Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбарға (с.а.с.) бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Жаннатқа кіруді және тозақта қалуды) міндетті ететін екі нәрсе не?» – деп (сұрағанда), ол (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһқа ештеңені серік етпей өлсе, жаннатқа кіреді. Ал кім Аллаһқа әлденені серік етіп жүріп өлсе, тозаққа кіреді», – деп айтты», – деген (93/151).
Әбул-Әсуад әд-Дилиден . Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «(Бірде) Пайғамбарға (с.а.с.) ол ұйықтап жатқан уақытта келдім, оның Кейбір ғалымдардың айтуынша, егер ол мұны біле тұра, рұқсат етілген деп санаса, кәпір болады. Ал басқа бір ғалымдардың пікірінше, ондай адам Ислам аясынан шықпайды, бірақ жақсылыққа және Аллаһтың құқы мен өз әкесінің құқына күпірлік танытады. Осы сияқты әйелдердің күпірлік қылуы туралы хадисте Пайғамбар (с.а.с.) мұны олардың жақсылыққа, күйеулеріне күпірлік танытуы деп түсіндірген. Сондықтан өзін мұсылманмын деп жүрген адамды «кәпір» деп айтудан сақ болу керек. Яғни Онымен қатар біреуге табынуың. Басқаша айтқанда, әрбір тірі жан иесінің ризығын қамтамасыз етуді Аллаһ тағала Өз қамқорлығына алса да, асырай алмаймын деп қорыққандықтан балаларды өлтіру. «Фұрқан» сүресі, 68-аят. Әбул-Әсуад әд-Дили – мухадрам, табиғин, Пайғамбар (с.а.с.) заманында өмір сүріп, онымен (с.а.с.) кездеспеген, хадис жеткізуші, Басраның қазысы. үстінде ақ киімі бар еді. Содан кейін (тағы) келсем, ол (әлі) ұйықтап жатыр екен. Сосын (тағы бір айналып) келсем, ояныпты. Мен оның қасына отырдым. Сонда ол (с.а.с.): «Лә иләһә илләлллаһ» деп айтып , сонан соң осы (айтқанынан айнымай) өлген әрбір пенде міндетті түрде жаннатқа кіреді», – деді. «Зина жасаса да, ұрлық істесе де ме?» – деп (сұрадым). «Зина жасаса да, ұрлық істесе де» , – деді. – «Зина жасаса да, ұрлық істесе де ме?!» – дедім (тағы). «Зина жасаса да, ұрлық істесе де», – деп үш рет айтты да, төртіншіде: «Әбу Заррға ұнамағанына қарамастан» – деді», – деген. Сонда Әбу Зарр: «Әбу Заррға ұнамағанына қарамастан», – деп сыртқа шыққан. жаннатқа кірмейді
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.): «Жүрегінде тозаңның салмағындай тәкаппарлық бар адам жаннатқа кірмейді» , – деген. Бір кісі: «Адам киімінің әдемі болғанын және аяқкиімінің әдемі болғанын қалайды ғой», – дегенде, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Расында, Аллаһ – Сұлу , сұлулықты ұнатады. Тәкаппарлық – ақиқатты мойындамау және адамдарды менсінбеу», – деп (жауап қайтарған) (91/147). Мұнда осы айтқанына шын сенген адам туралы айтылған. Бұдан ол адам істеген амалдары жөнінен жауапқа тартылмайды деген ұғым тумауы керек. Ол күнәсына сай жазалануы мүмкін, бірақ түптің түбінде жаннатқа кіреді. Сөзбе-сөз: «Әбу Заррдың тұмсығы жер сырса да» деп аударылады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұлай деген себебі, Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын) ұрлық пен зина секілді үлкен күнә жасаған адамның жаннатқа кіруін жақтырмаған кейіп көрсетіп, одан қайта-қайта сұрай берген. Бұл оның әлгіндей күнәларға деген аса жеккөрушілігінен туындаған болатын. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) жүрегінде бір Аллаһқа деген сенімі бар адамның Әбу Зарр қаламаса да, жаннатқа кіретіндігін жеткізген. Мұнда иманға келуге тәкаппарлық танытқан адам туралы айтылған болуы мүмкін. Өйткені Аллаһты жалғыз құдай деп таныған халде дүниеден өткен мұсылман түбінде міндетті түрде жаннатқа кіреді. Әйткенмен, бұл хадис жалпыға белгілі тәкаппарлыққа тыйым салып, бойында мұндай сезім бар адамның жазасыз қалмайтындығын ескерткен. Яғни Аллаһ тағала – барлық қырынан алғанда, Сұлу, Әдемі. Оның көркем есімдері мен сұлу әрі кемел сипаттары бар. байбалам салып жылау күпірлікке жатады
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамдар арасында оларды күпірлікке ұрындыратын екі іс бар1: (біреудің) тегіне тіл тигізу және өлген адам үшін байбалам салып жылау», – деп айтты», – деген (67/121). десе, сол адам кәпір болады
Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Худайбияда түнгі жаңбырдан кейін бізге имам болып таң намазын оқыды. (Намазды) аяқтаған соң, адамдарға бұрылып: «Раббыларыңның не айтқанын білесіңдер ме?» – деді. Олар: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі», – деді. «(Аллаһ): «Осы таңда пенделерімнен Маған иман келтірген бар, кәпір болған бар. Сонда кімде-кім «Бізге Аллаһтың кеңшілігі және рақымымен жаңбыр жауды» десе, сол – Маған иман келтіріп, жұлдыздарға сенбеген (кісі), ал кімде-кім «бізге мынадай- мынадай жұлдыз себепті жаңбыр жауды» десе, ол – Маған кәпір болып, жұлдыздарға сенген кісі» (деп айтты)», – деді», – деген (71/125).
Әш-Шағби , Жәрирден (Аллаһ оған разы болсын) (жеткізген). Ол (Жәрирдің): «Қайсыбір құл қожайындарынан қашып кетсе, оларға қайтып оралғанша кәпір болады» 4, – дегенін естіген. Мансур5: «Аллаһпен ант етейін, бұл Пайғамбардан (с.а.с.) риуаят етілген. Бірақ мен мұның осында, Басрада, өзімнен риуаят етілуін қаламаймын» , – деген (68/122). Яғни бұлар – кәпірлердің және жәһилият дәуірінің іс-әрекеттері. Худайбия – Меккенің қасиетті аймағының батыс шекарасында орналасқан мекен. Бұл жерде һижраның 6-жылы зул-қағда айында мұсылмандар мен құрайыш мүшріктерінің арасында 10 жылдық мерзімге бейбітшілік бітімі жасалған. Әш-Шағби – Амир ибн Шарахил, табиғин, хадис жеткізуші, әйгілі ғұлама. Яғни кәпірлердің ісін жасайды. Мансур ибн Абдур-Рахман әл-Басри – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадисті әш-Шағбиден жеткізген адам. Сол уақытта Басрада «үлкен күнә істеген адамдар тозақта мәңгі қалады» дейтін хауариждер мен муғтазилалар пайда болған еді. Муғтазилалар үлкен күнә жасағандарды иман мен күпірліктің ортасында қалады, яғни мүміннің де, кәпірдің де санатына кірмейді деп есептесе, хауариждер мұндай адамдарды кәпір санайтын. Сондықтан Мансур олардың бұл хадисті сыртқы мағынасымен қабылдауларын қаламаған.
Амр ибн әл-Астан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.): «Негізінде, пәленшенің әкесінің әулеті менің қамқоршыларым емес, менің шын қамқоршым – тек қана Аллаһ және ізгі мүміндер» , – деп жасырмай ашық айтқанын естідім», – деген (215/366). және Ақыретте беріледі, ал кәпірдің жақсылықтарының қарымтасы осы дүниеде ғана беріледі
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, Аллаһ мүміннің ешбір жақсылығына әділетсіздік жасамайды. Бұлар үшін оған дүниеде беріледі әрі Ақыретте марапатталады. Ал кәпір Аллаһ үшін істеген жақсылықтарына бұл дүниеде тояттандырылады. (Бірақ) Ақыретке өткенінде, оның есебінде марапатталатын ешқандай жақсылық болмайды», – деп айтты», – деген (2808/56). түсіндірмесі
Талха ибн Ғұбайдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бір күні) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Нәжд жұртынан шашы қобыраған бір кісі келді. Даңғырлаған даусын ғана естиміз, бірақ Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жақындап келгенше не айтып жатқанын түсіне алмадық. Сөйтсек, ол Ислам туралы сұрапты. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Күндіз бен түнде бес (уақыт) намаз оқу (керек)», – деді. Ол: «Одан басқа (намаз оқуға) міндеттімін бе?» – деп Шейх Әбу Амр мен ән-Нәуәуи «Мұндай құл намаз оқумен тек мойнындағы парызынан құтылады, бірақ намазы үшін сауап алмайды» деген пікір білдірген. Біздің мазһабтың ғалымы Бәдруддин әл-Айни де «Сахих әл-Бұхариге» жазған түсіндірмесінде, оның намазы жарамсыз болатынын айтқан. Қазы Ғияд «Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұнда Хакам ибн Әбул-Асты меңзеген» деген пікір бар екендігін айтқан. Хадистің арабша мәтініндегі «әулия» – «уәли» сөзінің көпше түрі, көпмағыналы сөз. Мұнда бір-бірін жәрдеммен, қауіпсіздік және қамқорлықпен қамтамасыз ететін бір әулеттің адамдары туралы баяндалған. «Тахрим» сүресінің 4-аятында: «Расында, оның (яғни Пайғамбардың (с.а.с.)) жәрдемшісі – Аллаһ және Жәбірейіл мен ізгі мүміндер» деп айтылған. Араб түбегінің ортасындағы кең-байтақ үстірттің аты. сұрады. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Жоқ, егер өзің (нәпіл намаздар оқуды) қаламасаң. Сонымен бірге рамазан айында ораза тұту (керек)», – деді. Ол: «Одан басқа (ораза тұтуға) міндеттімін бе?» – деп сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ, егер өзің (нәпіл ораза тұтуды) қаламасаң», – деп айтты. Сондай-ақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған зекет берудің (қажеттігін) айтты. Ол: «Одан басқа (беруге) міндеттімін бе?» – деп (сұрады. Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ, егер өзің (садақа беруді) қаламасаң», – деді . Осыдан кейін әлгі адам бұрыла беріп: «Аллаһпен ант етейін, бұған еш нәрсені қоспаймын да, кемітпеймін де», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер айтқаны рас болса , ол құтылады», – деп айтты», – дейді. Осы хадистің басқа бір риуаятында Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әкесіне қасам , егер шын айтқан болса, ол құтылады (немесе әкесіне қасам, егер шын айтқан болса, жаннатқа кіреді)», – деген (11/8).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Ислам бес (тірекке): Аллаһтың жалғыз құдай екендігіне куәлік беруге , намазды орындауға , зекетті беруге , рамазанда ораза тұтуға және қажылық жасауға құрылған», – деп айтқан. Бұл хадисте қажылық туралы айтылмаған. Бірақ басқа хадистерде қажылықтың Ислам тіректері қатарына жататыны көрсетілген. Яғни егер ол айтқанын орындаса. Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Имам ән-Нәуәуи бұл сөздің арабтардың ауызекі тілінде қалыптасып кеткен сөз екендігін көрсеткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл арқылы ант ішуді мақсат тұтпаған. Өйткені Ислам шариғатында Аллаһтан өзгенің атымен ант ішуге тыйым салынған. 2) Кейбір ғалымдар «бұл сөз Аллаһ тағаладан басқамен ант ішуге тыйым салынбай тұрып айтылған болуы мүмкін» деп көрсетеді. 3) Баз бір мухаддистер «хадиске бұл сөзді қосу бұдан гөрі сенімдірек көп хабарларға қайшы келеді» деген пікір білдірген. Анығы Аллаһқа аян. Яғни Аллаһтан басқа құлшылық етуге лайықты ешқандай құдайдың жоқтығын мойындау. Мұнда күнделікті бес уақыт парыз намаздарын барлық қажетті шарттарын сақтай отырып, түгел орындау туралы айтылған. 85 грамм алтыны немесе соған тең сомада ақшасы бар әрбір мұсылман зекет беруге міндетті. Аталмыш сома бір жыл қолда тұрса, оның 2,5 пайызы зекетке бөлінеді. Сондай-ақ зекет мал, тауарлар және жер өнімдері сияқты мүліктің басқа түрлерінен де беріледі. Олардың әрқайсысының белгіленген мөлшері бар. Яғни рамазан айында тұтастай таң атысынан күн батқанға дейін арнайы ниетпен тамақ, сусын және оразаны бұзатын басқа да нәрселерден саналы түрде бас тарту. Яғни белгіленген маусымда қасиетті Мекке қаласындағы Қағбаға барып, Аллаһқа жақындау ниетімен белгілі бір рәсімдер мен амалдарды орындау. Бұл денсаулығы жарамды, қаржы-қаражаты жетерлік және қажылық сапары қауіп-қатер тудырмайтын адамдар үшін парыз саналады. Бір кісі (Ибн Омардан): «Қажылық жасауға және рамазанда ораза тұтуға ма?» – деп (сұрағанда), ол: «Жоқ, рамазанда ораза тұтуға және қажылық жасауға. Мен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) осылай естідім», – депті (16/19).
Абдуллаһ ибн Амрдан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Исламның ең жақсы көрінісі қайсы?» – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Тамақ жегізу және танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беру», – деп айтқан (39/63). қоныс аудару да
Ибн Шимаса әл-Мәһриден . Ол: «Амр ибн әл-Ас өлім аузында жатқанда, біз оның қасында болдық. Ол жүзін қабырғаға бұрып алып, ұзақ уақыт жылады. Сонда баласы: «Уа, әкешім! Аллаһ елшісі (с.а.с.) сені осымен сүйіншілеген жоқ па еді? Аллаһ елшісі (с.а.с.) сені осымен сүйіншілеген жоқ па еді?» – деп айта бастады. (Мұны естіген) ол бетін бұрып: «Біз әзірлейтіннің ең абзалы – Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екеніне куәлік беру. Расында, мен үш кезеңді басымнан өткердім. (Әуелде) мен Аллаһ елшісін (с.а.с.) менен қатты жек көретін ешкім жоқ деп ойлайтынмын әрі маған оны қолға түсіріп, өлтіруден артық қалайтын ештеңем жоқ еді. Егер де сол жағдайда өлгенімде, сөзсіз тозақылардан болар едім. Аллаһ Исламды жүрегіме салған соң, Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Оң қолыңды жайшы, саған адалдық антын беремін», – дедім. Ол оң қолын жайды, (бірақ) мен қолымды созбадым. Ол (с.а.с.): «Саған не болды, ей, Амр?» – деп (сұрады). «Мен шарт қойғым келеді», – дедім. «Қандай шарт қоясың?» – деп (сұрады). «(Күнәларымның) кешірілуіне», – дедім. (Сонда) ол (с.а.с.): «Исламның өзінен бұрынғыны жоятынын , сондай-ақ қоныс аудару өзінен бұрынғыны жоятынын және қажылық та өзінен Бұл жерде кедей-кепшіктерге садақа ретінде, сондай-ақ қонақтар мен көршілерге берілген тамақ туралы айтылған. Ибн Шимаса әл-Мәһри – Абдур-Рахман, табиғин, хадис жеткізуші. Амр ибн әл-Ас (Аллаһ оған разы болсын) – Ислам тарихындағы ең ірі қолбасшылардың бірі. Ол мұсылмандардың Меккені қолға алуынан біраз уақыт бұрын Исламды қабылдап, көптеген жорық пен шайқастарға араласқан. Амр ибн әл- Ас Сирияны қолға алуға қатысқан және Мысырды бағындыруда қолбасшылық жасап, кейіннен Каир қаласы тұрғызылған Фустат елді мекенінің негізін салған. Ол һижраның 43-жылы 90 жастан асқан шағында дүниеден өтті. Яғни Ақырет өмірі үшін әзірлейтін. Ислам адамның бұрынғы барлық күнәларын, соның ішінде имансыздық пен көпқұдайшылдықты да жояды. бұрынғыны жоятынын сен білмеуші ме едің?» – деді. (Осыдан кейін) мен үшін Аллаһ елшісінен сүйікті, көзіме одан ұлы көрінген ешкім болған жоқ. Оған деген құрметім себепті (Аллаһ елшісіне (с.а.с.)) көз тоқтатып қарай алмайтынмын. Егер маған оны сипаттап беруді өтінсе, (бұл) қолымнан келмес еді. Өйткені мен оған көз тоқтатып қараған емеспін. Егер сол жағдайда өлсем, сөзсіз жаннаттықтардан болуды үміт етер едім. Содан кейін бізге (түрлі) істер тапсырылды. Оларға қатысты жағдайымның қандай екенін білмеймін. Егер көз жұмсам, (қорымға) менімен бірге ешбір жоқтау айтушы және ешқандай от ілесіп бармасын. Мені қабірге салған соң, үстіме топырақты аз-аздап тастаңдар. Сосын түйе сойылып, еті үлеске таратылар уақыт шамасында қабірімнің айналасында тұрыңдар, мен сендерді медеу тұтып, Раббымның елшілеріне не айтарымды ойыма жинақтап алайын!» – деді», – деген (121/192). соғысу – күпірлік
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұсылманды балағаттау – бойсұнбаушылық, ал онымен соғысу – күпірлік», – деп айтты», – деген (64/116). істегендері үшін жазаланбайды
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір адамдар Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз жәһилиятта істегендеріміз үшін жазаланамыз ба?» – деп (сұрағанда), ол: «Сендерден кім Исламда жақсылық ұстанса , ол (істегендері) үшін жазаланбайды. Ал кім жамандық ұстанса , жәһилиятта және Исламда істегендері үшін жазаланады», – деп айтты», – деген (120/189). амалы үшін дәл сондай он (игі амалдың сауабы) жазылады
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Егер пендем бір игі амал істеуге ниет етсе, істемесе де, Мен оның есебіне бір игі амал жазамын. Ал егер істесе, оны дәл сондай он Ислам өлген адам үшін дауыстап жоқтау айтуға қатаң тыйым салған. Басқаша айтқанда, қабірге қойылған адамға оның дініне қатысты сұрақ қоятын періштелер. Бұл хадис мәйіттің өзін ақтық сапарға шығарып салып тұрған адамдардың сөздерін еститіндігіне қатысты көптеген нұсқаудың біріне жатады. Яғни Исламды сырттай әрі іштей шын ықыласымен қабылдаса. Исламды шын жүректен емес, сырттай қабылдаса, яғни мұнафық болса. (амал) етіп жазамын. Егер бір жамандық істеуге ниет етсе, бірақ істемесе, оны кешіріп жіберемін. Ал егер істесе, оның есебіне дәл сондай (бір жамандық) жазамын», – деді»; Аллаһ елшісі (с.а.с.) және де: «Періштелер: «Уа, Раббы! Мына пендең бір жамандық істеуді қалайды», – дейді. Ал (Аллаһ) мұны (періштелерден) жақсы біліп тұрады. Сонда (Аллаһ): «Оны бақылаңдар! Егер істесе, оның есебіне дәл сондай (жамандық) жазамын. Ал егер бас тартса, есебіне бір жақсылық жазамын. Өйткені ол бұдан Мен үшін бас тартты», – деп айтады»; Сондай-ақ Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбірің Исламда жақсылық ұстанса, оған істеген әрбір игі амалы үшін дәл сондай оннан жеті жүз есеге дейін (игі амал сауабы) жазылады. Ал істеген әрбір жамандығы үшін, Аллаһқа жолыққанынша, дәл сондай (бір жамандық) жазылады», – деп айтты», – деген (129/205).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ маған үмбетімнің айтпаса не әрекетке бармаса, жан дүниелері ойлағандарды кешіретінін (уәде етті)», – деп айтты», – деген.
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Мұсылмандардың қайсысы жақсы?» – деп сұрағанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Тілінен және қолынан (басқа) мұсылмандардың аман болғаны», – деп (жауап берген) (40/64). адам
Ғұруа ибн Зубәйрден . Оған Хаким ибн Хизам (Аллаһ оған разы болсын) өзінің Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Қалай ойлайсың, жәһилият кезіндегі садақа беру, құл азат ету және туыстық қатынасты сақтау секілді игі істерім үшін сауап бар ма?» – деп (сұрағанын) айтқан. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен Исламды бұрынғы (істеген) жақсылықтарыңмен қабылдадың» , – депті (123/195). Бұл тұста адамдардың жүрегінде пайда болатын жаман ойлар мен құмарлықтар туралы айтылған. Ғұруа ибн Зубәйр – табиғин, сахаба Зубәйр ибн әл-Аууам мен Әсма бинт Әбу Бәкірдің ұлы, ғұлама, хадис жеткізуші. Бұл сөзді бірнеше мағынада түсінуге болады. Мәселен: 1) жәһилият кезіндегі игі істерің саған Исламда жәрдемдеседі, өйткені сен бұған дағдыланғансың; 2) бұл игі істерің үшін сен Исламда мақтау естисің; 3) сенің игі істерің Исламда арта түседі.
Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге болғанымызда, ол: «Маған қанша (адам) Исламды қабылдауын жариялағанын санап беріңдерші», – деді. Біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз алты жүз бен жеті жүздің арасындамыз, біз үшін сонда да қорқасың ба», – дегенімізде, ол (с.а.с.): «Шын мәнінде, сендер білмейсіңдер, бәлкім, сынаққа тап боларсыңдар!» – деді. (Айтқанындай-ақ кейін) біз (сондай бір) сынаққа тап болдық, тіпті біздің қатарымыздағылар жасырынып қана намаз оқып жүрді », – деген (149/235). сияқты таяуда жат нәрсе болып қайтады, сондай-ақ ол екі мешіттің арасына шоғырланады
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Ислам жат нәрсе болып басталды және басталғаны сияқты таяуда жат нәрсе болып қайтады , сондай-ақ ол жыландардың өз ініне шоғырланғанындай, екі мешіттің арасына шоғырланады», – деп айтқан (146/232).
Ғұруа ибн Зубәйрден . Оған Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айша (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) уахи ұйқыда ақиқат түс Яғни мұсылмандардың саны қанша екендігін. Әл-Бұхаридің нұсқасында: «...оған бір мың бес жүз кісіні жазып бердік» деп айтылған. Имам ән-Нәуәуи түсіндірмесінде негізі Мәдинада мұсылмандар қатарындағы 600-700 ер адам болғанын, ал оның айналасында тұратындарды қосқанда, мұсылмандар саны бір жарым мыңды құрағанын айтқан. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғаннан кейін орын алған сынақтарға сілтеме жасалған. Сол кезде мұсылмандар көзге түспеу және бүліктер мен қақтығыстарға қатыспау үшін жасырынып намаз оқитын (ән-Нәуәуи). Бәлкім, Хузайфаның бұл сөзі Османның (Аллаһ оған разы болсын) халифалығы тұсындағы Куфаның әмірі Уәлид ибн Ғұқбаның әрекеттеріне қатысты айтылған болуы да мүмкін. Аталмыш әділетсіз әмір жамағатпен оқылатын парыз намаздарды уақытынан кешіктіретін не дұрыс өткізбейтін. Сол үшін де тақуа кісілер намаздарын өз уақытында жасырынып жалғыз оқитын да, сосын әмірдің қаһарына ілігіп қалудан қауіптеніп, жамағат намазына шығатын. Мұнда бастапқыда мұсылмандар санының аз болғаны және уақыт өте келе тағы да сондай болатыны туралы айтылған. Яғни Мекке мен Мәдинаға. Ғұруа ибн Зубәйр – табиғин, сахаба Зубәйр ибн әл-Аууам мен Әсма бинт Әбу Бәкірдің ұлы, ғұлама, хадис жеткізуші. көруден басталды және көрген түсі таң шапағындай анық келетін. Содан кейін оған оңаша қалу ұнамды болып қалды. Отбасына қайтқанша, жалғыз өзі Хира үңгірінде үздіксіз бірнеше түн (Аллаһқа) құлшылық-ғибадат жасайтын. Сол үшін өзімен бірге азық алып кететін. Сосын Хадишаға қайта соғып, тағы да сол үшін азық-ауқат қамдап алатын. Хира үңгірінде оған ақиқат келгенге дейін (осылай жалғасты). Оған періште келіп: «Оқы!» – деді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Мен оқи білмеймін!» – деп (жауап берді. Пайғамбар (с.а.с.)): «Сол кезде ол мені ұстап, тынысым шегіне жеткенше қысты. Сосын мені босатып: «Оқы!» – деді. Мен: «Оқи білмеймін!» – дедім. Ол мені екінші рет ұстап, тағы да тынысым шегіне жеткенге дейін қысты. Сосын қайта босатып: «Оқы!» – деді. Мен: «Оқи білмеймін!» – дедім. Ол үшінші мәрте ұстап, тынысым шегіне жеткенше қысты. Сосын қоя берді де: «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса Ардақты! Қаламмен тәлім берген. Ол адамға білмегенін үйреткен» – деді», – деген. (Айша айтады): «Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) жүрегі дірілдеп, Хадиша бинт Хуайлидтің алдына кіріп келіп: «Мені орап тастаңдар, мені орап тастаңдар», – деді. Олар оны қорқынышы басылғанша орап қояды. Кейін ол Хадишаға: «Ей, Хадиша! Маған не болды?» – деп, оны болған уақиғадан хабардар етеді де: «Мен өзіме қатысты қорқып қалдым» , – дейді. Сонда Хадиша оған: «Жоқ, олай емес! Сен қуана бер! Аллаһпен ант етемін, Аллаһ сені ешқашан қор қылмайды. Аллаһпен ант етемін! Расында, сен туыстармен жақсы қатысасың, шын сөйлейсің, қорғансызды демейсің, жоқ-жітікке қарайласасың, қонақты сыйлайсың және дұрыс істегі қиындықтарға жәрдем етесің», – деп айтады. Бұдан соң Хадиша оны Уарақа ибн Нәуфәл ибн Әсәд ибн Абдулғұззаға ертіп барады. Ол Хадишаның әкесінің бауырының, (яғни) көкесінің баласы болатын. Жәһилият дәуірінде христиан дінін қабылдаған кісі еді. Ол арабша жазатын, Аллаһ қалағанша Інжілден арабшаға (аударып) жазатын. Қартайған, көз жанарынан айырылған шал еді. Хадиша оған: «Уа, көке! Туысыңның баласын тыңда», – дейді. Уарақа ибн Нәуфәл: «Уа, туысымның ұлы! Не көрдің?» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған көргенін баяндайды. Сонда Уарақа оған: «Бұл – Мұсаға (әләйһис сәләм) түсірілген періште Намус. Шіркін, жас болғанымда ғой! Қауымың сені (елден) қуып Бұл жерде ақиқаттығына ешқандай күмән болмаған түстер туралы айтылған. Бұл үңгір қазіргі кезде Меккедегі Жәбәл Нұр деп аталатын тауда. Хадиша бинт Хуайлид (Аллаһ оған разы болсын) – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алғашқы әйелі. Ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) жиырма бес жыл отасқан, оған ақылды да салиқалы жар болған. Хадиша пайғамбарлықтың 10-жылы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) елу жасында дүниеден өткен. Яғни оңашада ғибадат ету үшін. «Ғалақ» сүресі, 1-5 аяттар. Яғни маған қандай да бір залал тимесе жарар еді деп қорықтым. шығарар кезде тірі болсам еді!» – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Олар мені қуып шығара ма?» – деп (сұрайды). Уарақа: «Иә, қашанда сен әкелген секілді нәрсемен келген кісіге дұшпандық жасалған. Егер сол күніңе дейін тірі болсам, саған зор жәрдем беремін», – депті».
Яхиядан . Ол: «Мен Әбу Сәләмәдан2: «Құранның қайсы (аяты) ең алдымен түсірілген?» – деп сұрадым. Ол: «Ей, бүркенген!» (деп басталатын аяттар)», – деді. «Әлде, «Оқы» (деп басталатын аяттар) ма?» – деп (сұраған едім), Әбу Сәләмә: «Мен Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Құранның қайсы (аяты) ең алдымен түсірілген?» – деп (сұрағанымда), ол: «Ей, бүркенген!» (деп басталатын аяттар)», – деді. «Әлде «Оқы» (деп басталатын аяттар) ма?» – деп (қайыра сұрақ қойғанымда), Жәбир: – «Мен сендерге Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге айтқанды айтып беремін. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Мен Хирада бір ай оңаша құлшылық жасадым. Құлшылығымды аяқтаған соң, төмен түсіп, ойпаттың ішіне ендім. Сонда біреу маған үн қатты, (бірақ) алды-артыма, оң жақ, сол жағыма қарап ешкімді көре алмадым. Сосын (тағы) үн қатты, (жан- жағыма) қараған едім, ешкім көрінбеді. Сонан кейін (тағы да) үн қатты. Басымды жоғары көтерсем, ол (яғни Жәбірейіл) әуеде тақта отыр екен. Тұла бойымды қатты діріл билеп кетті де, Хадишаға келіп: «Мені бүркеп тастаңдар!» – дедім. Олар мені бүркеп тастап, үстіме су құя бастады. Сол кезде Аллаһ тағала: «Ей, бүркенген! Тұр енді! (Адамдарға) ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Лас істерді аулақтат!» (деген аяттарды) түсірді», – деп айтты», – деді», – деген (161/257).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ тағала Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ол дүниеден өтер алдында бақилық болғанша үнемі уахи түсіріп тұрды, ал ең көп уахи Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүниеден өтетін күні (түскен) (3016/2). Яхия ибн Әбу Кәсир – табиғин, хадис жеткізуші. Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни пұттарды. «Муддәссир» сүресі, 1-5 аяттар. Имам ән-Нәуәуидің пікірі бойынша, дұрысы, ең бірінші «Ғалақ» сүресінің басындағы аяттар, сосын біраз уақыттан кейін «Муддәссир» сүресінің аяттары түскен. Мұның дәлелі, бір риуаятта Жәбир уахидің кешіккенін әңгімелегені туралы айтылса, басқа бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.): «Жоғарыға көз салсам, Хирада келген періште аспан мен жердің аралығындағы бір тақта отыр екен», – дегені келтірілген. Яғни бұл Жәбірейілдің Аллаһ елшісіне (с.а.с.) екінші рет келуі еді. Ал тағы бір риуаятта «Осыдан кейін уахи көбейіп, үздіксіз жалғасты» деп көрсетілген. Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінің соңғы кездері туралы айтылған. намаздардың парыз етілуі
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Маған пырақ әкелінді. Ол – ақ түсті, есектен биік, қашырдан аласа ұзын жануар. Тұяғын көзі жетер жердің ең шегіне тастайды . Мен оған мініп, Бәйтул-Мақдиске келдім де, оны пайғамбарлар (көліктерін) байлайтын шығыршыққа байладым . Сосын мешітке кіріп, онда екі ракағат намаз оқыдым. Содан кейін сыртқа шықтым. Сол кезде Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) маған бір ыдыспен шарап және бір ыдыспен сүт алып келді. Мен сүтті таңдадым. Сонда Жәбірейіл: «Сен фитраны 5 таңдадың» , – деді. Сосын бізді аспанға алып шықты. Жәбірейіл (қақпаны) ашуды сұрағанда: «Сен кімсің?» – деп (сұрады). Ол: «Жәбірейіл», – деді. (Сақшы): «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). (Жәбірейіл): «Мұхаммед», – деді. (Сақшы): «Оған жіберіліп пе еді?» – Бұл жерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түнде Меккеден Құдысқа саяхат жасауы (исра) мен аспандарға көтерілуі (миғраж) туралы айтылған. Бұл жайлы «Исра» сүресінің 1-аятында және «Нәжм» сүресінің 12-17 аяттарында баян етілген. Бұл оқиға пайғамбарлықтың 11-жылы, яғни һижрадан шамамен бір жарым жыл бұрын болған. Яғни өте жылдам шабады. Бұл жерде Құдыстағы (Иерусалимдегі) әл-Ақса мешіті туралы айтылған. Яғни мешіт қақпасының шығыршығына. Хадисте «фитра» сөзі арқылы Ислам меңзелген. «Фитра» сөзі әу бастағы табиғи жаратылысты, әсіл болмысты білдіреді. Ибн Кәсир: «Бұл адам дүниеге келгенде белгілі бір қасиеттері және табиғи болмыс-бітімі бойынша дінді қабылдауға бейім болып туылатындығын, ал егер оны өз-өзіне қалдырса, онда ол өз болмыс-бітіміне ілесетіндігін, ал ауытқушылар адамдардың немесе қалыптасқан салт-дәстүрлердің әсері себепті ғана ауытқитынын көрсетеді», – деген (Ибн Кәсир, «ән-Ниһая», 3/457). Ал Ибн Хажар (Аллаһ оған рақым етсін): «Адамдар «фитра» деген сөзді қалай түсіну керектігі туралы мәселеде түрлі пікірлерге келді, бірақ ең кең тараған пікір бойынша, фитра дегеніміз – Ислам. Ибн Абдул-Бәрр: «Бізден бұрынғылардың басым көпшілігі оны осылай түсінген. Сондай-ақ білім иелерінің түсіндіруінше, Аллаһ тағала: «Аллаһ жаратылыста адамдарды соған арнап жаратқан» (Рум, 30) дегенде, «жаратылыста» («соған арнап») деп Исламды, Аллаһқа бойсұнуды айтқан», – дейді (қ.: «Фатх әл-Бәри», 3/248). Келесі бір риуаятта Аллаһ елшісіне (с.а.с.) екі ыдыстың бірін таңдау ұсынылғаны, сосын көкейіне сүтті таңдау ұялатылғаны айтылған. Ал басқа бір риуаяттарда: «Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) (Пайғамбарға (с.а.с.)): «Сені фитраға бағыттаған Аллаһқа мадақ! Егер сен шарапты алғаныңда, үмбетің жолдан таяр еді», – деп айтты» деген хабар келген. Жәбірейілдің бұл сөзі: «Сен Ислам мен туралықтың рәмізін таңдадың. Өйткені сүт шарапқа қарағанда оңай сіңіріледі әрі ешқандай жаман нәтижеге апармайды. Ал шарап (яғни масайтатын ішімдіктің барлық түрлері) – жамандықтың түп-негізі болып табылады және ол түрлі кесір-кесапаттарға жеткізеді» деген мағынаны білдіреді. Яғни аспандарға көтерілуі үшін. деді. (Жәбірейіл): «Оған жіберілген», – деді. Сөйтіп, бізге (қақпа) ашылды, қарасам, Адам (аләйһис-сәләм) тұр екен. Ол маған «қош келіпсің» айтып, мен үшін игілік тілеп, дұға қылды. Сосын ол бізді екінші аспанға алып шықты. Жәбірейіл (қақпаны) ашуды сұрағанда: «Сен кімсің?» – деп (сұрады). Ол: «Жәбірейіл», – деді. (Сақшы): «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). (Жәбірейіл): «Мұхаммед», – деді. (Сақшы): «Оған жіберіліп пе еді?» – деді. (Жәбірейіл): «Оған жіберілген», – деді. Сөйтіп, бізге (қақпа) ашылды, қарасам, әпкелі-сіңлінің балалары Иса ибн Мәриям мен Яхия ибн Зәкәрия (аләйһимәс сәләм) тұр екен. Олар маған «қош келіпсің» айтып, мен үшін игілік тілеп, дұға жасады. Сосын ол мені үшінші аспанға алып шықты. Жәбірейіл (қақпаны) ашуды сұрағанда: «Сен кімсің?» – деп (сұрады). Ол: «Жәбірейіл», – деді. (Сақшы): «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). (Жәбірейіл): «Мұхаммед», – деді. (Сақшы): «Оған жіберіліп пе еді?» – деді. (Жәбірейіл): «Оған жіберілген», – деді. Сөйтіп, бізге (қақпа) ашылды, қарасам, Юсуф (аләйһис-сәләм) тұр екен. Оған сұлулықтың тең жартысы берілген екен. Ол «қош келіпсің» айтып, мен үшін игілік тілеп, дұға қылды. Сосын ол бізді төртінші аспанға алып шықты. Жәбірейіл (қақпаны) ашуды сұрағанда: «Бұл кім?» – деп (сұрады). Ол: «Жәбірейіл», – деді. (Сақшы): «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). (Жәбірейіл): «Мұхаммед», – деді. (Сақшы): «Оған жіберіліп пе еді?» – деді. (Жәбірейіл): «Оған жіберілген», – деді. Сөйтіп, бізге (қақпа) ашылды, қарасам, Идрис (аләйһис-сәләм) тұр екен. Ол «қош келіпсің» айтып, мен үшін игілік тілеп, дұға етті. Аллаһ тағала: «Біз оны жоғары бір орынға көтердік» , – деген. Сосын ол бізді бесінші аспанға алып шықты. Жәбірейіл (қақпаны) ашуды сұрағанда: «Бұл кім?» – деп (сұрады). Ол: «Жәбірейіл», – деді. (Сақшы): «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). (Жәбірейіл): «Мұхаммед», – деді. (Сақшы): «Оған жіберіліп пе еді?» – деді. (Жәбірейіл): «Оған жіберілген», – деді. Сөйтіп, бізге (қақпа) ашылды, қарасам, Һарун (аләйһис-сәләм) тұр екен. Ол «қош келіпсің» айтып, мен үшін игілік тілеп, дұға қылды. Сосын ол бізді алтыншы аспанға алып шықты. Жәбірейіл (қақпаны) ашуды сұрағанда: «Бұл кім?» – деп (сұрады). Ол: «Жәбірейіл», – деді. (Сақшы): «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). (Жәбірейіл): «Мұхаммед», – деді. (Сақшы): «Оған жіберіліп пе еді?» – деді. (Жәбірейіл): «Оған жіберілген», – деді. Сөйтіп, бізге (қақпа) ашылды, онда Мұса (аләйһис-сәләм) тұр екен. Ол да «қош келіпсің» айтып, мен үшін игілік тілеп, дұға етті. Сосын ол жетінші аспанға алып шықты. Жәбірейіл (қақпаны) ашуды сұрағанда: «Бұл кім?» – деп (сұрады). Ол: «Жәбірейіл», – деді. (Сақшы): «Сенімен бірге (келген) кім?» – деп (сұрады). (Жәбірейіл): «Мұхаммед», – деді. (Сақшы): «Оған жіберіліп пе еді?» – деді. (Жәбірейіл): «Оған жіберілген», – деді. Сөйтіп, бізге (қақпа) ашылды, қарасам, Ибраһим (аләйһис-сәләм) Бұл жерде Яхия мен Исаның (ол екеуіне сәлем болсын) бір-біріне бөле екендіктері айтылған. «Мәриям» сүресі, 57-аят. арқасын Бәйтул-Маъмурға сүйеп тұр екен. Ол (үйге) әр күні оған қайта айналып соқпайтын жетпіс мың періште кіреді. Сосын мені ең шектегі сидрға алып барды. Қарасам, оның жапырақтары пілдің құлағындай, ал жемістері құмыралардай екен. Оны Аллаһтың бұйрығы бойынша бір нәрсе қаптаған кезде, ол (ағаш) өзгеріп кетті. Аллаһ жаратқандардан ешкім оның сұлулығын сипаттап бере алмас еді. Сонда Аллаһ маған уахиларын ендіріп, әрбір күндіз бен түнде елу намазды парыз етті. Сөйтіп, Мұсаға түстім. Ол: «Аллаһ үмбетіңе қандай парыз жүктеді?» – деді. Мен: «Елу намаз (парыз етті)», – дедім. Ол: «Раббыңа қайтып бар да, Одан жеңілдік сұра. Өйткені үмбетіңнің бұған шамасы келмейді. Расында, мен Исраил ұрпақтарын тексеріп, сынап көргенмін», – деді . Сөйтіп, Раббыма қайта барып4: «Уа, Раббым! Үмбетіме жеңілдік жаса!» – деп (өтіндім. Аллаһ тағала) менен (оның) бесеуін алып тастады. Сосын Мұсаға оралып: «Менен бесеуін алып тастады», – дедім. Ол: «Расында, үмбетіңнің бұған шамасы келмейді, Раббыңа қайта бар да, Одан жеңілдік сұра», – деді. (Осылай Аллаһ тағала): «Ей, Мұхаммед! Олар – әрбір күндіз бен түнде бес намаз. Әр намаз үшін он (намаздың сауабы беріледі) . Солай елу намаз (болады). Кім бір игі амал істеуге ниет етсе, істемесе де, оның есебіне бір игі амал жазылады. Ал егер істесе, оған он болып жазылады. Кімде-кім бір жамандық істеуге ниет етсе, бірақ істемесе, оған еш нәрсе жазылмайды. Ал егер істесе, бір жамандық жазылады», – деп айтқанға дейін аса игі әрі жоғары мәртебелі Раббым мен Мұсаның арасында жүрдім. Сосын төмен түстім де, Мұсаға келіп, оған мұны айтып бердім. Ол: «Раббыңа қайта барып, Одан жеңілдік сұра», – деді», – деп айтқан. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сонда мен: «Раббыма қайтып бара беріп, Одан ұялдым», – дедім», – деген (162/259). айтқандары
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Мекке мен Мәдина аралығында кетіп бара жатқанымызда бір ойпаттан өттік. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл қай ойпат?» – деп (сұрады). Адамдар: «Азрақ ойпаты», – деді. Сонда ол Яғни көктегі Қағба. «Нәжм» сүресінің 14-аятына қараңыз. Жетінші аспандағы ағаш осылай аталады. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) және де басқа ғалымдардың айтуынша, бұл ағаш оған жеткенде періштелердің білімі аяқталатыны үшін осылай аталған. Ол ағашқа дейін баруға Пайғамбарымыз (с.а.с.) ғана рұқсат алған. Басқаша айтқанда, Мұса (аләйһис-сәләм) исраилдіктердің парыз намаздарын толық орындауы үшін бар күш-жігерін жұмсаса да, қалаған мақсатына жете алмаған. Яғни Онымен жолыққан орынға қайтып келдім. Яғни мұсылманды оқыған бес уақыт намазы үшін он есе көбейтілген сауаптар күтіп тұр. (с.а.с.): «Мен Мұсаны (аләйһис-сәләм) көріп тұрғандаймын. (Пайғамбар (с.а.с.) оның түсі мен шашының біраз (сипаттарын) айтқан. (Бірақ) Дәуіт оны есінде сақтамаған.) Ол саусақтарымен құлағын басып, зор дауыспен Аллаһқа тәлбия айтып, осы ойпаттан өтіп бара жатқан сияқты», – деп айтты. Сонан соң жол жүріп, бір (тау) асуына келіп жеттік. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл қай асу?» – деп (сұрады). (Адамдар): «Һарша немесе Лифт», – деді. Сонда ол (с.а.с.): «Мен қызыл түйедегі, үстіне жүн жубба (киген), түйесінің бұйдасы өсімдік талшықтарынан (жасалған) Юнусты көріп тұрғандаймын. Ол мына ойпаттан тәлбия айтып, өтіп бара жатқан сияқты», – деп айтты», – деген (166/269).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.): «Исра түні Мұсаны (аләйһис-сәләм) жолықтырдым. (Пайғамбар (с.а.с.) оны сипаттап берген. (Хадисті жеткізуші4): «(Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол сымбатты кісі екен», – деп айтты», – деп ойлаймын деген.) Шашы аса бұйра да емес, тым түзу де емес. Ол шәнуа (тайпасының) кісілеріне ұқсайды. Исаны да жолықтырдым. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны сипаттап берген.) Ол төртпақ, моншадан шыққандай қызыл реңді екен. Сондай-ақ Ибраһимді көрдім. Балаларының арасында оған ең қатты ұқсайтыны – менмін. Маған біреуіне сүт, екіншісіне шарап (құйылған) екі ыдыс әкелді де: «Мыналардан қалағаныңды ал», – деді . Мен сүтті алып, оны іштім. Сонда: «Саған фитра көрсетілді (немесе сен фитраға дөп түстің). Егер Дәуіт ибн Әбу Һинд – табиғин, хадис жеткізуші. Ол мухаддистердің сеніміне ие болған кісі. Бірақ өмірінің соңында күш-қуаты қайтып, есте сақтау қабілеті нашарлап қалған. Тәлбия – қажылық жасаушының: «Ләббәйкә Аллаһумма, ләббәйк(ә). Ләббәйкә, лә шәрикә ләкә, ләббәйк(ә). Иннәл-хамда, уән-ниъмәтә, ләкә уәл-мулк(у). Лә шәрикә ләк(ә) (Міне, мен Сенің құзырыңдамын, уа, Аллаһ, міне, мен Сенің құзырыңдамын! Міне, мен Сенің құзырыңдамын, Сенің серігің жоқ, міне, мен Сенің құзырыңдамын. Ақиқатында барлық мақтау, барлық игілік және барлық билік Саған тән, Сенің серігің жоқ)», – деп айтуы. Жубба – жеңдері кең пішілген сырт киім. Мұнда табиғиндер қатарындағы хадис жеткізушілердің бірі – Абдур-Раззақ туралы айтылған. Хадистің арабша мәтінінде «мудтариб» сөзі бойшаң не арық дегенді білдіреді. Басқа бір риуаятта бұл «дарб» деп берілген. Ибн Хажар бұл сөз «нахиф», яғни сымбатты, ашаң жүзді, арық деген мағынаны білдіретіндігін айтқан. Йемендік тайпа. Бұл тайпа адамдарының бойлары ұзын болып келетін. Басқа бір хадисте Мұса пайғамбар «зут тайпасының адамдарына ұқсайды» деп сипаттаған. Зут тайпасының адамдары бидай өңді, орасан күшті кісілер болатын. Яғни оның жүзі албыраған, жұмсақ болған. Басқа бір риуаяттарда бұл сөзді Жәбірейілдің (аләйһис-сәләм) айтқаны көрсетілген. 76-хадистің сілтемесіне қараңыз. шарапты таңдағаныңда, үмбетің адасар еді», – деп айтылды», – деп айтты», – деген (168/272). Мәсих Дажжал туралы айтқаны
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдар арасында Мәсих Дажжал туралы әңгімелеп: «Расында, аса Игі, жоғары мәртебелі Аллаһтың бір көзі соқыр емес . Естеріңде болсын, Мәсих Дажжалдың оң көзі соқыр, оның көзі бадырайған жүзім сияқты », – деді. Сондай-ақ Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Түнде түсімде өзімді Қағбаның жанында көрдім, қарасам, көзге түсер қараторы кісілердің ең сұлуы іспеттес бидай өңді, тараулы шашы екі иығының арасына соғылған, басынан су тамшылап тұрған, қолдарын екі кісінің иығына қойған бір кісі (әлгі екі кісінің) ортасында Қағбаны тауап етіп жүр екен. Мен: «Бұл кім?» – деп (сұраған едім, адамдар): «Бұл – Мәриям ұлы Мәсих», – деді. Сосын оның арт жағынан тым бұйра шашты, оң көзі соқыр, мен көргендердің ішінде Ибн Қатанға өте ұқсайтын бір кісіні көрдім. Ол (да) қолдарын екі кісінің иығына қойып, Қағбаны айналып жүрді. Мен: «Кім бұл?» – дедім. (Адамдар): «Мәсих Дажжал», – деп айтты», – деді», – деген (169/274). сәлем болсын) имам болып намаз оқуы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, мен өзімді Хижрда көрдім, құрайыштар менен түндегі саяхатым (исра) жайлы сұрап жатты. Олар менен Бәйтул-Мақдистен есімде сақтамаған жайттар жайлы сұрады. Мен (бұған) қатты қапаландым, ешқашан олай қапаланған емес едім. Сонда Аллаһ маған (Бәйтул-Мақдисті) көтеріп, мен оған қарап тұрдым. (Сөйтіп), олар менен не нәрсе туралы сұраса да, оны бұлжытпай айтып бердім. Сондай-ақ мен өзімді пайғамбарлар тобында көрдім. Қарасам, Мұса (аләйһис-сәләм) намаз оқып тұр екен. (Ол) – сымбатты, бұйра шашты, шәнуа (тайпасының) адамдарына ұқсайтын кісі. Қарасам, Мәриямның ұлы Иса Мәсих Дажжал – Қиямет күні жақын қалғанда адамдар арасынан шығатын бүлікші. Ол жер бетіне ылаң салып, халықты өзін құдаймын деп азғырады. Дажжалдың фитнасы Аллаһ тағала Адамды жаратқаннан бергі ең үлкен фитна болады. Себебі Аллаһ тағала оны адамдарды сынау үшін жіберіп, оған бірнеше ерекше мүмкіндіктер береді. Аллаһ тағала барлық айып-кемшіліктен пәк. Яғни көз қарашығы сыртқа шығыңқы, бадырақ көз. Ибн Қатан – жәһилият дәуірінде қайтыс болып кеткен хузаға руының адамы. Қағбаның солтүстік-батыс жағындағы, жартылай доғал дуалмен қоршалған орын. (аләйһис-сәләм) да намаз оқып тұр екен. Оған адамдар арасында ең көбірек ұқсайтыны – Ғұруа ибн Масғұд әс-Сақафи. Сондай-ақ Ибраһимнің (аләйһис-сәләм) намаз оқып тұрғанын көрдім. Адамдар арасында оған ең қатты ұқсайтын – сендердің жолдастарың ((Пайғамбар (с.а.с.)) өзін меңзеген). Сол кезде намаз (уақыты) кірді де, мен оларға имам болдым. Намазды аяқтағанымда, біреу: «Ей, Мұхаммед! Мынау – тозақтың күзетшісі Мәлик, оған сәлем бер», – деді. Оған бұрылған едім, ол маған бірінші сәлем берді», – деп айтты», – деген (172/278). барып тоқтағаны жайлы
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Исра кезінде Аллаһ елшісін (с.а.с.) ең шектегі сидрға тоқтатқан. Ол – алтыншы аспандағы (ағаш). Жерден көтерілгендер соған барып тоқтайды да, содан алынады. Сондай-ақ жоғарыдан түскендер де оған келіп тоқтайды да, одан алынады. «Сол уақытта сидрды қаптаған зат қаптады» . (Бұл) жабу алтыннан. Сонда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) үш нәрсе: бес (уақыт) намаз, Бақара сүресінің соңғы (аяттары) берілді және үмбетінен Аллаһқа серік қоспаған (адамдардың) тозаққа түсіретін үлкен күнәлары кешірілді», – деп айтқан (173/279). жақын болды» деген сөзі туралы
Әш-Шәйбәниден . Ол: «Мен Зирр ибн Хубәйштен Аллаһ тағаланың: «Ол екі садақ бойындай не (одан да) жақын болды » – деген сөзі жайлы сұрағанымда, ол: «Маған Ибн Масғұд Пайғамбардың (с.а.с.) Жәбірейілді көргенін, оның алты жүз қанаты бар екенін хабарлады», – деп айтты», – деген (174/280). «Нәжм» сүресі, 16-аят. «Нәжм» сүресі, 9-аят. Әш-Шәйбәни – Әбу Исхақ Сүлеймен ибн Әбу Сүлеймен, табиғин, хадис жеткізуші. Зирр ибн Хубәйш – көрнекті табиғиндерден, хадис жеткізуші. Ибн Кәсир, Мужәһид пен Қатаданың «бұл – садақтың адырнасы мен сабының арақашықтығы» деген сөздерін жеткізген. Ал басқа тәпсіршілердің түсіндірмесі бойынша, мұнда жебе тартатын қарапайым садақ туралы айтылған. Бұл періштенің Аллаһ елшісіне (с.а.с.) өте жақын келгенін және оған уахиді тікелей жеткізгенін көрсетеді. Әт-Табари мұның Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) екендігін түсіндірген.
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Жүрек көргенін өтірік санамады» , «Шын мәнінде, ол оны түскен кезде тағы да көрді» (деген аяттар жайлы): «(Пайғамбар (с.а.с.)) оны жүрегімен екі рет көрген», – деген (176/285).
Масруқтан . Ол: «(Бірде) мен Айша (отырған жерде) жамбастап жатыр едім, ол: «Ей, Әбу Айша5! Үш (нәрсе бар), кімде-кім олардың бірін айтса, шын мәнінде, Аллаһқа үлкен жала жапқан болады», – деді. Мен: «Олар не?» – деп (сұраған едім), ол: «Кімде-кім «Мұхаммед (с.а.с.) Раббысын көрді» деп айтса, шын мәнінде, Аллаһқа үлкен жала жапқан болады», – деді. Мен жамбастап жатқан болатынмын, (көтеріліп) отырдым да: «Уа, мүміндердің анасы! (Сөзімді) бағып, мені асықтырмашы. Аллаһ тағала: «Расында, ол оны анық көкжиектен көрді» , «Шын мәнінде, ол оны түскен кезде тағы да көрді» , – деп айтқан емес пе?» – деп (сұрадым). Ол: «Осы жайлы Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сұраған бұл үмбеттің әуелгісі – менмін. Сонда ол (с.а.с.): «Шын мәнінде, ол – Жәбірейіл. Мен оны (Аллаһ) жаратқан бейнесінде осы екі кезде ғана көрдім. Оны зор тұлғасы аспан мен жердің арасын жауып көктен түсіп келе жатқан кезінде көрдім», – деп айтты. Сен Аллаһтың: «Көздер (Аллаһқа) жете алмайды, Ол көздерге жетеді. Ол – аса Қырағы, бәрінен Хабардар» , – дегенін естімегенсің бе? Сондай-ақ сен Аллаһтың: «Аллаһ адам баласымен уахи арқылы не перде артынан ғана сөйлеседі немесе Өз бұйрығымен қалағанын уахи ететін бір елші жібереді. Расында, Ол – Асқақ, аса Дана» , – дегенін естімегенсің бе? Кімде-кім «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Аллаһтың кітабынан бір нәрсені жасырып қалды» десе, шын мәнінде, Аллаһқа үлкен жала жапқан болады. Аллаһ: «Ей, елші! Раббыңнан өзіңе түсірілгенді жеткіз. Егер (мұны) істемесең, Оның жолдауын жеткізбеген боласың» – дейді. Сондай-ақ кімде-кім (Пайғамбар (с.а.с.)) ертең не боларын хабарлайды» десе, шын мәнінде, Аллаһқа үлкен жала жапқан болады. Аллаһ: «Аллаһтан «Нәжм» сүресі, 11-аят. «Нәжм» сүресі, 13-аят. Осы аяттың түсіндірмесі және Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізген хадисі бойынша, бұл Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) болатын. Масруқ ибн әл-Әждағ Әбу Айша – табиғин, хадис жеткізуші. Әбу Айша – Масруқтың күния аты. «Тәкуир» сүресі, 23-аят. «Нәжм» сүресі, 13-аят. «Әнғам» сүресі, 103-аят. «Шура» сүресі, 51-аят. «Мәида» сүресі, 67-аят. басқа аспандардағылар да, жердегілер де ғайыпты білмейді», – деп айт» , – дейді», – деді. Дәуіт2: «(Айша): «Мұхаммед (с.а.с.) өзіне түсірілгеннен бірдеңе жасыра алғанда, «Сол уақытта сен Аллаһ нығметке бөлеген және өзің нығметке бөлеген біреуге: «Әйеліңді өзіңде ұста, Аллаһтан қорық», – деп, Аллаһ жариялайтын (жайтты) жан дүниеңде жасыруда және адамдардан қорқуда едің. (Негізінде), сенің қорқуыңа бәрінен де Аллаһ құқылы» (деген) мына аятты жасырар еді», – деп айтты» (деген сөзді) қосқан (177/287, 288).
Әбу Мұсадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) біздің арамызда тұрып бес сөз (айтты). Ол (с.а.с.): «Расында, Аллаһ тағала ұйықтамайды, ұйықтау Оған лайық емес. Туралық таразысын Ол түсіріп, көтереді . Оған күндізгі амалдардан бұрын түнгі амалдар, түнгі амалдардан бұрын күндізгі амалдар көтеріледі . Оның жамылғысы – нұр (Әбу Бәкірдің риуаятында: «от» деп келген), егер Ол (жамылғысын) ашса, дидарының нұрлары көзі жетер жерге дейінгі жаратқандарын өртеп жіберер еді », – деп айтты», – деген (179/293).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) адамдар Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Қиямет күні Раббымызды көреміз бе?» – деп (сұрағанда), Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ай толған түні айды (көрулеріңе бір нәрсе) кедергі бола ма?» – деді. Олар: «Жоқ, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. «Сендерге бұлтсыз күні күнді (көруге бір нәрсе) кедергі бола ма?» – деді. Олар: «Жоқ, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Сол сияқты сендер Оны көресіңдер. Қиямет күні Аллаһ адамдарды жинап: «Кім неге табынса, соған ерсін!» – дейді. Сонда күнге табынғандар күнге ереді, айға табынғандар айға ереді, тағуттарға табынғандар тағуттарға ереді де, араларында мұнафықтары бар осы үмбет қана қалады. Сол кезде аса игі, жоғары мәртебелі Аллаһ (бұл адамдарға) олар танитын бейнесінен басқа бейнеде «Нахл» сүресі, 65-аят. Дәуіт ибн Әбу Һинд – табиғин, хадис жеткізуші. «Ахзаб» сүресі, 37-аят. Бұл – пенделердің іс-амалдары өлшеніп, тартылатын және олардың ризық- несібелері анықталатын таразы. Ән-Нәуәуидің айтуынша, періштелер таң атысымен түнгі амалдарды, кеш батысымен күндізгі амалдарды алып көкке көтеріледі. Әбу Бәкір ибн Әбу Шәйба – Муслимнің ұстазы, мухаддис. Мұндағы «Оның жамылғысы» – Оны көруге кедергі жасаушы зат. Жамылғының нұр немесе от деп көрсетілуінің себебі, олардың сәулесі осы өмірде адамның көру мүмкіндігіне кедергі жасайтындығында жатыр. «Көзі жетер жерге дейінгі жаратқандары» – барлық жаратылғандар. Өйткені Аллаһтың көру сипаты барлығын қамтиды (ән-Нәуәуи). Тағут – Аллаһ тағаладан өзге табынатын басқа заттар, пұт-мүсіндер, шайтан. келіп1: «Мен – сендердің Раббыларыңмын», – дейді. Олар: «Біз сенен Аллаһқа сыйынып паналаймыз. Раббымыз келгенше, біздің орнымыз – осы. Раббымыз келсе, біз Оны танимыз», – дейді. Сосын Аллаһ тағала (бұл адамдарға) олар танитын бейнесінде келіп: «Мен – сендердің Раббыларыңмын», – дейді. Сонда олар: «Сен – біздің Раббымызсың», – деп, Оған ілеседі. (Сөйтіп), жаһаннамның үстіне сират (көпірі) қойылады. (Одан) ең бірінші өтетін – мен және менің үмбетім. Ол күні пайғамбарлардан басқа ешкім сөйлемейді . Пайғамбарлардың ол күнгі жалбарыну сөздері: «Уа, Аллаһ! Құтқара гөр, құтқара гөр» (болады). Жаһаннамда сағданның тікендері сияқты ілгектер бар. Сендер сағданды көргенсіңдер ме?» – деп (сұрады). (Сахабалар): «Иә, уа, Аллаһтың елшісі!» – деп (жауап берді). (Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғап): «Олар сағданның тікендері сияқты, бірақ дәл ондай емес. Олардың қаншалықты үлкендігі бір Аллаһқа аян. Олар адамдарды амалдарына қарай іледі. (Адамдардың) арасында амалдары үшін қалатын мүміндер және құтқарылғанша жазаланатындар болады . (Бұл жағдай) Аллаһ пенделер арасындағы сотты аяқтағанша (жалғасады. Сосын Аллаһ) Өз мейірімімен тозақтықтардан қалаған (пенделерін) шығаруды қалап, періштелерге Аллаһ тағала мейірім көрсетуді қалағандардың ішінде «Лә иләһә илләллаһ» деп айтқандардың қатарындағы Аллаһқа еш нәрсені серік етіп қоспағандарды шығаруды бұйырады. (Періштелер) оларды тозақта сәжделердің ізінен таниды. Тозақ оты адам баласының сәжде Мұнда мұсылмандар Құран аяттарын және Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетін оқып- үйренудің нәтижесінде пайда болған Аллаһтың сипаттары жайлы жалпы ұғым- түсінік туралы айтылған. Құранда: «Оған ұқсайтын еш нәрсе жоқ» деп айтылған (Шура, 11). Әһлі сунна уәл-жамаға өкілдері Аллаһ тағаланың сипаттарын жоққа шығармайды және оларды жаратылғандардың сипаттарына теңемейді. Ізгі буын өкілдерінің көпшілігі «біз бұл оқиғаның болатынына сенуге тиістіміз, ол Аллаһ тағаланың ұлылығына лайық көріністе орын алады. Сондай-ақ Аллаһ Өз жаратқандарының ішінде ештеңеге ұқсамайтындығына және Оған қандай да бір түр-тұлғаға ену лайық емес екендігіне сенуіміз керек» деген. Біздің мазһаб ғалымы әс-Синдидің «Сахих әл-Бұхари» жинағына жазған түсіндірмесі бойынша (1/137, 4/65), әлгі адамдардың арасында Аллаһты көруге лайық емес мұнафықтар болғандықтан немесе сынақ ретінде осылай жасалады. Аллаһ олардың алдына олар білетін кейбір сипаттарын жасырып келеді. Ал бұдан Аллаһтың сипаттары өзгереді деген тұжырым тумайды. Мұнда тек бұл сипаттардың көрінісінің және олардың адамдарға көрсетілуінің өзгеруі туралы айтылған. Сират «көпір, өткел, жол» мағыналарын білдіреді. Басқа бір риуаятта Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Мен ол көпірдің қылдан жіңішке, қылыштан өткір екендігін естігенмін», – деген. Яғни жағдайдың ауырлығынан сираттан өтіп жатқан кезде пайғамбарлардан басқа ешкім сөйлей алмайды. Дәмі тәтті, тікенегі қалың әрі үлкен өсімдік, оны мал азығы ретінде пайдаланады. Бұл ілгектер темірден болады. Яғни тозаққа құлайды немесе денесін ілгектер тырнап, жаралайды. іздерінен басқа (барлық денесін) өртеп жібереді. Аллаһ отқа сәжделердің ізін жандыруға тыйым салған . Сөйтіп, олар өртенген күйлерінде тозақтан шығарылады да, олардың үстіне өмір суы құйылады. Сонда бұдан олар ағыспен келген дән өніп шыққандай өсіп шығады . Сосын Аллаһ тағала пенделер арасындағы сотты аяқтайды да, (жаннат пен тозақ арасында) бір кісі қалады. Оның жүзі тозаққа қаратылған болады, ол – жаннатқа кіретін ең соңғы жаннаттық. Ол: «Уа, Раббым! Жүзімді тозақтан бұра гөр, оның желі мені уландырды, ал жалыны күйдіріп жіберді!» – деп Аллаһ қалағанша Оған жалбарынады. Сосын аса игі, жоғары мәртебелі Аллаһ: «Егер мұны орындасам, одан басқа ештеңе сұрамайсың ба?» – дейді. Ол: «Сенен одан басқаны сұрамаймын!» деп Раббысына, Ол қалағанша, келісім, серт береді. Сөйтіп, Аллаһ оның жүзін тозақтан бұрады. Жаннатқа қараған ол (кісі) оны көріп, Аллаһ қалағанша үнсіз тұрады да, сосын: «Уа, Раббым! Мені жаннат қақпасының алдына алып баршы!» – дейді. Аллаһ: «Сен (әлгіндегі) бергенімнен басқа ештеңе сұрамауға келісім, серттер бермеп пе едің? Сорың құрсын, ей, Адам баласы! (Уәдеңе) осынша опасыз болармысың!» – дейді. Ол: «Уа, Раббым!» – деп, Аллаһқа жалбарынады. (Аллаһ тағала) оған: «Егер мұны берсем, одан басқа ештеңе сұрамайсың ба?» – дейді. «Жоқ, құдіретіңмен ант етейін!» – деп Раббысына қалағанынша келісім, серт береді. Сөйтіп, (Аллаһ) оны жаннаттың қақпасына алып барады. Ол жаннат қақпасының алдында тұрғанда, оның алдынан жаннат (қақпасы) ашылып, ондағы игіліктер мен қуаныш-шаттықты көреді де, Аллаһ қалағанға дейін үнсіз тұрып, сосын: «Уа, Раббым! Мені жаннатқа кіргізші!» – дейді. Аса игі, жоғары мәртебелі Аллаһ оған: «Өзіңе берілгеннен басқа еш нәрсе сұрамауға келісім, серттер бермеп пе едің?! Сорың құрғыр, ей, Адам баласы! (Уәдеңе) осынша опасыз болармысың!» – дейді. «Уа, Раббым! Өз жаратқандарыңның ең сорлысы болмайын!» – деп үздіксіз жалбарынады. Ақырында аса игі, жоғары мәртебелі Аллаһ оған күледі. Аллаһ оған күледі де: «Жаннатқа кір!» – дейді. (Жаннатқа) кірген соң, Аллаһ оған: «Тілегіңді айт!» – дейді. Сөйтіп, ол (қалағанын) сұрап, тілегін айтады. Тіпті Аллаһ оған: «Мынадан (ал), мынадан (ал)», – деп есіне салып отырады. Арман-тілектерінің (барлығы) таусылған кезде Аллаһ тағала: «Міне, саған (сұрағаның) және онымен бірге тағы сонша!» – дейді», – деп айтты». Ата ибн Язид3: «Әбу Сағид әл-Худри Әбу Һурайрамен бірге болатын. Оның хадисінен ештеңені теріске шығармай тұрған-ды. Бірақ Әбу Һурайра: «Аллаһ әлгі кісіге: «...онымен бірге тағы сонша», – деді», – деп айтқан кезде, Әбу Сағид: «...онымен бірге тағы сондай он есе», ей, Әбу Һурайра!» – деп (түзетті). Әбу Һурайра: «(Аллаһ елшісінің (с.а.с.)): «Міне, саған (сұрағаның) Яғни тозақ отына сәжде жасайтын жеті мүшедегі сәжде іздерін жалмауға тыйым салынған. Олар: маңдай, мұрын, екі қол, екі тізе және башпайлар. Мұнда олардың денелері өте тез, әдемі әрі балғын боп өсіп шығатыны меңзелген. Ата ибн Язид – табиғин, хадис жеткізуші. және онымен бірге тағы сонша!» дегенін ғана есімде сақтаппын», – деді. (Сонда) Әбу Сағид: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Міне, саған (сұрағаның) және тағы сондай он есе», – деген сөзін есімде сақтағаныма куәлік беремін», – деп айтты», – деген . Әбу Һурайра: «Ол кісі – жаннатқа кіретін ең соңғы жаннаттық», – деп айтқан (182/299).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Тозаққа) түскен тозақтықтар онда өлмейді де, тірінің де күйін кешпейді. Алайда күнәлары (немесе қателіктері) себепті тозаққа душар болған бір адамдарды көмірге айналғанша өлтіреді де, (сосын оларға) шапағат жасауға рұқсат етіледі. Сөйтіп, оларды топ-тобымен әкеліп, жаннат өзендеріне бөліп тастайды. Содан кейін: «Ей, жаннаттықтар, олардың үстіне (су) құйыңдар!» – делінеді. Сонда олар ағын сумен келген дән өскіні сияқты өсіп шығады», – деді. (Мұны естіген) адамдардан бір кісі: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) шөл далада болған тәрізді» , – деп айтты», – деген (185/306).
Әнәс, Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) (жеткізген). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жаннатқа ең соңғы кіретін – ер адам. Ол бірде жүрсе, бірде (жер бауырлап) жорғалайды. (Шыға берген кезінде) оны бір рет от шалып қалады. Ол шыққаннан соң, (тозаққа) бұрылып қарап: «Мені сенен құтқарған (Аллаһ) аса Игі! Аллаһ маған әуелгілер мен соңғылардың ішінде ешқайсысына бермегенді берді!» – дейді. Сонда оған (алыстан) бір ағаш көрінеді. Ол: «Уа, Раббым! Мені осы ағашқа жақындатшы, саясына көлеңкелеп, суынан шөлімді басайын», – дейді. Аллаһ тағала: «Ей, Адам баласы! Оны саған берсем, одан басқаны сұрайтын шығарсың?» – дейді. Ол: «Жоқ, уа, Раббым!» – деп (Аллаһқа) одан басқа (еш нәрсе) сұрамауға серт береді. (Сөйтіп), Раббысы оның тағатсызданып тұрғанын көріп, кешіреді де, оны ол (ағашқа) жақындатады. Ол (ағаш) саясында көлеңкелеп, суынан ішеді. Сосын әуелгі (ағаштан) да әдемірек бір ағаш көзіне түседі. Ол: «Уа, Раббым! Мені осы (ағашқа) жақындатшы, суынан ішіп, саясына көлеңкелейін. Одан басқаны сұрамаймын», – дейді. (Аллаһ тағала): «Ей, Адам баласы! Маған одан басқаны сұрамауға серт берген жоқ па едің? Сені ол (ағашқа) жақындатсам, одан басқаны сұрайтын шығарсың», – дейді. (Пенде тағы да) одан басқа ештеңе сұрамауға серт береді. Раббысы оның тағатсызданып тұрғанына қарап, кешіреді де, оны (ағашқа) Ғұламалардың айтуынша, он есе жайлы сүйінші хабар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) кейінірек жеткізілген болуы мүмкін. Ал Әбу Һурайра мұны естімей, хадисті алғашқы нұсқасымен жеткізген. Яғни жылға суларының жай-күйін білген-тұғын. жақындатады. Ол (ағаш) саясында көлеңкелеп, сусындайды. Сосын оған жаннат қақпасының алдындағы бір дарақ көрінеді. Ол алғашқы екеуінен де әдемі еді. Ол (тағы да): «Уа, Раббым! Мені осы (ағашқа) жақындатшы, саясына көлеңкелеп, суына шөлімді қандырайын. Одан басқаны сұрамаймын», – дейді. (Аллаһ тағала): «Ей, Адам баласы! Маған одан басқаны сұрамауға серт берген жоқ па едің?» – дейді. Ол: «Иә, уа, Раббым! Осы (ғана, енді) одан басқаны сұрамаймын», – дейді. Раббысы оның тағатсызданғанын көріп, кешіреді де, оны ол (ағашқа) жақындатады. (Аллаһ тағала) оны (сол ағашқа) жақындатқан кезде, ол жаннаттықтардың дауыстарын естіп: «Уа, Раббым, мені оған кіргізші!» – деп (жалбарынады. Аллаһ тағала): «Ей, Адам баласы! Менен сұрауыңды не тоқтатады? Саған дүниені және онымен бірге тағы сол сияқтыны (қосып) берсем, разы боласың ба?» – дейді. (Пенде): «Уа, Раббым! Өзің әлемдердің Раббысы бола тұра, мені әжуалап тұрсың ба?» – дейді...»; (Осы жерде хадисті әңгімелеп отырған) Ибн Масғұд күлген және (жанындағыларға): «Менің неге күлгенімді сұрамайсыңдар ма?» – деген. (Адамдар): «Неге күлдің?» – деп (сұрайды). Ол: «(Осы хадисті айтқанда) Аллаһ елшісі (с.а.с.) осылай күлген еді. (Сахабалар): «Неге күлдің, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол (с.а.с.): «(Пенде): «Өзің әлемдердің Раббысы бола тұра, мені әжуалап тұрсың ба?» – деген уақыттағы әлемдердің Раббысының күлгеніне», – деп (жауап берді)», – депті. «...(Сонда Аллаһ тағала әлгіге): «Мен сені әжуалап тұрған жоқпын. Керісінше, Мен қалағаныма құдіреттімін!» – дейді», – деп айтқан (187/310).
Әбу Зубәйрден . Ол (бір адам тозақтан) өту жайлы сұрағанда, Жәбир ибн Абдуллаһтың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Қиямет күні біз пәлен-пәлен (орынға) келеміз. Қара: яғни бұл (басқа) адамдардан жоғарыда болады . Сонда үмбеттер пұт-мүсіндерге табынғандарына қарай рет- ретімен шақырылады. Содан кейін бізге Раббымыз келіп: «Кімді күтіп тұрсыңдар», – дейді. (Біздің қатарымыздағы адамдар): «Раббымызды күтіп тұрмыз», – дейді. Ол: «Мен – сендердің Раббыларыңмын», – дейді. Олар: «Біз сені күтіп тұрмыз», – дейді. (Аллаһ тағала) оларға көрінеді де, күледі. Сөйтіп, оларды алып жүреді, ал олар Оған ілеседі. Жаһаннам (үстіне құрылған) көпірде ілгектер мен қысқаштар болады. Олар Аллаһ қалаған (адамдарды) қармап алады. Сосын мұнафықтардың нұрлары өшіріледі де, Әбу Зубәйр – Мұхаммед ибн Муслим әл-Мәкки, табиғин, хадис жеткізуші. Басқа риуаяттарда бұл Аллаһ елшісінен (с.а.с.) хабар етілген. Басқа риуаяттарда адамдардың бір қыратқа жиналатыны, ол жерде Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) үмбетінің бәрінен жоғары тұратындығы айтылған. Хадисті жеткізуші мұны түсінбегендіктен немесе оны ұмытып қалғандықтан: «пәлен-пәлен (орынға)» деп айтып, сосын: «Қара: яғни бұл (басқа) адамдардан жоғарыда болады» деп түсіндірген. мүміндер құтылады. Құтылатын алғашқы топ есеп-қисап алынбайтын жетпіс мың (адам), олардың жүздері тұнық түндегі толған айдай болады. Олардан кейінгілердің (жүздері) аспандағы жұлдыздың жарығындай болады. Осылайша (жалғаса береді). Содан кейін шапағатқа рұқсат етіліп, (оған құқылылар) «Лә иләһә илләллаһ» деп айтқан, жүрегінде арпа дәнінің салмағындай жақсылық бар (адамдар) тозақтан шыққанша шапағат жасайды. Сөйтіп, оларды жаннат ауласына қояды да, жаннаттықтар олардың үстіне су құяды. Сонда олар ағын сумен (келген дәндей) өсіп шығып, күйген жерлері кетеді. Сосын олар өтініш-тілектерін айтып, оларға дүние және онымен бірге дәл сондай он есе (сыйлық) беріледі», – деп айтқанын естіген (191/316).
Язид Фақирден . Ол: «Маған хауариждердің бір пікірі ұнап қалды. (Бірде) біз бір үлкен топ болып, қажылық жасау мақсатымен және адамдарға жолығу үшін жолға шықтық. Мәдинадан өтіп бара жатқанымызда, Жәбир ибн Абдуллаһ бір бағанның түбінде адамдарға Аллаһ елшісінің (с.а.с.) хадистерін айтып отыр екен. Ол тозақтықтар жайлы айтқан кезде, мен оған: «Уа, Аллаһ елшісінің сахабасы! Сендер не туралы айтып жатырсыңдар? Аллаһ: «Раббымыз! Шын мәнінде, Сен тозаққа кіргізгендер қор болады» , «Қашан олар (тозақтан) шығуды қаласа, оған қайтадан қайтарылады» , – дейді ғой. Ал сендер айтып жүрген бұл не нәрсе?» – дедім. Ол: «Сен Құран оқисың ба?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім. «Сен Мұхаммедтің (с.а.с.) орны, яғни Аллаһ оны тірілтетін (орын) жайлы естігенсің бе?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім. Ол: «Бұл – Мұхаммедтің (с.а.с.) мақтаулы орны, ол арқылы Аллаһ қалағандарын шығарады», – деді. Сосын сират (көпірінің) қойылуы мен адамдардың одан өтуін сипаттап берді. Мен оны есімде сақтай алмадым ба деп қауіптенемін. Әйтсе де ол бір адамдар тозақта болғаннан кейін одан шығатынын, яғни күнжіт сабақтарындай болып шығатындарын, сосын жаннат өзендерінің біріне кіріп, онда жуынатындарын және (одан ақ) қағаздың парақтарындай болып шығатындарын айтты. Сонда біз: «Сорларың құрысын! (Бұл) қария Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қатысты өтірік айтады деп ойлайсыңдар ма?» – деп кері қайттық. Сөйтіп, біз (қажылықтан) оралдық. Аллаһпен ант етейін, біздің Язид Фақир – табиғин, хадис жеткізуші. Бұл жерде хауариждердің үлкен күнә жасаған адамдар тозақта мәңгі қалып, одан шықпайды деген пікірі туралы айтылған. Яғни хауариждердің пікірін тарату үшін. «Әлі Имран» сүресі, 192-аят. «Сәжде» сүресі, 20-аят. Кейбір ғалымдардың айтуынша, мұнда олардың күн астында жатқан күнжіт сабақтары сияқты қарайып кететіндігі меңзелген. Яғни ағарып ақ қағаздай болады. Яғни олар Жәбир ибн Абдуллаһтың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) шындықты айтқанына күмәнданбаған. арамыздан бір кісіден басқа (ешкім) хауариждерге қосылмады» , – деген. Немесе Әбу Нұғайымның айтқанындай (191/320).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Төрт (адам) тозақтан шығарылып, Аллаһтың алдына әкелінеді. Сонда олардың бірі (артына) бұрылып: «Уа, Раббым! Мені одан шығарған екенсің, енді оған қайтарма», – дейді. Сөйтіп, Аллаһ оны (тозақтан) құтқарады», – деген (192/321).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ет әкелінді де, оған (қойдың) сирағы ұсынылды. Ол (қойдың сирағын) ұнататын. Одан бір тістеді де: «Қиямет күні мен адамдардың мырзасымын! Оның (мырзалықтың) не үшін екенін білесіңдер ме? Қиямет күні Аллаһ әуелгілер мен соңғыларды бір төбенің үстіне жинайды. Шақырған (адам) оларға естірте алады, (назар салған адам) оларды көре алады. Күн (оларға) жақын келеді. Адамдар уайым-қайғыдан сондай бір әлдері қалмайтындай, төзе алмайтындай дәрежеге жетеді. Сонда адамдар бір-біріне: «Қандай жағдайда тұрғандарыңа қарамайсыңдар ма? Қандай жағдайға жеткендеріңді көрмейсіңдер ме? Өздерің үшін Раббыларыңа шапағат ететін біреуді қарастырмайсыңдар ма?» – дейді. Сөйтіп, олар өзара: «Адамға барайық», – дейді. Олар Адамға барып: «Ей, Адам! Сен – адамзаттың атасысың. Аллаһ сені Өз қолымен жаратқан, Өз рухынан дем үрген, періштелерге бұйырып, олар саған сәжде жасаған. Бізге Раббыңның алдында шапағат ете гөр. Қандай жағдайда тұрғанымызға қарашы. Қандай жағдайға жеткенімізді көрші», – дейді. Сонда Адам: «Бүгін Раббым бұрын кездеспеген түрде қатты ашуланды және бұдан кейін де ешқашан бұлай ашуланбайды. Ол мені ағаштан қайтарғанда, асылық еткен едім. Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Нұхқа барыңдар», – дейді. Сосын (адамдар) Нұхқа барып: «Ей, Нұх! Сен – жер бетіне жіберілген алғашқы елшісің, Аллаһ сені шүкір етуші пенде деп атаған. Бізге Раббыңның алдында шапағат ете гөр. Қандай жағдайда тұрғанымызға қарашы. Қандай жағдайға жеткенімізді көрші», – дейді. Сонда (Нұх) оларға: «Бүгін Раббым бұрын кездеспеген түрде қатты ашуланды және бұдан кейін де ешқашан бұлай ашуланбайды. Менде (қабыл болатын) бір-ақ дұға бар еді. Оны қауымыма қарсы дұға қылғанымда қолданып қойдым. Өзім... Өзім... Сендер Яғни бұдан кейін олар хауариждердің пікірінен бас тартып, бұл үшін тәубеге келген. Олардың арасындағы бір кісі ғана бұл пікірден қайтпаған. Әбу Нұғайым – осы хадисті жеткізгендердің бірі. Бұл сөз хадис жеткізушілер арасында қалыптасқан әдепті көрсетеді. Ал бұл әдеп бойынша, риуаятшылардың бірі әлдебір хабарды есінде сөзбе-сөз сақтай алмай, мағынасына сәйкес жеткізсе, оның соңына «немесе пәленше айтқандай» деп келтіретін еді. Ибраһимге барыңдар», – дейді. Сосын (адамдар) Ибраһимге келіп: «Сен – Аллаһтың пайғамбарысың, жер бетіндегілердің арасындағы сүйікті адамысың, бізге Раббыңның алдында шапағат ете гөр! Қандай жағдайда тұрғанымызға қарашы. Қандай жағдайға жеткенімізді көрші», – дейді. (Ибраһим) оларға: «Бүгін Раббым бұрын кездеспеген түрде қатты ашуланды және бұдан кейін де ешқашан бұлай ашуланбайды», – деп, өзінің жалған сөйлегендерін айтады . Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Мұсаға барыңдар», – дейді. Сосын (адамдар) Мұсаға келіп: «Ей, Мұса! Сен – Аллаһтың елшісісің, Ол сені адамдардан Өз жолдамасы және сөйлескенімен артық еткен. Бізге Раббыңның алдында шапағат ете гөр! Қандай жағдайда тұрғанымызға қарашы. Қандай жағдайға жеткенімізді көрші», – дейді. Мұса оларға: «Бүгін Раббым бұрын кездеспеген түрде қатты ашуланды және бұдан кейін де ешқашан бұлай ашуланбайды. Мен өзім өлтіруге бұйрық алмаған кісіні өлтіргенмін. Өзім... Өзім... Сендер Исаға барыңдар», – дейді. (Адамдар) Исаға келіп: «Ей, Иса! Сен – Аллаһтың елшісісің, адамдарға бесікте (сәби кезіңде) тіл қаттың, (Аллаһтың) Мәриямға жолдаған сөзісің, Ол тараптан келген рухсың, бізге Раббыңның алдында шапағат ете гөр! Қандай жағдайда тұрғанымызға қарашы? Қандай жағдайға жеткенімізді көрші», – дейді. Иса оларға: «Бүгін Раббым бұрын кездеспеген түрде қатты ашуланды және бұдан кейін де ешқашан бұлай ашуланбайды. (Ол (қандай) күнәсі (бар екенін) айтпаған.) Өзім... Өзім... Менен басқаға барыңдар. Мұхаммедке барыңдар», – дейді. Сонда (адамдар) маған келіп: «Ей, Мұхаммед! Сен – Аллаһтың елшісісің, пайғамбарлардың соңғысысың, Аллаһ сенің бұрынғы және кейінгі күнәларыңды кешірген. Бізге Раббыңның алдында шапағатшы бола гөр. Қандай жағдайда тұрғанымызға қарашы. Қандай жағдайға жеткенімізді көрші», – дейді. Сөйтіп, мен барып, (Аллаһтың) аршы астына келіп, Раббым үшін сәждеге жығыламын. Сосын Аллаһ маған менен бұрын ешкімге ашпаған Өзінің мақтауларын, Өзіне арналған көркем дәріптеулерді ашып, көкейіме құяды. Содан кейін (маған): «Ей, Мұхаммед! Басыңды көтер, сұра, тілегің қабылданады, шапағат ет, саған шапағат құқы беріледі», – дейді. Мен басымды көтеріп: «Уа, Раббым, үмбетім, үмбетім!» – деймін. Сонда (маған): «Ей, Мұхаммед! Жаннат қақпаларының оң жақтағысынан үмбетіңнен есепке алынбайтындарды кіргіз», – деп Мұнда оның елі табынатын пұттарды сындыратын кезінде мерекеге шықпай: «Мен науқаспын» дегені, ол пұттарды сындырып, олардың ішіндегі ең үлкенін қалдырған соң, елі: «Ей, Ибраһим! Мұны құдайларымызға сен істедің бе?» – деп сұраған кезде: «Бәлкім, мұны олардың үлкені істеген болар» дегені және одан Мысыр патшасының әскері әйелі Сарраның өзіне кім болатындығын сұрағанда: «Ол – менің қарындасым» деген сөздері туралы айтылған. Ибраһим пайғамбар мұның бәрін де өз мақсатында емес, Аллаһ үшін айтқан. Басқа хадистерде Пайғамбарымызға (с.а.с.) ілескен жетпіс мың адам жаннатқа есеп-қисапсыз кіретіні туралы айтылған. айтады. Әрі олар адамдармен бірге басқа қақпалардан да кіре алады. Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін! Шын мәнінде, жаннат (қақпалары) жармаларының ішінде екі жарманың арасы Мекке мен Һажардың (немесе Мекке мен Бусраның) арақашықтығындай», – деп айтты», – деген (194/327). адамдардың ең әуелгісімін және пайғамбарлардың ішінде менің ілесушілерім көп болады» деген сөзі
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Мен – жаннаттағы ең әуелгі шапағат етушімін, пайғамбарлардың ешқайсысы мен сияқты сенушілерге ие болған емес. Расында, пайғамбарлардың арасында үмбетінен оған тек бір ғана кісі сенген пайғамбар да болған», – деп айтқан (196/332).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні мен жаннат қақпасына келіп, (оны) ашуды сұраймын. Күзетші: «Сен кімсің?» – деп (сұрайды). «Мұхаммедпін», – деймін. Сонда ол: «Мен (қақпаны) саған (ашуға) бұйрық алғанмын, (оны) сенен бұрын ешкімге ашпаймын», – деп айтады», – деді», – деген (197/333). дұғасы бар» дегені
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әр пайғамбарда қабыл болатын дұғасы бар. (Бірақ басқа) пайғамбарлардың барлығы (ол) дұғасын қолданып қойған. Ал мен (бұл) дұғамды Қиямет күні үмбетіме шапағат ету үшін сақтап қойдым. Аллаһ қаласа , ол үмбетімнен Аллаһқа ештеңені серік қоспай өткендерге бұйырады», – деп айтты», – деген (199/338).
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ тағаланың Ибраһимге қатысты: «Раббым! Шын мәнінде, олар көп адамдарды адастырды. Кім маған ілессе, расында, ол – менен. Ал кім маған қарсы келсе, расында, Сен – Бахрейн өлкесіндегі үлкен қаланың аты. Бұл сөз сақтық ретінде айтылған. Өйткені Аллаһ тағала: «Ешқашан «мұны ертең істеймін» деп айтпа», – деп бұйырған (Кәһф, 23). өте Кешірімді, аса Рақымдысың» деген сөзін оқыды. Иса (аләйһис- сәләм): «Егер оларды азаптасаң, расында, олар – Сенің пенделерің. Ал егер оларға кешірім жасасаң, расында, Сен – аса Үстем, Данасың» , – деген. (Пайғамбар (с.а.с.)) қолдарын көтеріп: «Уа, Аллаһ! Үмбетім, үмбетім», – деп көз жасына ерік берген. Аллаһ тағала: «Ей, Жәбірейіл, Мұхаммедке бар! Раббың жақсы біледі, (бірақ) сен одан: «Сені жылатқан не нәрсе?» – деп сұра», – дейді. Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) оған келіп, (мұның жайын) сұрайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған өзі айтқанды жеткізеді. (Әрине, Аллаһ мұны) жақсы біледі. Сонда Аллаһ: «Ей, Жәбірейіл! Мұхаммедке барып: «Таяу арада Біз сені үмбетіңе қатысты разы етеміз және сені ренжітпейміз», – деп айт», – деген», – дейді (202/346).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Туфайл ибн Амр әд-Дәуси Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сенің берік қамалың мен қорғаның бар ма?» – деп (сұраған). Ол: «Жәһилият кезінде дәус (руына) тиесілі болған қамалға (қалай қарайсың?)» – деген. (Бірақ) Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ ансарларға сақтаған (игілік) үшін бұдан бас тартады. Сосын Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударған кезде, Туфайл ибн Амр да оған қоныс аударады. Онымен бірге оның қауымынан бір кісі қоныс аударады. Оларға Мәдинаның ауасы жақпай, (әлгі кісі) ауырып қалады. (Ауруға) шыдай алмаған ол ұшы өткір жалпақ жебесін алып, онымен саусақтарының буындарын тіледі де, қолынан қан ағып, қансырап өледі. Туфайл ибн Амр оны түсінде көреді. Оның түр-келбеті әдемі екенін, (бірақ) қолдарын жауып алғанын көрген (Туфайл) одан: «Раббың саған не істеді?» – деп (сұрайды). Ол: «Өз Пайғамбарына (с.а.с.) қоныс аударғаным үшін Ол мені кешірді», – дейді. (Туфайл): «Мен сенің қолдарыңды жауып алғаныңды көріп тұрмын ғой», – деп (сұрақ қояды). Ол: «Маған: «Біз сенің өз қолыңмен бүлдіргеніңді түземейміз» деп айтылды», – дейді. Туфайл мұны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әңгімелеп бергенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Уа, Аллаһ! Оны қолдары үшін де кешіре гөр!» – деп (дұға жасаған) (116/184).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Жақын туыстарыңа ескерт» (деген) мына аят түскен кезде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрайыштарды шақырды да, олар жиналды. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларды) жалпы және жеке-жеке (атап): «Ей, Кағб ибн Луәй әулеті! «Ибраһим» сүресі, 36-аят. «Мәида» сүресі, 118-аят. Бұл хадис Пайғамбардың (с.а.с.) өз үмбетіне деген мейірімділігін айғақтайды әрі мұнда мұсылмандарға қатысты қуанышты хабарға нұсқау бар. «Шұғара» сүресі, 214-аят. Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Мурра ибн Кағб әулеті! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Абдушәмс әулеті! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Абдуманаф әулеті! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Һашим әулеті! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Абдул- Мутталиб әулеті! Өздеріңді тозақтан құтқарыңдар! Ей, Фатима! Өзіңді тозақтан құтқар! Өйткені мен сендерге Аллаһтың алдында ешқандай көмек бере алмаймын. Бірақ сендердің туыстық байланыстарың бар, мен оны тиісінше сақтаймын», – деп айтты», – деген (204/348).
Аббас ибн Абдул-Мутталибтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол (бірде): «Уа, Аллаһтың елшісі! Әбу Талибке қандай да бір жолмен пайдаңды тигіздің бе? Ол сені қорғаштап, сен үшін ашуланатын» , – дегенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә. Ол тозақтың беткі бөлігінде (болады), егер мен болмағанда, ол тозақтың ең төменгі қабатында болары сөзсіз еді», – депті (209/357).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тозақтықтардың ең жеңіл азапталатыны – Әбу Талиб. Оған (оттан) кебістер кигізіледі және бұдан оның миы қайнап тұрады», – деген (212/362). жаннатқа есеп-қисапсыз кіреді» дегені
Хусайн ибн Абдур-Рахманнан . Ол: «(Бірде) Сағид ибн Жубәйрдің қасында болғанымда, ол: «Бүгін түнде аққан жұлдызды қайсың көрдіңдер?» – деп (сұрады). «Мен», – дедім де, сосын: «Бірақ мен намазда болған жоқпын, мені (улы жәндік) шағып алған еді», – дедім. «Сен не істедің?» – деп (сұрады). «Дем салдырдым», – деп айттым. «Бұған сені не итермеледі?» – деп (сұрады). «Бізге әш-Шағби жеткізген хадис», – дедім. «Әш-Шағби сендерге қандай хадис айтқан еді?» – деп (сұрады). «Ол бізге Бурайда ибн Хусайб әл-Әсләмиден жеткізді. Ол: «Көзден және (улы жәндіктің) уынан басқаға дем салдырудың (қажеті) жоқ» , – депті», – дедім. Сонда ол: «Өз естігеніне тоқтаған (адам) қандай жақсы! Алайда бізге Ибн Аббас (Аллаһ Яғни сені ренжіткендерге ашуланатын. Хусайн ибн Абдур-Рахман әс-Суләми – табиғин, хадис жеткізуші. Сағид ибн Жубәйр – табиғин, хадис жеткізуші. Әш-Шағби – Амир ибн Шарахил, табиғин, хадис жеткізуші, әйгілі ғұлама. Бұл хадис бұдан басқа ауруларға дем салдыруды теріске шығармайды. Мұнда дем салдырудың ең жақсысы, көз тигенде және жылан, шаян, қарақұрт сияқты улы жәндіктердің уына қарсы дем салдыру екені меңзелген. әкесі екеуіне разы болсын) бір хадис жеткізді. Ол: «Пайғамбар (с.а.с.): «Маған (барлық) үмбеттер көрсетілді. Сонда қасында бірнеше адам ғана бар пайғамбарды да, қасында бір-екі кісі ғана бар пайғамбарды да және қасында ешкім жоқ пайғамбарды да көрдім. Бір кезде маған өте көп адамның қарасы көрінді, мен «бұлар – менің үмбетім екен» деп ойлаған едім, маған: «Бұл – Мұса (аләйһис-сәләм) мен оның қауымы. Бірақ сен көкжиекке қара», – деп айтылды. Қарасам, өте көп адам бар екен. Сосын маған: «(Енді) келесі көкжиекке қара», – деді. Қарасам, (тағы да) өте көп адам бар екен. Маған: «Сенің үмбетің осы, бұлармен бірге жаннатқа есеп-қисапсыз, азаптаусыз кіретін жетпіс мың (адам) бар», – деп айтты», – деді. Сосын (тыңдап отырғандарға олардың кімдер екенін түсіндірмей), орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Содан кейін адамдар әлгі жаннатқа есеп-қисапсыз және азаптаусыз кіретіндер жайлы сөз ете бастады. Біреулері: «Мүмкін, олар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) сахаба болғандар шығар», – десе, біреулері: «Бәлкім, бұлар Исламда туылып, Аллаһқа серік қоспағандар шығар», – деген сияқты әңгімелер айтты. Аллаһ елшісі (с.а.с.) олардың алдына шығып: «Не жайлы сөз етіп отырсыңдар?» – деп (сұрады). Олар мән-жайды айтып берді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Олар дем салмайтындар және дем салғызбайтындар , құстың ұшуын ырымға баламайтындар және Раббыларына тәуекел ететіндер», – деді. (Мұны естіген) Ғұккаша ибн Михсан орнынан тұрып: «Мені солардың қатарына қосуы үшін Аллаһқа дұға қылшы!» – деп (өтінді). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сен – солардың қатарындасың», – дейді. Сосын басқа бір кісі орнынан тұрып: «Мені де солардың қатарына қосуы үшін Аллаһқа дұға қылшы» – деп (өтінгенде, Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл мәселеде Ғұккаша сенің алдыңды орап кетті» , – деді», – деп айтты», – деген. Мұнда «бірнеше адам» деп үш пен онның арасындағы адам саны көрсетілген. Әйткенмен ширк араласпаған дем салуға және дем салдыруға тыйым салынбайды. Өйткені Жәбірейіл Пайғамбарымызға (с.а.с.) дем салған, Пайғамбар (с.а.с.) өзі дем салған және адамдарға дем салуды бұйырған. Бірақ дем салдыру Аллаһқа тәуекел етудің кемелдігіне нұқсан келтіреді. Яғни Аллаһқа түгелдей тәуекел еткен адам басқалардың өзіне дем салуын қаламайды. Ал Жәбірейілдің Аллаһ елшісіне (с.а.с.) дем салғанына тоқталсақ, бұл Пайғамбардың (с.а.с.) одан мұны өтінгенін білдірмейді (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Яғни құстың ұшқан бағытына қарай болжанатын жаман ырымға сеніп, ойындағы ниетінен бас тартпайтындар. Исламнан бұрынғы кезеңдерде арабтардың арасында құстың ұшу бағытына қарап бал ашу дәстүрі кең тараған еді. Сірә, Пайғамбар (с.а.с.) бұл адам үшін жасалған мұндай дұғаның қабыл болмайтынын білгендіктен, осылай десе керек. Ибн әл-Жаузи (Аллаһ оған рақым етсін) «егер Пайғамбар (с.а.с.) екінші адам үшін дұға қылса, үшінші, сосын төртінші адам орнынан тұрып, жалғаса берер еді» деген пікір айтқан. жартысы боласыңдар деп үміттенемін» дегені