Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Оның Сарифта етеккірі келеді де, Арафатта тазарады. Сонда оған Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сенің Сафа мен келісімде. Онсыз қажылық жарамсыз болады. Ифада тауабын құрбандық күні жамаратқа тас атып, құрбандық шалып, шаш алдырғаннан кейін орындау мустахаб. Әйтсе де бұл тауап ташриқ күндері жасалса да есепке алынады. Ғұламалардың бірауызды пікірі бойынша, бұл үшін өтем төлеу міндет емес. Сондай-ақ ғұламалардың басым көпшілігі «ифада тауабының ташриқ күндерінен кейін орындалуы да есепке алынады» деген пікірді ұстанған. Ибн Журайж – Абдул-Мәлик ибн Абдул-Азиз, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Ата ибн Әбу Рабах – табиғин, Мекке ғұламасы, хадис жеткізуші. «Хаж» сүресі, 23-аят. Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бұл пікірі өзге ғалымдардың пікіріне қайшы келеді. Өйткені қажылық өтеуші Қағбаны алғаш келгенде тауап етумен ихрамнан шықпайды. Ихрамнан шығу үшін Арафатта тұру және жамаратқа тас ату қажет. Әбу Дәуд Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Тас лақтырып болсаңдар, сендерге иіссу жағынуға және әйелдеріңе жақындасудан басқа істерге рұқсат етіледі», – деп айтқан. Мухаддистер мұны «сахих» хадис санатына жатқызған әрі бұл Ахмад жеткізген хадиспен күшейе түседі. Онда Айша: «Мен Аллаһ елшісін (с.а.с.) ихрамнан шыққан және ихрамға кірер кезінде: ол ихрамға кірер кезде және құрбандық күні Қағбаны тауап етуінен бұрын жамарат әл-ақабаға тас лақтырғанынан кейін өз қолыммен зәрирамен хош иістендірдім», – деген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, қажылық өтеушінің ихрамнан толық шығуы Арафатта тұрудан, бағанаға тас атудан, шашты қырдырудан және ифада тауабын жасағаннан кейін болады. Ибн Аббас сүйенген аят: «құрбандықты Харам аймағынан тыс орында шалмаңдар» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезіндегі ихрамнан шығу туралы бұйрығы да Ибн Аббастың пікіріне дәлел бола алмайды. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол кезде қажылықты умраға айналдыруды бұйырған болатын. Маруаны сағи жасауың қажылығың үшін де, умраң үшін де жарамды», – деп айтқан (1211/133). қашан шығады?
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз қоштасу қажылығы жылы Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге (жолға) шықтық. Арамызда умра үшін ихрамға кіргендер, қажылық және умра үшін ихрамға кіргендер және (тек) қажылық үшін ихрамға кіргендер болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қажылық үшін ихрамға кірді. Умра үшін ихрамға кіргендер ихрамнан шықты. Ал қажылық үшін ихрамға кіргендер және қажылық пен умраны біріктіргендер құрбандық күніне дейін ихрамнан шыққан жоқ», – деп айтқан (1211/118).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) және Әбу Бәкір мен Омар Абтахқа түсетін (1310/337). Мұнда Айшаның қиран қажылығын жасағанына анық дәлел бар. Ол умраны қалдырмаған, керісінше, етеккірі келуі себепті оны тоқтатуға мәжбүр болған. Осы кітаптағы №664-хадистің түсіндірмесінде бұл жайлы айтылған болатын. Таматтуғ қажылығын өтеушінің Меккеге келгендегі Қағбаны алғашқы тауап етуі мен Сафа мен Маруаның арасында сағи жасауы умра рәсіміне жатады. Сондықтан ол құрбандық күні қажылық үшін тағы да тауап және сағи жасауы қажет. Бұл хадистің басқа бір риуаяты осы кітаптағы №679-хадисте келтірілген. Онда: «Кімде-кім умра үшін ихрамға кіріп, құрбандық малын айдап келмесе, ихрамнан шықсын. Кімде-кім умра үшін ихрамға кірсе және құрбандық малын айдап келсе, құрбандық малын шалғанша ихрамнан шықпасын. Ал кім қажылық үшін ихрамға кірсе, қажылығын аяғына жеткізсін» делінген-ді. Өзімен бірге құрбандық малын айдап келмеген умра не таматтуғ қажылығын өтеуші адам Қағбаны тауап етіп, Сафа мен Маруаның арасында сағи жасағаннан және шашын қысқартқаннан (немесе қырдырғаннан) кейін құрбандық күнін күтпестен ихрамнан шығатыны жөнінде төрт мазһабтың имамдары ортақ пікірде. Ал құрбандық малын өзімен айдап келген таматтуғ қажылығын жасаушы жөнінде оларда пікір қайшылығы туындаған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, №679-хадистің сыртқы мағынасы құрбандық малын өзімен айдап келген таматтуғ қажылығын өтеуші құрбандық күні малын шалғанша ихрамнан шықпайды деп есептеген Әбу Ханифа мен Ахмадтың пікіріне дәлел болып табылады. Ол біз қарастырып отырған хадистегі қажылық пен умраны біріктіргендерді құрбандық малын өзімен айдап келіп, қиран қажылығын өтегендер деп түсіндірген. Мұнда қажылар ташриқтың екінші не үшінші күні жамаратқа тас атып болғаннан кейін Минадан қайтатын күн туралы айтылған. Оны араб тілінде «йәум ән-нәфр» деп атайды.
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Абтахқа түсу сүннет емес. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ол жерге түскен себебі, қайтар кезде (Мәдинаға) шығуы үшін қолайлы болатын», – деп айтқан (1311/339).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге Минада болған кезімізде: «Ертең бәну кинананың олар кәпірлікке анттасқан жазығына түсеміз», – деді», – деп айтқан. Ол жерде (яғни Мухассабта) құрайыштар мен бәну кинана (руы) бәну һашим мен бәну мутталиб (руына) қарсы, олар өздеріне Аллаһ елшісін (с.а.с.) тапсырғандарына дейін олармен неке және сауда келісімін жасамауға одақтасып, серттескен болатын (1314/344). түндерінде Меккеде түнеуі
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аббас ибн Абдулмутталиб қажыларды сумен қамтамасыз ететіндігі үшін Мина түндерінде Меккеде түнеуге Аллаһ елшісінен (с.а.с.) рұқсат сұрағанда, оған рұқсат берген (1315/346).
Бәкір ибн Абдуллаһ әл-Музәниден . Ол: «(Бірде) мен Қағбаның жанында Ибн Аббаспен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бірге отырғанымда, оған бір бәдәуи келіп: «Мен сенің көкеңнің ұлдарының сусынға бал ұсынатынына, ал сендердің нәбиз ұсынатындарыңа куә болдым. Бұл сендердегі мұқтаждықтан ба, әлде сараңдықтан ба?» – деп (сұрады). Сонда Ибн Аббас: «Аллаһқа мақтау болсын! Бізде ешқандай мұқтаждық та, сараңдық та жоқ. Пайғамбар (с.а.с.) түйесіне мініп келді, оның арқасына Усама (мінгескен) еді. (Пайғамбар (с.а.с.)) сусын сұрады, біз оған ыдыспен нәбиз әкелдік. Ол (одан) ішіп, қалғанын Усамаға берді де: «Жақсы әрі тамаша іс жасадыңдар! Енді осылай Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Ибн Аббас пен Айша (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) Мухассаб (Хасба немесе Абтах) жазығына зул-хижжа айының он екісі, он үшінде қайтатын күні түсуді сүннет деп есептемеген. 2) Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) мұны «сүннет» деп есептеген. Муслим, Сәлимнен жеткізген хадисте (№1311) Ибн Омардың ол жерге тоқтайтындығы айтылған. 3) Мәлик пен әш-Шафиғи мұны мустахаб деп санаған. Ибн Хажардың айтуынша, мұнда Әбу Һурайраның сөзінен кейін әз-Зуһридің түсіндірмесі келген. Яғни уәжді себеп болғанда Минада түнемеуге рұқсат етіледі. «Мажмаъ әл-мақсуд» кітабында Минада түнеудің сүннет екендігі жазылған. Бәкір ибн Абдуллаһ әл-Музәни – табиғин, хадис жеткізуші. Құрма не жүзім сусыны. етіңдер», – деді. Сондықтан біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұйырғанын өзгертуді қаламаймыз», – деді», – деген (1316/347). Меккеде тұруы
Абдур-Рахман ибн Хумайдтан . Ол: «Мен Омар ибн Абдул-Азиздің қасында отырғандардан: «Сендер Меккеде тұру жөнінде не естідіңдер?» – деп (сұрағанын) естідім. Сонда Сәиб ибн Язид (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Ғаләның (немесе ол: «Ғалә ибн әл-Хадрамидің», – деп айтқан): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Муһажир қажылық рәсімдерін өтегеннен кейін Меккеде үш (күн) тұрады», – деді», – деп айтқанын естідім», – деді», – деп айтқан (1352/441). кетпесін
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Адамдар әр тараптан (үйлеріне) қайта бастағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешкім соңғы міндеті Қағбаны тауап ету болғанша (Меккеден) кетпесін», – деп (бұйырды)», – деп айтқан (1327/379). әйел жайлы
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Сафия бинт Хаййай ифаданы орындағаннан кейін етеккірі келді. Мен оның хайыз болып қалғанын Аллаһ елшісіне (с.а.с.) айтып едім, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол бізді кідіртер ме екен?» – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, ол Абдур-Рахман ибн Хумайд әл-Құраши әл-Мәдәни – табиғин. Тура жолды ұстанған халифалардың бірі ретінде танылған табиғиндер қатарындағы кісі. Мұнда «муһажир» деп Меккеден, ол мұсылмандардың қолына өткенге дейін қоныс аударғандар туралы айтылған. Оларға Меккені тұрғылықты мекен ретінде қабылдап, ол жерде тұруларына тыйым салынған болатын. Кейін оларға қажылық рәсімдерін өтегендерінен соң, Меккеде үш күнге қалуларына рұқсат етілді. Ал Ислам дінін Мекке мұсылмандардың қолына өткеннен кейін қабылдағандар өздері қалаған жерде тұруға құқылы болды. Қазы Ғиядтың айтуынша, бұл жөнінде ғұламалар бірауызды келісімде. Әл-Қуртубидің пікірінше, өз елінен діні үшін қоныс аударғандар муһажирлер сияқты отанын Аллаһ үшін тастап шықса, бұдан кейін оларға елінде өмір сүруге болмайды. Ал егер олар елінен діні үшін кетіп, Аллаһ үшін қоныс аударуды ниет етпесе, отанына өмір сүру үшін қайта оралуына рұқсат етіледі. Әбу Ханифа, Хасан әл-Басри, Хакам, Хаммад, әс-Сәури, әш-Шафиғи, Ахмад, Исхақ және Әбу Сәур «қоштасу тауабы міндетті» деп санаған. ифаданы орындап , Қағбаны тауап етті. Сосын ифададан кейін етеккірі келді», – деген едім, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Онда (жолға) шыға берсін», – деп айтты», – деген (1211/322).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Адамдарға олардың соңғы міндеті Қағбаны (тауап ету) болуы бұйырылды. Тек хайыз болып қалған әйелге ғана жеңілдік жасалды», – деп айтқан (1328/380). жайлы
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Адамдар жәһилият дәуірінде) қажылық айларында умра жасауды жер бетіндегі бұзықтықтардың ең жаманы деп есептейтін және мухаррам (айын) сафар (айы) деп жариялап3: «Қашан арқалар жазылса , іздер өшсе және сафар аяқталса, умраны қалағандарға умра жасауға рұқсат етіледі», – дейтін. Пайғамбар (с.а.с.) мен сахабалары (зул-хижжа айының) төртінде таңертең қажылық үшін ихрамға кіріп келгенде, ол (сахабаларына қажылықтарының алдында) умра жасауды бұйырды . Бұған (келісу) оларға қиын соғып7: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ихрамнан қалай шығу керек?» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ихрамнан түгелдей шығу керек 8», – деді», – деп айтқан (1240/198). Сірә, мұнда оның Арафаттағы, Муздалифадағы және Минадағы рәсімдерді орындағаны айтылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл хадис хайыз болған әйелдерден Қағбаға қоштасу тауабын жасау міндеті түсетініне дәлел болып табылады. Алайда ифада тауабын (парыз тауабын) жасаудан бұрын хайыз болып қалған әйел Меккеде қалып, тазарғанын күтеді. Егер ол еліне оралса, қайта келіп ифада тауабын жасағанша ихрам жағдайында болуы керек. Соғысуға тыйым салынған қасиетті айлар ражаб, зул-қағда, зул-хижжа және мухаррам айлары еді. Бұлардың соңғы үшеуі бір-бірімен жалғасты айлар болғандықтан, барымташылық пен керуен тонауды ойластырған адамдар оны тым ұзақ санап, осылай қулыққа барып өз-өздерін алдайтын да, сафар айын мухаррамның алдына шығаратын. Бұл жайлы Аллаһ тағала «Тәубе» сүресінің 37- аятында баяндап, оны «кәпірліктің арта түсуі» деп көрсеткен. Мұнда қажылық кезінде адамдар Меккеге түйелерге жүк артып барғанда, олардың арқаларында пайда болатын жауырлар туралы айтылған. Бұл жерде түйелердің жауыр болған орындары не олардың басып өткен іздері туралы айтылған. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына әуелі умра жасап, сонан соң ихрамнан шығып, таматтуғ қажылығын өтеуді бұйырған. Осы кітаптағы №664, 711- хадистердің түсіндірмесін қараңыз. Олар әлі де қажылық айларында умра жасалмайды деп есептейтін-ді. Басқаша айтқанда, умра жасап болған соң, оларға қажылық рәсімдері басталғанша қажыларға қатысты тыйымдардың барлығына рұқсат етіледі.
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) ансарлар қатарындағы Умму Синан деп аталатын бір әйелден: «Саған бізбен бірге қажылық жасауға не кедергі болды?» – деп (сұрады). Ол: «Пәленшенің әкесінің (ол күйеуін айтты) екі түйесі (ғана) бар, біреуімен өзі және баласы қажылыққа кетті, екіншісімен қызметкеріміз (егін) суаратын еді», – деді. (Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Рамазан (айындағы) умра қажылықтың (немесе менімен бірге қажылық жасаудың) орнына өтеді», – деген (1256/222).
Әбу Исхақтан . Ол: «Зәйд ибн Арқамнан (Аллаһ оған разы болсын): «Сен Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге қанша жорыққа қатыстың?» – деп (сұрағанымда), ол: «Он жеті», – деді. Зәйд ибн Арқам маған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) он тоғыз рет жорыққа шыққанын айтты. Ол қоныс аударғанынан кейін бір ғана қажылық – қоштасу қажылығын жасаған»; Әбу Исхақ: «Сондай-ақ Меккеде тағы бір (қажылық жасалған)», – деп айтқан (1254/218).
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) төрт рет умра жасаған және олардың ішінен қажылығымен бірге жасаған умрасынан басқасының барлығы зул-қағдада (жасалған): Худайбиядан (немесе Худайбия кезінде жасаған) умрасы – зул-қағдада, одан кейінгі жылғы умрасы – зул-қағдада, сол жерде Хунайнның олжаларын бөлген Жиғранадан (жасаған) умрасы да – зул-қағдада және қажылығымен бірге (жасаған) умрасы (1253/217). Бұдан рамазанда жасалған умра қажылықтың орнына өтеді деген тікелей ұғым тумауы керек, олар тек сауап тұрғысында теңесуі мүмкін. Амр ибн Абдуллаһ әс-Сәбиғи әл-Хамадани, табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, Зәйд ибн Арқам Пайғамбармен (с.а.с.) бірге он тоғыз жорыққа қатысқанын меңзеген немесе оның он тоғыз жорығынан ғана хабары болған. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жалпы жорықтарының саны жиырма бес не жиырма жетіге жеткен. Сондай-ақ бұл жөнінде айтылған басқа да пікірлер бар. Мұнда Әбу Исхақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоныс аударғанынан кейін қоштасу қажылығынан бұрын да бір қажылық жасағанын айтқан. Муслимнен басқалар жеткізген хадистерде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу қажылығына дейін екі рет қажылық жасағаны айтылған. Худайбия кезінде жасалған умра һижраның 6-жылы болған. Ол кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен сахабаларға мүшріктер Меккеге кіруге рұқсат етпей, олар ихрамнан шығуға мәжбүр болған және бұл умра Аллаһ тарапынан қабыл етілген. Екінші умра
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Муғауия ибн Әбу Суфиян оған: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) шашын Маруада жалпақ жебемен қысқарттым (немесе: Маруада оның шашын жалпақ жебемен қысқартып жатқанын көрдім)», – деп хабарлаған (1246/210).
Мүміндердің анасы (Айшадан (Аллаһ оған разы болсын)). Ол: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Адамдар екі рәсіммен қайтуда, ал мен бір ғана рәсіммен қайтып барамын», – дегенімде, ол: «Күте тұр. Тазарған кезіңде Танғимға шығып, сол жерден ихрамға кір. Содан кейін бізбен мына, мына жерде (хадисті жеткізуші): «(Пайғамбар (с.а.с.)): «ертең», – деп айтқан деп ойлаймын», – деген) жолық . Бірақ сенің (алатын сауабың жұмсаған) күшіңе немесе қаражатыңа қарай болады », – деді», – деп айтқан (1211/126).
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жорықтан, барлаудан, қажылықтан не умрадан қайтып, асуға не қырға көтерілгенде, үш рет тәкбір айтып, содан кейін: «Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһ(у), ләһул-мулку уә ләһул- хамду, уә һуә алә кулли шәйин қадиир! Әибуунә, тәибуунә, ъабидуунә, сәжидуунә, лираббинә хамидуун! Садақаллаһу уаъдаһу, уә насара ъабдәһу, уә һәзәмәл-ахзәбә уахдәһ(у) (Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ, Ол жалғыз, Оның серігі жоқ, патшалық Оған тән, мадақ та Оған тән және Ол барлығына Құдіретті! Біз қайтып келеміз, тәубе қыламыз, құлшылық етеміз, сәжде жасаймыз және Раббымызды мадақтаймыз! Аллаһ уәдесін шындыққа шығарды, құлына жәрдем берді және жалғыз Өзі (дұшпандар) одағын ойран қылды», – деп айтатын», – деген (1344/428). һижраның 7-жылы жасалып, ол «өтем умрасы» (умрат әл-қада) деп аталған. Үшінші умра һижраның 8-жылы мұсылмандар Меккені бағындырған кезде жасалған. Төртінші умра қоштасу қажылығымен бірге қиран ретінде жасалған. Ол кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) ихрамға зул-қағда айында кіріп, умра рәсімдерін зул-хижжа айында орындаған. Мұнда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) һижраның 8-жылы жасаған умрасы айтылған. Маруа – жеке умрада немесе таматтуғ қажылығының умрасында ихрамнан шығу орны. Тағы бір хадистерде Пайғамбар (с.а.с.) Абтах жазығын айтқан (Ибн Хажар). Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл сөздерден құлшылық сауабының жұмсалған күшке және қаражатқа қарай арта түсетіндігін көреміз. Алайда мұнда шариғат бойынша айыпталатын шамадан тыс күш жұмсауға болмайды. тоқтау және сол жерде намаз оқу
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Зул-Хуләйфадағы жазыққа тоқтап, сол жерде намаз оқитын. Абдуллаһ ибн Омар да осылай ететін (1257/430).
Нафиғдан . Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) қажылықтан не умрадан қайтқанда, Зул-Хуләйфадағы Аллаһ елшісі (с.а.с.) тоқтайтын жазыққа тоқтайтын (1257/432).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбарға (с.а.с.) Зул-Хуләйфадағы ойпат ішіне тоқтаған жерінде біреу келіп: «Ақиқатында, сен берекелі жазықтасың», – деген . Мұса3: «Сәлим бізбен бірге Абдуллаһ Аллаһ елшісі (с.а.с.) ат шалдырған орынды іздеп тоқтайтын мешіттің жанындағы орынға түсетін. Бұл ойпат ішіндегі мешіттің төменгі жағында, оны мен құбыланың арасы – осыдан орташа (қашықтық) », – деп айтқан (1257/434). жерде тауып алынған заттарға қатысты тыйымдар
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ тағала Өз елшісіне (с.а.с.) Меккені бағындырғаннан кейін, (Пайғамбар (с.а.с.)) адамдардың арасында тұрып, Аллаһқа мақтау айтып, Оны дәріптеді де: «Ақиқатында, Аллаһ Меккеге пілдерді жібермеді , бірақ Ол оны Өз елшісі Нафиғ – Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі ғұлама, хадис жеткізуші. Әл-Бұхаридің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) түсінде өзіне осылай деп айтқан біреуді көргені айтылған. Мұса ибн Ғұқба – осы хадисті Сәлим ибн Абдуллаһтан жеткізген табиғиндер қатарындағы кісі. Сахаба Абдуллаһ ибн Омардың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Әл-Бұхаридің риуаятында: «осы (орын) мен жолдың арасы – осыдан орташа (қашықтық)» деп айтылған. Ибн Хажардың айтуынша, бұл орын ойпат іші мен жолдың арасында орналасқан. Қазы Ғияд аталмыш орынға тоқтаудың қажылық рәсіміне жатпайтынын айтқан. Мәдина тұрғындары Пайғамбардың (с.а.с.) басқан ізін берекелі деп санағандықтан осылай жасайтын. Кейбіреулердің пікірінше, бұл орынға тоқтау таң атқанша, адамдар отбасыларына түнде тосыннан оралмаулары үшін жасалатын. Өйткені басқа бір хадистерде сапардан үйге түн ішінде оралуға тыйым салынған. Мұнда піл иелері айтылған. Пайғамбар (с.а.с.) бұл арқылы Ислам тарихынан бұрын орын алған танымал оқиғаға сілтеме жасаған. Ол кезде эфиоптардың басшысы Абраһа Мекке шаһарын басып алып, Қағбаны қирату үшін қарақұрым әскермен жорық жасаған болатын. Әскер қосынында пілдер бар-тұғын. Ибн мен мүміндерге бағындырды. Маған дейін ешкімге (бұл қалада соғыс жүргізуге) рұқсат етілмеген. Негізінде маған да күндіздің бір уақытында ғана рұқсат етілді . Енді ол менен кейін ешкімге рұқсат етілмейді . Оның аңы үркітілмейді , тікендері шабылмайды және онда жариялауды қалаған адамнан басқа біреудің түсіріп алған затын алуға да рұқсат етілмейді . (Туысы) өлтірілгендер екінің бірін таңдайды: құн Исхақтың хабарында олардың ішінде бір алып піл болғандығы айтылған. Бірақ Аллаһ тағала олардың Меккеге кіруіне жол бермеді. Олар пілді алдарына шепте ұстап келе жатқан-ды. Меккеге таяғанда піл шөгіп, басқыншылар оны орнынан тұрғыза алмай қояды. Аллаһ тағала эфиоптар әскеріне қарсы әбәбил деп аталатын құстарды жіберіп, оларды жеңіліске ұшыратады. Құстар әскерлердің төбесіне тас атқылап, олардан нысанаға алынбаған ешкімді қалдырмайды (қ: «Фатх әл-Бәри»). Яғни Аллаһ тағала Пайғамбарымызға (с.а.с.) Меккені қолға алу күні оның аймағында біраз уақытқа шайқас жүргізуге рұқсат берген. Бірақ бұл уақыт аралығында ағаштарды кесуге қатысты тыйым өз күшінде қалған. Имам Ахмадтың риуаятында «хадисте айтылған уақыт мөлшері – күн шыққаннан аср намазына дейінгі уақыт аралығы» деп көрсетілген (қ: «Фатх әл-Бәри»). Әл-Мауариди Мекке шаһарына қатысты үкімдердің бірі – оның тұрғындарымен соғыс жүргізілмейтінін айтқан. Егер олар әділдікті ұстанушыларға қарсы зұлымдық жасаса, олардың бетін соғыссыз қайтару мүмкін болған жағдайда олармен соғысуға рұқсат етілмейді. Егер бұл мүмкін болмаса, соғысу қажет болады. Ғұламалардың басым көпшілігі мұндай жағдайда олармен соғысу қажеттігін айтқан. Өйткені залымдармен соғысу – Аллаһ тағалаға қатысты міндеттердің бірі, оны зая қылуға болмайды. Кейбірі «олармен соғысуға болмайды, керісінше, оларды бойсұнуға қайтқандарына дейін қыспаққа алу керек» деген пікір білдірген (қ: «Фатх әл-Бәри»). Яғни Меккеде аң аулауға тыйым салынады. Бұдан Меккедегі тікендерді де шабуға болмайтындығын, ендеше, басқа өсімдіктерді кесуге мүлдем тыйым салынатынын көреміз. Әл-Бұхари «Қажылық» кітабында ұсынған риуаятта: «Балғын өсімдіктерін шабуға» деп келген. Тыйымның жас, балғын өсімдіктерге қатысты етілуінде жетіліп қураған өсімдіктерге мал жаюға және оларды шабуға рұқсат етілетініне нұсқау бар. Бұл – шафиғи мазһабы ұстанған екі пікірдің ең дұрысы. Өйткені қураған өсімдік өлген аң іспеттес қарастырылады. Ибн Қудама: «Бірақ жұпар қамыстың бұдан тысқары қарастырылуында қураған шөптерге де тыйым салынатынына сілтеме бар. Мұны Әбу Һурайрадан жеткен хадистің «шөбі орылмайды» деген риуаяты нақтылайды. Ғұламалар Харам аймағындағы адамдар өсірген көкөністерді, астықты және мискті алуға рұқсат етілетініне қатысты біржақты пікірде. Сондықтан бұларға мал жаюға және оларды шабуға рұқсат етіледі», – деп айтқан (қ: «Фатх әл-Бәри»). Яғни Меккеде біреудің түсіріп алған затын алуға оны тауып алғанын хабарлап, иесіне қайтарып беруді қалаған адамға ғана рұқсат етіледі. Ал тауып алғанын хабарлап, иесі табылмаса, оны иеленуге ниеті бар адам үшін бұған рұқсат етілмейді. Ғалымдардың басым көпшілігі осы пікірге тоқтаған. Бұл тыйымның тек Меккеге қатысты етілу себебі, мұнда жоғалған заттың иесіне тапсырылу мүмкіндігі жоғары. Өйткені жоғалған заттың иесі меккелік болса, оның иесінің табылуы сөзсіз. Ал егер ол шетелдік болса, оның Меккеге қайта келу ықтималдығы басымырақ. Сондықтан әлдебір затты тауып алған адам оны әр жылы жарияласа, бұл әрекет зат иесінің табылу мүмкіндігін жеңілдетеді. Бұл пікір Ибн Батталдікі (қ: «Фатх әл-Бәри»). төленеді не (қылмысты) өлтіріледі », – деді. Сонда Аббас: «Жұпар қамыстан басқа, уа, Аллаһтың елшісі! Өйткені оны қабірлеріміз бен үйлерімізге пайдаланамыз ғой», – деп дауыстады. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жұпар қамыстан басқасы», – деді. Сол кезде йемендіктерден Әбу Шаһ деген кісі орнынан көтеріліп: «Маған жазып беріңдерші, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әбу Шаһқа жазып беріңдер», – деп (тапсырды)», – деген. Уәлид3: «Мен әл-Аузағиден4: «Оның: «Маған жазып беріңдерші, уа, Аллаһтың елшісі!» деген сөзінің (мәнісі) не?» – деп (сұраған едім), ол: «Өзі Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естіген осы құтпаны (жазып берулерін өтінген)», – деді», – деп айтқан (1355/447). Қазіргі кезде табылған затты жоғалған заттарды сақтайтын арнайы ресми орындарға тапсырған дұрыс. Бұл табылған заттың сақталуын да, зат иесінің оны іздеп табуын да оңайлатады. Мұндай жоғалған заттарды сақтайтын орын Харам мешіті жанындағы Абдул-Азиз патшаның қақпасы маңындағы полиция бөлімшесінде орналасқан. Жоғалған заттың иесі табылып жатса, оның заты тез арада өзіне қайтарылады. Иесі табылмаған жағдайда, әлгі зат кедейлерге үлестіріледі. Бұл ереже азық-түлік өнімдері мен арзан бұйымдарға қатысты емес. Азық-түлік тағамдарының иесі ізделмейді және оларды жеуге рұқсат етіледі. Сол сияқты арзанқол заттарды да тауып алған адам оны өзінде қалдыруына болады. Ибн Хажар ғалымдардың аталмыш хадисті Арафатта және Мәдинада тауып алынған заттың үкімі басқа қалалар сияқты үкімге ие екеніне дәлел еткендігін айтады. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) хадистегі үкімді тек Меккеге қатысты ескерткен. Әбу Дәуд пен Ибн Мәжәһ, Әбу Шурайхтан жеткізген хадисте: «Ол үшеудің бірін таңдайды: қысас қайтарады не кешірім жасайды немесе диет құнын алады. Егер ол төртінші (бір істі) қаласа, оның қолынан қағыңдар» деп келген. Мұнда қысас не диеттің бірін өлтірілген адамның ет жақын туысы таңдайды. Ғұламалар «егер ет жақын туысы диет құнын таңдаған жағдайда өлтірген адам бұған келісуі міндетті ме?» деген мәселеде пікір қайшылығында. Олардың көпшілігі «өлтірген адам таңдаудың қайсысына да келісуге міндетті» деген пікірде. Ал имам Мәлик «өлтірген адамның келісімі қажет» деп есептеген. Екінің бірін таңдау құқығы өлтірілген адамның мұрагерлеріне тиесілі екені жайлы пікір бар. Егер мұрагерлердің кейбірі жырақта не жас бала болған жағдайда, жас бала балиғатқа жетпейінше не жырақтағы мұрагер келмейінше, өзгелердің қысас қайтаруға құқығы жоқ (қ: «Фатх әл-Бәри»). Бұл үкім тікелей қасақана кісі өлтіруге қатысты айтылған. Ал кісіні абайсызда не аңдаусызда өлтіріп алған адамнан кек қайтарылмайды. Жұпар қамыс – меккеліктерге жақсы таныс жұпар иісті, тамыры және жіңішке сабақтары бар өсімдік. Ол тегіс және ойпаңды жерлерде өседі. Меккеліктер бөренелердің арасына салып онымен үйлерінің төбесін жабатын, қабірге қалайтын қыштардың қуыстарын бітейтін және отын ретінде пайдаланатын. Сондықтан да басқа бір риуаятта Аббастың: «Өйткені бұл олардың теміршілеріне (қажет)», – деп айтқаны көрсетілген (қ: «Фатх әл-Бәри»). Уәлид ибн Муслим – табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Әл-Аузағи – Абдур-Рахман ибн Амр, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис және фиқһ ғылымы саласында Шам өлкесінің имамы, хадис жеткізуші.
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.): «Сендердің ешқайсыңа Меккеде қару алып жүруге рұқсат етілмейді», – деп айтқанын естідім», – деген (1356/449). ихрамсыз кіргені
Жәбир ибн Абдуллаһ әл-Ансариден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккеге басына қара сәлде орап, ихрамсыз кірген. Қутайба1: «Ол Меккені бағындырған күні (осылай) кірген», – деп айтқан (1358/451).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) Меккеге оны бағындырған жылы басына дулыға киіп кірді . Ол (дулығасын) шешкен кезде, бір кісі келіп: «Ибн Хатал Қағбаның жабуына жабысып тұр», – деді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны өлтіріңдер», – деді (1357/450).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.) дуал туралы: «Ол Қағбаға жата ма?» – деп сұрадым. Ол: «Иә», – деді. «Неге олар оны Қағбаға кіргізбеген?» – дедім. «Өйткені қауымыңның Қутайба ибн Сағид, Муслимнің ұстазы. Алдыңғы хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Меккеге басына қара сәлде орап кіргені айтылған болатын. Қазы Ғиядтың айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) әуелі дулыға киіп кіріп, содан кейін оны шешіп, қара сәлде ораған. Мұнда қара түсті киім киюге рұқсат етілетініне сілтеме бар. Әйтсе де ақ киім кию абзал. Өйткені «сахих» хадисте: «Сендердің ең жақсы киімдерің – ақ түсті (киім)» деп айтылған. Бұл адам өзіне аяушылық жасалар ма екен деген үмітпен Қағбаның жабуына жабысып тұр еді. Пайғамбардың (с.а.с.) оны өлтіруге бұйырған себебі, кезінде Ибн Хатал Исламды қабылдап, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған ансарлардан екі кісіні және қызметінде жүрген азаттық алған мұсылман құлды қосып зекет жинауға жұмсаған- ды. Бір жерде аялдағанда ол қызметкеріне ешкіні сойып, ас әзірлеп қоюды бұйырады да, ұйықтап қалады. Оянған соң, бұйрығын орындамағанын көріп, қызметкерін өлтіреді және діннен қайтып, мүшріктерге қосылады. Сонымен бірге ол Пайғамбарымызды (с.а.с.) келемеждеп, балағаттайтын және оның ән салатын екі күңі бар еді, олар да өлеңдерінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен мұсылмандарды әжуа ететін. Бұл жерде Қағбаның солтүстік-батыс тараптағы қабырғасына өте жақын тұстағы «Хижр» деп аталатын онша биік емес жартылай айналмалы дуал туралы айтылған. Мұнда Исламға дейін Қағбаға басшылық жасаған құрайыштар туралы айтылған. Олар пайғамбарлық міндет жүктелуден бес жыл бұрын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) отыз бес жасында Қасиетті Үйдің құрылысын жаңартқан. қаражаты кемшін болған », – деді. «Неліктен оның есігі (жерден) көтеріңкі2?» – дедім. «Оны қауымың қалағандарын кіргізіп, қалағандарын тыю үшін істеген. Егер қауымың жәһилият дәуірінен жаңа шыққан болмағанда және олардың жүрегі қабылдамай ма деп қауіптенбегенімде, дуалды Қағбаға қосып, есігін жермен бірдей етуді жөн көрген болар едім», – деді», – деп айтқан (1333/405).
Атадан . Ол: «Язид ибн Муғауияның тұсында, Шам тұрғындары оған шабуыл жасаған уақытта, Қағба өртенген болатын. Бұл оқиғадан кейін Ибн Зубәйр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) адамдар (қажылық) маусымына келгенше оны (жөндемей сол күйінде) қалдырды. Ол (бұл арқылы адамдарды) Шам тұрғындарына қарсы батылдандыруды (немесе соғысқа ынталандыруды) қалаған еді. Адамдар келген кезде, ол: «Ей, адамдар, маған Қағбаға қатысты кеңес беріңдер. Оны бұзып, құрылысын (қайта) жүргізейін бе әлде оның қираған жерін жөндейін бе?» – деді. Ибн Аббас: «Менде оған қатысты бір пікір пайда болды. Мен сенің оның қираған жерін жөндеп, адамдар Исламды қабылдаған кездегі Үйді, адамдар Исламды қабылдаған кездегі тастарды және Пайғамбар (с.а.с.) (елші етіп) жіберілген кездегі (Қағбаны) қалдыруыңды жөн көремін», – деді. Сонда Ибн Зубәйр: «Егер де біреуіңнің үйі өртенсе, оны жаңартқанша жаны жай таппас еді. Ендеше, Раббыларыңның Үйі қалай болмақ?! Мен үш (күн) истихара намазын оқып, Раббымнан қайырлы іске бағыттауын сұраймын. Содан кейін ғана не істейтініме шешім қабылдаймын», – деді. Үш (күн) өткен соң оның пікірі (Қағбаны) бұзуға тоқтады. Адамдар оған көтерілген бірінші адамға көктен бір нәрсе түсуінен сақтана бастады. Ақыры бір кісі жоғарыға шығып, оның бір тасын лақтырды. Сөйтіп, адамдар оған еш нәрсе болмағанын көрген соң, (барлығы) кірісіп, оны жерге дейін бұзды. Ибн Зубәйр (Қағбаның орнына) оның құрылысы көтерілгенше тіреулер орнатып, оларға жабу жайып қойды . Ибн Зубәйр: «Мен Айшаның: «Пайғамбар (с.а.с.): «Егер де адамдар кәпірліктен жаңа ғана шықпағанда және менің қолымда оның құрылысын нығайтатын қаражат болғанда, оған Ибн Исхақ «Сира» кітабында Абдуллаһ ибн Сафуан ибн Умәййәдан нақыл етуінше, құрайыштар бұл құрылысқа тек адал табыстан түскен қаражатты ғана жұмсауға шарттасқан. Бірақ қаржының жетіспеуінен Хижр Қағбаға кірмей қалған. Қағбаның солтүстік-шығыс қабырғасындағы есік жерден екі метр биіктікте орналасқан. Яғни жақында ғана надандық дәуірінде өмір сүріп, енді Исламға кірген. Ата ибн Әбу Рабах – табиғин, Мекке ғұламасы, хадис жеткізуші. Сахаба Муғауия ибн Әбу Суфиянның ұлы, табиғин, әкесінен кейін халифалық таққа отырып, билік жүргізген кісі. Бұл Қағбаның құрылысы көтерілмей тұрған күндерде адамдардың намаз кезінде оның орнына қараулары үшін жасалған болатын (ән-Нәуәуи). Хижрдан бес білек кіргізер едім әрі оған адамдар кіретін бір есік және шығатын бір есік жасатар едім», – деп айтты», – дегенін естігенмін. Ал бүгінде мен қажет қаржыны таба аламын және адамдардан да қорықпаймын», – деді. Сөйтіп, ол (Қағбаға) Хижрдан бес білек қосты. Адамдар құп көрген іргетас пайда болған кезде, ол ғимаратты осы іргетастың үстіне тұрғызды. Қағбаның биіктігі он сегіз білек болатын. (Ибн Зубәйр Қағбаға Хижрдан) қосқан соң, бұл (биіктікті) қысқа санап, оның бойына он білек қосты. Сондай-ақ оған біреуінен кіріп, біреуінен шығатын екі есік жасады. Ибн Зубәйр өлтірілген соң, Хажжаж , Абдул-Мәлик ибн Маруанға бұл жайды және Ибн Зубәйр құрылысты меккеліктерден әділ кісілер құп көрген іргетасқа тұрғызғанын хабарлап хат жазды. Сонда оған Абдул-Мәлик: «Бізге Ибн Зубәйрдің ластауларының ешқайсысының қатысы жоқ. Әйткенмен оның (Қағбаның) биіктігіне қосқанын қабылда, ал оның Хижрдан қосқанын бұрынғы қалпына қайтар және ол ашқан есікті жауып таста» деп жауап жазды. Осыдан соң (Хажжаж) оны бұзып, (Қағбаның) құрылысын бұрынғы қалпына қайтарды», – деп айтқан (1333/402).
Әбу Қазағадан . Абдул-Мәлик ибн Маруан Қағбаны тауап етіп жүргенінде: «Мүміндердің анасы (Айшаның) атынан, оның: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, Айша! Егер де қауымың кәпірліктен жаңа шыққан болмағанда, Қағбаны оған Хижрдан қосу үшін бұзар едім. Өйткені сенің қауымың оның құрылысын кемшін етіп тұрғызған», – деп айтты», – дегенін естідім» деп жалған сөйлегені үшін Ибн Зубәйрді Аллаһ лағынет етсін!» – деген. Сонда Харис ибн Абдуллаһ ибн Әбу Рабиға 4: «Бұлай деме, уа, мүміндердің әміршісі! Мен де мүміндердің анасының осыны айтқанын естідім», – дейді. (Бұдан соң Абдул-Мәлик): «Егер де мұны (Қағбаны) бұзудан бұрын естігенімде, оны Ибн Зубәйр тұрғызған қалпында қалдырар едім», – деп айтқан (1333/404). тыйымдар және ол үшін дұға ету
Абдуллаһ ибн Зәйд ибн Асимнан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Ибраһим Меккені (белгілі бір шектеулер қойылатын) қасиетті аймақ етіп , оның тұрғындары үшін дұға қылған. Хажжаж ибн Юсуф – умәуилер халифасы Абдул-Мәлик ибн Маруанның тұсында кейбір аймақтардың басшысы болған кісі. Абдул-Мәлик ибн Маруан – халифа Маруан ибн Хакамның ұлы, халифа, табиғин. Әбу Қазаға – Суайд ибн Хужайр, табиғин. Харис ибн Абдуллаһ – табиғиндер қатарындағы кісі. Мұнда ол әділетсіздік жасалған адамды қорғаудың, теріс сөзді қайтарудың, шындықты ұстанған адамды өтірікшілікте айыптағанда ақтап алудың тамаша үлгісін паш еткен. Бұл тіркестердің мағынасы: Меккені Ибраһим пайғамбар өз қалауы арқылы емес, Аллаһ тағаланың бұйрығымен «қасиетті» деп жариялаған немесе Аллаһ тағала Ал мен Ибраһимнің Меккені қасиетті еткені сияқты Мәдинаны қасиетті аймақ еттім және Ибраһимнің Мекке тұрғындары үшін дұға қылғанындай (Мәдинаның) сағы мен муддіне екі есе (береке тілеп) дұға қылдым», – деген (1360/454).
Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен Мәдинаның екі тастақты аймағы арасында тікенді бұталарын кесуге және аңын өлтіруге тыйым саламын»; Әрі ол: «Егер де олар білер болса, Мәдина олар үшін қайырлы. Қайсыбіреу (Мәдинадан) оны қаламай тастап шықса, міндетті түрде Аллаһ оның орнына (Мәдинаға) одан жақсы біреуді әкеледі. Ал біреу оның қиыншылығы мен ауыртпалығына шыдап тұрса, міндетті түрде мен ол үшін Қиямет күні арашашы және куә боламын», – деп айтты», – деген (1363/459).
Амир ибн Сағдтан . Сағд (ибн Әбу Уаққас (Аллаһ оған разы болсын)) Ақиқтағы сарайына қарай көлікке мініп шыққанда, (жолай) ағашты кесіп, жапырағын қағып жатқан бір құлды кездестіріп, одан (ағашты) тартып алады. Сағд оралғанда, оған құлдың қожайындары келіп, қызметкерлеріне не өздеріне қызметкерлерінен алып қойғанын қайтарып беруін сұрайды. Сонда (Сағд): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзіме олжалап берген нәрсені қайтарудан Аллаһ сақтасын!» – деп, оларға (өзі алып қойғанды) қайтарып беруден бас тартқан (1364/461).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Уа, Аллаһ! Мәдинаға Меккедегіден екі есе береке бер», – деп айтты», – деген (1369/466).
Ибраһим әт-Тәймиден . Оның әкесі: «(Бірде) бізге Әли ибн Әбу Талиб құтпа жасап: «Кімде-кім бізде Аллаһтың кітабынан және мына парақтан басқа біз оқитын бір жазба бар деп жүрсе, өтірік айтады ((Хадисті жеткізуші): «(Бұл) парақ оның қылышының қынында ілулі аспандар мен жерді жаратқан күні болашақта Ибраһимнің Меккені «қасиетті» деп жариялайтынын бекіткен. Келесі бір мағынасы: Ибраһим – адамдар арасында Меккені «қасиетті» деп жариялаған әуелгі жан. Жалпы, Мекке одан бұрын да Аллаһтың алдында қасиетті еді. Ибраһим пайғамбар Меккені топан судан кейін «қасиетті» деп жариялаған әуелгі адам болуы да мүмкін (Ибн Хажар). Сағ және мудд – сол кездегі азық-түлік өлшемдері. Сахаба Сағд ибн Әбу Уаққастың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Бұл хадис Мәдина аймағында аң аулау не ағаштарды кесу үстінде қолға түскен адамнан ол заттардың тәркіленетінін көрсетеді. Ибраһим ибн Язид ибн Шарик әт-Тәйми – табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, Әлидің бұл сөзі рафидилер мен шиғалардың адасқан пікірлерін теріске шығарады. Өйткені олар «Пайғамбар (с.а.с.) Әлиге көптеген құпия білім, дін қағидалары мен шариғат сырларын табыстаған, сондай-ақ ол (с.а.с.) отбасына басқаларға жарияламаған хабарларын жеткізіп кеткен» деп есептейді. тұрды», – деп айтқан). Мұнда түйелердің жастары және жарақаттарға қатыстылардың (шариғаттағы үкімдері түсіндірілген). Сондай-ақ онда Пайғамбардың (с.а.с.): «Мәдина – Айр (тауынан) Сәур (тауына) дейін тыйым салынған аймақ . Кім ол жерде бір күнә істесе не күнә істегенді паналатса , оған Аллаһтың және періштелер мен барлық адамдардың лағынеті болады . Аллаһ одан Қиямет күні міндеттіні де, қосымшаны да қабыл етпейді . Мұсылмандардың қорғаны бір , оған олардың ең төмені де араласа алады . Кім өз әкесінен басқаның (баласымын) деп жарияласа немесе өз қожайындарынан басқаның қол астына кірсе , оған Аллаһтың және періштелер мен барлық адамдардың лағынеті Мұнда зекет төлеу мәселесіндегі түйелердің жастары туралы айтылған. Басқа бір риуаяттарда: «Мәдина – Айр (тауынан) мына (жерге) дейін тыйым салынған аймақ» деп көрсетілген. Ән-Нәуәуи: «Мұнда Сәур деп – Ухуд маңындағы тау меңзелген болуы мүмкін», – десе, Абдур-Рахман әл-Мубаракфури де «Тухфат әл-ахуази» кітабында Ухудтың сол жақ тұсында және артқы жағында Сәур деп аталатын кішігірім таудың бар екендігін айтады. Ән-Нәуәуидің айтуынша, «Мәдинаның екі тастақты аймағының арасы» деп көрсеткен риуаяттарда оның шығыстан батысқа дейінгі шекарасы, ал «екі таудың арасы» деп көрсеткен риуаяттарда оның оңтүстіктен солтүстікке дейінгі шекарасы меңзелген. Әл-Айнидің пікірінше, мұндағы сөз «әуа мухдисан» деп берілсе, онда күнә істеген кісіге көмектескен, оны қолдаған және оны жазадан қорғаған адам меңзеледі, ал ол «әуа мухдасан» деп берілсе, онда дінге ендірілген жаңалықпен (бидғатпен) келіскен, оған көніп, оны теріске шығармаған адам меңзеледі (қ.: Абдур-Рахман әл-Мубаракфури, «Тухфат әл-ахуази»). Әл-Қари бұл сөздің бидғатшы немесе бидғатқа және күнәға көмектескен адам жайлы екендігін айтады. Яғни мұндай адам Аллаһтың мейірімінен алыстатылады немесе күнәсі үшін жазаға лайық болады. Бұл жерде адамның парыз және нәпіл құлшылықтары туралы айтылған Яғни мұсылмандардың бірі кәпір болса да, бір адамды қорғанына алса, мұсылманның қорғауында тұрғанда ол адамға басқа мұсылмандардың қастандық жасауына тыйым салынады. Ән-Нәуәуидің пікірінше, бұл хадис «әйелдер мен құлдардың біреуді қорғанына алуы заңды күшке ие» деп есептеген әш-Шафиғи және басқалардың пікіріне дәлел болып табылады. Өйткені олардың ер кісілер мен басы азат адамдарға қарағанда дәрежелері төмен саналады. Ал хадисте: «оған олардың ең төмені де араласа алады» делінген. Мұнда біле тұра, ерікті түрде өз тегін өз әкесінен басқаның тегіне жорта өзгерткен адам туралы айтылған. Жәһилият дәуірінде арабтарда біреуді бала тұтынып, ол баланың соның тегімен аталуы жиі кездесетін. Бірақ кейіннен Аллаһ тағала: «(Аллаһ) сендердің өкіл балаларыңды (өз) балаларың еткен жоқ. Оларың ауыздарыңмен айтқан сөздерің (ғана). Аллаһ шындықты айтады және Ол жолға салады. Оларды (өкіл балаларды) өз әкелерімен атаңдар. Бұл Аллаһтың алдында әділ болады. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, олар – сендердің діндегі бауырларың және азат еткендерің» (Ахзаб, 5) деген аят түсіріп, бұған тыйым салған. Мұнда азаттық алғанымен, бұрынғы қожайынына белгілі бір дәрежеде тәуелділігі сақталған құл туралы айтылған. болады. Аллаһ одан Қиямет күні міндеттіні де, қосымшаны да қабыл етпейді», – деп айтқаны (жазылған)», – деді», – деген (1370/467).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жемістің алғашқы өнімі ұсынылғанда, ол: «Уа, Аллаһ! Біз үшін Мәдинамызға, жемістерімізге, муддімізге және сағымызға береке үстіне береке бер», – деп, содан кейін оны қасындағы балалардың ең кішісіне беретін (1373/474). етуге ынталандыру
Әл-Маһридің азат еткен құлы Әбу Сағидтен . Ол Харра күндері Әбу Сағид әл-Худриге (Аллаһ оған разы болсын) келіп, одан Мәдинадан көшу жайында кеңес сұрайды. Оған ондағы қымбатшылық пен отбасы мүшелерінің көптігіне шағым жасап, Мәдинаның ауыртпалығы мен қиыншылықтарына төзе алмайтынын хабарлайды. Сонда (Әбу Сағид әл- Худри) оған: «Сорың құрысын! Саған мұны бұйырмаймын. Өйткені мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Қайсыбір мұсылман оның қиыншылықтарына сабыр етіп өлсе, міндетті түрде оған Қиямет күні арашашы және куә боламын», – деп айтқанын естідім», – деген (1374/477).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мәдинаға келгенімізде, ол түрлі аурулар тараған жер еді. Әбу Бәкір мен Біләл ауырып қалды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларының ауырғанын көргенде: «Уа, Аллаһ! Бізге Мәдинаны Меккені сүйікті еткеніңдей немесе одан да артық сүйікті ет. Әрі оны сауықтыр және бізге сағымыз бен муддімізде береке бер. Оның безгегін әл-Жухфаға көшір», – деді», – деп айтқан (1376/480).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мәдинаның кіре беріс қапталдарында періштелер (тұрады), оған оба да, Дажжал да кірмейді», – деп айтты», – деген (1379/485). Әбу Сағид – табиғин, хадис жеткізуші. Харра – Мәдина атырабындағы тастақ жерлер. Осы орында һижраның 63-жылы зул-хижжа айының жиырма жетісінде Мәдина халқының көтерілісшілері халифа Язид ибн Муғауияның әскерімен соғысқан және шайқас халифа әскерінің жеңісімен аяқталған. Хадисте осы кездегі бүлік күндері айтылған. Әл-Жухфа – Мекке мен Мәдинаның орта тұсындағы, Мәдинаның оңтүстік- батысында шамамен 250 шақырым қашықта, Қызыл теңіз жағалауына жақын орналасқан елді мекен.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адамдарға кісі көкесінің баласын және жақынын: «Жүр, молшылыққа барамыз. Жүр, молшылыққа барамыз», – деп шақыратын бір заман келеді. Бірақ білер болса, Мәдина олар үшін қайырлы. Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, олардан біреу (Мәдинада өмір сүруден) бас тартып шықса, міндетті түрде Аллаһ оның орнына одан жақсыны әкеледі. Естеріңде болсын! Мәдина жаманды сыртқа шығаратын көрік іспетті. Көрік темірдің татын кетіретіні сияқты, Мәдина да жамандарын сыртқа теппейінше Қиямет келмейді», – деп айтқан (1381/487).
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Аллаһ тағала Мәдинаны «Таба» деп атады», – деп айтқанын естідім», – деген (1385/491). Аллаһ оны ерітіп жібереді
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім оның (ол Мәдинаны меңзеген) тұрғындарына жамандық қаласа, Аллаһ оны тұздың суда еритініндей ерітеді », – деп айтты», – деген (1386/493). ынталандыру
Суфиян ибн Әбу Зуһайрден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Йемен қолға алынады да, бір адамдар түйелерін айдап, отбасылары мен өздеріне бағыныштыларды алып (сол жаққа аттанады), бірақ біле-білсе олар үшін Мәдина жақсырақ! Содан кейін Шам қолға алынады да, біреулер түйелерін айдап, отбасылары мен өздеріне бағыныштыларды алып (сол жаққа аттанады), бірақ біле-білсе олар үшін Мәдина жақсырақ! Содан соң Ирак қолға алынады да, бір адамдар түйелерін айдап, отбасылары мен өздеріне бағыныштыларды алып (сол Бұл түрлі уақыт кезеңдерінде орын алуы мүмкін. Ал ән-Нәуәуидің пікірінше, сірә, бұл Дажжалдың кезінде орын алса керек. Өйткені Муслим жеткізген тағы бір хадисте Дажжалдың Мәдинаға кірмек болатыны, сонда Мәдинада үш рет жер сілкініп, Аллаһ ол жерден әрбір кәпір мен мұнафықты шығарып жіберетіні айтылған. Таба – Мәдина қаласы атауларының бірі. Бұл сөз «жақсы», «ұнамды» деген мағыналарды білдіреді. Басқа бір риуаятта: «тозақ отында жандырып ерітеді» деп көрсетілген. жаққа аттанады), ал біле-білсе олар үшін Мәдина жақсырақ!» – деп айтқанын естідім», – деген (1388/497).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «(Адамдар) Мәдинаны ең жақсы жағдайында тастап кетеді де, оны қаңғырғандар ғана – (Пайғамбар (с.а.с.)) қаңғырған жыртқыш аңдар мен құстарды меңзеген – ториды. Содан кейін музайна (тайпасынан) екі қойшы қойларын қос-қостап Мәдинаны бетке алып шығады. Олар (Мәдинаны) аңдардың жайлап алғанын көреді. Сөйтіп, екеуі Сәният әл- Уадағқа жеткенде етпеттерінен құлап өледі», – деп айтқанын естідім», – деген (1389/499). мінбердің арасында жаннат бақтарының бірі бар
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Менің үйім мен мінберімнің арасында жаннаттың бақтарының бірі бар , ал мінберім – хауызымның басында », – деп айтқан (1391/502). Кейбіреулер: «Хадистің арабша мәтініндегі «уахшан» сөзі «қаңырап бос қалған» деген мағынаны білдіреді», – деген. Бұл оқиға Қиямет күні қарсаңында болады. Аталмыш екі қойшы Қиямет басталғанда құлап өледі. Мұны әл-Бұхаридің олар Қиямет күні жиналатындардың ең соңғысы болатыны жайлы риуаяты көрсетеді (ән-Нәуәуи). Бұл жерде Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мешітіне жапсарлас тұрған Айша анамыздың бөлмесі туралы айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сол бөлмеге жерленген. Бұған қатысты айтылған бірнеше пікір бар: 1) Бұл орын жаннатқа орналастырылады. 2) Бұл – аталмыш орында құлшылық етудің жаннатқа алып баратынын көрсететін бейнелі мағынадағы сөз. 3) Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында бұл хабарда аталмыш орынның басқа орындардан артықшылығы көрсетілгендігін айтқан. 4) Бұл орын жаннат бақтарының бірі іспеттес. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұнда «хауыз» деп жаннат бұлақтарының бірі – Кәусарды айтқан. Ибн Хажар ең дұрыс пікір ретінде Қиямет күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінберінің хауыз басына орнатылатынын көрсететін нұсқаны таңдаған. Бұл пікір әт- Табарани «Кәбир» кітабында Әбу Уақид әл-Ләйсиден, ән-Нәсәи «Сунән» кітабында Умму Сәләмәдан жеткізген хадистермен күшейеді. Онда: «Ақиқатында, менің мінберімнің аяқтары жаннатта орналастырылған» делінген. Кейбір мухаддистер мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. тау
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Ухудқа қарап: «Ухуд – бізді жақсы көретін , ал біз оны жақсы көретін тау», – деді», – деп айтқан (1393/504).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізіп: «Үш мешіттен басқаға сапарға аттану (қажетсіз, олар): менің осы мешітім , әл-Харам мешіті және Ақса мешіті », – деп айтқан (1397/511). артықшылығы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Менің осы мешітімде оқылған намаз (Меккедегі) әл-Харам мешітінен басқа мешіттерде оқылған мың намаздан артық», – деп айтты», – деген (1394/506). Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл – Аллаһ тағала осы тауға ұялатқан шын мәніндегі жақсы көру. Аллаһ тағала осы сияқты: «(Тастардың) арасында Аллаһтан қорыққаннан төмен құлайтындары бар» (Бақара, 74); «Оған жеті аспан мен жер және ондағылардың барлығы тәсбих айтады. Оны мадақтап тәсбих айтпайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тәсбих айтуларын түсінбейсіңдер», – деп айтқан (Исра, 44). Сондай-ақ жансыз заттардың сезімге ие болғанына мысал ретінде қураған ағаш діңінің жылағанын, қиыршық тастардың тәсбих айтқанын, Мұса пайғамбардың киімін тастың алып қашқанын, Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Мен бұрын өзіме сәлем беретін Меккедегі бір тасты білемін» деген сөзін және қойдың бақайының сөйлегенін келтіруге болады. Мәдинадағы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешіті. Яғни Қағба. Құдыстағы мешіт. Исра түні Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғражға осы мешіттен көтерілген. Хадистің мазмұнында осы үш мешітте оқылған намаздар ғана басқа мешіттерде оқылған намаздардан артық болып табылатындығы, сондықтан осы үшеуінен басқа мешітте намаз оқу үшін сапар шегудің қажетсіздігі баяндалған. Меккедегі әл-Харам мешітінде оқылған намаз Мәдинадағы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінде оқылған намаздан жүз есе артық. Ахмад пен әл-Бәйһақи, Абдуллаһ ибн Зубәйрден жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Менің мешітімде оқылған намаз әл-Харам мешітінен басқа кез келген мешітте оқылған намаздан мың есе артық. Ал әл-Харам мешітінде оқылған намаз менің мешітімде оқылған намаздан жүз есе артық», – деп айтқан. Ән-Нәуәуи мұны «хасан» хадис тобына, әл-Хаким «сахих» хадис тобына жатқызған. Хадис парыз және нәпіл намаздарды қамтитын жалпылама мағынада келген.
Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахманнан . Ол: «(Бірде) менің қасымнан Абдур-Рахман ибн Әбу Сағид әл-Худри өтті. Мен одан: «Тақуалыққа негізделген мешіт жөнінде әкең қалай деп айтты?» – деп (сұрадым). Ол: «Әкем: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына оның әйелдерінің бірінің үйіне кіріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Тақуалыққа негізделген (деп Құранда көрсетілген) екі мешіттің қайсысы?» – деп (сұрадым. Пайғамбар (с.а.с.)) бір уыс қиыршық тас алды да, онымен жерді ұрып: «Ол – сендердің осы мешіттерің», – деп, Мәдина мешітін (меңзеді)», – деп айтты», – деді. Сонда мен: «Әкеңнің осылай деп айтқанын естігеніме мен де куәлік беремін», – деп айттым», – деген (1398/514).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) көлікпен, кейде жаяу барып, ол жерде екі ракағат намаз оқитын», – деп айтқан (1399/516).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол әр сенбіде Құба (мешітіне) келіп: «Пайғамбардың (с.а.с.) әр сенбі сайын осы жерге келетінін көрдім», – дейтін (1399/520). Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахман – табиғин. Сахаба Әбу Сағид әл-Худридің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Құба мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешіті. Бұл сөздер «Құрандағы «тақуалыққа негізделген» деп көрсетілген мешіт – Құба мешіті» деп түсіндірген кейбір тәпсіршілердің пікіріне қарама-қайшы келеді. Мәдинаға таяу маңдағы Құба елді мекенінде салынған Ислам тарихындағы алғашқы мешіт. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде Құба елді мекені Мәдина қаласының сыртында орналасқан болатын. Бүгінгі күнде бұл мешіт қала аумағына кірген. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітінен 5-6 шақырым қашықтықта жатыр. Аллаһ елшісі (с.а.с.) әр сенбі сайын осы мешітке барып тұратын, ондағы мақсаты: сол аймақтағы ансарлармен байланысты үзбеу еді. Сонымен қатар Мәдинаға жұма намазына олардан біреу келмей қалса, соның себебін білу үшін баратын.
Алқамадан . Ол: «(Бірде) мен Абдуллаһ (ибн Масғұдпен) бірге Минада келе жатқанмын. Оған Осман жолығып қалды. (Абдуллаһ) онымен бірге тұрып, сөйлесе бастады. Оған Осман: «Ей, Әбу Абдур-Рахман! Сені бір бойжеткен қызға үйлендірсек қайтеді? Мүмкін, ол саған өткен уақытыңның кейбірін есіңе түсірер », – деді. Абдуллаһ: «Сен осылай десең, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге: «Ей, жігіттер қауымы! Сендерден кімнің үйленуге шамасы келсе, үйленсін. Өйткені ол көзді тыяды , жыныс мүшесін сақтайды . Ал кімнің (үйленуге) шамасы келмесе, ораза тұтуы керек, өйткені (ораза) ол үшін шақуатты басушы», – деді», – деп айтты», – деген (1400/1). Алқама ибн Қайс ән-Нахағи, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни саған жастық шағыңды есіңе түсірер. Басқа әйелдерге сұқтана қараудан, сондай-ақ барлық рұқсат етілмеген нәрсеге көз салудан тыйылуға жәрдемдеседі. Зина жасаудан және де басқа ұнамсыз іс-әрекеттерге барудан сақтайды. Хадис жыныстық қабілеті бар және отбасын қамтамасыз ете алатын жастарды үйленуге үндеген. Ибн Хажардың айтуынша, мұндағы сөздің жастарға бағыттала айтылуының мәнісі, үйленуді қажет ететін себеп көбінесе жастарда туындайды. Алайда аталмыш себеп егде кісілерде табылар болса, бұл сөз оларға да қатысты айтылған. Үйленудің үкімі жайлы ғұламалар арасында пікір қайшылықтары туындаған: Жалпы, Ислам шариғатында үйлену сүннет деп есептеледі. Бірақ адамның жағдайына қарай ғұламалар үйленуге бірнеше түрлі үкім береді. Олар: