдім. Сол кезде екі кісі мені (өздеріне) тартты, біреуі екіншісінен егделеу еді. Мисуакты (жасы) кішісіне ұсынғанымда, маған: «(Жасы) үлкеніне!» – делінді де, оны үлкеніне бердім», – деген (303/70).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер мүшріктерге қарама-қарсы істеңдер: мұртты қысқартып, сақал қойыңдар», – деп айтты», – деген (259/54).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мұртты қысқартуда, тырнақтарды алуда, қолтық (жүнін) жұлуда және шап (жүндерін) қыруда, қырық түннен артық қалдырмауымыз үшін бізге уақыт белгіленді», – деген (258/51).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге мешітте (отырғанымызда), кенет бір бәдәуи келіп, мешітте тұрып дәрет сындыра бастады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары: «Тоқтат, тоқтат!» – десті . Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оның дәрет сындыруын тоқтатпаңдар, оны жайына қалдырыңдар», – деді. Сөйтіп, олар оны дәрет сындырып болғанша жайына қалдырды. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны шақырып, оған: «Ақиқатында, бұл мешіттер мына зәр және ластық сияқтыларға жарамайды. Шын мәнінде, олар – Аллаһ тағаланы еске алу, намаз және Құран оқу үшін», – деді (немесе Аллаһ елшісі (с.а.с.) айтқандай (сөздер айтылды))»6; Мусғаб ибн Шәйбә, табиғин, хадис жеткізуші. Қутайба ибн Сағид, Муслимнің ұстазы. Уакиғ ибн Жаррах, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғалым, хадис жеткізуші. Яғни мұрттарын өсіріп, сақалдарын қырып тастайтын мүшріктердің салтын істемей, оларға қарама-қайшы жасаңдар. Басқа бір риуаятта: «Оған тап беру үшін олар орындарынан өре түрегелді» деп айтылған. Ән-Нәуәуи бұл хадистен мешіттерді таза емес нәрселерден, құсықтан, түкірік- қақырықтан, олардың ішінде дауыс көтеруден, балағат сөздер айтудан, сауда-саттық келісімдерін жасаудан және де басқа келісімшарттар түзуден сақтау және тазарту керек деген қорытынды шығатынын айтқан. Әңгіме, сұхбат құру үшін мешітте отыруға болатыны жөнінде мұсылмандар бірауызды келісімге келген. Егер мешітте болу иғтикафқа отыруға, білім үйренуге, Құран оқуға, уағыз-құтпа тыңдауға және келесі намазды күтуге бағытталса, онда бұл мустахаб амал саналады. Ал егер (Әнәс): «Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) адамдардан бір кісіге бұйырып, ол бір шелек су әкелді де, оны (зәрдің) үстіне құйды», – деп айтқан (285/100).
Умму Қайс бинт Михсаннан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) тамақ жейтін (жасқа) жетпеген баласын алып келген. Ғұбайдуллаһ2: «(Умму Қайстың) маған хабарлауынша, оның әлгі баласы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тізесіне жіберіп қойған. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) су алдырып, оны киіміне (зәр тиген орынға) бүркіген және оны жумаған», – деп айтқан (287/104).
Абдуллаһ ибн Шиһаб әл-Хауланиден . Ол: «(Бірде) мен Айшаның (үйіне) түстім. (Ол жерде) екі киімімде (жатып) ұйқыда шақуатқа берілдім. Сөйтіп, ол (киімдерімді) суға батырдым. Мені Айшаның қызметкер әйелі көріп, (мұны) оған хабарлады. Сонда Айша мені шақыртып: «Киімдеріңе (әлгі) істегеніңе сені не итермеледі?» – деп (сұрады). Мен: «Ұйқыдағы (адам) түсінде көретінді көрдім», – деп айттым. «Сен (киімдеріңде) бір нәрсе көрдің бе?» – деп (сұрады). «Жоқ», – дедім. Сонда ол: «Егер бір нәрсе көргенде де, оны жуар ма едің?! Расында, мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мешітте болу жоғарыдағы мақсаттарға арналмаған жағдайда, ол рұқсат етілген әрекет болып табылады. Мұндай мақсатта мешітте болудың мустахаб екендігі жайлы пікір әлсіз. Сондай-ақ ән-Нәуәуидің пікірі бойынша, мешітте ұйықтауға рұқсат етіледі. Сағид ибн Мусаййаб, Хасан әл-Басри, Ата, әш-Шафиғи және Ибн Мунзирдің де пікірі осындай. Мұсылмандар рұқсат берген жағдайда кәпір адамның да мешітке кіруіне рұқсат етіледі. Ибн Мунзир дәрет сындырмаған және басқаларға зиян тимейтін жағдайда мешіт ішінде дәрет алуға рұқсат етілетінін айтқан. Керісінше жағдайда бұл әрекет мәкруһ болып табылады. Ибн Хажар қажет әңгіме барысында мешітте дауыс көтеруге рұқсат етіледі деп есептеген (әл-Бұхари, Кағб ибн Мәлик өз қарызын мешітте дауыс көтеріп даулағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған қарызының бір бөлігін кешуді бұйырғаны жайлы хадисті жеткізген (№457). Бірақ әңгіме бос сөзге бағытталса, онда дауыс көтеруге рұқсат етілмейді (Омар (Аллаһ оған разы болсын) мешітте дауыс көтеріп әңгімелескен Таиф тұрғындарына ескерту жасаған). Яғни ол тек анасының сүтімен азықтанатын емізулі сәби еді. Ғұбайдуллаһ ибн Абдуллаһ ибн Ғұтба, фақиһ, табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, осы мәселеге қатысты үш пікірдің ең дұрысы, тек ана сүтімен қоректенетін емізулі ер баланың зәріне көп мөлшерде су бүрку жеткілікті, ал қыз баланың зәрін жуу қажет. Дәуд әз-Заһириден басқа барлық ғалымдар емізулі сәбидің зәрі таза емес екенін айтқан. Емізулі сәби жіберіп қойған орынға су бүркуге келсек, бұл жеңілдік болып табылады. Абдуллаһ ибн Шиһаб әл-Хаулани – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Бұл жерде шақуаттануға итермелейтін түстер туралы айтылған. киімінен кепкен мәниді тырнағыммен үгіткеніме куәмін», – деп айтты», – деген (290/109).
Әбу Бәкірдің қызы Әсмәдан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбарға (с.а.с.) бір әйел келіп: «Біреуіміздің киіміне хайыз қаны тисе, оны қалай етеді?» – деп (сұрады). Ол: «Оны үгітеді, сосын сумен ысқылап (жуып), (орнына су) бүркиді де, онымен намаз оқи береді», – деді», – деп айтқан (291/110). Әли ибн Әбу Талиб, Сағд ибн Әбу Уаққас, Айша, Ибн Омар (Аллаһ оларға разы болсын), имам Әбу Дәуд, Ахмад (ең сенімді хабарлардың бірінде) және шафиғи мазһабының фақиһтері еркек және әйел мәниін таза деп есептеген. Сондай-ақ әйелдің жыныс мүшесінің ылғалы да таза саналады. Хадистің риуаяттарының бірінде Айшаның: «Кейде мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) киімінен ол намаз оқитын кезде мәниді үгітіп түсіретінмін», – дегені хабарланады (әл-Бәйһақи, әд-Дарақутни, Ибн Хузайма, Ибн әл-Жәузи). Ибн Хажардың пікірі бойынша, хадистің риуаятшылары сенімге ие. Ал басқа бір хадисте Ибн Аббастың айтуынша, бірде Аллаһ елшісінен (с.а.с.) киімге тиген ер адамның мәниі жайлы сұраған. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, ол сіңбірік, қақырық не сілекей сияқты. Сондықтан (оны) қандай да бір затпен не жұмыр қамыс бұтағымен сүрту жеткілікті», – деп айтқан (әд-Дарақутни, әл- Бәйһақи). Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірі бойынша, мәни нәжіс саналады. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) Айшаға оны ылғал болса – жууды, кебу болса – үгітуді бұйырған. Адам тек шақуатын қоздырған түс көрген, бірақ киімінде мәни ізін көрмеген жағдайда ғұсыл құйынудың міндетті емес екендігі жөнінде ғұламалар бірауызды келісімге келген (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Бұл тұрғыда Ибн Мәжәһ (№612), Ахмад және әд-Дарими Айшадан жеткізген хадис бар. Мухаддистер оны «хасан» хадис санатына жатқызған. Ән-Нәуәуи бұл хадистен хайыз қанының таза еместігі жайлы қорытынды шығатынын және мұсылман ғалымдары бұл жөнінде ортақ пікірде екенін айтқан. Хайыз қанын сірке суымен немесе басқа да сұйықтықпен жуу сумен жууды алмастыра алмайды. Мұндай жағдайда міндетті саналатын нақ сумен жуу туралы бұйрық бұзылады. Егер нәжіс зәр сияқты көзге көрінбейтін болса, оны бір рет жуу – міндет, ал екінші, үшінші рет жуу мустахаб әрекет болып табылады. Ал егер нәжіс қан сияқты көзге көрінетін болса, оны толық кеткенше жуу керек. Оны да екінші, үшінші рет жуу мустахаб саналады. Сол сияқты киімді сығу да міндетті емес. Жуғаннан кейін киімде нәжістің түсі және иісі қалса да, киім таза саналады.
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мұсылмандар Мәдинаға (қоныс аударып) келген кезде жиналып, намазға (шақыру) үшін уақыт белгілемек болды, (ол уақытта намазға) ешкім азан айтпайтын. Бір күні олар осы жөнінде сөйлесе отырып, кейбіреулері: «Христиандардың қоңырауы секілді қоңырау жасап алыңдар», – деді. Енді біреулері: «Яһудилердің кернейі сияқты керней (пайдаланайық)», – деді. Ал Омар: «Намазға шақыруды бір кісіге тапсырсаңдар қайтеді?» – деді. (Сонда) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, Біләл! Тұр, намазға шақыр!» – деді», – деп айтқан (377/1).
Әбу Махзурадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) оған осы азанды (былайша) үйреткен: «Аллаһу әкбар (Аллаһ Ұлы)! Аллаһу әкбар (Аллаһ Ұлы)!2 Әшһәду әллә иләһә илләллаһ (Аллаһтан өзге ешбір құдай жоқтығына куәлік беремін)! Әшһәду әллә иләһә илләллаһ (Аллаһтан өзге ешбір құдай жоқтығына куәлік беремін)! Әшһәду әннә Мухаммәдәр-расулуллаһ (Мұхаммед – Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беремін)! Әшһәду әннә Мухаммәдәр-расулуллаһ (Мұхаммед – Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беремін)! Сосын қайталап: Ән-Нәуәуи бұл хадисте қандай да бір мәселе бойынша үмбет арасында кеңесудің мустахаб екенін айтқан. Сондай-ақ хадистен пікірі уахимен сәйкес келген Омардың (Аллаһ оған разы болсын) қадір-қасиеті көрінеді. Қазы Ғиядтың айтуынша, Абдуллаһ ибн Зәйд пен Омар ибн әл-Хаттабтың кереметпен көрген түстері нәтижесінде бекітілген азан сөздерінен бұрын Аллаһ елшісінің (с.а.с.) зор дауысты сахабаларының бірі Біләл: «Намазға жиналыңдар!» деп қатты дауыстап айқайлайтын болған. Әл-Асқалани «Сахих әл-Бұхариге» жазған түсіндірмесінде әл- Аузағи, Дауд, Ибн Дақиқ әл-Ғид, Мәлик, Ибн Мунзир және Мұхаммед ибн Хасан «азан шақыруды міндетті» деп санағанын нақыл еткен. Өйткені намазын дұрыс оқымаған адам жайлы хадисте азан шақыру, сосын қамат айту бұйырылған. Ал бұйрық қашан мансұқ етілмейінше міндеттілікті меңзейді (қ.: «Ас-ила», 2- басылым). Сондай-ақ бұл хадисті Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи және Ибн Мәжәһ жеткізген. Муслимнің риуаятында «Аллаһу әкбар!» деген сөз азанның басында екі рет қайталанатыны хабарланса, басқа риуаяттарда ол төрт рет қайталанады. Таң намазына азан шақырудағы «Әс-Салату хайрум-минән-нәум» (Намаз ұйқыдан қайырлы) деген қосымшаға қатысты осы кітаптағы 586-хадистің түсіндірмесін қараңыз. «Әшһәду әллә иләһә илләллаһ (Аллаһтан өзге ешбір құдай жоқтығына куәлік беремін)! Әшһәду әллә иләһә илләллаһ (Аллаһтан өзге ешбір құдай жоқтығына куәлік беремін)! Әшһәду әннә Мухаммәдәр-расулуллаһ (Мұхаммед – Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беремін)! Әшһәду әннә Мухаммәдәр-расулуллаһ (Мұхаммед – Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беремін)!» – дейді. Хаййә аләс-саләһ (Намазға асығыңдар) – 2 рет. Хаййә аләл-фәләх (Құтылуға асығыңдар) – 2 рет. Исхақ2: «Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә илләллаһ (Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ)» (деп) қосқан (379/6). айтылады)
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біләлға азан (сөздерін) жұп айту, ал қамат (сөздерін) тақ айту бұйырылды», – деген. Яхия өз хадисінде Ибн Ғұләййәдан4: «Мұны Айюбке айтқан едім, ол: «Қад қамәтис-саләһ» (Намазға тұру басталды) дегеннен басқасын», – деп айтты» (деп) қосқан (378/2). Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған намазға азан шақырғанда екі куәлік сөзін әуелі бәсең дауыспен, содан кейін қайталап дауыстап айтуды үйреткен. Бұлайша осы сөздерді әуелі бәсең дауыспен, содан кейін қайталап дауыстап айту «таржиғ» деп аталады. Фақиһтердің басым көпшілігі «бұлай ету мустахаб» деп есептеген және бұл үкім мансұқ етілмеген. Өйткені Әбу Махзура жеткізген хадистің тарихы Хунайн жорығынан кейін һижраның 8-жылына, ал Абдуллаһ ибн Зәйд жеткізген таржиғ көрсетілмеген хадистің тарихы һижраның 1-жылына барып тіреледі. Исхақ ибн Ибраһим ибн Раһауайһ әл-Ханзали әл-Маруази – Муслимнің ұстазы, ғалым, мухаддис әрі хадис жеткізуші. Муслимнің ұстазы. Исмаил ибн Ибраһим әл-Басри, табиғин, хадис жеткізуші. Айюб әс-Сахтияни, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни бұл сөздер екі рет айтылады. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалардың басым көпшілігі намазға қамат айту он бір сөйлемнен тұрады деп есептейді. Олар: «Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Әшһәду әллә иләһә илләллаһ! Әшһәду әннә Мухаммәдәр-расулуллаһ! Хаййә аләс-саләһ! Хаййә аләл-фәләх! Қад қамәтис-саләһ! Қад қамәтис-саләһ! Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар! Лә иләһә илләллаһ» деген сөйлемдер. Әл-Мубаракфури «Тухфат әл-ахуази» кітабында Әбу Дәуд және Ахмад риуаят еткен хадистерді келтірген. Оларда қамат айту тәртібі жоғарыда айтылғандай (яғни он бір сөйлем түрінде) көрсетілген. Олар бұл хадистердің мансұқ етілмегенін айтқан. Өйткені әд-Дарақутни мен әл-Хаким Мекке мұсылмандар қолына өткеннен кейін Мәдинаға қайтып келе жатқанда Пайғамбардың (с.а.с.) алдында Біләлдің осылай қамат айтқаны және мұны Сағд әл-Қаразға үйреткені жайлы хадис келтірген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Қамат айту азан шақыруға ұқсайды. Бірақ «әл-фәләх» деген сөзден кейін екі рет
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) екі азаншысы бар еді: Біләл және соқыр Ибн Умму Мәктум», – деп айтқан (380/7).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (жау мекеніне) таң ата шабуыл жасайтын. Ол азанға құлақ түретін, егер азан (даусын) естісе, (шабуылдауын) тоқтататын. Әйтпесе (яғни азан даусын есітемесе) шабуыл жасайтын. (Бірде) бір кісінің: «Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!» – деп айтқанын естіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Фитрада» , – деді. Сосын (әлгі кісі): «Әшһәду әллә иләһә илләллаһ! Әшһәду әллә иләһә илләллаһ!» – дегенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен тозақ отынан шықтың» , – деді. (Адамдар) қараған еді, ол ешкі бағушы екен», – деп айтқан (382/9). «Қад қамәтис-саләһ» деген сөз қосылады», – деп айтқан. Әл-Асқалани «Фатх әл- Бәри» кітабында Ибн Абдул-Бәррдың: «Ахмад, Исхақ, Дауд, Ибн Хиббан және Ибн Жәрир аталмыш қарама-қайшылықтарға қатысты «азанда тәкбір сөздерін төрт не екі рет қайталауға, азанда таржиғ сөздерін айтуға немесе айтпауға, қаматтың барлығын не оның «Қад қамәтис-саләһ» сөзінен басқа бөлігінің бәрін тақ санда не жұп санда айтуға рұқсат етіледі» деген пікірді ұстанған», – деген сөзін келтірген. «Фитра» сөзі әу бастағы табиғи жаратылысты, болмысты білдіреді. Ибн Кәсир: «Бұл сөз – адам дүниеге келгенде белгілі бір қасиеттері және табиғи болмыс-бітімі бойынша дінді қабылдауға бейім болып туады, егер оны өз-өзіне қалдырса, онда ол өз болмыс-бітіміне ілеседі, ал ауытқушылар адамдардың не қалыптасқан салт- дәстүрлердің әсері себепті ғана ауытқиды» (Ибн Кәсир, «ән-Ниһая», 3/457); Ал Ибн Хажар (Аллаһ оған рақым етсін): «Адамдар «фитра» деген сөзді қалай түсіну керектігі туралы мәселеде түрлі пікірлерге келген, бірақ ең кең тараған пікір бойынша, фитра дегеніміз – Ислам», – деген («Фатх әл-Бәри», 3/248). Демек, намазға азан шақырушы адам Исламда, яғни мұсылман болып табылады. Яғни бірқұдайшылықты ұстанғаның себепті тозақ отынан шығатын боласың. Ән-Нәуәуи бұл хадистің жеке намаз оқушыға да азан шақыру бұйрылғанын нұсқайтынын айтқан. Сондай-ақ қандай да бір мекенде намазға азан шақырылуы сол елдің халқына мұсылмандар жасағы тарапынан шабуыл жасалуын тоқтатады және бұл олардың Исламды ұстанатындығының белгісі болып табылады (өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) кез келген елді мекенге жорыққа аттанса, түнде сол елге жақындап тоқтап, таңның атуын күтетін. Таң атқанда елді мекеннен азанның даусы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Намазға азан айтылса, шайтан артынан дауыстап жел шығарып азанды естімеу үшін бұрылып қашады да, азан айтылып болған соң (қайта) келеді. Қамат айтылғанда да қашып, қамат аяқталған соң адам мен оның нәпсісінің арасына тұру (азғыру тастау) үшін келеді де, кісі қанша (ракағат) оқығанын білмей қалуы үшін оған: «Мынаны есіңе ал, мынаны есіңе түсір» деп, ойына келмеген жайларды айтады», – деген (389/19).
Иса ибн Талхадан . Ол: «(Бірде) мен Муғауия ибн Әбу Суфиянның (Аллаһ оған разы болсын) қасында болдым. Оған азан айтушы намазға шақырып келді. Сонда Муғауия: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Азан айтушылар Қиямет күні мойындары ең ұзын адамдар (болады)», – деп айтқанын естідім», – деп айтты», – деген .
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол Пайғамбардың (с.а.с.): «Азан шақырушыны естісеңдер, ол айтқандай сөзді айтыңдар . Содан кейін маған салауат арнаңдар. Өйткені кім маған бір салауат айтса, Аллаһ оған бұл үшін он салауат айтады. Сосын Аллаһтан мен үшін әл-уәсиләны сұраңдар . Расында, ол – естілсе, кері қайтатын да, азан даусы естілмесе, шабуыл жасайтын. Әрі өзі аттандырған жасақтарға да осыны бұйыратын). Бәлкім, бұл жерде нәпсі деп «жүрек» меңзелуі мүмкін. Иса ибн Талха – табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Ғалымдар бұл сөзге әртүрлі түсініктер береді. Мәселен: 1) Бәлкім, мұнда олардың барынша Аллаһ тағаланың мейіріміне ұмтылатыны айтылған. 2) Қиямет күні адамдардың денесінен аққан тері өздерін көміп, құлақтарына дейін көтерілген кезде, азан шақырушылардың мойындары адамдар арасында ең ұзыны болады. 3) Бәлкім, азаншылар Қиямет күні мұсылман басшыларының қатарында болады. Өйткені арабтар өздерінің көсемдері мен басқа да ықпалды адамдарын «ұзын мойындылар» деп атайтын. Яғни оның артынан азан сөздерін қайталаңдар. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Пайғамбарға (с.а.с.) салауатты азаншы емес, азанды естіген адам айтуы керек. Азаншының салауатты азаннан кейін айтуына болады. Өйткені ешбір ғұлама азаншының салауатты азан шақыру кезінде айтуы керектігін көрсетпеген. Бұлай ету (азаншы салауатты азан шақыру кезінде іштей айтса да) азанға қосылған жаңалық болып табылады. Азан кезінде Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айту туралы бұйрық оны тыңдағандарға қатысты. Әл-Уәсилә – Аллаһ Аллаһтың пенделерінен бір пендеге ғана бұйыратын жаннаттағы орын. Мен ол пенденің мен болатыныма үміттенемін. Кімде-кім мен үшін әл- уәсиләны сұраса, оған шапағат нәсіп болады», – деп айтқанын естіген (384/11). артықшылығы