Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 551–600 (Зекет Кітабы)
← Хадисы 501–550ОглавлениеХадисы 601–650 →
Глава 6. Зекет Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 551
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сараң мен садақа берушінің мысалы – темір сауыт киген екі кісі тәрізді. Қашан садақа беруші садақа беруді қаласа, үстіндегі кеңейіп, оның (басқан) ізін өшіре бастайды . Ал қашан сараң садақа бергісі келсе, үстіндегі (темір сауыт) тарылып, қолдары алқым сүйектеріне қабысып, (сауыттың) әрбір теңгесі жанындағы (теңгеге) жабысып қалады», – деді»; (Әбу Һурайра): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ол оны кеңейтуге тырысады, (бірақ оған) шамасы келмейді», – деп айтқанын естідім», – деген (1021/77).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 552
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Пенделер таң атыратын әрбір күні міндетті түрде екі періште түсіп, біреуі: «Уа, Аллаһ! Қаражат жұмсаушыға қарымта бер!»; Екіншісі: «Уа, Аллаһ! Сараңға опат бер!» – дейді», – деп айтты», – деген (1010/57). Әт-Табарани «Муснәд әш-шамийин», Әбу Нуғайм «Мустахраж» кітабында ұсынған риуаятта: «Ол бұған өкінді, (сонда) оған түсінде (біреу) келді» деп айтылған. Бұл хадис садақа берушінің ниеті түзу болып, бірақ садақа тиісті орынға берілмесе, оның қабыл болатынын көрсетеді. Бұл садақасының қабыл болғанын түсінде естіген нақты бір адам жайлы болғанмен, барлық садақа берушілерге қатысты (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Яғни ол ұзарып, оның басқан іздерін өшіреді. Мұнда бейнелі мағынада садақа себепті мал-дүниенің артуы көрсетілген. Өзгелер мұнда оның күнәларының өшірілетіндігінің меңзелгендігін айтады. Басқа риуаяттарда бұл сауыт әуелде денені көкірек тұсынан алқым сүйектеріне дейін жауып тұратыны айтылған. Кейбір ғалымдардың айтуынша, садақа берудің арқасында адамның үстіндегісі ұзарып, осы дүниеде және Ақыретте оның абұйырын жабады. Ал сараңның киімі кеуде тұсында ғана қалып, оның қалған денесі ашылып, масқара күйде болады. Ғалымдар аталмыш қаражат жұмсауды «бойсұну амалдарына, мақтаулы мінез- құлық қасиеттеріне, бала-шағасына, қонақтарына және садақалар беруге т.с.с.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 553
Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Расында өзіне бұйырылғанды орындап (бәлкім, ол: «беріп», – деп айтқан), оны кемел түрде, толық, көңілі қош күйде 2 беріп, өзіне бұйырылған (адамға) тапсыратын сенімді мұсылман сақтаушы – екі садақа берушінің бірі», – деген (1023/79).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 554
Әсмә бинт Әбу Бәкірден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол (бірде) Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Менде Зубәйр өзіме әкелетіннен басқа еш нәрсе жоқ. Енді (сол) өзіме (Зубәйр) әкелгеннен садақа берсем, маған күнә болмай ма?» – деп (сұраған). Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Шамаң келгенше садақа бер және тықпаштама, (әйтпесе) Аллаһ мұны сенің зияныңа айналдырады », – деп айтқан (1029/89). айыпталмайтын және ысырапқа жатпайтын қаражат жұмсау» деп түсіндірген. Ал айыпталған сараңдық осы аталғандарға қаражат жұмсауға қатысты сараңдық болып табылады (ән-Нәуәуи). Әл-Қуртуби «қаражат» атауының міндетті және мустахаб қаражат жұмсауды қамтитынын айтқан. Ал «сараңдық» деп мұнда міндетті орынға қаражат жұмсауға сараңдық ету көзделген. Ибн Хажардың айтуынша, қаражат жұмсаушыға қарымта берілуі осы дүниеге және Ақыретке қатысты болып, ал сараңның опат етілуінде оның мал-дүниесінен айырылуы не оның өзінің опат етілуі туралы айтылуы мүмкін. Бәлкім, оның басқа іс-әрекеттермен шұғылдануы себепті игіліктен айырылуы сипатталуы да ықтимал (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Садақа беру т.с.с. (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Яғни шын көңілімен, сараңдық танытпай (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Яғни садақа берген адамдай сауап алады. Алайда ол бұл үшін хадисте айтылған сипаттарға ие болуы керек. Мұхаммед Азим Әбәди «Сунән Әбу Дәудке» жазған түсіндірмесінде: «Егер ол мұсылман болмаса, онда бұл амалы арқылы Аллаһқа жақындау ниеті де болмайды, ендеше, оған мұндай жағдайда сауап та берілмейтінін айтқан. Егер ол сенімді болмаса, қиянат жасау күнәсін арқалайды, мұндай жағдайда оған қандай сауап жазылуы мүмкін?! Ал егер ол өзіне бұйырылған садақаны көңілі қош күйде бермесе, бұл онда игі ниеттің болмағанын білдіреді, сондықтан да оған сауап берілмейді», – деген. Осыған ұқсас пікірді Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында да айтқан. «Екі садақа берушінің бірі» туралы әл-Қуртуби былай дейді: Мұндағы садақа берушінің бірі – мүлікті сақтаушы, ал екіншісі – оның иесі. Алайда хадисте бәлкім, көпше түрде «садақа берушілердің бірі» меңзелген болуы мүмкін. Мұндағы мағына «ол – садақа берушілердің бірі» дегенді білдіреді (қ.: «Аун әл- Маъбуд»). Яғни Зубәйр рұқсат еткен шамада немесе мал-дүниең мүмкіндік беретіндей мөлшерде. Демек, ризық-несібеңнен қырқады немесе сені Өз рақымынан қағады. Басқа бір риуаятта «есептеме» деп айтылған. Яғни қаражат жұмсауды тоқтатып қоюыңа себеп болмауы үшін берген садақаңды үлкен санама.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 555
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер әйел өз үйінің тамағынан залалсыз қаражат жұмсаса, оған қаражат жұмсағаны үшін сауап, күйеуіне тапқаны үшін сауап және сақтаушыға да дәл сондай (сауап) бұйырады. (Әрі) олардың бірінің сауабы басқаларының сауабынан ештеңені кемітпейді», – деді», – деп айтқан (1024/80).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 556
Әбу Лахмның азат еткен құлы Ғұмайрдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) қожайыным маған ет осуды бұйырды. (Сол аралықта) маған бір міскін келіп, мен оны осы (еттен) тамақтандырдым. Мұны білген қожайыным мені ұрды. Сонда мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, болған жайды баяндадым. Ол (қожайынымды) шақырып: «Оны не үшін ұрдың?» – деп (сұрады). (Қожайыным): «Ол тамағымды менің бұйрығымсыз берді», – деді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сауап – екеуіңнің араларыңда», – деп айтты», – деген (1025/83).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 557
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әйел күйеуі қасында болған кезде оның рұқсатынсыз (нәпіл) ораза тұтпасын. Күйеуі қасында болған кезде үйіне оның рұқсатынсыз Өзге бір риуаятта «күйеуінің тамағынан» делінген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда үй иесінің балаларына, қызметкерлеріне, қонақтарына, жолаушыларға, үй иесінің игі мүдделері үшін қаражат жұмсау, сондай-ақ күйеуі нұсқау бергенге немесе әдеттегі шығындарға қаражат жұмсау туралы айтылған. Яғни ысырапсыз. Бұған қатысты мынадай пікірлер айтылған: 1) Әйелі күйеуінің үйіндегі мүлікті бүлдіруді көздемеген және әдеттегіден артық қаражат жұмсамаған жағдайда (әс-Синди, «Шарх Сунән Ибн Мәжәһ»). 2) Әйелге күйеуі садақа беруге анық не жанама түрде рұқсат еткен жағдайда (ән- Нәуәуи, «Шарх Муслим»; Мұхаммед Азим Әбәди, «Шарх Сунән Әбу Дәуд»). Демек, әйелге күйеуінің рұқсатынсыз садақа беруге болмайды. Бұлай еткен жағдайда, әт-Тайалуси және басқалар Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадиске орай, оған сауап орнына күнә жүктеледі. Ән-Нәуәуи де осы пікірді ұстанған. Мухиус-Сунна әйел не қызметкерге қожайынның мүлкінен оның рұқсатынсыз қаражат жұмсауға тыйым салынатыны жөнінде ғұламалардың бірауызды пікірін нақыл еткен (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Бәлкім, Ғұмайр қожайыны туралы «мұнымен келіседі» деп ойласа керек. Сондықтан да ол құлшылық ниетімен осылай жасаған еді. Бұл үшін оған сауап бұйырады. Ал оның қожайынына мүлкі жұмсалғаны үшін сауап беріледі. Алайда олар сауапты бөліспейді, керісінше, әрқайсысына жеке сауап беріледі. Яғни құл орындағаны шамасында, ал қожайын жұмсалған мүлкі шамасында сауап алады. (біреудің кіруіне) рұқсат етпесін . (Әйел күйеуінің) бұйрығынсыз оның табысынан қаражат жұмсаса, ол сауаптың жартысы (күйеуіне) бұйырады», – деді», – деп айтқан (1026/84).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 558
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) ансарлар қатарындағы бір адамдар Аллаһ елшісінен (с.а.с.) (мал-дүние) сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.)) оларға берді. Сосын олар (тағы) сұрады. (Пайғамбар (с.а.с.) тағы да) берді. Сөйтіп, қолындағы (мал-дүние) таусылған кезде (Пайғамбар (с.а.с.)): «Менде игіліктен не болса да, оны ешқашан сендерден (жасырып) сақтап қоймаймын. Кімде-кім арлылық танытса, Аллаһ оған арлылық дарытады. Кімде-кім (басқаларға) мұқтаж болмауға тырысса, Аллаһ оны мұқтажсыз етеді. Кімде-кім сабырлылық танытса, Аллаһ оған сабыр береді . Ешкімге сабырдан артық игі әрі мол тарту берілген емес», – деді (1053/124). Садақа сияқты әйел күйеуінің рұқсат беретінін алдын ала білген болса, үйіне біреуді кіргізуіне рұқсат етіледі (ән-Нәуәуи). Әбу Дәудтің риуаятында: «(Әйелге) сауаптың жартысы бұйырады» делінген. Ибн Хажар осы хадиске жазған түсіндірмесінде былай дейді: Бұл үшін әйел нақты емес, жанама рұқсатқа ие болған болуы мүмкін. Бәлкім, ол күйеуінің өзіне арнайы ажыратқан мүлкінен қаражат жұмсаған болуы да ықтимал. Өйткені жоғарыдағы, 556-хадистің түсіндірмесінде әйелге күйеуінің рұқсатынсыз оның мүлкінен қаражат жұмсауына рұқсат етілмейтіні айтылған болатын. Аталмыш жағдайда олардың әрқайсысына сауаптың жартысы берілетіні жайлы мәселеге келсек, Ибн Хажар мұнда толық бір сауапты күйеуі мен әйелі жарты-жартыдан бөлісетіні меңзелген болуы мүмкіндігін айтқан. Әл-Қуртубидің айтуынша, кімде-кім адамдардан сұрауға арланса, Аллаһ оның дидарын (қорлықтан) сақтап, оны мұқтаждықтан арылтады. Кім Аллаһтың жәрдемімен басқаларға мұқтаж болмауға тырысса, Аллаһ оны алақан жаюдан құтқарып, оның жүрегіне байлық дарытады. Ал (нағыз) байлық – жан байлығы. Кімде-кім сабырлылық танытса, яғни адамдардан сұрамаса және өзіне Аллаһтың ризық-несібесі келгенше сабыр етсе, Аллаһ оны қолдап-қуаттайды, онымен бірге болады және оған мұқтаждықтарында жәрдемдеседі. Ибн Тин: «Аллаһ оны мұқтажсыз етеді» деген сөз – Аллаһ оған адамдарға алақан жаюдан құтқаратын мал- дүние береді немесе оған қанағат дарытады деген мағынаны білдіреді», – деген. Әт- Тыйбидың айтуынша, «Кімде-кім арлылық танытса» деген сөз жұртқа өзін мұқтаж емес етіп көрсетпесе де, олардан сұрауға арланатын адамды білдіреді. Егер оған бір нәрсе берілсе, оны алады. (Басқалардан) сұрамағаны үшін Аллаһ оның жүрегін байлыққа толтырады. Кім одан да әріге бойлап, өзін жұртқа мұқтаж емес етіп көрсетсе және сабырлылық танытса, оған бір нәрсе берілгенде, оны алмаса, бұл ең жоғары дәреже болып табылады (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Бұл хадистен мынадай тұжырымдар шығаруға болады: – арлылық танытуға және азға қанағат етуге, сондай-ақ тіршілік қиындықтарына сабыр етуге ынталандыру (ән-Нәуәуи);
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 559
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Исламды қабылдап , жеткілікті ризық 2 берілген және Аллаһ оны Өзі бергенге қанағаттандырған (адам) бек құтылыпты», – деп айтқан (1054/125).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 560
Муғауиядан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сұрағанда алқымдамаңдар. Аллаһпен ант етейін, сендердің ешқайсың, сұрауы менен өзім қаламаған халде бір нәрсе шығаратындай, (алқымдап) әлдене сұрамасын. Сонда ол үшін менің бергеніме береке даритын болады», – деді», – деп айтқан (1038/99).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 561
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбірің (адамдардан) сұрауын қоймаса, ақырында Аллаһқа, бетінде бір кесек те ет болмаған халде жолығады», – деп айтқан (1040/103). – қажет болғанда басқалардан сұрауға рұқсат етілетіні, әйтсе де бұған арлылық танытып, Аллаһтың ризығы келгенше сабыр етудің абзалдығы (Ибн Хажар); – Аллаһқа тәуекел етуге ынталандыру (Ибн Хажар). Абдур-Рахман әл-Мубаракфури «Тухфат әл-ахуази» кітабында бұл сөздің «Раббысына бойсұнып» деген мағынаны білдіретіндігін айтқан. Ән-Нәуәуи: «жеткілікті ризық» тіркесі ортаңқол дәрежедегі жеткілікті жағдайды білдіреді. Әрі бұл хадис мұндай жеткіліктілік кедейлік пен байлыққа қарағанда абзал деп айтатындардың пайдасына дәлел болып табылады», – деген. Әд-Даримидің «Сунәнінде» осыған ұқсас мәтін келген. Ән-Нәсәидің риуаятында: «Сұрағанда тықақтамаңдар. Сендерден ешкім, мені осыған мәжбүр ететіндей, әлдене сұрамасын. Сонда ол үшін менің бергеніме береке даритын болады»; «Муснәд әш-шамийин» кітабындағы Ахмадтың риуаятында: «Сұрағанда тықақтамаңдар. Аллаһпен ант етейін, қайсыбірің менен әлдене сұрамаған жағдайда, оған қажет еткені берілсе, сонда ол үшін осыған береке даритын болады» деп айтылған. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында ұсынған пікірге сүйенсек, қажет болғанда, мына үш шартты сақтай отырып, яғни өз-өзін төмендетпей, тым алқымдамай және сұралған адамның ашуына тимей сұрауға рұқсат етіледі. Кейбір ғалымдар мұнда осындай адамның Қиямет күні Аллаһтың алдында тұрғанда қорлыққа ұшырайтыны меңзелгендігін айтқан. Өзгелердің айтуынша, бұл хадисті сыртқы мағынасында түсіну қажет. Ендеше, ол қайта тірілгенде, жаза ретінде бет сүйегі ғана қалпына келтіріліп, жүзінде ет болмайды. Бұл оның сұрағаны және бетінің суын бес төгіп, тіленшілік жасағаны күнәсінің белгісі болады. Алайда басқа бір хадистерде мұндай халдің мұқтаждықсыз не қажеттіден артық сұрауға тиісті екендігі нұсқалған. Ғұламалар мұқтаждықсыз сұрауға тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 562
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Біреуіңнің таңертең ерте шығып, арқасына отын жинауы, осы арқылы садақа беріп, адамдарға мұқтаж болмауы, ол үшін мейлі берсін, мейлі бермесін бір кісіден сұрағанынан қайырлы. Расында жоғарыдағы қол төмендегі қолдан абзал. (Қамтамасыз етуді) өз қамқорлығыңдағылардан баста», – деп айтқанын естідім», – деген (1042/106).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 563
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) мінбер үстінде садақа сұраудан арлану жайлы айтып тұрып: «Жоғарыдағы қол төмендегі қолдан жақсы. Жоғарыдағы қол – нәпақа беруші, ал төмендегі (қол) – сұраушы», – деген (1033/94).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 564
Хаким ибн Хизамнан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісінен (с.а.с.) (мал-дүние) сұрадым. Ол маған берді. Сосын одан (тағы) сұрадым. Ол маған (тағы да) берді. Сосын одан (тағы) сұрадым. Ол маған (тағы да) берді. Содан кейін ол: «Расында, бұл мал-дүние жасыл әрі шырын . Кім оны көңілі қош күйде алса , ол үшін оған береке дариды. Ал кім оны нәпсі жетегімен алса, ол үшін онда береке болмай, ол жесе де, тоймайтын (мешкей) сияқты болады . Жоғарыдағы қол төмендегі қолдан жақсы», – деп айтты», – деген (1035/96). салынатыны жөнінде бірауызды келісімге келген. Еңбекке жарамды адамның тіленшілік қылуына келсек, дұрысына көбірек жақын пікір бойынша, егер ол өзі үшін сұраса, бұған тыйым салынады (ән-Нәуәуи). Ал басқалар үшін сұраса, әртүрлі жағдайларға байланысты қарастырылады (Ибн Хажар). Мұндағы «жоғарғы қол» – нәпақа беруші қол, «төменгі қол» – сұраушы қол (келесі хадисті қараңыз). Хадисте адал кәсіппен айналысуға және еңбекпен табылған қаражаттан садақа беруге ынталандырылған (ән-Нәуәуи). Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) мал-дүниені жас әрі шырын жеміске теңеген. Бұл жан дүниенің мал-мүлікке деген құмарлығын көрсетеді. Сондай-ақ мұнда байлық қурап қалатын жасыл жеміс сияқты өткінші екеніне сілтеме бар (ән-Нәуәуи). Бұған қатысты екі түрлі пікір айтылған: 1) «Ол мұны сұрамай және оған құмартпай алса» деген мағынада. 2) «Ол мұны көңілі қош күйде беретін адамнан алады» дегенді білдіреді. Яғни алушы адам біреуден сұрамайды және оны мезі етпейді, беруші адам оған тартуын шын көңілімен ұсынады. Бұған қатысты да екі пікір айтылған: 1) Науқасы себепті тойынбайтын ауру адам тәрізді болады. 2) Мұнда жайылымдағы малға теңеу айтылған болуы ықтимал. сұрамайтын жан
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 565
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамдарды осылай айналып жүріп, бір-екі асам (тамақ) не бір-екі құрма қайтаратын (адам) міскін емес», – деді. (Адамдар): «Сонда міскіннің (сипаты) не, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол: «Мұқтаждығын жабатын байлық таппайтын, (жұрт) оған садақа беретіндей (кедейлігі) білінбейтін және адамдардан еш нәрсе сұрамайтын (адам)», – деп айтқан (1039/101).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 566
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Байлық – дүниенің көптігінен емес, алайда (нағыз) байлық – жан байлығы», – деп айтты», – деген (1051/120).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 567
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адам баласы қартаяды, (бірақ) оның бойындағы екі (сезім) жасара түседі: дүниеге құмарту және өмір сүруге құштарлық», – деп айтты», – деген (1047/115). Бұл садақа беруге лайықты және оған мұқтаж нағыз міскін мұқтаждығын жабатын мал-дүние таба алмайтын, жұрт садақа беретіндей кедейлігі аңғарылмайтын және өзі де адамдардан еш нәрсе сұрамайтын адам екенін білдіреді. Алайда бұл адамдардан қайыр сұрап жүретіндердің кедейлігін теріске шығармайды (ән-Нәуәуи). Яғни ең мақтаулы байлық – жан байлығы, жан қанағаты және оның дүниеге аз құмартуы. Мал-дүние мен оның артуына деген құмарлық – байлық емес. Өйткені байлықтың артуын құмартқан адамды мал-дүниесі мұқтаждықтан құтқармайды. Әл- Қуртуби мұнда пайдалырақ, үлкенірек және мақтаулырақ байлықтың меңзелгенін, Ибн Баттал шынайы байлықтың меңзелгенін айтқан. Ибн Хиббан, Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Нағыз байлық – жүрек байлығы. Ал нағыз кедейлік – жүрек кедейлігі» деп айтылған. Мухаддистер мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Ибн Хажар: «Жан байлығы Аллаһтың тағдырына разы болудан, Оның қалауына бойсұнудан және Аллаһтың құзырындағы нәрселер жақсы әрі тұрақты екенін білуден, сонымен қатар жан байлығы барлық істе Раббыға мұқтаж болудан, Ол – Ұсынушы және тыйым Салушы екенін мойындаудан, Оның игіліктеріне шүкіршілік білдіруден және Оның тағдырына разы болудан туындайды», – деген. Бұған қатысты екі пікір айтылған: 1) «қарттың жүрегі екі нәрсені жақсы көруде жас күйінде қалады» деген мағынада (ән-Нәуәуи); 2) екі сезім арта түсіп, күшейе береді: ұзақ өмір сүруге және байлықты жинап, сақтауға құмартуға (Абдур-Рахман әл-Мубаракфури, «Тухфат әл-ахуази»). міндетті түрде үшінші ойпатты қалар еді
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 568
Әбул-Әсуадтан . Ол: «(Бірде) Әбу Мұса әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын) Басра халқының қариларына (хабар) жолдады. Сонда оған Құранды оқыған үш жүз кісі кірді. (Әбу Мұса оларға): «Сендер – Басра халқының таңдаулысы және қариларысыңдар. (Құранды) оқыңдар, (бірақ) көп уақыт өтпей-ақ сендерден бұрынғылардың жүрегі қатып қалғаны сияқты, жүректерің қатып қалмасын. Расында, біз өзіміз ұзақтығы және қиындығы тұрғысында «Бара’а» (сүресіне) ұқсататын бір сүрені оқитын едік. Мен оны ұмытып қалыппын. Одан тек: «Егер де Адам баласында екі ойпат мал-дүние болса, ол міндетті түрде үшінші ойпатты қалар еді. Адам баласының қарнын топырақ қана толтырады » (деген сөзді) есімде сақтап қалыппын. Сондай-ақ біз өзіміз тәсбихпен (басталатын сүрелердің) біріне ұқсататын бір сүрені оқитынбыз. Оны да ұмытып қалыппын. Одан тек: «Ей, иман келтіргендер, өздерің істемейтінді неге айтасыңдар? Онда мойындарыңа куәлік жазылып, Қиямет күні ол жайында сұраласыңдар» (деген сөзді) есімде сақтап қалыппын », – деп айтты», – деген (1050/119).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 569
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) орнынан тұрып, адамдарға құтпа жасап: «Жоқ! Аллаһпен ант етейін, ей, адамдар! Мен сендер үшін Аллаһ өздеріңе бұл дүниенің зейнетінен шығаратын нәрселерден ғана қорқамын», – деді . Бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Игілік өзімен бірге жамандық әкеле ме?» – Әбул-Әсуад – мухадрам, табиғин, Пайғамбардың (с.а.с.) кезінде өмір сүріп, онымен кездеспеген хадис жеткізуші, Басраның қазысы. Яғни Құранды жатқа білетін. Яғни «Тәубе» сүресі. «Адам баласын қабір топырағы тоқтатпайынша, оның осы дүниеге құмарлығы басылмайды» деген мағынада. Мұнда дүниеге құмартуға және байлықтың артуын жақсы көру мен осыған қызығуға қатысты айыптау бар және бұл адамдардың көпшілігінің осындай болатынын көрсетеді. Әбу Мұса (Аллаһ оған разы болсын) ұмытып қалған сүрелер мансұқ болған сүрелер еді. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында Адам баласының тойымсыздығын баяндаған сүренің мәтіні «Тәкәсур» сүресімен мансұқ етілгеніне сілтеме жасайтын хадистер келтірген. Әйтсе де бұл мансұқ етілген сүренің мәні өз күшінде қалған. Ал «тәсбихпен (басталатын сүрелер)» дегенде – «саббаха...» сөзімен басталатын немесе тәсбих сөзімен түбірлес басқа да сөздермен басталатын сүрелер туралы айтылған. Мұнда бұл дүниеге азғырылудан, оған қатысты мақтангершілікке ұрынудан және оған шектен тыс көңіл бөлуден сақтандыру келген (ән-Нәуәуи). деп (сұрады). Аллаһ елшісі (с.а.с.) біраз уақыт үнсіз қалды да, сосын: «Сен қалай дедің?» – деп (сұрады) . Ол: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Игілік өзімен бірге жамандық әкеледі ме?» – деп (сұрадым)», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Расында, игілік игілікті ғана әкеледі. Ал бұл игілік пе3? Расында, жылғалар өсіретін (шалғынның) бәрі көкті бүйірлері толғанша жеген (малды) ғана өлтіреді не күпті қылады. Содан кейін ол күнге қыздырынып, қиын тастап не зәрін төгіп, сосын күйсеп, қайтадан жейді. Кім мал-дүниені ақысына сәйкес алса, ол үшін бұған береке даритын болады. Ал кімде-кім мал-дүниені ақысынан тыс алса, оның мысалы (қанша) жесе де тоймайтын (мешкейге) ұқсайды», – деп айтты», – деген (1052/121).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 570
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Омар ибн әл-Хаттабқа тарту ұсынғанда, Омар оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мұны менен гөрі мұқтаж (біреуге) бер», – дейтін . Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Мұны ал да, өзіңде қалдыр не садақаға бер . Өзге бір риуаяттарда Пайғамбарымыз (с.а.с.) үнсіз қалған уақытта уахи түскені айтылған. Сахабалар сол сәтте «Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны (парасаттылығы үшін) мақтаған сыңай танытты» деп ойлаған. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл дүниенің зейнеті шынайы игілік емес екендігін айтқан. Өйткені мұнда бүлік, бақталастық және Ақырет өмірінің шынайы табысының орнына осылармен әуре болудың салдары бар. Ол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) біз қарастырып отырған хадистегі мысалды келтірген (ән- Нәуәуи). Бұл сөз бейнелі мағынада айтылған. Өйткені оларды, шын мәнінде, Аллаһ өсіріп шығарады (Ибн Хажар). Ән-Нәуәуидің айтуынша, кімде-кім бұл байлықтан көп иемденіп, оны жұмсамай сақтап қойса, сол құрдымға кетеді не құрдымға кетуге жетеғабыл болады. Ал кімде- кім байлықтан қажеттіні ғана алса, шүйгін шөпті жеген жануар сияқты болады. Өйткені шүйгін шөп шамадан тыс жеудің салдарынан мал өлетін зиянды шөпке жатпайды. Егер ол байлықтан көп алса, оны таратып, қиын төгіп, артық азықтан құтылатын жануар сияқты болады. Осы хадистің басқа бір риуаятында: «Расында, байлық көк (сияқты) әрі дәмі де жағымды. Оған ие болғанда, оның бір бөлігін міскіндерге, жетімдерге және жолда қалғандарға жұмсайтын мұсылман керемет іс жасайды» делінген. Келесі бір риуаятта: «Бірде ол маған бір нәрсе сыйлағанда, мен: «Мұны менен гөрі мұқтаж (біреуге) сыйла», – дедім» деп айтылған. Әт-Табаридың нұсқауынша, мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Омарға (Аллаһ оған разы болсын) еңбегі үшін ақы ұсынған. Ибн Батталдың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Омарға абзалдығы басым жолды, яғни сыйлықты алып, оны өзінде қалдыруды не садақаға таратуды нұсқаған. Осы арқылы адам сауапқа қол жеткізеді. Өйткені нәпсінің сараңдығы себепті қолда тұрған дүниені садақаға беру адамға қиынырақ тиеді. Өзің ұмтылмай және сұрамай, бұл мал-дүниеден өзіңе келгенді ал. Олай болмаса, нәпсіңді оған жетелеме», – деген. Сәлим1: «Сол үшін Омар ешкімнен ешнәрсе сұрамайтын және өзіне ұсынылған затты кері қайтармайтын», – деп айтқан (1045/111).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 571
Қабиса ибн Мухариқ әл-Һиләлиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен (біреудің) қарызын көтеріп , Аллаһ елшісіне (с.а.с.) осыған Сәлим – Абдуллаһ ибн Омардың баласы, табиғин, хадис жеткізуші. Бұл хадисте Омардың (Аллаһ оған разы болсын) қадір-қасиетіне, атап айтқанда, оның тәркідүниелігіне сілтеме бар. Хадистің тағы бір риуаятында көрсетілгендей, мұнда әңгіме еңбекақы жайлы болғанның өзінде, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзі жалпы мағынада, яғни ол адамға ұсынылған барлық дүние-мүлік түрлеріне қатысты айтылған. Мұндай жағдайда сыйлықты қабылдау міндетті ме, әлде мустахаб па деген мәселеде үш пікір бар: 1) барлық адамның ұсынғанын қабылдаудың міндеттілігі; 2) билік басындағы адамның ұсынғанын ғана қабылдаудың мустахабтығы; 3) билік басындағылардан басқалардың ұсынғанын қабылдаудың мустахабтығы. Ән- Нәуәуидің айтуынша, бұл – ең дұрыс пікір әрі ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі. Билік басындағы адамнан сыйлық алуға қатысты да үш түрлі пікір айтылған: бұған тыйым салынатыны, рұқсат етілетіні және мәкруһтігі. Ән-Нәуәуидің пікірінше, билеушінің қолында харам дүние-мүлік болса, оның сыйлығын алуға болмайды. Бұлай болмаған жағдайда, оны қабылдаудың оқасы жоқ. Сол сияқты мұндай сыйлық жасауға құқығы жоқ адамның тартуын да қабылдауға болмайды. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында мұнда залым билеуші меңзелгендігін айтқан. Ондай билеушіден сыйлық алуға болмайды (немесе бұл мәкруһ) деп есептегендер, бұрынғы буын өкілдерінен танылған тақуалық ұғымына сүйенген. Егер адам өзіне ұсынылған тартудың халал екеніне анық көзі жетсе, оның мұны алуына рұқсат етіледі. Егер ол сыйлықтың харам екенін анық білсе, мұны қабылдауына болмайды. Күмәнді болған жағдайда, одан тақуалар бас тартады. Ал бұған рұқсат етіледі деп есептейтіндер харам екені дәлелденбейінше, барлық заттарға рұқсат етілетіні жайлы қағидаға сүйенген. Оның үстіне, билік басындағы адамның сыйлығын кері қайтару әдепке жатпайды. Ибн Мунзирдің пікірінше, кез келген сыйлықты қабылдауға рұқсат етіледі деп есептейтіндер төмендегі дәйекке сүйенген. Аллаһ тағала Құранда яһудилер жайлы: «өтірікті тыңдаушылар және тыйым салынғанды жейтіндер», – деп айтқан (Мәида, 42). Осыны біле тұра, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір яһудиге сауытын кепілге қойып, одан азық-түлік алған. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с.) яһудилердің дүние- мүлкінің басым бөлігі масайтатын заттар мен шошқа етін сатудан және күнәлі тәсілдер арқылы табылатынын біле тұра, олардан жизия алған (сондай-ақ «Мәида» сүресінің 8-аятында да кітап түскен халықтардың тамағынан мұсылмандарға рұқсат етілетіні айтылған). Біз қарастырып отырған хадис мал-дүниеге көбірек мұқтаж басқа адамдар болса да, биліктегі тұлғаның өзі қажет деп санаған адамға тарту жасау құқығына ие екендігін көрсетеді. Мұнда жауласушы тайпаларды татуластыру үшін және т.с.с. шығындар үшін қарызға мал-дүние алу туралы айтылған. Мұндай адамға зекет мүлкінен мал-дүние қатысты (көмек) сұрай келдім. Ол (с.а.с.): «Бізге садақа келгенше тұра тұр, сонда саған одан (беруді) бұйырамыз», – деді. Содан кейін ол: «Ей, Қабиса! Үш кісінің біреуінен басқаға сұрауға рұқсат етілмейді: 1) (біреудің) қарызын көтерген (кісіге); Оған (өтемін) алғанша сұрауға рұқсат етіледі. Содан кейін ол (сұраудан) тыйылуы (тиіс); 2) мал-дүниесін жалмаған жұтқа ұшыраған кісіге; Оған күнкөрісін түзейтін (немесе күнкөрісін қалпына келтіретін) (мал-дүние) алғанша сұрауға рұқсат етіледі; 3) кедейлікке ұшыраған кісіге; (бұл үшін) оның қауымынан үш бірдей парасатты (адам) тұрып: «Расында, пәленше кедейлікке ұшырады» (деп куәлік беруі тиіс). Оған күнкөрісін түзейтін (күнкөрісін қалпына келтіретін) (мал-дүние) алғанша сұрауға рұқсат етіледі. Осылардан басқалардың сұрауы харам, ей, Қабиса! (Осылардан тыс мал-дүние сұрап алған) адам оны харам жолмен жейді», – деп айтты», – деген (1044/109).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 572
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге жүрдім, оның үстінде астары қатты нажрандық шекпен бар еді. Сонда оны бір бәдәуи қуып жетіп, шекпенінен қатты жұлқи тартты. (Тіпті) мен (бәдәуидің) қатты тартқанынан Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мойын терісіне шекпен астарының ізі түскенін көрдім. Содан кейін ол: «Ей, Мұхаммед! Аллаһтың өзіңдегі мал-дүниесінен маған (беруді) бұйыр!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған бұрылып, күлді де, сосын оған (мал-дүние) беруді бұйырды», – деп айтқан (1057/128).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 573
Мисуар ибн Махрамадан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) шекпендер үлестіргенде, Махрамаға (одан) еш нәрсе бермеді . Махрама (маған): «Ей, балақайым, бізбен бірге Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жүр», – деді. Сөйтіп, мен онымен бірге бардым. (Пайғамбардың (с.а.с.) үйіне барған соң, Махрама): «Ішке кіріп, оны маған ажыратылады. Бір шарты – ол күнәлі шара үшін қарыз көтермеген болуы қажет (ән- Нәуәуи). Нажран – Хижаз бен Йеменнің арасындағы аймақ. Бұл хадисте мына жайттарға сілтеме келген: – жамандыққа жақсылықпен жауап қайтару; – білместікпен жасалған, жаза тағайындалмаған күнәні кешіру; – Исламды жаңа қабылдағандардың жүрегін жібіту үшін оларға мал-дүние беру; – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кемел мінез-құлқы және оның тамаша кешірімділігі; – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жеке басына жеткізілген зарарға сабырлылық танытуы (Ибн Хажар). Хаммад ибн Зәйд жеткізген басқа бір риуаятта: «(Пайғамбар (с.а.с.)) бір киімді Махрама үшін алып қойды» деп айтылған. Махрама ибн Нәуфәл әз-Зуһри құрайыш көсемдерінің бірі еді. Ол Исламды Мекке мұсылмандар қолына өткеннен кейін қабылдаған (Ибн Хажар). шақырып шық», – деді. Мен (Пайғамбарды (с.а.с.)) оған шақырып шықтым. Ол оған үстіне сол шекпендердің бірін киіп шықты да: «Біз мынаны сен үшін алып қойған едік», – деді . (Махрама) оған қарады. Ол: «Махрама разы2!» – деді», – деген (1058/129). Бұл Исламға жаңа кіргендердің жүрегін жібіту үшін жасалған (ән-Нәуәуи). Әд-Дәудидің ойынша, бұл сөз Пайғамбардың (с.а.с.) сөзі және ол: «Сен разысың ба?» дегенді білдіреді. Ибн Тин: «Бәлкім, бұл Махраманың сөзі болуы да мүмкін» деген (қ.: «Фатх әл-Бәри»).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 7. Ораза Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 574
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ тағала: «Адам баласының оразадан басқа әрбір амалы – өзі үшін. Өйткені (ораза) – Мен үшін әрі ол үшін Мен марапат беремін. Ораза – қалқан . Қашан біреуіңнің ораза тұтатын күні болса, ол сол күні жаман сөз айтпасын және айқайламасын . Егер оны біреу тілдесе не онымен жағаласса: «Мен – ораза ұстаған адаммын», – десін . Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, ораза ұстаған (адамның) аузының иісі Қиямет күні Аллаһтың құзырында мисктің иісінен де жағымды. Ораза тұтқан (адам) үшін ол бөленетін екі қуаныш бар: аузын ашқан кезде ауыз ашқаны үшін қуанады және Раббысына жолыққан кезде ораза тұтқаны үшін қуанады », – деп айтты», – деген (1151/123). Бұған қатысты бірнеше пікір бар. Мәселен: 1) Ибн Абдул-Бәррдің айтуынша, ораза тозақ отынан қорғайтын қалқан болады немесе ол пендені тозаққа жетелейтін құмарлықтардан сақтайды (қ.: Әс-Суйути, «Шарх Сунән ән-Нәсәи»). 2) «Ән-Ниһая» кітабының жазбагері оразаның адамды оған зиян келтіретін істерден сақтайтындығын айтқан. 3) Әл-Қуртубидің пікірінше, бұл сөз ораза тұтқан адамға оразасын оны бұзатын не оның сауабын кемітетін жайттардан сақтауы тиістігін білдіреді. Кейбір ғалымдардың түсіндірмесіне сәйкес, біз «жаман сөз айтпасын» деп тәржімелеген, хадистің арабша мәтініндегі «лә йарфус» сөзі, әл-Қуртубидің пікірінше, ораза кезінде жыныстық қатынастан тыйылуды білдіруі мүмкін (қ.: Әс- Суйути, «Шарх Сунән ән-Нәсәи»). Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында бұл сөздің (арабшасы: «лә йасхаб») «айқайламасын және жанжалдаспасын» деген мағынаны білдіретіндігін айтқан. Әрине, бұған оразадан тыс уақытта да тыйым салынады, ал ораза кезінде оған тіптен рұқсат етілмейді. «Онымен жағаласса» деп тәржімелеген «қатәләһу» сөзінде – «біреудің онымен төбелесуі не жанжалдасуы» меңзелген болуы мүмкін. Ибн Хажардың айтуынша, одан біреудің онымен төбелесуі меңзелсе, ораза тұтқан адам өзінің оразада екендігін айтуы тиіс. Егер ол соқтығуын сонда да тоқтатпаса, ораза тұтқан адам оған жеңілдеу әрекет арқылы тойтарыс береді. Мәселен, онымен төбелеспей, алысып, күрес тәсілдеріне жүгіну сияқты. Ал егер бұл сөзде біреудің онымен жанжалдасуы меңзелсе, онда ораза тұтқан адам жанжалға бармауы тиіс. Ғұламалардың пікірінше, ораза тұтқан адам Раббысына жолыққан кезде ораза тұтқаны үшін берілген марапатты көріп, Аллаһ тағаланың өзін бағыттаған игілігін есіне ала отырып қуанады. Ал ауыз ашқан кездегі қуаныш жөнінде бірнеше пікір бар. Мәселен: 1) Ол ғибадатты бұзбай аяғына жеткізгені үшін және бұл үшін сауап алуға үміт артуы себепті қуанады (ән-Нәуәуи).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 575
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Рамазан (айы) келгенде, жаннат қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылады және шайтандар шынжырланады», – деп айтқан (1079/1).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 576
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Рамазаннан бір-екі күн бұрын ораза тұтпаңдар. Бірақ әлдебір оразаны (әрдайым) ұстап жүрген кісі бұдан тысқары. Ол оны тұта берсін», – деп айтты», – деген (1082/21). 2) Әл-Қуртубидің ойынша, ораза тұтқан адам ауыз ашқан кезде тағам мен сусыннан тыйылуы тоқтағаны үшін қуанады. 3) Ол Раббысынан келген жеңілдік үшін және Аллаһ өзіне келесі оразасына жәрдем беретіні үшін қуанады (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Қазы Ғияд бұл хадиске қатысты бірнеше пікірді нақыл еткен: 1) Бәлкім, осы айға құрмет белгісі ретінде, расында да, жаннаттың қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылуы және мүміндерге тигізетін залалдарының азаюы үшін шайтандар шынжырлануы мүмкін. Әл-Қуртуби, дұрысы хадистің сыртқы мағынасына сәйкес осы пікір екенін айтқан (қ.: «Фатх әл-Бәри»). 2) Бұл хадис бейнелі мағынада келуі ықтимал. Ол сауаптар мен кешірімдердің артуын және қандай да бір нәрселер мен қандай да бір адамдарға қатысты шынжырланатын шайтандардың азғырулары азаятынын көрсетуі мүмкін. Бұл «мейірім қақпалары ашылады» деп көрсетілген Муслим жеткізген риуаяттардың бірімен нақтыланады. Әрі ол «шайтандардың дәулері шынжырланады» деп айтылған басқа бір хадиспен де нақтыланады. 3) Аллаһ тағала пенделеріне ораза, тарауих намаздары т.с.с. басқа айларда болмайтын құлшылық-ғибадаттарды ашатынын білдіруі де мүмкін. Ал бұл құлшылықтар жаннаттағы қақпаларды ашып, оған кіруге себепші болады. Сол сияқты тозақ қақпаларының жабылуы мен шайтандардың шынжырлануы бойсұнбаушылықтан тыйылуға сілтеме жасайды. Рамазанда шайтандар шынжырланатын болса, осы айда адамдардың күнә жасауы қалай орын алатынына қатысты да түрлі пікір ұсынылған. Мәселен: 1) Осы айда кейбір адамдардың бойында кездесетін күнәлар олардың жан-дүниесіне терең орнығып алған шайтани азғырулардың салдары болып табылады (қ.: Абдур- Рахман әл-Мубаракфури, «Тухфат әл-ахуази»). 2) Күнәлардың азаюы оразаны оның шарттары мен әдептерін сақтай отырып ұстаған адамдардың бойында болады. 3) Шайтандардың бәрі емес, олардың кейбіреулері, яғни үлкендері шынжырланады. Бұл жайлы әт-Тирмизи мен ән-Нәсәи жеткізген риуаяттарда айтылған. 4) Олардың кесір-кесапаты азаяды. 5) Кесір шайтандардан ғана туындауы міндетті емес. Ол жаман нәпсілерден және адамдар қатарындағы шайтандардан да туындауы мүмкін. Ән-Нәуәуидің айтуынша, рамазаннан бір-екі күн бұрын ораза тұту харам саналады. Бірақ бұл әдетте қандай да бір күндері (мәселен, дүйсенбі, бейсенбі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 577
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) айдың тууын айтып: «Қашан оны (яғни рамазан айының туғанын) көрсеңдер, ораза тұтуды (бастаңдар). Ал қашан оны (яғни шәууәл айының туғанын) көрсеңдер, ораза тұтуды тоқтатыңдар. Егер сендерге (күн) бұлтты болса, отыз (күнді) есепке алыңдар», – деді», – деп айтқан (1081/20).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 578
Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) отбасының кейбіріне бір ай бойы кірмеуге ант ішкен. Содан бір күні жиырма тоғыз (күн) өткенде, (Пайғамбар (с.а.с.)) таңертең не кешке оларға келген. Оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен бізге бір ай бойы кірмеуге ант ішкен едің ғой?!» – дегенде, ол: «Расында, ай жиырма тоғыз күн (де) болады», – деп айтқан (1085/25).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 579
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, біз – сауатсыз үмбетпіз . Жазбаймыз және есептемейміз . Ай күндері) әрдайым ораза ұстап жүріп, әдеттегі оразасы рамазан айының қарсаңына тура келген адам үшін рұқсат етіледі. Рамазан айы туардағы күмәнді күндерде ораза тұтуға қатысты тыйымды Аммар ибн Ясирден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадис нақтылайды. Онда Аммар: «Кімде-кім рамазанның тууына күмәндана отырып ораза тұтса, ол Әбул-Қасимге (с.а.с.) қарсы келеді», – деген. Хадисті әл- Бұхари иснадсыз, алайда Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи және Ибн Мәжәһ иснадпен жеткізген. Ибн Хиббан мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Егер ауа-райы бұлтты болса, рамазанның алдындағы шағбан айын отызға толтырып, содан кейін ораза тұтуды бастау керек. Сол сияқты рамазан айының соңғы күндері күн бұлтты болса, оны да отызға толтырып, содан кейін ораза тұтуды тоқтату керек. Ибн әл-Араби: «Бұдан айдың кемі – жиырма тоғыз, көбі – отыз күннен тұратыны көрінеді», – деп айтқан. Ендеше, ай кейде жиырма тоғыз, ал кейде отыз күн болуы мүмкін. Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Ғұламалар бұл сөздің мәнін: «біз туғанымыздан сауатсызбыз» деп түсіндірген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да сауатсыз еді. 2) Бұл аналарға қатысты айтылған. Өйткені сол уақытта әйелдердің көпшілігі сауатсыз болатын (ән-Нәуәуи). 3) «Біз» сөзімен ол арабтарды меңзеуі де ықтимал (Ибн Хажар). 4) Немесе Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзін меңзеген. 5) Кейбір ғалымдардың айтуынша, біз «сауатсыз» деп тәржімелеген хадистің арабша мәтініндегі «уммиятун» сөзімен олардың бүкіл қалалардың анасы (Уммул- Қура) Меккеге қатыстылығы нұсқалған. Кейбір ғалымдардың түсіндіруінше, бұл сөз арабтарға қатысты айтылған, себебі ол уақытта арабтардың арасында жазу-сызу сирек кездесетін. – былай, былай және былай ((Пайғамбар (с.а.с.)) үшіншіде бас бармағын бүккен). Сондай-ақ ай – былай, былай және былай», – деп, толық отыз (күнді) көрсеткен (1080/15). (адамдар) көру үшін созып қойған
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 580
Әбул-Бахтариден . Ол: «(Бірде) біз умраға 4 шықтық. (Жолай) Нахла қойнауына түскенімізде, жаңа туған айды тамашаладық. Кейбір адамдар: «Бұл – үш түндік (ай)», – десе, кейбір адамдар: «Бұл – екі түндік (ай)», – деді. Біз Ибн Аббасты жолықтырып, (оған): «Расында біз жаңа туған айды көрдік. Сонда кейбір адамдар: «Бұл – үш түндік (ай)», – деді. Кейбіреулері: «Бұл – екі түндік (ай)», – деді», – дедік. Ол: «Сендер оны қай түні көрдіңдер?» – деп (сұрады). Біз: «Мына, мына түні», – деп (жауап бердік). Сонда ол: «Негізінде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, Аллаһ оны (адамдар) көру үшін созып қойған . Ол сендер оны көрген түнге тән 6», – деп айтқан», – деді», – деген (1088/29). Бұл жерде жұлдыздар мен олардың қозғалысы жайлы есеп туралы айтылған. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандардан қиындықты жою және оларға есептеуді жеңілдету үшін ораза және басқа құлшылықтарды айдың туғанын көргеннен кейін орындауды үкім еткен. Бұл үкім барлық уақытта да өзгеріссіз қалады. Хадистің сыртқы мағынасы айдың тууына астрономиялық есеп бойынша шешім қабылдауды теріске шығарады. Себебі жоғарыдағы хадистердің бірінде: «Егер сендерге (күн) бұлтты болса, отыз (күнді) есепке алыңдар» деп айтылған. Онда: «жұлдызшылардан сұраңдар» деп көрсетілмеген. Бұл үкімдегі даналық, ауарайы бұлтты болған жағдайда, айды есептеуде барлық адамдардың тең болуы және бұл мәселеде дау-дамай мен қарама-қайшылықтарға жол бермеу болып табылады (қ.: «Фатх әл-Бәри»). «Сахих Муслимнің» түпнұсқасында бұл тарау «Жаңа туған айдың жуандығы не жіңішкелігінің маңызға ие емес екенін түсіндіру, өйткені, расында, Аллаһ оны (адамдар) көру үшін созып қойған. Ал егер (күн) бұлтты болса, (оның есебі) отызға толтырылады» деген тақырып аясында келтірілген. Әбул-Бахтари – Сағид ибн Файруз ат-Таи, табиғин, хадис жеткізуші. Умра – кіші қажылық. Оны жылдың кез келген мезгілінде өтеуге болады. Умрада Минада түнеу, Арафатта тұру, Муздалифаға қону мен шайтанға тас ату секілді қажылық кезінде орындалатын рәсімдер орындалмайды. Яғни Қазы Ғиядтың айтуынша, адамдар көруі үшін Аллаһ тағала оның мерзімін ұзартып қойған. Яғни бұл – сол түні туған ай. алынады)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 581
Курайбтен . (Бірде) Уммул-Фадл оны Шам (өлкесіндегі) Муғауияға (Аллаһ оларға разы болсын) жібереді. (Курайб) былай дейді: «Содан мен Шамға барып, (Уммул-Фадлдың) шаруасын тындырдым. Мен Шамда (жүрген) кезімде, маған рамазан айының туғаны көрінді. Айдың туғанын жұманың түнінде көрдім. Содан кейін айдың аяғында Мәдинаға келдім. Абдуллаһ ибн Аббас менен сұрастыра отырып, сосын айдың тууы жайлы сөз қозғап: «Сендер айдың туғанын қашан көрдіңдер?» – деп (сұрады). Мен: «Біз оны жұманың түнінде көрдік», – дедім. «Сен оны көрдің бе?» – деп (сұрады). «Иә. Оны адамдар да көріп, ораза тұтуды (бастады). Муғауия да ораза тұтты», – дедім. Ол: «Бірақ біз оны сенбінің түнінде көрдік. Енді (оны) отызға толтырғанымызша не (шәууәл айы туғанын) көргенімізше ораза тұтуды жалғастыра береміз», – деді. «Муғауияның (оны) көріп, ораза тұтқанын жеткілікті санамайсың ба?» – деп (сұраған едім), ол: «Жоқ, бізге Аллаһ елшісі (с.а.с.) осылай бұйырған», – деді» . Яхия ибн Яхия (оның): «жеткілікті санамаймыз ба» әлде «жеткілікті санамайсың ба» (деп айтқанына) қатысты күмәнданған (1087/28).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 582
Әбу Бәкрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Айттың екі айы кемімейді: рамазан және зул-хижжа», – деген (1089/31). Курайб – Ибн Аббастың азат еткен құлы, табиғин, хадис жеткізуші. Бұл мәселеде сүйенуге болатын екі пікір бар: 1) Жаңа туған айды көруде өлкелердің айырмашылығы жоқ. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Оны (яғни рамазан айы туғанын) көріп, ораза тұтуды (бастаңдар) да, оны (яғни шәууәл айы туғанын) көріп, ораза тұтуды тоқтатыңдар» (әл-Бұхари, Муслим) деген сөзі жалпы мағынаға ие. Бұл жайлы Сәйид Сабиқ «Фиқһ әс-сунна» кітабында айтқан әрі ғалымдардың көпшілігінің пікірі осыған тоғысады. Әл-Қуртуби мен Ибн Хажардың айтуынша, мәлики мазһабындағылар, ән-Нәуәуидің айтуынша, шафиғи мазһабының кейбір өкілдері, сондай-ақ Сыддық Хасанхан (қ.: «Раудат ән-нәдия», 1/224-225) және басқалар осы ұстанымда. Әл-Хаттабидың нақыл етуінше, фақиһтердің басым көпшілігі «егер бір қаланың тұрғындары басқа бір қала халқының айдың туғанын олардан бұрын көргенін білсе, қаза болған ораза күндерінің орнын толтыруы керек» деп есептеген (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Сондай-ақ әл-Хаттаби, бұл Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің, Мәликтің, әш-Шафиғидің және Ахмад ибн Ханбалдың пікірі екенін айтқан. Әрі ең дұрысы да осы пікір болып табылады. 2) Әрбір өлке өздерінің айды көруін басшылыққа алады және басқа өлкелердің айды көруіне назар аудармайды. Бұл – біз қарастырып отырған хадистегі Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) сөзіне сүйенген пікір. Яхия ибн Яхия – Муслимнің шейхы.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 583
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар», – деп айтты», – деген (1095/45).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 584
Зәйд ибн Сәбиттен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрдық», – деп айтқан. (Әнәс ибн Малик айтады): «Мен: «Ол екеуінің аралық мөлшері қанша (уақыт) болды?» – деп (сұраған едім, Зәйд): «Елу аят (оқитындай уақыт) », – деді» (1097/47). Бұл сөздің ең дұрыс түсіндірмесі: осы екі айдағы күндердің саны кемігенмен, олардағы құлшылықтар үшін берілетін сауап кемімейді (ән-Нәуәуи). Абдур-Рахман әл-Мубаракфури де «Тухфат әл-ахуази» кітабында осы пікірді қуаттап, «бұл – Исхақ ибн Раһауайһтың пікірі» деген. Осыған орай, сирек кездессе де, бір жылда рамазан және зул-хижжа айлары бірдей жиырма тоғыз күн болуы да мүмкін. Осы екі айдағы құлшылықтар – Аллаһ тағала үшін ең ұнамды амалдар және Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізді осы амалдарды орындауға ынталандырған. Сондықтан да ол аталмыш айлардағы күндердің саны кемігенмен, олардағы құлшылықтар үшін берілетін сауаптың кемімейтінін хабарлаған. Ибн Хажардың айтуынша, рамазан айы ауызашар айтының қарсаңында болғандықтан, айт айы ретінде аталған. Сәресі («сухур») – рамазан айында және басқа күндерде ораза тұтқанда ауыз бекіту үшін тамақтанатын таң алдындағы уақыт. Ғұламалар сәресіні ішудің міндетті емес, абзалдығы басым амал екені жөнінде бірауызды келісімге келген. Әйтсе де онда береке бары анық. Өйткені сәресіні ішу адамға күш-қуат бітіреді және оразаның алдында сергітіп, белсенділік дарытады. Ал бұл оразаны жалғастыруға қызығушылық тудырады (ән-Нәуәуи). Кейбір ғалымдар сәресіге береке даруы оның дұғалар мен кешірім өтінулер қабылданатын берекелі уақытты қамтитындығынан екенін айтқан. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында: «Сәресі – сүннет әрі мұсылмандарды кітап түскен халықтардан ажырататын айырмашылық санатында» деген. Сәресі ішу мынадай пайдалы нәтижелер тудырады: – бұл уақытта ояну адамға таң атқанша намаз оқуға түрткі болуы мүмкін; – аштық салдарынан туындайтын жаман мінез-құлықтардың алдын алады; – сәресі ішетін адам мұқтаждарды да тамақтандырған жағдайда садақа беруге себеп болады; – сәресіге тұрған адам ұйықтар алдында ниет етуді ұмытып кеткен жағдайда, ораза тұтуға ниет етеді. Яғни сәресі мен таң намазының. Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Жалпы, арабтар уақытты іс-әрекеттер мөлшерімен өлшеуге дағдыланған (мәселен, мал шалуға болатындай уақыт т.с.с.). Сондықтан мұны теңеу сөз ретінде қабылдау керек (қ.: «Фатх әл-Бәри»). 2) Аталмыш уақыт аралығының Құран оқитын уақыт екендігі нұсқалған. сипаты
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 585
Сәмура ибн Жундубтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біләлдің азаны және былай жайылғанша көкжиектің былай созылған ағаруы сендерді сәресілеріңнен алдандырмасын», – деп айтты», – деген. Хаммад мұны қолымен нақыл еткен. Ол: «Яғни ендік бойынша», – деп айтқан (1094/43). ажыратылғанға дейін (жеп-ішіңдер)» деген сөзі жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 586
Сәһл ибн Сағдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: ««Өздеріңе ақ жіп қара жіптен ажыратылғанға дейін жеп-ішіңдер» (деген) мына аят түскенде, адамдар ораза тұтуды қаласа, аяқтарына қара және ақ жіп байлап, өзіне ол екеуі ажыратылып көрінгенге дейін жеп-ішетін. Сонда Аллаһ осы (сөздерден) кейін: «таңнан» (деген сөзді) түсірді. Сонда ғана олар, шын мәнінде, (Аллаһ) мұнымен түн мен күндізді меңзегенін білді», – деп айтқан (1091/35). 3) Сахабалар бос уақыттарында ғибадатпен шұғылданғандығы көрсетілген. Хадистің мазмұнынан сәресіні таң атқанша ішуге рұқсат етілетіні көрінеді (ән- Нәуәуи). Хаммад ибн Зәйд – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғұлама, мухаддис әрі хадис жеткізуші. Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят етілуінше, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Таң) шапағы екі түрлі болады: 1) (ораза тұтушыға) тамақтануға тыйым салынатын, (бірақ таң) намазын оқуға рұқсат етілетін шапақ; 2) әлі таң намазын оқуға болмайтын, бірақ тамақтануға рұқсат етілетін шапақ», – деген. Хадисті Ибн Хузайма мен әл-Хаким жеткізген және екеуі де оны «сахих» хадис санатына жатқызған. Әл-Хаким осыған ұқсас хадисті Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен. Онда тамақтануға тыйым салынатын екінші шапақтың бүкіл көкжиек бойына жайылатыны, ал бірінші шапақ қасқырдың құйрығы тәрізді пайда болатыны айтылған. Әл-Хаким мен әз-Зәһәби бұған «сахих» хадис ретінде баға берген. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында «Қасқырдың құйрығы тәрізді аталмыш ағару аспан көгінде пайда болады, бұл – жалған шапақ. Содан кейін ол төмен түсіп, бүкіл көкжиек бойына оңға және солға жайылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) және осы хадисті жеткізушілер саусақтарымен осылай көрсеткен» деп түсіндіреді (қ.: «Сахих әл-Бұхари»; хадис Ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген). «Бақара» сүресі, 187-аят. Басқа бір хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) ақ жіп пен қара жіпті: «Шын мәнінде, ол – түннің қараңғылығы мен күндіздің жарығы», – деп түсіндірген. жеп-іше беріңдер
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 587
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) екі азаншысы бар еді: Біләл және соқыр Ибн Умму Мәктум. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, Біләл түнде азан шақырады, сондықтан сендер Ибн Умму Мәктум азан шақырғанша жеп-іше беріңдер», – деді»; «Ол екеуінің арасында біреуі түсіп, екіншісі көтерілгеннен басқа (уақыт мөлшері) болмайтын», – деп айтқан (1092/38).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 588
Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары Айша мен Умму Сәләмәдан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын). Ол екеуі: «Егер Аллаһ елшісі (с.а.с.) рамазанда таңды ұйқыдағы шақуаттанудан емес , жыныстық қатынастан жүніп болған күйде қарсы алса, содан кейін ораза тұтатын», – деп айтқан (1109/78).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 589
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Бір кісі Пайғамбардан (с.а.с.) пәтуа сұрап келгенде, (Айша) есік артынан тыңдап тұрған. (Әлгі кісі): «Уа, Аллаһтың елшісі! Намаз уақыты келгенде мен жүніп күйде боламын. (Сондай жағдайда) ораза тұта аламын ба?» – деп (сұрайды). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен де намаз уақыты келгенде жүніп күйде боламын. Сонда мен ораза тұтамын», – дейді. (Әлгі кісі): «Сен біз сияқты емессің ғой, уа, Аллаһтың елшісі! Расында, Аллаһ сенің бұрынғы және кейінгі күнәларыңды кешіріп қойған», – дегенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһпен ант етейін, расында мен сендердің Аллаһтан ең қатты қорқатындарың әрі не нәрседе тақуалық жасауым (керектігінде) сендердің ең жақсы білетіндерің болуды үміт етемін», – деген (1110/79). Ғұламалардың айтуынша, Біләл намазға таң атудан бұрын азан шақырып, сосын өзі азан шақырған мұнарада таңның атқанын күтіп тұратын. Таң атуына жақын қалғанда төмен түсіп, Ибн Умму Мәктумге хабарлайтын. Содан кейін Ибн Умму Мәктум мұнараға шығып, азан шақыратын (ән-Нәуәуи). Ән-Нәуәуи егер адам ораза тұтуға ниет еткеннен кейін таң атпай тұрып жеп-ішсе не жұбайымен жақындасса, оның ниеті бұзылмайтынын айтқан. Бұл хадис сәресіні мүмкіндігінше кеш ішудің мустахабтығына сілтеме жасайды. Пайғамбарға (с.а.с.) тән қасиеттердің бірі, онда ихтиләм (ұйқыдағы шақуаттану) болмайтын. Пәтуа (фәтуа) – діни-құқықтық мәселе бойынша ғалым адам шығарған шешім. Әуелде мұсылмандарға рамазан айы түндерінде жұбайымен жақындасуға тыйым салынған болатын. Кейіннен «Бақара» сүресінің 187-аятымен бұл үкім мансұқ етіліп, күшін жойған. Ал Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) бұл үкімнің мансұқ етілгенін білместен, жүніп күйде оянған адам ораза тұтпайды деп пәтуа берген. Кейін ол Айша мен Умму Сәләмәның (Аллаһ ол екеуіне разы болсын)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 590
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім ораза кезінде ұмытып жеп не ішіп қойса, оразасын аяғына жеткізсін. Шын мәнінде оны Аллаһ тамақтандырып, сусындатты», – деп айтты», – деген (1115/171). деп айтсын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 591
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Қайсыбірің ораза кезінде тағамға шақырылса: «Мен оразамын» деп айтсын», – деген (1150/159). хадисін естіп, өз пікірін өзгерткен. Осыған орай ғұламалардың көпшілігі жүніп күйде оянған адамның (мейлі ол жұбайымен жақындасуы себепті жүніп болсын, мейлі ұйқыдағы шақуаттану салдарынан жүніп болсын) ораза тұтуына болатыны жайлы пікірді ұстанған. Ән-Нәуәуи әйелдің етеккірі не босанғаннан кейінгі нифас қаны түнде тоқтаған жағдайда, ол ғұсыл құйынып үлгермесе де, ораза тұтуға міндетті екенін айтқан. Бұл хадис ұмытуы себепті тағам жеу, сусын ішу немесе жұбайымен жақындасудың оразаны бұзбайтынын және оразаның қазасын өтеуді я кәффарат шарасын орындауды талап етпейтініне дәлел болады. Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әд-Дарақутни және әл-Хаким «хасан» иснадпен жеткізген риуаятта: «Егер адам рамазанда ұмытуы себепті оразасын бұзып қойса, ол осы оразаның қазасын өтеуге де, кәффарат шарасын орындауға да тиісті емес» делінген. Ибн Хажар мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Ән-Нәсәи Мұхаммед ибн Амрден жеткізген хадисте де осылай көрсетілген. Сондай-ақ осы хадистермен күшейетін сахихтік деңгейі төмен басқа да көптеген хадис бар. Оларды Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында ұсынған. Сонымен бірге тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Менің үмбетімнің қателіктері, ұмытуы және мәжбүрлікпен істегені кешірілген», – деген (ән-Нәсәи). Мухаддистер бұған «сахих» хадис ретінде баға берген. Ахмад жеткізген хадисте былай делінген: «Бірде Умму Исхақтың азат еткен күңі Пайғамбардың (с.а.с.) алдында өзінің ораза екенін (ұмытып кетіп) ботқа жейді де, сосын ораза тұтқаны есіне түседі. Зул-Ядәйн оған: «Тойынғаннан кейін енді (есіңе түсті ме)?» – дегенде, Пайғамбар (с.а.с.): «Оразаңды аяғына жеткіз, өйткені, шын мәнінде, бұл – Аллаһтың саған бұйыртқан несібесі», – дейді». Ибн Хажар бұл хадис адам ұмытуы себепті көп жесе де, аз жесе де, оның айырмашылығы жоқ екенін айғақтайтынын нұсқаған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ән-Нәуәуи бұлайша қонақасынан бас тартудың уәжді себебін түсіндіру үшін айтылатынын нұсқаған. Егер шақырған адам қыстаса, ол тамақ жемесе де, баруы керек. Тамаққа шақырылған адам ораза тұтпаған болса, оның үй иесінің дастарқанынан дәм татуы міндетті. Егер ол міндетті ораза тұтып жүрсе, оразасын бұзуына тыйым салынады. Ал егер нәпіл ораза тұтып жүрсе және шақырған адамға оның дастарқаннан дәм татпағаны ауыр тиетін болса, шафиғи мазһабы өкілдерінің пікірі бойынша, нәпіл оразасын үзген дұрыс. Әл-Бәйһақи, Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) үйлену тойы кезінде кәффарат шарасы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 592
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Пайғамбарға (с.а.с.) бір кісі келіп: «Мен құрыдым, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сені құртқан не нәрсе?» – деп (сұрады). «Рамазанда әйеліммен жақындасып қойдым», – деді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Құл азат ететін (қаражат) таба аласың ба?» – деп (сұрады). «Жоқ», – деді. «Екі ай бойы үздіксіз ораза тұтуға шамаң келе ме?» – деп (сұрады). «Жоқ», – деді. «Алпыс міскінді тамақтандыратын (қаражат) таба аласың ба?» – деп (сұрады). «Жоқ», – деді»; (Әбу Һурайра) айтады: «Сосын ол отырды және сол аралықта Пайғамбарға (с.а.с.) ішіне құрма (салынған) тоқылған үлкен себет әкелінді. (Пайғамбар (с.а.с.) әлгі кісіге): «Мынаны садақаға бер», – деді. Ол: «Бізден кедейге ме?! (Мәдинаның) екі тастағының арасында бұған бізден мұқтаж отбасы жоқ», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) тістері көрінгенше күлді де: «Барып, мұнымен отбасыңды тамақтандыр», – деді» . сахабаларының біріне оразасын үзуді ұсынған. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында бұл хадистің иснады «хасан» санатында екенін айтқан. Біз қарастырып отырған хадис зәрулік туған жағдайда нәпіл ғибадатты жариялаудың оқасы жоқ екенін нұсқайды. Ал зәрулік болмаса, оны жасырған абзал. Ән-Нәуәуи бұл себетте он бес сағ немесе алпыс мудд (яғни әр міскінге бір муддтен) құрма болғанын айтқан. Мұндағы «екі ай бойы үздіксіз ораза тұту» деген сөз «кәффарат шарты – аталмыш оразаны екі ай бойы үздіксіз тұту» дейтін көпшілік ғалымдардың пайдасына дәлел болып табылады. Осындай жағдайда қаза болған ораза күнінің орнын толтыру керек пе, жоқ па деген мәселеде пікір қайшылығы туындаған. Мәселен: 1) Хадисте бұл жөнінде нұсқау келмеген. Сондықтан да ғалымдар оразасын не намазын уәжді себепсіз әдейі қаза қылған адам олардың орнын толтырмайтындығын, олардың қазасын өтеуі жарамсыз екендігін айтқан. 2) Ибн Хажар мен басқа да мухаддистердің айтуынша, бір-бірін күшейте отырып «сахих» санатына дейін көтерілетін бір топ хадиске орай, тек жұбайымен жақындасуы себепті әдейі бұзылған оразаның ғана қазасы өтеледі. Бұл қаза болған күннің оразасы кәффарат шарасынан кейін тұтылады. Әл-Бағауидің «Шарх әс- сунна» кітабында да кәффарат шарасын оразаның қазасымен бірге орындау жайлы айтылған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Біздің мазһаб ғалымдарының пікірлері де осында түйіседі (қ.: «Мухтасар әл-уиқая»). Бұған оразаны әдейі құсу себепті бұзуды қосуға болады. Өйткені Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген «сахих» хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер құсық еріксіз келсе, оразаның қазасын өтеу міндетті емес, ал егер құсық әдейі шығарылса, оразаның қазасын өтеу қажет», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Ибн Хазм және басқалар әдейі жұбайымен жақындасу мен құсудан басқа, ораза не намазды қаза қылудың өзге де себептерінде олардың қазасы өтелмейтіндігін айтқан. Оларды өтеу жөнінде «сахих» хадистер келмеген. Сондықтан да, Ибн Хазмның айтуынша, оларды өтеуді міндетке ендірген адам Аллаһ нұсқамаған міндетті орнатқан болып табылады. Оразаны әдейі бұзған не намазды әдейі қаза қылған адам тәубе қылуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 593
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір кісі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Мен күйдім!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Не үшін?» – деп (сұрады). Ол: «Рамазанда күндіз әйеліммен жақындасып қойдым», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Садақа бер! Садақа бер!» – деді. Ол: «Менде ештеңе жоқ», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған отыруды бұйырды. (Сол аралықта Пайғамбарға (с.а.с.)) ішінде азық-түлік бар екі үлкен себет әкелінді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған осыны садақаға беруді бұйырды», – деп айтқан (1112/85).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 594
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) ораза кезінде (жұбайларын) сүйіп, ораза кезінде (оларды) аймалайтын. Алайда ол сендердің араларыңдағы шақуатына ие болатын ең берік жан еді», – деп айтқан (1106/65). қажет. Хадисте баяндалған кәффарат шараларының ретіне келсек, Ибн Хажар және әш-Шәукәни, егер адам орындауға мүмкіндігі болса, кәффарат шараларының ретін сақтауға міндетті екенін айтқан. Хадистердің көбі рет тәртібінің сақталуын нұсқайды. Яғни құл азат ету; оған мүмкіндігі болмаса, екі ай бойы үздіксіз ораза тұту; оған шамасы келмесе, алпыс міскінді тамақтандыру. Ибн Хажар мұндай жағдайдағы кәффарат шаралары басқа шараларға қатысты сенімді дәлел көзі жоқ болғандықтан, жоғарыдағы үш амалмен ғана өтелетінін айтқан. (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірі де – осы (қ.: «Мухтасар әл-уиқая»). Мұнда садақа беру жайлы жалпы мағынада айтылған. Мұндайда не істеу керектігі жөнінде алдыңғы хадисте нақты нұсқау берілген. Осы хадистің Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) нақыл етілген тағы бір риуаятында әлгі кісі өздерінің аш екенін айтқанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған себеттегі азық-түлікті өздерінің пайдалануын бұйырған. Ибн Хажардың айтуынша, әлгі кісінің «Мен күйдім!» (басқа бір риуаятта: «Мен құрыдым!») дегені оның әйелімен әдейі жақындасқанын көрсетеді. Бұл хадистер ұмыту себепті жұбайымен жақындасу кәффарат шарасын және оразаның қазасын өтеуді немесе тек кәффарат шарасын орындауды талап етеді деп есептейтіндердің (мәселен, Ахмад және мәлики мазһабының кейбір өкілдері) пікірлеріне үйлеспейді. Әбу Һурайра мен Айшаның (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) хадистерінде ортақ бір оқиға жайлы айтылған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Әлгі адам күнәсін жууы керек пе, әлде оған кешірім жасалды ма деген мәселеге тоқталсақ, «Сахих Муслимнің» түпнұсқасында бұл хадистер оразаны әдейі бұзған адам күнәсін кейінірек мүмкіндігі болған кезде жууы тиістігін нұсқайтын тарауда келген. Мәлики мазһабының кейбір өкілдері мен ғұламалардың басым көпшілігінің пікірінше, кәффарат шарасын өтеу кедейлік себепті мойыннан түспейді. Ол күнәсін мүмкіндігі болған кезде жууы тиіс (қ.: «Фиқһ әс-сунна», 468-бет). Осы хадиске орай, ораза кезінде жыныстық қатынасқа бармай, сүюге және аймалауға тыйым салынбайды. Егер сүю не аймалау кезінде шәует бөлініп кетсе, адам оразаның қазасын өтеуге не кәффарат шарасын орындауға міндетті емес. Өйткені бұған қатысты сенімді дәлел көздері жоқ.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 595
Абдуллаһ ибн Әбу Ауфадан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) біз рамазан айында Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда болдық. Күн батқан кезде (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, пәленше, түсіп, бізге (сауиқ1) шыла», – деді. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Саған (әлі) күндіз ғой?!» – деді . (Пайғамбар (с.а.с.)): «Түсіп, бізге (сауиқ) шыла», – деді. Сөйтіп, ол түсіп, (сауиқ) шылап, оны (Пайғамбарға (с.а.с.)) әкелді. Пайғамбар (с.а.с.) (оны) ішіп, сосын қолымен меңзеп3: «Қашан күн мына жерден батып, мына жерден түн келсе, ораза тұтушы ауыз ашады», – деп айтты», – деген (1101/52).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 596
Сәһл ибн Сағдтан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қашан адамдар ауыз ашуға асығады екен, жақсылықтан айырылмайды», – деп айтқан (1098/48).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 597
Әбу Атиядан . Ол: «(Бірде) мен Масруқпен бірге Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) алдына кірдім. Оған Масруқ: «Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабаларынан екі кісі, екеуі де жақсылықтан аянып қалмайды. Олардың бірі шам (намазын оқу) мен ауыз ашуға асығады. Екіншісі шам (намазын оқу) мен ауыз ашуды кешіктіреді», – деді. (Айша): «Шам (намазын оқу) мен ауыз ашуға асығатын кім?» – деп (сұрады). Ол: «Абдуллаһ», – деді. (Сонда Айша): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) осылай жасайтын», – деп айтты», – деген (1099/49). Сауиқ – жылдам дайындалып, тек су қосуды қажет ететін талқан секілді тамақ түрі. Яғни күн көкжиектен көрінбей кеткенмен, әлі жарық болатын. Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) талқан шылауды бұйырған кісі «түн қараңғылығы түскен соң ғана ауыз ашу керек» деп есептеген-ді. Пайғамбар (с.а.с.) қолын шығыс тарапқа созған. Ән-Нәуәуи «адамдардың ауыз ашу уақытын кешіктіруі – олар ұрынған кемшіліктің белгісі» деген. Әбу Атия – Малик әл-Уадиғи, табиғин. Масруқ ибн әл-Әждағ Әбу Айша – табиғин, хадис жеткізуші. Енді бір риуаятта бірінші сахаба – Абдуллаһ ибн Масғұд, екіншісі Әбу Мұса әл- Ашғари (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) болғаны айтылған. Әли әл-Қари: «Сірә, Әбу Мұса бұған рұқсат етілетінін көрсету үшін, ал Ибн Масғұд сүннетке сәйкес амал қылып осылай жасаған болса керек», – дейді. Алдыңғы хадисте ауыз ашуға асығудың мустахабтығы айтылса, басқа бір хадисте шам намазын оқуға асығудың мустахабтығы көрсетілген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сумен болса да аузын ашпай тұрып, шам намазын оқымайтын. Бұл хадис Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген әрі оның иснады «сахих» санатына жатады. Пайғамбарымыздың
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 598
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) оразаны жалғасты түрде тұтуға тыйым салды. Сонда мұсылмандардан бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, сен жалғасты түрде ораза тұтасың ғой?» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендердің қайсың мен сияқтысыңдар. Расында, мені түнде Раббым тамақтандырып, сусындатады », – деді. Сонда да олардың (кейбірі) оразаны жалғасты түрде тұтудан тыйылмай, бас тартқан соң, (Пайғамбар (с.а.с.)) олармен бірге бір күн, сосын (тағы) бір күн жалғасты түрде ораза тұтты. Сосын (үшінші түні) олар айдың туғанын көрді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Егер де айдың тууы кешіккенде, сендерге (тағы да) қоса түсер едім», – деді. (Бұл) олар (бұдан) тыйылудан бас тартқанда, олар үшін жаза іспетті (болды)», – деп айтқан (1103/57).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 599
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) рамазанда сапарға шығып, Ғұсфанға жеткенше ораза ұстады. Сосын ішіне сусын (құйылған) ыдыс алдырып, адамдар көруі үшін оны күндіз ішті. Содан кейін ол Меккеге кіргенше ораза ұстамады»; Ибн Аббас: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (сапарда кейде) ораза тұтып, (кейде) ораза ұстамаған. Ендеше, қалаған (адам) ораза тұтып, қалаған (адам) аузын ашсын», – деп айтқан (1113/88). (с.а.с.) тез ауыз ашып, сосын шам намазын оқуы осы екі хадисті іс жүзінде үйлестіру болып табылады. Оразаны жалғасты түрде тұту – кешке ауыз ашпай және таң алдында сәресіні ішпей, оразаны келесі күні де жалғастыра беру. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінен басқалардың бұлай жасауына тыйым салған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл сөз «Аллаһ маған тамақтанып, сусындаған адамның қуатын береді» деген мағынаны білдіреді. Бұл пікірді Ибн Хажар да ұстанған әрі ол ғалымдардың көпшілігінің пікірі осыған тоғысатынын айтқан. Сондай-ақ Ибн Хажар: «Бәлкім, бұл сөздің мәні «Раббымның ұлылығы жайлы ойлау, Оған деген сүйіспеншіліктен туатын қуаныш мен үшін тамақ пен сусын орнына жүреді» дегенді білдіруі мүмкін», – деген. Ғалымдардың бірі мұндай рухани азықтың тән азығынан қуатты екенін айтқан. Мұндай сүйіспеншілікке жақын жан бұл тән азығының орнын басатынын біледі. Хадистің өзге бір риуаятында: «Өздеріңнің шамаларың жететін амалдарды ұстаныңдар» делінген. Бұл хадис сапар барысында ораза тұтуға да, тұтпауға да рұқсат етіледі деп есептеген көпшілік ғалымдардың пікіріне дәлел болып табылады (ән-Нәуәуи). Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жолда ауыз ашуын Ибн Аббас «Ол мұны сапарда ауыз ашудың абзал екенін көрсету үшін емес, бұған рұқсат етілетінін көрсету үшін жасады» деп есептеген (Ибн Хажар).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 600
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Меккені бағындыратын жылы Аллаһ елшісі (с.а.с.) рамазанда Меккеге қарай шықты. Ол Курағ әл-Ғамимге жеткенше ораза тұтты. (Онымен бірге) адамдар да ораза ұстады. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)) бір қадақ су алдырып, оны адамдар өзіне қарағанша жоғары көтерді де, ішті. Содан кейін оған адамдардың кейбірі ораза тұтып жүргені айтылғанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Олар – бойсұнбаушылар! Олар – бойсұнбаушылар!» – деген (1114/90).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 501–550ОглавлениеХадисы 601–650 →