Әбу Мәрсәд әл-Ғанауиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қабірлердің үстіне отырмаңдар және оларға қарап намаз оқымаңдар», – деді», – деп айтқан (971/97). Яғни Аллаһ елшісі (с.а.с.) Айшаның кезекті түнінде оның рұқсатынсыз басқа әйеліне баруы мүмкін емес еді. Мұнда әйелдерінің кезегін сақтау Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін міндетті болғанына сілтеме бар (қ.: әс-Синди, «Шарх Сунән ән-Нәсәи»). Әл-Хаттабидің нұсқауынша, бұл сөз күмән себепті айтылмаған, өйткені кез келген пендеге өлімнің келері күмәнсіз. Мұнда барлық оқиғаға Аллаһтың қалауын таңу қамтылған. Аталмыш мағына «истисна» деп аталатын терминдік сөз астында қарастырылып, Аллаһ тағаланы ұлықтау үшін және адамның өз-өзін жоғарылатпауына жол бермеу үшін қолданылады (қ.: ән-Нәуәуи, «Шарх сахих Муслим»; әс-Синди, «Шарх Сунән ән-Нәсәи»). Жоғарыдағы хадистердің түсіндірмелерінде жүзді қабірге бұрып намаз оқуға тыйым салынатыны айтылған-ды. Мұндайға адамда қабірге тағзым ету, оны ұлықтау ниеті болмаса да тыйым салынады. Ал жүзді қабірге бұрып намаз оқығанда, адамда қабірді не онда жатқан кісіні ұлықтау ниеті болса, бұл ширкке және күпірлікке барып тіреледі (бұл жайлы біздің мазһаб ғалымы Әли әл-Қари «Мирқат» кітабында (2/372) айтқан). Сондай-ақ қабірлердің басында, бетті оларға қаратпаса да, намаз оқуға тыйым салынады. Өйткені ән-Нәсәиден басқа, «Сунән» жинақтары иелері, Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Игі амал жасап, бұл үшін адамдар оны мақтайтын кісіге қалай қарайсың?» – деп (сұрағанда), ол: «Бұл – мүміннің сүйіншісінің жедел түрі», – деп айтты», – деген (2642/166). хадисте: «Қабірлер мен моншалардан басқа барлық жер беті мешіт болып табылады» деп айтылған. Әл-Хаким мен әз-Зәһәби мұны әл-Бұхари мен Муслимнің шартына сәйкес келетін «сахих» хадис санатына жатқызған. Ал Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте: «Пайғамбар (с.а.с.) қабірлер арасында намаз оқуға тыйым салды» делінген. «Мажмаъ» кітабының жазбагері бұл хадисті Баззардың жеткізгенін және оның риуаятшыларының сенімді екенін айтқан (2/27). Әш-Шәукәни «Нәйл әл-аутар» кітабында (2/211) «мұндай намаз жарамсыз болады» деп есептеген. Ибн Хазм (4/27-28) осындай пікірді Ахмадтан да нақыл еткен. Әл- Амди және басқалардың айтуынша, құбыла тұсында қабір болып, екеуінің арасына бөгет қойылмаған мешітте де намаз оқуға болмайды. Ғалымдардың пікірінше, қабірге сырттан топырақ әкелуге, оны бояуға, оған жазу жазуға және оның басында Аллаһ үшін болса да құрбандық шалуға да тыйым салынады. Бұл Аллаһтың оған разы екендігінің және оны жақсы көретінінің белгісі болып табылады (ән-Нәуәуи). Өйткені келесі бір хадисте айтылғандай, егер де Аллаһ жер тұрғындарынан біреуді жақсы көретін болса, оны жер бетінде жақсы көру жайлы бұйрық түсіреді. Бірақ адам өзі мақталған орында болмауы шарт. Ал оны көзінше мақтау теріске шығарылған іске жатады. Бірақ мақтау адамды өз-өзіне сүйсінуге және азғыруға итермелемейтін жағдайлар бұдан тыс қарастырылады.
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Муғаз (ибн Жәбәл (Аллаһ оған разы болсын)): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені (Йеменге) жіберіп1: «Расында, сен кітап иелері қатарындағы бір қауымға барасың. Оларды Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және мен Аллаһтың елшісі екеніме куәлік беруге шақыр. Егер олар бұған бойсұнса, оларға Аллаһ әр күн мен түнде бес (уақыт) намаз (оқуды) парыз еткенін жеткіз. Егер олар бұған бойсұнса, оларға Аллаһ байларынан алынып, кедейлеріне қайтарылатын садақа парыз еткенін жеткіз. Егер олар бұған бойсұнса, (олардан зекет ал, бірақ) олардың таңдаулы мал- дүниелерін (алудан) сақтан және зұлымдыққа ұшырағанның дұғасынан қорық . Өйткені оны мен Аллаһтың арасында тосық жоқ», – деп айтты», – деген (19/29). (мөлшерінен) зекет (алынады)?
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Бес уасқтан аз (дәнді дақыл және құрма өніміне) зекет берілмейді. Бестен аз түйеге зекет берілмейді. Бес уқиядан аз (күміске) зекет берілмейді», – деп айтқан (979/5). Муғаз ибн Жәбәл (Аллаһ оған разы болсын) һижраның 9 не 10 жылы Йеменге Ислам дінін тарату үшін және оларға қазы ретінде жіберілген. Хадис пен фиқһ кітаптарында зекет «садақа» деп те аталады. Мәселен, сүтті, етті, түбітті және әдемі малдарын. Яғни зекетке таңдаулы мүліктерді алуға тыйым салынады. Оған ортанқол дүниелер алынуы тиіс. Әйтсе де зекет төлеуші адамның зекетке ең жаман мүліктерін беруіне де тыйым салынады. Яғни ондай адамның дұғасы қабылданады және кері қайтарылмайды. Бұл хадистен мынадай тұжырымдар шығады: – Жалғыз адамның хабары («хабар әл-ахад») қабылданатыны және оның парыздарды орындауға міндеттейтіні (Муғаз йемендіктерге парыздар жайлы жалғыз өзі хабарлаған-ды). – Зұлымдық жасау күнәсінің ауыр екендігі. – Басшының өз орынбасарына нұсқау беруі, оны тақуалыққа шақыруы және зұлымдық жасау мен оның жаман салдарынан сақтандыруы. – Зекеттің мұсылман еместерге және бай мұсылмандарға берілмейтіні. Бұл хадисте мүліктің зекет төленуі міндетті ең аз мөлшері («нисаб») туралы айтылған. Мұнда «уасқ» алпыс сағқа не 135 келіге тең келеді. Демек, бес уасқ шамамен 675 келіден тұрады. Имам Әбу Ханифа «дәнді дақылдардан зекет олардың мөлшеріне қарамастан беріледі» деп есептеген. Ал Әбу Юсуф пен Мұхаммед «олардың нисабы бес уасққа тең» деп есептейді (қ.: «әл-Һидая»). Егіннің қандай мөлшерінен зекет алынатыны жайлы келесі хадисте қарастырылған. Ғұламалардың көпшілігі алтыннан оның салмағы жиырма мысқалға не 85 грамға жеткенде зекет алынатынын айтқан. Ән-Нәуәуи «мухаддистер мен фақиһтердің бірауызды келісімі бойынша, бір уқия қырық дирһамға тең» деп нақыл еткен. Бес уқия екі жүз дирһамды (яғни шамамен 640 грамды) құрайды. Нисабқа жеткен және одан асқан алтын мен күмістен олардың қырықтан бір бөлігі, яғни 2,5 пайызы зекетке беріледі. Ғұламалардың көпшілігінің пікірі осыған тоғысады. Өйткені әл-Бұхаридің «Сахихінде»: «Күмістен – қырықтан бір бөлігі» делінген. Мұнда зекет нисабтан асқан мөлшерден, дәнді дақылдарға қияс ретінде алынады. Өйткені дәнді дақылдардан бес не одан көп уасқ өнім жинаған адам суармалы жерден алынған өнімнің жиырмадан бір бөлігін, қолдан суарылмайтын жер өнімінің оннан бір бөлігін зекетке береді. Яғни бес уасқтан артық қанша өнім алса да, оның аталмыш бөлігі зекетке төленеді. «Әл-Һидая» кітабында, нисабтан асқан алтынның әрбір төрт мысқалынан – екі қарат, яғни төрт мысқалдың қырықтан бір бөлігі алынатыны көрсетілген. Біздің мазһаб ғалымы әл-Айни «Сунән Әбу Дәудке» жазған түсіндірмесінде айтқандай (6/211-213), Әбу Ханифа және кейбір бұрынғы буын өкілдері мынадай пікір ұстанған: күміс екі жүз дирһамға жеткеннен бастап, (одан бес дирһам) зекет алынады. Содан кейін әрбір қырық дирһам асқан сайын (бір дирһам зекет беріледі). (Алтынға келсек,) жиырма динардан жарты динар алынады. Сондай- ақ жиырмадан асқан динарға да ол қырыққа жеткенше жарты динар беріледі. (Ал қырық динарға жетсе,) бір динар алынады. Бұдан асқаннан кейін әрбір қырық динардан бір динар алынады. Ибн Мәжәһ жеткізген Ибн Омар мен Айшаның хадисінде Пайғамбардың (с.а.с.) әрбір жиырма және одан көп динардан жарты динар, ал қырық (динардан) бір динар (зекет) алғаны айтылған. Кейбір мухаддистер бұл хадистің «сахих» екенін нұсқаған. Өйткені ол басқа да хабарлармен, атап айтқанда, Әлидің (Аллаһ оған разы болсын) сөздерімен нақтыланады. Сондай-ақ түп-төркіні Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып тірелетін Әлидің хадисінде күміс екі жүз дирһамға жеткеннен кейін әрбір қырық дирһамнан бір дирһам алынатыны айтылған. Ибн Хазм және де басқа мухаддистер оны «сахих» хадистер санатына жатқызған. Осыған ұқсас хадисті әл-Бәйһақи, Амр ибн Хазмнан жеткізген және оны Ахмад «сахих» хадис деп көрсеткен. Ибн Абдул-Бәрр күміске қатысты осы пікірді Сағид ибн Мусаййабтан, Хасаннан, Макхулден, Атадан, Таустан, Амр ибн Динардан, әз-Зуһриден, Әбу Ханифадан және әл-Аузағиден нақыл еткен. Ән-Нәуәуидің айтуынша, Ахмад, Әбу Сәур және Дәуд, нисабқа жету үшін алтын мен күмістің құны да, салмағы да бір-біріне қосылмайтыны жайлы пікірді ұстанған. Ибн Хазм «Мухаллә» кітабында (6/83), (бөлек есептегенде нисабқа жетпейтін) алтын мен күмісті (зекет төлеу нисабына жету үшін) бір-біріне қосу керек деп есептейтіндердің «салмағы бес уқиядан аз күмістен зекет берілмейді» деген және мухаддистер оған «сахих» деп баға берген хадиске қарама-қайшы келетінін айтқан. Сәйид Сабиқ «Фиқһ әс-сунна» кітабында сиыр мен қойды бір-біріне қосуға болмайтыны сияқты, алтын мен күміс те бір-біріне қосуға болмайтын әр текті заттар екеніне сілтеме жасайды. Әш-Шафиғи де «оларды бір-біріне қосуға болмайды» деген пікір білдірген. Алайда Бурһануддин әл- Марғинани «әл-Һидая» кітабында «алтын мен күміс бір-біріне қосылады» деп көрсеткен. Әшекей бұйымдарға келсек, имам Әбу Ханифа (бір хабарда), Ахмад және Ибн Хазм («Мухаллә», 6/78-79) «алтын және күміс әшекейлер нисаб мөлшеріне жетсе, олардан зекет беріледі» деп есептеген. Өйткені алтын мен күмістен зекет төлеу туралы бұйрық жалпы тұрғыда келген әрі бұл дұрыс пікір болып табылады. Әбу Дәуд (№1563), әт-Тирмизи (№637) және ән-Нәсәи, Амр ибн Шұғайбтан жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) екі әйелге алтын білезіктерден зекет төлеуді жартысы (зекетке беріледі)?
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол Пайғамбар (с.а.с.): «Өзендер және жаңбырлар суаратын (егіннің) оннан бір бөлігі, ал түйелердің күшімен суарылатын (егіннің) оннан бірдің жартысы (зекетке беріледі)», – деп айтқанын естіген (981/7).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұсылман құлы және аты үшін зекет төлемейді», – деп айтқан (982/8). бұйырған. Ибн Хажар «Булуғ әл-марам» және «Дирая» кітабында бұл хадиске «күшті» деп баға берген, ал басқалар оны «хасан» хадис санатына жатқызған. Осыған ұқсас хадисті Әбу Дәуд (№1565) пен әл-Хаким (1/389-390) Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген және әл-Хаким оған «сахих» деп баға берген. Ғұламалардың бірауызды пікірі бойынша, асыл тастардан (маржан, гауһар т.с.с.) зекет төленбейді (қ.: «Фиқһ әс-сунна», 361-бет). Сондай-ақ, ғұламалардың айтуынша, (жер астынан табылған) қазынаның (ол алтын не күміс болмаса да) нисабқа жетсін-жетпесін бестен бір бөлігі алынады. Бұл – көпшілік ғалымдардың, солардың қатарында Мәлик, Ибн Дақиқ әл-Ғид, Ибн Хазм, әш-Шәукәни және әс- Санғанидің пікірі. Мұндай қазынаның бестен бір бөлігі мұсылмандар басшылары дұрыс деп тапқан орындарға жұмсалады. Бұл пікірді Әбу Ғұбайд «Әмуал» кітабында айтқан және ханбали мазһабы өкілдері де осы пікірді ұстанған. Сондай-ақ бұл біздің мазһабтағы хабарлардың бірінде де келген. Түйелердің күшімен суарылатын егіннен жиырмадан бір бөлігі алынуының себебі, бұған өте көп еңбек жұмсалады. Ғұламалар қандай егіндердің өнімінен зекет төленетіні жөнінде пікір қайшылығына түскен. Кейбір ғалымдар ауыл шаруашылығы өнімінің төрт түрінен: бидайдан, арпадан, құрмадан және жүзімнен ғана зекет алынатынын айтқан. Бұл пікір әд-Дарақутни, әт-Табарани және әл- Хаким, Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадиске орайластырылады. Хадисті әл-Хаким мен әз-Зәһәби «сахих» хадистер санатына жатқызған. Зекетті өніммен не малмен емес, олардың құнымен де төлеуге болады. Әл-Бұхаридің «Сахихінде» Таустан осыны меңзейтін хабар келген. Имам Ахмад та осы пікірді ұстанған. Біздің мазһаб ғалымдарының пікірінше, көкөніс пен жеміссіз ағаштардан (солардың қатарында отындық ағаштардан) басқа, өзге де өнім түрлерінен зекет беріледі. Имам Әбу Ханифа: «Өнім иесі жерді жалға алған болса, ол алған өнімінен зекет төлемейді», – деген. Үш мазһабта және Әбу Ханифаның екі шәкірті Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірінше, кез келген жылқы түрінен зекет шығарылмайды. Оған осы хадисті және онымен мағыналас хадистерді дәлел ретінде келтірген. Ал имам Әбу Ханифа мен оның ұстазы Хаммад ибн Сүлейменнің пікірінше, еркегі мен ұрғашысы аралас жылдың көп мөлшерінде жайылымда болатын жылқылардың зекеті екі жолмен шығарылады: 1) әр жылқы үшін бір динар; 2) жылқы құнының 2,5 пайызын нисапқа толғаннан кейін беру.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) Омарды зекет (жинауға) жіберді. (Оған): «Ибн Жәмил, Халид ибн Уәлид және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) көкесі Аббас (зекет беруден) бас тартты», – делінді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ибн Жәмилдің бас тартып отырғаны, ол (бұрын) кедей еді, (енді) Аллаһ оны байытты. Халидке келсек, сендер Халидті әділетсіз (жазғырып тұрсыңдар). Ол Аллаһ жолына сауыттар мен қару-жарақтар алған . Ал Аббасқа келсек, (оның зекеті) менің міндетімде және онымен бірге тағы да сонша », – Мұны екі түрлі түсінуге болады: 1) Бәлкім, мұнда Халид ибн Уәлид (Аллаһ оған разы болсын) өзінің мал-мүлкін жыл толмай тұрып (яғни зекет төлеу міндеттелмес бұрын) Аллаһ жолына жұмсап жібергені меңзелген болуы мүмкін. 2) Халид ерікті түрде Аллаһ жолына сондайлық мал-дүние жұмсаған және бұл оның парыз зекетіне өтеу бола алуы да мүмкін. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзіне қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Оны «мен Аббастан зекетін екі жылға алдын ала алып қойғанмын» деп түсінуге болады. Ән-Нәуәуи осы пікірді дұрыс деп санаған және оны хадистің әт-Тайалуси, Әбу Рафиғтан жеткізген риуаятымен нақтылаған. Аталмыш риуаятта бұл жайлы нақты айтылған. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында зекетті бірнеше жылға алдын ала төлеп қоюға рұқсат етілетінін айтқан. Ал зекетті «алдын ала төлеуге рұқсат етілмейді» деп есептейтіндер мұнда Аббастың орнына зекетті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі төлейтіні меңзелгендігін нұсқайды. Ахмад және «Сунән» жинақтары иелері жеткізген Әлидің (Аллаһ оған разы болсын) хадисінде Аббас (Аллаһ оған разы болсын) зекетін алдын ала төлеуге рұқсат сұрағаны және Пайғамбар (с.а.с.) бұған рұқсат бергені айтылған. 2) Әбу Ғұбайд және басқалар «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аббастың зекет төлеуін кейінге шегерген» деп есептейді. Өйткені «Аббас сол кезде оған мұқтаж еді, сондықтан оның зекет төлеуі оңай болатын уақытқа дейін қалдырылған» деп санайды. Әбу Ғұбайд «Әмуал» кітабында (593-бет) екі жағдай да, яғни Аббастың зекетті алдын ала төлеуі де және оның зекет төлеуі кейінге шегерілуі де орын алуы мүмкін болғанын айтқан. Оның нұсқауынша, «(Аббастың зекеті) менің міндетімде» деген Уарқаның риуаяты «(Аббастың зекеті) оның міндетінде» деген көпшілік риуаяттарға қарама-қайшы келуі мүмкін. Бәз бір мухаддистер де осылай деп көрсетеді. Әбу Ғұбайд, егер Уарқаның риуаяты сенімді болса, ол Әлидің хадисіндегідей, Аббас зекетін (екі жылға) алдын ала төлеген деп түсіндірілетінін айтқан. 3) Қазы Ғиядтың нақыл етуінше, кейбір ғалымдар мұнда ерікті садақа меңзелгенін және сахабалар жайлы олардың кейбірі парыз зекетті бермеген деп ойлауға болмайтынын айтқан. Бұған дәлел ретінде Абдур-Раззақтың ерікті садақа жайлы баяндаған риуаяты келтіріледі. Алайда Қазы Ғияд, ән-Нәуәуи, Ибн Хажар және басқа шафиғи мазһабы өкілдері «бұл хадисте зекет туралы айтылған» деп есептейді. Өйткені, біріншіден, садақа жинаушылар парыз зекетті жинау үшін жіберіледі. Екіншіден, Мухаллабтың нақыл етуінше, Ибн Жәмил әуелде мұнафық болған, бірақ кейін тәубеге келген. Ал Халид ибн Уәлид пен Аббастың (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) зекет төлемеуге уәжді себептері болды. деді. Содан кейін ол (с.а.с.): «Ей, Омар! Сен білмейсің бе, кісінің көкесі оның әкесі іспетті », – деп айтты», – деген (983/11).
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен Пайғамбарға (с.а.с.), ол Қағбаның саясында отырғанда келдім. Мені көргенде, ол: «Олар – барынша зиян шегушілер, Қағбаның Раббымен ант етейін!» – деді»; «Мен келіп, отырдым. (Бірақ) байыз таба алмай, орнымнан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ата-анам саған пида! Олар кімдер?» – деп (сұрадым). Ол (с.а.с.): «Олар – мал-дүниелері өте көп (адамдар). Тек былай, былай және былай еткендер: алдынан, артынан, оң жағынан және сол жағынан (садақа бергендер) ғана бұдан тысқары . (Алайда) ондайлар аз. Қайсыбір түйелер, сиырлар не қойлардың иесі олардың зекетін бермесе, міндетті түрде олар Қиямет күні бұрынғыдан үлкен әрі семіз күйде келіп, оны мүйіздерімен сүзеді, тұяқтарымен таптайды. Олардың соңғысы өтіп болғанда, әуелгісі оған қайта оралады. Сөйтіп, адамдардың арасында үкім шығарылғанша (осылай жалғасады)», – деп айтты», – деген (990/30).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір алтын мен күмістің иесі одан ақысын бермесе, Қиямет күні болғанда оған от кесектер жапсырылады. Бұл (кесектер) тозақ отында қыздырылып, олармен оның бүйірі, маңдайы және арқасы үтіктеледі. (Үтіктелген жері) салқындаған сайын, қайтадан (үтіктеледі). (Бұл азап) мөлшері елу мың жыл болған күні пенделердің арасында үкім шығарылғанға дейін (осылай жалғасады). Сосын ол жолын көріп, жаннатқа не тозаққа (жіберіледі)», – деді. (Біреу): «Уа, Аллаһтың елшісі! Түйе ше?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Түйе иесі де одан ақысын бермесе, олардың ақысының бірі – су ішуге түскен күні сүтінен садақа беру, міндетті түрде Қиямет күні болғанда оларға бір кең тегіс жер жайылады да, ол жерге (оның түйелері) емшектен ажыратылған бір ботасы да қалмастан бұрынғыдан толық күйде (жиналады). (Сөйтіп, түйелер) оны тұяқтарымен таптап, ауыздарымен шайнайды. Әуелгісі өтіп болған сайын, оған соңғысы қайтадан қайтарылады . (Бұл азап) мөлшері елу мың жыл болған күні Бұл сөз көкенің салмағын көрсету және оны әкесіндей құрметтеу керектігін түсіндіру үшін айтылған. Мұндай адамдар маңызды орындарға дереу садақа береді дегенді білдіреді. Бұл мағына әт-Тирмизидің риуаятындағы қосымшамен нақтыланады (ән-Нәуәуи). Басқа бір риуаятта: «бұрынғыдан да үлкен көлемде» делінген. Бұл – азаптың арта түсуі үшін (ән-Нәуәуи). Кейбір ғалымдардың айтуынша, мұнда екі сөздің орын ауысуы ұшырасқан. Бұған Қазы Ғияд сілтеме жасаған. Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын) нақыл етілген пенделердің арасында үкім шығарылғанға дейін (осылай жалғасады). Сосын ол жолын көріп, жаннатқа не тозаққа (жіберіледі)», – деді. (Біреу): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сиыр мен қой ше?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сиыр мен қой иесі де одан ақысын бермесе, Қиямет күні болғанда оларға бір кең тегіс жер жайылады да, ол жерге (оның сиырлары мен қойлары) ешқайсысы қалып қоймай, (түгел жиналады). Олардың арасында бірде-бір қисық мүйіздісі, мүйізсізі және мүйізі сынғаны болмайды. (Сөйтіп), олар (иесін) мүйіздерімен сүзіп, тұяқтарымен таптайды. Әуелгісі өтіп болған сайын, оған соңғысы қайтадан қайтарылады. (Бұл азап) мөлшері елу мың жыл болған күні пенделердің арасында үкім шығарылғанға дейін (осылай жалғасады). Сосын ол жолын көріп, жаннатқа не тозаққа (жіберіледі)», – деді. (Біреу): «Уа, Аллаһтың елшісі! Жылқы ше?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жылқы үш (түрлі болады). Ол бір кісі үшін – ауыртпалық , бір кісі үшін – пана , бір кісі үшін – сауап (болады). (Жылқы) ол үшін ауыртпалық (болатын адам) – оларды рия, мақтангершілік және мұсылмандарға қарсы мақсатта ұстаған кісі. Бұл оған ауыртпалық (болады). (Жылқы) ол үшін пана (болатын адам) – оларды Аллаһ жолында ұстап, сосын оларды міну мен байлауда Аллаһтың ақысын ұмытпаған кісі . Бұл ол үшін пана (болады). Ал (жылқы) ол үшін сауап (болатын адам) – оларды Аллаһ жолында мұсылмандар үшін жайылымда не бақта ұстаған кісі. (Ол бағып отырған жылқылар) сол жайылымнан не бақтан не нәрсе жесе де, міндетті түрде ол үшін (жылқылары) жеген (азықтың) санындай игі амалдар жазылады. (Сонымен бірге) ол үшін (жылқыларының) тезектері мен зәрлерінің санындай игі амалдар жазылады. (Егер жылқылар) арқандарын үзіп, бір қырдан не екі қырдан асып кетсе, міндетті түрде Аллаһ ол үшін олардың іздері мен тезектері санындай игі амалдар жазады. Иесі оларды бір өзеннен жетектеп өтіп, (жылқылар) одан су ішсе, (иесі) оларды суаруға ниеттенбесе де, міндетті Суһәйлдің риуаятында: «соңғысы өтіп болған сайын, оған әуелгісі қайтадан қайтарылады» деп айтылған. Яғни ол күнә ауыртпалығын арқалайды. Яғни кедейліктен пана болады, мұқтаждықтан сақтайды. Бұл жерде атты күнкөріске нәпақа табу үшін ұстау туралы айтылған. Мұнда аттарды жиһад үшін ұстаған кісі меңзелген. Сөзбе-сөз аударғанда: «олардың арқалары мен мойындарына қатысты Аллаһтың ақысын ұмытпаған кісі». Бұған қатысты бірнеше пікір бар. Мәселен: 1) Осы кітаптағы 507-хадисте жылқыдан зекет алынбайтыны айтылған. Фақиһтердің көпшілігі, солардың қатарында имам Әбу Юсуф пен Мұхаммед осы пікірді ұстанған. Хадистегі бұл сөзді олар «аттарды Аллаһ жолындағы шайқасқа пайдалану» деп түсінген. 2) «Жылқыларға қатысты ақы» деп оларға жақсы қарау, оларды азықтандыру т.с.с. меңзелген. 3) Жаудан түскен олжаның бестен бір бөлігін мұсылмандардың ортақ қазынасына тапсыру көзделген. түрде Аллаһ ол үшін олар ішкен (судың) көлеміндей игі амалдар жазады », – деді. (Біреу): «Уа, Аллаһтың елшісі! Есектер ше?» – деп (сұрады) . (Пайғамбар (с.а.с.)): «Тек мына: «Сонда кім тозаңның салмағындай жақсылық жасаса, оны көреді. Ал кім тозаңның салмағындай жамандық жасаса, соны көреді» деген жеке де, жалпы аяттан басқа, есектерге қатысты маған ештеңе түсірілмеді », – деп айтты», – деген (987/24).
Ахнаф ибн Қайстан . Ол: «(Бірде) мен құрайыштардан бір топ (адамның) ішінде едім. (Біздің қасымыздан) Әбу Зарр: «Қазына жинаушыларды арқаларын күйдірумен сүйіншіле, (бұл күйік) олардың бүйірлерінен (тесіп) шығады. Сондай-ақ (оларды) желке тұстарын күйдірумен (сүйіншіле, бұл күйік) олардың маңдайларынан (тесіп) шығады», – деп айтып өтті. Содан кейін ол былайырақ барып отырды. Мен: «Бұл кім?» – деп (сұрадым). Олар: «Бұл Әбу Зарр», – деді. Мен орнымнан тұрып, оған келіп: «Қазір ғана сенің айтып жатқаныңды естігенім не нәрсе?» – деп (сұрадым). «Мен олардың Пайғамбарынан (с.а.с.) естігенімді ғана айттым», – деді. «Сен мына тарту жайлы не айтасың?» – деп (сұрадым). Ол: «Оны ал, өйткені онда бүгін көмек бар. Ал қашан бұл дінің үшін ақы болса, оны жайына қалдыр », – деп айтты», – деген (992/35).
Жәрир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) бәдәуилерден бір адамдар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Расында, зекет жинаушылардан бір адамдар бізге келіп, зұлымдық жасайды», – деді. Мұндай адамның есебіне жылқыларын суаруды ниет етпей-ақ игі амалдар жазылатын болса, онда ол жылқыларын ниетпен суарса, оның есебіне игі амалдардың жазылары бек анық (ән-Нәуәуи). Бұл адам есектер ұстаудың осы үкімге кіретін-кірмейтіндігін сұраған. «Зілзала» сүресі, 7-8 аяттар. Яғни бұл аят қысқа ғана болғанымен, кез келген игілікке қатыстының бәрін қамтиды. Ахнаф ибн Қайс – көрнекті табиғин, хадис жеткізуші. Ғұламалардың көпшілігі (осы хадисте меңзелген) қазынаны «зекеті төленбеген мал-мүлік» деп есептеген. Яғни ел билеушілердің тарту-таралғысы (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Яғни осы тарту арқылы сенен дініңде тыйым салынған қандай бір істі жасауды талап етсе, одан бас тарт (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер зекет жинаушыларыңды разы етіңдер », – деді»; Жәрир: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.) осыны естігенімнен бері ешбір зекет жинаушы менен маған разы болмай кеткен емес», – деп айтқан (989/29).
Абдуллаһ ибн Әбу Ауфадан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзіне бір адамдар садақаларын әкелсе: «Уа, Аллаһ! Оларға игілік жолда!» – дейтін. (Бірде) әкем Әбу Ауфа оған садақасын әкелді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Уа, Аллаһ! Әбу Ауфаның отбасына игілік жолда!» – деп айтты», – деген (1078/176).
Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) садақаны бөліске салды. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Пәленшеге бер, өйткені ол мүмін», – дедім . Пайғамбар (с.а.с.): «Әлде мұсылман», – деді . Мен мұны үш рет айттым. Ол (с.а.с.) маған осылай Яғни оларға тиесіліні беріңдер, олармен сыпайы сөйлесіңдер және оларға қиындық тудырмаңдар. Әс-Синди «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) зекет жинаушылардың оларға әділетсіздік жасамағандарын, керісінше, мүлік иелері байлыққа деген сүйіспеншіліктері себепті мұны зұлымдық деп санағандарын білгенін айтқан. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзі зекет жинаушылардың зұлымдық жасауын, адамдардың мұндай зұлымдыққа сабыр етуін құптауын және зекетке Аллаһ міндеттегеннен артық төлем беруді білдірмейді. Әш-Шафиғи «бұл оларды сыпайы қарсы алуды білдіреді, бірақ тиесіліден артық төлем беруді білдірмейді» деп есептеген (қ.: «Тухфат әл-ахуази»). Әбу Дәудтің «Сунәнінде» (№1589) осы хадиске мынадай қосымша келген: «Олар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Олар бізге зұлымдық жасаса да ма?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендер зекет жинаушыларыңды разы етіңдер», – деді. (Хадисті жеткізушілердің бірі) Осман: «Тіпті олар сендерге зұлымдық жасаса да», – деп қосқан». Мухаддистер мұны «сахих» хадистер санатына жатқызған. Ән-Нәуәуидің түсіндіруінше, мұнда «зұлымдық» деп күнә мен бұзақылыққа, лауазымын асыра пайдалану мен құпталмайтын іс-әрекеттер жасауға жатпайтын қысым түрі меңзелген. Ғұламалардың көпшілігі «бұл дұға Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана тән» деп есептеген. Яғни игілік жолдау жайлы дұғаны қарапайым адамдар пайғамбарларға ғана, ал Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне жасайды (ән-Нәуәуи, Ибн Хажар). Сағд ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын) садақа лайықты адамдардың арасына бөліске салынып жатыр деген оймен үлес тимей қалған бір адамның мүмін екеніне куәлік берген. Пайғамбар (с.а.с.) қалдырып кеткен адам Жуғайл ибн Сурақа әд-Дамари (Аллаһ оған разы болсын) еді (Ибн Хажар). Келесі бір риуаятта Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Мүмін деп айтпай, мұсылман (деп айт)» дегені жеткен. Мұнымен Пайғамбарымыз (с.а.с.) Сағдтың сөзін теріске шығармаған, бірақ ішкі дүниесі тексерілмеген адамды «мүмін» дегеннен гөрі үш рет: «Әлде мұсылман», – деп жауап қайтарды. Содан кейін ол (с.а.с.): «Расында, басқаны көбірек жақсы көріп тұрсам да, бір кісіге Аллаһ оны тозаққа төңкеріп тастауынан қорқып беремін », – деп айтты», – деген (150/236). «мұсылман» деп атаған дұрыс екеніне сілтеме жасаған. Өйткені Исламды қабылдағанын жариялаған адам ішкі ниеті анық болмаса да, «мұсылман» деп аталады. Бірақ ол мүмін саналмайды. Себебі иман – Аллаһқа ғана аян ішкі қасиет. Яғни адам Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) Оның елшісі екеніне куәлік берген жағдайда «мұсылман» деп аталады. Бірақ ол амал жасамаса, «мүмін» саналмайды. Ал амал жүрек амалдары мен тән амалдарын қамтиды. Тән амалдары иманның растығын айғақтайды (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Яғни садақа берілмесе, күпірлікке ұрынып кетуінен қауіптенгенімнен беремін. Бұл Пайғамғарымыз (с.а.с.) садақа берген адам кәпір еді дегенді білдірмейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол адамның иманының әлсіздігі үшін қауіптенген. Бұл хадистен «Пайғамбар (с.а.с.) Исламды қабылдағанын жариялаған адамдарға олардың жүрегін иманға тарту үшін мол тарту ұсынатын» деген қорытынды шығады. Бірде ол Исламды жаңа қабылдағандар қатарындағы бір топ кісіге тарту жасағанда, барлығының сұрағанына қарамастан, Жуғайл ибн Сурақаға бермей кеткен. Жуғайл муһажирлер сапындағы кісі еді. Сонда Сағд ибн Әбу Уаққас Пайғамбармен (с.а.с.) ол жөнінде сөйлеседі. Өйткені Сағд «Пайғамбардың (с.а.с.) тарту жасауына әлгілерге қарағанда Жуғайл құқылырақ» деп санаған еді. Ол Жуғайлды жақсы қырынан білетін-ді. Сол үшін де ол Пайғамбарға (с.а.с.) осы мәселемен бірнеше рет тіл қатқан. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған екі жайтты нұсқады. Біріншісі: әлгілерге тарту жасауындағы даналықты білдіре отырып, тарту жасалған адамдардан артық жақсы көріп тұрса да, Жуғайлға бермей кетуінің себебін түсіндірді. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) жүрегін иманға тарту керек адамға бермесе, оның діннен қайту қаупі туатын еді. Ал ахуал бұлайша өрбісе, әлгі адам тозақылардың біріне айналады. Екіншісі: біреуге ішкі жан дүниесі мәселесіне қатысты мақтау айтудан тыйылуды нұсқады. Адамға сыртқы іс-әрекеттеріне қарап мінездеме беру керек. Сахих иснадпен жеткен риуаяттардың бірінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сағдтан: «Сен Жуғайлға қалай қарайсың?» – деп сұраған. Сағд: «(Басқа) адамдар тәрізді», – деп оның муһажирлер қатарында екенін меңзейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Ал пәленшеге қалай қарайсың?» – деп сұрайды. Сағд: «Ол – адамдарға көсемдік ететіндердің бірі», – деп жауап береді. Пайғамбар (с.а.с.): «Жуғайл одан жер толарлық жақсы», – дейді. Сағд: «Пәленше осылай, ал сен оған бұлай етіп жатырсың?!» – дегенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол – өз қауымының басшысы. Мен бұл арқылы олардың көңілін аулаймын», – деп түсіндірген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдында Жуғайлдың мәртебесі осындай еді. Осы арқылы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Жуғайлға садақадан үлес бермей, басқаларға тарту жасауындағы даналығы айқын көрініс табады (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Бұл хадистен бірнеше пайдалы қорытынды шығаруға болады. Мәселен: – «иман» мен «Ислам» ұғымдарының аражігін ажырату; – Пайғамбар (с.а.с.) хабарламаған жағдайда біреудің толық иманға ие екенін кесімді түрде айтудан бас тарту; сол сияқты Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаннатпен сүйіншілеген адамдардан өзгелерді жаннаты деп те айтуға болмайды; иманы күштілердің сабыр етуі
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Хунайн күні болғанда һауазин, ғатафан және де басқа (тайпалар) бала-шағасымен және малымен келді. Сол күні Пайғамбармен (с.а.с.) бірге он мың (адам) және оған қоса Исламды Мекке мұсылмандардың қолына өткеннен кейін қабылдағандар болды. Олар (Аллаһ елшісін (с.а.с.)) қалдырып кетіп, ол жалғыз өзі қалды. Ол (с.а.с.) сол күні арасына ештеңе араластырмай, екі үндеу тастады. Ол оң жағына бұрылып: «Ей, ансарлар қауымы!» – деді. Олар: «Біз сенің құзырыңдамыз, уа, Аллаһтың елшісі! Сүйін, біз сенімен біргеміз!» – деді. Сосын ол (с.а.с.) сол жағына бұрылып: «Ей, ансарлар қауымы!» – деді. Олар: «Біз сенің құзырыңдамыз, уа, Аллаһтың елшісі! Сүйін, біз сенімен біргеміз!» – деді. Ол ақ қашырдың үстінде еді. Төмен түсті де: «Мен – Аллаһтың құлы әрі елшісімін», – деді. (Ақыр соңында) мүшріктер жеңіліп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) көп олжаға ие болды. Ол (олжаларды) муһажирлер мен Исламды Мекке мұсылмандардың қолына өткеннен кейін қабылдағандарға үлестіріп, ансарларға ештеңе бермеді. Сонда ансарлар: «Қиындық туғанда біз шақырыламыз, ал олжа бізден басқаларға беріледі», – десті. Бұл (сөз Пайғамбарға (с.а.с.)) жеткенде, ол (ансарларды) бір шатырға жинап: «Ей, ансарлар қауымы, маған сендерден жеткен не әңгіме?» – деп (сұрады). Олар үндемеді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, ансарлар қауымы, адамдар дүние алып қайтқанда, сендер Мұхаммедті алып қайтып, оны үйлеріңе апаруға разы болмайсыңдар ма?» – деді. Олар: «Әрине, уа, Аллаһтың елшісі, біз разы болдық!» – деді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Егер де адамдар бір жазықпен жүріп, ансарлар бір шатқалмен жүрсе, мен міндетті түрде ансарлардың шатқалын таңдар едім», – деп айтты», – деген. – мұнда иман мәселесінде Исламды қабылдағанын тілмен жариялау жеткілікті деп санайтын шектен шыққан муржилерге қарсы жауап бар; – игі шараларға ажыратылған қаражатқа қатысты басшының өз бетінше әрекет етуіне рұқсат етілетіні. Қол астындағылардың кейбірі бұл мақсаттан бейхабар болса да, басшының ең маңызды шараларды бірінші атқаруы; – бағынышты адамның өзі «жөн» деп санаған іске қатысты басшының алдында араға түсуі; – «ұмытып кетті» деп ойлаған жағдайда дәрежесі төмен адамның дәрежесі жоғары адамға ескерту жасауы; – қандай да бір мәселеге қатысты біреуге араша түскен адамның басшыға мәселені қайта көтеруі, бірақ оған бұл себепті ешқандай зиян келмейтін жағдайда рұқсат етіледі; – ескерту жасалған адам ескерту жасаған адам «жөн» деп санаған жайтты бірден теріске шығармай, оған дұрысын түсіндіруі керек; – араға түскен адамның тілегі қанағаттандырылмайтын болса, оған мұның себебін түсіндіріп беру; – араға түскен адам өзінің тілегі қанағаттандырылмаса, ренжімеуі керек. Һишам1: «Мен: «Ей, Әбу Хамза2! Сен осыған куә болдың ба?» – деп (сұраған) едім, ол: «Мен қай жерде оның қасында болмаған едім?!» – деді» – деп айтқан (1059/135).
Рафиғ ибн Хадиждан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Суфиян ибн Харбке, Сафуан ибн Умәййәға, Ғұйайна ибн Хиснге және Ақрағ ибн Хабиске әрқайсысына жүз түйеден берді. Ал Аббас ибн Мирдасқа одан аз берді. Сонда Аббас ибн Мирдас: «Сен менің олжам мен (арғымағым) Ғұбайдтың олжасын Ғұйайна мен Ақрағтың арасына (бөліске) салып жатырсың ба? Бәдр де, Хабис те жиында Мирдастан асып түскен емес. Мен бұл екеуінен төмен де адам емеспін. Сен бүгін төмендеткен (адам қайта) көтерілмейді», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған жүз (түйеге) толтырып (берді)», – деп айтқан (1060/137).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Әли ибн Әбу Талиб Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Йеменнен қарағанмен иленген былғарыға (салып), топырағынан ажыратылмаған алтын жіберді. (Пайғамбар (с.а.с.)) мұны төрт адамға: Ғұйайна ибн Хиснге, Ақрағ ибн Хабиске, Зәйд әл-Хайлге және төртіншісін Алқама ибн Ғұласа мен Амир ибн Туфайлдің біреуіне үлестірді. Сонда оның сахабаларынан бір кісі: «Бұған оларға қарағанда біз құқылырақ едік қой», – деді. Бұл (сөз) Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол: «Сендер маған сенім артсаңдар нетті?! Мен аспандағы (Аллаһ) сенім артқан жанмын ғой. Маған ертелі-кеш аспан хабары келеді», – деді . Сол кезде көздері шүңірейген, бет сүйегі шығыңқы, шекесі шодырайған, қаба сақал, тақыр бас, изары түріліп кеткен бір кісі Һишам ибн Зәйд ибн Әнәс ибн Мәлик – табиғин, сахаба Әнәс ибн Мәликтің немересі, хадис жеткізуші. Әнәс ибн Мәликтің (Аллаһ оған разы болсын) күниясы. Ғұйайна ибн Хисн ибн Хузайфаның бабасы. Хадистің басқа риуаяттарында олжа Исламды жаңа қабылдаған адамдардың жүрегін дінге тарту үшін үлестірілгені айтылған. Бұл адамдардың барлығы өз тайпаларындағы белгілі кісілер еді. Ғұламалардың пікірінше, мұнда Амир ибн Туфайлдің айтылуы өте таңғаларлық жайт. Өйткені ол аталмыш оқиғадан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған-ды. Дұрысы, мұнда Алқама айтылған. Өзге риуаяттарда бұл екіленусіз көрсетілген (ән- Нәуәуи). Сағид ибн Масруқтың риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөзді хауариждің: «Аллаһтан қорықсаңшы!» деген сөзінен кейін айтқан. Бұл оқиға мен Хунайн оқиғасын (осы кітаптағы алдыңғы хадисті қараңыз) бір оқиға деп есептейтіндердің пікірі дұрыс емес (Ибн Хажар). Бұл Зул-Хуайсира әт-Тәмими еді (Ибн Хажар). Муслим жеткізген басқа бір риуаятта осы есім көрсетілген. орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһтан қорықсаңшы!» – деді . (Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Сорың құрысын! Аллаһтан қорқуға жер тұрғындарының ішіндегі ең міндеттісі мен емеспін бе?» – деді. Сосын (әлгі) кісі бұрылып кеткен соң, Халид ибн Уәлид: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Мынаның) басын шауып тастасам қайтеді?» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ, бәлкім, ол намаз оқитын шығар», – деді . Халид: «Жүрегінде жоқты тілімен айтатын қаншама намаз оқушы бар ғой?» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, мен адамдардың жүрегін тексеріп, қарынын жаруға бұйырылған жоқпын», – деді . Сосын (Пайғамбар (с.а.с.) әлгі кісінің) ту сыртынан қарап тұрып: «Расында, мынаның ұрпағынан Аллаһтың Кітабын құрғатпай оқитын адамдар шығады. (Бірақ олардың Құран оқулары) кеңірдектерінен әрі аспайды . Олар садақтан жебе атылғандай діннен шығып кетеді », – деп айтты», – деген. Риуаяттардың бірінде ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әділдік қыл!» – деп айтқан (қ.: «Сахих Муслим», №1064). Мұнда «бәлкім» (лаъалла) сөзі, «сірә» (ъаса) мағынасында қолданылған (Ибн Хажар). Әл-Қуртубидің айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай адамдарды және мұнафықтарды «Мұхаммед (с.а.с.) өзінің сахабаларын, әсіресе намаз оқушыларды өлтіріп жатыр» деген сөздің тарауынан сескеніп, өлтіруге рұқсат бермеген. Бұл пікір Муслимнің «Сахихіндегі» хадиспен (№1063) нақтыланады. Муслим бұл риуаятты хауариждер жайлы тарауда келтірген. Онда Пайғамбарымыз (с.а.с.) аталмыш тыйымның себебін түсіндірген. Оларды өлтіру басқа адамдардың Исламды қабылдауына кедергі жасайтын болғанына әл-Бұхари де сілтеме жасаған. Бұл Пайғамбарымызға (с.а.с.) адамдарға олардың сыртқы белгілеріне қарап баға беру бұйырылғанын, ал олардың құпиялары Аллаһтың еншісінде екенін білдіреді. Сол сияқты басқа да хадистерде: «олардың есебі Аллаһқа тән»; «сен не, оның жүрегін ашып көрдің бе?!» делінген тіркестер келтіріледі. Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған. Мәселен: 1) Басқа риуаяттарда: «жеңіл оқитын (ләйинән)» деп айтылған. Яғни олар зейіндерінің мықтылығы себепті Құран аяттарын қиналмай, жеңіл оқиды. 2) Көптеген риуаяттарда: «мағынасын өзгерте оқитын (ләййән)» деп айтылған. 3) Кейбір ғалымдардың айтуынша, бұл олардың Құранды шебер оқитындығы себепті. Бұл пікір Мусәддәд, Әбу Сағидтен жеткізген риуаятпен нақтыланады. Онда: «Олар (Құранды) адамдар оқитын ең әсем түрде оқиды» деп айтылған (Ибн Хажар). 4) Басқалардың пікірінше, олар әрдайым Құран оқығандықтан, олардың тілі Құран аяттарынан ешқашан құрғамайды. Бұған Муслим, Әбу Бәкрадан жеткізген риуаят сілтеме жасайды. Онда: «(Олар) – тілі Құранға құлшынып тұратын адамдар» делінген. 5) Әл-Қуртубидің айтуынша, бұл олардың (Құран оқығандағы) әсем дауысы себепті деген де пікір бар. Бұған қатысты да бірнеше пікір айтылған: 1) Бұл Аллаһ олардың Құран оқуын қабылдамайтынын білдіреді (Ибн Хажар). 2) Кейбір ғалымдар мұнда олардың Құранға сәйкес амал жасамайтыны меңзелгенін айтқан. (Хадисті жеткізушілердің бірі): «(Пайғамбар (с.а.с.)): «Егер мен оларды көрсем, міндетті түрде сәмудтерді өлтіргендей өлтірер едім », – деді деп ойлаймын», – деп айтқан (1064/144). садақаны (жеуге) рұқсат етілмейді
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Хасан ибн Әли (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) садақа құрмасынан бір құрманы алып, аузына салған еді, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кых, кых3! Оны түкіріп таста. Сен біздің садақадан жемейтінімізді білмейсің бе?» – деп айтты», – деген (1069/161). 3) Ән-Нәуәуидің айтуынша, олар Құран оқығандары үшін сауап алмайды, Құран олардың жүрегі түгіл, өңешіне де жетпейді. Ал Құран оқудағы мақсат – оған ой жүгірту және оны жүрекке сіңіру. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хауариждер жайлы: «олардың иманы өңештерінен әрі бойламайды» деген сөзіне ұқсас. Яғни олар куәлік сөздерін айтқанмен, жүрегі оған мән бермейді. Сағид ибн Масруқтан жеткен басқа бір риуаятта: «олар Исламнан шығып кетеді» делінген, яғни олардың мұсылманшылығы толық болмайды. Сондай-ақ осы риуаятта: «олар Исламды ұстанушыларды өлтіріп, пұтқа табынушыларға тиіспейді» деп көрсетілген (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ибн Хажар, шын мәнінде, де осылай болғанын айтқан. Сағид ибн Масруқтың риуаятында бірауыздан: «Егер оларды көрсем, міндетті түрде ад (қауымын) өлтіргендей өлтірер едім» делінген әрі дұрысы да – осы (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Бұл халықтардан Аллаһ тағала Өзіне иман келтірмегендердің бәрін жойып жіберген (қ.: «Пайғамбарлар қиссасы»). Мұнда «Пайғамбарымыз (с.а.с.) не үшін Халид ибн Уәлидке әлгі кісіні өлтіруге тыйым сала отырып, өзі осы сөзді айтқан?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұған әл-Асқалани «бұл сөз осындай адамдар пайда болып, мұсылмандарға қару ұстап қарсы шығатын уақыттарға қатысты» деп жауап береді. Арабтарға өзге тілден енген, жаратпауды білдіретін одағай сөз. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ересектер сақтанатын нәрселерден балалар да сақтануы тиіс. Бұл олардың қамқоршыларының міндеті болып табылады. Шафиғи мазһабындағылар және мәлики мазһабының кейбір өкілдері «бәну һашим және бәну мутталиб әулеттерінің зекет алуына тыйым салынады» деп есептеген. Шафиғи мазһабындағылар бұған дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бәну һашим мен бәну мутталиб бір екені жайлы сөзін және ол (с.а.с.) туыстарының үлесін осы екеуінің арасына бөлгенін келтірген. Ал біздің мазһаб фақиһтері «зекетті алуда бәну һашимге ғана тыйым салынады» деп есептейді. Ән-Нәуәуидің айтуынша, дұрысы: ерікті садақаларды алуға тек Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана тыйым салынған. Сондай-ақ ән-Нәуәуи Пайғамбарымыздың (с.а.с.) құлдарының әулеттеріне қатысты, олардың да зекет алуына тыйым салынатыны ең дұрыс пікір екенін айтқан. Әрі бұл – Әбу Ханифа мен басқа да куфалық фақиһтердің және де кейбір мәлики мазһабы өкілдерінің пікірі. жаратпаушылық
Абдул-Мутталиб ибн Рабиға ибн Харистен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Рабиға ибн Харис пен Аббас ибн Абдул-Мутталиб бас қосып, екеуі: «Аллаһпен ант етейік, егер де мына екі баланы (олар мені және Фадл ибн Аббасты меңзеді) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жіберсек еді. Бұл екеуі онымен сөйлесіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) оларды мына садақаларды (жинауға) тағайындаса еді. Бұлар да адамдар орындайтынды орындап, адамдар табатынды тапса еді», – деді. Олар осылай (сөйлесіп) отырғанда, олардың қасына Әли ибн Әбу Талиб келді. Олар әлгі (ойларын Әлиге) айтты. Әли ибн Әбу Талиб: «Бұлай жасамаңдар. Аллаһпен ант етейін, ол мұны орындамайды», – деді. Рабиға ибн Харис оған бұрылып: «Аллаһпен ант етейін, сен мұны бізбен бақталастығың себепті ғана жасап тұрсың. Аллаһпен ант етейін, сен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) күйеу баласы боларыңда, біз сенімен бұған таласқан жоқпыз ғой», – деді. Әли: «(Жарайды), оларды жіберіңдер», – деді. (Рабиға ибн Харис): «Сөйтіп, біз кеттік те, Әли жатып қалды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бесін намазын оқыған соң, біз бөлмесіне одан бұрын барып, ол келгенше (бөлменің) алдында тұрдық. Ол (с.а.с.) біздің құлағымыздан ұстап: «Көңілдеріңе бүгіп тұрғанды шығарыңдар», – деді. Сосын ол (үйге) кірді, біз оның алдына кірдік. Ол сол күні Зәйнәб бинт Жахштың (үйінде) еді. Біз (бірінші болып) сөйлеуді бір-бірімізге сілтей бастадық. (Ақыры) біреуіміз сөз бастап: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен – адамдардың ең игісісің, адамдардың арасындағы туысқа ең жақсы қарайласушысың. Расында, біз неке жасына жетіп қалдық. (Саған) өзімізді мына садақалардың кейбірін (жинауға) тағайындауың үшін келдік. Саған адамдар орындайтынды орындап, олар табатынды тапсақ (дейміз)», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) ұзақ (уақыт) үнсіз қалды. Біз оған (қайта) тіл қатуды қалаған едік, Зәйнәб бізге шымылдық артынан «оған сөйлемеңдер» деп ымдады. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, Мұхаммедтің әулетіне садақа жарамайды . Шын мәнінде, ол – адамдардың (малдары мен жандарының) кірден (тазаруы). Маған Махмияны (ол олжаның бестен бірінен түскен қазынаға басшылық жасайтын), Нәуфәл ибн Харис ибн Абдул-Мутталибты шақырыңдар», – деді. (Сосын) олар келді. (Пайғамбар (с.а.с.)) Махмияға: «Сен мына балаға қызыңды некелеп бер», – деп Фадл ибн Аббасты (нұсқады). Сөйтіп, ол (қызын Фадлға) некелеп берді. (Сосын Пайғамбар (с.а.с.)) Нәуфәл ибн Хариске: «Сен мына балаға қызыңды некелеп бер», – деп, мені (нұсқады). Сөйтіп, ол (қызын) маған некелеп берді. (Сонымен бірге Пайғамбар (с.а.с.) Махмияға): «Бұларға олжаның бестен Бұл Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) әулетіне қандай себеппен (зекет жинау, мұқтаждық т.с.с.) болса да зекеттен алуға рұқсат етілмейтініне дәлел болып табылады (ән-Нәуәуи). бірінен түскен қазынадан мынанша және мынанша садақа бер », – деп айтты», – деген. Әз-Зуһри2: «Ол маған оны атамады», – деп айтқан (1072/167). берілгендерге рұқсат етілетіні жайлы
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Бәрира Пайғамбарға (с.а.с.) өзіне садақаға берілген етті сыйлыққа тартты. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл оған – садақа, ал бізге – сыйлық», – деп айтты», – деген (1074/170).
Умму Атиядан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған садақаға (берілген) бір қой жіберді. Мен одан біразын Айшаға беріп жібердім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Айшаға келгенде: «Сендерде (жейтін) бір нәрсе бар ма?» – деп (сұрады). (Айша): «Жоқ, тек Нусайба бізге сендер оған жіберген қой (етінен аздап) беріп жібергені болмаса », – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, ол орнын тапты», – деді», – деп айтқан (1076/174). садақадан бас тартуы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) өзіне тағам әкелінсе, ол жайлы сұрайтын. Егер «сыйлық» деп айтылса, одан жейтін. Ал егер «садақа» делінсе, одан жемейтін (1077/175). Бұл олжаның бестен бірінен түскен қазынадағы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туыстарының үлесі не оның өзінің жеке үлесі де болуы мүмкін (ән-Нәуәуи). Әз-Зуһри – Мұхаммед ибн Муслим ибн Шиһаб, табиғин, ғұлама, хадис риуаят етушілердің бірі әрі білгірі. Нусайба әл-Ансария – хадисті жеткізіп отырған Умму Атия (Аллаһ оған разы болсын). Негізінде, Нусайба бұл еттің біразын садақа етіп Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) азат етілген күңі Бәрираға берген, ал ол өзіне келген еттің бір бөлігін Айшаға сыйлық ретінде әкелген-ді. Ибн Хажардың айтуынша, бұл хадис мұқтаждардың садақаға алғанын сыйлыққа тартуына не сатуына рұқсат етілетінін көрсетеді. Садақаға берілген нәрсе сыйлыққа тартылғаннан не сатылғаннан кейін садақа деп саналмай, садақадан алуға тыйым салынған адамға рұқсат етілетін болады. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл етті жеуді ұйғарған. Сондай-ақ бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларына садақа алуға рұқсат етілгенін көрсетеді. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) әулетінің садақа алуына қатысты тыйым оның қандас туыстарына ғана тиесілі (қ.: «Фатх әл-Бәри»). міндеттелген пітір зекеті
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) рамазанда адамдарға: мұсылмандардан әрбір басы азатқа және құлға, еркек және әйелге бір сағ құрма не бір сағ арпа (мөлшерінде) пітір зекетін (беруді) парыз еткен (984/12).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) арамызда болған кезде біз пітір зекетін әрбір үлкен және кіші, басы азат (адам) не құл үшін бір сағ тағам, не бір сағ ірімшік, не бір сағ арпа, не бір сағ құрма, не бір сағ мейіз (мөлшерінде) шығаратын едік. Муғауия ибн Әбу Суфиян бізге қажылық не умра жасап келгенге дейін осылай шығарып келдік. Әбу Сағидтен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген келесі хадисте: «әрбір ересекке және балаға» деп келген. Ән-Нәуәуи түсіндірмесінде пітір садақасының міндеттілігі жайлы пікірдің ең дұрысы саналатындығын айтқан. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында «пітір уәжіп садақа санатына жатады» деп көрсеткен. Пітір садақасын беру кімдерге міндетті? Айталық: 1) Мәлик, әш-Шафиғи және Ахмад «бұл өзіне және балаларына жетерлік бір күннен артық азығы бар әрбір адамға міндетті деген пікірде болған. 2) Имам Бурһануддин әл-Марғинанидің «әл-Һидая» кітабында айтуынша, пітір садақасының міндеттелу шарттары: а) адамның басы азат болуы; ә) мұсылман болуы; б) нисабқа жететін мал-дүниесі болуы. Осы шарттарға сай келетін адам балиғатқа толмаған балалары, құл-қызметшілері және Әбу Юсуфтың пікірі бойынша, әйелі үшін пітір зекетін беруі тиіс. Алайда Әбу Ханифа мен Мұхаммедтің пікірінше, ер адам әйелі үшін пітір садақасын беруге міндетті емес. Әйтсе де бұлай жасаса, ол есепке алынады. 3) Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалардың көпшілігі «пітір садақасы басы азат ер адамға міндетті» деген пікірді ұстанған. Ал ол өз кезегінде пітірді өзі үшін және қарауындағы жандар (әйелі, балалары, қызметшілері) үшін де береді. Пітір садақасы тек мұсылмандарға ғана міндетті. Пітір садақасы кімдерге беріледі деген мәселені қарастырсақ, кейбір ғалымдар «оны, Әбу Дәуд және басқалар Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадиске орай, кедей-кепшіктерге беру керек» деп есептеген. Онда: «кедей-кепшіктер тоюы үшін» делінген. Ал зекет жайлы аятта көрсетілген басқа топтағы адамдарға келсек, оларға пітір зекеті емес, мал-дүние зекеті беріледі. Пітір садақасы мұсылмандарға таратылады. Өйткені Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят етілген хадисте ол барлық халықтардың кедейлеріне емес, тек мұсылман кедейлерге таратылатынына ишара жасалған. Сондай-ақ сахабалар да пітір зекетін мұсылман еместерге бермейтін. Кейбір ғалымдар пітір садақасы ретінде азық- түліктің хадистерде айтылған бес түрін ғана емес, әдетте сол аймақта пайдаланылатын басқа азық түрлерін де беруге болатындығын айтады (қ.: «Ән- Нәуәуидің шархы»; «Фиқһ әс-сунна»). Ханафи мазһабында пітірдің құнын ақшалай бағалап беруге де болады. Ол мінбер үстінде адамдарға сөз арнады, сонда оның айтқанының бірі: «Расында, мен Шам бидайының екі мудді бір сағ құрмаға тең келеді деп ойлаймын», – дегені болды. Сөйтіп, адамдар осы (пікірді) ұстауға көшті»; Әбу Сағид: «Алайда мен тірі тұрған кезімде бұрын қалай шығарып келсем, солай шығарудан ешқашан танбаймын», – деп айтқан (985/18). бұйрық
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) пітір зекетін адамдар (айт) намазына шығудан бұрын беруді бұйырған (986/22).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Менде Ухуд (тауындай) алтын (пайда болып), үшінші (күн) келгенде Әбу Сағид пен Ибн Омар (Аллаһ оларға разы болсын) пітір садақасы бидаймен екі муддіге не жарты сағқа тең деген пікірмен келіспеген (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Алайда Суфиян әс-Сәури, Ибн Мубарак, Әбу Ханифа, әт-Тахауи (Аллаһ оларға рақым етсін) «пітір садақасының мөлшері бидайдан екі муддіге, яғни жарты сағқа тең келеді» деп есептеген. Ән-Нәуәуи түсіндірмесінде айтуынша, имам Ахмад та осы пікірді ұстанған. Ибн Мунзир Османның, Әлидің, Әбу Һурайраның, Жәбирдің, Ибн Аббастың, Ибн Зубәйрдің және Әсмә бинт Әбу Бәкірдің (Аллаһ оларға разы болсын) пікірі де осыған тоғысатынын нақыл еткен (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Біз қарастырып отырған хадистен басқа да Ғұруа ибн Зубәйрден риуаят етілген хадис бар. Онда Әсмә бинт Әбу Бәкір (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде пітір садақасын жарты сағ бидай мөлшерінде не бір сағ құрма мөлшерінде бергені жайлы айтылған. Хадисті әт-Тахауи, Ибн Әбу Шәйбә және Ахмад жеткізген. Кейбір мухаддистер оған әл-Бұхари мен Муслимнің шартына сәйкес келетін «сахих» хадис деп баға берген. Муслимнің «Сахихіндегі» Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят етілген хадистің (№984) риуаяттарының бірінде адамдар бидайдың жарты сағын өлшемге алғаны жайлы баяндалған. Сондай-ақ бұл тұрғыда басқа да көптеген хадис бар. Біздің мазһаб ғалымдарының пікірінше, пітір зекеті ауызашар айты күні күн шыққаннан бастап міндетті болады. Алайда оны рамазан айында шығаруға рұқсат етіледі. Оны айт намазы оқылатын орынға шығудан бұрын беру мустахаб (әл- Марғинани). Ал шафиғи мазһабының өкілдері «пітір садақасын беру уақыты – рамазан айының соңғы күні күн шыққаннан бастап, ауызашар айты күні күн шыққанға дейін» деп есептеген. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) пітір зекетін айттан бір-екі күн бұрын беретін болған. Ғұламалардың көпшілігі (солардың қатарында біздің мазһаб ғалымдары) бұған рұқсат етілетіні жайлы пікір ұстанған. Сәйид Сабиқ пітір зекетін беру міндеті уақытының өтуімен мойыннан түспейтіні жөнінде ғұламалар бірауызды келісімде екенін айтқан. Ғұламалардың көпшілігі «пітір садақасын берудің уақытын кешіктіруге болмайды» деп есептеген (қ.: «Ән-Нәуәуидің шархы»; «Фатх әл-Бәри»; «Фиқһ әс-сунна»). мойнымдағы қарыз үшін сақтап қойған динардан басқа, қолымда одан бір динар (қалуы) мені қуантпайды», – деп айтқан (991/31).
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, әйелдер қауымы, садақа беріңдер және кешірімді көп өтініңдер! Өйткені мен тозақтықтардың көпшілігі сендер екенін көрдім», – деді. Олардың арасындағы ақылды бір әйел: «Тозақтықтардың көпшілігі болатындай бізге не болды, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрады). Ол (с.а.с.): «Қарғысты көп айтасыңдар және күйеулеріңе күпірлік қыласыңдар . Сендерден асқан парасатты (еркектің ақылын) аздырушы кемақыл, (нұқсан) дінді біреулерді көрмедім», – деді. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ақыл мен діннің кемдігі не?» – деді. Ол (с.а.с.): «Ақылдың кемдігі, екі әйелдің куәлігі бір ер кісінің куәлігіне тең келеді. Міне, бұл – ақылдың кемдігі . Ал (етеккірі келгенде әйел) бірнеше күн намаз оқымайды және рамазанда ораза тұтпайды. Міне, осы – діннің кемдігі», – деген (79/132). Басқа бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Егер де бір адамға қандай да біреуге сәжде жасауды бұйыратын болсам, әйелге күйеуіне сәжде жасауды бұйырар едім», – деп айтқан. Осылай Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдегі күйеудің ақысы мен Аллаһ тағаланың ақысын жанама түрде қатар қойған. Егер әйел осындай дәрежеде қарастырылған күйеуінің ақысына күпірлік танытса, бұл оның Аллаһ тағаланың ақысына да салғырт қарайтынын айғақтайды. Сондықтан да әйелдің күйеуіне тән құқықтарды мойындамауы күпірлік деп аталады. Бірақ ол – дін аясынан шығармайтын күпірлік (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Басқаша айтқанда, оны теріс істерге итермелеуші. Ғұламалар ақылдың анықтамасы жөнінде түрлі пікір айтқан. Олардың арасында ақыл жайлы «білім», «қажетті білім», «ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін қабілет» деп көрсеткен т.б. анықтамаларды кездестіруге болады. Ал мұнда есте сақтау қабілетінің кемістігі туралы айтылған. Өйткені Құранда: «Қашан (куәға тартылған әйелдердің) бірі жаңылысса, екіншісі есіне салады» деп айтылған (Бақара, 282). Бұл хадистен ән-Нәуәуи мынадай қорытындылар шығарған: – Аллаһ тағала айтқандай, игі істер күнәларды өшіреді; – күйеудің жақсылығына нәшүкірлік таныту үлкен күнәға жатады; – жиі қарғыс айту да үлкен күнә ретінде қарастырылады; Келесі бір хадисте: «Мүмінге лағынет айту – оны өлтірген сияқты» делінген. Мүмін болсын- болмасын нақты біреуді, тіпті жануарды да қарғауға болмайды. Тек жаманаты (күпірлігі) жайлы аят не хадис келгендер ғана бұдан тыс. Бұған мысал ретінде Әбу Жәһлді немесе шайтанды атауға болады. Әйтсе де нақты бір тұлғаны көрсетпей, жалпы мағынада лағынет айту күнәға жатпайды. Мәселен, пайызды өсім жеушіні, жердің шекарасын өзгертушіні, дінбұзарды паналатушыны не бүлік тудырушыны қарғау сияқты. Өйткені бұлардың жаманаты аят, хадистерде көрсетілген. Алайда кейбір ғалымдардың нұсқауынша, лағынет айтылуы адамның түзелуіне түрткі болатын болса, кейбір жағдайларда нақты тұлғаны қарғауға рұқсат етіледі. Олар бұған дәлел ретінде көршісіне қысым көрсеткен адамға лағынет айтылғаны жөніндегі хадисті келтірген. Хадисті әт-Табарани («Кәбир», 16/7/17812) және Баззар «хасан» иснадпен, сондай-ақ әл-Хаким (№7410) Әбу Жухайфадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен. Осыған ұқсас хадисті Әбу Дәуд (№4486), Ибн Хиббан және әл-
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізіп: «Аса Игі, жоғары мәртебелі Аллаһ: «Ей, Адам баласы, (тиісті орындарға) қаражат жұмса, Мен саған қаражат беремін», – деді»; Сондай-ақ ол (с.а.с.): «Аллаһтың оң қолы толы (Ибн Нумәйр1: «тола», – деп айтқан), көл-көсір, күндіз-түні (жұмсаса да) оны еш нәрсе кеміте алмайды», – деген (993/36). ынталандыру
Хариса ибн Уаһбтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Садақа беріңдер, өйткені таяуда адамдар садақасын алып жүріп, (оны алатын адамды іздейді,) ал садақа ұсынылған (адам): «Егер оны бізге кеше әкелгеніңде алар едім, енді қазір оған мұқтаж емеспін», – деп айтады. Сөйтіп, (кісі садақасын) алатын (ешкімді) таппайды», – деп айтқанын естідім», – деген (1011/58).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жер өзінің қойнынан қазыналарын шығарады. (Ол қазыналар) Хаким (№7410) Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген. Әл-Хаким мұны Муслимнің шартына сәйкес келетін «сахих» хадис санатына жатқызған; – мұнда діннің кемдігі деп құлшылық-ғибадаттардағы кемшілік меңзелген; Яғни бұл жерде әйелдердің діни міндеттерін толық орындай алмайтыны туралы айтылған. Бір хабарларда құлшылықтың түрлері «иман» және «дін» деп аталған; – басшының не үлкеннің өз қарамағындағыларға нұсқау беруі. Ибн Нумәйр – Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Нумәйр, Муслимнің ұстазы. Бұл хадис Аллаһ тағаланың «Сендер (тиісті орындарға) не нәрсе жұмсасаңдар да, (Аллаһ) оның орнын толтырады. Ол – ризық берушілердің ең жақсысы» (Сәбә, 39) деген сөзін түсіндіреді (ән-Нәуәуи, Ибн Хажар). Мұнда қаражат жұмсау деп барлық игілік түрлері меңзелген. Басқа хадистерде Қиямет жақындағанда байлықтың артатыны жайлы айтылған. Яғни мұнда Қияметтің белгілері көрсетілген. Әл-Қуртубидің айтуынша, Қияметтің белгілері екіге бөлінеді: жалпы белгілер және Қиямет өте жақын қалғандағы онымен қатар келетін белгілер. Бұл хадисте Қиямет жақындағанын білдіретін жалпы белгі айтылған. Ал оның әне-міне басталатынын білдіретін белгілерге күннің батыстан шығуын т.б. белгілерді айтуға болады. Ақырзаман жақындағанда адамдардың садақадан бас тарту себебі байлық артып, жер қойнауынан оның қазыналары шығарылады және дүние-байлыққа береке даритын болады. «Сахих» хадистерде бұл жағдай Яжуж-Мәжуждің көзі жойылғаннан кейін орын алатыны нұсқалған. Сол кезде Қиямет күні жақындап, адамдар басы артық дүние жинамайтын болады және садақа беру де көбейеді. Хадисте мүмкіндікті пайдаланып қалуға және садақа беруге ынталандыру келген. алтын және күмістен (тұрғызылған) екі бағанаға ұқсайды . Сонда кісі өлтірген (адам) келіп: «Мен осы үшін кісі өлтірдім бе?!» – дейді. Туыстық байланысын үзген (адам) келіп: «Мен осы үшін туыстық байланысымды үздім бе?!» – дейді. Ұры келіп: «Менің қолым осы үшін кесілді ме?!» – дейді. Содан кейін олар оны жайына қалдырып, одан еш нәрсе алмайды», – деп айтты», – деген (1013/62).
Абдуллаһ (ибн Масғұдтың) әйелі Зәйнәбтен (Аллаһ ол екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әшекейлеріңнен болса да садақа беріңдер, ей, әйелдер қауымы!» – деді . Сонда мен Абдуллаһқа оралып: «Сен – кедей кісісің. Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге садақа беруді бұйырды. Оған барып, сұрашы . Егер менің атымнан сол жарайтын болса (жақсы), болмаса мен оны сендерден басқаларға жұмсаймын», – дедім. Абдуллаһ маған: «Оған сен өзің бар», – деді. Сөйтіп, мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) барсам, есігінің алдында ансарлардан бір әйел тұр екен. Ол да мен келген мәселе бойынша келіпті. (Бізді) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) айбаты басып тұратын. Бізге Біләл шықты. Біз оған: «Сен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) барып, «есік алдында екі әйел сенен күйеулеріне және қарауындағы жетімдерге берген садақасы олардың атынан жүре ме, соны сұрамақшы» деп хабарлашы. (Бірақ) біздің кім екенімізді айтпа», – деп (тапсырдық). Біләл Аллаһ елшісіне (с.а.с.) кіріп, одан сұрады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) одан: «Олар кімдер?» – деп (сұрады). Ол: «Ансарлардан бір әйел және Зәйнәб», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Зәйнәбтердің қайсысы?» – деп (сұрады). Ол: «Абдуллаһтың әйелі», – деді . Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Оларға екі сауап бар: жақындарға (қарайласу) сауабы және садақа сауабы», – деп айтты», – деген (1000/45).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Әбу Талха Мәдинадағы ең дәулетті ансар еді. Оған мүліктерінен ең сүйіктісі мешіттің қарсы бетіндегі Байраха (бағы) болатын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған кіріп, ондағы дәмді судан ішіп жүретін»; Бұл қазыналардың көптігі және көлемділігіне теңеу ретінде келген (ән-Нәуәуи). Мұнда жетекшінің қарамағындағыларға садақа беруді және игілік жасауды бұйыруына, сондай-ақ азғыруға апармаса, әйелдерге құтпа жасауына сілтеме келген (ән-Нәуәуи). Яғни: «менің саған және балаларыңа беретін садақам жайлы сұра». Бұл хадистің төмендегі мәтінінен көрінеді. Бұл Біләлдің (Аллаһ оған разы болсын) тарабынан уәдені бұзуға жатпайды. Өйткені Аллаһ елшісіне (с.а.с.) басқалардай емес, ол сұраған жайттың бәрін хабарлау тиіс болатын. Бұл хадисте ерікті садақа жайлы сөз болған (ән-Нәуәуи). Әнәс: «Сендер өздерің жақсы көргеннен жұмсамайынша, ешқашан игілікке жете алмайсыңдар» деген мына аят түскенде, Әбу Талха Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Расында, Аллаһ кітабында: «Сендер өздерің жақсы көргеннен жұмсамайынша, ешқашан игілікке жете алмайсыңдар», – дейді. Шын мәнінде, маған мүліктерімнен ең сүйіктісі – Байраха. Енді ол – Аллаһ үшін садақа. Мен оның игілігін және Аллаһтың құзырында қазына (болуын) үміт етемін. Оны өзің қалаған орынға жұмса, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Пах, (шіркін)! Бұл – еселі дүние! Бұл – еселі дүние! Мен сенің айтқаныңды естідім. Расында, мен оны жақындарыңа бөліп беруіңді жөн көремін», – деді. Сөйтіп, Әбу Талха оны жақындарына және көкесінің балаларына бөліп берді», – деп айтқан (998/42).
Мәймуна бинт Харистен (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде (күң) қызды азат етеді. Сөйтіп, ол мұны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) айтқанда, ол: «Егер де оны нағашыларыңа тарту етсең, сауабың көбірек болар еді», – депті (999/44).
Әсмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған анам келіпті. Ол (өзіне игілік көрсетуімді) қалайды «Әлі Имран» сүресі, 92-аят. Ән-Нәуәуи бұл хадистің мазмұнында мынадай сілтемелер қамтылғанын айтқан: – сүйікті дүниені садақаға берудің мустахабтығы және бұл үшін білімді, құрметті адамдармен ақылдасу; – садақаны басқаларға қарағанда, туыстар мұқтаж болса, соларға берген абзал. Тіпті олар әке жағынан алыс туыстар болса да. Өйткені Әбу Талха (Аллаһ оған разы болсын) бағын атасы жағынан тоғызыншы буында жолығатын Убәй ибн Кағб пен Хассан ибн Сәбитке бөліп берген. Хадистің басқа риуаяттарында нағашылар емес, Мәймунаның әпке-сіңлілері көрсетілген және бұл риуаяттардың бәрі де дұрыс саналады (ән-Нәуәуи). Бұл хадисте мына жайттар меңзелген: – туыстық байланыстарды сақтаудың артықшылығы; – туысқандарға жақсылық жасаудың құл азат етуден абзалдығы; Ибн Баттал да осы пікірді ұстанған. Алайда Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында аталмыш пікірмен келіспей, жағдайға қарай бұл әртүрлі болуы мүмкін екенін айтқан. Өйткені сол жағдайда Мәймунаның туыстары күңге мұқтаж еді. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы хадистегі сөзді айтқан; – әйел өзінің жеке мүлкінен күйеуінің рұқсатынсыз садақа беруіне рұқсат етілетіні (қ.: «Ән-Нәуәуидің шархы»; «Фатх әл-Бәри»). не (бас тартуымнан) қорқады. Онымен қарым-қатынас жасайын ба?» – деп (сұрағанымда), ол: «Иә», – деді», – деп айтқан (1003/49).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, менің анам кенеттен қайтыс болып, ешқандай өсиет қалдырмады. Мен, егер де ол тілге келсе, садақа берер еді деп ойлаймын. Енді мен оның атынан садақа берсем, оған сауап бұйырады ма?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә», – деген (1004/51). Басқа бір риуаятта оның анасының мүшрік болғандығы айтылған. Әбу Дәуд жеткізген риуаятта: «(өзіне игілік көрсетуімді) қалайды, (бірақ) ол – Исламды қабылдауды қаламайтын мүшрік» деп көрсетілген. Мұнда мүшрік туыстармен қарым-қатынас жасауға рұқсат етілетіндігі меңзелген. Әл-Хаттабидың пікірінше, бұл хадистен ұл (не қыз) мұсылман болса да, өзге діндегі ата-анасын қамтамасыз етуге қаражат ажыратуға міндетті екені жайлы тұжырым шығады (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Ғұламалар арасында марқұмға садақаның, сондай-ақ намаз, қажылық, ораза және Құран оқу сияқты тән ғибадаттарының сауабы тие ме, жоқ па деген мәселе жөнінде пікір қайшылығы туындаған. Марқұмға арнап жасаған дұғаның оған пайда тигізетіні жайлы әһлі сунна уәл-жамаға ұстанымындағылар арасында пікір қайшылығы жоқ. Мұны Аллаһ тағаланың: «Олардан кейін келгендер: «Раббымыз, бізді және бізден бұрын иманмен өткен бауырларымызды кешір...», – дейді» деген сөзі көрсетеді (Хашр, 11). Сондай-ақ жаназа намазындағы және қабірді зиярат етіп барғандағы марқұмға арнап жасалынған дұға да осыған дәлел болып табылады. Кейбір дінбұзар пәлсапашылар өлген адамға ештеңенің пайдасы жоқ деп қателеседі (қ.: Ибн Әбул-Ғизз, «әл-Ақида әт-Тахауия»). Сол сияқты туысы болмаса да, марқұм үшін оның қарызын өтеуге рұқсат етілетіні жөнінде де пікір қайшылығы жоқ. Өйткені бұған қатысты «сахих» хадистер көптеп жеткен. Біздің мазһабтың ғалымдары мен ханбали мазһабының өкілдері «садақа, қажылық және оразаның сауабы, туыстары орындамаса да, марқұмға барады» деп есептеген. Мәлик «бұған марқұм осыны өсиет еткен жағдайда ғана рұқсат етіледі» деп санаған. Ал өзге ғибадаттарға келсек, «әл-Һидая» кітабында, марқұмның туыстары ол үшін қаза болған намаздарын оқымайтындығы айтылған. Олар бұған дәлел ретінде Аллаһ тағаланың: «Адамға талпынғанынан басқа (еш нәрсе) бұйырмайды» деген сөзін келтірген (Нәжм, 39). Сондай-ақ әл-Бұхари «әл-Әдәб әл- муфрад» кітабында тіркеген, Муслим және Ахмад жеткізген хадисте айтылу бойынша, адам дүниеден өткеннен кейін үш амалынан басқа амалдарының барлығы тоқтайды. Ол үшеуі: 1) Оның артында қалдырған пайдасы үзілмейтін ізгі амалдары (мәселен, тұрғызған мешіті, жолаушылар түсетін аула жайы т.с.с.); 2) Оның халық пайдаланатын білімі; 3) Ізгі перзенттерінің жасаған дұғасы. Ал марқұмға садақаның және қажылықтың сауабы баратыны жайлы хадистерде мұны оның ұлы не қызы сұраған. Сондықтан да мұндай ғибадаттардың сауабы марқұмға баратынын теріске шығарушы ғалымдар «бұл – оның балаларына ғана тән, жоғарыдағы аяттан тысқары қарастырылатын жекелеген мәселелер» деп тұрғыда жақсы үрдіс қалыптастырған (адамның) сауабы
Жәрир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз күндіздің бастапқы кезеңінде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында болдық. Сонда оған жалаңаяқ, жолақ жүн шекпенді не жүн шекпенді орта тұсынан тіліп киген жалаңаш, қылыш асынған бір адамдар келді. Олардың көпшілігі мудар (тайпасынан), тіпті барлығы дерлік мудар (тайпасынан) еді. Олардың бойындағы жоқшылықты көргенде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жүзі өзгеріп кетті. Ол ішке кірді де, сосын сыртқа шықты. Біләлға бұйырып, ол азан шақырып, қамат айтты. (Пайғамбар (с.а.с.)) намаз оқыды да, сосын құтпа жасап: «Ей, адамдар, сендерді бір жаннан жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар...» (деген) аятты: «Расында, Аллаһ – сендерді Бақылаушы» , – деп аяғына дейін (оқыды) . Сондай-ақ «Хашр» (сүресіндегі): «Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар! Әрбір жан ертеңге не әзірлегенін қарасын. Аллаһтан қорқыңдар!» деген аятты (оқыды). (Сонда) бір кісі өзінің динарынан, дирһамынан, киімінен, бидайының сағынан және құрмасының сағынан садақа берді. Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Құрманың жартысымен болса да (садақа беріңдер)», – деп айтқанға дейін (осылай жалғасты). Сонда ансарлар қатарындағы бір кісі алақанымен әзер көтеріп тұрған, тіпті көтере алмай тұрған бір дорба әкелді. Содан кейін адамдар (оған) ілесе (садақа беруге кірісті). Тіпті мен тағамнан және киімнен екі үйме (жиналғанын) көрдім. Сөйтіп, Аллаһ есептеген. Тіпті әш-Шәукәни «Нәйл әл-аутар» кітабында (4/79) мұны жекелеген мәселелер деп көрсетудің қажеті жоқтығын, өйткені балалар ата-атаның табысы болып табылатынын нұсқаған. Балалар ата-ананың табысы саналатыны Әбу Дәуд (2/108) және басқалар жеткізген хадисте айтылған. Хадиске әт-Тирмизи және басқалар «хасан» ретінде баға берген. Бұл хадис кейбір мухаддистер «хасан» санатына жатқызған басқа да хадистермен күшейеді. Әйтсе де марқұмның көзі тірісінде ниет еткен, бірақ өтелмей қалған нәзір оразасын туыстарының өтеуіне рұқсат етіледі. Әл-Бұхари мен Муслим Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен, жақын туыстар марқұмның оразасын өтеуі жайлы хадисте де осы меңзелген. Басқа хадистерде бұл нәзірдің ораза екендігі анық айтылған. Сол сияқты марқұмның уәжді себеппен (сапарда болуы не науқастанып қалуы себепті) өтелмей қалған рамазан айындағы оразасын жақын туыстары қаза болған әрбір күні үшін кедейлерді тамақтандыру (підия) арқылы өтеуіне болады. Айша мен Ибн Аббас (Аллаһ оларға разы болсын) осы пікірді ұстанған. «Мухтасар әл-уиқая» кітабында да осыған сілтеме жасалған. Алайда марқұмның уәжді себепсіз өтелмеген парыз оразасын туыстары өтемейді. Сол сияқты оның қаза болған парыз намаздары да өтелмейді. «Ниса» сүресі, 1-аят. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл аятты оқу арқылы адамдардың бір-біріне бауыр екенін ескертіп, оларды садақа беруге үндеген (ән-Нәуәуи). «Хашр» сүресі, 18-аят. елшісінің (с.а.с.) жүзі алтын жалатылғандай нұрланғанын көрдім . Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Исламда жақсы үрдіс қалыптастырса, оған осының сауабы және одан кейін бұған амал қылғандардың сауабы бұйырады, бірақ (бұдан) олардың сауаптарынан ештеңе кемімейді. Ал кім Исламда жаман үрдіс қалыптастырса, оған осының күнәсі және одан кейін бұған амал қылғандардың күнәсі жүктеледі, бірақ (бұдан) олардың күнәларынан ештеңе кемімейді », – деп айтты», – деген (1017/69).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Бірде бір кісі сахарада (жүргенде), бұлт арасынан: «Пәленшенің бағын суар» деген дауыс естиді. Сонда әлгі бұлт әрірек барып, өзінің суын бір тастақ жерге барып төгеді. Сол кезде жылғалардың бірі сол судың бәрін бойына жинап алады. (Кісі осы) судың соңынан ілеседі. Қараса, бір кісі бағында күрегімен суды бұрып тұр екен. (Суға ілесіп келген кісі) одан: «Ей, Аллаһтың құлы, сенің есімің кім?» – деп (сұрайды). Ол: «Пәленше», – деп, ол бұлт арасынан естіген есімді айтады. (Бағында тұрған кісі) оған: «Ей, Аллаһтың құлы, сен неге менің есімімді сұрадың?» – дейді. Ол: «Расында, мен мына суды (жеткізген) бұлт арасынан: «Пәленшенің бағын суар» деп сенің есіміңді (атаған) дауыс естідім. Сен бұған не істейсің?» – дейді. (Сонда бақ иесі): «Сен осыны айтсаң, расында, мен бұдан шығатын (өнімге) қарап, оның үштен бір бөлігін садақаға беремін, енді бір үштен бір бөлігін бала-шағаммен жеймін, ал тағы бір үштен бір бөлігін оның (келесі өнімі үшін) жұмсаймын», – дейді», – деп айтқан. (Басқа) бір риуаятта: «Оның үштен бір бөлігін міскіндерге, қайыршыларға және жолда қалғандарға жұмсаймын» (деп айтылған) (2984/45). Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандардың Аллаһ тағалаға және Оның елшісіне (с.а.с.) бағынуға асыққандығын, мұқтаждарға жәрдемдесуге тырысып, Аллаһ үшін садақа беріп жатқанын көргендіктен қуанған. Ол мұсылмандардың басқа бауырларына деген мейірімін, игілікке өзара жәрдемдесуін және тақуалығын көрген-ді. Сондықтан да адам мұндай жағдайға куә болғанда қуануы және шаттық сезімін білдіруі керек (ән-Нәуәуи). Бұл сөздердің түп-төркіні бір кісі алғашқы болып садақа әкелгенде, адамдардың оған ілескеніне барып тіреледі (ән-Нәуәуи). Осы кітаптағы 413-хадистің түсіндірмесінде айтылғандай, бұл хадис дінге «жақсы» бидғат ендіруге негіз болып табылмайды. Өйткені садақа беруді бастаған сахаба дінге жаңалық ендірмеген. Ол бар болғаны дінде бекітілген және Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларын үндеген амалды бірінші болып бастаған. Дінде жаман үрдіс қалыптастырған адамның өзіне ілесіп амал қылғандардың да күнәларын арқалайтыны жөніндегі мәселеге келсек, Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында, бәлкім, мұнда қалыптастырған үрдісі үшін тәубеге келмеген адам меңзелген болуы мүмкін екендігін айтқан.
Ади ибн Хатимнен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) тозақ жайлы айтты. Ол бұрылып, теріс қарады да, содан кейін: «Тозақтан сақтаныңдар!» – деді. Сосын (тағы да) бұрылып, теріс қарады. Тіпті біз ол (тозаққа) қарап тұрған сияқты деп ойладық. Содан кейін ол (с.а.с.): «Құрманың жартысымен болса да тозақтан сақтаныңдар! Ал кім (оны да) таппаса, жақсы сөз (айтсын)», – деді», – деп айтқан (1016/68).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізіп: «Кісі бір отбасы мүшелеріне таңертең бір тостаған, кешке бір тостаған сүт беретін түйе сыйласа еді. Шын мәнінде, оның сауабы, әлбетте, зор» (деген сөзді айтқан) (1019/73).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Жеті (адамды) Аллаһ Оның саясынан басқа сая болмайтын күні Өз саясында паналатады3: Бұл хадистен мынадай тұжырымдар шығады: – рұқсат етілген және ғибадат санатындағы жақсы сөз тозақтан құтылуға себеп болуы мүмкін; – бір нәрсенің аз мөлшері оны садақаға беруге кедергі болмайды (ән-Нәуәуи). Мұнда араб тіліндегі «мәниха» (сыйлық) сөзі «құлды түбегейлі пайдалануға беру немесе түйені не жеміс ағашын уақытша оның сүтін не жемісін пайдалануға бере тұруды» білдіреді. Мұндай садақа түрін алған адам оны сүтін не жемісін пайдаланып болғаннан кейін қожайынына қайтарып береді (ән-Нәуәуи). Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында кез келген садақа сыйлық болып табылатынын, алайда кез келген сыйлық садақа саналмайтынын айтқан. Әйтпесе сыйлықты қабылдау Пайғамбарымызға (с.а.с.) рұқсат етілмеген болар еді. Бір нәрсе Аллаһ есіміне қосарланып келіп, оның Аллаһтан тыс орында табылуы мүмкін болмаса, бұл Аллаһтың сипатына жатады. Мәселен, «уәжһуллаһ» (Аллаһтың дидары) деген сияқты. Егер де оның Аллаһтан тыс орында табылуы мүмкін болса, бұл Аллаһтың сипаты емес, осы нәрсенің қадір-қасиетін көрсету үшін қосарлау болып табылады. Мәселен, «нақатуллаһ» (Аллаһтың түйесі), «бәйтуллаһ» (Аллаһтың үйі) деген сияқты. Қазы Ғиядтың айтуынша, мұнда «Аллаһтың саясы» деп Қиямет күніндегі Аршының саясы меңзелген. Әт-Тирмизи жеткізген хадисте (№1306) де осылай көрсетілген және әт-Тирмизи мен басқа мухаддистер мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Бұл жағдай адамдар әлемдердің Раббысы алдында тұрғанда, күн оларға жақын төніп, олар терге малшынғанда орын алады. Ибн Динар аталмыш сая күн сәулесінен қорғайтын көлеңке емес, кұрмет көрсетуді және панасына алуды білдіретінін айтқан. Әл-Қуртуби де осы пікірді ұстанған. Қазы Ғиядтың айтуынша, бұл сая Аршыға тиесілі, өйткені Аршы Аллаһқа жақындау 1) әділ басшы; 2) Аллаһтың ғибадатында ержеткен жас жігіт; 3) жүрегі мешіттерге байланған кісі1; 4) бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көріп, сол үшін бас қосқан және сол үшін айырылысқан екі кісі2; 5) мансапты әрі көрікті бір әйел (зина жасауға) шақырғанда: «Расында, мен Аллаһтан қорқамын» деген кісі; 6) садақа беріп, оны оң қолы сол қолының не беріп жатқанын білмей қалатындай (дәрежеде) жасырған кісі3; 7) оңашада Аллаһты еске алып, көздері жасқа толған кісі », – деп айтқан (1031/91). және құрметке бөлену орны болып табылады. Ал күн және басқа да жаратылыстар Аршының астында және оның саясында орналасқан. Бұл мешіттерді қатты жақсы көруді және ондағы жамағатпен бірге болуды көрсетеді және ол мешіттен шықпай отыруды білдірмейді. Яғни Аллаһқа деген сүйіспеншіліктері себепті бас қосып, Аллаһқа деген сүйіспеншіліктері себепті айырылысқан. Мұнда адамдарды бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көруге ынталандыру келген, оның қадір-қасиетінің үлкендігі баяндалған. Бұл – маңызды мәселелердің бірі. Өйткені Аллаһ үшін жақсы көру және Аллаһ үшін жек көру иманға жатады. Әл-Бұхари, Мәлик «Муатта» кітабында және де басқа мухаддис имамдар жеткізген хадисте «сол қолы оң қолының не беріп жатқанын білмей қалатын (дәрежеде)» деп айтылған. Әдетте адам садақаны оң қолмен беретіні белгілі. Қазы Ғиядтың айтуынша, сірә, бұл Муслимнің емес, хадисті одан жеткізгендердің қатесі болса керек. Ғұламалардың пікірінше, ерікті садақада оны жасырын беру абзал саналады, өйткені бұл шынайылыққа көбірек жақын. Алайда міндетті садақаларда оны жариялау мустахаб. Сол сияқты намазға қатысты да осыны айтуға болады. Яғни парыз намаздарды жария, нәпіл намаздарды жасырын оқыған абзал. Сондай-ақ хадисте «Парыз намаздан басқа кісі намазының абзалы – үйінде оқыған намазы» деп айтылған. Ғалымдардың нұсқауынша, мұнда оң және сол қолдарды айту, садақаның қаншалықты жасырын болғанын көрсету үшін теңеу сөз ретінде қолданылған. Өйткені әрдайым ажырамай бірге жүретін екі қол бір-бірінің не бергенін білмей қалатын болса, онда басқалар оны мүлдем білмейді деген сөз (ән- Нәуәуи). Мұнда Аллаһтан қорқу себепті жылаудың қадір-қасиетіне, сондай-ақ бойсұну сезімін жасырын көрсетудің қадір-қасиетіне сілтеме бар. Өйткені бойсұну сезімін жасырын көрсетуде шынайылық толыққанды сипатқа ие болады (ән-Нәуәуи). Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында айтуынша, аталмыш жеті топтағы адамдар тек ер кісілер емес, басшыдан басқасы әйелдер де болуы мүмкін. Әйтсе де, мәселен, балаларын әділдікке тәрбиелеген әйел осы топқа кіруі мүмкін. Алайда жүрегі мешітке байланған болуға қатысты сипат тек ер адамдарға қатысты. Өйткені әйелдің үйінде оқыған намазы мешітте оқыған намазына қарағанда абзал. жайлы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Қай садақа бәрінен зор?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Денің сау, сараң халіңде, кедейліктен қорқып, баюды үміт етіп отырған кезіңде садақа беруің. (Алайда оны жаның) алқымға жеткенге дейін кешеуілдетпе. (Сол кезде): «Пәленшеге мынанша, пәленшеге мынанша» деп айтасың, ал ол, расында, да пәленшенікі болады», – деп айтты», – деген (1032/92). қабылдайтыны және осындай садақа сауабының көбейтілуі
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбіреу адал табысынан бір құрма садақа берсе, Аллаһ оны міндетті түрде оң қолымен алып, оны қайсыбірің құлынын не ботасын бағып өсіргендей өсіреді. Тіпті ол таудай не (одан да) үлкен болады», – деп айтқан (1014/64). Хадисте: адам дені сау кезде көбінесе сараң болатыны меңзелген. Сондықтан да осы уақытта берілген садақа ниет жағынан көбірек шынайы әрі сауабы да артық болады. Ал өлетінін біліп, дүние-мүлкі басқаларға өтетініне көзі жетіп отырған адамның осындай жағдайда берген садақасы сау кезде берген садақаға қарағанда кемшін түседі. Хадисте «сараңдық» сөзі өмір сүруге деген үміт пен кедейліктен қорқуды білдіреді. Фиқһ ғалымдары жан алқымға келгенде өсиет ету, садақа беру және мал-дүниені жаратуға қатысты басқа да шаралардың дұрыс болмайтынына бірауыздан келіскен. «Ол, расында да, пәленшенікі болады» деген сөзге қатысты бірнеше пікір бар. Мәселен: 1) Әл-Хаттаби «мұнда марқұмның мұрагері нұсқалған» деп түсіндірген. 2) Басқалар мұнда өсиет етілгеннің пайдасына шешілген тағдыр меңзелгенін айтқан. 3) Бәлкім, бұл мұндай жағдайда адам мал-мүлкін өзі игеруден, оған толық иелік етуден және оны қалауынша өз бетімен жаратудан сырт қалатынын, сондықтан да оның өсиеті дені сау, сараң кезде берілген садақадай үлкен сауапқа ие болмайтынын білдіруі мүмкін (ән-Нәуәуи). Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген тағы бір хадисте Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Қай садақа абзал?» – деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Мал-мүлкі аз адамның садақасы. Әйтсе де (садақа беруді) өз қарамағыңдағылардан баста», – деп жауап берген. Хадисті Ахмад пен Әбу Дәуд жеткізген. Ибн Хузайма, Ибн Хиббан және әл-Хаким оны «сахих» хадис санатына жатқызған. Яғни Аллаһ тағала адал табыстан садақаға берілген құрманы осылай өсіреді (Ибн Хажар). Бәлкім, мұнда осы амалдың Қиямет күні таразыда ауыр тартатыны не оның сауабының үлкен болатыны меңзелген болуы мүмкін. Ибн Жәрирдің риуаятында Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Бұл Аллаһтың кітабында нақтыланған: «Аллаһ өсімқорлықты жойып, садақаны өсіреді» (Бақара, 278)», – деп айтқан.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, адамдар, расында, Аллаһ – Жақсы, Ол жақсыдан басқаны қабылдамайды. Шын мәнінде, Аллаһ мүміндерге елшілерге бұйырғанын бұйырып: «Ей, елшілер, жақсы нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Расында Мен – сендердің істеп жатқан амалдарыңды жақсы Білушімін» , – деді. Сондай-ақ Ол: «Ей, иман келтіргендер! Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер» , – деді», – деп айтты. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) ұзақ сапарда жүрген, шашы қобыраған, үсті-басы шаңға батқан кісі жайлы айтты. (Ол кісі) қолдарын көкке созып: «Уа, Раббым! Уа, Раббым!»( – дейді). (Алайда) оның жеген тамағы харам, ішкен сусыны харам, киген киімі харам әрі ол хараммен азықтандырылған. Ендеше, оның (дұғасына) қайдан жауап қайтарылады?!» – деп айтқан (1015/65).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, мұсылман әйелдер! Көрші әйел көрші әйелге қойдың бақайын беруді де азсынбасын!» – дейтін (1030/90). «Муминун» сүресі, 51-аят. «Бақара» сүресі, 172-аят. Қазы Ғияд пен Абдур-Рахман әл-Мубаракфури «жақсы» (Тайиб) деген сөздің «кемшіліктен таза» деген мағынаны білдіретіндігін айтқан. Сондай-ақ Қазы Ғиядтың айтуынша, «тайиб» сөзі пендеге қатысты қолданылса, ол жаман қасиеттер мен сұмпайы қылықтардан таза екенін білдіреді. Егер бұл сөз мүлікке қатысты қолданылса, оның халал әрі жақсы екенін көрсетеді. Бұл хадис – Ислам қағидалары мен мұсылмандар құқығы негіздерін баяндап, түсіндіретін хадистердің бірі. Ол халал нәрселерді тұтынуға ынталандырып, харам нәрселерді тұтынуға тыйым салады. Сондай-ақ адамның жейтін тамағы, ішетін сусыны, киетін киімі және т.с.с. заттары халал, таза, күмән араласпаған болуы тиіс. Дұға жасағысы келген адам бәрінен бұрын осыған көңіл аударуы керек. Хадистегі ұзақ сапар жайлы ән-Нәуәуи «бұл құлшылық түрлерінің бірі – қажылық, біреуді мустахаб санатта зиярат ету, туыстық қарым-қатынасты сақтау т.с.с. жолдағы сапар» дейді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Әбу Дәуд жеткізген хадиске орай, жолаушының дұғасы қабыл болады. Онда: әкенің баласы үшін жасаған дұғасы, зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы және жолаушының дұғасы қабыл болатыны айтылған. Әт-Тирмизи бұл хадисті «хасан» санатына жатқызған. Алайда кісі тамағы, сусыны және киімі харам болса, жолаушы екеніне қарамастан дұғасы қабыл болмайды. Ал сырт көрініске келсек, кейбір ғалымдар адамның жағдайы қаншалықты қарапайым болса, бұл оның дұғасының қабыл болуына соншалықты жақын екенін айтқан. Мұнда адамның аз мөлшердегі садақаны не кішкентай сыйлықты беруді мардымсыз санауына қатысты тыйым бар. Бұл Аллаһ тағаланың: «Кімде-кім тозаң салмағындай жақсылық жасаса, оны көреді» (Зілзала, 7) деген сөзіне және Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Құрманың жартысымен болса да тозақтан сақтаныңдар!» деген сөзіне сәйкес келеді. Алайда, Қазы Ғиядтың айтуынша, берушілерді) әжуалайтындар» деген сөзі
Әбу Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бізге садақа беру бұйырылды. Біз (осы үшін ақысына) жүк таситынбыз . Сөйтіп, Әбу Ақил жарты сағ садақа берді. (Тағы) бір адам одан көбірек бір нәрсе әкелді. Сонда мұнафықтар: «Расында, Аллаһ мынаның (яғни әуелгі адамның) садақасына мұқтаж емес. Ал мына екіншісі рия үшін ғана істеді», – десті. Сол кезде: «Сол бір мүміндерден ерікті түрде садақа берушілерді және (қаражатты) бейнетпен табатындарды әжуалайтындар » (деген аят) түсті», – деп айтқан (1018/72).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерден кім бүгін таңертең ораза тұтты?» – деп (сұрады). Әбу Бәкір: «Мен», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендерден кім бүгін жаназа шеруіне қатысты?» – деп (сұрады). Әбу Бәкір: «Мен», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендерден кім бүгін міскінді тамақтандырды?» – деп (сұрады). Әбу Бәкір: «Мен», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендерден кім бүгін науқастың көңілін сұрап барды?» – деп (сұрады). Әбу Бәкір: «Мен», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір кісі бұл (амалдардың) бәрін бірдей орындаса, міндетті түрде жаннатқа кіреді», – деп айтты», – деген (1028/87).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһ жолында екі жұп нәрсені жұмсаса, жаннатта бәлкім, мұнда садақа не сыйлық алушының аз затты мардымсыз көруіне қатысты тыйым болуы да мүмкін. «Тәубе» сүресі, 79-аят. Яғни олар базарда ақысына жүк тасып, тапқан табыстарынан садақа беретін. Әл- Бұхари жеткізген риуаяттардың бірінде олар жүк тасып, бір мудд көлемінде астық тапқандары айтылған. Яғни мұнафықтар ерікті түрде көп нәрсені садақаға қиятын және садақа беру үшін қаражатты әзер табатын мұсылмандарды әжуалайтын (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Қазы Ғиядтың айтуынша, мұнда оның жаннатқа есепке тартылмай және жаман істері үшін жазаланбай кіретіні меңзелген. Өйткені иман келтірудің өзі-ақ Аллаһтың рақымымен жаннатқа кіруді қамтамасыз етеді. Яғни кез келген игі іске. Ғұламалар бұған қатысты түрлі пікір айтқан. Мәселен: 1) Бұл – екі түйе не екі жылқы немесе екі құл. 2) Бұл – дирһам мен динар. 3) Бұл – дирһам мен киім. 4) Сыңарымен бірге айтылатын кез келген зат жұп деп аталады (мәселен, аяқкиім т.с.с.). (оған): «Ей, Аллаһтың құлы, бұл игі1!» – деп үн қатады. Кімде-кім намаз оқушылардан болса, намаз қақпасынан шақырылады. Кімде-кім қайраткерлік танытатындардан болса, қайраткерлік қақпасынан шақырылады. Кім садақа берушілерден болса, садақа қақпасынан шақырылады. Кімде-кім ораза тұтушылардан болса, «Раййан» қақпасынан шақырылады », – деді. Әбу Бәкір әс-Сыддық: «Уа, Аллаһтың елшісі! Осы қақпалардан шақырылатын ешкім зәрулік көрмейді. Енді біреу осы қақпалардың бәрінен шақырылады ма?» – деп (сұрағанда), Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Иә, мен сенің солардың қатарында болуыңды үміт етемін », – деп айтқан (1027/85).
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары қатарындағы бір адамдар Пайғамбарға (с.а.с.): «Уа, Аллаһтың елшісі! Байлар (көп) сауап алады. Олар біз намаз оқығандай намаз оқиды, біз ораза тұтқандай ораза тұтады әрі олар мал-дүниелерінің 5) «Жұп» сөзі екі не бір ғана нәрсені білдіруі мүмкін. Ол Құранда бір топты көрсету үшін де қолданылған. Мәселен: «Сендер үш топқа бөлінесіңдер» (Уақиға, 7). 6) Бұл екілікті құрайтын кез келген игі амал болуы мүмкін. Мәселен, екі намаз, екі күн ораза тұту немесе бір-бірінің артынша берілген екі садақа. Аллаһ – жақсы Білуші. Яғни «Мұнда саған игілік, марапат және қуаныш бар» немесе «Біз саған осы қақпаларды қайырлы деп санаймыз. Өйткені онда зор марапат және игіліктер бар. Ендеше, олардан ішке кір!» Ғұламалардың айтуынша, ораза тұтқандарға арналған қақпа ораза кезіндегі шөлдеу себепті «Раййан» деп аталса керек. Өйткені «раййан» сөзі «суару» деген мағынадан шығады. Яғни олардың шөлдері қандырылып, сусындатылады. Ал намаз оқушыларға, садақа берушілерге т.б. жеке-жеке қақпалардың арналуына келсек, ғалымдар «бұл пенденің қайсы ғибадатының басым түсетініне байланысты» деген пікірде. Яғни аталмыш қақпалардың бәрінен шақырылатын адамдар да болады. Оларды намаздары, оразалары және басқа да игі амалдары көп болғаны себепті, мәртебесін асыру және құрметін арттыру үшін осылай шақырады. Бұл хадис Әбу Бәкір әс- Сыддықтың (Аллаһ оған разы болсын) қадір-қасиетін көрсетеді. Кез келген жақсылық садақа болып табылады. Сондықтан ешбір жақсылыққа салғырт қарамау және оған сараңдық танытпау қажет (ән-Нәуәуи). Бұлар кедей сахабалар еді. артығынан садақа береді», – деді . (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында Аллаһ сендер үшін садақа қылатын нәрсе жасады емес пе? Шындығында, әрбір тәсбих («субханаллаһ» деп айту) – садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) – садақа, әрбір тахмид («әл-хамду лилләһ» деп айту) – садақа, әрбір тәһлил («лә иләһә илләллаһ» деп айту) – садақа , жақсылыққа бұйыру – садақа, теріске шығарылғаннан қайтару – садақа , сондай-ақ біреуіңнің жыныстық қатынас жасауың да – садақа », – деді. Олар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біреуіміз шақуатын қанағаттандырса, ол үшін сауап болады ма?» – деп (таңғалғанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Қалай ойлайсыңдар, егер ол (шақуатын) харам (жолмен) қанағаттандырса, оған күнә болады Мұнда олар көп қайыр-садақа беруге жағдайлары келмейтіндігіне қынжылыс білдірген. Олар мұны көреалмаушылық, күншілдік себепті айтпаған. Бірақ олар Аллаһқа жақын болуды және игі амалдар істеуде бай мұсылмандардан қалыспай, олармен игі амалдар тұрғысында жарысқа түсуді қалаған. Аллаһ тағала: «Жарысушылар осыған жарыссын», – дейді (Мутаффифин, 26). Бұл хадисте «садақа» сөзі «ізгі амал не игі іс» ретінде қарастырылған. Қазы Ғиядтың айтуынша, аталмыш амалдар сауап тұрғысында садақа сияқты болуы мүмкін немесе олар, шын мәнінде, садақа болуы да ықтимал. Қайткенмен де, Аллаһты еске алу сөздерін айту зор сауапқа ие. Аллаһ тағала: «Әрине, Аллаһты зікір ету – зор амал», – деген (Анкабут, 45). Әйтсе де кімнің садақа беруге мүмкіндігі, дәулеті жетсе, зікір етуден гөрі садақа беруі жақсы. Өйткені садақаның өзгелерге пайдасы тиеді. Ал зікір тек сол зікірмен айналысушы адамға ғана пайдалы. Егер бай адам садақа мен зікірді қатар орындаса, онда оның Аллаһтың құзырында алар сыйы орасан зор. Осы хадистің Муслим жеткізген риуаяттарының бірінде кедей сахабалар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Біздің дәулетті бауырларымыз біз істеп жатқан (амалдар) жайлы естіп, олар да сондай (амалдарды) істей бастады», – дегенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл – Аллаһтың кеңшілігі, Ол оны қалағанына нәсіп етеді», – деп айтқан. Жақсылыққа бұйыру мен теріске шығарылғаннан қайтару парыз кифаяға жатады. Сондықтан да мұның сауабы нәпіл ғибадатқа жататын зікір сөздерінің (тәсбих, тәкбір т.с.с.) сауабынан көбірек (ән-Нәуәуи). Әл-Бұхари Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадис осыған дәлел ретінде жүреді. Онда: «Пендем Маған парыз етілген (амалдардан) артық, Мен үшін көбірек ұнамды нәрсемен жақындаған емес» делінген. Бұл олар арқылы садақа жасауды ниет еткен жағдайда, мубах амалдардың ғибадатқа айналатынына дәлел болып табылады. Жыныстық қатынас мына мақсаттарды ниет еткенде, ғибадатқа айналады: – ерлі-зайыптық міндетті орындауды; – Аллаһтың бұйрығына сәйкес, жұбайымен жақсы мәміле жасауды; – дүниеге ізгі перзент әкелуді; – өзінің және жұбайының арын сақтауды; – өзін және жұбайын харамға көз салудан не харам жайында ойлаудан сақтауды; – харамды қалаудан сақтануды немесе басқа да игі мақсаттарды ниет еткен жағдайда (ән-Нәуәуи). ма? Сол сияқты ол (шақуатын) халал (жолмен) қанағаттандырған жағдайда, ол үшін сауап болады», – деп айтқан (1006/53).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, Адам балаларынан әрбір адам үш жүз алпыс буында жаратылған. Кім осы үш жүз алпыс буынның санындай Аллаһты ұлықтаса, Аллаһты мадақтаса, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқтығына куәлік берсе, Аллаһтың пәк екенін айтса, Аллаһтан кешірім өтінсе, адамдардың жолынан тасты, тікенді не сүйекті алып тастаса және жақсылыққа бұйырып, теріске шығарылғаннан қайтарса, расында, ол сол күні жүре отырып, өзін тозақтан алыстатады», – деген. Әбу Тәуба2: «Бәлкім, ол («жүре отырып» деген сөздің орнына): «кешті қарсы ала отырып», – деді», – деп айтқан (1007/54). болатыны жайлы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Бір кісі: «Бүгін түнде мен міндетті түрде садақа беремін» деп садақасын алып шығып, оны (білмей) жезөкшенің қолына ұстатады. Таңертең (адамдар): «Түнде жезөкшеге садақа беріліпті» деп әңгіме қылады. Ол: «Уа, Аллаһ! Мадақ Саған тән! (Мен садақаны) жезөкшеге (беріппін). (Тағы да) міндетті түрде садақа беремін» деп садақасын алып шығып, оны бай кісінің қолына ұстатады. Таңертең (адамдар): «Бай адамға садақа беріліпті» деп әңгіме етеді . Ол: «Уа, Аллаһ! Мадақ Саған тән! Басқа бір хадистерде: «...жолдан зиянды затты алып тастауың, кереңге (айтылған сөзді) естіртуің, соқырға дұрыс бағыт сілтеуің, нұсқау сұрағанға қажетін нұсқауың, көмек сұраған қайғылы адамға өз аяқтарыңмен баруың және әлсізді өз қолдарыңмен сүйеуің, осының бәрі – сенен өзің үшін садақа» (Ибн Хиббан); «Адамдарға жамандық істеуді тоқтат, расында, бұл садақа болады. Ол арқылы өз-өзіңе садақа жасайсың» (әл-Бұхари, Муслим); «Бауырыңды жайдары жүзбен қарсы алуың және бауырыңның шелегіне өз шелегіңнен су құйып беруің – садақа» деп айтылған (әт-Тирмизи). Әбу Тәуба – хадис жеткізуші, Муслимнің ұстазы. Яғни оның бір күнде жасаған Аллаһты мадақтау, ұлықтау секілді жақсылықтары үш жүз алпысқа жетсе, өзін тозақтан алшақтатқан болады. Сондай-ақ осы кітаптағы 367-хадисті қараңыз. Әл-Бұхари бұл хадисті жасырын садақа беру жайлы тарауда келтірген. Мұны Муслимнің риуаятындағы: «Бүгін түнде мен міндетті түрде садақа беремін» деген сөз көрсетеді. Бәлкім, осы себептен садақа байқамастан бай адамға берілген болса керек (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ахмадтың риуаятында бұл кісінің исраилдік болғандығы айтылған. (Мен садақаны) бай адамға (беріппін). Мен (тағы да) міндетті түрде садақа беремін» деп садақасын алып шығады да, оны ұрының қолына ұстатады. Таңертең (адамдар тағы да): «Ұрыға садақа беріліпті» деп әңгіме етеді. Сонда ол: «Уа, Аллаһ! Мадақ Саған тән! (Мен садақаны) жезөкшеге, бай адамға және ұрыға (беріппін)», – дейді. Сонда оған (біреу) келіп: «Сенің садақаң қабыл болды. Жезөкшеге келсек, мүмкін, ол осы себепті зинадан тыйылар, бай адам ғибрат алып, Аллаһтың өзіне нәсіп еткенінен (Аллаһ жолына) жұмсар, ал ұры осы себепті ұрлық істеуден тыйылар», – деп айтылды», – деген (1022/78).