Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтіретін әйелге, қасында әкесі не ұлы, не күйеуі, не бауыры немесе махрамы болмаса, үш күндік әрі одан ұзақ сапарға шығуына рұқсат етілмейді», – деді», – деп айтқан (1340/423).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтіретін әйелге, қасында махрамы болмаса, бір күншілік сапарға шығуына рұқсат етілмейді», – деп айтқан (1339/420). «Зухруф» сүресінің 13-14 аяттарын қараңыз. Яғни: дүниеден озғанымызда Сенің алдыңа қайтамыз, ал бұл біздің ең үлкен сапарымыз болады. Мұнда осы дүниедегі сапар арқылы Ақыреттегі сапарды еске алу керектігі айтылған (Абдур-Рахман әл- Мубаракфури). Махрам – күйеуі немесе шариғат бойынша үйленуге болмайтын жақын туыс адамы.
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) құтпа жасап тұрып: «Ешбір еркек бір әйелмен, қасында махрамы болмаса, оңаша қалмасын. Сондай-ақ ешбір әйел, қасында махрамы болмаса, сапарға шықпасын», – дегенін естідім. Сонда бір кісі орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің әйелім қажылық жасап шықты, ал мен мына, мына жорықтарға жазылып қойған едім», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Барып, әйеліңмен бірге қажылық жаса», – деп айтты», – деген (1341/424). қажылық жасаған (адамның) сауабы
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) әр-Раухада аттылы кісілерді жолықтырып: «Бұл адамдар кімдер?» – деп (сұрайды). Олар: «Мұсылмандар», – деп (жауап береді де): «Өзің кімсің?» – деп (сұрақ қояды. Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһтың елшісімін», – дейді. Сонда бір әйел оған жас баланы көтеріп (көрсетіп): «Мынау үшін қажылық (есептеле ме)?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Иә, ал саған сауап бар», – деп айтқан (1336/409). қажылық жасау
Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Фадл ибн Аббас Аллаһ елшісімен (с.а.с.) (түйе үстінде) мінгесіп отырғанда, хасғам (тайпасынан) бір әйел (Пайғамбарға (с.а.с.)) пәтуа сұрап келді. Фадл ол (әйелге), ал ол (Фадлға) қарай бастады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Фадлдың бетін басқа жаққа бұрып қойды. (Әйел): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ақиқатында, Аллаһтың Өз құлдарына қажылыққа қатысты міндеттеген парызы әкемнің көлік үстінде отыра алмайтын әбден қартайған кезіне тура келді. Енді оның орнына қажылық жасаймын ба?» – деп (сұрады. Әйелдің махрамсыз қажылық сапарына шығуына болмайтыны жөніндегі пікірді Хасан әл-Басри, ән-Нахағи, куфалық фақиһтер, солардың қатарында Әбу Ханифа, сондай-ақ Исхақ, Ахмад және әш-Шафиғи (хабарлардың бірінде) ұстанған. Әр-Рауха – Мәдинадан отыз алты миль қашықтықтағы мекен. Бұл хадис жас баланың қажылығы жарамды, сауапқа ие және ол нәпіл ретінде есепке алынады, бірақ парыз қажылықтың орнына жүрмейді деп айтқан Мәлик, әш- Шафиғи, Ахмад және ғұламалардың басым көпшілігінің пікіріне дәлел болып табылады (ән-Нәуәуи). Ал Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында: «Қажылық жасау шарттарының бірі – балиғат жасына толу» деген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «ал саған сауап бар» дегені қажылық кезінде ана баласы үшін тап болатын қиындықтарға берілетін сауапты білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Иә», – деді. Бұл қоштасу қажылығы кезінде еді», – деп айтқан (1334/407). (әйел) туралы
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Әсмә бинт Умайс ағаш түбінде Мұхаммед ибн Әбу Бәкірді босанғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірге оған ғұсыл құйынуын және ихрамға кіріп, тәлбия айтуын бұйыруды тапсырды», – деп айтқан (1209/109).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдина тұрғындарына Зул-Хуләйфаны , Шам тұрғындарына әл- Жухфаны , Нәжд тұрғындарына Қарн әл-Мәнәзилді , Йемен тұрғындарына Ән-Нәуәуи бұл хадистен бірнеше пайдалы тұжырым шығаруға болатынын айтқан. Мәселен: – мініс көлігі екі адамды көтеретін болса, оған мінгесуге рұқсат етілетіні; – қажеттілік туғанда махрамға жатпайтын бөтен әйелдің сөзін тыңдауға рұқсат етілетіні және оған қажетсіз қарауға тыйым салынатыны; – шамасы келетін адамның шариғат теріске шығарған жайтты қолымен тойтаруы; – қарттық, дәрменсіздік, созылмалы науқас не қайтыс болуы себепті қажылық өтей алмайтын адамның орнына қажылық жасауға рұқсат етілетіні; марқұм өзі үшін қажылық жасауды өсиет етпесе де, оның орнына қажылық өтеуге рұқсат етілетіні; – әйелдің ер адам үшін қажылық өтеуіне рұқсат етілетіні; – ата-анаға олардың қарызын өтеу, орнына қажылық орындау т.с.с. түрде де жақсылық жасау қажеттігі. Ихрамға кіру – қажылық өтеушінің қажылық, умра не оның екеуін де орындауды ниет еткенін жариялап, ихрам киімін киюі және сонымен қатар белгілі бір тыйымдар мен шектеулерге байланысты күйге енуі. Ән-Нәуәуидің айтуынша, хайыз және нифас жағдайындағы әйелге ихрамға кіру рұқсат етіледі. Ал бұл үшін ғұсыл құйыну – мустахаб. Әбу Ханифа, Мәлик және фақиһтердің көпшілігі осылай деп есептеген. Алайда Хасан әл-Басри мен заһирилер, хадистің сыртқы мағынасына сай, мұны міндетті санаған. Қажылық кезінде мұндай жағдайға тап болған әйел Қағбаны тауап ету мен екі ракағат намаз оқудан басқа қажылықтың барлық рәсімдерін орындай береді. Миқат – қажылар ихрамға кіріп, тәлбия айтуды бастайтын жер. Мәдина қаласының оңтүстік-батысынан 10 шақырым жердегі мекен. Мәдина тарапынан қажылыққа келе жатқан адамдар осы жерден бастап ниет етіп, тәлбия айтуға кіріседі. Бұл орын Меккеден 450 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі таңда ол жер «Әбиәр Әли» деп аталады. Мекке мен Мәдинаның шамамен орта тұсында, Рабиғ қаласы маңында орналасқан елді мекен. Бұл жерде Шам (Йордания, Сирия, Палестина, Ливан) және Мысыр тарапынан қажылыққа келе жатқан адамдар ихрамға кіреді. Ол Меккеден 183 шақырым жерде орналасқан. Яләмләмды миқат ретінде белгіледі. Бұл (миқаттар) – осы (айтылған елдердің тұрғындары) үшін әрі оларға басқа жерлерден қажылықты және умраны қалап келгендер үшін . Кім (Меккеге) бұлардан жақын болса, өз елінен (ихрамға кіреді) . Әрі осылай (жалғаса береді). Тіпті Мекке тұрғындары одан (Меккеден ихрамға кіреді) », – деп айтқан (1181/11). Меккенің шығыс жағындағы таудың аты. Нәжд (Сауд Арабиясының орталық және шығыс аудандары) тарабынан қажылыққа келе жатқан адамдар осы жерден ихрамға кіреді. Ол Меккеден 75 шақырым жерде орналасқан. Қазір бұл жер Сәйл әл-Кәбир деп аталады. Меккенің оңтүстігіндегі тау. Ол Меккеден 92 шақырым жерде орналасқан. Йемен тарабынан қажылыққа келе жатқан адамдар осы жерден бастап ихрамға кіреді. Мәселен, Шам өлкесінің тұрғыны қажылық өтеуді қалап, Мәдина қаласына кірсе, оның миқаты одан өтетіндігі үшін Зул-Хуләйфа болып табылады. Ол ихрамға кіруді өзінің негізгі миқаты әл-Жухфаға жеткенге дейін кешіктірмейді. Кешіктірген жағдайда ғұламалардың көпшілігінің пікірі бойынша, ол күнә жасаған саналып, құрбандық шалуға міндеттеледі. Алайда мәлики мазһабында Шам өлкесінің тұрғыны Зул-Хуләйфадан өзінің негізгі миқаты – Жухфаға ихрамнан тыс жағдайда өтсе, бұл оған рұқсат етіледі. Әйтсе де абзалы – керісінше жасау (яғни ихрамға Зул- Хуләйфадан кіру). Ханафи мазһабының өкілдері және шафиғи мазһабынан Әбу Сәур мен Ибн Мунзир де осыны айтқан. Пайғамбардың (с.а.с.) «қажылықты және умраны қалап келгендер үшін» деген сөзінде Меккеге ихрамнан тыс жағдайда кіруге рұқсат етілетініне дәлел бар (Ибн Хажар). Меккеге жақын мекендегі тұрғындар қажылық жасағысы келсе, өз елінен Меккеге ихрамнан тыс жағдайда аттанбайды. Бұл – ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі (ән-Нәуәуи). Сондай-ақ мұндағы тұжырым: әлдекім қажылық өтеуді ниет етпей сапарға шығып, миқат орнынан өткеннен кейін барып қажылық жасауды ойына алса, ол ниет еткен жерінен ихрамға кіреді. Оған миқат орнына қайтып бару міндетті емес (Ибн Хажар). Меккеліктердің ихрамға кіру үшін миқат орнына шығуы қажет емес. Керісінше, олар Меккенің өзінде ихрамға кіреді. Бұл – қажылыққа қатысты үкім. Ал умра жасайтын адамның Харамнан тыс жатқан ең жақын мекенге шығып, сол жерде ихрамға кіруі уәжіп (Ибн Хажар). Әл-Бұхари жеткізген Ибн Аббастың хадисіне орай, ихрам киімін миқатқа дейін не оған жақындағанда, ихрамға кіруге ниет етпей киюге рұқсат етіледі. Мәселен, ұшақта келе жатқандар миқаттан өтіп кетпеуі үшін осылай жасайды. Бірақ ихрамға кіруге тек миқаттан өтерде ниет ету қажет. Қажылық жасау мақсатында миқат орнынан өткенмен, ол жерде ихрамға кірмеген адамға қатысты ғұламалар пікір қайшылығына түскен. Олардың басым көпшілігі ондай адам уәжіп амалды орындамағаны үшін күнә арқалайтынын және құрбандық шалуы міндетті болатынын айтқан. Және де олардың көпшілігінің пікірінше, егер ол миқат орнына қажылық рәсімдеріне кіріспес бұрын қайтса, құрбандық шалу міндеті мойнынан түседі. Әбу Ханифа оның миқат орнына тәлбия айтып қайтуы шарт екенін, Мәлик миқаттан аса ұзап кетпеген болуы шарт екенін, ал Ахмад мұндай жағдайда құрбандық шалу міндеті еш нәрсе арқылы мойыннан түспейтінін айтқан (Ибн Хажар).
Әбу Зубәйрден . Ол Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) ихрамға кіретін орындар жайлы сұрағанда, ол: «Мен оның (ол (бұл сөздің) түп-төркінін Пайғамбарға (с.а.с.) апарып тіреді деп ойлаймын2): «Мәдина тұрғындарының ихрамға кіретін орны – Зул-Хуләйфа, басқа бір жол – әл-Жухфа, Ирак тұрғындарының ихрамға кіретін орны – Зат Ирқ , Нәжд тұрғындарының ихрамға кіретін орны – Қарн, ал Йемен тұрғындарының ихрамға кіретін орны – Яләмләм», – дегенін естідім», – деп айтқанын естіген (1183/18).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ихрамға кірер кезінде ихрамға кіруі үшін, Үйді (Қағбаны) тауап етуінен бұрын ихрамнан шығуы үшін иіссу жақтым», – деп айтқан (1189/32).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) шаш айрығындағы мисктің жылтырағанын (қазір де) көріп тұрғандаймын, ол (бұл кезде) ихрам жағдайында болатын», – деп айтқан (1190/45).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) исраилдіктерден жүзігін мискке малып алған бір әйелді айтқан, ал миск – иіссудың ең хош иістісі (2252/19). Әбу Зубәйр – Мұхаммед ибн Муслим әл-Мәкки, табиғин, хадис жеткізуші. Әл-Бәйһақи жеткізген хадисте (5/27), бұл еш күмәнсіз хадисті жеткізушіден нақыл етілген. Меккеден 94 шақырым жерде орналасқан мекен. Әш-Шафиғидің пікірінше, үлкен қажылық үшін ихрамға кіру уақыттары – шәууәл және зул-қағда айлары мен зул-хижжа айының алғашқы он күні (ән-Нәуәуи). Ал умра үшін жылдың кез келген мезгілінде ихрамға кіруге рұқсат етіледі. Онда талап етілетін бір ғана шарты бар, яғни ол адам үлкен қажылық өтеуші болмауы лазым. Ғұламалардың көпшілігі «мұнда шайтанға тас атып, шаш алдырғаннан кейін орындалатын ифада тауабы туралы айтылған» деген пікірде. Хадисте ихрам жағдайында иіссу пайдалануға тыйым салынғанмен, одан бұрын иіссу жағынудың мустахабтығына сілтеме келген. Ихрам жағдайында адам бойында оның иісі қалуының оқасы жоқ. Сахабалар, табиғиндер және дін имамдары қатарындағы ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі осыған тоғысады (ән-Нәуәуи). Осы және басқа да хадистер мискті денеге және киімге жағуға, сондай-ақ оны сатуға және сатып алуға рұқсат етілетініне дәлел болып табылады. Миск жануардың тәнінен алынатындықтан, ол «жануардың денесінен алынған нәрсе – өлексе саналады» деген қағидадан тыс қарастырылады немесе ол тірі жануардан алынатын сүт не жұмыртқа сияқты рұқсат етілетін үкімге ие (ән-Нәуәуи).
Нафиғтан . Ол: «Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) хош иістенгенде, еш нәрсе араластырылмаған тұтамықпен және кафурмен, оны тұтамыққа араластырып хош иістенетін де: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) осылай хош иістенетін», – деп айтатын», – деген (2254/21).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімге райхан гүлі ұсынылса, оны кері қақпасын. Өйткені ол – алып жүруге жеңіл әрі хош иісті», – деді», – деп айтқан (2253/20).
Сәлим ибн Абдуллаһтан . Ол әкесінің: «Сендердің ол жөнінде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жалған теліп жүрген шөл далаларың – мінеки, осы! Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешіттің жанында ғана ихрамға кірген», – деп, Зул-Хуләйфа (мешітін) нұсқағанын естіген (1186/23). Нафиғ – Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі ғұлама, хадис жеткізуші. Бұл хадис ер адамдардың, әсіресе, олардың жұма және айт күндері, Аллаһты еске алу мәжілістеріне және дәріс үйірмелеріне бару үшін, әйелінің жанында болғанда т.с.с. кездерде хош иістенуі мустахаб екенін нұсқайды. Ал әйелдердің мешітке не басқа да көпшілік орындарға шығарда хош иіс жағынуына болмайды. Ән-Нәуәуидің айтуынша, тіл ғалымдары мұнда «райхан» сөзімен кез келген хош иісті өсімдік меңзелген деп есептейді. Ибн Хажар да осыған басымдық берген. Ал Қазы Ғияд мұнда кез келген хош иіс туралы айтылған деп санайды. Ол бұған дәлел ретінде осылай деп көрсетілген Әбу Дәудтің риуаятын және әл-Бұхари жеткізген: «Пайғамбар (с.а.с.) хош иісті кері қақпайтын» деген хадисті келтірген. Әл-Мунзири де осы пікірді ұстанған. Ибн Хажардың айтуынша, бұл хадистің негізі бір, оның көпшілік риуаятында «хош иіс» деп келген. Сірә, оны «райхан» деп риуаят еткен адам хош иістің барлық түрін меңзеген болса керек. Әрі бұл әт-Табарани, Ибн Аббастан жеткізген: «Кімге хош иіс ұсынылса, оны қабыл алсын» деген хадиспен нақтыланады. Ән-Нәуәуи уәжді себеп болмаса, хош иісті қабылдамау мәкруһ екенін айтқан. Сахаба Абдуллаһ ибн Омардың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің нұсқауынша, мұнда Зул-Хуләйфаға таяу, Мекке тарабында орын тепкен шөл дала айтылған. Ибн Омардың кезінде біреулер Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы жерде ихрамға кірген деп айтып жүрген болатын. Негізінде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зул-Хуләйфа мешіті жанындағы ағаштың түбінде ихрамға кірген.
Ғұбайд ибн Журайжден . (Бірде) ол Абдуллаһ ибн Омарға: «Уа, Әбу Абдур-Рахман! Мен сенің төрт амалды істейтініңді көрдім әрі жолдастарыңнан мұны істейтін ешкімді көрмедім », – дейді. (Ибн Омар): «Ол не (нәрселер), ей, Ибн Журайж?» – деп (сұрайды). Ол: «Сенің (Қағбаның) бұрыштарынан Йемен тарабындағы екеуін ғана сипайтыныңды көрдім, сибти кебіс киетініңді көрдім, сары түспен бояйтыныңды көрдім, сондай-ақ Меккеде болғаныңда басқа адамдар жаңа туған айды көріп ихрамға кіргенде, сенің тәруия күні келгенше ихрамға кірмегеніңді көрдім», – дегенде, Абдуллаһ ибн Омар: «(Қағбаның) бұрыштары (туралы айтсам), мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Йемен тарабындағы екі (бұрышты) ғана сипағанын көрдім. Сибти кебіс (туралы айтсам), Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жүні жоқ кебіс киіп, сонымен дәрет алғанын көрдім , сондықтан мен де оны киюді ұнатамын. Сары түске келсек, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) онымен бояғанын көрдім , сондықтан мен де онымен бояуды ұнатамын. Ал ихрамға кіру (туралы айтсам), Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мініс көлігі жөнелгенше ихрамға кіргенін көрген емеспін », – деп жауап берген (1187/25). Ғұбайд ибн Журайж – табиғин, хадис жеткізуші. Әл-Мазиридің айтуынша, Ибн Омардың жолдастары бұл амалдардың кейбірін орындағанмен, олардың бәрін бірдей орындамаған болуы мүмкін. Мұнда Қағбаның Йемен тарабындағы бұрышы мен қара тас орналасқан бұрышы айтылған. Иленген сиыр терісінен тігілген кебіс. Яғни зул-хижжа айының туғанын. Мұнда зул-хижжа айының 8-күні туралы айтылған. «Тәруия» сөзінің мағынасы «сумен қамдану» дегенді білдіреді. Өйткені адамдар осы күні Меккеде Арафатқа қажетті суларын қамдайтын (ән-Нәуәуи). Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай кебісті дәрет ала салып, су аяғына киетін (ән- Нәуәуи). Ғалымдардың кейбірі Пайғамбарымыз (с.а.с.) сары түске шашын бояғанын айтса, кейбірі киімін бояған деп есептейді. Әл-Мазири мен Қазы Ғияд «мұнда екінші пікірдің ықтималдығы басым» деген пікір білдірген. Өйткені шашты сары түске бояу Әбу Дәуд жеткізген хабарда ғана келген. Онда Ибн Омар, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сақалын сары және запыран түске бояғанын айтқан. Мухаддистер бұл хабарды «сахих» санатына жатқызады. Әл-Бұхари Әнәстен жеткізген хадисте: «(Пайғамбар (с.а.с.)) түйесіне отырып, ол орнынан көтерілген кезде ихрам халіне өтетін»; Жәбирден жеткізген хадисте: «Ақиқатында, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Зул-Хуләйфада ихрамға кіруі түйесі онымен бірге орнынан көтерілген кезде болатын» деп айтылған. Ибн Хажар «бұлай жасау мустахаб амалға жатады» деп есептеген. Әл-Мазиридің айтуынша, Ибн Омар мұнда қияс бойынша амал еткен. Яғни ол ихрамға қажылық амалдарына кірісер кезде кірген, ал зул-хижжаның сегізінші күні қажылар Минаға аттанады. Бұл пікірге имам әш-Шафиғи және мәлики мазһабының кейбір өкілдері басымдық берген. Қазы Ғияд, сахабалар мен ғалымдардың көпшілігі «ихрамға зул-хижжа айының басында кіру
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге ифрад қажылық үшін ихрамға кіріп келдік. Ал Айша умра үшін (ихрамға кіріп) келді. Содан Сариф (мекенінде) болғанымызда (Айшаның) етеккірі басталды. Сөйтіп, біз (Меккеге) келгенімізде Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа (арасында сағи жасадық). Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге, ішіміздегі өзімен бірге құрбандық малы болмағандардың ихрамнан шығуын бұйырды. Біз: «Не нәрседе ихрамнан шығу (керек)?» – деп (сұраған) едік, ол: «Ихрамнан толықтай шығу (керек)», – деді . Сөйтіп, біз әйелдерімізге жақындастық, иіссу жағындық және киімдерімізді кидік. Біз бен Арафа (күнінің) арасында төрт-ақ күн қалған еді. Содан кейін біз тәруия күні ихрамға кірдік. Сонан соң Аллаһ елшісі (с.а.с.) Айшаға кіріп, оның жылап отырғанын көріп: «Саған не болды?» – деп (сұрады). Ол: «Мен хайыз болып қалдым. Адамдар ихрамнан шықты, ал мен ихрамнан да шықпадым, Үйді де тауап етпедім. Адамдар болса енді қажылыққа бара жатыр», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Ақиқатында, бұл – Аллаһ Адамның қыздарына жазған іс. Ғұсыл құйын да, қажылық үшін ихрамға кір», – деді. (Айша) солай жасап, (қажылық кезінде) тоқтайтын орындарда болды. Сөйтіп, тазарған кезінде Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруа (арасында сағи жасады. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Ақиқатында, сен қажылығыңнан да, умраңнан да бірдей босадың», – деді . Сонда (Айша): «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, мен Үйді тауап етпей қажылық жасағаным үшін көңілімде бір кірбің бар», – деген-ді, (Пайғамбар (с.а.с.)): абзал» деп есептегенін айтқан. Ән-Нәуәуи ғұламалардың бірауызды келісімі бойынша екеуіне де рұқсат етілетінін нұсқайды. Мұнда умраны қоспай, жалаң қажылық жасау туралы айтылған. Егер адам қажылық пен умраны қатар орындауға ниет етсе, бұл «қиран қажылық» деп аталады. Ал умра үшін ихрамға кіріп, одан шыққаннан кейін қажылық үшін қайта ихрамға кіру «таматтуғ қажылығы» болып табылады. Олар басында ифрад қажылығын жасауға ниет еткен еді. Кейін Пайғамбар (с.а.с.) өзімен бірге құрбандық малын айдап келмеген адамдарға таматтуғ қажылығын жасауды бұйырған. Бұл әл-Бұхари, Жәбирден жеткізген хадисте анық айтылған (№1568). Ал құрбандық малымен келгендердің ихрамнан шығып, таматтуғ жасауына рұқсат етілмеді (әл-Бұхари, Айшадан жеткізген хадисті қараңыз (№1560)). Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл Айшаның умрасы бұзылмағанына анық дәлел болып табылады. Әрі бұл Айша умра мен қажылықты қосып, қиран қажылығын жасағанын көрсетеді. Қиран қажылығы кезінде Қағбаны бір жолы тауап ету және Сафа мен Маруаның арасында бір жолы сағи жасау жеткілікті. Әш-Шафиғи мен көпшілік фақиһтердің пікірі осыған тоғысады. Ибн Хазм «Хажжат әл-уадаъ» кітабында айтуынша, Айшаның етеккірі зул-хижжа айынан үш күн өткенде басталып, құрбандық күні тазарған. Бұл һижраның 9-жылы қоштасу қажылығы кезінде орын алған оқиға еді. «Ей, Абдур-Рахман1! Онымен бірге барып, оған Танғимнан умра жасат», – деді. Бұл Хасба түні болатын », – деп айтқан (1213/136).
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Зул-Хуләйфа мешіті жанында түйесі орнынан көтерілгенде, оның үстінде отырып ихрамға кіріп: «Ләббәйкә Аллаһумма, ләббәйк(ә). Ләббәйкә, лә шәрикә ләкә ләббәйк(ә). Иннәл-хамда, уән-ниъмәтә ләкә уәл- мулк(ә), лә шәрикә ләк(ә) (Құзырыңдамын, уа, Аллаһ, құзырыңдамын! Сенің серігің жоқ, мен құзырыңдамын! Ақиқатында, мадақ пен нығмет Саған тән және билік те! Сенің серігің жоқ)!» – деп айтатын. Олардың айтуынша, Абдуллаһ ибн Омар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) осы тәлбиясын айтатын. Нафиғ4: «Абдуллаһ осымен бірге: «Ләббәйкә, ләббәйкә, уә саъдәйк(ә). Уәл-хайру бийәдәйк(ә). Ләббәйкә, уәр-рағба’у иләйкә, уәл- амал(у) (Құзырыңдамын, құзырыңдамын, қызметіңе шатпын! Игілік – Сенің қолыңда! Құзырыңдамын, ынта мен амал Саған бағытталады)!» – деп қосатын», – деген (1184/20).
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ол екеуіне (яғни умра мен қажылыққа) бірге: «Ләббәйкә умратан уә хажжан. Ләббәйкә умратан уә хажжан (Міне, мен құзырыңдамын, умра және қажылықты өтеу үшін. Міне, мен құзырыңдамын, умра және қажылықты өтеу үшін)», – деп тәлбия айтқанын естіген (1251/214).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін. Әлбетте, Мәриямның Абдур-Рахман ибн Әбу Бәкір – Айшаның бауыры. Танғим – Меккеден үш миль қашықтықтағы, Харам аймағынан тыс жатқан мекен. Әл-Бұхари Айшадан жеткізген хадисте (№1560) бұл күннің зул-хижжа айының он үшінші күні болғаны айтылған. Мұхаммед Азим Әбәди «Аун әл-Маъбуд» кітабында бұл түннің ташриқ күндерінен кейінгі түн екенін көрсеткен. Осы түні қажылар Мухассабқа тоқтаған. Мина мен Мекке аралығында орын тепкен аталмыш жазық Хасба немесе Абтах деп те аталады. Нафиғ – Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі ғұлама, хадис жеткізуші. Тәлбия дауыстап айтылады. Халлад ибн Сәиб әкесінен жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Маған Жәбірейіл келіп, сахабаларыма тәлбия айту кезінде дауыстарын көтеруді бұйыруымды тапсырды», – деген (Ахмад, Әбу Дәуд, әт- Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Әт-Тирмизи мен Ибн Хиббан мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Біздің мазһаб ғалымдарының «Жамиъ әр-румуз» атты еңбегінде тәлбия кезінде дауысты көтерудің абзал екендігі айтылған. Ал әйел адамдар тәлбияны өздері еститін дәрежеде айтады. ұлы әр-Рауха ойпатында қажылыққа не умраға немесе екеуіне бірге тәлбия айтады», – деген (1252/216).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге ифрад қажылық үшін тәлбия айттық (басқа бір риуаятта: Аллаһ елшісі (с.а.с.) ифрад қажылық үшін тәлбия айтты)», – деген (1231/184).
Бәкір ибн Абдуллаһтан . Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың (с.а.с.) қажылық және умраға бірге тәлбия айтқанын естідім», – деген. Бәкір айтады: «Мен мұны Ибн Омарға айтқанымда, ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) қажылықтың өзіне ғана тәлбия айтты», – деді. Сосын Әнәсті жолықтырып, оған Ибн Омардың сөзін айтқан едім, Әнәс: «Сендер бізді жас бала санайсыңдар! Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Міне, мен құзырыңдамын, умра және қажылықты өтеу үшін», – деп айтқанын естідім», – деді» (1232/185).
Имран ибн Хусайннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге таматтуғ қажылығын жасадық және оған қатысты Құран түспеген . Ал бір кісі өз пікірімен қалағанын айтты », – деген (1226/170). Бұл жайт ақырзаман келіп, Иса пайғамбар (аләйһис-сәләм) көктен жер бетіне түскенде орын алады. Әбу Бәкір әл-Харисидің айтуынша, аталмыш ойпат Мәдина мен Меккенің арасында орналасқан. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Бәдір жорығында, Меккені бағындырған сапарында және қоштасу қажылығында осы ойпаттан өткен (ән- Нәуәуи). Бәкір ибн Абдуллаһ әл-Музани – табиғин, хадис жеткізуші. Басқа риуаяттарда Имран ибн Хусайн: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге бұған тыйым салмады және оның күшін жоймады»; «(Аллаһ) оны мансұқ ететін аят түсірмеді және Пайғамбар (с.а.с.) да Оның алдына аттанғанша бізге бұған тыйым салмады», – деп айтқан. Бұл Омар (Аллаһ оған разы болсын) болатын. Одан кейін мұндай пікірді Осман мен Ибн Зубәйр (Аллаһ оларға разы болсын) ұстанған. Қазы Ғияд және басқалардың айтуынша, Омар мен Осман қажылықты тоқтатып, оны умраға айналдыруды құптамағанмен, қажылықты умрамен қатар өтеуге қарсы болмаған. Яғни олар
Имран ибн Хусайннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) таматтуғ қажылығын жасады 1, біз де онымен бірге таматтуғ қажылығын жасадық», – деп айтқан (1226/171).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге: «Міне, мен құзырыңдамын, қажылықты өтеу үшін» деп келдік. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге оны умра етуімізді бұйырды», – деп айтқан (1216/146). ихрамға кірген (адам) жайлы
Мұса ибн Нафиғтен . Ол: «Мен Меккеге тәруия (күнінен) төрт күн бұрын таматтуғ қажылығын жасап келдім. Адамдар (маған): «Енді сенің қажылығың меккелік болады», – деді. Сонда мен Ата ибн Әбу Рабахқа одан пәтуа сұрай кірдім. Ата: «Маған Жәбир ибн Абдуллаһ әл-Ансари (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге ол өзімен құрбандық малын айдап келген жылы қажылық жасағанын айтты. Олар ифрад қажылық үшін ихрамға кірген-ді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ихрамдарыңнан шығыңдар. (Бұл үшін әуелі) Үйді тауап етіп, Сафа мен Маруа (арасында сағи жасаңдар) және шаштарыңды қысқартыңдар да, ихрамнан тыс халде тұра беріңдер. Сөйтіп, тәруия күні болғанда, қажылық үшін ихрамға кіріңдер. Ал (ниет етіп) келген (қажылықтарыңды) таматтуғ етіңдер», – дейді. Олар: «Оны қалай таматтуғ етеміз, (оны) қажылық деп атап қойдық қой?!» – дейді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендерге бұйырғанымды орындаңдар. Егер де құрбандық малын айдап келмегенімде, мен де сендерге бұйырғанымдай жасар едім. Алайда мен таматтуғ қажылығын жасауды құптамаған. Бірақ олар бұған тыйым салынатынын меңземеген, тек умра мен қажылықты жеке-жеке өтеу абзал деп есептеген. Әйтсе де ғұламалар ифрад қажылығына да, таматтуғ қажылығына да, қиран қажылығына да рұқсат етілетіндігіне бірауыздан келіскен. «Бақара» сүресінің 196-аятында таматтуғ қажылығын өтеуге рұқсат етілген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында таматтуғ қажылығының ифрад қажылықтан абзал екендігін айтқан. Сонымен қатар бұл – имам Әбу Ханифаның да пікірі. Мұнда Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қиран қажылығын жасағаны айтылған. Өйткені басқа хадистерде оның қиран қажылығын жасағаны анық көрсетілген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезінде өзімен бірге құрбандық малын айдап әкелгендіктен ихрамнан шықпаған. Осы кітаптағы 664-хадистің түсіндірмесін қараңыз. Мұса ибн Нафиғ – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Ата ибн Әбу Рабах – табиғин, Мекке ғұламасы, хадис жеткізуші. құрбандық малы орнына жеткенше ихрамнан шыға алмаймын », – дейді. Сөйтіп, олар осылай жасаған», – деп айтты», – деген (1216/143). аяқтауға қатысты бұйрық
Әбу Мұсадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Батхаға аялдаған кезінде келдім. Ол: «Сен не нәрсе үшін ихрамға кірдің?» – деп (сұрады). «Пайғамбар (с.а.с.) ихрамға кірген нәрсе үшін ихрамға кірдім», – дедім. «Құрбандық малын айдап келдің бе?» – деп (сұрады). «Жоқ», – дедім (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ендеше, Үйді тауап етіп, Сафа мен Маруа (арасында сағи жаса), сосын ихрамнан шық », – деп (бұйырды). Сөйтіп, мен Үйді тауап етіп, Сафа мен Маруа (арасында сағи жасадым). Содан кейін қауымымнан бір әйелге келдім, ол менің шашымды тарап, басымды жуып берді . Содан мен Әбу Бәкірдің билігі тұсында және Омардың билігі тұсында адамдарға осылай пәтуа беріп жүрдім. (Бірде қажылық) маусымы кезінде маған бір кісі келіп: «Сен мүміндердің әміршісінің қажылық рәсімдері мәселесіне не жаңалық ендіргенін білмейсің ғой», – деді. Мен: «Ей, адамдар, біз кімге бір амалда пәтуа берген болсақ, асықпасын. Міне, сендерге мүміндердің әміршісі келе жатыр. Сендер соған ілесіңдер (ұйыңдар)», – дедім. (Омар) келген соң: «Уа, мүміндердің әміршісі! Қажылық рәсімдері мәселесіне ендірген мына жаңалығың не?» – деп (сұрадым. Сонда Омар): «Егер Аллаһтың кітабын ұстансақ, ақиқатында, Аллаһ тағала: «Қажылық және умраны Аллаһ үшін аяқтаңдар» , – деді. «Бақара» сүресінің 196-аятын қараңыз. Әбу Ханифа, Мәлик, әш-Шафиғи және басқа да ғалымдар «(осы хадистегідей) қажылықты умраға айналдыра (таматтуғ қажылығын жасау) осы жылы сахабаларға ғана тән болған үкім» деп санаған. Бұл жәһилият кезіндегі қажылық айларында умра жасауға тыйым салынады деген қате түсінікті жою үшін жасалған еді. Ал Ибн Аббас, Ахмад, Ибн Хазм мен өзге заһирилер, сондай-ақ кейбір мухаддис ғалымдар «бұл Қиямет күніне дейін барлық үмбетке қатысты» деп есептеген. Сурақадан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Бұл тек осы жылға ғана қатысты ма әлде әрдайым ба?» – деп сұрағанда, ол: «Әрдайым, әрдайым», – деп жауап берген (Әбу Дәудтің «Сахихін» (№1568, 1571) және осы кітаптағы 711- хадисті қараңыз). «Қажылықты умраға айналдыру – сол жылы сахабаларға ғана тән болған үкім» деп есептегендер бұл хадисті «қажылық айларында умра жасауға әрдайым рұқсат етіледі» деп түсіндірген. Алайда Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында жауап жалпы мағынада қайтарылғанмен, мұнда сұрақ қажылықты умраға айналдыру жайлы қойылғанын айтқан. Мұнда қажылықты умраға айналдырып, ихрамнан шығу туралы айтылған. Басқа бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Сен жақсы жасағансың», – деп айтқан. Мұнда шашты қысқарту жайлы айтылмай қалған. Себебі бұл оларға айтпаса да белгілі болған немесе ол «ихрамнан шық» деген сөзде қамтылған (ән-Нәуәуи). Бұл әйел Әбу Мұсаның махрам-туысы болса керек (ән-Нәуәуи). «Бақара» сүресі, 196-аят. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетін ұстансақ, Пайғамбар (с.а.с.) құрбандық малын шалғанша ихрамнан шықпаған», – деп айтты », – деген (1221/155).
Әбу Заррдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Қажылықта таматтуғ жасау Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабаларына ғана тән болды», – деп айтқан (1224/160). құрбандық шалу
Нафиғтан . Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бүлік кезінде умра жасай шығып4: «Егер маған Үйге (баруға) кедергі жасалса, Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге (болған кезімізде) жасағанымыздай жасаймыз», – деді . Сөйтіп, ол (жолға) шығып, умра үшін ихрамға кірді. Жүре отырып, шөл далаға жеткенінде, жолдастарына бұрылып: «Бұл екі істің жайы бір. Өзіме қажылықты умрамен қоса орындауды міндеттегеніме сендерді куә етемін», – деді . Сөйтіп ол (жолға) шығып, Үйге келгенінде, оны жеті рет тауап етіп, Сафа мен Маруа арасында жеті Омар (Аллаһ оған разы болсын) аталмыш аятты және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) амалын осылай түсіну керек деп есептеген. Бұған қатысты мәселелер жоғарыдағы хадистер мен олардың түсіндірмесінде айқындалған-ды. Бұл мәселе жоғарыда талданған болатын. Әс-Синди «Сунән Ибн Мәжәһқа» жазған түсіндірмесінде ғұламалардың көпшілігінің мұнымен келіспейтінін айтқан. Тіпті кейбір мухаддистердің нұсқауынша, ғұламалар бұлай емес екені жөнінде бірауызды келісімге тоқтаған. Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі фақиһ, хадис жеткізуші. Хадистің түрлі риуаяттары бойынша, бұл Абдуллаһ ибн Зубәйр мен Хажжаждың арасындағы қақтығыс кезінде орын алған. «Муатта» кітабындағы риуаятта Ибн Омардың әуелі қажылық жасауды қалап, содан кейін умра үшін ихрамға кіргені айтылған (Ибн Хажар, «Фатх әл-Бәри»). Ибн Омар Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Худайбия жылында жасағандары сияқты ихрамнан шығатынын айтқан. Бұл қажылықты өтеу кезінде кедергі туындаған жағдайда осылай жасауға рұқсат етілетінін көрсетеді. Яғни қажылық пен умраның. Бұдан қажылық пен умраның кедергі туындаған жағдайда ихрамнан шығуда бір үкімге ие екендігін білеміз. Ибн Омар мұны умраға қияс жасай отырып айтқан. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) Худайбияда умраның ихрамынан шыққан еді. Демек, қияс жасауға болатын үкімдерде осылай үкім шығаруға рұқсат етіледі (ән-Нәуәуи). Бұған ниет етудің өзі жеткілікті болар еді. Бірақ Ибн Омардың жолсеріктерін куәға тартуының себебі – ол мұны өзіне ілесуді қалайтындарға білдіргісі келген-ді (ән- Нәуәуи). рет (сағи жасады) және бұған (еш нәрсе) қоспады. Әрі осыны өзіне жеткілікті санап, құрбандық шалды (1230/180).
Сәлим ибн Абдуллаһтан . Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезінде умраны қажылыққа біріктірді және құрбандық малын өзімен бірге Зул- Хуләйфадан айдап келіп, құрбандық шалды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) әуелі умра үшін ихрамға кірді, сосын қажылық үшін ихрамға кірді . Адамдар да Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге умраны қажылыққа біріктірді. Адамдардың ішінде құрбандық шалуға мал айдап келгендері де, сонымен бірге құрбандық шалуға мал айдап келмегендері де болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккеге келгенде, адамдарға: «Сендерден кім құрбандыққа мал айдап келген болса, оған қажылығын өтеп болғанша тыйым салынған істердің ешқайсысы рұқсат етілмейді. Ал кімде-кім құрбандыққа мал айдап келмесе, Үйді тауап етіп, Сафа мен Маруа (арасында сағи жасасын) және шашын қысқартып , ихрамнан шықсын. Содан кейін қажылық үшін ихрамға кірсін және құрбандық шалсын . Ал кім құрбандық шалуға Сафа мен Маруаның арасында сағи жасау жеті шауттан тұрады. Яғни Сафадан Маруаға дейін жүру – бірінші шаут, Маруадан Сафаға дейін жүру екінші шаут болып есептеледі. Олардың арасында сағи жасау Сафадан басталып, Маруада аяқталады. Ән-Нәуәуи бұл хадистен мынадай тұжырымдар шығаруға болатындығын айтқан: – умраны қажылыққа немесе қажылықты умраға қосып, қиран қажылығын жасауға рұқсат етілетіні; көпшілік фақиһтердің пікірі осында түйіседі; – қиран қажылығын өтеуші адамға қажылық әрі умра үшін жеті айналымнан бірреттік тауап етіп, Сафа мен Маруаның арасында жеті шауттан бір реттік сағи жасау жеткілікті болатыны. Абдуллаһ ибн Омардың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Жоғарыда айтылғандай, негізінде, Пайғамбар (с.а.с.) әуелі қажылық жасауға ниет етіп, содан кейін оған умраны қоса өтеуді қалаған. Яғни ол (с.а.с.) тәлбия сөзін әуелі умра үшін, содан кейін қажылық үшін айтқан. Таматтуғ қажылығы кезінде умра ихрамынан шыққанда, шашты қырмай, қысқарту сүннет. Ал қажылық ихрамынан шыққанда шашты қыру керек. Мұнда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әуелі үш рет: «Уа, Аллаһ! Шашын қырдырушыларды кешіре гөр!» – деп, сосын барып бір рет: «қысқартушыларды да», – дегені таматтуғ қажылығына емес, қажылық пен умраны жеке-жеке өтеушілерге немесе қиран қажылығын жасаушыларға қатысты. Таматтуғ жасаған адам қажылықтың ихрамына умра ихрамынан шыға сала емес, тәруия күні кіреді. Таматтуғ қажылығы кезінде құрбандық шалу міндет. Ән-Нәуәуидің айтуынша, шафиғи мазһабының өкілдері таматтуғ қажылығы кезінде құрбандық шалуға төрт шарт қойылатыны жөнінде бірауызды келісімде болған: 1) умра үшін ихрамға кірудің қажылық айында болуы; 2) умрадан кейін қажылықтың осы жылы жасалуы; мал таппаса , қажылық кезінде үш күн, үйіне оралған соң жеті (күн) ораза тұтсын », – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккеге келгенінде, (Қағбаны) тауап етіп, ең әуелгі ісі: бұрышты сипады. Содан кейін ол жеті айналымның үшеуінде жылдамдата, ал (қалған) төрт айналымда баяу жүріспен жүрді. Үйді тауап етіп болған соң, (Ибраһимнің) мақамы жанында екі ракағат намаз оқыды да, сәлем беріп, (намазын) аяқтады. Сөйтіп, Сафаға келіп, Сафа мен Маруаның (арасында) жеті рет сағи жасады. Содан кейін де ол қажылығын өтеп бітіп, құрбандық күні құрбандық малын шалғанша өзіне тыйым салынған амалдың ешқайсысында ихрамнан шықпады. Сосын Үйді тауап етті де, өзіне тыйым салынған барлық амалда ихрамнан шықты. Адамдардан мал айдап келіп, құрбандық шалғандар да Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жасағанындай жасады», – деп айтқан (1227/174).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге қоштасу қажылығы жылы (Мәдинадан) шықтық. Біздің арамызда умра үшін ихрамға кіргендер, сондай-ақ біздің арамызда қажылық үшін ихрамға кіргендер болды. Сөйтіп, Меккеге келгенімізде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім умра үшін ихрамға кіріп, құрбандық малын айдап келмесе, ихрамнан шықсын. Кімде-кім умра үшін ихрамға кірсе және құрбандық малын айдап келсе, құрбандық малын шалғанша ихрамнан шықпасын. Ал кім қажылық үшін ихрамға кірсе, қажылығын аяғына жеткізсін», – деді»; Айша: «Сонда менің етеккірім келіп, Арафа күніне дейін хайыз болып жүргендіктен, умра үшін ғана ихрамға кірдім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған шашымды тарқатып, тарауымды және қажылық үшін ихрамға кіріп, умраны тоқтата тұруымды бұйырды. Сөйтіп, мен қажылығымды өтеп болғанша осылай жасадым. (Содан кейін) Аллаһ елшісі (с.а.с.) менімен бірге 3) қажылық өтеушінің Меккедегі Харам аймағының тұрғыны болмауы; 4) қажылық өтеушінің қажылық ихрамына кіру үшін миқатқа қайтпауы. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда жеткілікті қаржысының болмауы немесе құрбандық малы құнының әдеттегіден бірнеше есе қымбаттап кетуі себепті құрбандық шалмаған адам меңзелген. «Бақара» сүресінің 196-аятын қараңыз. Аталмыш оразаның үш күнін құрбандық күніне дейін тұту міндет. Мұндай жағдайда Арафа күні де ораза ұстауға рұқсат етіледі (осы кітаптағы нәпіл оразалар жайлы тарауларды қараңыз). Ән-Нәуәуидің пікірінше, қажылық өтеуші бұл оразаны қажылық кезінде тұтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны үйіне оралған соң тұтуы тиіс. Оған ташриқ күндері ораза ұстауға да рұқсат етіледі. Мәлик, әл-Аузағи, Исхақ және әш-Шафиғи (хабарлардың бірінде) осындай пікір білдірген. Олар бұған дәлел ретінде әл-Бұхари, Ибн Омар мен Айшадан жеткізген хадисті келтіреді. Онда: «Ташриқ күндері құрбандық шала алмағандарға ғана ораза тұту рұқсат етілетін» деп айтылған. Яғни қара тас орналасқан бұрышты. Осы кітаптағы 700-702 хадистерді қараңыз. Абдур-Рахман ибн Әбу Бәкірді жіберіп, қажылықпен бірігіп кетіп, ихрамнан шықпаған умрамның орнына Танғимнан умра жасауымды бұйырды», – деп айтқан (1211/112).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Дубаға бинт Зубәйр ибн Абдулмутталиб Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Мен салмағы ауыр әйелмін және мен қажылық жасауды қалаймын. Маған не бұйырасың?» – дегенде, ол: «Қажылық үшін ихрамға кір және «(Уа, Аллаһ!) Өзің мені тоқтатқан жерде ихрамнан шығамын» деп шарт қой», – деді. Ол: «Сөйтіп, ол (межесіне) жетті », – деп айтқан (1208/106). Хадистің басқа бір риуаятында Айша басында ниет еткен умрасының ихрамынан шықпай тұрып, қажылық ихрамына кіргендігі айтылған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, қажылықты өтей салып умра жасау етеккірі келуі себепті умрасын өтей алмаған әйелдерге ғана рұқсат етіледі. Яғни мерзімінен бұрын ихрамнан шықпай, қажылығын толық орындады. Қажылық не умраны орындаудың алдында осындай шарт қою жөнінде пікір қайшылығы орын алған: 1) Омар, Әли, Ибн Масғұд және басқа сахабалар мен табиғиндер, сондай-ақ Ахмад, Исхақ, Әбу Сәур және шафиғи мазһабының өкілдері «бұған рұқсат етіледі» деп есептеген. 2) Әбу Ханифа, Мәлик және кейбір табиғиндер «бұған рұқсат етілмейді» деген пікір білдіріп, қарастырылып отырған хадистің Дубаға бинт Зубәйрге ғана қатыстылығын айтқан. Қажылық өтеуші мұндай шарт қоймаған жағдайда ихрамнан шығуына бола ма деген мәселе тұрғысында да пікір қайшылығы бар: 1) Ән-Нәуәуи «науқастанып қалған адам мұндай шарт қоймаған жағдайда ихрамнан шыға алмайды» деген пікір білдірген. 2) Икрима ибн Хажжаж ибн Амр әл-Ансаридің нақыл етуінше, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер қажылық өтеуші аяғын сындырып алса не ақсап қалса, ихрамнан шығып, қажылықты келесі жылы өтеуі қажет», – деген. Икрима бұл жайлы Ибн Аббас пен Әбу Һурайрадан (Аллаһ оларға разы болсын) сұрағанда, екеуіне мұның сенімділігін нақтылаған. Бұл хадисті Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән- Нәсәи және Ибн Мәжәһ жеткізген әрі әт-Тирмизи оны «хасан» хадис санатына жатқызған. Тіпті кейбір мухаддистер оған «сахих» деп те баға берген. Ал Әбу Дәудтің риуаятында (№1863) «науқастанып қалса» деген қосымша бар. Алайда әл-Бағауи «Шарх әс-сунна» кітабында айтуынша (7/288), кейбір ғалымдар бұл хадисті Дубаға бинт Зубәйрдің хадисіне үйлестіріп, қажылық өтеуші ихрамға осындай шартпен кірген жағдайда деп түсіндірген. 3) Кейбір ғалымдардың айтуынша, егер адам осындай шарт қойып, нәпіл қажылық жасаса, ихрамнан шығады және оған бұл қажылықтың қазасын өтеу міндет емес. Ал егер ол мұндай шарт қоймаса, бірнеше рет нәпіл қажылығын жасаған болса да, бұл қажылықтың қазасын өтеуге әрі ихрамнан шыққаны үшін кәффарат шарасын орындауға міндетті. ихрамға кірген (адам)
Яғла ибн Умәййәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Жиғранада болған кезінде Пайғамбарға (с.а.с.) үстіне жубба (киген) және бойында халуқтың табы (сары дақ) бар бір кісі келіп: «Умрамда қалай жасауымды бұйырасың?» – деді. (Сол кезде) Пайғамбарға (с.а.с.) уахи түсірілді де, оны киіммен қалқалап қойды», – деген. Яғла: «Пайғамбарды (с.а.с.) оған уахи түскен кезде көрсем ғой!» – деп айтып жүретін. Ол айтады: «Ол (маған): «Пайғамбарға (с.а.с.) оған уахи түсіп жатқан кезде қарауың сені қуандыра ма?» – деді. Сөйтіп, Омар киімнің шетін көтерді де, мен оған қарадым. Ол ырсылдап жатыр екен ((Хадисті жеткізуші): «Ол: «жас түйенің ыңырсығанындай», – деп айтты деп ойлаймын», – деген). Айыққан соң (Пайғамбар (с.а.с.)): «Умра жайлы сұрақ қойған адам қайда? Бойыңнан сары дақты (немесе ол: «халуқтың табын», – деп айтқан) жу да, жуббаңды шешіп, қажылығыңда не істейтін болсаң, умраңда да соны істе », – деді» (1180/6). керек
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі Аллаһ елшісінен (с.а.с.) ихрам жағдайындағы адам қандай киімдер киетінін сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Көйлек, сәлде, шалбар, бурнус және мәсі кимеңдер. Тек біреу кебіс таппаса, мәсі киіп, оны тобықтан төмен етіп Жубба – ер адамның ұзын көйлек секілді киімі. Зағыпыран қосылатын иіссу түрі. Мекке мен Таифтың арасындағы ойпат. Яғни Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын). Яғни умрада орындалмайтын амалдардан (Арафатта тұру, Мина және Муздалифада түнеу, жамаратқа тас ату т.с.с.) басқа, қажылықта не істелетін болса, соны істе. Ән-Нәуәуи бұл хадистен мынадай қорытындылар шығарады: – ихрам жағдайындағы адамның иіссу жағынуына тыйым салынатыны; – ер адамдарға ихрам киімінен басқа киім киюге тыйым салынатыны; – ұмыту не білмеуі себепті иіссу жағынған адамның біле сала оны жууға асығуы; – мұндай жағдайда адамның кәффарат шарасын орындауы тиіс еместігі; бұл жайлы Ата, әш-Шафиғи, Исхақ, Дәуд және әс-Сәури айтқан; – мұндай жағдайда ихрам киімінен басқа киімдерді шешіп тастау керектігі; ғұламалардың көпшілігі осындай тұжырымға келген; – қазы не пәтуа шығарушы сұрақтың жауабын білмеген жағдайда, білімін толықтырмайынша оған жауап бермеу керектігі. Бурнус – бас жамылғысы бар киім. (қонышын) кесіп тастасын. Сондай-ақ зағыпыран және сары ағаш тиген киімдерді кимеңдер», – деп айтқан (1177/1). Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар қажылық өтеушінің ихрам жағдайында осы хадисте айтылған киімдерді киюіне болмайтыны жөнінде бірауызды келісімге келген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы киімдер арқылы осыған ұқсас басқа киімдерді де меңзеген. Мәселен: 1) Көйлек және шалбар секілді бүкіл денені немесе оның бір бөлігін жабатын (қолғап т.с.с.) тігілген киімдерге рұқсат етілмейтіні нұсқалған. Мұндағы тігілген киімге қатысты тыйымда оны дененің арнайы бір бөлігіне кию меңзелген. Ал, мәселен, көйлекті оранып алар болса, оның оқасы жоқ. 2) Сәлде және бурнус секілді тігілсін-тігілмесін басты жабатын барлық нәрселерге тыйым салынатынын меңзеген. Тіпті жарақатқа немесе бас ауырғанда таңылатын шүберекке де рұқсат етілмейді. Осы тұрғыда әл-Хаттаби: «(Пайғамбар (с.а.с.)) әдеттегі және әдеттен тыс жағдайдың барлығында басты жабуға рұқсат етілмейтінін көрсету үшін сәлде мен бурнусты бірге атаған. Әдеттен тыс жағдайлардың бірі – себетті басқа қойып алу», – деп айтқан. Ибн Хажар мұны нақтылай, егер ол адамның себетті баскиім киген сияқты басына қойып алуын меңзесе, онда айтқаны дұрыс екенін, ал егер оны қажеттілік үшін, жүкті көтеру мақсатында басына қойса, мұның зияны жоқтығын көрсеткен. Сол сияқты суға сүңгудің де, басты қолмен қалқалаудың да зияны жоқ. 3) Мәсі арқылы байпақ, шұлық т.с.с. аяқты тобықпен қоса жауып тұратын киімдерді меңзеген. Егер тобықты жаппайтын аяқкиім табу мүмкін болмаса, Әбу Ханифа, Мәлик, әш-Шафиғи және көпшілік ғалымдардың пікірінше, осы хадиске орай, мәсіні тобықтан төмен етіп кесіп киюге рұқсат етіледі. Хадистің сыртқы мағынасы кебіс таппай мәсі киген жағдайда өтем төлеудің керегі жоқтығын көрсетеді. Ал ханафи мазһабы бойынша мұндай жағдайда өтем төлеу уәжіп. Аталмыш мәселелер тек ер адамдарға қатысты. Ал әйелдер беті мен қолдарының білезіктен төменгі бөлігінен басқа барлық денесін жауып тұратын киімдер киюі тиіс. Оларға қолғап және бетперде киюге рұқсат етілмейді. 4) Зағыпыран және сары ағаш тиген киім арқылы Пайғамбар (с.а.с.) барлық иіссуларға тыйым салынатынын астарлап жеткізілген. Сары ағаш – сары түсті хош иісті өсімдік, онымен киім бояйды (запырангүл де сондай). Бұл тыйым ер адамдарға да, әйелдерге де ортақ. Кейбір ғалымдар Пайғамбардың (с.а.с.) «тиген» деген сөзін ихрам жағдайындағы адамға түгелдей не кейбір бөлігі боялған киімді, оның иісі кетсе де, киюге тыйым салынатынына дәлелге тартқан. Алайда ғұламалардың басым көпшілігі «боялған киім жуылып, исі кеткен жағдайда оны киюге рұқсат етіледі» деп түйген. Ихрам жағдайында басқа киімдер кимей, тек қана ихрам киімін киюдің сыры: оның кебінді және өлімге қатысты нәрселерді, сондай-ақ адамдар жалаңаяқ, жалаңаш күйде жиналатын Қиямет күнін еске түсіретіндігінде. Ал иіссуға және әйелімен жақындасуға қатысты тыйым қажылық өтеушіні сәнденуден әрі пәни дүниенің қызықтарынан бас тартуға итермелейді. Қажылық өтеушіге ихрам жағдайында төмендегі амалдарды орындауға тыйым салынады: 1) аталмыш киімдерді кию; 2) иіссу жағыну; 3) денедегі түктерді қыру не жұлу және тырнақ алу;
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) құтпа жасап тұрып: «Шалбар – изар таппағандар үшін, ал мәсі – кебіс таппағандар үшін », – деп, ихрам жағдайындағы адамды меңзегенін естідім», – деп айтқан (1178/4).
Сағб ибн Жәссәмә әл-Ләйсиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Абуада (немесе Уадданда) құлан сыйлағанда , Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны қабылдамай, өзіне қайтарып берген. (Сағб): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жүзімдегі (ренішті) көргенде: «Негізінде, оны өзіңе ихрамда болғанымыз үшін ғана қайтарып бердік», – деді», – деген (1193/50).
Таус , Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) (риуаят етеді). Ол: «Зәйд ибн Арқам келгенде, Абдуллаһ ибн Аббас оған есіне 4) шашты және сақалды майлау; 5) әйелімен жақындасу не онымен аймаласу, құшақтасу т.с.с. 6) аң аулау және өздігінен өсіп шыққан ағаш-бұталарды жұлу, сындыру. Қажылық өтеуші ихрам жағдайында біле тұра тыйым салынған киімдерді кисе не иіссу жағынса, өтем төлеуі (үш күн ораза тұтуы не алты міскінді үш сағ мөлшеріндегі азықпен тамақтандыруы немесе құрбандыққа бір қой шалуы) міндет болып табылады. Ал ол мұны ұмытуы себепті істеп қойса, өтем төлемейді. Әс- Сәури, әш-Шафиғи, Ахмад және Исхақтың пікірлері осындай. Аталмыш тыйымдардың ішінде әйелмен жақындасу ғана қажылықты толығымен бұзады, Ал қалғандары өтем төлеуді талап етеді. Ибн Хажардың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұнда «таба алмау» деп өзінде болмауы немесе оны сататын не жалға беретін адам болғанның өзінде қолындағы бар ақшасының жұмсалып кетуінен сақтануы және сатып алуға шамасы келмеуі сияқты себептермен табуға мүмкіндігі болмаған жағдайды меңзеген. Сондай-ақ тым жоғары бағаға сатылатын болса, оны сатып алуға міндетті емес немесе оған біреу сыйлыққа ұсынған болса да, оны алу міндетті саналмайды. Ал біреудің оны кие тұруға беруі бұдан тыс қарастырылады. Мекке мен Мәдина арасындағы жердің атауы (ән-Нәуәуи). Бұған қатысты екі пікір айтылған: 1) Әл-Бұхари бұл хадисті «Ихрам жағдайындағы адамға біреу тірі құланды сыйға тартса, ол алмауы керек» деген тарауда келтірген. Мұны Мәлик те осылай түсіндірген. Яғни Сағб құланды жаралап, Пайғамбарымызға (с.а.с.) оны тірі күйінде әкелгені меңзелген. 2) Муслимнің риуаяттары құланның бауыздалып, тірі болмағанын әрі Пайғамбарымызға (с.а.с.) оның етінің түгелдей емес, бір бөлігі сыйланғанын көрсетеді. Алайда әш-Шафиғи «Умм» кітабында «құланның тұтастай сыйланғаны жайлы риуаяттар оның бір бөлігі сыйланғаны жайлы риуаяттарға қарағанда күштірек» деген пікір келтірген. Тіпті әт-Тирмизи құланның бір бөлігінің сыйланғаны жайлы риуаяттар сахихтік санаты жоғары риуаяттарға қарама-қайшы келетін «шаз» деңгейінде екенін айтқан (қ.: «Фатх әл-Бәри»). салуын сұрап: «Сен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ихрамда болған кезінде сыйланған аң еті жайлы маған қалай хабарлап едің?» – деді. (Сонда Зәйд): «Оған аң етінің бір бөлігі сыйланғанда, ол оны кері қайтарып: «Негізінде, біз ихрам жағдайында мұны жемейміз», – деді», – деп айтты», – деген (1195/55). аң еті жөнінде
Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) қажылық жасап шықты, біз де онымен бірге аттандық», – деген. (Хадисті жеткізуші) айтады: «Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) арасында Әбу Қатада бар сахабалардың кейбірін (басқа жаққа) бағыттап: «Менімен жолыққанша теңіз жағалауымен жүріңдер», – дейді. Сөйтіп, олар теңіз жағалауымен жүре отырып, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қарай бет алғандарында, Әбу Қатададан басқалардың барлығы ихрамға кіреді де, ол ихрамға кірмейді. Жолай олардың алдарынан жабайы құландар көрінеді. Әбу Қатада оларға тап беріп, ішіндегі бір ұрғашы құланды жаралайды. Сөйтіп, олар ат шалдырып, оның етінен жейді. Соңынан барып: «Біз ихрамда бола тұрып (ауланған аң) етін жедік қой?!» – дейді де, ұрғашы құлан етінің қалғанын өздерімен бірге алып жүреді. Соңынан Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келгендерінде: «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, біз ихрамға кірген едік, ал Әбу Қатада ихрамға кірмеген болатын. (Жолай) жабайы құландарды көргенімізде, Әбу Қатада оларға тап беріп, ішіндегі бір ұрғашы құланды жаралады. Сонда біз ат шалдырып, оның етінен жедік. Соңынан барып: «Ихрамда бола тұрып ауланған аң етін жеп отырмыз ба?!» – дедік те, оның етінің қалғанын өзімізбен бірге алып келдік», – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендердің іштеріңде біреу оған (осыны) бұйырды ма немесе оған әлдебір ишара жасады ма?» – деп (сұрайды). Олар: Таус – Абдур-Рахман ибн Кайсан, табиғин, ғұлама, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар қажылық өтеушіге ихрам жағдайында аң аулауға тыйым салынатыны жөнінде бірауызды келісімде болған. Ал ауланған аңның етіне келсек, шафиғи мазһабының өкілдері, Мәлик, Ахмад және Дәуд «аң қажылық өтеуші үшін ауланған жағдайда, ол бұған рұқсат еткен-етпегеніне қарамастан мұндай етті жеуге тыйым салынады» деп санаған. Алайда ихрамда болмаған адам аңды өзі үшін аулап, аулағанында оны қажылық өтеушіге сыйлауды ойламаса, кейін оның бір бөлігін қажыға сыйға тартса не қажылық өтеуші мұны одан сатып алар болса, оған тыйым салынбайды. Әбу Қатададан риуаят етілген келесі хадис осыны көрсетеді. Аталмыш пікірді қолдаушылар қарастырылып отырған хадис пен оның алдында Сағбтан риуаят етілген хадисті «ондағы аң еті Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін ауланған» деп түсіндіреді. Олар «Қашан ихрамда болған кездеріңде, сендерге құрлықта аң аулауға тыйым салынды» (Мәида, 96) деген Құран аятын да осылайша түсінген. Яғни «аңды қажылық өтеушінің өзі ауламаса не ол қажылық өтеуші үшін ауланбаса, бұған рұқсат етіледі» деп есептеген. «Жоқ», – дейді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Оның етінің қалғанын жеңдер», – дейді» (1196/60). алады?
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Зиянды бес жануар Харамнан тыс орында да, Харам (аймағында) да өлтіріледі: жылан, ала қарға, тышқан, құтырған ит және кезқұйрық», – деген (1198/67).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Бес (жануарды) Харамда да, Харамнан тыс орында да өлтірген (адамға) күнә жоқ. (Олар:) тышқан, шаян, қарға, кезқұйрық және құтырған ит», – деп айтқан (1199/72).
Ибн Бухайнадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) Мекке жолында ихрамда болған кезінде басының орта тұсынан қан алдырған (1203/88). Ибн Хажардың пікірінше, ихрам жағдайындағы адамның аңды өлтіруіне тыйым салынады. Бірақ аң оған шабуыл жасағанда, өзін қорғау үшін өлтірсе, бұл үшін жауапкершілік арқаламайды. Кейбір ғалымдардың пікірінше, мұнда «құтырған ит» деп қасқыр, арыстан, жолбарыс т.с.с. жыртқыш аңдар меңзелген. Хадистің риуаяттарын біріктіргенде, өлтіруге болатын жануарлардың алты түрі аталған. Ғұламалар бұл жануарларды Харам аймағында да, одан тыс орында да әрі ихрам жағдайындағы қажылық өтеушілерге де өлтіруге рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімде. Сондай-ақ қажет жағдайда, осыларға ұқсас басқа да зиянды жануарларды өлтіруге рұқсат етіледі. Ихрам жағдайындағы адам бұларды өлтіргені үшін өтем төлемейді. «Мажмаъ әл-мақсуд» кітабында айтылғандай, маса, бүрге, қандала, сона, шыбын, құмырсқа сияқты зиян келтіретін жәндіктерді өлтіргені үшін де қажылық өтеушінің мойнына өтем артылмайды. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар мәжбүрлік туындағанда бастан не дененің басқа да орнынан, тіпті шашты не сол орындағы түкті қыруға тура келсе де, қан алдыруға рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Алайда «Сендерден кім науқас не басында бір жайсыздық болғанда (шашын қырдырса), ораза тұту не садақа беру немесе құрбандық шалу түрінде өтем төлесін» (Бақара, 196) деген Құран аятына сәйкес, шашын алдырғаны үшін өтем төлеуі тиіс. Сірә, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басынан қан алдыруға уәжді себебі болса керек. Өйткені бастан қан алдыру шашты қыруды қажет етеді. Ал егер қан алдыру зәруліксіз, шашты қырмай жасалатын болса, ғұламалардың көпшілігінің пікірінше, бұған рұқсат етіледі. Өйткені ихрам жағдайында қан алдыруға тыйым салынбайды. Сондай-ақ ихрам кезінде қажет жағдайда шашты алуға, ауарайының ыстығы не суығына орай тыйым салынған киімдерді киюге және аң аулауға рұқсат етіледі. Бірақ бұл жағдайда адам өтем төлеуі
Нубайһ ибн Уаһбтан . Ол: «(Бірде) біз Абан ибн Османмен бірге (жолға) шықтық. Мәләлға жеткенімізде, Омар ибн Ғұбайдуллаһ көзі (ауырып) қинала бастады. Әр-Раухаға жеткенімізде, оның ауруы күшейіп кетті де, ол Абан ибн Османға (ақыл-кеңес) сұрау үшін (адам) жіберді. (Абан оған): «(Көзіңе) алоэ (суын) тамыз. Өйткені Осман (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісінен (с.а.с.) бір кісі ихрамда көзі (ауырып) қиналғанда, оған алоэ (суын) тамызғанын жеткізді» деп (хабар) жолдады», – деп айтқан (1204/89).
Абдуллаһ ибн Хунайннан . (Бірде) Абдуллаһ ибн Аббас пен Мисуар ибн Махрама (Аллаһ оларға разы болсын) екеуі Абуада келісе алмай, Абдуллаһ ибн Аббас: «Ихрам жағдайындағы адам басын жууына болады», – деп, ал Мисуар: «Ихрам жағдайындағы адамға басын жууға болмайды» деп сөз таластырып қалған. (Абдуллаһ ибн Хунайн айтады): «Сонда Ибн Аббас мені Әбу Айюб әл- Ансариге осы жайлы сұрауым үшін жіберді. Мен оның (құдықтың) қос жақтауы арасында киіміне тасаланып ғұсыл құйынып жатқанында келдім. Оған сәлем берген едім: «Бұл кім?» – деп (сұрады). «Мен Абдуллаһ ибн Хунайнмын. Мені Абдуллаһ ибн Аббас сенен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ихрам жағдайында басын қалай жуғанын сұрап келуім үшін жіберді», – дедім. Әбу Айюб киімге қолын қойып, маған басы көрінгенше оны төмен ысырды да, су құйып тұрған адамға: «Құй», – деді. Ол басына су құйған соң, (Әбу Айюб) қажет. Әбу Ханифаның пікірінше, ихрам жағдайында қан алдырғанда шашты қырғаны үшін өтем төлеу, ал Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірінше, садақа беру керек (қ.: «әл-Һидая»). Нубайһ ибн Уаһб – табиғин, хадис жеткізуші. Абан ибн Осман – табиғин, Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) ұлы, хадис жеткізуші. Мәдинадан он сегіз не он екі миль қашықтықтағы мекен. Омар ибн Ғұбайдуллаһ – табиғин. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар ихрам жағдайындағы адамның көзіне алоэ суын және құрамында хош иісті зат жоқ басқа да нәрселерді тамызуға рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Бұл үшін өтем төленбейді. Ал мәжбүрлік туындағанда хош иісті зат қосылған дәрілікті пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ ол үшін өтем төлеу қажет. Сондай-ақ ғұламалар қажет болса, көзге құрамында хош иіс жоқ сүрме жағуға да рұқсат етілетіндігіне бірауыздан келіскен. Ал егер сүрме сәндену мақсатында жағылса, мұны шафиғи мазһабының өкілдері – мәкруһ, Ахмад пен Исхақ харам деп есептеген. Абдуллаһ ибн Хунайн – табиғин. Ибн Хажар бұл жақтауларға құдықтың су тартатын бөлігі орнатылғанын айтқан. екі қолымен басын алдыға және артқа тарамдап: «Оның (с.а.с.) осылай еткенін көрдім», – деді» (1205/91). жөнінде
Абдуллаһ ибн Мағқилдан . Ол: «(Бірде) мен мешітте болған кезінде Кағб (ибн Ужраның) (Аллаһ оған разы болсын) қасына отырып, одан: «Кімде-кім (ихрамда) науқас не басында бір жайсыздық болғанда, ораза не садақа немесе құрбандық шалу түрінде өтем төлесін» деген мына аят жайлы сұрадым. Кағб: «Бұл маған қатысты түскен. Менің басымда бір жайсыздық болған еді. Мені Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әкелгенде, (басымнан) бит бетіме төгіліп тұрды. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сенің осыншалықты қиналатыныңды ойламаппын. Қой таба аласың ба?» – деді. Мен: «Жоқ», – дедім. Сонда: «Кімде-кім науқас не басында бір жайсыздық болғанда (шашын қырдырса), ораза тұту не садақа беру немесе құрбандық шалу түрінде өтем төлесін» деген осы аят түсті. (Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.)): «Үш күн ораза тұт немесе әр міскінге жарты сағ азық мөлшерінде алты міскінді тамақтандыр», – деді», – деп айтты», – деген . (Кағб ибн Ужра): «(Бұл аят) тікелей маған байланысты түсті, бірақ ол бәріңе қатысты», – деп айтқан (1201/85).
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Пайғамбардан (с.а.с.) (риуаят етеді). Бір кісі (Арафатта тұрғанда) түйесінен құлап, мойны үзіліп, қайтыс болады. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны су және сидрмен жуып, өзінің екі киімімен кебіндеңдер және басын жаппаңдар, өйткені Аллаһ оны Қиямет күні тәлбия айтқан күйінде тірілтеді», – деген (1206/93). Ибн Ғұйайнаның риуаятында Абдуллаһ ибн Хунайнның: «Мен оларға оралып, (Әбу Айюбтың сөзін) хабарладым. Сонда Мисуар, Ибн Аббасқа: «Енді мен сенімен ешқашан сөз таластырмаймын», – деді», – дегені жайлы қосымша бар. Сахаба Мағқил ибн Муқриннің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. «Бақара» сүресі, 196-аят. Келесі бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.) Кағбқа: «Шашыңды ал», – деген. Ихрамда шаш алудың өтемі жайлы риуаятта: «бір фарақ азықпен алты міскінді тамақтандыр»; бір фарақ – үш сағқа, не он алты ратлға немесе шамамен 7,2 келіге тең. Екінші бір риуаятта: «құрбандыққа қой шал»; үшінші бір риуаятта: «үш сағ құрмамен алты міскінді тамақтандыр» деп келген. Ғұламалар, жоғарыдағы аятқа және осы хадистерге орай, «өтем төлейтін адам осы амалдардың бірін таңдау еркіне ие» деп есептеген. Хадистің құрбандық шалу жайлы риуаяттарының барлығы бір нәрсені – құрбандыққа жарамды қой шалуды меңзеген. Кейбір риуаяттарда: «оның бетін және басын жаппаңдар»; тағы бір риуаяттарда: «хош иістендірмеңдер және басын жаппаңдар» делінген. Осы хадистерге сүйенген әш-Шафиғи, Ахмад, Исхақ және басқалар «ихрамда қайтыс құйыну
Нафиғтан . Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) таң атқанға дейін Зу Туаға түнеп, ғұсыл құйынбайынша, Меккеге келмейтін. Содан кейін ол Меккеге күндіз кіріп, Пайғамбардың (с.а.с.) осылай еткенін айтатын (1259/227). шығу
Ибн Омардан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) (Мәдинадан) Шажара жолы арқылы шығып, Муғаррас жолы арқылы кіретін. Ал Меккеге кіргенде, жоғарғы асудан кіріп, төменгі асудан шығатын (1257/223).
Усама ибн Зәйд ибн Харистен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Меккедегі өз үйіңе түсесің бе?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Ақил бір ғимараттар (немесе үйлер) қалдырды ма өзі?» – деген. болған адамды тігісі бар киімге орамайды, басын жаппайды және хош иістендірмейді» деп түйген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар ихрамда қайтыс болған адамды ихрам киімі ретінде пайдаланылған матамен кебіндеуге рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Нафиғ – Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі ғұлама, хадис жеткізуші. Өзге бір риуаятта оның таң намазын оқығанға дейін Меккеге кірмейтіні айтылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, Меккеге таңертең кіру мустахаб, алайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Жиғранадан кейінгі умра ихрамында Меккеге түнде кіргені жайлы хадиске орай, оған түнде кіруге де рұқсат етіледі. Ал Мекке маңындағы Зу Туа мекенінде түнеу жолай содан өтетіндерге мустахаб. Сондай-ақ, шафиғи мазһабы өкілдерінің пікірі бойынша, Меккеге кіруден бұрын ғұсыл құйыну сүннет саналады (ән-Нәуәуи). Әс-Синди мұнда Зул-Хуләйфадағы ағаш меңзелгенін айтса, әл-Мунзири мен Ибн Хажар мұның Мәдинадан алты миль қашықтықта екенін айтқан. Мәдинадан алты миль қашықтықтағы мекен. Ән-Нәуәуи Меккеге жоғарғы асудан кіріп, төменгі асудан шығу, сондай-ақ өз еліне кірерде одан шыққан жолын ауыстырудың мустахабтығын айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) айт күні де осылай ететін. Ол мұны екі жолдың да бұған куә болуы үшін әрі оның бойындағы адамдар Пайғамбардың (с.а.с.) берекетіне ие болуы үшін жасайтын. Әбу Талибтың мұрасын Ақил, Талиб екеуі иеленіп, Жағфар мен Әли мұсылман болғандықтан мирасқа еш нәрсе алмаған еді. Ал Ақил мен Талиб кәпір болатын (1351/439).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) қажылық және умра кезінде (Меккеге) келе сала, ең бірінші (Қағбаны) тауап еткенде, Үйді үш айналымда жылдамдата жүріп, сосын төрт (айналымда) жай жүріспен (тауап жасайтын). Сосын екі ракағат намаз оқып, содан кейін Сафа мен Маруаның арасында сағи жасайтын (1261/231).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қара тастан бастап, үш айналымды аяқтағанша жылдамдата жүргенін көрдім», – деп айтқан (1263/235).