Әбу Жамрадан . Ол: «Мен Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) пен адамдардың арасында тілмаш болып тұр едім . Бір әйел келіп, одан құмырадағы нәбиз (сусыны) жайлы сұрады . Сонда (Ибн Аббас): «Өзіне абдул-қайс (тайпасының) өкілдері келгенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Бұлар) кімдердің өкілдері?» (Немесе: «(Бұл) қай қауым?») – деп (сұрады). Олар: «Рабиғалықпыз» , – деп (жауап берді). Ол (с.а.с.): «Қош келдіңдер, қор болмаған және өкінбеген қауым (немесе өкілдер)!» – деді. Олар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз саған өте қашық сапардан келеміз әрі ортамызда мудар кәпірлерінің мына тайпасы болғандықтан , тек (осы) қасиетті айда ғана келе аламыз. Артымызда қалғандарға айтып баруымыз және сол арқылы жаннатқа кіруіміз үшін бізге айрықша бір нәрсе бұйыршы», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оларды төрт нәрсеге бұйырып, Әбу Жамра – Нәср ибн Имран, табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл кезде Әбу Жамра Ибн Аббасқа (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) парсы тілінен арабшаға тәржімалап тұрған. Ал шейх Әбу Амр ибн Салахтың пікірінше, Әбу Жамра халықтың көптігінен арт жақтағыларға естілмей немесе Ибн Аббастың қысқа әрі нұсқа сөйлеуі себепті көп адамдар дұрыс түсіне алмай жатқандықтан, оның сөзін адамдарға, ал адамдардың сөздерін Ибн Аббасқа жеткізіп отырған. Ән-Нәуәуи: «Әбу Жамра адамдарға Ибн Аббастың сөздерін түсіндірген болуы мүмкін», – деген пікір білдірген. Нәбиз – құрма мен жүзімнен жасалатын шырын. Ол көп сақталса – ашып, масайтқыш ішімдікке айналады. Мұнда әйелдердің жақын туысы (махрамы) саналмайтын ер кісілерден пәтуа сұрауына және мұндай жағдайда ер адамдарға олардың дауысын естуге рұқсат етілетініне қатысты дәлел бар (ән-Нәуәуи). Біздің мазһаб ғалымдарының бірі Бәдруддин әл-Айни әл-Ханафи де Әбу Дәудтің «Сунәніндегі» өзге бір хадиске жазған түсіндірмесінде (2/57) әйелге ер адамнан пәтуа сұрауға рұқсат етілетінін айтқан. Тайпаның аты. Яғни олар Исламды қабылдауды кейінге қалдыру не одан бас тарту немесе тұтқынға түсу сияқты ұятқа қалдыратын әрі опық жегізетін істерге бармай, Пайғамбардың (с.а.с.) алдына өздері келген. Кейбіреулер бұл қауымның бахрейндік тайпа болғанын айтқан. Яғни рабиға тайпасы тұратын мекен мен Мәдина қаласының ортасында мудар тайпасының иелігіндегі аймақ болатын. Сондықтан Мәдинаға келу үшін оларға мудар тайпасы арқылы өтуге тура келетін. Өзге бір риуаятта: «қасиетті айларда» деп келген, яғни арабтар тайпааралық соғыстарға тыйым салып, құрмет тұтқан ражаб, зул-қағда, зул-хижжа және мухаррам айлары туралы айтылған. Абдул-қайс тайпасы дұшпандардан келетін қастандықтан қауіптенгендіктен, Мәдинамен тек осы айларда ғана байланыс жасай алатын. Яғни мұнда келе алмаған руластарымызға. төрт нәрседен қайтарды. Оларға тек қана бір Аллаһқа иман келтіруді бұйырып: «Сендер Аллаһқа иман келтіру дегеннің не екенін білесіңдер ме?» – деп (сұрады). Олар: «Аллаһ пен Оның елшісі жақсы біледі», – деп (жауап қатты). Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «(Бұл) – Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, рамазанда ораза тұту және (соғыстан түскен) олжаның бестен бірін берулерің» , – деді. Сонымен қатар оларға төрт нәрсеге: әд-дуббаға , әл-хантамға , әл- музаффатқа (Шұғба4: «(Пайғамбар (с.а.с.)): «ән-нақир» деген болуы да мүмкін, сондай-ақ «әл-муқаййар» деп айтқан болуы да ықтимал», – деген) тыйым салды . Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)): «Мінеки, осыларды естеріңде тұтып, арттарыңда қалғандарға жеткізіңдер», – деп (тапсырды)», – деді», – деген. Ғалымдар мұны: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) олжаның бестен бірін беруді рабиғалықтар кәпірлермен көрші тұрып, олармен соғыс жүргізетіндігі себепті қоса бұйырған», – деп түсіндірген. Немесе олжаның бестен бірін беру иманның, яғни Исламның негізгі тіректерінің құрамына кірмегенімен, оның тармақтарының бірі ретінде қарастырылады деп түсіну керек. Ал мұндағы парыздар қатарында қажылық міндеті жайлы айтылмағандығын Қазы Ғияд: «Абдул-қайс тайпасының өкілдері Пайғамбарымызға (с.а.с.) һижраның 8-жылғы Меккені бағындыру жорығынан бұрын келген», – деп талдаған. Ал қажылық міндеті һижраның 9-жылы парыз етілгендігі белгілі. «Әд-дубба» – кептірген қабақтан істелген шарап құйылатын ыдыс. «Әл-хантам» – жүн мен қан араластырып, балшықтан істелген құмыра. Табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғалым, хадис ғылымының білгірі әрі хадис жеткізуші. «Ән-нақир» – құрма тамырларынан ойып істелген шарап ішетін ыдыс. «Әл-музаффат» немесе «әл-муқаййар» – бүйірлеріне шайыр жағылған, шарап ішетін ыдыс. Сол кезде осындай құмыраларда құрма мен жүзімнен, ашыса – масайтатын ішімдікке айналуы мүмкін шырын («нәбиз») дайындайтын. Бұл жөнінде бірнеше пікір айтылған. Мәселен: 1) Біздің мазһаб ғалымы Мулла Әли әл-Қари осы мәселеге қатысты екі пікір ұсынған: а) Мұндағы тыйым шектеусіз мағынада келмеген, тек аталмыш ыдыстарда масайтатын ішімдіктер дайындауға тыйым салынған. ә) Кейінірек бұл тыйым мансұқ етіліп, күшін жойған (қ.: «Тухфат әл-ахуази»). 2) Шафиғи мазһабы мен ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі бойынша да, кейіннен мұндай ыдысты пайдалануға салынған тыйым күшін жойған, бірақ кез келген масайтатын ішімдікке салынған тыйым өз күшінде қалған (осы кітаптағы 499-хадиске қараңыз). 3) Мәлик, Ахмад ибн Ханбал және Исхақ ибн Рахауайһ бұл тыйымның өз күшін жоймағандығын айтады. Осыған ұқсас хабар Ибн Омар мен Ибн Аббастан риуаят етілген. Ибн Муғаз әкесінен жеткізген хадисінде: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Ашажға2: «Ашаж Абдул-Қайс, расында, сенде Аллаһ ұнататын екі қасиет бар, ол – ақыл мен байсалдылық», – деп айтқан», – деген (17/24).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдар арасында отырғанда, оған бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Иман деген не?» – деп (сұрады). Ол (с.а.с.): «Аллаһқа, Оның періштелеріне, Оның Кітабына, Онымен кездесетініңе, Оның елшілеріне иман келтіруің және қайта тірілуге сенуің» , – деді. (Әлгі кісі): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ислам деген не?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ислам дегеніміз – Аллаһқа ғибадат етіп, Оған ештеңені серік қоспауың, парыз намазды орындауың, парыз зекетті өтеуің және рамазанда ораза тұтуың» , – деді. (Әлгі кісі): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ихсан деген не?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық етуің, егер Оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр», – деді. (Әлгі кісі): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сағат қашан (келеді)?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол жайында сұралушы сұраушыдан көп білмейді, бірақ саған оның белгілері туралы айтып берейін: күң өз қожайынын туса, бұл – оның белгілерінен. Жалаңаш, жалаңаяқтар адамдарды басқарса, бұл – оның белгілерінен. Мал бағушылар (зәулім) ғимараттар салуда өзара жарысқа түссе, бұл – оның белгілерінен. (Бірақ) Аллаһтан өзге (ешкім) білмейтін бес нәрсе бар», – деді. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)) «Расында, Қияметтің білімі Аллаһтың қасында. Ол жаңбыр жаудырады, жатырлардағыны біледі. Ешбір жан ертең не істейтінін білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлерін де білмейді. Шын мәнінде, Аллаһ – (бәрін) Білуші, (бәрінен) Хабардар» (деген аятты) оқыды»; «Сосын (әлгі) адам кетті. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Ол) адамды маған қайтарыңдар», – деп (бұйырды). (Адамдар) оны қайтаруға ұмтылды, бірақ олар ешкімді көрмеді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл – Жәбірейіл, адамдарға діндерін үйрету үшін келді», – деп айтты», – деген (9/5). Ибн Муғаз – Ғұбайдулла ибн Муғаз, Муслимнің ұстазы. Бұл кісінің есімі Мунзир ибн Аиз әл-Асри еді. Басқа бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.) осылармен қатар тағдырға, оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруді атаған. Өзге бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.) мүмкіндігі жеткілікті адамға қажылық жасаудың парыз екендігін айтқан. «Ихсан» сөзі «ахсана» етістігінен туындайды және бір істі жақсы орындау, игілік істеу, жақсылық жасау дегенді білдіреді. Құран мен сүннет бойынша «ихсан» – адамның діни парызын орындауда адалдық танытуы және рия атаулыға жол бермеуі. Яғни Қиямет күні. «Лұқман» сүресі, 34-аят.
Сағид ибн Мусаййаб әкесінен (риуаят етеді). Ол: «Әбу Талибтің өлім сәті таяғанда, оған Аллаһ елшісі (с.а.с.) келеді. (Әбу Талибтің) қасында Әбу Жәһл мен Абдуллаһ ибн Әбу Умәййә ибн әл-Муғира отыр еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) (Әбу Талибке): «Уа, көке! «Лә иләһә илләллаһ» деген сөзді айтшы, онымен Аллаһтың алдында сен үшін куәлік беремін», – дейді. Сол кезде Әбу Жәһл мен Абдуллаһ ибн Әбу Умәййә: «Ей, Әбу Талиб! Абдул- Мутталибтің дінінен бас тартасың ба?» – дейді. Сөйтіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған (соңғы сәтінде иман келтіруді) ұсынған сайын, ол (яғни Әбу Жәһл) әлгі сөзді қайталай береді. Нәтижесінде Әбу Талибтің оларға айтқан соңғы сөзі өзінің Абдул-Мутталибтің дінінде қалатындығы болды да, «Лә иләһә илләллаһ» деп айтудан бас тартты. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ендеше, Аллаһпен ант етейін, маған тыйым салынғанша сен үшін, әлбетте, кешірім өтінемін», – деді. Сол кезде Аллаһ тағала «Пайғамбарға және мүміндерге өздеріне тозақтық екені анықталғаннан кейін жақындары болса да мүшріктер үшін кешірім өтінулеріне болмайды» (деген аятты) түсірді. Сондай-ақ Аллаһ тағала Әбу Талибке қатысты (уахи) түсіріп, Аллаһ елшісіне (с.а.с.): «Расында, сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ қалағанын тура жолға салады. Ол тура жол табатындарды жақсы біледі» , – деп айтқан», – деген (24/39). күресуге бұйырылдым
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние салып, одан кейін Әбу Бәкір халифа болғанда, арабтардың біразы кәпірлік таныта бастады. Сонда Омар ибн әл-Хаттаб Әбу Бәкірге: «Сен адамдармен қалай соғысасың8? Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен адамдармен олар «Лә иләһә илләллаһ» деп айтқанша соғысуға бұйырылдым. Кім «Лә иләһә илләллаһ» деп айтса, менен, тиісті болмаса , мал-дүниесі мен жанын сақтайды, ал есебі Аллаһқа тән», – деп айтқан еді ғой?» – деді. Сағид ибн Мусаййаб – табиғин, ғалым, хадис жеткізуші. Сахаба Мусаййаб ибн Хузнның ұлы. Әбу Талиб – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкесі, Әлидің (Аллаһ оған разы болсын) әкесі. Бұл екеуі Пайғамбардың (с.а.с.) қас дұшпандары еді. Абдул-Мутталиб – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы, Әбу Талибтің әкесі. Хадистің басқа нұсқасында екілік түрде «...ол екеуі (яғни Әбу Жәһл мен Абдуллаһ ибн Әбу Умәййә) деп келген. «Тәубе» сүресі, 113-аят. «Қасас» сүресі, 56-аят. Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) зекет төлеуден бас тартқан араб тайпаларымен соғысуға шешім қабылдаған еді. Яғни мүшріктермен. Яғни шариғат үкімдерін бұзып, мал-мүлкінен немесе жанынан айырылуға тиісті болмаса. Әбу Бәкір: «Аллаһпен ант етейін, намаз бен зекеттің арасын айырғандармен міндетті түрде соғысамын. Өйткені зекет – мал-дүниенің ақысы. Аллаһпен ант етейін, егер олар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) беріп жүрген тұсауды беруден бас тартса да, бас тартқаны үшін олармен міндетті түрде соғысамын», – деді. (Кейіннен) Омар ибн әл-Хаттаб: «Аллаһпен ант етейін, ол Аллаһ тағаланың шайқасқа Әбу Бәкірдің жан сарайын ашқанынан басқа ештеңе емес, мен оның дұрыс екенін білдім», – деді», – деген (20/32).
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен адамдармен олар Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екеніне куәлік бергенше, намазды орындап, зекет төлегендерінше күресуге бұйырылдым. Егер мұны істесе, олар менен, тиісті болмаса, өмірлері мен мал-дүниелерін сақтайды, ал есептері Аллаһқа тән», – деп айтты», – деген (22/32). өлтірген адам туралы
Миқдад ибн Әсуадтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Қалай қарайсың? Мен кәпірлерден бір кісімен бетпе-бет келіп, ол менімен соғысса және бір қолымды қылышпен шауып, кесіп түсірсе, сосын менен (қашып) бір ағашқа тығылып: «Аллаһқа бойсұндым» десе, сол айтқанынан кейін оны өлтіремін бе, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұраған). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оны өлтірме!» – дейді. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол менің бір қолымды шауып түсіріп, оны содан кейін ғана айтты ғой?! Оны өлтірмеймін бе?» – дегенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оны өлтірме! Егер өлтірсең, шын мәнінде, ол сенің оны өлтіруіңнен бұрынғы мәртебеңде болады , ал сен оның әлгі сөзін айтуынан бұрынғы мәртебесінде боласың» , – депті. Намаз да, зекет те – Исламның тіректерінен, ол екеуі – бір-бірінен ажырамас бөлшектер. Демек, зекет беруден бас тартып, Ислам тіректерінің бірін мойындамаған адам оның барлық тіректерін мойындамағанмен тең саналып, Ислам дінінің аясынан шығып кетеді. Кейбір ғалымдар хадистің арабша мәтініндегі біз «тұсау» деп тәржімалаған «ъиқал» сөзінің жалпы мағынада зекетті білдіретінін нұсқаған. Мухаддистердің кейбірі «ъиқал» сөзінің «ъанақ» (яғни лақ) деп риуаят етілген сахихтік дәрежесі жоғары хабарларға қарама-қайшы келетіндігін айтқан. Яғни көкейіне дұрыс ой салғанынан. Яғни Ислам дінін қабылдағанын жарияласа. Яғни ол Исламды қабылдады деп есептеледі. Пайғамбардың (с.а.с.) бұл сөзі «бұрын ол кәпір болғаны сияқты сен де кәпір боласың дегенді білдірмейді, керісінше, оның қаны сенікі сияқты харам саналып, Әл-Аузағи мен Ибн Журайж өз хадистерінде: «Аллаһқа бойсұндым» деп айтса...», – деген. Ал Мағмар хадисінде: «Мен оны өлтіруге ұмтылғанда, ол: «Лә иләһә илләллаһ», – деп айтса...»(, – деп келтірген) (95/155).
Усама ибн Зәйдтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізді жорыққа жіберді. Біз жуһайнә (тайпасының) Хурақатына таң ата жеттік. Мен бір адамды (қуып) жеттім. (Сол кезде) ол: «Лә иләһә илләллаһ», – деді. Мен оны түйреп (өлтірдім). Содан көңілімде бір нәрсе қалды да, ол туралы Пайғамбарға (с.а.с.) айтып бердім. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол: «Лә иләһә илләллаһ», – десе де, оны өлтірдің бе?» – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол оны бар болғаны қарудан қорқып айтты ғой» , – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол оны айтқанын не айтпағанын білу үшін оның жүрегін жарып көрмедің бе!?» – деді. Ол (с.а.с.) мұны маған қайталай бергені соншалық, мен Исламды осы күні қабылдағанымда ғой деп тіледім», – деді» , – деген. Сағд8: «Мен, Аллаһпен ант етейін, мұсылманды, оны дәу қарынды 9 (ол Усаманы меңзеген) өлтірмейінше өлтірмеймін», – деген. Бір кісі: «Аллаһ тағала: «Олармен фитна жойылып, дін түгелдей Аллаһқа тиісті болғанға дейін соғысыңдар!» 10 – деп айтпап па еді?» – дегенде, Сағд: «Біз фитнаның жойылуы үшін соғыстық, ал сен және сенің жолдастарың фитнаның пайда болуы үшін соғысуды қалайсыңдар», – деп айтқан (96/158).
Сафуан ибн Мухризден . Оның айтуынша, Жундаб ибн Абдуллаһ әл- Бәжәли, Ибн Зубәйрдің бүлігі тұсында Асғас ибн Сәләмәға (адам) жіберіп: жақын туыстары кек алу («қысас») ретінде сені өлтіруге құқылы болады» деген мағынаны аңдатады. Анығы Аллаһқа аян. Әл-Аузағи – Абдур-Рахман ибн Амр, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис және фиқһ ғылымы саласында Шам өлкесінің имамы, хадис жеткізуші. Ибн Журайж – Абдул-Мәлик ибн Абдул-Азиз, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Мағмар – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадистерді риуаят етуші. Хурақат – жуһайна тайпасы мекен еткен жердің аты немесе осы тайпа ішіндегі рулардың бірінің атауы. «Лә иләһә илләллаһ» деген сөзді. Хадистің басқа нұсқасында: «Ол бар болғаны пана іздеді ғой» делінген. Риуаяттардың бірінде: «Оның бұл (сөзді) қайталай бергені соншалық, мен Исламды осы күннен бұрын қабылдамаған болсам еді деп тіледім» деп айтылған. Яғни бұрынғы күнәлары кешірілуі үшін Исламды осы мезетте қабылдасам деп тілеген. Сағд ибн Әбу Уаққас, көрнекті сахабалардың бірі. Қазы Ғияд (Аллаһ оған рақым етсін): «Усаманы қарны үлкен болғаны үшін «дәу қарынды» деп атаған», – деген. «Әнфәл» сүресі, 39-аят. Сафуан ибн Мухриз – табиғин, хадистерді риуаят етуші. «Маған бауырларыңның бір тобын жина, оларға айтарым бар», – дейді. Ол (бауырларына) шабарман жібереді. Сөйтіп, олар жиналған соң, сары бурнус (киген) Жундаб келеді де: «Айтып жүргендеріңді айтыңдар!» – дейді. Барлығы кезекпен (ойларын) айтады. Сөз кезегі (Жундабқа) жеткенде, ол басынан бурнусты шешіп: «Мен сендерге Пайғамбарларың (с.а.с.) туралы айту үшін ғана келдім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұсылмандар жасағын мүшріктердің бір қауымына жіберді . Олар (бір-бірімен) кездесті. Мүшріктердің ішінде мұсылмандардың бірін нысанаға алуды қаласа, оны аңдып жүріп өлтіретін бір кісі бар еді. Мұсылмандардың біреуі, бізге ол – Усама ибн Зәйд еді деп айтылатын, әлгінің аңдаусыз қалғанын күтіп жүреді. (Орайы келіп) оған қылышын көтерген кезде (әлгі мүшрік): «Лә иләһә илләллаһ», – деп айтады. (Бірақ Усама) оны өлтіріп жібереді. Сонан соң Пайғамбарға (с.а.с.) шабарман сүйінші хабар алып келеді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) одан сұрастыра бастайды, (шабарман) оған (бәрін) баяндап, тіпті (ол) кісінің не істегенін де айтып береді. (Пайғамбар (с.а.с.) Усаманы) шақырып алып: «Оны не үшін өлтірдің?» – деп сұрайды. (Усама): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол мұсылмандардың жанын ауыртып, пәленшені, пәленшені өлтірді!» – деп, бірнеше адамның есімін атайды (да): «Шын мәнінде, мен оған тап бердім, ал ол қылышты көрген кезде: «Лә иләһә илләллаһ», – деп айтты»(, – дейді). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен оны өлтірдің бе?» – деп (сұрайды). Ол: «Иә», – деп (жауап береді. Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Қиямет күні «Лә иләһә илләллаһ» деген (сөз) келгенде не істейсің?!» – дейді. (Усама): «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен үшін (Аллаһтан) кешірім өтінші!» – дейді. (Бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) тағы да): «Қиямет күні «Лә иләһә илләллаһ» деген (сөз) келгенде не істейсің?!» – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)) бұдан басқа еш нәрсе айтпастан: «Қиямет күні «Лә иләһә илләллаһ» деген (сөз) келгенде не істейсің?!» – деп (қайталай беріпті)», – деген (97/160). жаннатқа кіреді
Османнан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екенін біліп өлсе, жаннатқа кіреді», – деп айтты», – деген (26/43). Баскиім немесе киімнің бас жамылғысы. Мұнда алдыңғы хадисте сөз болған жорық туралы айтылған. Яғни Усаманың (Аллаһ оған разы болсын). «Лә иләһә илләллаһ» деп айтқан адамды өлтіргенің үшін Аллаһтың алдында қалай ақталмақсың. Бұл хадис кейбір муржилердің «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ» деген адам бұл сөзге иланбаса да, жаннатқа кіреді» деген жаңсақ пікірлерін теріске шығарады. Ал хадистің келесі бір нұсқасында «күмән келтірместен» деп келген. Сондай-ақ бұл хадистен адам екі куәлік сөзін айтпай, оларға сенсе, соның өзі
Әбу Һурайрадан немесе Әбу Сағидтен (Аллаһ ол екеуіне разы болсын). (Хадисті жеткізуші) Ағмаш (нақты қайсысы екеніне) сенімді болмаған . Ол: «Тәбук жорығы кезінде адамдар аштыққа ұшырады да, (Пайғамбарға (с.а.с.)): «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге түйелерімізді союға рұқсат етсеңші! (Ет) жеп, маймен сыланайық», – деп (өтінді). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Онда солай) етіңдер», – деді. Сол кезде Омар (Аллаһ оған разы болсын) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Бұған) жол берсең, мініс көліктері азаяды. Одан да сен олардың қалған жол азықтарын алдырып, олар үшін Аллаһтан береке сұрап, дұға қыл. Мүмкін, Аллаһ оған (береке) берер!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жарайды», – деп, тері төсеніш алдырып, оны жерге төседі. Сосын (адамдарға) қалған жол азықтарын әкелуді бұйырды. Сөйтіп, бір кісі бір уыс жүгері, басқа біреуі бір уыс құрма, тағы бірі бір тілім нан әкеле бастады да, тері төсеніште азын-аулақ азық жиналды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы (асқа) береке тілеп, дұға қылды да: «(Бұларды) ыдыстарыңа салып алыңдар!» – деді. Адамдар (азықты) ыдыстарына сала бастады және қосындағы барлық ыдыстарды толтырып алды. (Бұған қоса барлығы) тойғандарынша жеді, (азық) сонда да артылып қалды. (Мұны көрген) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және мен Аллаһтың елшісі екеніме куәлік беремін. Осы екеуіне күмән келтірместен Аллаһқа жолыққан пенде жаннаттан тосылып қалмайды» , – деп айтты», – деген (27/45).
Әс-Сунабихи , Ғұбада ибн Самиттан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен оған өлім аузында жатқанда кіріп, жылап жібердім. Ол: «Тоқтат! Неге жылайсың? Аллаһпен ант етейін, егер менен куәлік беруімді сұраса, міндетті түрде сенің пайдаңа куәлік беремін. Егер маған ара түсу құқығы берілсе, міндетті түрде саған ара түсемін. Егер мүмкіндігім болса, міндетті түрде саған пайдамды тигіземін», – деді. Сонан соң: «Аллаһпен ант етейін, мен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сендер үшін қайырлы қандай да бір хадис естісем, оны өздеріңе жеткіздім. Тек бір ғана хадистен өзгесін. Ал оны бүгін айтып беремін. Менің жаным алынғалы тұр. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екеніне куәлік берсе, жеткілікті деп түсінбеу керек. Өйткені басқа нұсқаларда: «Кімде-кім «Лә иләһә илләллаһ» деп айтса және бұған куәлік берсе...» деп көрсетілген (ән-Нәуәуи). Ағмаш – Сүлеймен ибн Михран, табиғин, хадис ғылымының білгірі әрі риуаят етуші, Құран оқу әдістерінің білгірі. Сахабалардың есіміне қатысты күмәндану хадистің сенімділігіне әсер етпейді, өйткені барлық сахабалар сенімді саналады. Яғни дүниеден өткен. Демек, міндетті түрде жаннатқа кіреді. Әс-Сунабихи – Абдур-Рахман ибн Асила, көрнекті табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Ғұбада ибн әс-Самитқа (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ оған тозақты харам етеді» , – деп айтқанын естідім», – деді», – деген (29/47).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз бір топ адамдармен Аллаһ елшісін (с.а.с.) қоршай отырдық, арамызда Әбу Бәкір мен Омар (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) бар еді. Кенет Аллаһ елшісі (с.а.с.) орнынан тұрып, арамыздан кетіп қалды да, ұзақ уақытқа дейін қайтып келмеді. Біз оған өзіміз жоқ жерде біреулер шабуыл жасауы мүмкін деп секемденіп, алаңдай бастадық. Сөйтіп, (оны іздеу үшін) орнымыздан түрегелдік. Алаңдағандардың алғашқысы мен едім, Аллаһ елшісін (с.а.с.) іздеп шығып, ансарлардың нажжар руына тиесілі бір баққа келдім. Сөйтіп, (кіретін) қақпасын іздеп, (бақты) айналып жүрдім, бірақ (кірер есік) таппадым. Қарасам, сырттағы құдықтан бақтың ішіне бір арық кіріп жатыр екен. Мен түлкіше жиырылып Аллаһ елшісіне (с.а.с.) кірдім. Ол: «Әбу Һурайра?» – деді. Мен: «Иә, уа, Аллаһтың елшісі!» – дедім. Ол: «Не болды?» – деп (сұрады). Мен: «Сен арамыздан тұрып кетіп, ұзақ кідірген соң, біз жоқ жерде саған біреулер шабуыл жасауы мүмкін деп секемденіп, алаңдай бастадық. Алаңдағандардың біріншісі мен болып, осы баққа келдім де, түлкіше жиырылып (баққа ендім). Ал адамдар артымда қалып қойды», – дедім. Ол: «Ей, Әбу Һурайра!» – деп, маған кебістерін берді де: «Менің мына кебістерімді алып бар да, осы бақтың артында шын жүрегімен сеніп, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екеніне куәлік беретін кімді кездестірсең, соны жаннатпен сүйіншіле!» – деді. Мен ең бірінші Омарды кездестірдім. Ол: «Бұл не кебістер, ей, Әбу Һурайра?» – деп (сұрады). «Бұл – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кебістері. Маған оларды шын жүрегімен сеніп, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екеніне куәлік беретін кімді кездестірсем, соны жаннатпен сүйіншілеуім үшін беріп жіберді», – дедім. Сонда Омар мені қолымен төсімнің орта тұсынан қойып қалды, мен (соққыдан) бүгіліп қалдым. Ол: «Қайт кейін, ей, Әбу Һурайра!» – деді. Мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қайтып келіп, жылап жіберуге шақ тұрдым. Артымнан көп кешікпей Омар да жетті. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Саған не болды, ей, Әбу Һурайра!» – деп (сұрады). «Мен Омарды кездестіріп, өзің тапсырған жайтты хабарлаған едім, ол мені төсімнің орта тұсынан қойып қалды, ал мен (соққыдан) бүгіліп қалдым. Ол маған: «Қайт кейін!» – деп (бұйырды)», Яғни адамның куәлігі шынайы болса, жасаған күнәлары себепті жазалануы мүмкін, бірақ ол тозақта мәңгі қалмайды. Біздің мазһабтың имамы әт-Тахауи (Аллаһ оған рақым етсін) «Ақида әт-Тахауия» атты кітабында: «Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетінен үлкен күнә істегендер, Аллаһқа Оны біліп (яғни Оған иман келтіріп) жолықса, бір Аллаһқа ғана ғибадат еткен жағдайда, тәубе қылмаған болса да, тозақта мәңгілікке қалмайды. Олар Аллаһтың ерік-қалауы мен шешіміне тәуелді болады. Қаласа, Аллаһ оларды Өз мейірімімен кешіреді», – деп айтқан. Кебістер Әбу Һурайраның (Аллаһ оған разы болсын), расында да, Аллаһ елшісін (с.а.с.) жолықтырғанының белгісі іспеттес еді. – дедім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) одан: «Ей, Омар! Сені бұлай етуге не итермеледі?» – деп (сұрады). (Омар): «Ата-анам саған пида, уа, Аллаһтың елшісі! Сен кебістеріңді Әбу Һурайраға шын жүрегімен сеніп Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екеніне куәлік беретін кімді кездестірсе, соны жаннатпен сүйіншілеуі үшін жіберіпсің ғой!» – деді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Иә», – деді. (Омар): «Бұлай етпе, расында, мен адамдардың осыған арқа сүйеп кетуінен қорқамын. Оларды амал жасауға қалдыр», – деді. (Сонда) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Онда оларды (осыған) қалдыр», – деп айтты», – деген (31/52).
Муғаз ибн Жәбәлдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісімен (с.а.с.) (оның көлігіне) мінгесіп бара жатқанмын, арамызда ер- тұрманның арқалығынан басқа ештеңе жоқ болатын. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, Муғаз ибн Жәбәл!» – деді. «Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі! Қызметіңе шатпын!» – деп (жауап қаттым). (Пайғамбар (с.а.с.)) тағы біраз жүргеннен соң: «Ей, Муғаз ибн Жәбәл!» – деді. «Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі! Қызметіңе шатпын!» – дедім. Ол тағы да біраз жүргеннен кейін: «Ей, Муғаз ибн Жәбәл!» – деді . «Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі! Қызметіңе шатпын!» – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.) содан кейін ғана): «Сен Аллаһтың пенделеріндегі құқығын білесің бе?» – деп (сұрады). «Аллаһ пен Оның елшісі жақсы біледі», – дедім. (Сонда) ол: «Шын мәнінде, Аллаһтың пенделеріндегі құқығы – олардың Оған ештеңені серік қоспай, ғибадат жасауы», – деді. Сосын ол тағы біраз жүріп барып: «Ей, Муғаз ибн Жәбәл!» – деді. «Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі! Қызметіңе шатпын!» – дедім. «Егер пенделер мұны орындаса , олардың Аллаһтағы құқығын білесің бе?» – деп (сұрады). «Аллаһ пен Оның елшісі жақсы біледі» – деп (жауап қаттым). (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Оларды азапқа салмауы», – деп айтты», – деген (30/48).
Махмуд ибн Рабиғ (Аллаһ оған разы болсын), Итбан ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мәдинаға келгенімде Итбанды жолықтырып, (одан): «Маған сенен бір хадис жетті…», – деп (сұрадым). (Итбан): «Менің көзім нашарлап қалған-ды. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) оның келіп, үйімде намаз оқып беруін, ол (орынды) намаз оқитын орын етіп алуды қалайтынымды айтып адам жібердім. Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ Яғни амал жасамай қоюынан. Имам ән-Нәуәуи: «Бұдан «егер ізбасар жетекші мен ілесушілердің сөздері арасында айырмашылық көрсе, оның анық-қанығын жетекшіден сұрауы қажет. Сондай-ақ жетекші ізбасардың сөзі жөн екенін аңдаса, сол дұрысырақ пікірге қайтуы, ал егер олай болмаған жағдайда, олардың күмәндарын сейілтетін жауап қайтаруы керек» деген қорытынды шығару мүмкін», – деген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Муғаздың назарын аудару үшін оған үш қайтара дауыстаған. Яғни Аллаһқа ештеңені серік қоспай, ғибадат жасаған жағдайда. қалаған сахабаларымен бірге келіп, ішке кірді де, үйімде намаз оқуға кірісті. Ал сахабалары өзара (мұнафықтардың қылықтарын) әңгімелей отырып, мұның бәріне Мәлик ибн Духшумды айыптай бастады. (Тіпті Пайғамбардың (с.а.с.)) оған қарсы дұға жасап, оның опат болуын және оның қандай да бір кесірге ұшырауын қалады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) намазды аяқтаған соң: «Ол Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және менің Аллаһ елшісі екеніме куәлік береді емес пе?» – деді. Олар: «Ол мұны жүрегімен айтпайды», – десті. (Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және менің Аллаһ елшісі екеніме куәлік берген адам тозаққа кірмейді (немесе оны (тозақ оты) жалмамайды)» , – деді», – деген. Әнәс (ибн Мәлик): «Маған бұл хадис қатты ұнап, ұлыма: «Мұны жазып ал!» – дедім де, ол жазып алды», – деп айтқан (33/54).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Абдул-қайс (тайпасының) адамдары Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Біз – рабиға (тайпасының) бір бөлігіміз. Сені мен біздің ортамызда мудар (тайпасының) кәпірлері бар. (Сондықтан) саған тек қасиетті айларда ғана келе аламыз. Бізге соңымызда (қалғандарға) жеткізетін және оны ұстанған жағдайда біз ол арқылы жаннатқа кіретін бір нәрсе бұйыршы!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен сендерге төрт амалды бұйырып, төрт нәрсеге тыйым саламын! Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған ештеңені серік қоспаңдар, намазды орындаңдар, зекетті беріңдер, рамазанда ораза ұстаңдар және олжаның бестен бір бөлігін беріңдер. Сондай-ақ төрт нәрсеге тыйым саламын: дуббаға, хантамға, музаффатқа және нақирға», – деді. Олар: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Нақир деп нені айтып тұрсың?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Әрине, ол сендер ағаш діңінен ойып жасап, ішіне майда құрмалар тастайтын (Сағид3: «Немесе: «кептірілген құрма» деп айтқан», – деген.) ыдыс. Сосын оған су құйып, ашығаны басылған соң, сендерден біреулерің (немесе олардың бірі) өз көкесінің баласына қылыш Хадистің тағы бір нұсқасында: Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұлай деме! Сен оның Аллаһтың дидарын қалап: «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ» деп айтқанын көрмедің бе?» – деген. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның ішкі жан-дүниесіндегі иманды және оның мұнафықтықтан аулақ екенін меңзеген. Ибн Абдул-Бәрр: «Оның мұнафық екендігін нұсқайтын сенімді деректер жоқ», – деген (ән-Нәуәуи). Шаһриз деп аталатын майда құрма сұрыбы. Сағид ибн Әбу Әруба әл-Адәуи, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис ғылымының білгірі әрі риуаят етуші. жұмсауға дейін барғанша, оны ішесіңдер» , – деді. Бұлардың арасында осылайша жарақат алған адам бар болатын. Ол: «Мен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) ұялып, (жарақатымды) жасырдым және (одан): «Сонда сусынды неден ішеміз, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрадым). Ол: «Аузы байланатын тері ыдыстардан», – деді», – деп айтқан. (Мұны естіген) олар: «Уа, Аллаһ елшісі! Біздің өлкемізде егеуқұйрықтардың көптігі сонша, тері ыдыстардан еш нәрсе қалмайды», – деді. Сонда Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.): «Оларды егеуқұйрықтар жеп қойса да, оларды егеуқұйрықтар жеп қойса да, оларды егеуқұйрықтар жеп қойса да...», – деп (бірнеше рет қайталады). (Содан кейін) Пайғамбар (с.а.с.)) Ашаж Абдул-Қайсқа: «Расында, сенде Аллаһ ұнататын екі қасиет бар, ол – ақыл мен байсалдылық», – деп айтқан (18/26).
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде): «Уа, Аллаһтың елшісі! Амалдардың ең абзалы қайсысы?» – деп (сұрадым. Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһқа иман келтіру және Оның жолында жиһад жасау», – деді. «Құлдардың ең абзалы қайсысы?» – деп (сұрадым). Ол: «Қожайындарына қадірлісі және құны қымбатқа түскендері», – деді. «Олай ете алмасам ше?» – деп (сұрақ қойдым). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қолынан іс келетінге жәрдемдес немесе епсізге (жұмысын) істеп бер», – деді. «Уа, Аллаһтың елшісі! (Бұл) амалдардың кейбіріне шамам келмесе, не айтасың?» – деп (сұраған едім), ол: «Адамдарға кесіріңді тигізбе, ол өз- өзіңе садақа (болып табылады)», – деп айтты», – деген (84/136). Аллаһтан пана сұрау 17/1. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған: «Ей, Әбу Һурайра! (Адамдар) саған сұрақ қоюларын тоқтатпайды, тіпті олар: «Бұл – Аллаһ, ал Аллаһты кім жаратты?» – деп (сұрайды)», – деп айтты», – деген. (Әбу Һурайра): «(Бірде) мешітте (отырғанымда), маған бәдәуилерден бір адамдар келіп: «Ей, Әбу Яғни мас болып, бойын зұлымдық билеп, туыстарының ең жақынына қылыш жұмсайды. Бұл Жәһм деген кісі еді. №1 хадистің сілтемелеріне қараңыз. Яғни адамға қай амалы үшін көбірек сауап беріледі? Яғни қандай құлдарды азат етуде көбірек сауап бар? Яғни жиһадқа қатысуға және құл азат етуге мүмкіндігім болмаса ше? Хадистің арабша мәтінінде «саниъ» деп келген. Кейбір мухаддистер бұл орында «кедейліктен және мұқтаждықтан еңсесі түскен, не істерін білмей қалған» т.б. мағыналарды білдіретін «даиъ» сөзін келтірген (ән-Нәуәуи). Һурайра! Бұл – Аллаһ, ал Аллаһты кім жаратты?» – деп (сұрады)», – дейді. Сонда (Әбу Һурайра) уысына қиыршық тастарды алып, оларға лақтырып: «Тұрыңдар, тұрыңдар, менің жақын досым 1 рас айтыпты!» – деген (135/215). 17/2. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдар сендерден білім жайлы сұрауын доғармайды. Тіпті олар: «Бұл – бізді жаратқан Аллаһ. Ал Аллаһты кім жаратты?» – деген де (сұрақ қояды)», – деген. (Әбу Һурайра) бір адамның қолын ұстап тұрып: «Аллаһ және Оның елшісі рас айтыпты. Менен (бұл жайында) бір адам сұраған, ал мынау – екіншісі!» – депті (135/216).
Суфиян ибн Абдуллаһ әс-Сақафиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған өзіңнен кейін (Әбу Усаманың хадисінде: өзіңнен басқадан) ол жайында ешкімнен сұрамайтын Исламдағы бір сөзді айтшы», – деп (өтінгенімде, Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Аллаһқа иман келтірдім» деп айт та, туралықты ұстан », – деп айтты», – деген (38/62). келтіру
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамдар оған иман келтірген теңдесі жоқ мұғжиза берілмеген бірде-бір пайғамбар болмаған. Ал маған уахи беріліп, Аллаһ маған уахи түсірді . Мен Қиямет күні ілесушілері ең көп (пайғамбар) болуға үміттенемін» , – деген (152/239). Жақын дос (халил). Мұнда Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбарымызды (с.а.с.) меңзеген. Бұл сөз кәдімгі достық пен махаббаттан әлдеқайда жоғары сезімді көрсетеді. Аллаһ тағала: «Расында, «Раббымыз – Аллаһ» деп, сосын туралықты ұстанғандарға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар, қайғырмаңдар! Өздеріңе уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер»(, – дейді)» (Фуссиләт, 30); «Шындығында, сол бір «Раббымыз – Аллаһ» деп, сосын туралықты ұстанғандарға қауіп-қатер жоқ әрі олар қайғырмайды», – деген (Ахқаф, 13). Әбу Бәкір әс-Сыддық (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ тағаланың: «...сосын туралықты ұстанғандар...» деген сөзіне: «Олар Аллаһпен қатар ештеңеге табынбады» деп түсініктеме берген. Сондай-ақ оның: «Олар басқа ешқандай құдайға жалбарынбады» және «Сосын олар Аллаһтың Раббылары екендігінде мығым тұрды» деп айтқаны хабар етіледі. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ең ұлы мұғжизасының бірі – Құран. Бұл сөз мұсылмандардың саны аз кезде айтылған.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, осы үмбеттен қайсыбір яһуди не христиан мені естіп, мен Онымен жіберілгенге иман келтірмей өлсе, ол міндетті түрде тозақылардан болады», – деген (153/240).
Салих ибн Салих әл-Һамдани , әш-Шағбиден (риуаят етеді). Ол: «Мен хорасандық бір адамның әш-Шағбиден: «Ей, Әбу Амр! Біздің Хорасан жақтағылардың кейбірі күңін азат етіп, оған үйленген адам жайында ол өзінің түйесін мінген сияқты деп айтып жүр. (Соны қалай түсінеміз?)» – деп сұрағанын көрдім. Сонда әш-Шағби: «Маған Әбу Бурда ибн Әбу Мұса әкесінен, Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Үш (адамға) екі есе сауап беріледі. Кітап иелерінен өз пайғамбарына иман келтірген және (Мұхаммед) пайғамбардың (жолдауына) жетіп, оған иман келтірген, оған ілесіп, оны растаған кісіге 5 екі есе сауап; Аллаһ тағаланың құқығын және қожайынының құқығын орындаған 6 (біреудің) иелігіндегі құлға екі есе сауап; сондай-ақ өзінің күңін жақсы тамақтандырып, оған жақсы тәрбие беріп, кейін оны азат етіп, оған үйленген кісіге екі есе сауап бар», – деп айтқанын жеткізді», – деді. Сонан соң әш-Шағби (әлгі) хорасандыққа: «Бұл хадисті ешбір (қоспасыз) қабылда, өйткені адамдар Мәдинаға бұл үшін емес, (басқа нәрселер) үшін сапар шегетін (уақыт келеді)» , – деп айтты», – деген (154/241). сезетін үш қасиет
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Бойында мына үш (қасиет) болған адам олар арқылы иманның шырын дәмін сезеді: Аллаһ пен Оның елшісі оған бәрінен сүйікті болған (адам), бір адамды тек Аллаһ үшін ғана жақсы көру және тозаққа тасталуды қандай қаламаса, Аллаһ өзін одан құтқарғаннан кейін күпірлікке қайтуды да сондай қаламау», – деген (43/67). Ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде: «Бұл хадисте Пайғамбардың (с.а.с.) жіберілуі арқылы өзге діндердің барлығының күші жойылғандығы меңзелген. Сондай-ақ осы хадистен Ислам дағуаты жетпеген адамдарға кешірім жасалады деген тұжырым шығаруға болады», – деген. Салих ибн Салих әл-Һамдани – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Әш-Шағби – Амир ибн Шарахил, табиғин, хадис жеткізуші, әйгілі ғұлама. Табиғин, сахаба Әбу Мұса әл-Ашғаридің ұлы, хадис жеткізуші, Куфаның қазысы. Басқаша айтқанда, Исламды қабылдаған яһуди немесе христиан. Яғни Аллаһқа ғана құлшылық жасап, қожайынына адал қызмет еткен. Мұнда ғалымдардың тыңдаушыларды хадисті жаттап алуға қызықтыруына нұсқау бар. Сондай-ақ табиғиндердің (Аллаһ оларға рақым етсін) шалғайдағы алыс қалаларға бір ғана хадис я тек бір мәселе үшін ғана жол тартқандығы меңзелген.
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мені баласынан, әкесінен және барлық адамдардан артық жақсы көрмейінше, сендерден ешкім (толық) иман келтірмейді» , – деп айтты», – деген (44/70).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Ешбірің өзіне жақсы көргенді бауырына (немесе көршісіне) де жақсы көрмейінше, (толық) иман келтірмейді», – деген (45/72). сезеді
Аббас ибн Абдул-Мутталибтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Аллаһқа Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммедке елші ретінде разы болған адам иман дәмін сезеді», – деп айтқанын естіген (34/56). саналатын төрт (сипат)
Абдуллаһ ибн Амрдан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кімнің бойынан мына төрт (қасиет) табылар болса, ол – нағыз мұнафық. Ал кімде-кімнің бойында бұлардың бірі болса, оны тастағанша, онда екіжүзділіктің бір бөлшегі болады: сөйлесе, жалған сөйлейді; келісімшарт түзсе, бұзады; уәде берсе, айниды; біреумен дауласса, бұзық іс-әрекетке барады », – деп айтты», – деген (58/106).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұнафықтың белгісі үшеу: сөйлесе, жалған сөйлейді; уәде берсе, орындамайды; аманат етілсе, қиянат қылады », – деген (59/107). «Иман келтірмейді» деп мұсылманның иманының кәміл болмайтындығы айтылған. Толық иман келтірген мүмін – иманның алты шартына сеніп, Аллаһтың және Пайғамбардың (с.а.с.) бұйрық-тыйымдарын сақтап, үлкен күнәлардан аулақ бола жүріп, игі амалдар істейтін адам, оның дәрежесі жай мұсылманнан биік болады. Осы хадистің өзге бір риуаятында: «...жұбайынан, мал-мүлкінен және барлық адамдардан...» делінген. Басқаша айтқанда, біреумен жанжалдасқан жағдайда шариғат шегінен тыс әрекетке бой ұрады. Яғни мұнафық өзіне сеніп тапсырылғанды иесіне қайтармайды. Әйтсе де мұнда барлық қиянатшылар туралы айтылған. іспеттес
Кағб ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мүмін жел шайқалтқан жас егінге ұқсайды. (Жел) оны солғанша бірде құлатса, екіншіде бойын түзейді . Ал кәпір тамырында мықты тұрған қарағайға ұқсайды. Ол біржола қопарылып құламайынша, оны ештеңе майыстыра алмайды», – деп айтты», – деген. Басқа бір риуаятта: «...(Мүмін) ажалы жеткенше, (тағы) бірде бойын тіктейді, ал мұнафық ештеңеге душар болмайтын, мықты тұрған қарағайға ұқсайды» (деп айтылған) (2810/59).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесіне екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында болғанымызда, ол (с.а.с.): «Маған мұсылман кісіге ұқсайтын бір ағашты айтыңдаршы: ол жапырағын төкпейді және жемісін барлық уақытта береді», – деді. Маған «ол құрма ағашы болса керек» деген ой келді. (Бірақ) Әбу Бәкір мен Омардың үн қатпағанын көрдім де, сөйлеуді (немесе бірдеңе айтуды) жөн көрмедім», – деген. (Кейін Абдуллаһ ибн Омар мұны әкесіне айтқанда,) Омар: «Егер мұны айтқаныңда, маған мына-мынадан артық жақсы болар еді!» – депті (2811/64).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Иманның жетпістен астам (немесе алпыстан астам) тармағы бар: оның ең абзалы – «Лә иләһә илләллаһ» сөзі, ал ең төмені – жолдан жайсыздық тудыратын затты алып тастау. Ал ұят – иманның бір тармағы», – деп айтты», – деген (35/58).
Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз өз қатарымыздағы он шақты адаммен бірге Имран ибн Хусайнның қасында болдық. Арамызда Бушәйр ибн Кағб бар еді. Сол күні Имран бізге хадис айтып: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ұят – түгелімен жақсылық», – деп айтқан», – деді. (Мұны естіген) Бушәйр ибн Кағб: «Расында, біз кейбір кітаптардан (немесе даналықтан) «(Ұяттан) жайбарақаттық, Аллаһқа Яғни мүмін кісі басына іс түскенде жазмышына налып, Аллаһқа реніш білдірмейді, ал сынақ аяқталғанда Раббысына мақтау-мадақ арнайды. Хадистегі «ұят» сөзі балама ретінде тұрған араб тіліндегі «хайа» сөзі – ұялшақтық, арлылық, ибалық және кішіпейілділік деген мағыналарды береді. Бушәйр ибн Кағб – табиғин, хадис жеткізуші. қатысты байыптылық және әлсіздік (пайда болады)» дегенді кездестіреміз», – деді. Сонда Имран ашудан көздері қызарып: «Сен менің Аллаһ елшісінен (с.а.с.) хадис айтып жатқанымды көрмей тұрмысың?! Оған неге қарсылық білдіресің?!» – деді. Сосын Имран хадисті қайталап айтты. Бушәйр де (алдыңғы сөзін) қайталады. Имран (тағы да) ашуланып кетті. Сонда біз: «Ол біздің қатарымызда, ей, Әбу Нужәйд1! Оның бойында ешқандай жамандық жоқ!» – дедік», – деген (37/61).
Әбу Шурайх әл-Хузағиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, көршісіне жақсылық жасасын, кімде-кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, қонағына құрмет көрсетсін, кімде-кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» , – деп айтты», – деген (48/77). жаннатқа кірмейді
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кімнің кесірінен көршісі қауіпсіз болмаса, ол жаннатқа кірмейді», – деп айтқан (46/73). жүрекпен өзгерту – иманнан
Тариқ ибн Шиһабтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Айт күні құтпаны намаздан бұрын (оқуды) ең алғаш Маруан бастады. Сонда бір кісі оған орнынан тұрып: «Намаз құтпадан бұрын (оқылады)», – деді. (Маруан): «Бұл ана жақта қалды», – деп (жауап қатты). Сонда Әбу Сағид (әл-Худри): «Бұл (кісі) өз міндетін орындады. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Сендерден кімде-кім теріске шығарылғанды көрсе, оны қолымен, егер оған шамасы келмесе, тілімен, егер оған да шамасы келмесе, жүрегімен өзгертсін , ал ол – иманның ең әлсіз көрінісі» , – деп айтқанын естідім», – деді», – деген (49/78). Имран ибн Хусайнның (Аллаһ оған разы болсын) күниясы. Яғни ол мұнафық не бидғатшы немесе тағы басқа емес деген мағынада. Басқаша айтқанда, өтірік-өсектен, әртүрлі қаңқу сөздерден т.б. тыйылсын. Сол кездегі әмір. Ән-Нәуәуи құтпаны айт намазынан бұрын оқуды ең алғаш Омар не Осман немесе Муғауия бастаған деген хабардың сенімсіз екендігін айтқан. Яғни іштей жек көрсін. Бұл бұйрық шариғат міндеттеген талаптарды орындауға қабілетті әрбір мұсылманға қаратылып айтылған. Яғни әрбір мұсылман хадистегі үш тәсілдің шамасы келгенін қолдана отырып, әлдебір міндетін орындаудан бас тартушыға не ескерусіз болса да тыйым салынған әрекетке барушыға қарсы әрекет етіп, оны өзгертуге, сол күйінде қалдырмауға күш-жігер жұмсауы тиіс. Ән-Нәуәуи мен ханафи мазһабының белгілі ғалымы Абдур-Рахман әл- Мубаракфури «мұнда шариғат теріске шығарғанға жүрегімен наразылық білдірген адам қолымен не тілімен қарсылық білдірген адамнан гөрі аз сауап алатыны туралы айтылған» деген пікір білдірген. Шейх Ғиззуддин Абдус-Сәләмнің айтуынша, «иманның ең әлсіз көрінісі» деп шариғат теріске шығарғанға жүрегімен наразылық білдірген адамды айыптау емес, керісінше, одан келер пайданың аздығын нұсқап, одан әсерлірек тәсілге, яғни қолымен және сөзімен тойтарыс беруге үндеген. Абдур- Рахман әл-Мубаракфури, егер адам шариғат теріске шығарғанды қолымен не тілімен өзгертуге мүмкіндігі бола тұрып, мұны істемесе, күнәкар болатынын, ал егер қолымен не тілімен өзгертуге мүмкіндігі болмағанда, оны жүрегімен жек көрсе, мүмін саналатынын айтқан. Адам теріске шығарылғанды көргенде, бүлік тууынан не өз басына қауіп төнуінен қорықса, оған үнсіз қалуға рұқсат етіледі, тіпті солай ету дұрыс. Шариғат құптағанды орындауға бұйыру мен ол теріске шығарғаннан қайтару – Исламның ең маңызды қағидаларының бірі. Аллаһ тағаланың «Ей, иман келтіргендер! Өздеріңді түзетіңдер! Тура жолда болсаңдар, адасқандар сендерге зиян тигізе алмайды» (Мәида, 105) деген сөзінде: «Егер сендер өздеріңе міндеттелгенді орындасаңдар, онда міндеттерін орындамайтын басқалар сендерге зиян тигізе алмайды» деген мағына көзделген. Сол сияқты Аллаһ тағала: «Ешбір жан басқа біреудің күнәсін көтермейді», – деген (Нәжм, 38). Мүміндерге жүктелген міндеттердің бірі – басқаларды шариғат құптағанға бұйыру мен ол теріске шығарғаннан қайтару. Бұл міндет орындалғаннан кейін құпталғанға бұйырылған не теріске шығарылғаннан тойтарылған адам мұны орындамаса, бұйырушы не қайтарушы бұл үшін жауап бермейді. Өйткені оған бұйыру мен қайтару міндеттелген, өзгенің оны қабылдауы не қабылдамауы мұның міндетіне кірмейді. Мүмінге жеткізу ғана – міндет. Аллаһ тағала: «Елшіге жеткізу ғана – міндет», – деген (Мәида, 99). Әйтсе де шариғат құптағанға бұйыру мен ол теріске шығарғаннан қайтару парыз кифая қатарына жатады. Сондықтан оны қауым арасынан біреу орындаса, басқалардың мойнынан түседі. Ал егер мұны ол орын алған жерде болғандардан ешкім орындамаса, уәжді себеп не қауіп-қатер болмаған жағдайда олардың барлығы да күнә арқалайды. Бұл міндет теріске шығарылған іс орын алған жерде көп адам болмаған жағдайда жеке адамға жүктеледі. Мәселен, бір адам баласының, әйелінің немесе қызметкерінің теріске шығарылған ісін көрген жағдай. Ғұламалар: «Бұл міндет бұйырушы не қайтарушы бұдан пайда жоқ деп санаса да, оның мойнынан түспейді. «Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді», – деп айтқан (Зәрият, 55). Егер бұйыру не қайтару зина жасау, масайтатын ішімдіктер ішу, парыз намаздарды орындамау сияқты қарапайым мұсылманның хабары бар мәселелерге қатысты туындаса, онда бұл міндетті орындаушы адамның дін білгірі болуы шарт емес. Бұйырушы не қайтарушы адам дөрекілік көрсетпей, сыпайы болуы тиіс. Өйткені бұл қарсысындағы адамның бұйыру не қайтаруды қабыл алуына бір табан жақын. Имам әш-Шафиғи: «Бауырына (қателігі туралы) құпия насихат айтқан адам оған шынайы үгіт жасап, оны көркейте түседі. Ал бауырына көптің алдында насихат айтқан адам оны айыптап, абыройын төмендетеді», – деген. Әйтсе де сатушы кемшілігі бар тауарды алушыға хабарламай сатып жатса, бұл жағдай бұдан тысқары. Мұндай жағдайда тауардың кемшілігін білетін адам сатушыға наразылық білдіріп, алушыны бұдан хабардар етуі тиіс. Ғұламалар бұған анық дәлелдер келтірген. Егер теріске шығарылғанды қолымен не сөзімен өзгерту
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ маған дейін қайсыбір пайғамбарды бір үмбетке жіберсе, міндетті түрде үмбеті арасында оның сүннетін ұстанып, бұйрықтарын орындайтын хауарилері мен сахабалары болған. Содан кейін олардың орнына істемейтіндерін айтып, өздеріне бұйырылмағанды істейтін өзге біреулер келіп отырған. Соларға қарсы қолымен күрес жүргізген (адам) – мүмін, оларға қарсы тілімен күрес жүргізген (адам) – мүмін және оларға қарсы жүрегімен күрес жүргізген (адам) – мүмін. Бұл (үшеуінен) кейін қыша дәніндей де иман жоқ», – деген. Әбу Рафиғ (Аллаһ оған разы болсын): «(Осы хадисті) Абдуллаһ ибн Омарға айтқанымда, ол мұны теріске шығарды. Ибн Масғұд Қанаға келіп түскенде, оған барып қайту үшін (шыққан) Абдуллаһ ибн Омар мені ертіп алды. Сөйтіп, онымен бірге барып, отырғанымызда мен Ибн Масғұдтан осы хадис жайлы сұрадым. Сонда ол маған оны Ибн Омарға қалай айтсам, солай айтып берді», – деген (50/80). жек көреді
Зирр ибн Хубайштан . Ол: «Әли: «Дәнді жарып, жанды жаратқан (Аллаһ)пен ант етейін! Оқу-жазуды білмейтін Пайғамбар (с.а.с.) маған мені мүмін ғана жақсы көріп, мұнафық қана жек көретінін уәде етті», – деп айтты», – деген (78/131). қайтарушы адамның не басқа біреудің өлтірілуі сияқты одан да ауыр теріс әрекетке жетелер болса, адам күші жетіп тұрса да, оны қолымен не тілімен қайтарудан тыйылып, жүрегі арқылы жек көрумен шектелуі тиіс. Тіпті оған бұл істе жәрдемдесетін біреу табылса да, ол теріске шығарылғанға жүрегімен наразылық танытуға тоқталғаны жөн. Бұл – кез келген адам мерт болуы не зиян көруіне қарамастан, теріске шығарылғанды өзгертуі тиіс деп санайтындарды құптамай, мәселені жөнімен түсіну. Сондай-ақ құпталғанға бұйырушы адам тіміскіленіп, басқаларды аңдымауы және қоғамдағы адамдар арасында біреуге қатысты күдік тудырмауы керек. Ал егер теріске шығарылғанды жолықтыра қалған болса, оны барынша түзетуге тырысуы керек. Хауари – ілесуші, шәкірт. Әбу Рафиғ әл-Қибти – сахаба. Осы хадисті Ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын) естіп, басқаларға жеткізгендердің бірі. Мәдина маңындағы ойпаттың аты. Зирр ибн Хубайш – көрнекті табиғин, хадис жеткізуші. Әли Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хат танымайтындығын меңзеген. жек көру – мұнафықтық белгісі
Ади ибн Сәбиттен . Ол: «Бараның: «Пайғамбар (с.а.с.) ансарларға қатысты: «Оларды мүмін ғана жақсы көріп, мұнафық қана жек көреді. Кім оларды жақсы көрсе, оны Аллаһ жақсы көреді, ал кім оларды жек көрсе, оны Аллаһ жек көреді», – деді», – деп айтқанын естідім», – деген (75/129).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) (бірде): «(Бізге) көңілдері нәзік, жүректері жұмсақ йемендіктер келді, иман – Йеменде , даналық та – Йеменде, тыныштық – қойлыларда, ал мақтаншақтық пен паңдық – күн шығар жақтағы шудалы бәдәуилерде» , – деп айтқанын естідім», – деген (52/79).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесіне екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жүректердің дөрекілігі мен қатыгездік – шығыста, ал иман – хижаздықтарда» , – деп айтты», – деген (53/92).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ибн Жудған жәһилият дәуірінде туыстарына жақсылық жасап, Ади ибн Сәбит – табиғин, хадис жеткізуші. Яғни бойсұнғыш, көнбіс, жайбарақат, сезімтал, бойларында дөрекілік, қатаңдық және қатыгездік жоқ. Кейбіреулер «мұнда барлық йемендіктер емес, сол дәуірде өмір сүрген Йемен халқы меңзелген» дейді. Басқалар оның Мәдина, ал тағы біреулер Мекке мен Мәдина екенін нұсқаған. Әйтсе де хадиске түсіндірме жазушылардың басым көпшілігі аталмыш хадисте ансарлар туралы айтылғанына бірауыздан келіскен. Өйткені олардың тегі йемендік еді әрі ансарлар иманға жәрдемші болғандықтан, иман оларға телінді. Кейбір ғалымдар мұны «малына дауыстап айқайлаушылар» деп түсіндірсе, өзге біреулері, мәселен, Абдур-Рахман әл-Мубаракфури, мұнда «түйекештер туралы айтылған» дейді. Бұл хадис алдыңғы хадистің мағынасына қайшы келмейді. бейшараларды тамақтандыратын. Бұл оған пайда бере ме?» – деп (сұрағанымда, Пайғамбар (с.а.с.):) «Пайда бермейді . Өйткені ол ешбір күні: «Раббым, Қарымта күні менің күнәларымды кешір!» деп айтпаған», – деді», – деген (214/365).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер иман келтірмейінше жаннатқа кірмейсіңдер және бір-біріңді жақсы көрмейінше иманға келмейсіңдер. Егер мұны орындасаңдар, бір- біріңді жақсы көретін бір нәрсеге нұсқайын ба? Өзара сәлемді таратыңдар!» – деп айтты», – деген (54/93).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Зина жасаушы зина жасап жатқанында мүмін емес 5, ұрлық істеуші ұрлық істеп жатқанында мүмін емес және (кісі) шарап ішіп жатқан кезінде мүмін емес», – деген. Әбу Һурайра бұларға (Пайғамбардың (с.а.с.)): «...және (адам) адамдардың көзінше біреудің бағалы мүлкін Жәһилият – надандық, Араб жазирасындағы Исламнан бұрынғы пұтқа табыну дәуіріне қатысты қолданылады. Яғни жүрегінде Аллаһқа деген иманы жоқ адамға бұл дүниеде жасаған игі амалдары Ақыретте пайда бермейді. Ғұламалардың басым көпшілігі кәпірлер тозақта қылмыстарына сәйкес түрлі азапқа ұшырайтынын, бірақ оларға игі істерінің пайдасы тимейтінін айтқан. Ал кейбіреулер «игі амалдарының себептерінен олардың азаптары жеңілдетіледі» деген пікір білдірген. Қиямет күні атауларының бірі. Ол күні адамдар игі және теріс амалдары үшін қарымта алады, яғни ізгі істері үшін марапатталып, жаман қылықтары үшін жазаланады. «Сәлем» сөзі бейбітшілік, амандық, есендік, сондай-ақ сәлемдесу мағыналарын білдіреді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзін өзара «Әс-сәләму аләйкум (Сіздерге амандық болсын)» деп сәлемдесуге әрі қоғамда бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуын жан-жақты қамтамасыз етіп, мұсылмандар арасында жақсы қарым- қатынас ұстануға бұйрық ретінде түсіну керек. Яғни иманы азаяды. Бұл пікірді Ибн Аббастың: «Ол иман нұрынан айырылады» деген сөзі қуаттайды. Әл-Бұхари де осы пікірге сілтеме жасаған. (Біздің мазһаб ғалымы Бәдруддин әл-Айни мен әс-Синдидің «Сахих әл-Бұхариге» жазған түсіндірмесін (2/34) және Мұхаммед Азим Әбәдидің «Сунән Әбу Дәудке» жазған түсіндірмесін қараңыз). Имам әт-Тахауи «Ақида әт-Тахауия» атты кітабында: «Сүннетті ұстанушылар үлкен күнә істейтін мұсылманға адамды Ислам аясынан шығарып жіберетін «куфр» (кәпірлік), «кәфир» (кәпір) сөздері қолданылмайтыны жөнінде бірауызды келісімге келген. Сондай-ақ сүннетті ұстанушылар үлкен күнә істеген адам иман және Ислам аясынан шықпайтыны, кәпірлікке енбейтіні және кәпірлермен бірге тозақта мәңгі қалуға лайық болмайтыны жөнінде де бірауызды келісімге келген», – деп айтқан. тартып алатын болса, оны тартып алып жатқан кезінде мүмін емес»(, – деп айтқанын да) қосатын. Ал Һаммамның 1 хадисінде: «...мүміндердің көзінше тартып алып жатқан кезінде мүмін емес»(, – деп айтылған). Сондай-ақ ол: «...Сендердің қайсыбірің қиянат жасаса, қиянат жасап жатқан кезінде мүмін емес. Ендеше, (одан) сақ болыңдар, сақ болыңдар!» (дегенді) қосқан (57/100).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларынан бір адамдар келіп, (Аллаһ елшісінен (с.а.с.)): «Біз (кейде) жан дүниемізде біріміз оны айтуды ауыр (күнә) санайтын (нәрселерді) сезінеміз», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Соны сезінесіңдер ме?» – деп сұрады. Олар: «Иә», – деп (жауап берді). (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл – иманның айқын (белгісі)», – деп айтты», – деген (132/209).
Абдур-Рахман ибн Әбу Бәкра әкесінен (Аллаһ оған разы болсын) (жеткізген). (Оның әкесі): «(Бірде) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында болғанымызда, ол үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»( – деді де, сосын): «(Олар) – Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы келу және жалған куәлік (немесе жалған сөз)», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) жамбастап жатқан болатын, (тіктеліп) отырды да, (бұл сөзді) қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді» деп (ойладық)», – деген (87/143).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Опат ететін жеті күнәдан аулақ болыңдар!» – деген. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Олар қайсылар?» – деп (сұрағанда), ол: Һаммам ибн Мунәббиһ – табиғин, хадис жеткізуші. Бұл сөздің мәні: мүмін адам өз қателігінен сабақ алып, оны қайталамайды дегенге саяды. Яғни шайтанның азғыруын айтпау. Абдур-Рахман ибн Әбу Бәкра – табиғин, хадис жеткізуші. Адамдар бұл айтылғанды естерінде сақтап, ондайға бармаулары үшін бар күшін жұмсаған Пайғамбар (с.а.с.) осы сөзді қайталаған сайын қатты мазасызданып кеткендіктен, сахабалар оны аяп кетіп еді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұлай қатты мазасыздануы айрықша маңызға ие нәрселер туралы айтқанында жиі кездесетін. «Аллаһқа серік қосу, сиқыр, Аллаһ (өлтіруді) харам еткен тірі жанды нақақтан өлтіру, жетімнің малын жеу, өсім жеу, жорық күні артқа қайту және пәк, аңғал мүмін әйелдерді зинақорлықта айыптау», – деп айтқан (89/145). айналмаңдар
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) қоштасу қажылығында: «Сорларың құрысын! Менен кейін бір- біріңнің бастарыңды алатын кәпірге айналмаңдар », – деген (66/120).
Әбу Османнан . Ол: «Зиядты (өз әкесінен басқаға теліп) атап жүргенде, мен оның (шешелес бауыры) Әбу Бәкраны жолықтырып, оған: «Мына істерің не? Расында, мен Сағд ибн Әбу Уаққастың: «Құлақтарым Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кімде-кім Исламда өз әкесінен басқаны, әкесі емес екенін біле тұра, әкем деп жарияласа , оған жаннат харам болады» , – дегенін естіді», – деп айтқанын естіген едім», – деп айттым. Сонда Әбу Бәкра: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.) мұны мен де естігенмін», – деді», – деген (63/114).
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Қайсыбір кісі біле тұра, өз әкесінен басқаның (баласымын деп) Мұнда «нақақтан» сөзі шариғат заңы бойынша өлтірілуі тиіс адамдардың бұл үкімнен тысқары екенін көрсету үшін айтылған. Басқаша айтқанда, дұшпанға бетпе-бет келгенде, соғыс алаңынан қашу. Яғни мен дүние салғаннан кейін. Бұл жерде «кәпірге айналу» деп Исламнан шығып, кәпір болып кету емес, кәпірлердің іс-әрекеттерін істеу туралы айтылған. Әйтсе де мұндай іс-әрекеттерге барған адам оған тыйым салынғанын біле тұра, мұсылмандарды өлтіруге рұқсат етілген деп санаса, күпірлікке ұрынады. Әбу Осман – Абдур-Рахман ән-Нәһди, табиғин, хадис жеткізуші. Зияд ибн Ғұбайд әс-Сақафи, оны Муғауия ибн Әбу Суфиян өзінің әкесіне теліп, Зияд ибн Әбу Суфиян деп атаған болатын. Яғни әкесінен туғанын жоққа шығарып, өзінің басқа біреудің баласы екенін айтса. Кейбір ғалымдар адам мұндайға өзін басқа біреудің баласымын деп жариялауға рұқсат етіледі деп санағандықтан барса, оның жаннатқа кірмейтінін айтқан. Ал екінші біреулердің пікірі бойынша, ондай адам жаннатқа тозақта тиісті жазасын тартқан соң барып кіреді. жарияласа, міндетті түрде кәпір болады . Кімде-кім өзіне тиесілі еместі талап етсе, бізден емес, ол өзіне тозақтан орын дайындай берсін. Ал кімде-кім кәпір емес бір кісіні «кәпір» деп атаса немесе «Аллаһтың дұшпаны» деп айтса, ол (сөзі) міндетті түрде өзіне қайтады» , – дегенін естіген (61/112).
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһтың құзырында ең үлкен күнә қайсы?» – деп (сұрады). Ол (с.а.с.): «Дұғада өзіңді жаратқан Аллаһқа біреуді теңестіруің» , – деді. «Одан кейін қайсы?» – деп (сұрады). «Өз балаңды асыңа серік болады деп өлтіруің» , – деді. «Одан кейін қайсы?» – деп (сұраған еді): «Көршіңнің әйелімен ойнастық жасауың», – деп айтты. Сонда Аллаһ тағала мұны растап: «Олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайды. Аллаһ (өлтіруді) харам еткен жанды нақақтан өлтірмейді және зина жасамайды. Кімде-кім бұларды істесе, күнәға жолығады» (деген аятты) түсірді», – деген (86/141). кіреді