Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 101–150 (Иман Кітабы)
← Хадисы 51–100ОглавлениеХадисы 151–200 →
Глава 1. Иман Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 101
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз қырық кісі шамасындағы (адамдар) Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге бір шатырда болғанымызда, ол (с.а.с.): «Сендер жаннаттықтардың төрттен бірі болуды қалайсыңдар ма1?» – деді. Біз: «Иә», – дедік. «Сендер жаннаттықтардың үштен бірі болуды қалайсыңдар ма?» – деді. Біз (тағы да): «Иә», – дедік. Сонда ол (с.а.с.): «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, сендер жаннаттықтардың тең жартысы боласыңдар деп үміттенемін! Өйткені жаннатқа бойсұнған жан ғана кіреді. Ал сендер мүшріктер арасында қара өгіздің терісіндегі бір тал ақ қылшық немесе қызыл өгіздің терісіндегі бір тал қара қылшық іспеттісіңдер», – деп айтты», – деген (221/377). жүз тоқсан тоғыз тозаққа түсетіндерді шығар» дегені
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 102
Әбу Сағид (әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын)). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Қиямет күні) Аллаһ тағала: «Ей, Адам!» – дейді. (Адам): «Мен Сенің құзырыңдамын, қызметіңе шатпын, бар жақсылық Сенің қолыңда!» – дейді. «(Ұрпағыңнан) тозаққа түсетіндерді шығар!» – дейді. «Тозаққа түсетіндер кімдер?» – деп (сұрайды). «Әрбір мыңның тоғыз жүз тоқсан тоғызы», – дейді. Сол кезде жас (баланың) шашы ағарып кетеді, әрбір жүкті баласын тастайды және адамдарды мас күйде көресің, негізінде олар мас емес, бірақ Аллаһтың азабы өте қатты!» – деді. (Адамдарға бұл) ауыр тиіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Тозақтан құтылатын) әлгі біреу қайсымыз?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Қуана беріңдер, расында, мың Яжуж-Мәжужден, бір кісі сендерден», – деді. Сосын ол (с.а.с.): «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, негізінде, сендер жаннаттықтардың төрттен бірі боласыңдар деп үміттенемін», – деді. Сонда біз Аллаһқа мақтаулар арнап, тәкбір айтып жібердік. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, негізінде, сендер жаннаттықтардың үштен бірі боласыңдар деп үміттенемін», – деді. Біз (тағы да) Аллаһқа мақтаулар арнап, тәкбір айттық. Сонан соң ол (с.а.с.): «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, негізінде, сендер жаннаттықтардың тең жартысы боласыңдар деп үміттенемін. Расында, сендер үмбеттер Мұнда сөз сахабаларға бағыттала айтылғанмен, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Қиямет күніне дейінгі барлық үмбетін қамтиды. Бұл жерде Аллаһқа бойсұнған, басқаша айтқанда, мұсылман адам туралы айтылған. «Хаж» сүресінің 2-аятын қараңыз. арасында қара өгіздің терісіндегі бір тал ақ қылшық немесе есектің сирағындағы дақ іспеттісіңдер», – деп айтты», – деген (222/379).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 2. Дәрет Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 103
Мусғаб ибн Сағдтан . Ол: «(Бірде) Абдуллаһ ибн Омар сырқаттанып қалған Ибн Амирдің көңілін сұрап кірді. Сонда (Ибн Амир): «Мен үшін Аллаһқа дұға жасамайсың ба, ей, Ибн Омар?» – дегенде, ол: «Расында, мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Дәретсіз намаз, олжадан жымқырған садақа қабыл болмайды», – деп айтқанын естідім. Ал сен Басрада болғансың», – деп айтты», – деген (224/1). жуу туралы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 104
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбірің ұйқысынан оянса, қолын үш рет жумай тұрып, ыдысқа батырмасын. Өйткені ол қолының түнде қайда болғанын білмейді», – деп айтқан (278/87). Сахаба Сағд ибн Әбу Уаққастың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Имам ән-Нәуәуи: «Ол «сен Басрада әмір болғандықтан, олжадан жымқырудан таза емессің» дегенді нұсқаған. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Ибн Амирді жазғырып, оны тәубеге келтіруді және қарсылықтан бас тартқызуды қалаған. Ол күнәкарлар үшін жасалған дұға қабыл болмайды дегенді меңземеген. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) мен бұрынғы және кейінгі буын өкілдері әрдайым кәпірлер мен күнәкарлардың тура жолға түсуі мен тәубеге келуін тілеп, дұға ететін. Аллаһ – жақсы Білуші», – деп айтқан. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда адам түнде не күндіз ұйықтағанына қарамастан, қолды бір рет жуудың міндеттілігі меңзелген. Егер қолда таза емес нәрселер болса, оны су құйылған ыдысқа батырмас бұрын шаю міндет. Егер адам ұйқыдан тұрғанда және басқа жағдайларда қолының тазалығына күмәнданса, оны ыдысқа батырмас бұрын жуып алуы мустахаб амал саналады. Ал егер ол қолының таза екеніне күмәнсіз болса, оны ыдысқа батырар алдында шаюы немесе бірден батыра беруі де өз еркінде. Хадистегі қолды үш рет жуу туралы бұйрық мустахаб амалға сілтеме жасаған. Біздің мазһабтың имамы Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Дәрет алатын адам ұйқыдан оянған соң, ыдысқа батырудан бұрын қолдарын жууы тазалық сүннетіне жатады. Мұндай кезде тазалықты жеткілікті деңгейде сақтау үшін қолдарды білезікке дейін жуу қажет», – деген. Ал осы кітапқа түсіндірме ретінде жазылған «Фатх әл-Қадир» кітабының жазбагері Камал ибн Һумам: «Ұйқыдан оянғаннан кейін және (қолдарда) таза емес нәрселердің болуы ықтимал жағдайларда бұл сүннет баса көрсетілген. Ал бұл амалдың нақты міндеттілігіне тоқталсақ, ол қолдың таза екендігінің немесе лас екендігінің анықталуына байланысты», – деген. отыруға қатысты тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 105
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) (бірде): «Екі лағынетті (әрекеттен) сақтаныңдар!» – деген. (Адамдар): «Екі лағынетті (әрекет) не, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол (с.а.с.): «Адамдар (жүретін) жолда не олар (отыратын) көлеңкеде әжетке отыру», – деп айтқан (269/68).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 106
Абдуллаһ ибн Жағфардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бір күні (көлікке мінген) Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені артына мінгестіріп (келе жатып), құпиялап бір сөз айтты. Мен оны адамдардың ешқайсысына айтпаймын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) тасасына әжетке отыруда ең қатты ұнататыны – дуал не құрма бағы еді», – деген. Ибн Әсмә хадисінде: «Яғни құрма ағаштарының қоршауы», – деп айтқан (342/97).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 107
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) әжетханаға кірерде: «Уа, Аллаһ! Өзіңнен еркек және ұрғашы шайтандардың кесірінен пана сұраймын (Аллаһуммә! Инни аъузу бикә минәл-хубуси уәл- хабаис)», – деп айтатын (375/122). қаратпау
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 108
Әбу Айюбтан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Әжетханаға кірсеңдер, кіші және үлкен дәретке отырғанда жүздеріңді және арттарыңды құбылаға қаратпаңдар, шығысқа не батысқа қарап (отырыңдар)», – деген . Әбу Айюб: «Біз Шамға барғанымызда, құбылаға қаратып тұрғызылған әжетханаларға кез келдік. Сонда біз (мүмкіндігінше құбыладан) бұрылып, Аллаһтан кешірім өтініп жүрдік», – деп айтқан (264/59). Жерден көтеріңкі кез келген қалқа. Абдуллаһ ибн Мұхаммед ибн Әсмә – Муслимнің ұстазы. Құбыла деп Меккедегі қасиетті Қағбаға қараған бағытты айтады. Бұл сөзді Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдина мен Меккенің солтүстігіндегі тұрғындарға бағыттай айтқан. Ал біздің (Қазақстан) аймақта құбыла оңтүстік-батыс тарапта болғандықтан, сол тарапқа үлкен немесе кіші дәрет кезінде жүзді қаратуға және арқаны беруге болмайды. Шам – қазіргі кезде Сирия, Ливан, Йордания және Палестина мемлекеттері орналасқан аймақ.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 109
Уасиғ ибн Хаббаннан . Ол: «Мен мешітте намаз оқып тұрғанмын, ал Абдуллаһ ибн Омар құбылаға арқасын сүйеп (отырды). Намазымды аяқтаған соң, бір жаныммен оған бұрылдым. Сонда Абдуллаһ: «Адамдар әжетіңе отырсаң, құбылаға және Бәйтул-Мақдиске алдыңды берме деп айтады. (Бірде) мен бір үйдің төбесіне шыққанымда, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әжеті үшін екі кірпіштің үстінде жүзін Бәйтул-Мақдиске қаратып отырғанын көрдім», – деді», – деген (266/61). Уасиғ ибн Хиббан – табиғин, хадис жеткізуші. Яғни құбыла тараптағы дуалға. Ғұламалардың бұл мәселеде сан түрлі пікірлері бар. Имам әш-Шәукәни үлкен және кіші дәрет кезінде бетті немесе арқаны құбыла тарапына беріп отыруға қатысты тыйымның кесімді екендігін жазады. Біздің мазһаб ғалымдарының бұған қатысты пікірі «әл-Һидая» кітабында тыйымға жақын «мәкруһ» деген сөзбен көрсетілген. Ал бұған қайшы дәйектерге төмендегідей уәждер айтылуы мүмкін: 1) Абдуллаһ ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) хадисінде айтылған оқиға бұған тыйым салынғаннан бұрын орын алған болуы мүмкін; 2) Тыйым рұқсат етілгенге қарағанда, күштірек әрі сенімдірек сипатта қарастырылады; 3) Әбу Айюбтың (Аллаһ оған разы болсын) хадисі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сөз жүзіндегі нұсқауын, ал Ибн Омардың хадисі оның (с.а.с.) іс-әрекетін баяндаған. Сондықтан бұл тұрғыда «Сөз жүзіндегі хадис іс-әрекеттен жоғары тұрады» деген қағиданы ұстанған лазым. Өйткені кез келген адам, тіпті Пайғамбар (с.а.с.) да қандай да бір себептерге байланысты тыйымды бұзуы немесе оны ұмытып кетуі мүмкін; 4) Егер біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үмбетіне нұсқау берген бұйрығы мен оның іс- әрекеті арасында қарама-қайшылықтар көрсек, бұл әрекетті оған қатысты дәлел болмаған жағдайда бұйрық-нұсқау ретінде қабылдамауымыз керек. Өйткені дәлел болмаған жағдайда бұл Пайғамбардың (с.а.с.) жеке өзіне ғана тән әрекетке жатады; 5) Ән-Нәуәуи мен әс-Санғани «құбыла тарап пен оң жаққа түкіру – намазда ғана емес, барлық уақытта тыйым салынған әрекет» деп есептейді. Бұған әлгіндей түкіруге қатысты тыйымды нұсқаған хадистің кейбір риуаяттары сілтеме жасаған. Аталмыш риуаяттарда тыйым «намазда» деген сөзбен шектелмеген. Ендеше, құбыла тарапына түкіруге де тыйым салынған болса, онда қалайша ол тарапқа қарап әжетке отыруға болады?! Ал Ибн Омардың Әбу Дәуд жеткізген: «Ол бұлай етуге ашық орындарда тыйым салды» дегеніне келсек, бұл сахабаның өз көзімен көргеніне негізделген жеке пікірі (ижтиһады) болып табылады. Сахабаның пікірі қате болуы да мүмкін әрі ол Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен хадиспен теңесе алмайды (қ.: Нәйл әл-аутар, Сәйл әл-жаррар, 1/69). тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 110
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Ешқайсың ешқашан өзі кейін онымен жуынатын көлшік суға кіші дәрет сындырмасын», – деген (282/95).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 111
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Өзің кейін онымен жуынатын, ақпайтын көлшік суға кіші дәрет сындырма», – деп айтқан (282/96).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 112
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) екі қабірдің қасынан өтіп бара жатып: «Расында, (мына) екеуі азапталып жатыр. (Бірақ) үлкен (күнә) себепті азапталып жатқан жоқ . (Бұл екеуінің) бірі өсек таратып жүретін, ал екіншісі зәрінен сақтанбайтын (болған) », – деді. Сөйтіп, жас шыбық алдырып, оны екіге бөлді де, мынаған біреуін, мынаған біреуін шаншыды. Содан кейін: «(Бұл шыбықтар) қурағанша екеуінің (азаптары) жеңілдетілуін үміт етемін», – деп айтты», – деген (292/111).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 113
Абдуллаһ ибн Әбу Қатада әкесінен (жеткізген). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешқайсың дәрет сындырғанда ешқашан жыныс мүшесін оң қолымен ұстамасын, әжеттен оң қолымен истинжа қылмасын және Бұл тыйымның себебі, көлшікте су аз болса, дәрет сындыру арқылы ол ластанады. Онда тіпті су көп болған жағдайдың өзінде де оған ауық-ауық дәрет сындыру судың негізгі қасиеттерінің бірін өзгертіп, оны таза емес етуі мүмкін. Мұндай суға дәрет сындыруға адам онымен жуынбайтын болса да тыйым салынған (қ.: Шарх ән- Нәуәуи; «Итхаф әл-кирам»). Яғни мына қабірлерде жатқандар. Әл-Бұхаридің риуаятында: «Шын мәнінде, (бұл күнәлар) үлкен» деген қосымша сөз келген. Ғұламалардың пікірі бойынша, «(Бірақ) үлкен (күнә) себепті азапталып жатқан жоқ» деген сөз бұл адамдардың мұндай мәселелерді үлкен күнә деп санамағандығын білдіреді. Сондай-ақ бұлар болмашы көрінсе де, оның салдары ауыр болатыны айтылған. Пайғамбардың (с.а.с.) бұл сөзінің мағынасы жайлы басқа да әртүрлі пікірлер айтылған, олардың жалпы мағынасы адамдар мән бермеген кейбір күнәлардың салдарының ауыр болуы мүмкін дегенге саяды. Бұл адам денесі мен киіміне тиген зәрден тазаланбаған немесе адамдардың көзінше дәрет сындыруға қысылмаған. Истинжа жасау – әжет шыққан мүшені сумен жуып немесе шариғат рұқсат еткен басқа да заттармен тазарту. Сахаба Әбу Қатаданың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. (өзі су ішіп жатқан) ыдыс ішінде дем алмасын», – деп айтты», – деген (267/63).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 114
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). (Ол): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (бірде әжетке отыру үшін) бір қоршауға кірді. Оған арамыздағы ең кішісі болатын бір қызметкер бала (су құйылған) шанаш алып ілесіп шықты да, (шанашты) қараған (ағашының) түбіне қойды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) әжетін өтеп болған соң, сумен истинжа жасап, сосын біздің арамызға қосылды»(, – деген) (270/69).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 115
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізіп: «Қайсыбірің (нәжісін) кесекпен тазартса, тақ санды (ұстансын), сондай-ақ қайсыбірің дәрет алса, мұрнына су алып, сіңбіріп тастасын», – деген (237/20). сүйекпен (тазалануға) қатысты тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 116
Салманнан (Аллаһ оған разы болсын). Одан: «Расында, сендерге Пайғамбарларың (с.а.с.) барлық нәрсені, тіпті әжетке отыруды да үйреткен ғой», – деп айтқанда, ол: «Иә . Ол бізді үлкен не кіші дәретке отырғанда жүзімізді құбылаға бұруымыздан, оң қолмен истинжа қылуымыздан, үш тастан аз (санда нәжістен) тазалануымыздан және тезек не сүйекпен тазалануымыздан қайтарды», – деген (262/57). Бұл ағаштар шоғыры еді. Басқа риуаяттарда әлгі қызметкер бала сумен бірге қысқа сүңгі алып барғаны айтылған. Сүңгі зәр не истинжа суы шашырап, денеге және киімге тимеуі үшін әжетке отыратын жер қыртысын босату үшін пайдаланылатын. Яғни Салман (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (с.а.с.) оларға қажетті дін істерін, соның қатарында сұрақ қойған кісі айтқан мәселені де үйреткенін айтқан. Абдур-Рахман әл-Мубаракфури «Тухфат әл-ахуази» кітабында әл-Хаттабидің, бұл хадис адам бірінші не екінші таста нәжістен тазаланса да, үш тастан аз қолдануға тыйым салынатынын көрсететіні жайлы сөзін келтірген. Әш-Шафиғи мен Ахмад та осы пікірді ұстанған. Ал біздің мазһабтың ғалымдары «нәжістен үш тастан кем емес санда тазалану міндетті саналмайды» деп есептейді. Сондай-ақ әл-Хаттаби нәжістен тазаланғанда су қолданылмаса, тастармен не оларды алмастыратын басқа заттармен тазалану қажет екенін айтқан. Суфиян әс-Сәури, Мәлик, әш-Шафиғи және Ахмад та осындай пікір білдірген. Кейбір деректер бойынша, тезек не сүйекпен тазалануға тыйым салынуына себеп, сүйек жындардың, ал тезек олардың малының азығы болып табылатындығы болса керек. Бұған қоса Әбу Һурайра Аллаһ елшісі (с.а.с.) әжеттен кейін сүйек және
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 117
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мәймунаның азат етілген күңіне садақаға бір қой берілген болатын, ол (қой) өліп қалды. Оның жанынан өтіп бара жатқан Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Терісін алсаңдар қайтеді, оны илеп, пайдаланар едіңдер» – деді. (Адамдар): «Ол өлексе ғой», – дегенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оның (етін) жеу ғана харам етілген», – деп айтты», – деген (363/100).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 118
Язид ибн Әбу Хабибтен . Оған Әбул-Хайр3: «Мен (бірде) Ибн Уағла әс-Сәбәидің үстіндегі аң терісінен жасалған киімге көзім түсіп, оны ұстап көрдім. Ол: «Саған не болды, оны ұстап көріп жатырсың? Мен (бұл жайлы) Абдуллаһ ибн Аббастан сұрап: «Біз батыста боламыз, бізбен бірге берберлер мен мәжусилер болады. (Сонда) бізге өздері сойған қошқарды әкеледі, (бірақ) біз олардың сойғандарын жемейміз. Сондай-ақ олар бізге торсық әкеледі, олар оның ішіне жануар майын салады», – дедім. Сонда Ибн Аббас: «Біз бұл жайлы Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сұрағанбыз, ол: «(Терінің) иленгені – тазарғаны», – деп айтты», – деді», – деп айтқан (366/106). тезекпен тазалануға тыйым салып: «Бұлармен тазалану мүмкін емес», – деп айтқанын хабарлаған. Бұл хадисті әд-Дарақутни жеткізген әрі оны «сахих» хадис деп атаған. Терінің илену арқылы тазалануы ғалымдар арасында көп пікірталас тудырған. Имам ән-Нәуәуи өлексе терісінің илену арқылы тазалануына қатысты ғалымдар арасында жеті түрлі пікір бар екендігін айтқан. Олар: 1) Шафиғи мазһабында шошқа мен иттен басқа барлық өлекселердің терісі илену арқылы тазаланады. Ол иленген терінің іші-сыртын сұйық және қатты заттар үшін пайдалана беруге болады. 2) Имам Ахмадтан және имам Маликтен жеткен бір риуаятта өлексенің терісі илену арқылы тазаланбайды. 3) Ханафи мазһабында шошқадан басқа өлекселердің терісі илену арқылы тазаланады. 4) Имам Маликтен жеткен танымал риуаятта барлық өлексе терісінің тек сырты ғана илену арқылы тазаланады. 5) Заһирилердің пікірі бойынша, барлық жануардың терісі, тіпті шошқа мен иттің де терісі илену арқылы тазаланады. Бұл пікір Әбу Юсуфтан да риуаят етілген. 6) Имам Зуһридің пікірінше, өлексенің терісі иленбесе де, таза деп есептеледі. Имам ән-Нәуәуи: «Бірақ бұл – өте әлсіз пікір. Сондықтан оған мән берудің қажеті жоқ», – деген. 7) Имам Әузағидің пікірінше, тек еті жеуге жарамды жануарлардың терісі ғана илену арқылы тазаланады. Язид ибн Әбу Хабиб – табиғин, ғұлама, хадис жеткізуші. Әбул-Хайр – Марсад ибн Абдуллаһ әл-Язни, табиғин, хадис жеткізуші. Абдур-Рахман ибн Уағла әс-Сәбәи – табиғин, хадис жеткізуші. Отқа табынушылар. Хадистің ән-Нәсәи жеткізген риуаятында бұл торсықтарға сүт және су құйылатыны айтылған. Бұл хадистен шығар қорытынды, отқа табынушылар сойған мал терісі таза емес, ол илену арқылы тазаланады. Содан кейін оның ішкі жағын да, сыртқы жағын да пайдалана беруге болады (ән-Нәуәуи).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 119
Абдуллаһ ибн Муғаффалдан. Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) иттерді өлтіруге бұйырып, кейін: «Олардың иттерде не жұмысы бар?» – деді . Содан кейін ол аңшы иті мен қойшы итіне рұқсат беріп: «Егер ыдысты ит жаласа, оны жеті рет жуыңдар да, сегізіншіде топыраққа шылаңдар» , – деп айтты», – деген. Ал Яхия ибн Сағидтің риуаятында: «Ол қойшы, аңшы және егін итіне рұқсат берді» (, – делінген) (280/93).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 120
Әбу Мәлик әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тазалану – иманның жартысы , «әл-хамду лилләһ Бұл сөз «олар иттерге тиіспесін» және «оларды жойып жіберетіндей иттер мен адамдар арасында ештеңе жоқ» деген мағыналарды білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.) мұны иттерді өлтіруге қатысты бұйрықтың күшін жойғаннан кейін айтқан. Сондай- ақ ол мұны иттерді өлтіру туралы бұйрығы күшіндегі кезінде айтып, «не үшін олар иттерге қамқорлық жасап жүр, оларды неге өлтірмейді?!» дегенді меңзеген болуы да мүмкін. Бірақ кейінірек иттерді өлтіру туралы бұйрықтың күші жойылған. Бұған қатысты сенімді деректер бар. Алайда ит құтырған болса, оны өлтіруге рұқсат етіледі. Бұл хадис иттің сілекейі мен аузы, сондай-ақ оның денесі де таза емес екенін көрсетеді. Ыдысқа иттің сілекейі тиген жағдайда, оны біріншіде құмға шылап, жеті рет жуу керек. Әл-Бұхари мен Муслимнің риуаяттарына сүйенгендіктен, бұл пікір сенімдірек болып табылады. Ал әт-Тирмизидің риуаяты құмды бірінші не соңғы жууда пайдалануға дәлел ретінде жүрмейді. Өйткені екі риуаяттың қатар келуі хадис жеткізушілердің біріндегі күмәнді көрсетеді. Сондай-ақ ит жалаған ыдысты жеті рет сумен, бір рет құммен жуу мустахаб және мұндай ыдысты үш рет жуу қажет деген пікірлер де бар. Осы орайда имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында ит жалаған ыдыстың үш рет жуылатынын айтқан. Ал хадистің сегізінші ретте топырақпен жуу туралы риуаятына келсек, мұны жеті рет жуудың бірінде қолдану тиіс деп түсіну керек. Топырақпен жуу деген – суға лайсаң тартқанша топырақ қосуды білдіреді. Әйтпесе ыдысты топырақтың өзімен ысқылау жууды алмастыра алмайды. Сондай-ақ жуу кезінде ыдысқа қолды батыру міндетті емес, оны су және құммен шайқап тазартуға да болады. Имам ән-Нәуәуидің айтуынша, ит жалаған тамақ пен сусын да лас саналады, өйткені Пайғамбар (с.а.с.) ит тиген ыдыстағы тамақты төгіп тастауды бұйырған. Мұндағы мәселе пайдалануға рұқсат берілген не жабайы, не үй итіне қатысты ма, оның айырмашылығы жоқ. Өйткені «ит» сөзі жалпы мағынада қарастырылады. Яхия ибн Сағид ибн Фарух – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Имам ән-Нәуәуи, ғұламалар хадисте айтылған үш жағдайда ғана ит ұстауға болатыны жөнінде бірауызды пікірде екенін айтқан. Ал көшелер мен үйлерді күзету үшін ит ұстау мәселесінде қарама-қайшы пікірлер бар. Әйткенмен олардың ең дұрысы – бұған рұқсат етілетінін көрсетеді. Өйткені хадисте «күзет» мағынасы меңзелген. «Тазалану» – дәрет алу, сондай-ақ ғұсыл құйыну немесе киімді, денені және орынды нәжістен тазарту мағынасында берілген болуы мүмкін. (барлық мақтау Аллаһқа тән)» (деген сөз) таразыны толтырады, «субханаллаһ, уәл-хамду лилләһ (Аллаһ пәк және барлық мақтау Аллаһқа тән)» (деген сөз) аспандар мен жердің арасындағы (кеңістікті) толтырады. Намаз – нұр, садақа – дәлел, сабыр – жарық сәуле, Құран – сенің пайдаңа не саған қарсы құжат . Барлық адам таңертең (өз шаруаларына) аттанады және өз жанын сатып, оны құтқарады не опат етеді» , – деп айтты», – деген (223/1).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 121
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұсылман (не мүмін) пенде дәрет алып, бетін жуғанда, сумен бірге (немесе судың соңғы тамшысымен бірге) жүзінен көзімен көрген барлық күнәлары жуылады. Қолдарын жуғанда, сумен бірге (немесе судың соңғы тамшысымен бірге) қолдары жасаған барлық күнәлары қолдарынан шығып кетеді. Ал аяқтарын жуғанда, сумен бірге (немесе судың соңғы тамшысымен бірге) аяқтарымен барған барлық күнәлары жуылады. Сөйтіп, ол күнәлардан тап-таза, пәк болып шығады», – деген (244/32).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 122
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол бір түні Пайғамбардың (с.а.с.) қасында түнеген. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) түн аяғында орнынан тұрып, сыртқа шыққан да, аспанға қарап, сосын «Әлі Имран» (сүресіндегі) мына аятты «Расында, аспандар мен жердің жаратылысында және түн мен күннің алмасуында...» (дегеннен) «...Бізді тозақ отының азабынан сақтай гөр!» (деген орынға) жеткенше оқыған. Содан кейін үйге оралып, мисуакпен тісін тазалаған және дәрет алған. Сосын орнынан тұрып, намаз оқыған. Содан кейін (ұйқыға) жатқан. Сосын Мұндағы «иман» сөзі намазды білдіреді. Яғни тазаланудың сауабы намаз сауабының жартысын құрайды, өйткені тиісті тазаланусыз оқылған намаз жарамсыз саналады. Яғни осы сөзді айтқаны үшін жазылатын сауап. Қиямет күні пенделердің амалы тартылатын таразының ізгі амалдар салынатын басы. Яғни Құранда айтылған Аллаһ тағаланың бұйрықтарына пенденің ілескен- ілеспегеніне байланысты. Яғни адамдар арасында жанын Аллаһқа сатып, оны азаптан құтқаратындар, сондай-ақ жанын шайтанға және шақуат қалауларына сатып, оны опат ететіндер бар. Бұл жерде қарауға тыйым салынғандарға көз тастау меңзелген. Хадисте дәрет алу арқылы кіші күнәлардың жуылатыны айтылған. Өйткені үлкен күнәлардың кешірілуі үшін Аллаһтан кешірім сұрап, тәубеге келу керек. Мия тамырынан жасалатын тіс тазалағыш құрал. «Әлі Имран» сүресі, 190-191 аяттар. орнынан тұрып, тысқа шыққан да, аспанға көз тастап, осы аятты оқыған. Содан кейін (үйге) қайтып, мисуакпен тісін тазалаған және дәрет алған. Сосын тұрып намаз оқыған (256/48).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 123
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Үйіне кіргенде Пайғамбар (с.а.с.) ең әуелі мисуакпен тісін тазалайтын (253/44).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 124
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) тазаланса – тазаланғанында, шашын тараса – шашын тарағанда және аяқкиім кисе – аяқ киім кигенінде оң жақтан бастауды ұнататын», – деген (268/66).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 125
Абдуллаһ ибн Зәйд ибн Асим әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол (Пайғамбардың (с.а.с.)) сахабасы еді. Оның айтуынша, (бірде) одан: «Бізге Аллаһ елшісінің (с.а.с.) дәрет алғанындай дәрет алып көрсетші», – деп (өтінгенде), ол ыдыспен (су) алдырып, одан қолдарына су құйып, оларды үш рет жуған. Сосын қолын (ыдысқа) батырып алып, бір алақанымен аузын және мұрнын шайған. Ол мұны үш рет істеген. Содан кейін қолын (ыдысқа) батырып алып, үш рет бетін жуған. Сосын қолын (ыдысқа) батырып алып, екі реттен қолдарын шынтаққа дейін жуған. Содан кейін қолын (қайтадан ыдысқа) батырып алып, қолдарын алға және артқа жүргізіп, басына мәсіх тартқан . Сосын тобықтарға дейін аяқтарын жуған. Содан кейін ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) дәрет алуы осылай еді», – деп айтқан (235/18).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 126
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбірің дәрет алғанда мұрындарына су тартып, сосын сіңбіріп тастасын», – деді», – деп айтқан (237/21). Сондай-ақ қолда қалған ылғалмен құлақтарға да мәсіх тарту керек. Өйткені әт- Тирмизи, Әбу Дәуд, Ибн Мәжәһ жеткізген хадисте: «Құлақтар – бастың бөлігі» деп айтылған. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Әрі сулы (қолмен) мәсіх тарту да (сүннетке жатады) және бұл сүннет, біздің пікірімізше, әш- Шафиғиге (Аллаһ тағала оған рақым етсін) қарама-қайшы сипатта, құлақтарға мәсіх тарту басқа мәсіх тарту үшін суланған (қолдармен) орындалады. Бұл Пайғамбардың (с.а.с.) «Құлақтар – бастың бөлігі» деген хадисіне орайластырылған. Мұнда олардың (яғни бас пен құлақтың) дене мүшесі ретінде бір емес, өзара бір үкімге ие екендігі меңзелген», – деп айтқан.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 127
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерден біреу ұйқысынан тұрып дәрет алса, үш рет мұрнын қағып тастасын, өйткені шайтан түнді оның танауларында өткізеді», – деген . аяқ-қолдары аппақ білезіктермен таңбаланғандар
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 128
Нұғайм ибн Абдуллаһ әл-Мужмирден . Ол: «Мен Әбу Һурайраның (Аллаһ оған разы болсын) дәрет алып жатқанын көрдім. Ол жақсылап бетін жуды, сосын оң қолын қарына жеткізе жуды, сосын сол қолын дәл солай жуды, одан соң басына мәсіх тартты, сосын оң аяғын балтырына жеткізе жуды да, артынша сол аяғын балтырына жеткізе жуды. Сөйтіп: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) осылай дәрет алып жатқанын көрдім», – деді. Сондай-ақ ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Толық дәрет алғандықтарың себепті Қиямет күні сендердің маңдайларыңнан ақ нұр әрі аяқ-қолдарыңнан да ақ нұр шашылатын болады. Ендеше, сендерден кімде-кімнің шамасы келсе, маңдайындағы ақ нұры мен аяқ-қолдарындағы ақ нұрын үлкейте түссін», – деді», – деп айтты», – деген (246/34).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 129
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) қорымға келген Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерге сәлем болсын, мүміндер қауымының мекені! Аллаһ қаласа, біз де сендерге қосыламыз және мен бауырларымызды көруімізді қалаймын», – дейді. (Сахабалар): «Біз де сенің Тіл ғалымдары хадистің арабша мәтініндегі «хайшум» (танау) сөзінің мағынасы жайында түрлі пікірлер айтқан. Біреулері «бұл – мұрынның кеңсірігі» десе, тағы біреулері «ол мұрынның өзін білдіреді» деп санаған. Бұл хадиске қатысты «шайтан, шынымен де, мұрынның кеңсірігінде түнеп шығады» деген пікір бар. Ал өзге бір пікірге сүйенсек, «бұл – бейнелі сөз, оның негізі түнде мұрынға сіңбірік жиналып, адамға қиындық тудырғаны үшін шайтан бұған қуанады» дегенге саяды. Мұрынды сіңбіріп, қағып тастау туралы бұйрық жалпы мағынада келген. Алайда хадистің кейбір риуаяттары мұны ұйқыдан кейінгі дәрет алумен тікелей байланыстырады. Осы бір риуаятқа сүйенсек, мұрынды қағу дәрет алудың міндетті нұсқауларының бірі болып табылады. Сенімдірек пікір бойынша, ауыз бен мұрынды шаю дәрет алудағы міндетті іс-әрекетке жатады, өйткені ауыз бен мұрын – беттің бөлігі, аятқа сәйкес бетті міндетті түрде жуу керек. Ал жалпы нұсқауды басшылыққа алсақ, онда мұрынды сіңбіріп тастау дәреттің алдындағы іс-әрекеттердің бірі ретінде қарастырылады. Ғұламалар бұл жөнінде бірауызды пікірде және ешкім мұның міндетті саналатынын көрсетпеген. Нұғайм ибн Абдуллаһ әл-Мужмир – табиғин, хадис жеткізуші. Араб тіліндегі «ғұрра» сөзі – «аттың маңдайындағы ақ қасқасын», ал «тахжил» сөзі – «арғымақтың аяғының тізеден төменгі бөлігінің аппақ болуын» білдіреді. Яғни Қиямет күні мұсылмандардың беті және қол-аяқтары толық дәрет алғандары себепті жарқырап, нұр шашып тұрады. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) толық дәрет алу нәтижесінде пайда болатын нұрды арттыра түсуді бұйырған. бауырларың емеспіз бе, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендер – менің сахабаларымсыңдар, ал біздің бауырларымыз әлі (дүниеге) келген жоқ», – деп айтқан . Олар: «Сен үмбетіңнен әлі (дүниеге) келмегендерді қалай танисың, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол (с.а.с.): «Қалай қарайсыңдар, кісінің бір түсті қара жылқылар арасында ақ қасқалы, ақ аяқты арғымақтары болса, ол өз арғымақтарын тани ма?» – деп (қарсы сұрақ қойған). Олар: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі!» – дейді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Олар да дәрет алғандықтары себепті маңдайларынан ақ нұр әрі аяқ-қолдарынан да ақ нұр шашылған күйлерінде келеді. Мен хауызға олардан бұрын келемін. Бір кісілер менің хауызымнан адасқан түйенің қуылғанындай қуылады. Мен оларға: «Бері келсеңдерші!» – деп дауыстаймын. Сол кезде (маған): «Шын мәнінде, олар – сенен кейін (дінді) өзгерткендер» , – деп айтылады. Сонда мен: «Құрысын, құрысын!» – деп айтамын», – деген (249/39).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 130
Османның азат еткен құлы Хумранның хабарлауынша, (бірде) Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын) дәрет су алдырып, дәрет алған. Ол алдымен қолдарын (білезікке дейін) үш рет жуып, сосын аузын шайған және мұрнына су алып қағып тастаған. Сонан соң бетін үш рет, оң қолын шынтағымен қоса үш рет және дәл солай сол қолын жуған. Сосын (сулы қолдарымен) басына мәсіх тартқан. Сосын оң аяғын тобығымен қоса жуған және артынша дәл солай сол аяғын жуған. Сонан кейін ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) осы дәрет алғанымдай дәрет алғанын көрдім. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім дәл осы дәрет алғанымдай дәрет алып, сосын орнынан тұрып, көңліне ештеңені алмастан, екі ракағат намаз оқыса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деді», – деп айтқан. Ибн Шиһаб6: «Біздің ғұламалар: «Бұл дәрет алу – қайсыбіреу намазға алатын дәреттердің ең толығы», – дейді», – деген (226/3).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 131
Хумраннан. Осман ибн Аффан (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһ тағаланың бұйырғанындай дәрет алса, Пайғамбар (с.а.с.) олар өзінің әрі бауырлары, әрі сахабалары болып табылатынын, ал басқа мұсылмандардың оған тек бауырлары болып табылатынын нұсқаған. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Кәусар деп аталатын хауызы. Оның суынан Қиямет күні мүміндер шөлдерін қандырады. Риуаяттың басқа бір нұсқасында: «Олар – сенен кейін (дінге) жаңалық ендіргендер» делінген. Хумран – Осман ибн Аффанның азат еткен құлы, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда кіші күнәлар туралы айтылған. Өйткені үлкен күнәлар тәубеге келуді талап етеді, ал күнә адамдарға зиян жеткізген жағдайда оның орнын толтыру қажет. Ибн Шиһаб – Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғин, ғұлама, хадис ілімінің білгірі. ол парыз намаздардың араларындағы (кіші күнәлардың) өтемі болады», – деп айтты», – деген (231/11).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 132
Османнан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кімде-кім намазға толық дәрет алса, сосын парыз намазға барып, оны адамдармен бірге (не жамағатпен) бірге (немесе мешітте) оқыса, Аллаһ оның күнәларын кешіреді», – деп айтқанын естідім», – деген (232/13).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 133
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерге Аллаһ онымен қателерді өшіріп, дәрежелерді көтеретін нәрсені көрсетейін бе?» – деп (сұраған). (Адамдар): «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі!» – дегенде, ол (с.а.с.): «Қиын жағдайларда толық дәрет алу, мешітке қарай көп қадам басу және намаздан кейін намазды күтіп отыру. Бұларың (сендерге) қорған болады », – деп айтқан (251/41).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 134
Әбу Хазимнан . Ол: «(Бірде) намазға дәрет алып жатқан Әбу Һурайраның артында тұрғанымда, ол қолын қолтығына жеткенше созды. Мен одан: «Ей, Әбу Һурайра! Бұл дәреттің қандай түрі?» – деп (сұраған едім), ол: «Ей, Фаррух әулеті! Сендер осындасыңдар ма? Сендердің осында екендеріңді білгенімде, бұлай дәрет алмас едім . Мен сүйікті досымның (с.а.с.): «(Жаннатта) мүміннің әшекейі дәрет су жеткен жерлерге жетеді» , – деп айтқанын естідім», – деп айтты», – деген (250/40). кеткен (адамның) намазды қайта оқуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 135
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Оған Омар ибн әл-Хаттабтың (Аллаһ оған разы болсын) айтуынша, бір кісі дәрет алып, аяғындағы тырнақ Яғни адамдардың жаннаттағы дәрежелерін. Бұл жерде дәрет алу кезіндегі күннің суықтығы, ызғарлылығы сияқты түрлі қиындықтар туралы айтылған. Басқаша айтқанда, жамағат намазына қатысу үшін біраз қашықтықты жүріп өту. Мұнда жамандықтарға итермелейтін нәпсіге, сондай-ақ шайтанның азғыруларына қарсы қорған, күрес туралы сөз етілген. Әбу Хазим – Сәләма ибн Динар, табиғин, хадис жеткізуші. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) адамдар дәретте қолды қолтыққа дейін жуу міндетті нұсқаулардың бірі деп қабылдауларын қаламаған. Яғни Пайғамбардың (с.а.с.). Басқаша айтқанда, мұндай әшекейдің (жарқыраған ақ түс пен нұрдың) көлемі дәрет алу кезінде жуылған дене мүшелерін толық қамтиды. шамасындай орынды (жумай) тастап кеткенде, мұны көрген Пайғамбар (с.а.с.): «Қайта барып, дәретіңді жақсылап ал», – депті. Сонан соң ол қайтадан (дәрет алып), намаз оқыған (243/31).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 136
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) бір мудд (сумен) дәрет алатын және бір сағдан бес мудд (шамасына) дейінгі (сумен) жуынатын», – деген (325/51).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 137
Һаммамнан . Ол: «(Бірде) Жәрир кіші дәрет сындырып, сосын дәрет алды да, мәсілеріне мәсіх тартты. (Қасындағылар): «Сен осылай етесің бе?» – деп (сұрағанда), ол: «Иә. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кіші дәрет сындырғанын, сосын дәрет алып, мәсілеріне мәсіх тартқанын көрдім», – деп айтты», – деген. Ағмаш5: «Ибраһим6: «Бұл хадис оларға ұнайтын-ды, өйткені Жәрир Исламды «Мәида» (сүресі) түскеннен кейін қабылдаған еді», – деді», – деп айтқан (272/72).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 138
Әбу Уәилден . Ол: «Әбу Мұса дәрет сындыруға қатты қарап, шөлмекке дәрет сындыратын және: «Исраилдіктердің бірінің киіміне зәр тисе, оны қайшымен қырқып алып тастайтын», – дейтін. Ал Хузайфа: «Мен жолдастарыңның бұлай қиындатпауын қалар едім. Расында, (бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) екеуміз келе жатқанымызда, ол бір бақтың артындағы қоқыс орнына келіп, сендердің біреулерің түрегеп тұрғандай тұрып, дәрет сындырды. Одан қашыққа кеткен едім, ол маған ымдады. Мен келіп, ол (дәрет сындырып) болғанша оның арт жағында тұрдым», – деп айтты», – Бұл хадис дәретте жуылуы тиіс, онсыз дәрет жарамсыз саналатын орындарды толық жуудың міндетті екендігін нұсқайды. Мудд – көлем өлшемі. Әр кезеңде әрбір аймақтың мудділерінде айырмашылықтар болған. Бұл хадисте Исламның бастапқы кезеңіндегі мудд өлшемі туралы айтылған. Ол шамамен 0,6 литрге тең. Басқа бір сенімді хадистердің нақты көрсетуінше, Пайғамбар (с.а.с.) дәрет алған судың ең аз мөлшері бір муддің үштен екісін құраған. Сағ – төрт муддіге немесе шамамен 2,66 литрге тең. Бұл хадистен шығар қорытынды: Аллаһ елшісі (с.а.с.) ғұсыл құйыну кезінде бес мудтен көп су қолданбаған. Һаммам ибн Мунәббиһ – табиғин, хадис жеткізуші. Ағмаш – Сүлеймен ибн Михран, табиғиндер қатарындағы кісі. Ибраһим ибн Язид ән-Нахағи, табиғиндер қатарындағы куфалық ғалым. Өйткені «Мәида» сүресінде аяқтарды тобықтарға дейін жууға бұйрық бар. Жәрирдің хабары бойынша, бұл аяғына мәсі кимегендерге қатысты екені, мәсіге мәсіх тартудың сүннет болып табылатыны анықталды (ән-Нәуәуи). Шақиқ ибн Сәләмә әл-Әсәди, табиғин, хадис жеткізуші. деген. (Өзге) бір риуаятта: Ол: «Сосын ол дәрет алып, мәсілеріне мәсіх тартты», – деп қосқан (273/74).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 139
Муғира (ибн Шуғбадан) (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір түні сапарда Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге болдым. Ол менен: «Сенде су бар ма?» – деп (сұрады). Мен: «Иә», – дедім. Ол түйесінен түсіп, түн қараңғылығына жасырынғанша (әрі) барды да, кейін (қайтып) келді. Мен оған шанаштан (су) құйып тұрдым, ол бетін жуды. Үстінде жүн шекпен бар еді, одан білектерін шығара алмай қалды. Сосын оларды шекпеннің астыңғы жағынан шығарды да, білектерін жуды және басына мәсіх тартты. Содан кейін мен оның мәсілерін шешуге еңкейген едім: «Шешпей- ақ қой, мен оларды дәретті (аяққа) кигенмін», – деді де, (мәсілерінің) үстіне мәсіх тартты», – деген (273/79).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 140
Шурайх ибн Һәниден . Ол: «Мен Айшадан мәсіге мәсіх тарту мәселесі жайлы сұрап келгенімде, ол: «Сен мұны Әли ибн Әбу Талибтен сұра, ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге сапарға шығатын», – деді. Сөйтіп, мұны (Әлиден) сұрағанымызда, ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (мәсіге мәсіх тарту үшін) жолаушыға үш күн, (үш) түн, ал тұрғылықты (адамға) бір күн, бір түн белгіледі», – деп айтты», – деген (276/85).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 141
Муғира ибн Шуғбадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) (адамдардан) қалып қойды, мен онымен бірге қалдым. Ол әжетін өтеген соң: «Сенде су бар ма?» – деп (сұрады). Мен оған ыдыспен Имам ән-Нәуәуидің айтуынша, Хузайфа (Аллаһ оған разы болсын) дәретте мұндай қиындық тудыру сүннетке сай келмейтінін айтпақ еді. Әрине, бұлай түрегеп тұрып дәрет сындыруда денеге зәр шашырау қаупі бар екені күмәнсіз. Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) бұған көңіл аудармаған және Әбу Мұсаның (Аллаһ оған разы болсын) әдеті сияқты шөлмекке дәрет сындырып, өз-өзіне қиындық тудырмаған. Бұл хадис арқылы мәсілерді аяққа дәрет алғаннан кейін киюіміз керектігін білеміз. Ахмад ибн Ханбал, Мәлик, Исхақ және кейбір шафиғилердің пікірі бойынша, оң аяқты жуғаннан кейін оған сол аяқты жумай тұрып мәсі киюге болмайды, мәсілерді сол аяқты да жуған соң ғана кию керек. Алайда біздің мазһаб ғалымы әс-Синди «Сахих әл-Бұхариге» жазған түсіндірмесінде: «Бұл – «дәрет алудағы реттілік – оның шарты» деп есептейтіндердің пікірі», – деген. Ал біздің мазһабта дәрет алуда реттілікті сақтау міндет емес. Өйткені Ахмад (4/132) және Әбу Дәуд (1/19), Миқдам Мағдикарибтен жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) аузы мен мұрнын беті мен қолдарын жуғаннан кейін шайғаны нақыл етілген. Ән-Нәуәуи, Ибн Хажар, әш- Шәукәни және басқалар оның иснадына «хасан» деп баға берген. Сондай-ақ бұл хадисті Дия әл-Мақдиси «Мухтар» жинағында келтірген. Сахаба Һәни ибн Язидтің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. (су) әкелдім де, ол қолдарының білезіктен төменгі тұсы мен бетін жуды. Сосын ол білектерін ашпақ еді, шекпеннің жеңі тар болды. Ол қолын шекпеннің астыңғы жағынан шығарды да, шекпенді иығына жауып, білектерін жуды, басының алдыңғы бөлігі мен сәлдесіне және мәсілеріне мәсіх тартты. Сосын (көлігіне) отырды, мен де (өз көлігіме) отырдым. Сөйтіп, біз адамдарға келіп жеттік, (ол жерде адамдар) намазға тұрып, оларға Абдур-Рахман ибн Ауф (имам болып) намаз оқып жатыр екен. Ол (адамдармен) бірге (намаздың) бір ракағатын орындап қойған екен, Пайғамбардың (с.а.с.) (келгенін) байқап, артқа шегіне бастады. (Бірақ Пайғамбар (с.а.с.)) оған («жалғастыра бер» деп) ымдады да, ол (адамдармен) бірге намаз оқыды. Ол сәлем берген соң Пайғамбар (с.а.с.) орнынан тұрды, мен де орнымнан тұрдым. Сөйтіп, біз үлгере алмай қалған ракағатымызды оқыдық», – деген (274/81).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 142
Біләлден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) мәсілерге және орамалға мәсіх тартқан (275/4). Хадистің арабша мәтініндегі «насия» (кекіл) сөзі – «бастың маңдаймен шектесетін шаш өскен алдыңғы бөлігін» білдіреді. Бұл хадис бойынша, дәрет алу кезінде бастың алдыңғы бөлігіне мәсіх тартумен ғана шектелмей, бұдан кейін сәлдеге де мәсіх тарту керек. Ал бастың алдыңғы бөлігіне мәсіх тартпай, тек сәлдеге ғана мәсіх тарту мәселесіне келсек, бұған фиқһ ғалымдарының басым көпшілігі рұқсат етпеген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Басқа мәсіх тартудың міндетті көлемі – бастың төрттен бірін құрайтын оның алдыңғы бөлігі... Кейбір хабарларда жолдастарымыздың бірі мәсіх тартудың көлемін үш саусақ шамасында деп бекіткен. Өйткені көп жағдайларда, бұл мәсіх тартылатын дене мүшесіне қатысты негіз саналады... Басқа толық мәсіх тарту сүннет санатына кіреді», – деген. Имам ән-Нәуәуи бұл хадисте көптеген пайда бар екенін жазған. Айталық: – имам болуға көбірек лайықты адамның өзінен имамдық мәртебесі төмен кісінің артында намаз оқуына рұқсат етілетіндігі; – Пайғамбардың (с.а.с.) өз үмбетіндегі кейбір адамдардың артында намаз оқуына рұқсат етілгендігі; – имам кешіксе, намаз уақыты кіргенде имамды күтпей-ақ жамағат намазын оқуға болатындығы; бірақ бұған имам мінез-құлқы жақсы кісі болып, бұл көңіліне тимейтін және бүлік тудырмайтын жағдайда рұқсат етіледі. Болмаса, адамдардың жеке-жеке намаз оқып, сосын жамағат намазында кездессе, солармен бірге намазды қайта оқулары мустахаб. – кешіккен адам имам сәлем бергеннен кейін үлгере алмай қалған ракағаттар санын өз бетінше толықтыруы керек. Бұл жерде сәлде туралы айтылған. Баскиімге мәсіх тарту үшін ол басқа дәрет алғаннан кейін киілген болуы шарт емес (ән-Нәуәуи).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 143
Бурайдадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) Меккені қолға алған күні бір ғана дәретпен бірнеше намазды оқыған және мәсілеріне мәсіх тартқан. Омар оған: «Расында, бүгін сен (бұрын) істемейтін бір нәрсе істедің», – дегенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны әдейі істедім, ей, Омар!» – депті (277/86).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 144
Ғұқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бізге түйелерді бағу жүктелген еді. (Бірде) менің кезегім келді де, оларды кешке айдап әкелдім. Келсем, Аллаһ елшісі (с.а.с.) түрегеп тұрған қалпында адамдарға сөйлеп тұр екен. Мен оның сөзінен: «Қайсыбір мұсылман жақсылап дәрет алса, сосын тұрып жүрегімен және жүзімен бұрыла екі ракағат намаз оқыса, оған міндетті түрде жаннат тиісті болады», – дегенін (естіп) үлгердім. Мен (мұны естіп): «Бұл қандай ғажап!» – дедім. Сонда алдымда тұрған біреу: «Мұның алдындағы (айтқаны) тіпті ғажап!» – деді. Қарасам, Омар екен. Ол: «Мен сенің жаңа ғана келгеніңді көрдім. (Осының алдында Пайғамбар (с.а.с.)): «Қайсыбірің кемеліне жеткізе (не толық) дәрет алып, сосын «Әшһәду әллә иләһә илләллаһ(у), уә әннә Мухаммадән абдуллаһи уә расулуһ(у) (Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін)» деп айтса, оған міндетті түрде жаннаттың сегіз қақпасы ашылып, ол бұлардың өзі қалағанынан кіреді» , – деп айтты», – деді», – деген (17/234).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 145
Әлиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен мәзи көп бөлінетін кісі едім. Қызының орны үшін (бұл туралы) Пайғамбардан (с.а.с.) сұрауға Имам ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл хадисте бұзылмаған бір дәретпен бірнеше намаз оқуға болатындығына нұсқау бар. Бұл үкім осы тақырыптағы көптеген хадиспен нақтыланады. Сол сияқты дәрет бұзылмаса, себепті жағдайларда бір таяммуммен де бірнеше намаз оқуға рұқсат етіледі. Ал Пайғамбар (с.а.с.) дәреті бұзылмаса да, намазға дәрет алғаны туралы хадистерді түсіндірсек, бұл Аллаһ елшісі (с.а.с.) жиі орындаған мустахаб амалға жатады. Яғни жан-тәнімен беріле. Имам ән-Нәуәуи, оның мазһабындағы ғұламалар «бұл сөзді ғұсылдан кейін айту да мустахаб» деген пікірді ұстанатынын айтқан. Мәзи – шақуат қозған кезде несеп жолы арқылы бөлінетін мөлдір, кілегейлі қоймалжың. Шариғат бойынша мәзи таза емес сұйықтықтар қатарына жатады. Мәниден айырмашылығы – мәзи аз мөлшерде бөлінеді және мәни сияқты жыныстық тояттану кезінде серпінмен төгілмейді. Саид Сабиқ «Фиқһ әс-сунна» кітабында (1/27) киімге тиген мәзиден тазалану емізулі сәбидің зәрінен тазалану сияқты екенін айтып, Әбу Дәуд (№210), Ибн Мәжәһ (№506), және әт-Тирмизи ұялатынмын . Сөйтіп, (мұны сұрауды) Миқдад ибн Әсуадқа тапсырдым. (Миқдад) одан сұрағанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол жыныс мүшесін жуып, дәрет алады», – деді», – деп айтқан (303/17).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 146
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Намазға қамат айтылды, ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір кісімен құпия сөйлесіп тұрды (Абдул-Уаристің хадисінде: «Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) бір кісімен құпия сөйлесіп тұрды»). Сөйтіп, ол адамдар ұйықтап қалғанша намазға тұрмады (Шуғбаның хадисінде: «(Пайғамбар (с.а.с.)) онымен сахабалар ұйықтап қалғанша құпия сөйлесуін тоқтатпады. Содан кейін келіп, олармен намаз оқыды»)», – деп айтқан (376/124). (№115) Сәһл ибн Ханифтан жеткізген хадисті келтірген. Әт-Тирмизи және басқалар мұны «хасан сахих» хадис санатына жатқызған. Сондай-ақ осы тақырып аясында ол Асрамнан риуаят етілген хадисті де тіркеген. Онда мәзи киімге тиген жағдайда оған су бүрку жеткілікті болатыны айтылған. Әт-Тирмизидің сөзіне сүйенсек, имам Ахмад та осы пікірді ұстанған. Пайғамбардың (с.а.с.) қызы Фатима Әлидің (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) әйелі еді. Исламды алғашқылардың бірі болып қабылдаған сахаба. Абдул-Уарис – Ибн Сағид әт-Тәмими, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Шуғба – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғалым, хадис ғылымының білгірі әрі хадис жеткізуші. Кейбір ғалымдар «қалғып кету дәретті бұзбайды» деп есептеген. Имам ән- Нәуәуидің түсіндіруінше, қалғу мен ұйықтаудың айырмашылығы, ұйқыда адам ақылы мен сезімін жоғалтады. Шафиғи мазһабы бойынша, адам ұйықтап кеткенін әлде қалғып оянғанын айыра алмай, екіұдай күмәнде болған жағдайда оның дәреті бұзылмайды. Бірақ мұндай жағдайда қайта дәрет алу мустахаб саналады. Ибн Хажар әл-Асқалани «Фатх әл-Бәри» кітабында Әбу Мұса әл-Ашғари, Ибн Омар (Аллаһ оларға разы болсын) және Сағид ибн Мусаййаб «ұйқы дәретті мүлдем бұзбайды» деп есептегенін айтқан. Басқалар жатып және отырып ұйықтаудың, намазда және намаздан тыс ұйықтаудың, сәждеде және сәждеден тыс ұйықтаудың, терең және жеңіл ұйқының аражігін ажыратқан. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында жатып, жантайып немесе сүйеніп отырғанын алып тастағанда құлап қалатын жағдайда қандай да бір нәрсеге сүйеніп ұйықтау дәретті бұзатынын баяндаған. Әбу Ғұбайд Қасим ибн Сәләм, Исхақ ибн Раһауайһ, әл-Музәни және Ибн Хазм «ұйқы терең не жеңілдігіне қарамастан, қандай дәрежеде болса да дәретті бұзады» деп есептеген. Өйткені бұған қатысты Ахмад, ән-Нәсәи және әт-Тирмизи Сафуан ибн Ассалдан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадис бар. Онда Пайғамбар (с.а.с.): «...бірақ үлкен не кіші дәреттен және ұйқыдан», – деп айтқан. Бұл хадисті әт-Тирмизи «сахих», ал басқалар «хасан» хадис санатына жатқызған. Аталмыш хадис марфуъ, яғни Пайғамбардың (с.а.с.) сөздерін жеткізген. Ал құптан намазын күтіп отырғанда қалғып кеткен сахабалар намазға тұрғанда қайта дәрет алмағанын баяндаған, біз қарастырып отырған Әнәс ибн Мәликтің хадисі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 147
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Бір кісі Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Қой етін (жегеннен кейін) дәрет аламын ба?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Қаласаң – дәрет ал, қаласаң – дәрет алма», – деді. Ол: «Түйе етін (жегеннен кейін) дәрет аламын ба?» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә, түйе етін (жегеннен кейін) дәрет ал», – деді. (Кісі): «Қой қораларда намаз оқиын ба?» – деп (сұрады. Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә», – деді. Ол: «Түйе қотандарында намаз оқиын ба?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ», – деп айтқан (360/97).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 148
Омар ибн Абдул-Азизден . Оған Абдуллаһ ибн Ибраһим ибн Қариз мешітте дәрет алып жатқан Әбу Һурайраны (Аллаһ оған разы болсын) жолықтырғанын хабарлаған . Сонда (Әбу Һурайра): «Негізінде, мен өзім Пайғамбардың (с.а.с.) сөзін қамтымаған. Әбу Дәуд «Мәсәил имам Ахмад» кітабында (318-бет): «Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары бүйірлеріне жантайып ұйықтады. (Содан кейін) олардың кейбірі дәрет алды да, кейбірі дәрет алмады» деген хадис келтірген. Кейбір мухаддистер бұл хадистің риуаятшылар тізбегі (иснады) әл-Бұхари мен Муслимнің шарты бойынша сенімді – сахих екенін айтқан. Ал жоғарыда Сафуан ибн Ассал мен Әнәстің хадистерін төмендегіше үйлестіруге болады. Әнәстен жеткен хадисте баяндалған оқиға ұйқыдан кейін дәрет алу жайлы үкім түспей тұрып орын алған болуы мүмкін. Ұйқының дәретті бұзатынын Әбу Дәуд жеткізген хадис (№198) қуаттай түседі. Онда: «Артты бекітіп тұратын арқан – (ояу) көздер. Кім ұйықтаса, дәрет алсын» деп айтылған. Әл-Мунзири, ән- Нәуәуи, Ибн Салах және басқалар мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Осы хадистің басқа бір риуаятында: «ұйықтағанда бұл арқан шешіледі» деп келген. Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Кім сәжде жағдайында ұйықтаса, дәрет алуға міндетті емес» деген хадисі хадис ғалымдарының көпшілігінің пікірі бойынша әлсіз саналады. Бұл жайлы әл-Бәйһақи сілтеме жасаған. Сол сияқты Ибн Омар мен Хузайфадан (Аллаһ оларға разы болсын) осы тақырыпта жеткен екі хадис те әлсіз. Өйткені олардың иснадында хадистері қабылданбайтын (мәтрук) кісілер бар. Ибн Хазм «Мухаллә» кітабында (1/229) айтуынша, сахабалардың ұйықтағаннан кейін дәрет алмай намаз оқуы Пайғамбар (с.а.с.) мұны білгенін айғақтамайды. Шариғатта Пайғамбар (с.а.с.) білген және құптаған, бұйырған және жасаған нәрселер ғана дәлел ретінде жүреді. Оның үстіне, Сафуан ибн Ассалдың хадисі нәсих, яғни бұрынғы үкімнің күшін жоюшы болуы ықтимал. Өйткені Сафуан – Исламды кейінірек қабылдаған кісі. Омар ибн Абдул-Азиз – тура жолды ұстанған халифалардың бірі ретінде танылған табиғиндер қатарындағы кісі. Кейбіреулер оны Ибраһим ибн Абдуллаһ ибн Қариз деп айтқан. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Бұл хадис мешітте дәрет алуға рұқсат етілетінін айғақтайды (ән-Нәуәуи). Ибн Мунзир, ешкімге зиян тимейтін жағдайда мешітте дәрет алуға рұқсат етілетіні жөнінде ғұламалар бірауызды келісімге (ижмағ) келгенін нақыл еткен. жеген ірімшік кесектеріне бола дәрет алып жатырмын. Өйткені мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «От тиген (тамақтан кейін) дәрет алыңдар», – деп айтқанын естігенмін», – деген (352).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 149
Жағфар ибн Амр ибн Умәййә әд-Дамриден . Оның әкесі Аллаһ елшісі (с.а.с.) қойдың жауырынынан кесіп алып, оны жегенін көрген. Сонда намазға шақырылып, (Пайғамбар (с.а.с.)) орнынан тұрған да, пышақты тастап, дәрет алмай намаз оқыған (355/92).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 150
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) сүт ішкен. Содан кейін су алдырып, аузын шайған да: «Оның (құрамында) май бар», – деп айтқан (358/95). сезінген (адам туралы)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 51–100ОглавлениеХадисы 151–200 →