Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 701–750 (Қажылық Кітабы)
← Хадисы 651–700ОглавлениеХадисы 751–800 →
Глава 8. Қажылық Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 701
Әбу Туфайлден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Ибн Аббасқа (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Қалай ойлайсың, Үйді осылай үш айналымда жылдамдата жүріп, төрт айналымда жай жүріспен тауап ету сүннет пе? Негізінде, сенің қауымың оны «сүннет» дейді», – дегенімде, ол: «Олар әрі рас, әрі өтірік айтқан», – деді. «Олар әрі рас, әрі өтірік айтқан» деген сөзіңнің (мәнісі) не?!» – дедім. Ол: «Негізінде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккеге келгенде, мүшріктер: «Мұхаммед пен оның сахабалары жүдеуліктен Үйді тауап етуге шамалары келмейді», – деді. Олар оны көре алмастықпен күндейтін. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) (сахабаларына) үш (айналымда) жылдамдата жүріп, төрт (айналымда) жай жүріспен жүруді бұйырды», – деді. Одан: «Маған Сафа мен Маруаның арасында көлікке мініп сағи жасау жайлы айтып берші, ол – сүннет пе? Мұны да сенің қауымың «сүннет» деп жүр», – деп (сұрадым). «Олар әрі рас, әрі өтірік айтқан», – деді. «Олар әрі рас, әрі өтірік айтқан» деген сөзіңнің (мәнісі) не?!» – дедім. Ол: «Негізінде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) төңірегіне Ақил, Талиб, Жағфар және Әли – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкесі Әбу Талибтің ұлдары. Мұнда айтылған ғимараттар бір кездері Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы Абдулмутталибтың меншігі еді де, кейін жәһилият дәуірінің ғұрпы бойынша, оның үлкен ұлы Әбу Талибтің қолында қалған-ды. Негізінде, оның бір бөлігі мұра ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.), сондай-ақ Жағфар мен Әлидің үлестеріне тиюі керек еді. Бірақ мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін мүшрік туыстары оны иемденіп алған немесе сатып жіберген. Бұл хадистен мұсылманның кәпір адамнан мұра алмайтыны туралы қорытынды шығады. Бұған Исхақтан басқа барлық ғалымдар келіскен. Ал кәпірдің мұсылманнан мұра алмайтыны жөнінде пікір қайшылығы жоқ. Мұнда рет тәртібін сақтаудың: әуелі Қағбаны тауап етіп, содан кейін Сафа мен Маруа арасында сағи жасаудың міндеттілігіне нұсқау бар. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалардың басым көпшілігінің пікірі осыған тоғысады. көп адамдар жиналып: «Міне, бұл Мұхаммед! Міне, бұл Мұхаммед!» – деп айта бастады. Тіпті бойжеткен қыздар да үйінен шықты. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдынан адамдар тарамай қойды. Сөйтіп, ол айналасында (адамдар) көбейіп кеткен соң көлікке мінді. Алайда жай жүріспен және жылдамдата сағи жасау абзал», – деп айтты», – деген (1264/237).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 702
Абдуллаһ ибн Саржистен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен таз кісінің (ол Омар ибн әл-Хаттабты меңзеген) қара тасты сүйіп: «Аллаһпен ант етейін! Негізінде, мен сені сүйгеніммен, сенің бір тас қана екеніңді әрі сенің зиян да, пайда да келтіре алмайтыныңды білемін. Егер де Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сені сүйгенін көрмегенімде, сүймес едім», – деп айтқанын көрдім», – деген (1270/250). Әл-Бұхари Ибн Аббастан жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларына үш айналым бойы жылдамдата жүріп, Йемен тарабындағы екі бұрыштың арасында жай жүріске ауысуды бұйырған. Кейбір ғалымдардың түсіндіруінше, Йемен бұрыштары арасында тауап етіп жатқанда, мұсылмандар басқа тарапта тұрған мүшріктерге көрінбейтін болатын. Сондай-ақ әл-Бұхаридің риуаятында «мүшріктер мұсылмандарды Ясриб (Мәдина) безгегі салдарынан әлсіз болып қалған» деп есептегені айтылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, Ибн Аббас «Қағбаны тауап еткенде үш айналымды жылдамдата жүріп, қалған төрт айналымда жай жүріске ауысу бекітілген сүннет емес, тек сол жылы мүшріктерге мұсылмандардың күш-қуатын көрсету мақсатымен жасалған» деп есептеген. Алайда сахабалар мен табиғиндер және олардан кейін өмір сүрген ғалымдардың көпшілігі мұны сүннет деп санаған. Біздің мазһаб ғалымдарының пікірі де осыған негізделген (қ.: «Мухтасар әл-уиқая»). Бұл пікірге басымдық бергендердің дәлелі – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезінде: «Қажылық рәсімдеріңді менен алыңдар» деген сөзі. Ал Сафа мен Маруаның арасында көлікке мініп сағи жасауға келсек, ғұламалар бірауыздан, бұған рұқсат етілетініне келіскен. Алайда уәжді себеп болмаса, сағиды жаяу жасаған абзал. Ибн Мунзир ғұламалардың Қағбаны тауап еткенде және Сафа мен Маруа арасында сағи жасағанда жылдамдата жүру тек ер адамдарға қатысты екені жөнінде бірауызды келісімге келгендігін айтқан. Хадисті жеткізуші Омарды (Аллаһ оған разы болсын) бұлай кемсіту үшін атамаған. Әс-Синди «Сунән Ибн Мәжәһқа» жазған түсіндірмесінде Омардың бұл сөздерді қасындағылар естуі үшін әрі оларға қара тасты сүюдің мүшріктер істейтіндей, оған табынғандықтан емес, Аллаһқа және Оның елшісіне бағыну ретінде ғана жасалатынын түсіндіру мақсатында айтқанын нұсқаған. Әт-Тирмизи, Ибн Аббастан жеткізген хадисте (№877): «Қара тас жаннаттан (түсірілген). Әуелі ол сүттей аппақ болған, алайда кейіннен Адам балаларының күнәлары себепті қарайған» деп айтылған. Әт-Тирмизи және басқалар оны «сахих» хадис санатына жатқызған.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 703
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Йемен тарабындағы осы екі бұрышты және қара тасты сипауды Аллаһ елшісінің (с.а.с.) оларды қиын кезде де, жайбарақат кезде де сипағанын көргенімнен бері қалдырған емеспін», – деп айтқан (1268/245).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 704
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Йемен тарабындағы екі бұрыштан басқаны сипағанын көрген емеспін», – деген (1269/247).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 705
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезінде өзін адамдар көріп, бақылауы және сұрақ қоюы үшін Үйді түйесіне мініп тауап етіп, тасқа асасын тигізді. Өйткені адамдар оны қоршап алған еді», – деп айтқан (1276/257).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 706
Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) өзімнің ауырып тұрғанымды айтып шағым жасадым. Сонда ол: «Адамдардың артынан көлікке мініп тауап ет», – деді. Сөйтіп Ибн Омардан жеткізілген басқа бір хадисте ол қолымен қара тасты сипап, содан кейін қолын сүйгені нақыл етілген. Сондай-ақ Муслим, Әбу Туфайлден жеткізген хадисте (№1275) Аллаһ елшісі (с.а.с.) таяғымен Қағбаның бұрышын түртіп, содан кейін оны сүйгені айтылған. Ән-Нәуәуи бұл қара тастың өзін сүю қиын болған жағдайда осылай етудің мустахабтығын көрсететіндігін айтады. Ибн Хажардың айтуынша, «ғұламалар адамдардың көптігі себепті қара тасты сүю қиын болғанда, оны сипап, содан кейін қолды сүюді сүннет» деп есептеген. Егер оны қолмен сипауға да мүмкіндік болмаса, әлдебір затты тигізіп, соны сүюге рұқсат етіледі. Ал егер адамдардың аса көптігі себепті оған әлдебір затты тигізу де мүмкін болмаса, қара тасқа қолмен алыстан ишара жасау жеткілікті (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ғұламалардың нұсқауынша, қара тасқа жету үшін баса-көктеп, басқаларға қысым жасау дұрыс емес. Әсіресе бұл әйелдерге қатысты. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, Омар! Сен күшті кісісің, сондықтан әлсіздерге жайсыздық тудырма. Тасты сүйгің келсе, оны мүмкіндік болғанда сүй. Болмаса, жүзіңмен оған бұрылып, тәкбір айт», – деген. Хадисті әш-Шафиғи, Ахмад және басқалар жеткізген. Кейбір мухаддистер оған «күшті» деп баға берген. «Мухтасар әл- уиқая» кітабының түсіндірмесі – «Мажмаъ әл-мақсуд» кітабында да қара тасты ешкімге жайсыздық тудырмай сүю керектігі, бұл мүмкін болмаса, оны бір затпен түртіп, соны сүю керектігі, тіпті бұл да мүмкін болмаған кезде қара тасқа алақандармен ишара жасап, соларды сүю керектігі айтылған. мен (осылай) тауап жасадым , сол кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Үйдің жанында намазда: «Турмен ант етемін және қатар-қатар жазылған Кітаппен» (деп басталатын сүрені) оқып тұрды», – деп айтқан (1276/257). тағаланың «Негізінде, Сафа мен Маруа – Аллаһтың рәсімдерінен» деген сөзі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 707
Ғұруадан . Ол: «Айшаға: «Мен Сафа мен Маруаның арасында сағи жасамасам, өзіме күнә болады деп есептемеймін», – дедім. Ол: «Не үшін?» – деп (сұрады). «Өйткені Аллаһ тағала: «Негізінде, Сафа мен Маруа – Аллаһтың рәсімдерінен. Кім Үйге қажылық не умра жасаса, оған ол екеуін сағи жасауда күнә жоқ. Ал кім ерікті түрде бір жақсылық жасаса, ақиқатында, Аллаһ – алғысқа Бөлеуші, Білуші», – дейді», – дедім. Сонда ол: «Егер де сен айтқандай болса, бұл (аят): «оған ол екеуін сағи жасамауда күнә жоқ» (деген) болар еді. Шын мәнінде, бұл ансарлар қатарындағы бір адамдарға қатысты түскен. Олар жәһилият кезінде ихрамға кіргенде, Манат үшін ихрамға кіріп, оларға Сафа мен Маруаның арасында сағи жасауға рұқсат етілмейтін. Сөйтіп, олар Пайғамбармен (с.а.с.) бірге қажылыққа келгенде, оған осыны айтты. Сонда Аллаһ осы аятты түсірді. Негізінде, Аллаһ Сафа мен Маруаның арасында сағи жасамағанның қажылығын толық етпейді», – деді», – деп айтқан. Келесі бір риуаятта: «Негізінде, Аллаһ Сафа мен Маруаның арасында сағи жасамағанның қажылығын да, умрасын да толық етпейді», – делінген. (1277/260).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 708
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) да, оның сахабалары да Сафа мен Маруаның арасында бір рет қана сағи жасады», – деп айтқан (1279/265). Ибн Хажар: «Уәжді себеп болғанда, Қағбаны көлікке мініп тауап жасауға рұқсат етіледі. Бірақ мұндай жағдайда адамдарға зиян тигізбеу қажет», – деген. Яғни «Тур» сүресін. «Бақара» сүресі, 158-аят. Ғұруа ибн Зубәйр, сахаба Зубәйр ибн Аууам мен Әсмә бинт Әбу Бәкірдің ұлы, фақиһ-ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Араб жазирасы және Шам өлкесінің мүшріктері Манат атты пұтқа табынып, сол үшін қажылық жасайтын. Бір сағи жеті шауттан тұрады. Бұл қажылық және умра кезінде, сондай-ақ қиран қажылығы кезінде Сафа мен Маруаның арасында бір рет сағи жасалатынын көрсетеді. Мұнда Пайғамбардың (с.а.с.) қиран қажылығын жасаған сахабалары туралы айтылған. Ал таматтуғ қажылығын өтейтіндер умра үшін жеке сағи және құрбандық күні қажылық үшін жеке сағи жасайды. тауап пен сағидан не міндеттеледі?
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 709
Уабарадан . Ол: «(Бірде) мен Ибн Омармен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бірге отырғанымда, оған бір кісі келіп: «(Арафатта) тұруды орындаудан бұрын Үйді тауап еткенім дұрыс бола ма?» – деп (сұрады. Ибн Омар): «Иә», – деді. Ол: «Негізінде, Ибн Аббас: «(Арафатта) тұруды орындағаныңа дейін Үйді тауап етпе», – дейді», – деді. Сонда Ибн Омар: «Ақиқатында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) қажылық жасағанында, (Арафатта) тұруды орындауынан бұрын Үйді тауап етті. Егер шыншыл болсаң, сенің ұстануыңа Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сөзі құқылырақ па, әлде Ибн Аббастың сөзі ме?!» – деді» , – деп айтқан. Басқа бір риуаятта (Ибн Омар): «Біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қажылық үшін ихрамға кіріп, Үйді тауап еткенін және Сафа мен Маруаның арасында сағи жасағанын көрдік», – деген (1233/187).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 710
Амр ибн Динардан . Ол: «Біз Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) умра үшін келіп, Үйді тауап еткен, бірақ Сафа мен Маруаның арасында сағи жасамаған кісі жайлы: «Ол әйелімен жақындаса ала ма?» – деп сұрағанымызда, ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (Меккеге) келгенінде, Үйді тауап етіп, (Ибраһимнің) мақамы артында екі ракағат намаз оқыды және Сафа мен Маруаның арасында (сағи жасады). Ақиқатында, сендер үшін Аллаһ елшісінде көркем өнеге бар », – деді», – деген (1234/189).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 711
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккені бағындырған күні Қағбаның жанына түсіп, Осман ибн Талхаға (адам) жіберді. Ол кілтті әкеліп, есікті ашты. Содан кейін Уабара ибн Абдур-Рахман – табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Исламыңда әрі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ілесуіңде шыншыл болсаң, оның ісінен және жолынан Ибн Аббастың және басқалардың сөзіне ауытқыма (ән-Нәуәуи). Ибн Аббастан өзге ғұламалардың көпшілігі «қажылықта Меккеге келген кездегі Қағбаны тауап ету (тауаф әл-қудум) Арафатта тұрудан бұрын орындалады» деп есептеген. Тіпті кейбір ғалымдар мұның міндетті екенін нұсқаған. «Мажмаъ әл- мақсуд» кітабында мұның сүннет екені айтылған. Ал умрада Қағбаны тауап ету рүкін (қалдыруға болмайтын рәсім) болып табылады. Амр ибн Динар – табиғин, хадис жеткізуші. «Ахзаб» сүресінің 21-аятын қараңыз. Яғни оған әйелімен жақындасуға рұқсат етілмейді. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруаның арасында сағи жасамай тұрып ихрамнан шықпаған. Ғұламалар түгелге дерлік «Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруаның арасында сағи жасаудан бұрын және шаш қысқартпай тұрып ихрамнан шығуға болмайды» деген пікірді ұстанған. Бұл кісі Қағбаның қорықшысы болатын. Пайғамбар (с.а.с.), сондай-ақ Біләл, Усама ибн Зәйд және Осман ибн Талха ішке кірді де, (Пайғамбардың (с.а.с.)) бұйыруымен (есік) жабылды. Сөйтіп, олар оның ішінде ұзақ уақыт болды. Содан кейін (біреуі) есікті ашты»; Абдуллаһ: «Мен адамдардан оза барып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) шығып бара жатқан кезінде жолықтырдым. Біләл оның ізін ала келе жатыр еді. Біләлдан: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның ішінде намаз оқыды ма?» – деп (сұрадым). Ол: «Иә», – деді. «Қай жерде?» – деп (сұрадым). «Екі тіреудің арасында қарсы алдына қарап », – деді»; «Одан (Пайғамбар (с.а.с.)) неше (ракағат) намаз оқығанын сұрауды ұмытыппын», – деген (1329/388).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 712
Ибн Журайжден . Ол: «Мен Атадан4: «Сен Ибн Аббастың: «Сендерге тауап ету ғана бұйырылып, оған кіру бұйырылмады», – деп айтқанын естідің бе?» – деп (сұрағанымда, Ата): «Ол оған кіруден қайтармайтын. Бірақ мен оның: «Маған Усама ибн Зәйдтің хабарлауынша, Пайғамбар (с.а.с.) Үйге кіргенінде, оның барлық шетінде дұға еткен және сыртқа шыққанынша оның ішінде намаз оқымаған . Сыртқа шыққан соң, Үйдің алдында екі ракағат намаз оқып: «Міне, осы – құбыла », – деп айтқан», – дегенін естідім. Одан: «Оның шеттері деген не, (Пайғамбар (с.а.с.)) оның бұрышында (дұға жасаған ба)?» – деп (сұрағанымда), ол: «Жоқ, ол Үйдің әрбір тұсында (дұға жасаған)», – деп айтты», – деді», – деген (1230/395). Басқа бір риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.) Йемен тарабындағы екі бұрыштың арасында намаз оқығаны айтылған. Әбу Дәуд, Ахмад, әт-Тахауи және әл-Бәйһақи Абдур-Рахман ибн Сафуаннан жеткізген хабарда «Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаның ішінде екі ракағат намаз оқыды» деп көрсетілген. Бұл хабардың иснадында есте сақтау қабілеті нашар деп танылған біреу болғанмен, ол басқа да хабарлармен күшейеді. Солардың бірі – әт-Табарани жеткізген хабар. Оның иснадын Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында «сахих» санатына жатқызған. Осыған ұқсас хабарды әт-Тахауи де жеткізген. Аталмыш екі ракағат жайлы хабарды Ахмад – Мужаһидтен, ән-Нәсәи мен Ахмад – Абдуллаһ ибн Әбу Муләйкәдан нақыл еткен. Сол сияқты осы жайында басқа да хабарлар бар. Сондықтан да ғұламалардың көбі «Қағбаның ішінде намаз оқуға рұқсат етіледі» деп пікір түйген. Бұл жайлы ән-Нәуәуи «Мажмуъ» кітабында келтірген. Ибн Журайж – Абдул-Малик ибн Абдул-Азиз, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Ата ибн Әбу Рабах – табиғин, Мекке ғұламасы, хадис жеткізуші. Сірә, Усама ибн Зәйд Қағбаның басқа бір шетінде дұға етіп жатқандықтан, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қысқа ғана оқыған намазын көрмеген болса керек (ән- Нәуәуи). Өйткені Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанында болған Біләл оның намаз оқығанын айтқан. Яғни Қағбаның есігі алдында (ән-Нәуәуи). Яғни намаз оқығанда әрдайым Қағба тарабын құбыла етіп, жүзіңді сол жаққа бұру лазым. Ал әл-Харам мешітінде болғандарға Қағбаның кез келген тарабына қарап намаз оқуға рұқсат етіледі.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 713
Жағфар ибн Мұхаммедтен . Оның әкесі: «(Бірде) біз Жәбир ибн Абдуллаһтың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) алдына кірдік. Ол (алдына кірген) адамдар жайлы сұрастыра бастады. (Кезек) маған келгенде: «Мен Мұхаммед ибн Әли ибн Хусейнмін», – дедім. (Жәбир) қолын созып, (көйлегімнің) жоғарғы және төменгі түймелерін ағытып, алақанын кеуде тұсыма басты. Мен ол кезде балаң жігіт едім. Ол: «Қош келдің, ей, бауырымның ұлы! Қалағаныңды сұра!» – деді. Сөйтіп, мен сұрақ қойдым. (Бұл уақытта) оның көзі көрмей қалған еді. Намаз уақыты кіргенде, ол тоқыма киімге оранып тұрды. (Бірақ киімі) қысқа болғандықтан, оны иығына жапқан сайын екі шеті (Жәбирдің) өзіне қайырылып келе берді. Ал ридасы жанындағы ілгіште (ілулі тұрды). Ол бізге имам болып намаз оқыды. Содан кейін (одан): «Маған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қажылығы жайлы айтып берші», – деп (өтіндім) . Ол қолымен тоғызды санап: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (Мәдинада) тұрғанда тоғыз жыл қажылық жасаған жоқ. Сосын оныншы (жылы) Аллаһ елшісі (с.а.с.) қажылық жасайтынын жариялады да, Мәдинаға көп адам жиналды. Олардың барлығы Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ілесіп, ол орындаған амалдарды орындауды қалаған еді. Біз онымен бірге шығып, Зул-Хуләйфаға бардық. (Сол жерде) Әсмә бинт Ғұмайс Мұхаммед ибн Әбу Бәкір (атты ұлын) босанып, «(енді) қалай жасаймын» деп Аллаһ елшісіне (с.а.с.) (кісі) жіберді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Ғұсыл құйын және қан ағып тұрған орынға (ұзынша) жалпақ мата қойып, оның екі шетін алды-артынан шандып байла да, ихрамға кір », – деп (тапсырды). Аллаһ елшісі (с.а.с.) мешітте екі ракағат намаз оқыды да, сосын Қасуа (деп аталатын түйесіне) отырды. Түйесі шөл далаға шыққанда, оның алды- артынан, оң жақ, сол жағынан көзім жетер аралықта (көп) аттылы- жаяу (адамдарды) көрдім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) біздің арамызда еді. Оған Құран түсіп тұрды әрі ол бұл (аяттардың) мән-мағынасын білетін. (Сондықтан) ол не амал істесе, біз де соны істейтінбіз. Ол ихрамға кіріп, (дауысын көтере): «Ләббәйкә Аллаһумма, ләббәйк(ә), ләббәйкә лә шәрикә ләкә ләббәйк(ә), иннәл-хамда уән-ниъмәтә ләкә уәл-мүлк(ә), лә шәрикә ләк(ә) (Міне, мен Сенің құзырыңдамын, уа, Аллаһ! Міне, мен Сенің құзырыңдамын! Міне, мен Сенің құзырыңдамын, Сенің серігің жоқ! Міне, мен Сенің құзырыңдамын! Ақиқатында, барлық мақтау, барлық нығмет және барлық билік Саған тән! Сенің ешқандай серігің жоқ)», – деп Аллаһтың жалғыз құдай екенін жариялайтын сөздермен тәлбия айтты. Жағфар ибн Мұхаммед ибн Әли ибн Хусейн ибн Әли ибн Әбу Талиб – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Мұнда ол қоштасу қажылығы жайлы сұраған. Хасан әл-Басри мен заһирилер «етеккірі келген және жаңа босанған әйелдердің ихрамға кіру үшін ғұсыл құйынуы міндетті» деп есептеген. Бұл тұста осындай халдегі әйелдердің ихрамға кіруіне рұқсат етілетініне нұсқау бар. Адамдар да ихрамға кіріп, осы (сөздерді) қайталап тәлбия айтты. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды мұның ешқайсысынан қайтарған жоқ әрі ол (с.а.с.) тәлбия айтуын тынбай жалғастырды»; Жәбир: «Біз қажылықтан басқаны ниет етпеген едік және умраның не екенін білмейтінбіз. (Пайғамбармен (с.а.с.)) бірге Қағбаға жеткенімізде, ол (оның) бұрышын сипады да, сосын үш рет жылдамдата, төрт рет жай жүріспен (айналып оны тауап етті). Сонан соң Ибраһимнің (аләйһис сәләм) мақамына барып: «Ибраһимнің мақамынан намаз оқитын орын етіп алыңдар» (деген аятты) оқыды. Сосын (Аллаһ елшісі (с.а.с.) Ибраһимнің) мақамын өзі мен Қағбаның арасында етіп (намазға) тұрды »; ((Жағфар ибн Мұхаммед): «Әкем (осылай) дейтін. (Бірақ) ол оны нақ Пайғамбардан (с.а.с.) нақыл етіп, оның (с.а.с.) (осы) екі ракағатта «Ықылас» және «Кәфирун» сүрелерін оқитынын айтты ма, білмеймін»(, – деген). «Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаның) бұрышына қайта келіп, оны сипады да, қақпадан Сафаға қарай шықты. Сафаға жақындағанда: «Негізінде, Сафа мен Маруа (яғни олардың арасында сағи жасау) – Аллаһтың рәсімдерінен» (деген аятты) оқып: «Мен Аллаһ бастағаннан бастаймын », – деді. Сөйтіп, ол Сафадан бастады және оған Қағба көрінетіндей биікке көтеріліп, құбылаға жүзін бұрды да, Аллаһтың жалғыз құдай екенін жариялап, Оны ұлықтады. Сосын: «Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуа ъалә кулли шәй’ин қадиир. Лә иләһә илләллаһу уахдәһу, әнжәзә уаъдәһу, уә насара ъабдәһу, уә һәзәмәл-ахзабә уахдәһу (Ешқандай серігі болмаған жалғыз Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Барлық мадақ пен патшалық Оған тән. Ол уәдесін орындады, Өз құлына жәрдем берді және одақтастарды жалғыз Өзі күйретті5)», – деді. Сонан соң ол (с.а.с.) арасында Аллаһқа жалбарынып дұға жасай отырып, мұны үш рет қайталады. Содан кейін ол Маруа бағытына қарай төмен түсе бастады. Аяғы жазыққа тиген соң жылдамдата жүрді де, қыратты жерге жеткенде жай жүріске ауысты. Маруаға жеткен соң «Бақара» сүресі, 125-аят. Ән-Нәуәуи, бұл намаздың мустахаб амалға жататын намаз екенін айтқан. «Бақара» сүресі, 158-аят. Тағы бір риуаятта Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ бастағаннан бастаңдар», – деп айтқан. Яғни Сафа мен Маруаның арасында сағи жасауды Сафадан бастау лазым. Мәлик, әш-Шафиғи және ғұламалардың көпшілігі мұны сағи жасаудың шарты ретінде көрсеткен (ән-Нәуәуи). Мұнда Мәдинаны шабуға келген құрайыштар мен олардың одақтас тайпаларының һижраның 4 не 5-жылы шәууәл айында қаланы қоршауға алған он мың жауынгерден құралған біріккен қолы туралы айтылған. Бұл шайқас Ислам тарихында «Хандақ шайқасы» деген атпен танымал. Өйткені жаудың атты әскерінен қорғану үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабасы Салман әл-Фарисидің (Аллаһ оған разы болсын) кеңесі бойынша Мәдинаның батыс, терістік және терістік-шығыс жағынан қоршай ор (хандақ) қазуға бұйрық берген. Нәтижеде Аллаһ тағала оларды соғыссыз жеңіліп, артқа қайтуларына мәжбүр еткен болатын. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) оның үстінде Сафада жасағанын қайталады. Ол соңғы сағиын Маруада аяқтағанша (осылай етті). Сонан соң: «Егер қазіргі білгенімді бұрын білгенімде құрбандық малын айдап келмес едім және мұны умра етер едім. Қайсыбіріңде өзімен бірге құрбандық малы болмаса, ихрамнан шығып, мұны умра етсін», – деді. Сонда Сурақа ибн Мәлик ибн Жуғшум орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Бұл үкім) осы жылымызға қатысты ма, әлде барлық уақытқа ма?» – деп (сұрады). Аллаһ елшісі (с.а.с.) саусақтарын бір-біріне айқастыра тарап: «Умра қажылықтың ішіне кірді», – деп екі рет айтты да, сосын: «Жоқ, (бұл) барлық уақытқа, барлық уақытқа қатысты», – деп (жауап берді). (Осы кезде) Әли Йеменнен Пайғамбардың (с.а.с.) құрбандық түйелерін алып келді. Ол Фатиманың (Аллаһ оған разы болсын) ихрамнан шығып, боялған киім киіп, көзіне сүрме жағып алғанын көрді. (Әли) мұнысын құптамағанда, ол: «Негізінде, әкем (яғни Аллаһ елшісі (с.а.с.)) маған осыны бұйырды», – деді»; (Хадисті жеткізуші): «Әли Иракта жүргенінде1: «Мен Фатиманың бұл істегені үшін шағымдануға және ол оның атынан айтқанының жөнін білу үшін Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бардым. Оған (Фатиманың) мұнысын құптамағанымды айтқан едім, ол: «Ол рас айтқан! Ол рас айтқан! Сен қажылықты бастағанда не айттың?» – деді. Мен: «Уа, Аллаһ! Сенің елшің не үшін ихрамға кірсе, сол үшін ихрамға кіремін», – деп айттым», – дедім. (Сонда) ол: «Мені­мен бірге құрбандық малы бар, сондықтан сен де ихрамнан шықпайсың», – деді», – деп айтатын», – деген. (Жәбир): «Әли Йеменнен алып келген және Пайғамбардың (с.а.с.) өзі әкелген құрбандық малдарының жалпы саны жүз (түйе) болатын. Пайғамбар (с.а.с.) және өзімен бірге құрбандық малы болғандардан басқа адамдардың бәрі ихрамнан шығып, шаштарын қысқартты. Сөйтіп, олар тәруия күні Минаға бет алып, қажылық үшін ихрамға кірді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) де (түйесіне) мініп, (сонда барды). Ол (Минада) бесін, екінті, ақшам, құптан және таң намаздарын оқыды . Сосын күн шыққанша біраз тұрды және Намираға өзіне жүн шатыр тігуді бұйырды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) жолға шыққанда, құрайыштар оның (Муздалифадағы) Машғар әл-Харам (деп аталатын орынға) тоқтайтынына күмәнданбаған еді. Жәһиялият дәуірінде құрайыштар осылай ететін . (Алайда) Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әли бұл сөзін кейінірек Иракта тұрған кезінде айтқан. Аталмыш ойпатта түнеу – сүннет, ал оны орындамау, ғұламалардың бірауызды пікірі бойынша, өтем шарасын талап етпейді (ән-Нәуәуи). Намира – Арафатқа таяу, оның сыртында, оң жақ батысында орналасқан мекен әрі ол Харам аймағына да, Арафатқа да кірмейді. Мұнда Муздалифа ойпатындағы Қузах мекені немесе Муздалифа ойпатының өзі туралы айтылған. Бұрын құрайыштар қажылық кезінде Арафатқа бармай, бірден Муздалифаға түсетін. Ал басқа арабтар әуелі Арафатқа тоқтайтын. Аллаһ тағала: «Кейін адамдар қайтқан жерден қайтыңдар» (Бақара, 199), – деп (Муздалифада) аялдамай, Арафатқа (жақын) барды. Намирада ол үшін шатыр тігіліп қойған еді, ол сонда түсті . Күн ауғаннан кейін ол Қасуаны әкелуді бұйырды да, оны жазылатып, ойпаттың ішіне түсті. (Сол жерде) адамдарға құтпа жасап: «Ақиқатында, сендердің қандарың мен дүние- мүліктерің бір-біріңе осы қаладағы, осы айдағы осы күнге қатысты тыйымдардай харам2! Естеріңде болсын! Жәһилият істерінің барлығына енді тыйым салынды! Жәһилият кезінде төгіліп келген қанға тыйым салынды! Біздің қан төгуімізден мен тыйым салатын ең бірінші қан – Ибн Рабиға ибн Харистің (кегін қайтару үшін) қан төгу. (Оны бәну сағд (тайпасындағы бір әйелдің) емізуінде жүргенде, һузайл (тайпасының адамдары) өлтірген болатын.) Жәһилият кезіндегі өсімқорлыққа тыйым салынды! Біздің өсімімізден мен тыйым салатын ең бірінші өсім – Аббас ибн Абдулмутталибтың өсімі . (Өсімнің) барлығына тыйым салынды! Әйелдеріңе қатысты Аллаһтан қорқыңдар! Өйткені сендер оларды Аллаһтың кепілімен алдыңдар және Аллаһтың сөзі бойынша иемдендіңдер . Сендердің (әйелдердегі құқықтарың –) олар өздерің бұйырғандықтан, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Муздалифаға тоқтамай, әуелі Арафатқа жол тартқан. Ғұламалар бірауыздан «қажылық өтеуші бір орынға тоқтағанында, әлдененің саясын паналауына рұқсат етіледі» деп есептеген (ән-Нәуәуи). Біздің мазһаб ғалымдары (қ.: «Мажмаъ әл-мақсуд») және тағы бір хабарлардың бірінде Ахмад (қ.: «Манар әс-сәбил», 1/246) «Арафаттың алдында осы орынға тоқтауға рұқсат етіледі» деген пікірді ұстанған. Яғни бір-біріңнің қандарыңды төгулерің және мал-дүниелеріңді тартып алуларың осыншалықты харам саналады. Тағы бір риуаятта «ар-намыстарың» деп те айтылған. Пайғамбардың (с.а.с.) «осы қаладағы, осы айдағы осы күнге қатысты тыйымдардай» деген сөзіндегі теңеу осыған салыстыра айтылған тыйымдардың тыңдаушылар көкейіне қонымды болуы үшін келтірілген. Өйткені бұл қалаға, айға және күнге қатысты тыйымдар олардың көкейінде берік орнаған тыйымдар еді. Керісінше, басқалардың өміріне, мал-дүниесіне және ар-намысына қатысты тыйымдарға олар мұншалықты маңыз аудара қарамайтын. Тіпті жәһилият кезінде олар мұндай әрекеттерді халал санайтын. Сонда шариғат оларға тосыннан мұсылманның қанына, оның мал-дүниесі мен ар-намысына қатысты тыйым осы қалаға, айға және күнге қатысты тыйымдардан да зор екенін ескертті. Сөйтіп, мұсылманға қатысты тыйымдар тыңдаушылардың шариғат бекітпей тұрып дағдыланған, әдет-ғұрыпқа айналдырған амалдарына қатысты айтылды (қ.: «Фатх әл- Бәри»). Бұл сөздерден мынадай қорытындылар шығады: имам және құпталғанға бұйырып, теріске шығарылғаннан қайтарушы адам бірінші кезекте өзінен және отбасы мен жақындарынан бастауы тиіс. Өйткені бұл адамдардың ескертуді қабылдауына көбірек жақын, сонымен қатар оның Исламды қабылдауға бейім адамдарға игі әсері бар. Бұл сөзге қатысты ән-Нәуәуи бірнеше түсіндірме ұсынған: 1) Мұнда Аллаһ тағаланың «(Әйелдерді) жөнімен ұстаңдар не жөнімен қоя беріңдер» деген сөзі меңзелген болуы мүмкін (Бақара, 231). ұнатпайтын ешкімді көрпелеріңе аяқ бастырмауы тиіс. Егер бұлай етсе, оларды батырмай ұрыңдар 1. Ал (әйелдердің) сендердегі (құқықтары –) оларды тиісінше нәпақамен қамтамасыз етіп, киіндіруге міндеттісіңдер! Ақиқатында, мен сендердің араларыңда одан бекем ұстап айырылмасаңдар, сендер бұдан кейін еш уақытта адаспайтын бір нәрсе қалдырдым, ол – Аллаһтың Кітабы . Сендерден мен туралы сұраса, не айтасыңдар?» – деп (сұрады. Адамдар): «Сенің (Аллаһтың нұсқауларын) жеткізгеніңе, (міндетіңді) орындағаныңа және адал болғаныңа куәлік береміз», – деп (жауап берді. Аллаһ елшісі (с.а.с.)) сұқ саусағын аспанға көтерді де, оны адамдарға қаратып: «Уа, Аллаһ, куә бол! Уа, Аллаһ, куә бол!» – деп үш рет айтты. Сонан соң азан шақырылып, иқама айтылды да, ол бесін намазын оқыды. Содан кейін (тағы да) иқама айтылып, (Пайғамбар (с.а.с.)) екінті намазын 2) Бәлкім, мұнда таухид сөзі меңзелген. Өйткені мұсылман әйел мұсылман емес адамға күйеуге шыға алмайды. 3) Немесе мұнда Аллаһтың «Әйелдерден өздеріңе ұнағандарына үйленіңдер» деген сөзі меңзелген болуы мүмкін (Ниса, 3). Сондай-ақ кейбір ғалымдардың айтуынша, мұнда әйелдің күйеуге шығуға келісім берген, ал ер адамның оны жұбайлыққа қабылдаған сөзі көзделуі де ықтимал. Бұл жөнінде де бірнеше пікір бар: 1) Әл-Мазири нақыл еткен пікір бойынша, бұл сөз махрам туыс саналмайтын ер адамдармен оңаша қалуға тыйым салынатынын білдіреді. Мұнда зина жасау туралы айтылмаған, өйткені зина жасағаны үшін қолданылатын жаза басқа. Әйелдің бөгде еркектермен оңаша қалуындағы тыйымда күйеуі ұнатқан адам мен ұнатпаған адамның айырмашылығы жоқ. 2) Қазы Ғиядтың айтуынша, бұрын арабтардың әдетінде әйелдер ер адамдармен бірге отыра беретін. Кейін бұған хижаб аяты арқылы тыйым салынды. 3) Ән-Нәуәуи басымдық берген пікірде әйелге күйеуінің үйіне ол ұнатпайтын адамды, мейлі ол бөгде еркек болсын, мейлі махрам туыс еркек не әйел болсын, кіргізуіне және онымен бірге отыруына тыйым салынады. Жалпы, әйелге күйеуінің үйіне ол рұқсат ететіндерден басқа ешкімді кіргізуіне болмайды. Сондай-ақ әлдебіреуге қатысты күйеуі оны үйіне кіргізуге рұқсат ете ме, жоқ па деп күмәнданған жағдайда да оны кіргізбеуі тиіс. Мұхаммед Азим Әбәди мұның сенімде және амалда Аллаһтың кітабын ұстануды білдіретіндігін айтқан. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құранды нұсқаумен шектелгенімен, бұған сүннет те кіреді. Өйткені Құран Пайғамбарға (с.а.с.) бағынуды бұйырады. Бұл тұрғыда Құран аяттары: «Аллаһқа бағыныңдар және (Оның) елшісіне бағыныңдар» (Ниса, 65); «Сендерге (Аллаһтың) елшісі әкелгенді (бұйырғандарды) ұстаңдар да, ол тыйғандардан тыйылыңдар» (Хашыр, 7) деген нұсқаулар берген. Мәлик «Муатта» кітабында келтірген мурсал хадисте: «Мен сендерге екі нұсқау қалдырамын. Егер оны ұстанатын болсаңдар, ешқашан адаспайсыңдар: Аллаһтың Кітабы және Оның елшісінің сүннеті» делінген. Бұл хадисті әл-Хаким, Ибн Аббастан толық иснадпен жеткізсе, кейбір мухаддистер оны «хасан» санатына жатқызған. Хадис риуаяттарының бірінде: «Аллаһтың Кітабы және менің отбасы мүшелерім» деген қосымша да бар. оқыды және ол екеуінің арасында (басқа) ешқандай (намаз) оқыған жоқ. Сосын (түйесіне) мінді де, мауқифқа (Арафатта тұратын орынға) келді. (Пайғамбар (с.а.с.)) түйесі Қасуаны жартастарға қарата шөктірді және жаяу адамдардың тобырын алды жағына ұстап, құбылаға бұрылды да, күн батқанша (сол жерде) тұрды. Сары шапақ сәл бәсеңсіп, күннің көзі ұясына кіргенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Усаманы (түйесіне) мінгестіріп жолға шықты . (Пайғамбар (с.а.с.)) Қасуаның бұйдасын қатты тартқаны сонша, тіпті оның басы үзеңгілікке тірелетін. Ол оң қолымен ишара жасап: «Ей, адамдар, ақырын, ақырын!» – деп дауыстайтын. Әр төбеге келгенде (Аллаһ елшісі (с.а.с.) Қасуаның қиналмай) шығуы үшін (бұйдасын) біраз босатып отырды. Муздалифаға жеткен соң (Пайғамбар (с.а.с.)) бір азан, екі қаматпен ақшам және құптан намаздарын оқыды және екеуінің арасында нәпіл намаз оқыған жоқ . Сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң атқанша жатып демалды. Таң ағарғанда бір азан, бір қаматпен таң намазын оқыды. Сонан соң Қасуаға мініп, Машғар әл-Харамға келді. (Онда) жүзін құбылаға қаратып, (Аллаһқа) дұға жасады, Оны ұлықтады, Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына куәлік берді және таухид сөздерін айтты. (Машғар әл- Бұл күні екі парыз намазды осылай біріктіріп оқуға болады. Мұндай кезде бір рет азан шақырылып, әр намазға бір реттен екі рет қамат айтылады. Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірі де осыған тоғысады (қ.: «әл-Һидая»). Ән-Нәуәуидің айтуынша, көп адам Арафатта тұру оның ортасындағы әр-Рахма тауында орындалады деп қате ойлайды. Негізінде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) аталмыш таудың етегіндегі жартастарға тоқтаған. Сондықтан да Арафат жазығының кез келген орнында тұруға болады. Осыған орай, «сахих» хадисте: «Арафат жазығының барлығы – мауқиф (тоқтайтын орын)» деп айтылған. Біздің мазһаб ғалымдарының пікірі де – осы (қ.: «Мажмаъ әл-мақсуд»). Арафатта күн батқанша тұрып, содан кейін Муздалифаға аттану қажет. Егер қажылық өтеуші Арафаттан күн батпай тұрып кетіп қалса, оның мауқифта тұруы мен қажылығы жарамсыз болмайды, бірақ оған өтем төлеуі лазым болады. Ғұламалар арасында аталмыш өтем шарасының міндеттілігі мәселесінде пікір қайшылығы туындаған. Сондай-ақ Арафатта тұру уақытының кезеңі жайлы да пікір қайшылықтары бар. Мәселен: 1) Ханафи мен шафиғи мазһабының өкілдері «бұл уақыт Арафа күні (зул-хижжа айының тоғызыншы күні) күн төбеден ауғаннан басталып, құрбандық күні (зул- хижжа айының оныншы күні) таң атқанша күшінде тұрады» деп есептеген. Осы уақыт аралығының қандай да бір кезеңінде Арафатта тұрған адамның мауқифта тұру амалы жарамды саналады. 2) Имам Ахмад Арафатта тұру уақытының Арафа күні таңертеңнен басталатынын айтады. Алайда ғұламалардың барлығы Арафатта тұрудың қажылықтың рүкіні (қалдыруға болмайтын ең негізгі рәсімдерінің бірі) екендігіне бірауыздан келіскен. Бұл орындарда ақшам намазын құптан намазымен қосып оқу үшін кешіктіру сүннетке жатады. Яғни құптан намазының уақыты кірген соң, азан шақырылып, бірінші қаматпен әуелі ақшам намазы, содан кейін екінші қаматпен құптан намазы оқылады. Яғни ақшам намазынан кейінгі сүннет намазды оқымады (ән-Нәуәуи). Харамда) таңның толық жарық тартқанын күткен (Пайғамбар (с.а.с.)) күн шықпай тұрып жолға шықты және Фадл ибн Аббасты мінгестіріп алды. (Фадл) сұлу шашты, ақ реңді, сымбатты жігіт еді. Жолай жандарынан һаудажға (түйе үстіне орнатылған зембілге ұқсас күймеше) мінген әйелдер өткенде, Фадл оларға қарай бастады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қолымен оның бетін жауып еді, Фадл басын басқа жаққа бұрып алып қарауға көшті. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның жүзін (әйелдерге) қарап тұрған жағынан бұру үшін қолын Фадлдың екінші бетіне ауыстырды . Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) Мухассир жазығына келіп жетті және жүрісін біраз тездетті. Содан кейін ол үлкен бағанаға апаратын ортаңғы жолмен жүріп, ағаш жанындағы бағанаға келді де, оған ірі бұршақ көлеміндегі жеті майда тас лақтырды және әрбір тасты (лақтырғанда) тәкбір айтып отырды. (Аллаһ елшісі (с.а.с.) тасты) ойпаттың ішкі жағынан атты . Ғұламалардың бірауызды келісімі бойынша, Муздалифада түнеу қажылық рәсімдерінің біріне жатады. Ғұруа ибн Мударристен риуаят етілген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім біздің Муздалифадағы намазымызға қатысса және (ол жерден) аттанғанымызша бізбен бірге тұрса, сондай-ақ бұдан бұрын күндіз не түнде Арафат ойпатында тұрса, сол қажылығын орындап, оның рәсімдерін атқарған болады», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Әт-Тирмизи мен Ибн Хузайма мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірінше, Муздалифаға тоқтау – уәжіп амал (қ.: «Жауһарат ән-нәйира»). Ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде: «Муздалифада таң намазының уақыты кіргенше болу, сөйтіп, таң намазын ертерек оқып, сосын күн шыққаннан кейін жолға шығу сүннет», – дейді. Біздің мазһаб фақиһтерінің пікірі де осыған тоғысады. Бұл кезде тек әлсіз адамдарға ғана Муздалифадан түнде кетуге рұқсат етіледі. Әл-Бұхари мен Муслим жеткізген хадисте Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) Муздалифа ойпатынан түнде отбасының әлсіз жандарымен бірге аттандырғандардың бірі мен едім», – деген. Сондай-ақ олардың Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етуінше, Сәудә (Аллаһ оған разы болсын) Муздалифаға түнеген кезде Аллаһ елшісінен (с.а.с.) өзін алдын ала жіберуін өтінгенде, Пайғамбар (с.а.с.) оған түнде жолға шығуға рұқсат еткен. Себебі ол денесі ауыр әйел еді. Сонымен бірге осы кітаптағы 721-723 хадистерді қараңыз. Бұл ер адамдардың бөтен әйелдерден және әйелдердің бөтен еркектерден көзін бұрып әкету керектігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл теріске шығарылатын істі мүмкіндігі бар адам қолымен тойтару керектігін нұсқайды. Бұл жазық Мина мен Муздалифаның аралығында орын тепкен. Яғни жамарат әл-ақабаға. Муслим жеткізген басқа бір хадисте Абдуллаһ ибн Масғұд (Аллаһ оған разы болсын) үлкен бағанаға келіп, Қағбаны сол жағына, Мина ойпатын оң жағына ұстап тұрып, содан кейін бағанаға жеті майда тас лақтырған және: ««Бақара» сүресі түскен кісі мұны осылай лақтырды», – деп айтқан. Біздің мазһаб фақиһтері осы пікірге басымдық берген. Ал ән-Нәуәуи мұның сүннет екенін айтқан. Осы кітаптағы 726-хадисті қараңыз. Сонан соң (Пайғамбар (с.а.с.)) құрбандық шалатын орынға барып, өз қолымен алпыс үш (түйені) бауыздады. Сосын Әлиге тапсырып, қалғанын Әли бауыздады. (Осылай Аллаһ елшісі (с.а.с.)) оны құрбандық малдарына серіктестірді . Содан кейін ол (с.а.с.) әр түйенің (етінен) бір боршадан алдырып, оларды қазанға салдырып, пісірткізді. (Пайғамбар (с.а.с.) мен Әли) бұл еттен жеп, оның сорпасынан ішті 2. Сонан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) (түйесіне) отырып, Қағбаға бет алды. Меккеде бесін намазын оқыды да, Зәмзәмнің басында су тартып әперіп тұрған Абдулмутталиб әулетінің (адамдарына) келіп: «Тартыңдар, Абдулмутталиб әулеті! Адамдар сендерді су тартып әперу қызметтеріңнен ығыстырып шығарып жіберуінен (қауіптенбегенімде), сендермен бірге мен де су тартар едім», – деді . Сонда олар оған (Зәмзәмнан) бір шелек су ұсынып, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) одан ішті », – деді», – деп айтқан (1218/147). тәкбір айту
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 714
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Минадан ертемен Арафатқа аттанғанымызда, біздің Әт-Тирмизидің риуаятында Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинадан өзімен бірге алпыс үш түйе айдап келгені, ал қалған түйелерді Әли Йеменнен әкеліп, ұзын саны жүз бас түйені құрағаны көрсетілген. Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинадан әкелген барлық түйені өз қолымен бауыздаған. Ән-Нәуәуи бұдан мынадай қорытындылар шығарады: – құрбандық малы санын көбейтудің мустахабтығы; – құрбандықты өз қолымен шалудың мустахабтығы; – құрбандықты басқа біреуге бауыздатуға рұқсат етілетіндігі; ғұламалар құрбандықты мұсылман адамға бауыздатуға рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. – құрбандықты тезірек шалып, оны ташриқ күндеріне қалдырмау керектігі. Ән-Нәуәуи ғұламалардың бірауызды пікірінің шалған құрбандық малы етінен жеу міндетті емес, сүннет екеніне тоғысатынын айтқан. Ән-Нәуәуидің айтуынша, мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бесін намазынан бұрын ифада (немесе парыз) тауабын жасаған. Мұсылмандардың бірауызды пікірі: «ифада тауабы – қажылықтың рүкінінен». Оны тас лақтырып, құрбандық шалып, шаш алдырғаннан кейін орындаған абзал. Ән-Нәуәуи бұл тауапта Меккеге кіріп келген кездегі қудум тауабындағыдай алғашқы үш айналымды жылдамдата жүру мен оң иықты жалаңаштау жасалмайтынын айтқан. Біздің мазһабтың фақиһтері да осы пікірге тоқтаған. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдар өзінің бұл әрекетін қажылық рәсімдерінің бірі деп санап, су тартып жатқандарды ол жерден ығыстырып шығаруынан қауіптенбегенде, бұл амалдың артықшылығы үшін олармен бірге су тартқан болар еді. Бұл Зәмзәм суынан ішудің мустахабтығын көрсетеді. Зәмзәм – Исламның әл- Харам мешіті аймағында Қағбаға таяу жердегі тарихи ерекше маңызға ие бұлақ. арамызда тәлбия айтушылар да, тәкбір айтушылар да болды», – деп айтқан (1284/272).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 715
Мұхаммед ибн Әбу Бәкір әс-Сақафиден . Ол Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын), екеуі ертемен Минадан Арафатқа қарай бара жатқанда: «Сендер Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге осы күні қалай ететін едіңдер?» – деп (сұрайды. Сонда Әнәс): «Бізден тәлбия айтатын адам тәлбия айтатын және оның (мұнысы) теріске шығарылмайтын. Ал тәкбір айтатын адам тәкбір айтатын және оның да (мұнысы) теріске шығарылмайтын», – деген (1285/274). қайтқан жерден қайтыңдар» дегені
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 716
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Құрайыштар мен олардың дінін ұстанғандар Муздалифаға тоқтайтын. Олар «хумс» деп аталатын. Ал басқа арабтар Арафатқа тоқтайтын. Ислам келгенде, Аллаһ тағала пайғамбарына (с.а.с.) Арафатқа барып, сол жерге тоқтауды, содан кейін ол жерден қайтуды бұйырды. Аллаһ тағаланың: «Кейін адамдар қайтқан жерден қайтыңдар» деген сөзі – осы», – деп айтқан (1219/151).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 717
Жубәйр ибн Мутғимнен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен бір түйемді жоғалтып, Арафа күні оны іздеп шыққан едім. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) адамдармен бірге Арафатта тұрғанын көріп: «Аллаһпен ант етейін, негізінде, мына (кісі) хумстардан ғой. Ол мұнда не істеп жүр?» – дедім. Құрайыштар хумстардан саналатын», – деп айтқан (1220/153). Мұхаммед ибн Әбу Бәкір әс-Сақафи әл-Мәдәни – табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл осы күні аталмыш екі амалдың да мустахабтығын көрсетеді. Әйтсе де тәлбия айтудың абзалдығы басымырақ. Ибн Хажар «Фатх әл- Бәри» кітабында айтқандай, тәкбір айтқан адамдар оны тәлбияға қосып айтқан болуы мүмкін. Ал тәлбияны қай кезге дейін айту керек деген мәселеде Пайғамбарымыз (с.а.с.) тәлбия айтуын жамарат ақабаға тас атқанға дейін жалғастырған. «Бақара» сүресі, 199-аят. Хумстар – Исламнан бұрын Қағба қызметіне лайықты саналған тайпалар тобы, олардың арасында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тайпасы – құрайыштар да бар. Олар «хумс» (дін қызметкерлері) деп аталатын. Осыны малданған құрайыштар Меккенің қасиетті аймағының (Харамның) сыртындағы Арафатқа баруды өздеріне міндетті емес деп есептейтін. Қазы Ғиядтың айтуынша, бұл оқиға Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аудармай тұрғандағы қажылық кезінде болған. Ал Жубәйр ибн Мутғим Исламды Мекке мұсылмандар қолына өткен күні немесе Хайбар жорығы күні қабылдаған. Яғни ол Пайғамбарымызды (с.а.с.) Арафатта көріп, таңғалған кезінде кәпір болатын. Аталмыш пікірмен Ибн Хажар мен әл-Кирмани де келіскен. Яғни адам кәпір кезінде орын алған жайтты Исламды қабылдағаннан кейін хабарласа, оның
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 718
Курайбтан . Ол Усама ибн Зәйдтен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Арафа (күнінің) кешінде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) (түйесіне) мінгескеніңде не істедіңдер?» – деп (сұрағанда, Усама): «Біз адамдар ат шалдыратын шатқалға ақшам (намазын оқу) үшін түстік. Аллаһ елшісі (с.а.с.) түйесін шөктіріп, дәрет сындырды (ол: «су төкті» деп айтпаған) . Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) дәрет су алдырды да, толыққанды емес (бірсыпыра) дәрет алды. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Намаз (оқисың ба)?» – деп (сұраған едім), ол: «Намаз алдыңда», – деді де, (түйесіне) мінді. Сөйтіп, Муздалифаға келгенде, ол ақшам (намазын) орындады. Содан кейін адамдар орындарына түсті. Олар жүктерін түсірмей тұрып, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) құптан намазын орындады. Ол намаз оқып болған соң, (адамдар) жүктерін түсірді », – деп (жауап берген). (Курайб): «Мен: «Таң атқан соң не істедіңдер?» – деп (сұраған едім), ол: «(Аллаһ елшісі (с.а.с.) түйесіне) Фадл ибн Аббасты мінгестіріп алды. Ал мен жаяу, құрайыштардың алдындағыларының арасында жүрдім», – деп айтты», – деген (1280/279).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 719
Ғұруадан . Ол: «Усамаға сұрақ қойылғанда, мен сол жерде болдым (немесе: Усама ибн Зәйдке өзім сұрақ қойдым). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Арафаттан (қайтқанда түйесіне) оны мінгестіріп алған болатын. Мен: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Арафаттан қайтқанда қалай жүретін еді?» – деп (сұрағанымда), ол: «Ол орта жылдамдықпен жүретін, ал алаңқай жер кездессе, жүрісін жылдамдататын», – деп айтты», – деген (1286/283). сөзі қабылданады. Бірақ кәпір күйінде хабарласа, оның сөздері қабылданбайды. Бұл хадистен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзіне уахи түспей тұрып, Арафатта тұратын болғандығы көрінеді. Бұл Аллаһтың оған тура жолды нұсқауы еді. Ахмад және әт- Табарани (№1577), Мұхаммед ибн Исхақтан жеткізген хадисте: «Мен Аллаһ елшісін (с.а.с.) оған уахи түсуден бұрын түйесінің үстінде адамдармен бірге Арафатта тұрып, (ол жерден) солармен бірге қайтқанын көрдім» деп айтылған. Курайб – Ибн Аббастың азат еткен құлы, табиғин, хадис жеткізуші. Әс-Синди «Сунән ән-Нәсәиге» жазған түсіндірмесінде хадис жеткізушілердің «дәрет сындыру» деген сөзден қашпағанын айтып өткен. Әс-Синдидің айтуынша, бұл екі намазды қатар оқығанда, олардың арасында біршама уақыт өткізуге рұқсат етілетінін көрсетеді (қ.: «Шарх Сунән ән-Нәсәи»). Ал ән-Нәуәуи бұған намаздарды екінші намаздың уақытында біріктіріп оқығанда рұқсат етілетінін айтқан. Ғұруа ибн Зубәйр, сахаба Зубәйр ибн Аууам мен Әсмә бинт Әбу Бәкірдің ұлы, фақиһ-ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдардың тобыры арасында асықпай орта жылдамдықпен қозғалатын да, кең жерге шыққанда жүрісін тездететін. жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 720
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) ақшам және құптан (намаздарын) олардың арасында ешбір намаз (оқымай) біріктірді . Ақшамды үш ракағат, ал құптанды екі ракағат етіп оқыды», – деген. Абдуллаһ Аллаһ тағаланың алдына аттанғанынша (бұл) намаздарды осылай біріктіретін (1288/287). қаматпен оқу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 721
Сағид ибн Жубәйрден . Ол: «Біз Ибн Омармен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бірге (Арафаттан) қайтып, (адамдар) жиналатын орынға келдік. Ол бізге имам болып, ақшам және құптан (намаздарын) бір қаматпен оқыды. (Намазды) аяқтаған соң: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы орында бізге имам болып, осылай намаз оқыды», – деп айтты», – деген (1288/291).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 722
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) екі намаздан басқа ешбір намазды уақытынан тыс оқығанын көрген емеспін. Ол ақшам және құптан (намаздарын Муздалифада) біріктіріп оқыды . Ал таң намазын сол күні уақытынан ертерек оқыды », – деп айтқан (1289/292). Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) Муздалифада ақшам және құптанның арасында нәпіл намаз оқымайтын. Сағид ибн Жубәйр – табиғин, хадис жеткізуші, ғұлама. Бұл хадистегі «бір қаматпен» деген сөз әр намазға жеке-жеке бір қаматтан айтылғанын білдіреді. Өйткені Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте бір рет азан шақырылып, екі рет қамат айтылғаны көрсетілген. Яғни құптан намазының уақыты кірген соң, ақшам мен құптан намаздарын қатар оқыды. Сонымен бірге қажылықта бесін мен екінті намаздарын біріктіріп оқу жайында да «сахих» хадистер келген. Бұл жөнінде мұсылмандар арасында пікірталас жоқ. Яғни таң намазын таң атқан соң, әдеттегі уақытынан ертерек оқыды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) таң намазын таң атпас бұрын оқымаған. Мұсылмандардың бір­ауызды пікірі бойынша, бұлай етуге тыйым салынады. Әл-Бұхари жеткізген риуаятта Ибн Масғұд таң намазын таң атқан кезде оқып: «Ақиқатында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) таң намазын осы уақытта оқыды», – деген. Тағы бір риуаятта оның таң атқан кезде: «Ақиқатында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл уақытта осы күні, осы орында, осы намазды ғана оқыды», – дегені нақыл етілген. Ал өзге кездерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) таң намазын бұлайша ерте оқымайтын. түнде қайтуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 723
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Сәудә Аллаһ елшісінен (с.а.с.) Муздалифа түні оның алдында, адамдар тобырынан бұрын аттануға рұқсат сұрады. Ол денелі әйел-тұғын (Қасим1: «Ол толық, денесі ауыр әйел еді», – дейтін). Сонда (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) оған рұқсат етті де, (Сәудә) ол аттанудан бұрын (жолға) шықты. Ал бізді (Пайғамбар (с.а.с.)) таң атқанша кідіртті. Мен де Сәудә сұранғандай, Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сұранып, оның рұқсатымен (ертерек) аттанғанымда ғой! Бұл мен үшін әрбір қуанар нәрседен артық болар еді!» – деген (1290/293).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 724
Әсмәның азат еткен құлы Абдуллаһтан . Ол: «Әсмә Муздалифа мекенінде болғанында менен: «Ай батты ма?» – деп (сұрады). Мен: «Жоқ», – дедім. Ол біраз уақыт намаз оқып, сосын: «Ей, балам! Ай батты ма?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім. – «Менімен бірге жүр», – деді. Сөйтіп, біз жолға шықтық. Ол жамаратқа тас атты да, содан кейін түскен орнында намаз оқыды. Мен оған: «Уа, (ханым)! Негізінде, біз (Минаға ертерек) таң алакеуімде келдік қой!» – деген едім, ол: «Жоқ, ей, балам! Ақиқатында, Пайғамбар (с.а.с.) әйелдер үшін (бұған) рұқсат еткен», – деді», – деп айтқан (1291/297). қайтуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 725
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені (Муздалифада) жиналатын орыннан түнде жүктермен бірге (немесе әлсіз әйелдермен бірге) аттандырды», – деген (1293/300). Қасим ибн Мұхаммед ибн Әбу Бәкір Сыддық – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Яғни Айша адамдардың қалың тобырының арасында жүріп, көп қиындық көруіне тура келген болатын. Абдуллаһ ибн Кайсан әл-Құраши әт-Тәйми – табиғин. Әт-Тахауи жеткізген хадисте Ибн Аббас: «Пайғамбар (с.а.с.) мені отбасы жандарымен бірге аттандырды және маған (жамаратқа) тасты таң атқаннан кейін атуды бұйырды», – деген. Әйтсе де Ибн Хажардың айтуынша, күн шыққанша тас атпау мустахаб саналады. Өйткені Ибн Аббастан Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи және Ибн Мәжәһ жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға: «Күн шыққанша жамаратқа тас атпаңдар», – деп бұйырған. Әт-Тирмизи мен Ибн Хиббан мұны «сахих» хадис санатына жатқызған әрі ол түрлі жолдармен риуаят етілген.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 726
Сәлим ибн Абдуллаһтан . Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) отбасының әлсіз жандарын ертерек қайтаратын да, олар түнде Муздалифадағы Машғар әл-Харамда тоқтап, өздері қажет санаған (уақыт мөлшерінде) Аллаһты еске алатын. Содан кейін олар (бұл орынға) имам тоқтамай тұрып және ол жолға шығудан бұрын жолға шығатын. Олардың кейбірі Минаға таң намазында келетін, кейбірі бұдан кейін келетін және келген кездерінде жамаратқа тас ататын. Ибн Омар: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұларға рұқсат еткен», – деп айтатын (1295/304). дейін тәлбия айтуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 727
Ата Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) (риуаят етеді). Пайғамбар (с.а.с.) (Муздалифада) жиналатын орыннан Фадлды (түйесіне) мінгестіріп алған. (Ата): «Маған Ибн Аббастың хабарлауынша, Фадл оған Пайғамбардың (с.а.с.) жамарат әл-ақабаға тас атқанынша тәлбия айтуды тоқтатпағанын хабарлапты», – деген (1281/267). және әрбір тасты лақтырғанда тәкбір айту
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 728
Ағмаштан . Ол: «Хажжаж ибн Юсуфтың мінбер үстінде құтпа жасап тұрып: «Құранды Жәбірейіл реттегендей: «сиыр айтылатын сүре», Сахаба Абдуллаһ ибн Омардың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Ата ибн Әбу Рабах – табиғин, Мекке ғұламасы, хадис жеткізуші. Бұған қатысты екі пікір айтылған: 1) Ән-Нәуәуи бұл хадисті «Пайғамбар (с.а.с.) жамарат әл-ақабаға тас атуды бастағанша тәлбия айтқан» деп түсіндіреді. Фақиһтердің көпшілігінің пікірі осында түйіседі. Өйткені Абдуллаһ ибн Аббас, Фадл ибн Аббастан жеткізген тағы бір хадисте: «(Пайғамбар (с.а.с.)) жамаратқа жеткенше тәлбия айтты» делінген. Сондай-ақ Ибн Хузайма «Сахихінде» (№2886), Әбу Уәилден риуаят еткен хадисте Абдуллаһтың: «Мен Пайғамбарды (с.а.с.) бақылап тұрдым, ол жамарат әл- ақабаға бірінші тасты лақтырғанша тәлбия айтуын тоқтатпады», – дегенін жеткізген. Кейбір мухаддистер бұған басқа хадистермен күшейетіндіктен «сахих лиғайриһи» деп баға берген. «Мажмаъ әл-мақсуд» кітабында да осындай пікір айтылған. 2) Ахмад және шафиғи мазһабының кейбір өкілдерінің пікірінше, тәлбия бірінші тасты лақтырумен емес, соңғы тасты лақтырумен аяқталады (қ.: «Фатх әл-Бәри», 3/426). Өйткені Ибн Хузайма «Сахихінде» келтірген хадисте Фадл ибн Аббас: «Мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Арафаттан қайтқанымда, ол жамарат әл-ақабаға тас лақтырғанша тәлбия айтуын тоқтатпады. Ол әрбір тасты лақтырғанда тәкбір айтты және тәлбия айтуды соңғы тасты лақтырғаннан кейін ғана тоқтатты», – деп айтқан. Ибн Хузайма мұны «сахих хадис» санатына жатқызған. Ағмаш – Сүлеймен ибн Михран, табиғиндер қатарындағы кісі. «әйелдер айтылатын сүре», «Имран әулеті айтылатын сүре» (деп) реттеңдер », – деп айтқанын естідім. Кейін Ибраһимді кездестіріп, оған (Хажжаждың) сөзін хабарлағанымда, ол оны сөгіп: «Маған Абдур-Рахман ибн Язидтің айтуы бойынша, ол Абдуллаһ ибн Масғұдпен бірге болғанында, (Ибн Масғұд) жамарат әл-ақабаға келіп, ойпаттың ішіне түсіп, оған ендік тұсынан кірген. Сөйтіп, ойпаттың ішкі жағынан әрбір тасты (лақтырғанында) тәкбір айта отырып, оған жеті майда тас лақтырған. (Абдур-Рахман ибн Язид): «Мен: «Уа, Әбу Абдур-Рахман! Негізінде, адамдар оған (ойпаттың) жоғарғы тұсынан тас атады ғой?» – дегенімде, (Ибн Масғұд): «Одан басқа ешбір құдай жоқ (Аллаһ)пен ант етейін. «Бақара» сүресі түсірілген кісінің орны – осы», – деп (жауап берді)», – деп (хабарлады)», – деді», – деп айтқан (1296/306).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 729
Абдур-Рахман ибн Язидтен. Абдуллаһ (ибн Масғұд (Аллаһ оған разы болсын) Муздалифада) жиналатын орыннан қайтқанда тәлбия айтқан. Сонда (біреулер): «Мынау бәдәуи ме?!» – дегенде, Абдуллаһ: «Адамдар ұмытты ма, әлде адасты ма?! Мен «Бақара» сүресі түсірілген кісінің осы орында: «Ләббәйкә Аллаһумма, ләббәйк(ә)», – деп айтқанын естідім», – деп айтқан (1283/270). тас ату
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 730
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) құрбандық күні түйесінің үстінде тұрып тас атқанын көрдім . Ол: «(Бұл менен) қажылық рәсімдеріңді алуларың (үйренулерің) үшін . Өйткені мен осы қажылығымнан кейін қажылық жасаймын ба, білмеймін », – деп айтып жүрді», – деген (1297/310). Хажжаж ибн Юсуф – умәуилер халифасы Абдул-Мәлик ибн Маруанның тұсында кейбір аймақтардың басшысы болған кісі. Басқа бір риуаятта Хажжаж: «Бақара» сүресі деп реттемеңдер», – деген. Ибраһим ибн Язид ән-Нахағи, табиғиндер қатарындағы куфалық ғалым. Абдур-Рахман ибн Язид – Ибраһим ән-Нахағидің бауыры. Яғни Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.). «Көлік үстінде тұрып ату мен жерде тұрып атудың қайсысы абзал?» деген мәселеде ғұламалар арасында пікір қайшылықтары туындаған. Әйтсе де олар бұл екеуіне де рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген (ән-Нәуәуи). Мұндағы «үшін» деген сөз бұйрық мәнінде келген, яғни: «қажылық рәсімдеріңді менен үйреніңдер» деген мағынаны білдіреді. Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Намазды менің намаз оқығанымды көргендерің бойынша оқыңдар» дегеніне ұқсас. Бұл сөз қоштасуды және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қазасының жақын қалғанын меңзейді әрі Пайғамбарымыздан (с.а.с.) дін істерін ден қоя үйреніп, осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға ынталандырады. Бұл қажылықтың «қоштасу қажылығы» деп аталу себебі де осы болатын.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 731
Жәбирден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) жамаратқа ірі бұршақтай майда тастар лақтырғанын көрдім», – деп айтқан (1299/312).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 732
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жамаратқа құрбандық күні сәскеде, ал бұдан кейінгі (күндерде) күн ауған кезде тас атты», – деген (1299/314).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 733
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Дәретке отырғаннан кейін) кесекпен тазалану – тақ санды, бағанаға тас ату – тақ санды, Сафа мен Маруаның арасында сағи жасау – тақ санды және (Қағбаны) тауап ету – тақ санды. Қайсыбірің (дәретке отырғаннан кейін) кесекпен тазаланса, тақ санды кесекпен тазалансын», – деп айтты», – деген (1300/315). жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 734
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезінде шашын қырдырған (1304/322). Мұнда «бұдан кейінгі күндер» деп ташриқ күндері айтылған. Ташриқ күндері жамаратқа тас атудың арнайы шарттары бар. Әл-Бұхари жеткізген хадисте көрсетілуінше, Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жамарат әс-суғраға (яғни кіші бағанаға. Ол басқа жамаратқа қарағанда Хайф мешітіне жақын орналасқан, зул-хижжаның он бірінші күні тас лақтыру содан басталады) жеті майда тас атып, әр тасты (лақтырғаннан) кейін тәкбір айтатын да, сосын тегіс жерге өтіп, жүзін құбылаға қарата ұзақ уақыт екі қолын көтеріп дұға жасайтын. Одан кейін жамарат әл-устаға (орта бағанаға) тас атқан соң, солға бұрылып тегіс жерге шығатын да, жүзін құбылаға қарата ұзақ тұратын, сосын екі қолын көтеріп дұға етіп ұзақ тұратын. Сосын барып жамарат әл-ақабаға (үлкен бағанаға) ойпаттың ішкі бетінен тас ататын да, оның алдында тұрмай кетіп қалатын және «Пайғамбардың (с.а.с.) осылай еткенін көргенмін» дейтін. Мұнда жамаратқа тас ату, Сафа мен Маруаның арасында сағи жасау және Қағбаны тауап етудегі тақ сан деп «жеті саны» меңзелген. Ал дәретке отырғаннан кейін тас не кесекпен тазаланғанда, ең кемінде үш кесек пайдалану қажет. Дегенмен тазаруға бұл жеткіліксіз болса, одан көп кесек пайдаланылады және кесектерді тақ санды етіп қолдану мустахаб. 117-хадистің түсіндірмесін қараңыз. Осы кітаптағы №678 және келесі хадистің түсіндірмесін қараңыз.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 735
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Уа, Аллаһ! Шашын қырдырғандарға кешірім ет!» – деді. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Шашын қысқартқандарға да», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Уа, Аллаһ! Шашын қырдырғандарға кешірім ет!» – деді. (Адамдар тағы да): «Уа, Аллаһтың елшісі! Шашын қысқартқандарға да», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) қайтадан): «Уа, Аллаһ! Шашын қырдырғандарға кешірім ет!» – деді. (Адамдар тағы қайталап): «Уа, Аллаһтың елшісі! Шашын қысқартқандарға да», – деді. (Сонда ғана Пайғамбар (с.а.с.)): «Шашын қысқартқандарға да», – деп айтты», – деген (1302/320). шашты қырдыру және шашты қырдырғанда оң жақтан бастау
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 736
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) жамарат әл-ақабаға тас лақтырып, сосын құрбандық түйелеріне барды да, оларды құрбандыққа шалды. (Ол жерде) қан алушы отырған-ды, (Пайғамбар (с.а.с.) оған) қолымен басын нұсқады. Сөйтіп, ол (Аллаһ елшісінің (с.а.с.) шашының) оң бөлігін қырды. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны қасындағыларға бөліп берді. Содан кейін: «Екінші жағын қыр», – деді. Сонан соң: «Әбу Талха қайда?» – деп (сұрап, сол жағының шашын) соған берді (1305/325). тас атудан бұрын құрбандық шалған (адам) жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 737
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) түйесінің үстінде тоқтады да, бір адамдар оған сұрақ қоя бастады. Олардың біреуі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, мен тас атудың құрбандық шалудан бұрын екенін білмей, тас атпастан құрбандық шалып қойдым», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Енді тас ата бер, оқасы жоқ», – деді. Тағы біреу: «Мен құрбандық шалудың «Мухтасар әл-уиқая» кітабында қажылықта шашты қырдырудың оны қысқартуға қарағанда абзал екендігі айтылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, шашты қырдырудың абзалдығы: бұлай жасау қажылық кезіндегі құлшылықты кемелдендіре түседі әрі ол қажылық өтеушінің риясыз шын ниетін айғақтайды. Шаш адамның көркі болғандықтан, қажылық өтеуші өзін көркінен айырып, Аллаһ тағаланың алдында жарлы кейіпке түсуі қажет. Әл-Бұхари жеткізген хадисте де Мисуар ибн Махрама (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрбандық малдарын шашын қырдырмай тұрып шалғанын және сахабаларына да осылай етуді бұйырғанын айтқан. Ғұламалардың басым көпшілігі «қиран және ифрад қажылығын өтеушілерге шашты тас лақтырып, құрбандық шалғаннан кейін, ифада тауабын жасамай тұрып қырдыру абзал» дейді. шашты қырдырудан бұрын екенін білмей, құрбандық шалмай тұрып шашымды қырдырып қойдым», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Енді құрбандық шала бер, оқасы жоқ», – деді. Сол күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзіне бір істерді кейбір істерден бұрын істеп қою немесе сол сияқты адам ұмытқан не білмей қалған амалдары жайлы сұрақ қойылса, тек: «Енді оны орындай беріңдер, оқасы жоқ», – деп жауап бергенін естідім», – деп айтқан (1306/328).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 738
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Құрбандық күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) жамарат (әл-ақабаның) жанында тұрғанда, оған бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен тас атудан бұрын шашымды қырдырып қойдым», – дегенде, оның: «(Енді) тас ата бер, оқасы жоқ», – деп айтқанын естідім. Оған басқа біреу келіп: «Мен тас атпастан құрбандық шалып қойыппын», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «(Енді) тас ата бер, оқасы жоқ», – деді. Басқа біреу келіп: «Мен тас атудан бұрын Үйге ифада тауабын жасап қойдым», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «(Енді) тас ата бер, оқасы жоқ», – деді. Сол күні не жайлы сұрақ қойылса да, оның: «(Енді) орындай беріңдер, оқасы жоқ», – деп айтқанын көрдім», – деген (1306/333). Абдуллаһ ибн Амр жеткізген хадис бойынша, Пайғамбарға (с.а.с.) төрт іс жайлы: тас атудан бұрын құрбандық шалу, құрбандық шалудан бұрын шаш алдыру, тас атудан бұрын шаш алдыру және тас атудан бұрын Қағбаны тауап ету туралы сұрақтар қойылған. Ғұламалардың бірауызды келісімі бойынша құрбандық күні орындалатын қажылық рәсімдері төртеу: 1) жамарат әл-ақабаға тас ату; Жамарат – қажылар құрбандық шалу күні және одан кейінгі үш күнде тас ататын тас діңгектер, бағаналар. Бұлар үш бағанадан тұрады: жамарат әс-суғра немесе жамарат әд-дуния (кіші бағана), жамарат әл-уста (орта бағана) және жамарат әл-ақаба (үлкен бағана). Ол бағаналар Аллаһтың әмірін орындауға аттанған Ибраһимнің (аләйһис-сәләм) жолын тосып кедергі жасауға әрекеттенген шайтанды бейнелейді. Ибраһимнің шайтанға тас атқанындай қажылар да осы жамаратқа майда тастарды лақтырады. Мұнда осы бағаналардың үлкені – жамарат әл-ақаба туралы айтылған. Қажылар құрбандық шалу күні Минаға келген соң осы жамарат әл-ақабаға ғана, ал қалған күндерде жамараттардың барлығына тас атады; 2) құрбандық шалу; 3) шашты ұстарамен алдыру не қысқарту; 4) ифада тауабын жасау. Зул-хижжа айының онында құрбандық шалу күні қажылардың Қағбаны тауап етуі осылай аталады. Ғұламалардың көпшілігінің пікірі бойынша, аталмыш рәсімдердің рет тәртібін сақтау сүннет саналады. Сондықтан осы хадисте келгендей, бұлардың рет тәртібі бұзылса – оқасы жоқ, яғни күнә болмайды және бұл өтем төлеуді де қажет етпейді. Әйтсе де кейбір ғалымдар «жоғарыдағы қажылық рәсімдерін орындаудағы реттілікті біле тұра, әдейі сақтамаған адамның үкімі бұдан тыс» деп есептеген. Бұл айтылғандар қажылық рәсімдеріне қатысты, ал умра рәсімдерін орындағанда шаш алдыру тауаптан кейінге қалдырылады. Ал Ханафи мазһабында аталмыш рәсімдердің ретін сақтау уәжіп саналады. ен салу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 739
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Зул-Хуләйфада бесін намазын оқыды. Содан кейін түйесін алдырып, оның оң жақ өркешіне ен салып , (аққан) қанды сүртіп тастады және оның мойнына екі кебіс іліп қойды . Содан соң түйесіне мінді де, (түйесі) әл- Байдаға жеткенде қажылық үшін ихрамға кіріп, тәлбия айтты», – деген (1243/205). тыс жағдайда оның мойнына алқа тағу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 740
Амра бинт Абдур-Рахманнан . Оның хабарлауынша, Ибн Зияд Айшаға: «Абдуллаһ ибн Аббас: «Кімде-кім құрбандық малын айдатып жіберсе, сол малы құрбандыққа шалынғанша оған қажылық өтеушіге тыйым салынатындай тыйым салынады», – деді. Мен құрбандық малымды (біреу арқылы) жөнелткен едім. Маған өз шешіміңді жазып жібер» деп (хат) жазған. Амра: «(Сонда) Айша: «(Бұл мәселе) Ибн Аббас айтқандай емес. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) құрбандық малдарының мойын арқандарын өз қолыммен естім. Сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) (оны құрбандық малдарының) мойнына өз қолымен байлады. Содан кейін оларды менің әкеммен (Меккеге) жөнелтті. Бірақ малдары құрбандыққа шалынғанға дейінгі (күндерде) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Аллаһ рұқсат еткен істердің ешқайсысына тыйым салынбады», – деп (жауап жазды)», – деген (1321/369). Малдың құрбандыққа арналғанын білдіру үшін мұндай ен түйе өркешінің оң жақ тұсын тілу арқылы салынады. Бұл ен құрбандық малы жоғалған жағдайда тауып алған адамның оны қайтарып беруі үшін не басқа малға қосылып кеткен жағдайда айыра тану үшін, сондай-ақ басқаларға құрбандық шалу міндетін аңдататын ескерту болуы үшін жасалады. Ән-Нәуәуи «бұл – мустахаб амал» деген пікір білдірген. Имам Әбу Юсуф пен Мұхаммед: «құрбандық малына осылай ен салу абзал» деген. Имам Бурһануддин әл-Марғинани мен Ибн Һумам да осы пікірге басымдық берген. Алайда бұлайша ен салу түйе малына қатысты. Ғұламалар құрбандыққа арналған қойға ен салынбайтындығына бірауыздан келіскен. Ал сиырға келсек, шафиғи мазһабының өкілдері «оған да ен салу мустахаб» деп санаған. Бұл да мустахаб амал саналады. Алайда бұл үшін кебіспен қатар, тері, арқан т.с.с. заттарды пайдалануға болады. Мұндағы Пайғамбар (с.а.с.) мінген түйе құрбандыққа арналған түйе емес, басқа түйе болатын. Амра бинт Абдур-Рахман – табиғин, хадис жеткізуші. Бұл жерде Айша һижраның 9-жылы мұсылмандар Әбу Бәкірдің (Аллаһ оған разы болсын) басшылығында жасаған қажылық туралы айтқан. Яғни бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінің аяқ шенінде болған оқиға-тұғын. Сондықтан мұнда бұл үкімнің күші жойылмағанына сілтеме бар. Хадисте Ибн Аббас қажылық
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 741
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бірде Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрбандық ретінде Қағбаға қойлар жөнелткенде, олардың мойнына арқан байлады», – деп айтқан (1321/367).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 742
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) түйе айдап келе жатқан кісіні көріп: «Оған мініп ал», – деді. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл – құрбандыққа арналған түйе», – деді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) екінші ретте (не үшінші ретте): «Оған мініп алсайшы, сорың құрғыр!» – деді (1322/371).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 743
Әбу Зубәйрден . Ол: «Жәбир ибн Абдуллаһқа (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) құрбандық малына міну жайлы сұрақ қойылғанда, оның: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер мәжбүр болсаң, басқа мініс көлігін тапқанша оған жөнімен мін», – дегенін естігенмін», – деп айтқанын естідім», – деген (1324/375). жағдайға тап болған құрбандық малы туралы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 744
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Оған Қабисаның әкесі Зуайбтың айтуынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.) онымен бірге құрбандық малын жөнелткенде: «Егер олардың біреуі өлетіндей жағдайға тап болып, оның өліп қалуынан қауіптенсең, оны шал. Содан кейін оның (мойнындағы) кебісті қанына малып, сонымен оның сауырын ұр. Әрі сен өтеушінің үкіміне салыстыра отырып, қияс арқылы пәтуа берген болатын. Алайда Айша сүннет барда мұндай қиястың ешқандай күшке ие емес екенін нұсқаған. Ибн Тиннің айтуынша, сірә, Ибн Аббас осыдан кейін өз пікірінен бас тартқан болуы керек. Әл-Бәйһақи адамдардың көзін ашып, оларға сүннетті түсіндірген бірінші адамның Айша болғандығын нақыл еткен. Сол орында Ғұруа мен Амрадан риуаят етілген хадисте: «Адамдарға Айшаның сөзі жеткенде, олар осыны қабылдап, Ибн Аббастың пәтуасынан бас тартты» делінген. Бұл хадистен мынадай қорытындылар шығады: – қанағаттанарлық үкім болса да, одан күштірегін табуға тырысу; әсіресе бұл дін істеріне қатысты; – Құран, хадистерге өз бетінше үкім шығарудың теріске шығарылатыны; – Пайғамбарымыз (с.а.с.) істеген амал оның жеке өзіне тән екендігі дәлелденбесе, оған ілесу қажеттігі. Бұл ғұламалардың көпшілігінің «құрбандық қойларының мойнына арқан байлау мустахаб» деген пікіріне дәлел болып табылады (ән-Нәуәуи). Әбу Зубәйр – Мұхаммед ибн Муслим әл-Макки, табиғин. Кейбір ғалымдар қажеттілік туындағанда құрбандық малына мінуге болатынын айтқан. Сондай-ақ Ибн Хажардың нақыл етуінше, ғұламалардың көпшілігі құрбандық малына жүк т.б. заттар артуға да рұқсат берген. және жолсеріктеріңнен ешкім оның (етінен) жемесін», – деп айтқан (1326/378).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 745
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге қажылық үшін ихрамға кірген халде шықтық. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге (құрбандық шалу үшін) әрбір жетеуіміздің түйеге не сиырға, яғни бір ірі малға серіктесуімізді бұйырды», – деп айтқан (1328/351).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 746
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрбандық күні Айшаның атынан сиыр сойды», – деп айтқан (1319/356).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 747
Зияд ибн Жубәйрден . Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) түйесін шөгеріп қойып, құрбандыққа шалғалы тұрған бір кісіге келіп: «Оны Әл-Хаттабидің айтуынша, кебісті қанға малып, құрбандықтың сауырына ұрудың себебі, жүргіншілер бұл малдың құрбандық малы екенін түсініп, мұқтаж болмаса, оған тимеуі үшін. Әбу Дәудтің риуаятында: «Содан кейін оны адамдарға қалдыр» делінген. Мұхаммед Азим Әбәди: «Бұл мұндай құрбандық малының етінен мұқтаж болған жағдайда басқалардың жеуіне тыйым салынбайтынын айғақтайды», – дейді. Ән-Нәуәуидің пікірінше, құрбандық малының етіне тек кедейлер лайықты болғандықтан, бай адамдарға оның етінен жеуге рұқсат етілмейді. Әт-Тирмизи «Сунән» кітабында нақыл етуінше, әш-Шафиғи, Ахмад және Исхақтар «мұндай жағдайда сойылған мал құрбандық есебінде жүреді» деп санаған. Яғни оның орнына басқа мал шалуға міндетті емес. Сондай-ақ олардың ойларынша, адам оның етінен жесе, жеген мөлшерінде өтем төлеуі міндеттеледі. Яғни жеті адам бірігіп, құрбандыққа бір түйе не сиыр шалуға болады. Мұндай жағдайда түйе не сиыр жеті қойға тең саналады. Ғұламалардың барлығы құрбандық шалу үшін бір қойға біреуден артық адамның серіктесуіне рұқсат етілмейтіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Әбу Ханифа «Түйеге не сиырға серіктескенде, олардың барлығы Аллаһқа құрбандық шалуды ниет етуі тиіс» деген пікір айтады. Ал әш-Шафиғи, Ахмад және басқа фақиһтердің пікірінше, мұндай жағдайда міндетті құрбандық болсын, ерікті құрбандық болсын, біріккендердің кейбірі Аллаһқа құрбандық шалуға ниет етіп, ал енді біреулері тек азық қажет етсе де, жеті адамның серіктесуіне рұқсат етіледі. Тағы бір риуаятта: «әйелдерінің атынан» делінген. Зияд ибн Жубәйр – табиғин, хадис жеткізуші. тұрғызып қойып, (аяғын) байлап (сой. Бұл –) Пайғамбарларыңның (с.а.с.) сүннеті», – деп айтқан (1320/358). садақа беру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 748
Әлиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған құрбандық малының басында болып, оның етімен, терісімен және жабуларымен садақа беруді және қасапшыға (ақысы үшін) одан бермеуді бұйырды. Ол: «Біз оған (ақысын) өз жанымыздан береміз», – деді», – деп айтқан (1317/348).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 749
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрбандық күні (Қағбаға келіп), ифада тауабын жасаған. Содан кейін Минаға қайтып, бесін намазын сонда оқыған. Нафиғ3: «Ибн Омар құрбандық күні (Қағбаға келіп), ифада тауабын жасайтын. Содан кейін Минаға қайтып, бесін намазын сонда оқитын. Әрі ол Пайғамбардың (с.а.с.) осылай еткенін айтатын», – деген (1308/335). Әбу Дәуд Жәбирден жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабалары түйені алдыңғы сол аяғын байлап, тік тұрған күйінде құрбандыққа шалғандығын айтқан. Бұл хадистің иснады Муслимнің шартына сай келеді. Мәлик, әш-Шафиғи, Ахмад және ғұламалардың көпшілігі мұны мустахаб деп есептеген. Ал сиыр мен қойды сол жақ сауырына жатқызып, артқы оң аяғынан басқа барлық аяқтарын байлап сою мустахаб (ән-Нәуәуи). Яғни құрбандық малын сойған қасапшының ақысын етпен емес, ақшалай беру керек. Өйткені оның ақысына ет беру құрбандық малының бір бөлігін сатқанмен бірдей болады. Ата, ән-Нахағи, шафиғи мазһабының өкілдері, Мәлик, Ахмад және Исхақтар «құрбандықтың терісін және де басқа бөліктерін сатуға болмайды» деп есептесе, Әбу Сәур оның терісін сатуға рұқсат берген. Ибн Мунзирдің нақыл етуінше, Ибн Омар, Ахмад және Исхақ «құрбандық малының терісін сатып, түскен ақшаны садақаға беруге болады» десе, ән-Нахағи мен әл-Аузағи «оның ақшасына тор, елек, балта, таразы т.с.с. заттар сатып алуға рұқсат етіледі» деген пікірді ұстанған (ән- Нәуәуи). Нафиғ – Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі ғұлама, хадис жеткізуші. Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген көлемді хадисте Пайғамбар (с.а.с.) сол күні бесін намазын Меккеде оқығаны айтылған болатын. Ал біз қарастырып отырған хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) бесінді Минада оқығаны айтылған. Бұл хадистерді былайша үйлестіруге болады: Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеде бесін намазын уақытының алғашқы бөлігінде оқып, содан кейін Минаға оралған. Сол жерде сахабалары оған намазға имам болуды өтініп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) нәпіл ретінде олармен бірге тағы да намаз оқыған. Хадисте ифада тауабын күннің алғашқы жартысында орындауға сілтеме бар. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғұламалар аталмыш тауаптың қажылықтың рүкініне жататындығы жөнінде ортақ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 750
Ибн Журайжден . Ол: «Ата маған: «Ибн Аббас: «Қажылық өтеуші де, басқа да Үйді тауап етумен ихрамнан шығады», – дейтін», – деп хабарлады. Мен Атадан: «Ол мұны не нәрсеге сүйеніп айтушы еді?» – деп (сұрағанымда), ол: «Аллаһ тағаланың: «Содан кейін оның орны – Көне Үйге» деген сөзіне сүйеніп», – деді. Мен: «Негізінде, бұл Арафатта тұрудан кейін ғой?» – дегенімде, ол: «Ибн Аббас: «Бұл Арафатта тұрудан кейін және бұрын», – дейтін және мұны Пайғамбардың (с.а.с.) ол өздеріне қоштасу қажылығы кезінде ихрамнан шығуларын бұйырғандағы сөзінен алатын», – деді», – деп айтқан (1245/208). мәрте тауап ету жеткілікті
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 651–700ОглавлениеХадисы 751–800 →