Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 601–650 (Ораза Кітабы)
← Хадисы 551–600ОглавлениеХадисы 651–700 →
Глава 7. Ораза Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 601
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) сапарда болғанда, төңірегіне адамдар жиналған бір кісіні көрді. Оның төбесі көлеңкеленіп қойылған еді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұған не болған?» – деп (сұрады). Олар: «(Бұл) – ораза тұтқан кісі», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сапарда ораза тұтуларың игілікке жатпайды», – деп айтты», – деген (1115/92). Мұнда ол «бойсұнбаушылар» сөзімен – «өз-өздеріне зиян қылып жүргендер» немесе «бұйрыққа қарсы келгендер» деген мағынаны меңзеген болуы мүмкін (ән- Нәуәуи). Хадистің риуаяттарының бірінде «Аллаһ елшісіне (с.а.с.): «Адамдарға ораза ұстау ауыр тиіп жүр, олар сенің шешіміңді күтуде», – деп айтқанда, ол аср намазын оқыған соң, бір қадақ су әкелуді бұйырғаны» хабарланған. Ән-Нәуәуидің пікірінше, бұл риуаят хадистің әуелгі түсіндірмесін нақтылай түседі. Яғни сол күні сапарда ораза тұту арқылы өз-өзіне зиян қылмаған адамдар бойсұнбаушылар қатарына кірмейді. Алдыңғы және осы хадисте, Қазы Ғиядтың айтуынша, оны жеткізушілердің Пайғамбар (с.а.с.) оразасын үзген орын ретінде әртүрлі мекендерді көрсеткеніне қарамастан, олар бір оқиға жайлы хабарлаған. Өйткені Ғұсфан, Қадид және Курағ әл-Ғамим – бір-біріне жақын орналасқан мекендер. Ибн Хажар бұл хадис сапардағы адамға рамазан айының оразасын өзінің тұрғылықты мекенінде бастаса да, жол оразасын үзуге рұқсат етілетініне дәлел ретінде тартылғанын айтқан. Мұхаммед Азим Әбәди, әш-Шәукәнидің «сапарда оразаны үзуге рұқсат етілетін қашықтық – намазды қысқартуға рұқсат етілетін қашықтыққа тең» деген сөзін келтірген. «Мухтасар әл-уиқая» кітабына түсіндірме ретінде жазылған «Мажмаъ әл- мақсуд» кітабында және Сәйид Сабиқтың «Фиқһ әс-сунна» кітабында да осылай көрсетілген. Ән-Нәуәуи мұны «егер бұл сендерге қиындық тудырып, зиян болуынан қорықсаңдар, сапарда ораза тұтуларың игілікке жатпайды» деп түсіндірген. Әс- Синди «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесінде: «Яғни мына жолдастарың сияқты осылай ораза тұту», – деген. Мұхаммед Азим Әбәдидің айтуынша, әлгі кісі ораза тұтудың салдарынан аптап ыстықта әлсіреп не талықсып құлап қалған болатын. Сондай-ақ ол сапардағы кез келген ораза емес, осы кісінікіндей оразаның игілікке жатпайтыны жайлы әл-Хаттабидің пікірін нақыл еткен. Бұл Муслим жеткізген хадиспен нақтылана түседі. Онда Хамза ибн Амр әл-Әсләми (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Өзімді сапарда ораза тұтуға қуатты сезінемін. (Ораза ұстасам) маған күнә болмай ма?» – деп (сұрағанда), Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл – Аллаһ тарабынан (берілген) рұқсат. Кім оны қабылдаса – жақсы, ал кім ораза тұтуды қаласа, оған күнә болмайды», – деп айтқан. Ибн Хажар айыптаудан бас тарту
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 602
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бір жылы) рамазаннан он алты (күн) өткенде, Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге жорыққа шықтық. Біздің арамызда ораза тұтқандар да, тұтпағандар да болды. Сонда ораза тұтқан ораза ұстамағанды айыптамады, ораза ұстамаған ораза тұтқанды айыптамады», – деп айтқан (1116/93). сауабы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 603
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда болдық. Біздің арамызда ораза тұтқандар да, ораза ұстамағандар да бар еді. (Жолда) ыстық күнде бір орынға тоқтадық. (Сонда) біздің арамызда ең көп сая тапқан (кісі) киімі бар адам болды. Арамызда күннен қолымен қорғанғандар да болды. Ораза тұтқандар құлап қалды, ал ораза ұстамағандар аяқтарында тұрып, шатырлар құрып, мініс көліктерін суарды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бүгін сауапты ораза тұтпағандар алды », – деп айтты», – деген (1119/100). тұтпау
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 604
Қазағадан . Ол: «(Бірде) мен Әбу Сағид әл-Худриге (Аллаһ оған разы болсын) көп адаммен бірге отырғанында келдім. Адамдар тараған соң, (оған): «Мен сенен мыналар сұраған (мәселелер) жайлы сұрамаймын», – деп, одан сапардағы ораза туралы сұрадым. Сонда ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Меккеге қарай сапарға шықтық, біз ораза едік. Бір орынға түскенімізде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Расында, сендер дұшпандарыңа жақындадыңдар. Ораза тұтпау сендерге көбірек күш-қуат береді», – деді. Бұл (ораза тұтпауға) рұқсат болды. Сонда біздің арамызда ораза тұтқандар да, ораза ұстамағандар да болды. Сосын басқа бір орынға түскенімізде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, сендер таңертең дұшпандарыңа кездесесіңдер. Ораза тұтпау сендерге көбірек күш-қуат «Фатх әл-Бәри» кітабында «егер адамның күш-қуаты жетсе, оған парыз оразаны тұтқаны дұрыс, керісінше жағдайда, оған оразаны үзгені абзал» деген. Ән-Нәуәуи де осыған сілтеме жасаған. «Мухтасар әл-уиқая» кітабында да жолаушыға оразаны үзуге рұқсат етілетіні, алайда сапарда оған ораза зиян келтірмесе, оның ораза тұтуы абзал екендігі айтылған. Бұдан ораза ұстағандар сауапсыз қалды деген ұғым тумайды. Бірақ ораза ұстамағандар ораза тұтқан бауырларының қызметтерін де қоса атқарғандары себепті екі есе сауап иеленген. Қазаға ибн Яхия – табиғин, хадис жеткізуші. береді. Сондықтан ауыздарыңды ашыңдар», – деді. Бұл талап болды да, біз аузымызды аштық», – деді. Сосын (Әбу Сағид): «Осы сапардан кейін Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге өзіміздің ораза тұтқанымызды көрдім», – деп айтты», – деген (1120/102).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 605
Хамза ибн Амр әл-Әсләмиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Өзімді сапарда ораза тұтуға қуатты сезінемін. (Ораза ұстасам) маған күнә болмай ма?» – деп (сұрағанда), Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл – Аллаһ тарапынан (берілген) рұқсат. Кім оны қабылдаса – жақсы, ал кім ораза тұтуды қаласа, оған күнә болмайды», – деп айтқан (1121/107).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 606
Әбу Дәрдәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге рамазан айында қатты ыстықта (жолға) шықтық. Тіпті аптаптың қаттылығынан кейбіреуіміз (күннен қорғанып) қолын басына қоятын. Арамызда Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен Абдуллаһ ибн Рауахадан басқа ораза тұтқан (адам) болған жоқ», – деп айтқан (1122/108).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 607
Әбу Сәләмәдан . Ол: «Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Менің мойнымда рамазанның (өтелмеген) оразасы болатын. Мен оны Аллаһ Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында бұл хадис дұшпанмен кездесерде күш-қуат жинау үшін оразаны үзудің абзал екендігін көрсететіндігін айтқан. Мұхаммед Азим Әбәди «Аун әл-Маъбуд» кітабында және Абдур-Рахман әл-Мубаракфури «Тухфат әл-ахуази» кітабында осы пікірді қуаттаған. Ал дұшпанмен кездесу анық болғанда, оразаны үзу талапқа айналады. Абдуллаһ ибн Омар, Ибн Аббас, Сағид ибн Мусаййаб, әш-Шағби, әл-Аузағи, Исхақ, Ахмад және басқалар сапарда жағдайға қарамастан оразаны үзу абзал деп есептеген. Олар бұған сыртқы мағынасы осыны көрсететін, қарастырылып отырған хадисті (яғни: «кім оны қабылдаса – жақсы») дәлел ретінде келтірген. Алайда ғалымдардың көпшілігі бұл хадисте сапарда оразаны үзу қиналған адам үшін абзал екені меңзелгенін айтқан. Бұлар сондай-ақ Әбу Сағидтен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисті дәлелге тартқан. Онда: «Олар кім күш-қуаты жетсе – ораза тұтқаны жақсы, ал кім әлсіздікті сезінсе – оразаны үзгені жақсы деп есептеді» делінген (қ.: «Сахих Муслим», №1116). Омар ибн Абдул-Азиз, Мужаһид және Қатада да «бұл мәселеде адамға өзіне жеңілін орындағаны абзал» деп есептеген. Бұл Меккені бағындыру үшін жасалған жорық емес, өйткені Абдуллаһ ибн Рауаха Меккені қолға алудан бұрын Мута шайқасында мерт болған. Оның үстіне, Меккені бағындыру жорығында бір топ кісінің ораза тұтқаны айтылған. Сондай-ақ бұл Бәдір шайқасы орын алған жорықтағы сапар емес, өйткені Әбу Дәрдә ол кезде әлі Исламды қабылдамаған болатын (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. елшісінен (с.а.с.) (не Аллаһ елшісімен (с.а.с.)) босамауым (себепті) шағбанда ғана өтеуге мүмкіндік табатынмын», – деп айтқанын естідім», – деген (1146/151).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 608
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім мойнында (өтелмеген) ораза болған күйде қайтыс болса, оның атынан қамқоршысы ораза тұтады», – деп айтқан (1147/153).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 609
Бурайдадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында отырғанымда, оған бір әйел келіп: «Мен анама бір күңді садақаға берген едім, ол (анам) қайтыс болды», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сенің сауабың тиісті болды және мұрагерлік (күңді) өзіңе қайтарады», – деді. (Әйел): «Уа, Аллаһтың елшісі! Оның мойнында бір ай (өтелмеген) ораза бар еді. Енді оның атынан ораза тұтамын ба?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Оның атынан ораза тұт», – деді. (Әйел): «Ол ешқашан қажылық жасамаған. Енді оның атынан қажылық жасаймын ба?» – деп (сұраған еді, Пайғамбар (с.а.с.)): «Оның атынан қажылық жаса», – деп айтты», – деген (1149/157). Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жұбайлары рамазанның қаза болған оразасын артынша өтеуге мүмкіндіктері болмаған. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларды қажет етуі мүмкін еді. Олар «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қажет болып қаламыз ба?» деген оймен одан оразаның қазасын өтеуге рұқсат сұрамай, оны шағбан айында өтейтін. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы айда көп нәпіл ораза ұстайтын және күндіз жұбайларына қажеттілік артпайтын. Алайда Аллаһ тағаланың: «Раббыларыңның кешіріміне асығыңдар» (Әлі Имран, 133) дегеніне орай, уәжді себепсіз оразаның қазасын өтеуді кешіктіруге болмайды. Имам Дәуд және Зәйн ибн Мунир осы пікірді ұстанған. Сахих хадистерде де оразаның қазасын уәжді себепсіз кешіктіруге рұқсат етілетініне нұсқау жоқ. Ал Айшаның оны кешіктіруге уәжді себебі болған. Ғұламалардың бір­ауызды пікірі бойынша, рамазанның өтелмеген оразасын шағбаннан кейінге, яғни келесі жылға қалдыруға болмайды (ән-Нәуәуи). Жоғарыдағы аятқа және «Сендерден кім науқас не сапарда болса, (оразаның қазасын) басқа күндердегі мерзімде (өтесін)» (Бақара, 184) деген аятқа сәйкес, рамазанның қаза болған күндерін арасын үзбей ұстау лазым. Бұған уәжді себеп болғанда ғана рұқсат етіледі. Сахабалар мен табиғиндердің бір тобы және имам Әбу Ханифа осы пікірді ұстанған. Марқұмның уәжді себеппен өтелмей қалған оразасын оны тұтудан бөлек, әрбір қаза болған күн үшін бір міскінді жарты сағ азық мөлшерінде тамақтандыру арқылы да өтеуге болады. Осы тақырыптағы хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһ алдындағы қарыз өтелуге көбірек құқылы», – деген. Сондықтан ән- Нәуәуи, ең дұрыс пікір бойынша, әуелі Аллаһ алдындағы қарызды, сосын ғана адамдардың қарызын өтеу қажеттігін нұсқаған. Және де бұл хадис, егер адамның берген садақасы мұра ретінде өзіне қайтса, оны алуына болатынына дәлел ретінде жүреді. Бірақ адам біреуге берген садақасын кері сатып ала алмайды, бұған Омардан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте тыйым салынған. қиналатындар фидия (төлеуге) міндетті» деген сөзі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 610
Сәләмә ибн Акуағдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: ««Оған қиналатындар бір міскіннің тамағымен фидия (төлеуге) міндетті» (деген) мына аят түскенде, қалаған (адам) ораза тұтпай, фидия төлейтін. Сөйтіп, одан кейінгі аят түсіп, оны мансұқ етті», – деп айтқан (1145/149).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 611
Абдуллаһ ибн Шақиқтен . Ол: «Мен Айшадан (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір ай толық ораза тұтатын ба еді?» – деп (сұрағанымда), ол: «Мен оның рамазаннан басқа бір ай толық ораза тұтқанын да, (бір ай) бойы ораза ұстамағанын да білген емеспін. Ол (Раббысына) жол алғанша (ай күндерінің) кейбірінде ораза тұтатын», – деп айтты», – деген (1156/173). «Бақара» сүресі, 184-аят. Әуелде мұсылмандарға ораза тұтуды не фидия төлеуді таңдауға мүмкіндік берілген-тұғын. Кейін ораза тұтуға шамасы келетіндердің әрбіріне ораза тұтудың парыз болғаны жайлы аят түскен. Алайда сахабалардың кейбірі «бұл аят күшін жоймаған, ол тек қарт адамдар мен науқастарға қатысты» деп есептеген. Ораза тұтудың орнына міскінді тамақтандыру фидиясын төлеу сауығуға үміті жоқ созылмалы науқасы бар адамдарға, сондай-ақ өзінің не сәбиінің денсаулығына зиян тиюінен қорыққан жағдайда, жүкті және емізулі нәрестесі бар әйелдерге рұқсат етіледі. Бұл – Ибн Омар мен Ибн Аббастың (Аллаһ оларға разы болсын) пікірі (қ.: Сәйид Сабиқ, «Фиқһ әс-сунна»). Мұны Ибн Аббастан Баззар жеткізген және әд- Дарақутни оның иснадын «сахих» санатына жатқызған. Ал Ибн Омардан «жүкті әйелдің бір мудд бидай мөлшерінде фидия төлеуіне қатысты» хабарды Мәлик пен әл-Бәйһақи нақыл еткен. Және Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Расында, Аллаһ жолаушы үшін намаздың жартысы мен оразаны, ал жүкті және емізулі әйел үшін (оразаны) міндеттен түсірді», – деген (қ.: «Сунән ән-Нәсәи», №2274). Мухаддистер мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Абд ибн Хумайдтың нақыл етуінше, Хасан әл-Басри «емізулі және жүкті әйелдер денсаулығы үшін қорықса, оразаны үзуі мүмкін; емізулі әйел оразаның орнына міскінді тамақтандыру фидиясын төлейді, ал жүкті әйел оразаның қазасын өтейді» деген пікірді ұстанған. Ғұламалардың көпшілігі «уақытша науқастанып қалған адамға оразаны үзіп, кейін сауыққаннан соң оның қазасын өтеуіне рұқсат етіледі» деген. Абдуллаһ ибн Шақиқ – табиғин. Яғни дүниеден өткенше. Бұл хадис әр айда ораза тұтудың мустахабтығын көрсетеді. Муслим тағы бір хадисте (№1156) Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Кейде Аллаһ елшісі (с.а.с.) (бір айда) сондайлық көп ораза тұтатын, біз: «Ол (енді) аузын ашпайды» дейтінбіз. Ал кейде сондайлық ұзақ (уақыт) ораза ұстамай жүретін, тіпті біз: «Ол (енді) ораза тұтпайды» десетінбіз. (Әйтсе де) мен оның рамазаннан басқа бір ай
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 612
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір пенде Аллаһтың жолында бір күн ораза тұтса, міндетті түрде Аллаһ осы күн арқылы оның жүзін тозақтан жетпіс күзге (яғни жылға) алыстатады», – деп айтты», – деген (1153/167).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 613
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Рамазаннан кейінгі ең абзал ораза – Аллаһтың айы мухаррамдағы (ораза) . Ал парыздан кейінгі ең абзал намаз – түнгі намаз», – деп айтты», – деген (1163/202).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 614
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Құрайыштар жәһилият (дәуірінде) Ашура күні ораза тұтатын. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) рамазан парыз болғанға дейін оны тұтуды бұйырған. (Рамазан парыз етілгеннен кейін) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қалаған оны тұтсын, қалаған тұтпасын», – деп айтқан (1125/116). толық ораза тұтқанын көрген емеспін. Сондай-ақ оның қайсыбір кездері шағбаннан көп ораза тұтқанын көрген емеспін», – деп айтқанын риуаят еткен. Әл-Қуртубидің нұсқауынша, мұндағы «жетпіс күз» көп мөлшерді білдіруге теңеу ретінде айтылған. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында мұның ән-Нәсәи, әт- Табарани және Әбу Яғланың риуаятындағы «жүз жыл» деп көрсетілгенімен нақтыланатынын айтқан. Ән-Нәуәуи: «Мұнда оразаның оған зиян тудырмауы және басқа міндеттерін орындауға кедергі жасамауы шарт», – деген. Бұған қатысты мынадай пікірлер айтылған: 1) Әбул-Фадл әл-Ирақи «Сунән әт-Тирмизиге» жазған түсіндірмесінде «мухаррам айы қасиетті харам айларының бірі әрі жыл басы болғандықтан, «Аллаһтың айы» деп аталса керек-ті» деген. 2) Абдур-Рахман әл-Мубаракфуридың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мухаррам айының артықшылығын көрсету үшін оны «Аллаһтың айы» деп атаған. Әс-Синди «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесінде мұнда бүкіл мухаррам бойындағы ораза емес, Ашура күніндегі ораза меңзелгенін айтқан. Ән-Нәуәуидің пікірінше, бұл хадис түнгі нәпіл намаздың күндізгі нәпіл намаздан абзал екендігіне дәлел болып табылады. Тіпті Ибн Исхақ әл-Маруази «түнгі намаз парыздан бұрын және кейін оқылатын күндізгі сүннет намаздарынан да абзал» деген. Ән-Нәуәуи мен әт-Тыйби де осы пікірді ұстанған. Муслим, Әбу Қатада әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен де, Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәларды өшіреді деп үміттенемін», – деген. Ибн Хажар хадистердің Ашура күні ораза тұту бұрын парыз болғанын, бірақ кейіннен мансұқ етіліп, мустахаб санатына енгенін көрсететіндігін айтқан.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 615
Хакам ибн Ағраждан . Ол: «(Бірде) мен Ибн Аббасқа (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын), ол Зәмзәмнің басында ридасын жастанып жатқан кезде келдім. Мен оған: «Маған Ашура оразасы жайлы айтып берші», – дедім. Ол: «Қашан мухаррам айы туғанын көрсең, есептеп, тоғызыншы күні таңертең ораза ұста», – деді. Мен: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны осылай тұтатын ба еді?» – деп (сұрағанымда), ол: «Иә», – деп айтты», – деген (1133/132).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 616
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, яһудилердің Ашура күні ораза тұтып жүргенін көрді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) олардан: «Сендер ораза тұтып жүрген бұл не күн?» – деп (сұрады). Олар: «Бұл – ұлы күн, онда Аллаһ Мұса мен оның қауымын құтқарып, Перғауын мен оның қауымын суға батырған. Мұса (бұл күні) шүкіршілік ретінде ораза тұтқан, сондықтан біз де (бұл күні) ораза тұтамыз», – деп (жауап берді). Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерге қарағанда Мұсаға біз көбірек құқылы әрі көбірек лайықпыз», – деді. Сөйтіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) (осы күні) ораза тұтып, (мұсылмандарға да осы күні) ораза тұтуды бұйырды (1130/128).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 617
Ғұбайдуллаһ ибн Әбу Язидтен 4. Ол Ибн Аббасқа (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Ашура күні ораза тұту жайлы сұрақ қойылғанда, оның: «Мен, Аллаһ елшісі (с.а.с.) (басқа) күндерден артықшылығын іздеп, осы күннен басқа қайсыбір күні, осы айдан (ол рамазан (айын) меңзеген) Хакам ибн Ағраж – Хакам ибн Абдуллаһ, табиғин, хадис жеткізуші. Хасан әл-Басри, Сағид ибн Мусаййаб, Мәлик, Ахмад және Исхақ «Ашура – мухаррам айының оныншы күні» деп есептеген. Хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) әуелде оныншы күні ораза тұтып жүріп, сосын тоғызыншы күні де ораза тұтуға ниеттенгені көрсетілген. Сондықтан әш-Шафиғи, Ахмад, Исхақ және басқалар «тоғызыншы және оныншы күндері ораза тұту – мустахаб» деп есептеген. Сірә, мұның себебі, тек оныншы күні ораза тұтуда яһудилерге ұқсамау ниеті болуы ықтимал. Әуелде Пайғамбарымыз (с.а.с.) амалдарды кітап түскендерге сәйкес жасауды ұнататын. Сондықтан да ол Ашура күні ораза тұтуды бұйырған. Ал кейіннен Мекке мұсылмандар қолына өтіп, Ислам діні қанат жайған соң, Пайғамбарымыз (с.а.с.) кітап түскендерге қарама-қайшы амал істеуге көшкен. Сол кезде ол Ашурадан бөлек, тоғызыншы күні де ораза тұтуды нұсқаған (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Ибн Хажардың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл күні яһудилерге еліктеп ораза тұтпаған. Ол Ашура күні яһудилердің ораза тұтатынын білмей тұрып та, ораза ұстайтын. Бұл Муслим жеткізген басқа да хадистермен нақтыланады. Ғұбайдуллаһ ибн Әбу Язид – табиғин, хадис жеткізуші. басқа қайсыбір айда ораза тұтқанын білмеймін», – деп айтқанын естіген (1132/131). (тамақтан) тыйылсын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 618
Рубайиғ бинт Муғаууиз ибн Афрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Ашура (күні) таңертең Мәдинаның төңірегіндегі ансарлардың ауылдарына: «Кім таңертең ораза тұтса, оразасын аяғына жеткізсін. Ал кім таңертең ораза тұтпаса, күнінің қалғанын (ораза тұтып) аяқтасын» (деп кісі) жіберді. Осыдан кейін біз (бұл күні) ораза тұтатын болдық, тіпті Аллаһтың қалауынша, кішкентай балаларымыздың кейбіріне ораза ұстататын болдық. Біз мешітке барып, (балаларға) жүннен ойыншық жасайтынбыз. Егер олардың бірі тамақ (сұрап) жыласа, оған ауызашар (уақыт болғанша) осы (ойыншықты) беретінбіз», – деп айтқан (1136/136).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 619
Әбу Сәләмәдан . Ол: «Мен Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) оразасы жайлы сұрағанымда, ол: «(Кейде Аллаһ елшісі (с.а.с.) сондайлық) ораза ұстайтын, тіпті біз: «(Енді) ол аузын ашпайды» деп айтатынбыз. (Кейде сондайлық) ораза тұтпай жүретін, тіпті біз: «(Енді) ол ораза тұтпайды» деп айтатынбыз. Мен оның ешбір айда шағбанда ораза тұтқанынан көп ораза тұтқанын көрген емеспін. Ол шағбанда түгелдей ораза ұстайтын, ол шағбанда азғана (күндерден) Енді бір риуаятта: «Кім ораза тұтпаса, ораза тұтсын. Ал кім тамақтанса, оразаны аяғына жеткізсін» деп айтылған. Ән-Нәуәуи «Бұл екі риуаят таңертең ораза тұту ниетінсіз оянған, бірақ әлі тамақтанбаған немесе тамақтанып қойған адам осы күнге құрмет ретінде тамақтан тыйылсын дегенді білдіреді» деп түсіндірген. Бұл – күмәнді күні тамақтанып, бірақ сосын бұл рамазан күні екенін білгенде, оған құрмет ретінде тамақтан тыйылатын жағдай сияқты. Жалпы, ниет ету кез келген оразаның шарты болып есептеледі. Ғалымдар арасында «ораза тұтуға қай кезде ниет етіледі?» деген мәселеде бірнеше пікір бар.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 620
Ханафи мазһабында рамазан, нәпіл және уақыты бекітілген нәзір оразаларға күн батқаннан келесі күнгі күн дәл төбеге келгенге бір сағат қалғанша ниет етуге болады. Ал рамазанның қазасын, кәффарат оразаларды, уақыты бекітілмеген нәзір оразаларды өтеу үшін күн батқаннан таң атқанға дейін ниет ету керек.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 621
Шафиғи мен Ханбали мазһабтарында рамазан, кәффарат, нәзір секілді парыз оразаларына таң атқанша ниет ету қажет. Ал нәпіл оразаларға таң атып, күн шыққаннан кейін де ниет етуге болады.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 622
Мәлики мазһабында кез келген оразаға ниетті таң атқанша немесе таң атқан шақпен бірге жасау керек. Ал күндіз жасалған ниет дұрыс саналмайды. (Китәб әл- фиқһ алә әл-мазаһиб әл-арбаға. 308-309-б-б.). Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. басқа (барлық күндері) ораза тұтатын », – деп айтты», – деген (1156/176).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 623
Имран ибн Хусайннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) одан не басқа (біреуден): «Шағбанның аяғында ораза тұттың ба?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Ауыз ашқаныңда екі күн ораза тұт », – деп айтқан (1161/199). Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Мұндағы «ол шағбанда аздаған (күндерден) басқа (барлық күндері) ораза тұтатын» деген сөйлем «ол шағбанда түгелдей ораза ұстайтын» деген бірінші сөйлемнің түсіндірмесі болып табылады. Ендеше, «толықтай» сөзі «айдың басым бөлігінде» деген мағынаны білдіреді. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында осы пікірді қостаған. Әт-Тирмизи Ибн Мубарактан, араб тілінде егер адам айдың басым бөлігінде ораза тұтса, «ол айда түгелдей ораза тұтты» деп айтуға рұқсат етілетіндігін нақыл еткен. Бұл пікір хадистің Муслим Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген риуаятымен қуатталады. Онда: «(Пайғамбар (с.а.с.)) Мәдинаға келгелі рамазаннан басқа ешбір айда түгелдей ораза тұтқан емес» деп айтылған. Ғұламалар Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдар бұл оразаны парыз деп ойлап қалмауы үшін, рамазаннан басқа ешбір айда түгелдей ораза ұстамағанын айтқан. 2) Бұдан Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кейбір жылы шағбанда түгелдей, ал кейбір жылы оның бір бөлігінде ораза тұтқанын ұғамыз. 3) Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейде шағбанның басында, кейде ортасында, кейде аяғында ораза тұтқан. Осылай бірнеше жыл ішінде шағбанда Аллаһ елшісі (с.а.с.) ораза тұтпаған бірде-бір күн қалмаған. Шағбан айында Пайғамбарымыз (с.а.с.) не үшін көп ораза тұтқан? Осыған қатысты ән-Нәсәи жеткізген хадисте Усама ибн Зәйд (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен сенің басқа айларда шағбанда ораза тұтқандай ораза тұтқаныңды көрген емеспін», – деп сұрағанымда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл ай ражаб пен рамазанның арасында (болғандықтан), адамдар (оны) елемейді. Бұл айда пенделердің амалдары әлемдердің Раббысына көтеріледі. Сондықтан мен амалдарымның ораза кезімде көтерілгенін қалаймын», – деп айтты», – деген. Ән-Нәсәи мұны «хасан» хадис санатына, ал Ибн Хузайма «сахих» хадис санатына жатқызған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл хадис ешбір айды ораза тұтпай өткізбеу керектігін, сондай-ақ нәпіл ораза қандай да бір күндермен шектелмейтінін нұсқайды. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған рамазан айы аяқталған соң шәууәлда екі күн ораза тұтуды бұйырған. Бір қырынан бұл хадис рамазаннан бір-екі күн бұрын ораза тұтуға тыйым салған хадиске қарама-қайшы келетіндей көрінеді. Алайда әл-Мәзири және басқалар әлгі кісінің әдетте шағбанның аяғында ораза тұтып жүргенін немесе осы күндері ораза тұтуға нәзір еткенін айтады. Бірақ ол рамазаннан бір-екі күн бұрын ораза ұстауға тыйым салынғаны үшін оны тұтпаған. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған аталмыш тыйым әдетте осы уақытта ораза тұтып жүргендерге қатысты еместігін түсіндірген. Бұл жайлы хадисте: «Рамазанның қарсаңында бір не екі күн бұрын ораза тұтпаңдар. Біреудің әдетте ораза тұтып жүрген жағдайы ғана бұдан
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 624
Әбу Айюб әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім рамазанда ораза тұтып, сосын оның артынан шәууәлда алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза тұтқандай болады», – деп айтқан (1164/204).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 625
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) (зул-хижжа айындағы) он (күнде) ораза тұтқанын ешқашан көрген емеспін», – деп айтқан (1176/9).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 626
Әбу Қатада әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Сен қалай ораза тұтасың?» – деп (сұрады). тысқары. Тек сондай жағдайда оған осы күндері ораза тұтуға болады» деп анық көрсетілген. Әл-Қуртубидің айтуынша, қарастырылып отырған хадисте шағбан айындағы оразаның артықшылығына және ондағы ораза басқа айдағы оразаның екі күніне тең екеніне сілтеме келген. Өйткені хадистің риуаяттарының бірінде: «мұның орнына екі күн ораза тұт» делінген. Ибн Хажар осы пікірді қуаттайтын Әбу Муслим әл-Кәжидің «Сунәніндегі» хадисті ұсынған. Онда: «Осы бір күннің орнына екі күн бойы ораза тұт» деп айтылған. Сондай-ақ Ибн Хажар хадисте нәпіл оразаның қазасын өтеуге рұқсат етілетініне сілтеме барын, ал шағбанның екінші жартысында ораза тұтуға қатысты тыйымның рамазанның қарсаңында әлсіреп қалудан қауіптенгендерге арналғанын айтқан. Бұл оразаны рамазаннан кейін бірден ұстау мустахаб. Алайда оны шәууәл айының басқа күндерінде де ұстауға болады және бұдан оның сауабы кемімейді. Ғұламалардың айтуынша, «жыл бойы ораза тұтқандай болады» дегенде әрбір игі амал үшін он игі амал істелгендей сауап жазылатындығы меңзелген. Бұл жайлы ән- Нәсәидің риуаятында нақты көрсетілген. Сондықтан да рамазандағы ораза – он ай ораза тұтқандай, ал шәууәлдағы алты күн ораза – алпыс күн, яғни екі ай ораза тұтқандай есептеліп, нәтижесінде он екі ай, яғни жыл бойы ораза тұтқандай болады. Бәлкім, Айша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл күндері ораза тұтқанын көрмеген болуы да мүмкін. Бұл Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы күндері мүлдем ораза тұтпағанын білдірмейді. Өйткені Әбу Дәуд жеткізген хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларының бірі: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) зул-хижжаның тоғыз күнінде, Ашура күні, әр айда үш күн: дүйсенбі және бейсенбі (күндері) ораза ұстайтын», – деп айтқан. Сондай-ақ әл-Бұхари жеткізген хадисте: «Осы күндерден, яғни зул- хижжаның он күнінен асқан, игі амалдар онда абзал болатын күндер жоқ» деп айтылған. Демек, керісінше, зул-хижжа айының алғашқы он күнінде, әсіресе оның тоғызыншы күні, яғни Арафа күні ораза ұстау аса мустахаб амал болып табылады. Ибн Хажардың айтуынша, бәлкім, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі ұнатқан амалдарды, әл-Бұхари мен Муслимнің хадистерінде көрсетілгендей, үмбетіне парыз болып қала ма деп қауіптенгендіктен орындамаған болуы мүмкін. Аллаһ елшісі (с.а.с.) (бұған) ашуланып қалды . Омар (Аллаһ оған разы болсын) оның ашуланғанын көргенде: «Аллаһқа – Раббы ретінде, Исламға – дін ретінде, Мұхаммедке пайғамбар ретінде разы болдық. Біз Аллаһтың ашуынан және Оның елшісінің ашуынан Аллаһқа сыйынып пана сұраймыз», – деді. Омар бұл сөзді (Аллаһ елшісінің (с.а.с.)) ашуы басылғанша қайталай берді. (Содан кейін) Омар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жыл бойы түгелдей ораза тұтатын адам қалай?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол ораза да тұтқан жоқ, ауыз да ашқан жоқ», – деді (немесе: «ораза да тұтпады, ауыз да ашпады», – деді). (Омар): «Екі күн ораза тұтып, бір күн ауыз ашып жүретін адам қалай?» – деп (сұрады). (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұған біреудің шамасы келе ме?» – деді. «Бір күн ораза тұтып, бір күн ауыз ашып жүретін кісі қалай?» – деп (сұрады). «Бұл – Дәудтің оразасы», – деді. «Бір күн ораза тұтып, екі күн ауыз ашып жүретін кісі қалай?» – деп (сұрады). «Мен бұған шамамның келуін қалар едім», – деді . Сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әр айда үш (күн ораза тұту) және рамазанға дейінгі рамазан, осы жыл бойы түгелдей ораза тұту (болып табылады). Арафа күнінің оразасы (үшін) Аллаһтың алдыңғы жылдағы және кейінгі жылдағы (күнәларды) жууын үміт етемін. Ашура күнінің оразасы (үшін) Аллаһтың алдыңғы жылдағы (күнәларды) жууын үміт етемін», – деп айтқан (1162/196). Ғұламалар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ашулануының себебін «бұл адам оның оразасы жайлы сұраудың орнына: «Мен қалай ораза тұтуым керек?» деп сұрауы тиіс еді» деп түсіндіреді (ән-Нәуәуи). Қазы Ғиядтың айтуынша, Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Мен бұған шамамның келуін қалар едім» дегені ол үмбетінің осыған шамасы келуін қалағанын білдіреді. Өйткені ол жалғасты түрде ораза тұтатын және: «Сендердің қайсың мен сияқтысыңдар? Мені Раббым түнде тамақтандырып, сусындатады», – дейтін. Ән-Нәуәуи бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басқа бір риуаяттағы сөзімен нақтыланатынын айтқан. Онда Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Егер де Аллаһ бұл үшін бізге күш-қуат берсе еді!» – дегені нақыл етілген. Мұнда кіші күнәлардың кешірілуі меңзелген. Кіші күнәлар болмаған жағдайда, үлкен күнәлардың жеңілдетілуі үміт етіледі. Ал егер үлкен күнәлар да болмаса, бұл арқылы ораза тұтқанның дәрежесі жоғарылатылады (ән-Нәуәуи). Қазы Ғияд: «Бұл – сүннет пен жамағатты ұстанушылардың пікірі. Ал үлкен күнәлар тәубеге келуді талап етеді немесе Аллаһтың мейірімімен кешіріледі», – деген. Алайда кейбір ғалымдар мұнда үлкен күнәлардың кешірілуі де меңзелген болуы мүмкін екенін нұсқаған. Мәселен, хадисте қажылығы қабыл болған адамның күнәдан анасынан жаңа туғандай болып оралатыны айтылған. Ал сәбидің кіші күнәларсыз, бірақ үлкен күнәлармен туылуын елестету мүмкін емес?! Сол сияқты бес уақыт намаздың күнәларды жуатыны жайлы хадис жөнінде де осыны айтуға болады. Онда бес уақыт намаз оқу адамдардың бірінің үйінің алдынан ағып жатқан суға бес мезгіл жуынуына теңеліп, ол адамда ешқандай кір қалмайтыны айтылған. Ал енді оның бойында үлкен кір қалып, кіші кірдің кетуін елестетуге бола ма?! «Адам әлі істемеген алдағы жылдағы күнәлар қалай кешіріледі?» деген мәселеге келсек, Аллаһ оны күнәлардан сақтауы не оған өткен жылдағы және орын алған жағдайда келесі жылдағы күнәларды жуатын сауаптар жазуы мүмкін (қ.: «Тухфат әл-ахуази»).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 627
Уммул-Фадл бинт Харистен (Аллаһ оған разы болсын). Оның қасында бір адамдар Арафа күні Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ораза тұтқанына қатысты күмәнданды. Олардың кейбірі: «Ол ораза тұтты», – десе, кейбірі: «Ораза тұтпады», – деді. Сонда (Уммул-Фадл Пайғамбарға (с.а.с.)) бір қадақ сүт жіберді де, (Пайғамбар (с.а.с.)) оны Арафатта түйесінің үстінде тұрып ішті (1123/110). қайтару
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 628
Ибн Азһардың азат еткен құлы Әбу Ғұбайдтен . Ол: «Мен Омар ибн әл-Хаттабпен (Аллаһ оған разы болсын) бірге айт (намазына) қатыстым. Ол келіп, (айт) намазын оқыды. Сосын бұрылып, адамдарға құтпа жасап: «Ақиқатында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы екі күнде ораза тұтудан қайтарды: сендер оразадан ауыз ашатын күн және екіншісі – құрбандықтарыңның (етінен) жейтін күн», – деп айтты», – деген (1137/138).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 629
Нубайша әл-Һузалиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ташриқ күндері – жеп-ішу (бір риуаятта: Аллаһты еске алу) күндері», – деді», – деп айтқан 3 (1141/144).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 630
Әбу Қатада әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісіне (с.а.с.) дүйсенбіде ораза тұту жайлы сұрақ қойылғанда, ол: «Онда мен дүниеге келдім және онда маған (уахи) түсірілді», – деп айтқан (1162/198). Бұл хадис Арафа күні Арафатта ораза тұтпаудың мустахаб екенін көрсетеді (ән- Нәуәуи). Ал бұл күні Арафатта болмағандар үшін ораза тұту – мустахаб. Әбу Ғұбайд – Сағд ибн Ғұбайд, табиғин, хадис жеткізуші. Ташриқ күндері – құрбан айттан кейінгі зул-хижжаның 11, 12 және 13-күндері. Бұл күндер бұрын онда құрбандық еттері күнге қақталатын болғандықтан осылай аталған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл күндері ораза тұтуға қатысты тыйым – шафиғи мазһабы өкілдерінің, Әбу Ханифаның, Ибн Мунзирдің және басқалардың пікірі. Мәлик, әл-Аузиғи, Исхақ және әш-Шафиғи хабарлардың бірінде құрбандық шала алмаған қажылардың ташриқ күндері ораза тұтуына рұқсат етілетінін айтқан. Олар бұған дәлел ретінде әл-Бұхари, Ибн Омар мен Айшадан (Аллаһ оларға разы болсын) жеткізген хадисті келтіреді. Онда: «Ташриқ күндері тек құрбандық шала алмағандарға рұқсат етілді» деп айтылған. Ән-Нәсәи (1/328) және Әбу Дәуд (1/2017) Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбардың (с.а.с.) әр айда үш күн: айдың басындағы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 631
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреуің одан бұрынғы (күні) ораза тұтатын не одан кейінгі (күні) ораза тұтатын болмаса, жұма күні ораза тұтпасын», – деді», – деп айтқан (1144/147).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 632
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Түндердің ішінен жұма түнін намаз оқуға арнап алмаңдар. Сондай-ақ біреуің (әдетте) тұтатын ораза болмаса, күндердің ішінен жұма күнін ораза тұтуға арнап алмаңдар», – деп айтқан (1144/148).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 633
Муғаза әл-Адауиядан . Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшадан мен: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) әр айда үш күн ораза тұтатын ба еді?» – деп (сұрағанымда), ол: «Иә», – деді. «Айдың қай күндерінде ораза тұтатын еді?» – деген едім: «Ол айдың қай күндерінде ораза тұтатынына көңіл бөлмейтін», – деп (жауап берді)», – деген (1160/194). дүйсенбі күні, сосын сол аптадағы бейсенбіде, содан кейін келесі аптадағы бейсенбі күні ораза тұтатын болғандығы айтылған. Усама ибн Зәйд (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Пайғамбардың (с.а.с.): «Осы екі күнде (яғни дүйсенбі және бейсенбі күндері) амалдар әлемдердің Раббысына көрсетіледі, сондықтан мен амалдарымның ораза кезімде көрсетілуін қалаймын», – дегенін риуаят еткен. Мухаддистердің айтуынша, бұл хадисті ән-Нәсәи мен Ахмад «хасан» иснадпен жеткізген. Ғұламалар бұл тыйымның себебін «Адам ғұсыл құйыну, құтпа тыңдау, намаз оқу, Аллаһты еске алу, дұға қылу т.с.с. жұма күніне тән құлшылықтарға күшін сақтауы қажет» деп түсіндіреді. Муғаза бинт Абдуллаһ әл-Адауия, табиғин, хадис жеткізуші әйел. Жоғарыдағы хадистердің бірінің түсіндірмесінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) әр айда үш күн: айдың басындағы дүйсенбіде, сосын осы аптадағы бейсенбіде, содан кейін келесі аптадағы бейсенбі күні ораза тұтатын болғаны айтылған-ды. Әйтсе де тағы бір хадисте Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге әр айда үш күн: он үшінде, он төртінде және он бесінде ораза тұтуды бұйырды», – деп айтқан. Хадисті әт-Тирмизи мен ән-Нәсәи жеткізген, Ибн Хиббан оны «сахих» хадис санатына жатқызған. Ғұламалар ай толған күндері: оның он үшінде, он төртінде және он бесінде ораза тұтудың мустахаб екендігіне бірауыздан келіскен. Алайда олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) адамдар мұны «нақты тағайындалған үкім» деп ойлап қалмауы үшін айдың белгілі бір күндерінде ораза тұтпағанын нақыл еткен (ән-Нәуәуи).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 634
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбарға (с.а.с.) менің күні бойы ораза тұтып, түні бойы намаз оқитыным жайлы хабар жеткенде, ол маған (кісі) жіберді не мен оны өзім жолықтырып қалдым. Сонда ол (с.а.с.): «Мен сенің ауыз ашпай ораза тұтатының және түні бойы намаз оқитының жайлы хабар алдым. Олай жасама. Ақиқатында, сенің көзіңнің ақысы бар, нәпсіңнің ақысы бар және әйеліңнің ақысы бар. Сондықтан ораза тұт және аузыңды ашып жүр, намаз оқы және ұйықта. Әр он күнде бір күн ораза тұт, саған тоғыз (күннің) сауабы беріледі», – деді», – деп айтқан. (Абдуллаһ ибн Амр): «Мен өзімді бұдан қуатты көремін, уа, Аллаһтың пайғамбары!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Онда сен Дәудтің оразасын тұт», – деді. «Дәуд қалай ораза тұтатын еді?» – деп (сұрады). «Ол бір күн ораза тұтып, бір күн ауыз ашып жүретін. (Дұшпанды) кезіктіргенде қашпайтын», – деді. «Маған ол қайдан, уа, Аллаһтың пайғамбары?» – деді . Ата2: «Мен ол ғұмыр бойы ораза тұтуды қалай айтқанын білмеймін . (Бірақ) Пайғамбар (с.а.с.): «Ғұмыр бойы ораза тұтқан ораза тұтпады. Ғұмыр бойы ораза тұтқан ораза тұтпады. Ғұмыр бойы ораза тұтқан ораза тұтпады », – деп айтқан», – деген (1159/186). тұтып, бір күн ауыз ашып жүру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 635
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Аллаһқа ең ұнамды ораза – Дәудтің оразасы. Ал Аллаһқа ең ұнамды намаз – Дәудтің намазы. Ол түннің жартысын ұйықтап, оның үштен бірінде (намазға) тұратын да, (қалған) алтыдан бір бөлігінде (қайтадан) ұйықтайтын. Сондай-ақ ол бір күн ораза тұтып, бір күн ауыз ашып жүретін», – деді», – деп айтқан (1159/189). Абдуллаһ мұнда «дұшпаннан қашпау маған қиынға соғады, ол қасиетке қалай жетемін» дегенді меңзеген (ән-Нәуәуи). Ата ибн Әбу Рабах – табиғин, Мекке ғұламасы, хадис жеткізуші. Яғни Ата мұны есінде сақтай алмаған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «ораза тұтпады» дегені мұндай оразаға сауап берілмейтінін көрсетеді. Исхақ пен заһирилер, мәликилер қатарындағы Ибн әл- Араби және Ахмад (хабарлардың бірінде) ғұмыр бойы ораза тұтуды мәкруһ деп есептеген. Ал Ибн Хазм «бұған кесімді түрде тыйым салынады (яғни харам)» деп санаған. Сондай-ақ: «Кім ғұмыр бойы ораза тұтса, оған тозақ тарылып (қысады)» деген «сахих» хадис те бар. Әл-Хаттаби басқа құлшылықтарға күш-қуат сақтау үшін бір құлшылық түрінде орта межені ұстану қажеттігін айтқан. Ибн Хажардың пікірінше, мұнда бұл тыйымның себебі адам әлсіздікке ұшыраудан мойнындағы міндеттерін орындай алмай қалуы мүмкін екеніне барып тірелетіні нұсқалған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). оразасын тоқтату
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 636
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір күні Пайғамбар (с.а.с.) маған кіріп: «Сендерде (жейтін) бір нәрсе бар ма?» – деп (сұрады). Біз: «Жоқ», – дедік. Ол (с.а.с.): «Онда мен ораза тұтамын», – деді. Содан кейін ол бізге басқа бір күні келді. Біз: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге хайс 1 сыйға тартылды», – дедік. Ол (с.а.с.): «Оны маған көрсетші, (әйтсе де) ақиқатында, мен таңертең ораза тұтқан едім», – деді. Сөйтіп, ол (одан) жеді», – деген (1154/170). Хайс – құрма, сүзбе және май қосылып дайындалған тағам. Бұл хадисте күн тас төбеге көтерілгенше нәпіл оразаға ниет етуге рұқсат етіледі деп есептеген көпшілік ғалымдардың пікіріне дәлел бар (ән-Нәуәуи). Біздің мазһаб ғалымдарының пікірі де осыған тоғысады. Әрі хадис нәпіл оразаны үзуге рұқсат етілетініне дәлел болып табылады. Бұл – Ибн Масғұд, Хузайфа, Әбу Дәрдә, Әбу Айюб (Аллаһ оларға разы болсын), Ахмад, әш-Шафиғи және басқалардың пікірі (қ.: «Аун әл-Маъбуд»). Әл-Хаким, Умму Һәниден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Нәпіл ораза ұстаушы ерікті: қаласа – ораза тұтсын, қаласа – оразаны тоқтатсын», – деп айтқан. Әл-Хаким мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Сондай-ақ әл-Бұхари мен әт-Тирмизи жеткізген хадисте Салманның Әбу Дәрдәға (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) нәпіл оразасын үздіргені айтылған. Көпшілік ғалымдар «нәпіл оразаны үзген жағдайда оның қазасын өтеу мустахаб, бірақ міндетті емес» деп есептейді. Әл-Бәйһақи, Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) қонақасына келген ораза тұтқан сахабалардың біріне: «Оразаңды үзіп, қаласаң оның орнына басқа күні ораза тұт», – деп айтқан. Ибн Хажар бұл хадистің иснадын «хасан» санатына жатқызған (қ.: «Фиқһ әс-сунна»). Ал ханафи мазһабы ұстанымы бойынша нәпіл оразаны үзген адам оның қазасын өтеуі тиіс. Себебі Аллаһ тағала Құранда: «Амалдарыңды жоймаңдар», – деген (Мұхаммед, 33). 9. ИҒТИКАФ1 КІТАБЫ орнына қашан кіреді?
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 637
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) иғтикаф жасауды қаласа, таң намазын оқып, содан кейін иғтикаф жасайтын орнына кіретін . Ол өзіне шатыр (тігуді) бұйырып, (шатыр) тігілетін. (Бірде) ол рамазанның соңғы онкүндігінде иғтикаф жасауды қалады. Сонда Зәйнәб өзіне шатыр (тігуді) бұйырып, (оған шатыр) тігілді. (Мұны көрген) Пайғамбар (с.а.с.) жұбайларының басқалары да өздеріне шатыр (тігуді) бұйырып, (оларға да шатыр) тігілді . Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң намазын оқыған соң, қараса, бірнеше шатыр (тігілген) екен. Сонда ол (с.а.с.): «Олар игілік қалайды ма?» – деді . Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) Иғтикаф – ғибадат ниетімен мешітте оңаша болу. Ибн әл-Араби мен Ибн Батталдың айтуынша, иғтикаф сунна муаккада санатына жатады. Имам Ахмад бұған қарсылық білдірген ғалымдарды білмейтінін айтқан. Ибн Абдул-Баррдың пікірінше, рамазандағы иғтикаф сунна муаккада саналады. Ең дұрысы, оны рамазанның соңғы онкүндігінде орындаған абзал. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмірінің аяқ шенінде осылай жасаған (Ибн Хажар). Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар бұл жөнінде ортақ пікірде. Әл-Бұхаридің нұсқауынша, иғтикаф тек қана мешітте орындалады. Өйткені Аллаһ тағала: «Мешітте иғтикафта болған кездеріңде (әйелдеріңе) жақындаспаңдар», – деп айтқан (Бақара, 187). Яғни Аллаһ тағаланың мешітте иғтикафта болған кезде әйелге жақындасуға тыйым салғаны иғтикафтың тек мешітте орындалатынын білдіреді. Әбу Дәуд жеткізген хадисте Айша (Аллаһ оған разы болсын) мұның сүннетке жататындығын айтқан. Ибн Хажар бұл хадистің иснадын тәуір деп санаса, басқа мухаддистер оны «хасан» санатына жатқызған. Ибн Хажардың айтуынша, ғұламалар иғтикаф кезінде әйелге жақындасуға тыйым салынатыны жөнінде бірауызды келісімге келген. Әл-Бәйһақи «сахих» иснадпен жеткізген хадисте: «Сүннет бойынша иғтикаф кезінде аса бір қажеттілік тумаса, мешіттен шығуға, науқастардың көңілін сұрап баруға және әйелдерге жақындасуға немесе оларды аймалауға болмайды. Тек жәми (жұма намазы оқылатын) мешітте иғтикафта болу лазым. Иғтикаф кезінде адамға ораза ұстау сүннет» деп айтылған. Иғтикафты жәми мешітте орындаудың себебі иғтикафтағы адам үшін жұма намазына шығу қиындық тудырмауына келіп тіреледі. Өйткені ол жұма намазына міндетті түрде қатысуы тиіс. Бұл – әз-Зуһри мен басқа да ғалымдардың пікірі. Имам Әбу Ханифа ораза ұстауды иғтикафтың шарты деп санайды. Алайда имам Мұхаммед мұнымен келіспеген (қ.: «әл-Һидая»). Ибн Һумамның айтуынша, Әбу Ханифадан жеткен хабардың сыртқы мағынасы, ораза ұстау нәпіл иғтикафтың шарты емес, (нәзір иғтикафтың шарты) екенін көрсетеді. Ән-Нәуәуи дүние сөздерін сөйлеу немесе киім тігу сияқты дүние істерімен айналысу иғтикафты бұзбайтынын айтқан. Әбу Ханифа, әш-Шафиғи, Мәлик және Ахмад иғтикаф жасайтын орынға күн шықпас бұрын кіру лазым екенін айтқан. Хадистің басқа риуаятында бұлар Айша және Хафса болғаны айтылған. Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған. Мәселен: шатырын (бұзуды) бұйырып, ол бұзылды. (Осы үшін) ол рамазан айында иғтикаф жасаудан бас тартып, шәууәлдың алғашқы онкүндігінде иғтикаф жасады», – деп айтқан (1172/6). онкүндігінде иғтикаф жасау
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 638
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) рамазанның алғашқы онкүндігінде иғтикаф жасады. Содан кейін (рамазанның) ортаңғы онкүндігінде есігіне алаша (тұтылған) түркі шатырда иғтикаф жасады. (Пайғамбар (с.а.с.)) алашаны қолымен ұстап, оны шатырдың бір бұрышына ысырып қойды. Сонан соң ол басын шығарып, адамдарға сөйледі. (Адамдар) оған жақындады. Сонда ол (с.а.с.): «Ақиқатында, мен алғашқы онкүндікте осы түнді (Қадір түнін) іздеп иғтикаф жасадым. Сосын ортаңғы онкүндікте иғтикаф жасадым. Содан кейін маған (біреу) келіп: «Негізінде, ол соңғы онкүндікте», – деп айтылды. Енді кім сендерден иғтикаф жасауды қош көрсе, иғтикаф жасасын», – деді. Сөйтіп, адамдар онымен бірге иғтикаф жасады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ақиқатында, ол (Қадір түні) маған тақ түнде көрсетілді, мен оның таңында лай мен суға сәжде жасадым», – деді . Содан жиырма бірінші түннен (кейінгі) таңда (Пайғамбар (с.а.с.)) таң (намазына) тұрғанда, аспаннан жаңбыр жауып, мешіттің шатырынан су ақты. Сонда мен лай мен суды көрдім. Таң намазын оқып болған соң (Пайғамбар (с.а.с.)) сыртқа шықты. Оның маңдайы мен мұрнының ұшы лай 1) Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдері мұны шын ықыласпен емес, өзінің жанында болу үшін немесе өзін қызғанғандары үшін жасады деп қауіптенген. 2) Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерін қызғанған болуы мүмкін. Өйткені мешітке көп адам жиналып, оған бәдәуилер мен мұнафықтар да келетін. 3) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жұбайларының шатыры өзін иғтикафта сезінуіне кедергі жасаған болуы мүмкін. 4) Олардың шатырлары адамдарға кедергі тудырған болуы ықтимал. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл хадис әйелдердің мешітте иғтикаф жасауына рұқсат етілетінін көрсетеді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) жұбайларына бұған рұқсат еткен. Алайда ер адам әйелі өзінің рұқсатынсыз иғтикаф жасаған жағдайда, бұған тыйым салуына болады. Әш-Шафиғи, Ахмад және Дәудтің пікірінше, егер әйел күйеуінің рұқсатымен нәпіл иғтикаф жасап отырса, күйеуіне бұған рұқсат еткеннен кейін де тыйым салуына болады. Киізден жасалған шағын ғана шатыр. Кәффалдың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) нақ сол түнді көрмеген, керісінше, оған бұл қай түн екені және оның белгілері хабар етілген. Ибн Хажар бұл жайлы Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жәбірейілдің (аләйһис-сәләм) хабарлағанын айтқан. Өзге риуаяттарда Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бұл түннің қай түн екендігі ұмыттырылғаны айтылған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). мен суға (малынған) еді . Бұл соңғы онкүндіктегі жиырма бірінші түн еді», – деп айтқан (1167/215).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 639
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) Аллаһ тағала оны пәни дүниеден қайтарғанша рамазанның соңғы онкүндігінде иғтикаф жасайтын. Одан кейін оның жұбайлары иғтикаф жасайтын болды (1172/5). таныту
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 640
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (соңғы) онкүндік кіргенде, түнді сергек ұстап, отбасын (құлшылыққа) оятатын. (Құлшылыққа) ден қойып, изарын буынатын », – деп айтқан (1174/7). жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 641
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оны (яғни Қадір түнін) соңғы онкүндіктен іздесін. Егер кімде- кім әлсіресе не шамасы келмесе, қалған жеті (түнге) жеңілмесін», – деп айтты», – деген (1165/209). Жоғарыда осыған қатысты Әбу Сағид әл-Худридің (Аллаһ оған разы болсын) хадисі ұсынылған болатын (636-хадисті қараңыз).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 642
Абдуллаһ ибн Унәйстен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Маған Қадір түні көрсетілді, содан кейін ол маған ұмыттырылды. Оның таңында лай мен суға сәжде жасағанымды көрдім», – деген. Әл-Бұхаридің нақыл етуінше, әл-Хумайди «намазда бетті сүртпеу сүннет» деген. Ән-Нәуәуи ғұламалардың мұны мустахаб деп есептегендігін айтқан. Бұл Пайғамбардың (с.а.с.) осы кезде әйелдерінен оңашаланғанын білдіреді. Бұл пікір Асым ибн Дамрадан жеткен риуаятпен қуатталады. Онда әйелдерден оңашалану туралы анық айтылған (Ибн Хажар). Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңғы онкүндікте әйелдерінен оңашалану себебі, ол бұл кезде иғтикафта болатын. Ән- Нәуәуидің айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл кезде отбасын құлшылыққа әдеттегіден жиі оятатын. Ол: «Содан жиырма үшінші түні біз жақта жаңбыр жауды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге имам болып намаз оқыды. Ол (намазды) аяқтағанда, маңдайында және мұрнында су мен лайдың ізі тұрды», – деді. Абдуллаһ ибн Унәйс: «жиырма үшінші (түннің таңында)», – деген (1168/218). іздеңдер
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 643
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Қадір түні өзіне анықталмай тұрып, оны іздеп рамазанның ортаңғы онкүндігінде иғтикаф жасады. Ол (онкүндік) аяқталған соң, (Пайғамбардың (с.а.с.)) бұйыруымен (оған) тұрғызылған (шатыр) бұзылды. Содан кейін оған (Қадір түні) соңғы онкүндікте екені анықталды да, (Пайғамбар (с.а.с.) өзіне шатыр) тұрғызуды бұйырып, қайтадан (шатыр тігілді). Содан соң (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) адамдарға шығып: «Ей, адамдар, ақиқатында, маған Қадір түні анықталған еді. Мен оны сендерге хабарлауға шыққанмын, екі кісі дауласып келді және олармен бірге шайтан болды. Маған ол (Қадір түнінің қай түн екені) ұмыттырылды. Енді оны рамазанның соңғы онкүндігінен іздеңдер. Оны тоғызыншы, жетінші және бесінші (түндерде) іздеңдер», – деп айтты», – деген. (Әбу Надра)1: «Мен: «Ей, Әбу Сағид! Сендер санауды бізден жақсы білесіңдер», – дедім. Ол: «Иә, біз оған сендерге қарағанда құқылырақпыз», – деді. Мен: «Тоғызыншы, жетінші және бесінші (түндер) деген не?» – деп (сұраған) едім, ол: «Қашан жиырма бірінші (түн) өтсе, одан кейінгі жиырма екінші (түн) – тоғызыншы, жиырма үшінші (түн) өтсе, одан кейінгі – жетінші, жиырма бесінші (түн) өтсе, одан кейінгі – бесінші (түн)», – деді», – деп айтқан (1167/217).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 644
Зирр ибн Хубәйштен . Ол: «Убәйй ибн Кағбке сұрақ қойып: «Бауырың Ибн Масғұд: «Кім жыл бойы түнімен намаз оқыса, Қадір түнін табады», – деп айтып жүр ғой?...» – дегенімде, ол: «Аллаһ оны рақым етсін! Ол адамдардың (белгілі бір түнге) арқа сүйемеуін қалаған. Әйтпесе ол оның рамазанда екенін, соңғы онкүндікте екенін және жиырма жетінші түні Әбу Надра – әл-Мунзир ибн Малик, табиғин, хадис жеткізуші. Ибн Хажар: «Дұрысына көбірек жақын пікір бойынша, бұл – рамазанның жиырма тоғызыншы, жиырма жетінші және жиырма бесінші түндері» деген (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Әйтсе де Қадір түнінің тақ түндерге тура келетінін ескерсек, Әбу Сағидтың есебі рамазанның қалған түндеріне негізделген болуы мүмкін. Яғни жиырма екінші түн рамазанның аяқталуы тұрғысында тоғызыншы түн болып табылады. Осы жағынан ол тақ санды түн ретінде қарастырылады. Зирр ибн Хубәйш – көрнекті табиғин, хадис жеткізуші. екенін, әрине, біледі», – деді. Содан кейін ол оның нақты жиырма жетінші түні екенін айтып ант ішті. Мен: «Мұны не нәрсенің негізінде айтып отырсың, ей, Әбул-Мунзир?» – деп (сұраған) едім, ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге хабарлаған белгі негізінде. Ол күні (күн) шұғыласыз шығады», – деп айтты», – деген (762/220). Басқа бір риуаятта: «Бұл түн – Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге (намазға) тұруды бұйырған жиырма жетінші күннің түні. Оның белгісі – күннің шұғыласыз аппақ болып шығуы» деп айтылған. Кейбір ғалымдар осы таңда күн сәуле шашпайтынын нұсқаған. Қазы Ғиядтың кейбір ғалымдардан нақыл етуінше, бұл құбылыс осы түні жер бетіне періштелердің түсуі себепті орын алады. Яғни таңертең көкке көтерілген періштелердің қанаттары күн сәулесін жауып қалады. Бұл жайлы өзге де пікірлер айтылған. Аллаһ – жақсы Білуші. Ибн Хажар: «Дұрысына көбірек жақын пікір: Қадір түні рамазан айының соңғы онкүндігіндегі тақ түндерде келеді әрі ол әр жылдары ауысып тұрады» деген. Ғұламалардың айтуынша, Қадір түнінің құпия ұсталуындағы даналық – оны іздеп, ынта-жігер жұмсауда, егер адамдарға бұл түн айқындалғанда, олар тек осы түні ғана құлшылық жасаумен шектелер еді. Әйтсе де фақиһтердің көпшілігі «Қадір түні жиырма жетінші түнге тура келеді» деп есептеген. Біз қарастырып отырған Убәй ибн Кағбтың хадисінен басқа, Муғауия ибн Әбу Суфияннан жеткізілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Қадір түні – жиырма жетінші түн екенін айтқаны риуаят етілген. Хадисті Әбу Дәуд жеткізген әрі ол «сахих» хадис санатына жатқызылған. Алайда кейбір ғалымдар бұл сөзді Пайғамбарымызға (с.а.с.) телігенімен, кейбір ғалымдар оның Муғауияның сөзі екенін айтқан. Сондай-ақ «Сунән» жинақтары иелері Әбу Заррдан жеткізген «сахих» хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) рамазанның аяқталуына үш күн қалғанда (яғни жиырма жетінші түні) отбасы мүшелерін түнгі намазға жинап, сондайлық бір ұзақ намаз оқыған, тіпті сахабалар сәресіні өткізіп аламыз ба деп ойлаған. Әйткенмен Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұған дейін де, бұдан кейін де бұлай жасамаған. Ол рамазанның аяқталуына жеті, бес және үш күн қалғанда сахабаларымен бірге намаз оқитын. Хадисті әт-Тирмизи жеткізген әрі оны «хасан сахих» санатына жатқызған. Ал басқа мухаддистер оның иснадына «сахих» деп баға берген.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 8. Қажылық Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 645
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге құтпа жасап: «Ей, адамдар, ақиқатында, Аллаһ сендерге қажылықты парыз етті. Сондықтан қажылық жасаңдар», – деді. Бір кісі: «Әр жылы ма, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұраған) еді, (Пайғамбар (с.а.с.) әлгі кісі сұрағын) үш рет қайталағанша үндемеді. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер де «иә» десем, бұл міндетті болып, сендердің шамаларың келмей қалар еді», – деді. Сонан соң ол (с.а.с.): «Мен сендерді жөндеріңе қалдырып тұрғанда, мені жайыма қалдырыңдар. Шын мәнінде, сендерден бұрынғылар сауалдарының көптігі және пайғамбарларымен келіспеулері салдарынан опат болған. Қашан сендерге бір нәрсені бұйырсам, одан шамаларың келгенді орындаңдар. Ал егер бір нәрседен тыйсам, одан бас тартыңдар», – деп айтты», – деген (1337/412).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 646
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Екі умра өз араларында (істелген күнәларға) кәффарат болады. Ал мәбрур қажылықтың қарымта сыйы – тек қана жаннат», – деп айтқан (1349/437). Өзге бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер де саған нақты жауап берсем, бұл сендерге міндетті болып қалар еді. Енді сендер өмірлеріңде бір рет болса да қажылық жасауға міндеттісіңдер. Ал басқа қажылық сендер үшін нәпіл болады», – деген. Мұсылмандар үмбеті, егер адам парыз қажылықтан бөлек тағы да қажылық жасауға нәзір атамаса, үлкен қажылықтың өмірде бір рет парыз екені жөнінде бірауызды келісімге келген (ән-Нәуәуи). Умра – кіші қажылық. Оны жылдың кез келген мезгілінде өтеуге болады. Умрада Минада түнеу, Арафатта тұру, Муздалифаға қону мен шайтанға тас ату секілді рәсімдер орындалмайды. Кейбір ғалымдар умра жасауды «міндетті амалдар» санатына жатқызса, Әбу Ханифа, ән-Нахағи, Мәлик және Әбу Сәур «сүннет» деп есептеген. Үлкен қажылық өтеушілерден басқаларға Арафа күні – құрбандық және ташриқ күндері умра жасауға рұқсат етіледі. Бұл – көпшілік ғалымдардың, солардың қатарында біздің мазһаб ғалымдарының да пікірі. Мәбрур қажылық – мұсылманның Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті бойынша, ешқандай күнәлі іске бармай және қажылық жасаушыларға тыйым салынған істерден сақтана отырып, Аллаһ тағаланың ризалығынан басқа еш нәрсені көздемей өтеген қажылығы. Тағы бір пікірде «бұл – Аллаһ қабыл еткен қажылық» делінген. Қабыл болған қажылықтың белгісі – адамның игі күйде оралып, бұрынғы күнәларын қайталамауы.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 647
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім осы Үйге келіп, әйелімен жақындаспаса және бұзықтық істемесе, анасынан туылғандай болып қайтады », – деді», – деп айтқан (1350/438).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 648
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Қоштасу қажылығынан бұрын, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір әс-Сыддықты басшы етіп тағайындаған қажылық кезінде, ол мені бір топ адаммен бірге жұртқа құрбандық күні: «осы жылдан кейін ешбір мүшрік қажылық жасамайды , жалаңаш адам Үйді тауап етпейді » деп жариялауға жіберді», – деген. Ибн Шиһаб5: «Хумайд ибн Абдур-Рахман6: «Әбу Һурайраның хадисіне орай, құрбандық күні – үлкен қажылық күні », – дейтін», – деп айтқан (1347/435).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 649
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ онда пендені тозақтан көбірек азат ететін Арафа күнінен өткен ешбір күн жоқ. Ол (бұл күні Арафаттағыларға) жақындап, содан кейін олармен періштелерге мақтанып: «Мыналар не қалайды?» – дейді», – деп айтқан (1348/436). Кейбір ғалымдардың айтуынша, мұндағы «әйелімен жақындасу» деп тәржімаланған хадистің арабша мәтініндегі «рафаса» сөзі – әдепсіз сөздер айтуды білдіреді. Яғни күнәдан пәк болып қайтады. Аллаһ тағала: «Ақиқатында, мүшріктер – таза емес, енді осы жылдан кейін олар әл-Харам мешітіне жақындамасын», – деп айтқан (Тәубе, 28). Мұндағы әл- Харам мешіті дегенде бүкіл Харам аймағы меңзелген. Жәһилият дәуірінде кейбір мүшріктер Қағбаны жалаңаш тауап жасайтын-ды. Кейін Ислам шариғаты бұған тыйым салды. Ибн Шиһаб – Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғин, ғұлама, хадис ілімінің білгірі. Хумайд ибн Абдур-Рахман ибн Ауф әл-Құраши – табиғин, хадис жеткізуші. Аллаһ тағала: «Аллаһтан және Оның елшісінен үлкен қажылық күні адамдарға жариялау...» – деп айтқан (Тәубе, 3). Мәлик, әш-Шафиғи және ғұламалардың басым көпшілігі «үлкен қажылық күнін құрбандық күні» деп есептеген. Әл-Бұхаридің риуаятында да үлкен қажылық күнінің құрбандық күні екендігі анық айтылған. Ал басқа ғалымдар «Қажылық – Арафат» деген хадиске сүйеніп, бұл күнді Арафа күні деп санаған. айтады?
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 650
Әли әл-Әздиден (Аллаһ оған разы болсын). Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) оларға (мынаны) үйреткен: Аллаһ елшісі (с.а.с.) сапарға аттанарда түйесіне мінген соң, үш рет («Аллаһу әкбар» деп) тәкбір айтып, сонан соң: «Субханәлләзи саххара ләнә һәзә уә мә куннә ләһу муқринин(ә). Уә иннә илә Раббина ләмунқалибун(а). Аллаһумма, иннә нәс’әлукә фи сәфәринә һәзәл-биррә уәт-тақуа, уә минәл-ъамали мә тарда. Аллаһумма, һаууин ъаләйнә сәфәрана һәзә, уатуи әннә буъдаһ(у). Аллаһумма, Әнтәс-сахибу фис-сәфә­ри, уәл-халифату фил-әһл(и). Аллаһумма, инни әъузу бикә мин уаъсә’ис-сәфәри, кә’әбәтил-манзари, уә су’уил-мунқалаби фил-мәли уәл-әһли уәл-уәләд(и) (Бізге өзіміздің шамамыз келмейтін мұны бағындырған (Аллаһ) пәк! Расында, біз Раббымызға қайтамыз1! Уа, Аллаһ! Біз Сенен осы сапарымызда игілік пен тақуалық және Өзің риза болатын іс-амалдар жасауымызды сұраймыз. Уа, Аллаһ! Бұл сапарымызды бізге жеңіл етіп, біз үшін оның қашықтығын қысқарт. Уа, Аллаһ! Сапардағы жолдасым да, отбасыммен қалған да Өзіңсің! Уа, Аллаһ! Өзіңнен сапардың қиындығы мен жабырқаулы көріністен және мал-мүлік, отбасым мен балаларыма қатысты жаман қайтудан пана сұраймын)!» – деп (дұға қылатын). Ал қайтар кезінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы (сөздерді) айтып, оған: «Ә’ибунә, тә’ибунә, ъабидунә ли-Раббинә хамидун(ә) (Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап әрі Оған мадақ айтып қайтып келеміз)!» дегенді қосатын (1342/425).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 551–600ОглавлениеХадисы 651–700 →