Егер адамның үйленуге деген құштарлығы мен үйленуге кедергі келтіретін жағдайлар тең болса, мубах (рұқсат етілген) болады. (Саид әс-Сәбиқ. Фиқһ әс- суннә. ІІ том, 142-145 беттер). Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сүйетін және бала табатын әйелдерге үйленіңдер, өйткені мен Қиямет күні сендердің сандарыңның көптігімен мақтанамын»; Әш- Шафиғидің риуаятында: «Үйленіп, көп ұрпақ қалдырыңдар, мен сендермен (басқа) үмбеттердің алдында мақтанамын»; Әл-Бәйһақи, Әбу Умамадан жеткізген риуаятта: «Үйленіңдер, мен сендермен (басқа) үмбеттердің алдында мақтанамын және христиандардың монахтары сияқты болмаңдар», – деп айтқан.
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларының бір тобы Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдерінен оның оңаша кездегі амалы жайлы сұрады . Содан кейін олардың бірі: «Мен (ешқашан) әйелдерге үйленбеймін», – деді. Біреуі: «Мен ет жемеймін», – деді. Енді біреуі: «Мен төсегімде ұйықтамаймын», – деді . (Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) келіп,) Аллаһқа мақтау арнап, Оны дәріптеді де: «Осылай, осылай дейтіндей адамдарға не болған?! Алайда мен (түннің бір бөлігінде) намаз оқып, (енді бір бөлігінде) ұйықтаймын. (Кей күндері) ораза тұтып, (кейбір күндері) ораза тұтпай жүремін. Сондай-ақ әйелдерге үйленемін . Ал кімде-кім менің сүннетімді (ұстануды) қаламаса, ол менен емес», – деп айтты (1401/5).
Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Осман ибн Мазғұнды үйленбей өтуден 4 қайтарды, егер оған рұқсат бергенде, біз өз-өзімізді ақта ететін едік », – деген (1402/6).
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл дүние – бір пайдалану көзі. Ал оның ең жақсы игілігі – ізгі әйел», – деп айтқан (1467/64). Басқа бір риуаятта: «(Сұрағандары жайлы) айтылғанда, олар оны азырқанғандай сыңай танытып: «Бізге Пайғамбарға (с.а.с.) жету қайда, Аллаһ оның бұрынғы және келешектегі күнәларын кешіріп қойған», – деді» деп айтылған. Яғни олар өздері жасап жүрген құлшылық-ғибадаттар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) басым уақытын құлшылыққа арнауы қасында болмашы ғана екеніне көздері жеткен. Немесе олар «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) күнәлары алдын ала кешірілгені себепті, оған құлшылықты аз жасауға болады» деп есептеген. Келесі бір риуаятта олардың біреуі: «Мен түні бойы намаз оқимын»; Тағы біреуі: «Мен (әр күні) үзбей ораза тұтамын»; Енді біреуі: «Мен әйелдерден қашықтап, өмір бойы үйленбеймін», – деп айтқан. Риуаяттардың бірінде Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһпен ант етейін, ақиқатында, мен Аллаһтан сендерден көбірек қорқамын және Ол үшін сендерден көбірек тақуалық етемін», – деген. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтан қорқу біліммен байланысты екенін меңзеген. Мұнда өзін толығымен құлшылыққа арнап, үйленбей бойдақ өтуге негізделген тәркідүниелік (тәбәттул) туралы айтылған. Ал Аллаһ тағала: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһ өздеріңе халал еткен таза нәрселерді харам етпеңдер», – деп айтқан (Мәида, 86). Бұл өз-өзін піштіру жолымен еркектік қабілеттен айыруды білдіреді. Әт-Табарани жеткізген риуаятта Осман ибн Мазғұн: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған үйленбей жүру қиын, менің өз-өзімді ақта етуіме рұқсат берші», – дегенде, Пайғамбар (с.а.с.): «Жоқ, бірақ сен ораза тұт», – деп бұйырған. Сағид ибн Ас жеткізген риуаятта Ибн Мазғұн өз-өзін ақта етуге рұқсат сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Ақиқатында, Аллаһ бізді бірқұдайшылдыққа (таухидке) және таза (дінге) ауыстырды», – деп айтқан.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Әйелге төрт (артықшылығы) үшін үйленеді: байлығы, тегі, сұлулығы және діні үшін, ал сен діндарына үйлен, қолың шаңға батқыр1!» – деген (1466/53).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Абдуллаһ қайтыс болғанда, тоғыз (не жеті) қыз қалдырды. Сонда мен бұрын тұрмыста болған әйелге үйлендім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған: «Жәбир! Үйлендің бе?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім. «Қызға ма, әлде әйелге ме?» – деп (сұрады). «Жоқ, әйелге (үйлендім), уа, Аллаһтың елшісі!» – дедім. «Сен онымен ойнайтын, ол сенімен ойнайтын (немесе сен онымен көңіл көтеретін, ол сенімен көңіл көтеретін) қызға (үйленбедің бе)?» – деді. Оған: «Абдуллаһ қайтыс болғанда, тоғыз (не жеті) қыз қалдырды. Мен соларға өздері сияқты (бір қызды) әкелуді қаламай, оларға бас-көз болып, тәрбиелейтін әйелге үйленуді жөн көрдім», – дедім. Ол: «Аллаһ саған береке берсін», – деді немесе маған игілік тіледі», – деп айтқан (715/56). Мұнда бұл одағай сөз «әйтпесе ұтыласың» деген мағынамен баяндауыш қызметін атқаруда. Яғни бұл – дұға емес, арабтардың әдетте қолданатын сөздерінің бірі. Пайғамбар (с.а.с.) мұнда әдетте әйелге үйленетін себептерді айтқан. Хадис діндар адамдармен жолдас болуға ынталандырады. Өйткені мұндай жағдайда адам жолдасының жақсылығынан пайдаланып, жамандығынан қауіпсіз болады. Ибн Хажардың пікірінше, екі әйел діндарлықта тең деңгейде болса, олардың бірін таңдауда басқа себептерге басымдық беруге болады. Жәбирдің әкесі. Мұнда ерлі-зайыптылардың өзара ойнап-күлулері айтылған. Әт-Тыйбидің айтуынша, мұнда жалпы сүйіспеншілік меңзелген. Ал бұрын тұрмыста болған әйелдің жаңа күйеуіне деген сүйіспеншілігі толық болмауы, яғни оның жүрегінде бұрынғы күйеуіне деген сезім қалуы ықтимал. Бұл хадистен мынадай қорытындылар шығады: – Жәбирдің қасиеттері және оның қарындастарының жағдайын жеке басы пайдасынан жоғары қоюы; – игі іс жасаған адам үшін, оның ісі басқаларға қатысты болса да дұға ету; – әйелдің күйеуіне және оның балалары мен қарамағындағыларға қызмет етуі; – пәк қызға үйленудің абзалдығы; Ибн Мәжәһтің «Сунәнінде» ұсынылған хадисте (№1861) пәк қызға үйленуге жалпылама нұсқау келген. Кейбір мухаддистер мұны басқа хабарлармен күшейетін «хасан» хадис санатына жатқызған; – басшының дүние істерінде ізбасарларына көңіл бөлуі, олар үшін пайдалы істерге кеңес беруі.
Абдур-Рахман ибн Шимасадан . Ол Ғұқба ибн Амирдің (Аллаһ оған разы болсын) мінберде тұрып: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мүмін – мүміннің бауыры, сондықтан мүмінге бауырының саудасының үстінен сауда жасауға және өзі бас тартпайынша, бауырының құдалығы үстінен құда түсуге рұқсат етілмейді», – деді», – деп айтқанын естіген (1414/56). (рұқсат етілетіні жөнінде)
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Мен ансарлардан бір әйелге үйлендім», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Сен оған қарадың ба? Өйткені ансарлардың көзінде бір нәрсе бар », – деді. Ол: «Мен оған қарадым», – деді. «Қанша (мәһрге4) үйлендің?» – деп (сұрады). «Төрт уқияға », – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Төрт уқияға?! Бейне бір сендер мына таудың шетінен күміс ойып алып жатқандайсыңдар ғой6! Бізде саған беретіндей нәрсе жоқ. Әйтсе де сені бір жасақпен бірге жіберерміз, содан (бір нәрсе) табарсың», – деді. Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) бәну абс (тайпасына) жасақ аттандырғанда, әлгі кісіні солармен бірге жіберді», – деп айтқан (1424/75). Абдур-Рахман ибн Шимаса әл-Мәһри – табиғин, хадис жеткізуші. Тағы бір риуаятта «(оған құда түсуге) рұқсат етпейінше» деген қосымша келген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бір әйелді айттырған адам оны басқа біреудің айттыруына рұқсат етпесе, одан бас тартпаса және оған бұл әйелге үйленуіне рұқсат етілгені анық болса, басқа адамның ол әйелді айттыруына тыйым салынады. Ғұламалар бұл жөнінде біржақты пікірде. Егер біреу сонда да айттырып, неке келісімін түзсе, оның некесі жарамсыз болмағанымен, күнә арқалайды. Ғұламалардың басым көпшілігі осы пікірді қолдайды. Әл-Хаттаби және басқалардың айтуынша, хадистің сыртқы мағынасы мұсылман емес адам айттырған әйелді айттыруға тыйым салынбайтынын көрсетеді. Әл-Аузағи де осы пікірді ұстанған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ансарлардың көзі кішкентай немесе көк болып келетінін меңзеген. Мәһр – үйленген кезде ер кісі әйелге жеке иелігі ретінде беретін дүние-мүлік немесе қаражат, қалың. Мәһр – әйелдің жекеменшігі, күйеуі өлген немесе ажырасқан жағдайда өз қажетіне жұмсайды. Оның мөлшері алғашқы құда түсу кезінде келісіледі де, оның шарттары мен нақты мөлшері неке шартында бекітіледі. Уқия – күмістің 37-44 грамға тең салмақ өлшемі. Ән-Нәуәуи бұл тіркестерді ер адамның жағдайына байланысты мәһрді көбейту мәкруһ деп түсіндіреді. кеңесу
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әйелді өзімен кеңеспей күйеуге беруге болмайды, ал қызды рұқсатын алмастан күйеуге беруге болмайды», – деген. (Сонда адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Оның рұқсатын қалай (білеміз)?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Үндемеуінен», – деп айтқан (1419/64).
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Тұрмыста болған әйел (күйеу таңдауға) уәлиіне қарағанда өзі құқылырақ . Ал қыздың өзінен рұқсат сұралады, оның келісімі – үндемеуі», – деп айтқан (1421/66).
Ғұқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шарттардың өтелуге ең құқылысы – ол арқылы некеге тұрғандарың », – деп айтты», – деген.
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған алты жасымда үйленіп, тоғыз жасқа толғанымда шаңырақ көтерді. Мәдинаға келгенімізде, мен бір безгекпен ауырып, (шаштарым түсіп қалды). Кейін шашым (қайтадан) иығыма түскенше өсті. (Бір күні) мен құрбы қыздарыммен бірге әткеншекте (ойнап жатқанымда анам) Умму Руман келіп, мені дауыстап шақырды. Мен оған келдім, (бірақ) менен не қалайтынын білген жоқпын. Ол мені қолымнан жетектеп есік алдына әкелді. (Мен ентігіп қалған едім,) тынысым қалпына түскенше: «Аһ, аһ», – деп тұрдым. Содан кейін мені үйге кіргізді. Қарасам, (үйде) ансар әйелдер отыр екен, олар: «Қайыр, береке және сәттілік (тілейміз)», – десті. Сөйтіп, (анам) мені оларға тапсырды, ал олар менің басымды жуып, ретке келтірді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені шошытпау үшін сәске әлетінде келді де, олар мені оған тапсырды», – деп айтқан (1422/69). Уәли – әйелдің әкесі, ағасы немесе жақын туысы болып табылатын ер адам. Мұны бір топ ғалым «бұрын тұрмыста болған әйел күйеуді өзі таңдауға құқылы, бірақ ол уәлиінің қатысуымен некелеседі» деп түсіндірген. Мұның дәлелі: «Уәлисіз неке жоқ» деген хадис (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, Ибн Мәжәһ, әд-Дәрими, Ахмад). Ибн Мағин және басқалар мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Сондай-ақ некелесу кезінде уәлидің қатысуы шарт екенін көрсететін басқа да хадистер бар. Басқаша айтқанда, неке келісімінде әйел немесе оның өкілі тарапынан қойылған қосымша шарттар, мәселен, күйеудің белгілі бір уақыт ішінде жаңа үй сатып алуы немесе әйелін басқа қалаға әкетіп қалмауы т.с.с.
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хайбарға жорыққа шыққан. (Әнәс): «Біз оған таяу жерде таң қылаң бере таң намазын оқыдық. Сосын Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) (көлігіне) мінді және Әбу Талха да (көлігіне) отырды, мен Әбу Талхаға мінгестім. Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) (көлігімен) Хайбардың тар көшелерімен жүрді, менің тізелерім Аллаһтың пайғамбарының (с.а.с.) санына тиіп, оның санынан изары түріліп кетті де, Аллаһ пайғамбарының (с.а.с.) санының ағына көзім түсті. Ол ауылға кіргенде: «Аллаһу әкбар! Хайбар қирады. Ақиқатында, біз (дұшпандық ниеттегі) бір қауымның тұрағына түссек, «ескертілгендердің таңы жақсы болмайды»1!» – деп үш рет айтты»; (Әнәс): «Адамдар шаруаларына шығып: «Аллаһпен ант етейік, Мұхаммед!» – деді», – деп айтқан. (Абдул-Азиз2: «Жолдастарымыздың кейбірі: «Мұхаммед және бестік (яғни әскер)» (делінгенін) айтатын», – деген. (Әнәс): «Сөйтіп, (Хайбарды) күшпен алдық та, тұтқындар (бір жерге) топталды. Сонда Дихия келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Тұтқынға түскендерден маған бір күң берші», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бар да, бір күң ал», – деді. Ол Сафия бинт Хаййайды алды. Сол кезде бір кісі Аллаһтың пайғамбарына (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Сен Дихияға құрайза мен надир (тайпасы) көсемі Хаййайдың қызы Сафияны бердің, ол тек саған ғана лайық», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «(Дихияны) онымен бірге шақырыңдар», – деді. (Дихия) оны алып келді. Пайғамбар (с.а.с.) (Сафияға) қарады да, (Дихияға): «Тұтқынға түскендерден бұдан басқа бір күң ал», – деді. Сөйтіп, Пайғамбар (с.а.с.) (Сафияны) азат етіп, оған үйленді», – деп айтқан. Сәбит одан: «Уа, Әбу Хамза5! (Пайғамбар (с.а.с.)) оған мәһрге не берді?» – деп (сұрағанда, Әнәс): «Оның өзін. Ол (с.а.с.) оны азат етіп, оған үйленді. (Қайтар) жолда оны Умму Суләйм (неке түніне) дайындап, түнде (Пайғамбарға (с.а.с.)) алып барды. Пайғамбар (с.а.с.) таңертең жас күйеу болып оянды. Ол: «Кімде (азықтық) бір нәрсе болса, оны алып келсін», – деді де, тері төсенішті жайды. Бір кісі ірімшік әкелді, бір кісі құрма әкелді, «Саффат» сүресінің 177-аятын қараңыз. Абдул-Азиз ибн Сухайб – табиғин, хадис жеткізуші. Мұсылмандардың әскері бес бөліктен: оң қанат пен сол қанаттан, алдыңғы және артқы шептен және орталық бөліктен тұратын. Сәбит әл-Бунәни – табиғин, хадис жеткізуші. Әбу Хамза – Әнәс ибн Мәликтің күниясы. Умму Суләйм – Әнәстің анасы. бір кісі май әкелді. Сөйтіп, (адамдар) хайс шылап, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйлену тойы болды», – деген (1365/84).
Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) күңін азат етіп, кейін оған үйленетін адам жайлы: «Оған екі сауап бар», – деді», – деген (154/86).
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) шиғарға тыйым салған. Шиғар – екі кісінің бір-біріне қыздарын мәһрсіз әйелдікке беруі (1415/57).
Қайстан . Ол: «Мен Абдуллаһ (ибн Масғұдтың (Аллаһ оған разы болсын)): «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге жорыққа шығатынбыз. Біздің әйелдеріміз жоқ еді. (Одан): «Өзімізді ақта етсек қайтеді?» – деп (сұрағанымызда), ол бізге бұған тыйым салды. Кейін ол бізге әйелге мәһр беріп, бір мерзімге дейін үйленуге рұқсат етті», – деп айтқанын естідім. Содан кейін Абдуллаһ: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһ өздеріңе халал еткен таза нәрселерді харам етпеңдер әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» (деген аятты) оқыды», – деп айтқан (1404/11).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) және Әбу Бәкірдің кезінде құрма және ұн беріп, бірнеше күнге уақытша некеге тұратын едік . Кейін Омар, Амр ибн Хайс – құрма, ірімшік және майдың қоспасынан әзірленетін тағам. Бұдан той дастарқаны әдетте үйленгенге дейін жайылатын болса да, оны үйленгеннен кейін де ұйымдастыруға болатынын көреміз. Дегенмен той дастарқанын шаңырақ көтергеннен кейін үш күннен соң жаю сүннет. Бұл жайлы Әбу Яғла, Әнәс ибн Мәликтен жеткізген хадисте айтылған. Осы мағынадағы хадисті әл-Бұхари де риуаят еткен. Өзге бір риуаятта «қызын немесе әпке-қарындасын» деп айтылған. Мұндай неке жәһилият кезінде кездесетін. Ғұламалар мұндай некеге тыйым салынатыны әрі бұл үкім аға-інінің қыздарына, әкесінің әпке-қарындастарына, көкелердің қыздарына және күңдерге де қатысты екені жөнінде бірауызды келісімге келген. Қайс ибн Әбу Хазим – мухадрам, Пайғамбардың (с.а.с.) кезінде өмір сүрген, бірақ онымен кездеспеген адам, табиғин, хадис жеткізуші. «Мәида» сүресі, 87-аят. Әбу Бәкірдің (Аллаһ оған разы болсын) билік жүргізген кезеңі қысқа болғандықтан, бұл аралықта уақытша некеге тыйым салынғаны жайлы үкім көпшілікке әлі жете қоймаған еді. Хурайстың жағдайына байланысты бұған тыйым салды», – деп айтқан (1405/16). салынуы
Әли ибн Әбу Талибтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хайбар күні әйелдермен уақытша некелесуге және үй есектерінің етін (жеуге) тыйым салған (1407/29).
Рабиғ ибн Сәбрадан 3. Оның әкесі Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Меккені бағындыру жорығына қатысқан. Ол: «Біз ол жерде он бес (тәулік) – түн мен күнді (есептегенде) отыз (уақыт мезгілі) тұрдық. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге әйелдерге уақытша некелесуге рұқсат берді. Мен қауымымнан бір кісімен бірге шықтым. Мен одан көріктірек едім де, ол ұсқынсыздау болатын. Екеуміздің де шекпеніміз бар-тұғын. Менің шекпенім ескі, ал көкемнің баласының шекпені жаңа, үлбіреген жұмсақ еді. Біз Меккенің төменгі не жоғарғы жағында болғанымызда, бізге ұзын мойынды жас түйедей бір бойжеткен кездесті. Біз: «Біреуіміз сенімен уақытша некеге тұрсақ бола ма?» – деп (сұрадық). Ол: «(Мәһрге) не ұсынасыңдар?» – деді. Екеуміз де шекпенімізді жайдық. Ол екеумізге қарай бастады. Оның (өзіне) қырын қарап бара жатқанын сезген жолдасым: «Мынаның шекпені ескі, ал менің шекпенім жаңа, үлбіреген жұмсақ», – деді. (Қыз): «Мұның шекпені де жаман емес», – деп екі не үш рет қайталады. Сөйтіп, мен онымен уақытша некеге тұрдым. Содан Аллаһ елшісі (с.а.с.) (уақытша некеге) тыйым салғанша (онымен тұрған некемнен) шықпадым», – деген (1406/20).
Рабиғ ибн Сәбра әл-Жуһаниден. Оның әкесі Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге болғанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, адамдар! Мен сендерге әйелдермен уақытша некеге тұруға рұқсат берген едім. Енді Аллаһ бұған Қиямет күніне дейін тыйым салды. Сондықтан кім (бір әйелмен Бұл кісі бір әйелмен уақытша некелескенде, ол әйел жүкті болып қалған-ды (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Хайбар – Мәдинаның теріскейіндегі шұрайлы ойпат. Ол жерде Пайғамбарға (с.а.с.) дұшпандық ниеттегі яһудилер мен иудей дінін ұстанушы арабтар тұратын. Һижраның 7-жылы Пайғамбардың (с.а.с.) басшылығымен мұсылмандардың бір жарым мың жауынгерден тұратын әскері бір жарым ай бойы Хайбарды қоршауда ұстап, басып алған және тұрғындарына өнімге ортақтасу келісімімен егін егуге рұқсат берген. Хадисте осы Хайбар жорығы айтылған. Сахаба Сәбра ибн Мағбадтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. уақытша некеде тұрса), оны жіберсін және оларға бергендеріңнен ештеңені қайтарып алмаңдар», – деп айтқан (1406/21). түсуіне қатысты тыйым
Нубайһ ибн Уаһбтан . Омар ибн Ғұбайдуллаһ Талха ибн Омарды Шәйбә ибн Жубәйрдің қызына үйлендіргісі келгенде, Абан ибн Османға осыған қатысуы үшін (кісі) жібереді. Ол қажылардың басшысы болатын. Абан: «Мен Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ихрам жағдайындағы адам үйленбейді, үйлендірілмейді және құда түспейді», – деді», – деп айтқанын естідім», – деген (1409/47).
Язид ибн Асамнан . Ол: «Маған Мәймуна бинт Харис Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзіне ихрамнан тыс жағдайда үйленгенін айтты. Ол мені мен Ибн Аббастың нағашы әпкеміз еді», – деген (1411/48). Қарастырылып отырған хадисте мұсылмандар Меккені бағындырған жылы, яғни һижраның 8-жылы болған оқиға туралы айтылған. Ал жоғарыдағы Әли жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) Хайбар жорығы күні, яғни һижраның 7-жылы уақытша некеге тыйым салғаны айтылған. Ән-Нәуәуи мен Ибн Хажардың нұсқауынша, ең дұрыс пікір: уақытша некеге екі рет тыйым салынғаны. Әуелі ол Хайбар жорығына дейін рұқсат етіліп, сосын осы жорықта оған тыйым салынған. Содан кейін оған қайтадан рұқсат етіліп, Меккені бағындырған жорықта біржола әрі түбегейлі, үзілді- кесілді тыйым салынған. Нубайһ ибн Уаһб – табиғин, хадис жеткізуші. Язид ибн Асам – табиғин, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуидің айтуынша, Мәлик, әш-Шафиғи, Ахмад және көпшілік ғалымдар ихрам жағдайында үйленуге тыйым салған. Ән-Нәуәуидің өзі ихрам жағдайында кім болғанына қарамастан (яғни әйел, еркек немесе үйлендіруші адам ихрам жағдайында болса), мұндай неке жарамсыз болатынын айтқан. Ханафи мазһабындағы ғалымдар көпшіліктің келтірген хадисіндегі «үйлену» деген сөзді «қосылу» деп түсіндірген. Оған имам әл-Бұхаридің риуаятындағы «Оған (яғни Маймунаға) халал кезінде (яғни ихрамнан шыққаннан кейін) кірді», – деген хадистің жалғасы дәлел болады. Ал мухрим кезде неке қидыруға Айша анамыздан ән-Нәсәи, әт-Тахауи, Ибн Хиббан және әл-Бәйһақи риуаят еткен хадис дәлел. Онда Пайғамбардың (с.а.с.) мухрим кезінде үйленгендігі және қан алдырғандығы айтылған. қызымен қатар үйленуге тыйым салынатыны жайлы
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) төрт әйелге: әйелге оның көкесінің қызымен немесе әйелге оның нағашысының қызымен қатар үйленуге тыйым салған (1408/33).
Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахманнан . Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшадан: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (жұбайларына) қанша мәһр берген еді?» – деп сұрағанымда, ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) жұбайларына он екі уқия және бір нашш мәһр берген. Сен нашштың не екенін білесің бе?» – деді. Мен: «Жоқ», – дедім. Ол: «Уқияның жартысы. Бұл (барлығы) бес жүз дирһам. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жұбайларына берген мәһрі – осы», – деп айтты», – деген (1426/78). үйлену
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) Абдур-Рахман ибн Ауфтың үстінен сары дақтың ізін көріп: «Бұл не?» – деп (сұрайды) . Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен бір әйелге (мәһрге) құрма сүйегінің салмағындай алтын беріп үйлендім», – дейді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһ саған береке берсін! Бір қой (сойып) болса да той жаса», – деген (1427/79). Бұл тыйым атасының немесе әжесінің әпке-сіңлілеріне де қатысты. Күңдерге де бұлай үйленуге тыйым салынады. Сондай-ақ «Ниса» сүресіндегі аятқа сәйкес, басы азат әйел не күң екендігіне қарамастан әпке-сіңлілерге қатар үйленуге де рұқсат етілмейді. Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Бұл сары дақ запырангүлдің табы еді. Ал онымен қалыңдықтар хош иістенетін. Ибн Ауфтың үстіне запырангүлдің табы осыдан жұққан болатын. Ғұламалар той дастарқанын жаюда белгілі бір шектеу жоқ екені жөнінде бірауызды келісімге келген (Қазы Ғияд). Ән-Нәуәуи: «Егер адамның жағдайы көтерер болса, той дастарқанына бір қойдан аз жұмсамауы мустахаб», – деген. Шафиғи мазһабының өкілдері, Мәлик және басқалар «той дастарқанын жаю сүннет» деп есептеген. Алайда Дәуд, осы хадиске орай, оны міндетті деп санаған. Сондай-ақ Ахмад, әт-Табарани және әт-Тахауи жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әли Фатимаға үйленген кезде: «Күйеу жігіттерге (енді бір риуаятта: күйеу жігітке) той жасау міндетті», – деген. Ибн Хажар және басқалардың айтуынша, бұл хадистің иснады жаман емес. Ал Әли кедей жігіт болып, сауытынан басқа ешқандай дүниесі жоқ еді. Бұл жайлы Әбу Дәуд (№2125) пен ән-Нәсәи (№3375, 3376) жеткізген хадисте айтылған.
Сәһл ибн Сағд әс-Сағидиден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бір әйел Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен өзімді саған (әйелдікке) тарту еткелі келдім», – деді . Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған анықтап қарады да, (көзін) төмен түсірді, сосын басын төмен салды . (Пайғамбардың (с.а.с.)) өзіне қатысты ешқандай шешімге келмегенін көрген әйел отырды. Сонда сахабаларынан бір кісі орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл (әйелді) қажет етпесең, оған мені үйлендірші», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) одан): «Сенде бір нәрсе бар ма?» – деп (сұрады). Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһпен ант етейін, (менде еш нәрсе) жоқ», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Үйіңе барып, бір нәрсе таба алар ма екенсің қарап көр», – деп (бұйырды). Сөйтіп (әлгі кісі) кетіп, сосын қайтып келді де: «Жоқ, Аллаһпен ант етейін, еш нәрсе таппадым», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Темір жүзік болса да қарап көрсейші», – деді . Ол (тағы да) кетіп, қайта оралды да: «Уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһпен ант етейін, темір жүзік те жоқ. Бірақ, міне, изарым бар, соның жартысы ол (әйелдікі) болсын», – деді. Оның ридасы да жоқ еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол сенің изарыңды неғылады? Егер оны сен кисең, оған еш нәрсе қалмайды. Егер ол кисе, саған еш нәрсе қалмайды», – деді. Ол кісі отырды және ұзақ отырып барып түрегелді. Оның кетіп бара жатқанын көрген Аллаһ елшісі (с.а.с.) оны шақыртты да, ол келген соң: «Құраннан қандай (сүрелерді білесің)?» – деп (сұрады). Ол: «Мына, мына сүрені», – деп, (білетін сүрелерін) санап Бұл әйел өзін Пайғамбарға (с.а.с.) мәһрсіз ұсынған. Аллаһ тағала Құранда: «Ей, Пайғамбар! Ақиқатында, Біз саған... өзін Пайғамбарға тарту еткен мүмін әйелге, егер Пайғамбар оған үйленуді қаласа, рұқсат еттік. (Бірақ бұл басқа) мүміндерге емес, тек қана саған қатысты», – деп айтқан (Ахзаб, 50). Осы аят және біз қарастырып отырған хадис, шафиғи мазһабы өкілдерінің пікірінше, Пайғамбарымызға (с.а.с.) өзін тарту еткен әйелге мәһрсіз үйленуіне рұқсат етілгеніне дәлел болып табылады. Бұл хадис арқылы ізгілігімен танылған ер адамға әйел адамның өзіне үйленуіне ұсыныс жасауы дұрыс екендігі дәйектеледі. Мұнда біреудің өтінішін орындай алмайтын адам ашық бас тартумен оны ыңғайсыз жағдайда қалдырмау және ол айтпай-ақ өзі түсінуі үшін үндемеуі дұрыс екеніне нұсқау бар. Ал егер ол оның бас тартуын үндемегенінен түсінбесе, ашық түрде түсіндіріп бас тарту қажет. Бұл хадис мәһрді үйленгенге дейін үзіп, кейін келіспеушілік туындамауы үшін оны әйелге мүмкіндігінше тезірек берудің мустахаб екендігін көрсетеді. Бұлай етуде әйелдің мүддесі көзделеді, өйткені ол некелескен адаммен ерлі-зайыптық жақындасуға дейін ажырасып кетсе, оған белгіленген мәһрдің жартысы беріледі. Егер мәһр белгіленбесе, ол еш нәрсе алмайды. Әйтсе де ер-әйел мәһр белгіленбей үйленген жағдайда, «Бақара» сүресіндегі: «Егер әйелдерді жақындаспай немесе мәһр бекітпей тұрып талақ етсеңдер, сендерге күнә жоқ» (Бақара, 236) деген аятқа сәйкес, олардың некесі жарамсыз саналмайды. Сондай-ақ бұдан жұбайлар келіскен жағдайда, аз мөлшердегі мәһрге де, көп мөлшердегі мәһрге де рұқсат етілетіні көрінеді. шықты. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сен бұларды жатқа оқи білесің бе?» – деп (сұрады). Ол: «Иә», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Бара ғой, ол саған Құраннан (осы жаттағаның) үшін (әйелдікке) берілді », – деп айтты», – деген (1425/76). кейінге қалдырасың» деген сөзі
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) өздерін тарту ететін (әйелдерге) қызғаныш білдіріп: «Әйел өзін тарту етуші ме еді?!» дейтінмін. Аллаһ тағала: «(Жұбайларыңнан) қалағаныңды кейінге қалдырып, қалағаныңды жаныңа аласың, шеттегендеріңнен кімді қаласаң да саған кінә жоқ» (деген сөзін) түсіргенде , мен: «Аллаһпен ант етейін! Раббың қашанда сенің қалауыңды тез арада орындайтынын көріп тұрмын », – деп айттым», – деген (1464/49).
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған шәууәлде үйленді және менімен шәууәлде шаңырақ көтерді. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қай әйелі оның алдында маған қарағанда сүйіктірек болды», – деп айтқан. Ол5: «Айша қарамағындағы әйелдерді (күйеуіне) шәууәлде кіргізуді ұнататын», – деген (1423/73).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдерінен ешбіреуге Зәйнәбке жасағанынан артық әрі жақсы той жасаған емес», – деген. Сәбит әл-Бунәни7: «Ол оған қандай той жасаған Әл-Бұхаридің риуаятында және Муслим жеткізген кейбір риуаяттарда Пайғамбар (с.а.с.): «Мен саған оны (әйелдікке) бердім», – деп айтқан. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл адамға әйелді оған өзі білетін сүрелерді үйрету шартымен тұрмысқа берген. Хадис Құран үйрету түріндегі мәһрге рұқсат етілетінін көрсетеді. «Ахзаб» сүресі, 51-аят. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ең дұрыс пікірге сәйкес, бұл аят: «Бұдан кейін саған әйелдерге (үйлену) рұқсат етілмейді» (Ахзаб, 52) деген аятты мансұқ етіп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) өзі қалаған әйелге үйленуіне рұқсат берген. Бұл «Ол қашанда сенің ісіңді жеңілдетеді және саған артықшылық береді» деген мағынаны білдіреді. Сірә, ол осы хадисті Айшадан жеткізуші Ғұруа болса керек. Бұдан шәууәл айында үйленудің мустахабтығы көрінеді және ол жәһилият дәуіріндегі шәууәлде үйленбеуге қатысты ырымды теріске шығарады. Сәбит әл-Бунәни – табиғин, хадис жеткізуші. еді?» – деп (сұрағанда, Әнәс): «(Пайғамбар (с.а.с.) адамдарды) орындарынан тұрып кеткендерінше нан және етпен тамақтандырды», – деп айтқан (1428/91).
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) үйленіп, әйеліне кірді. Сонда анам Умму Суләйм хайс әзірлеп, оны үлкен қазанға салды да: «Ей, Әнәс! Мынаны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) апарып: «Мұны саған анам беріп жіберді. Ол саған сәлем жолдады», – де және: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл – саған бізден азғана (сыйлық)», – деп айт», – деді . Сөйтіп, мен оны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) апарып: «Анам саған сәлем жолдады және: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл – саған бізден азғана (сыйлық)», – деп айтты», – дедім. Ол: «Мұны қой», – деді. Содан кейін ол: «Барып, пәленшені, түгеншені және пәленшені, сондай-ақ өзің кездестіргендерді шақырып кел», – деп, бірнеше кісінің есімін атады. Мен ол атаған және өзім кездестірген адамдарды шақырдым», – деген. Ол5: «Мен Әнәстен: «Олардың саны қанша еді?» – деп (сұрағанымда), ол: «Шамамен үш жүздей. Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған: «Ей, Әнәс! Қазанды әкел», – деді. (Адамдар) кіргенде, сыпа мен бөлме толып кетті. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Адамдар тамаққа) он-оннан (келіп), дөңгелене отырып, әр адам өз алдынан жесін», – деді. Сөйтіп олар тойғандарынша жеді. Содан кейін (әуелгі) топ шықты да, (келесі) топ кірді. (Адамдардың) барлығы (кіріп) тамақтанғанша (осылай жалғасты). Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) маған: «Ей, Әнәс! (Ыдысты) көтер», – деді. Мен (оны) көтердім. (Ондағы тамақ оны) қойған кезімде көбірек пе еді, әлде көтерген кезімде көп пе еді – білмей қалдым . Олардың бірнеше тобы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінде әңгімелесіп отырып қалды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) (олардың қайтқанын күтіп) отырды, ал әйелі жүзін қабырғаға бұрып (отырды). Олардың (ұзақ отырып алуы) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ауыр тиді. Ол сыртқа шығып, әйелдеріне сәлемдесіп, қайта оралды. (Адамдар) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қайтып оралғанын көрген соң, өздерінің оған қиындық тудырып қойғанын түсінді Тойғандарынша (ән-Нәуәуи). Бәлкім, Пайғамбар (с.а.с.) Зәйнәбке үйленуі ерекше сипатқа ие болғандықтан, сол кезбен салыстырғанда осындай мол дастарқан жайған болса керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған Аллаһ тағаланың уахиімен, адамдар тарабынан уәли және куәгерлердің қатысуынсыз үйленген болатын. Ол Зәйнәб бинт Жахш (Аллаһ оған разы болсын) болатын. Біріншіден, үйленген адамның той дастарқанына достарының жәрдемдесуі мустахаб болса, екіншіден, біреу алыста болып немесе қандай да бір уәжді себеппен той иесінің қуанышына ортақтаса алмаған жағдайда, оған біреу арқылы сәлем жолдаудың өзі мустахаб. Осы хадисті Әнәс ибн Мәликтен жеткізген Жағд ибн Динар. Сыпа – сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітіндегі төбесі жабылған орын. Онда үйі жоқ кедей муһажирлер тұратын. Хадис – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұғжизасының бір айғағы. Оның кереметімен қазандағы тамаққа береке дарып, көбейіп кеткен еді. де, есікке ұмтылысып, барлығы да сыртқа шықты. Аллаһ елшісі (с.а.с.) келіп, пердені түсіріп, ішке кірді. Мен бөлмеде отыр едім. Көп уақыт өтпей ол мен жаққа шықты. Сол кезде осы аят түсірілді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сыртқа шығып, оларды адамдарға оқып берді: «Ей, иман келтіргендер! Асқа шақырылғанда болмаса, басқа уақытта Пайғамбардың үйлеріне рұқсатсыз кірмеңдер, (егер кірсеңдер, тамақтың пісуін күтіп) қазанына қарамаңдар. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер және ішіп-жеп болсаңдар, әңгіме құрып отырып алмай, тез тараңдар. Оларың (отырып алуларың) Пайғамбарға азар береді...» , аяттың соңына дейін», – деп айтты», – деген. Жағд2: «Әнәс ибн Мәлик: «Бұл аяттарды адамдардың ішінде ең бірінші (білген) менмін. Осыдан кейін Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері хижабқа алынды», – деп айтты», – дейді (1428/94).
Нафиғден . Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Пайғамбардың (с.а.с.): «Біреуіңді бауыры тойға не сол сияқтыға шақырса, қабыл алсын», – дегенін айтатын (1429/101).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреуің (тамаққа) шақырылса, қабыл алсын. Егер ораза болса, (ол үшін) дұға қылсын. Ал егер ораза болмаса, тамақтансын», – деп айтты», – деген (1431).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Тамақтың ең жаманы – оған келетін адам кіргізілмей, оны қаламайтын адам шақырылатын той тамағы. Кім шақыруды қабыл алмаса, ақиқатында, ол Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнбады», – деп айтқан (1432/110). «Ахзаб» сүресі, 53-аят. Жағд ибн Динар – Әбу Осман, табиғин, хадис жеткізуші. Нафиғ – Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі ғұлама, хадис жеткізуші. Муслим, Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген тағы бір хадисте: «Қаласа, жесін. Ал егер қаламаса, жемесін» деп айтылған. Яғни қонақасына келген адам нәпіл ораза ұстап жүрсе, оразаны үзу не үзбеу оның еркінде. Алайда оның ораза болғаны ас иесінің көңілін қалдыратын болса, нәпіл оразаны үзген жақсы. Әбу Һурайрадан риуаят етілген басқа бір хадисте: «Байлар шақырылып, кедейлер қалдырылатын той тамағы қандай жаман! Кім шақыруға келмесе, ақиқатында, ол Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнбады» делінген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл хадис Пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейін пайда болған әдеттерді хабарлайды. Пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейін байлар асқа арнайы шақырылып, олардың алдарына ең жақсы тағам түрлері тартылатын, отырғандар олар үшін
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер де біреуің әйелімен жақындасуды қалағанда 1: «Бисмилләһ! Аллаһумма, жәннибнәш-шайтана, уә жәннибиш- шайтана мә разақтәнә (Аллаһтың атымен! Уа, Аллаһ! Бізден шайтанды аулақтат және шайтанды бізге нәсіп еткеніңнен аулақтат!)» – деп айтатын болса және осыдан кейін араларында бала (болуы) тағдыр етілген жағдайда, ол (балаға) шайтан ешқашан зиян тигізе алмайды», – деп айтты», – деген (1434/116). деген сөзі жөнінде
Ибн Мункадирден . Ол Жәбирдің (Аллаһ оған разы болсын): «Яһудилер ер адам әйелінің қынабына арт жағынан жақындасса, бала қыли болады дегенді айтатын. Сонда: «Әйелдерің – сендер үшін егіндік. Егіндіктеріңе қалаған жақтарыңнан келіңдер» (деген аят) түсті», – деп айтқанын естіген (1435/117). орындарынан тұратын, оларға осы іспеттес артықшылықтар берілетін болған. Ибн Баттал жеткізген хабарда Ибн Хубайб Әбу Һурайраның: «Сендер – шақыруға қатысты бойсұнбаушыларсыңдар: келмейтінді шақырып, келетінді шақырмайсыңдар. Яғни біріншісі – байлар, екіншісі – жарлылар», – дегенін нақыл еткен (Ибн Хажар). Ибн Хажар «Кім шақыруға келмесе, ақиқатында, ол Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнбады» деген сөздің шақыруды қабыл алудың міндеттілігін білдіретінін айтқан. Яғни жақындасар алдында (Ибн Хажар). Бұған қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Яғни шайтан оған тимейді. Бірақ ешкім мұны шайтанның барлық зиянынан, азғыруынан және бүлігінен аман болу деп түсінбеген (Қазы Ғияд). 2) Шайтан оған жаңа туылған кезінде тимейді. 3) Шайтан оған билік жүргізе алмайды, ол Аллаһ тағаланың: «Ақиқатында, Менің құлдарыма билігің жүрмейді» (Хижр, 42) деп айтқан құлдарының қатарында болады. 4) Шайтан оның денесіне зиян тигізбейді. 5) Шайтан оның дініне зиян тигізе алмайды. Әд-Дәуди: «Бұл туылған бала күнә істемейді дегенді білдірмейді, керісінше, шайтан оның дініне ол кәпір болып кететіндей зиян тигізе алмайды», – деген. 6) Ибн Хажар «шайтан оған әкесімен бірге анасына жақындасып зиян тигізбейді» деген пікірге басымдық берген. Ол бұған қатысты табиғиндердің бірі – Мужаһидтің: «Кім жақындасарда Аллаһтың атын еске алмаса, шайтан да онымен бірге әйеліне жақындасады», – деп айтқанын келтірген. «Бақара» сүресі, 223-аят. Мұхаммед ибн Мункадир – табиғин, хадис жеткізуші. Бұл бұйырылған жерден жақындасуда кез келген қалыпқа рұқсат етілетінін білдіреді. Бірақ ғұламалардың бірауызды келісімі бойынша, ер кісінің әйеліне тік
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ер кісі әйелін төсегіне шақырғанда , (әйелі) бас тартып, (күйеуі) түнді оған ашуланған күйі өткізсе, (әйелге) періштелер таң атқанша лағынет айтады», – деп айтты», – деген (1436/122).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні Аллаһтың алдында адамдардың дәреже тұрғысында ең жаманы – өзі әйеліне, ал (әйелі) оған ашылғаннан (жақындасқаннан) кейін оның сырын жаятын еркек», – деп айтты», – деген (1437/123).
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «(Жұртқа) жариялаушылардан басқа үмбетімнің бәрі құтылады . (Жұртқа) жариялаудың (мысалы) – пенденің түнде (күнәлі) іс жасап, Аллаһ оны жасырған болса да, таңертең: «Ей, пәленше! Кеше түнде мен мынаны-мынаны істедім» деп айтуы. Ол түнді Раббысының жасыруымен өткізеді де, таңертең Аллаһтың жасырғанын өзі ашады », – деп айтқанын естідім», – деген (2990/52). төгу жайлы
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) алдында жақындасқанда ұрық суын сыртқа төгу жайлы әңгіме болғанда, ол: «Бұл (айтып жатқандарың) не?» – деп (сұрады). ішегінен жақындасуына тыйым салынады. Әбу Дәуд (№2162) және Ахмад, Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әйелімен тік ішегінен жақындасқан адам лағынет етілген», – деген. Мухаддистер мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Ән-Нәуәуи бұған тыйым салатын «сахих» хадистердің көп екенін айтқан. Яғни жақындасуға шақырғанда. Хадистің сыртқы мағынасында, күйеуінің төсекке әйелін түнде шақыруы меңзелген. Алайда бұдан әйелі күйеуінің қалауынан күндіз бас тартса болады деген мағына тумайды. Мұнда түн ерлі-зайыптылардың жақындасуы көбіне осы уақытта орын алатындықтан көрсетілген. Мұнда олардың дүниеде және Ақыретте барлық жамандықтан құтылатыны айтылған. Бұлай еткен адам Аллаһтың басқа адамдардан жасырғанын ашу арқылы өзін дүние-ақыретте жазаға душар етеді. Олар: «Кісі емізулі баласы бар әйелімен жақындасқанда, оның жүкті болуын қаламайды. Сондай-ақ кісі күңімен жақындасқанда да, оның жүкті болуын қаламайды», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Мұны істемеулеріңде сендерге еш нәрсе жоқ. Ақиқатында, бұл – тағдыр», – деп айтты», – деген. Ибн Аун1: «Мен мұны Хасанға айтқанымда, ол: «Аллаһпен ант етейін! Бұл тыйым сияқты екен», – деді», – деп айтқан (1438/131).
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) сұрақ беріп: «Менің күңім бар, онымен жақындасқанымда ұрығымды сыртқа төгемін», – дегенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Негізінде бұл ісің Аллаһ қалағандардың ешбіріне тосқауыл бола алмайды», – деді. Кейін әлгі кісі (тағы) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен саған айтқан күң жүкті болып қалды», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен – Аллаһтың құлы әрі елшісімін », – деп айтты», – деген (1439/135).
Уккашаның қарындасы Жудама бинт Уаһб әл-Әсәдиядан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдында бір Әбу Аун Абдуллаһ ибн Аун әл-Басри, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғалым, хадис жеткізуші. Хасан әл-Басри – табиғин. Бұл мәселе жөнінде бірнеше пікір бар: 1) Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл: «Мұны істемеулеріңде сендерге күнә болмайды. Егер Аллаһ біреуді жаратуды тағдыр етсе, еркектің ұрық суын сыртқа төгуі мұны тоқтата алмайды. Ал егер Аллаһ жанды жаратуды тағдыр етпесе, ол бұлай жасасаңдар да, жасамасаңдар да, бәрібір болмайды» деген мағынаны білдіреді. Оның пікірінше, ұрық суын сыртқа төгу мәкруһ тәнзиһи іске жатады. 2) Әл-Бұхари мен Муслим жеткізген хадистердің бірінде Ибн Сирин бұл сөздің тыйымға жақын екенін айтқан. 3) Ибн Хажар «бұлай жасамау мустахаб» деген пікірді ұстанған. Ол бұған дәйек ретінде Ахмад пен Баззар Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисті келтірген. Онда: «Бір кісі ұрық суын сыртқа төгу жайлы сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Егер сен бала пайда болатын суды жартасқа төксең де, Аллаһ тағала одан бала пайда етеді. Аллаһ (Өзі жарататын) жанды міндетті түрде жаратады, өйткені Ол – Жаратушы», – деп айтқан. Ибн Хиббан мұны «сахих» хадис санатына, ал әл-Һәйсами (4/296) және басқа мухаддистер «хасан» хадис санатына жатқызған. Әт-Тирмизи «Сунән» кітабында (№1137) Жәбирден жеткізген хадисте Әнәс ибн Мәлик, басы азат әйелмен ұрық суын сыртқа төгу жөнінде ақылдасу керектігін айтқан. Кейбір мухаддистер бұған «сахих» хадис ретінде баға берген. Яғни мен сендерге шындықты айтамын. Сиккиттің пікірінше, хадистің арабша мәтініндегі «ғила» сөзінің мағынасы – жүкті әйелдің баланы емізуі (ән-Нәуәуи). «Ән-Ниһая» кітабында әл-Жазари де осыны айтқан (қ.: Абдур-Рахман әл-Мубаракфури, «Тухфат әл-ахуази»). адамдардың ішінде болдым. Сонда ол: «Мен сендерге бала емізетін әйелдеріңмен жақындасуларыңа тыйым салуды ойлаған едім, бірақ византиялықтар мен парсылардың бала емізетін әйелдерімен жақындасатынын, ал бұл балаларына еш зиян келтірмейтінін көрдім», – деді . Сосын (адамдар) одан жақындасқанда ұрық суын сыртқа төгу жайлы сұрады. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұл – баланы тірідей көмудің білінбейтін түрі », – деп айтты», – деген (1442/141).
Әбу Дәрдәдан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) үлкен шатырдың есігі алдында тұрған жүктіліктің соңғы кезеңіндегі бір әйелдің жанынан өткенде: «Сірә, ол (шатырдың иесі) онымен жақындасуды қалайтын болар», – деді. (Адамдар): «Иә», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен оған қабіріне бірге кіретін лағынет айтуды ойыма алдым. Ол оны рұқсат етілмеген болса да, қалай мұрагер етеді?! Ол оны рұқсат етілмеген болса да, қалай қызметші етеді?!» – деп айтқан (1441/139). Муслим Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген басқа бір хадисте: «Егер де бұл зиян жеткізгенде, парсылар мен византиялықтарға зиян жеткізер еді» деп айтылған. Мұнда жақындасқанда ұрық суын сыртқа төгу, бұлай еткен адамның ниеті баланы тірідей көмген адамның ниетіне ұқсас болғандықтан ғана оның білінбейтін түрі деп аталған. Әйтпесе Әбу Сағид әл-Худридің (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етуінше, бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің күңім бар, мен онымен жақындасқанымда ұрығымды сыртқа төгемін. Өйткені оның жүкті болуын қаламаймын және басқа еркектер қалайтынды ғана қалаймын. Бірақ яһудилер: «Ұрық суын сыртқа төгу баланы тірідей көмудің кіші түріне тең», – дейді», – деген. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Яһудилер өтірік айтады. Өйткені Аллаһ бала болуын қаласа, сен оның алдын ала алмайсың», – деп айтқан. Хадисті Ахмад, Әбу Дәуд, ән-Нәсәи және әт- Тахауи жеткізген. Біз ұсынған мәтін – Әбу Дәудтің риуаяты. Шариғат бойынша, егер күң қожайынынан бала тапса, бұл бала оның мұрагері болып, екеуі бір-бірінен мұра алады. Ал егер күңнің баласы басқа біреуден болса, ол бала күңнің қожайынына қызметші құл болып табылады. Хадистегі жағдайда әлгі адам жүкті әйелмен жақындасса және ол алты айдан кейін босанса, туылған бала сол адамдікі болуы немесе одан бұрынғы еркектікі болуы мүмкін еді. Ондай жағдайда әлгі адам өзінен бұрынғы еркектің баласын өзімнің балам деп ойлап, оны мұрагері етуі немесе өз баласын бұрынғы еркектің баласы деп ойлап, құл етіп алуы мүмкін. Сондықтан тұтқынға түскен жүкті әйелмен босанғанына дейін жақындасуға болмайды (ән-Нәуәуи). Әт-Тирмизи «Сунән» кітабында Руайфиғ ибн Сәбиттен жеткізген хадисте (№1131) Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, ұрығын өзгенің баласына төкпесін», – деп айтқан. Әт-Тирмизи және басқа ғалымдар мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Әбу Дәудтің риуаятында: «өзгенің егіндігіне (яғни жүкті әйелге)» деп көрсетілген. Ибн Хиббан мұны «сахих», ал Баззар «хасан» хадис тобына балаған (қ.: Ибн Хажар, «Булуғ әл-марам»).
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хунайн күні Аутасқа әскер жібереді. Олар жаумен кездесіп, олармен соғысып, жеңіске жетеді де, олардың қолына тұтқын әйелдер түседі. Сонда Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабаларынан бір адамдар олармен күйеулері мүшрік болғаны себепті жақындасудан тартынады. Сол кезде Аллаһ тағала бұған қатысты: «Күйеуі бар әйелдер (сендерге тыйым салынады). Бірақ қолдарың иеленген күңдерің басқа (яғни иддалары (күту мерзімдері) бітсе, олар сендерге рұқсат етіледі)» (деген аятты) түсірген (1456/33).
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбардың (с.а.с.) тоғыз әйелі бар еді . Ол (күндерін) олардың арасына бөлгенде, алғашқы (күні түнеген) әйеліне тоғыз (күннен кейін ғана) тоқтайтын . Олар әр түні (Пайғамбар (с.а.с.)) келетін (әйелдің) үйіне жиналатын. (Бірде Пайғамбар (с.а.с.)) Айшаның үйінде болғанда, Зәйнәб келді. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) оған қолын созған еді, (Айша): «Бұл Зәйнәб қой», – деді де, Пайғамбар (с.а.с.) қолын тартып алды. Сонда (Айша мен Зәйнәб) екеуі сөзге келіп қалды, тіпті дауыстары сыртқа естіле бастады. Сол кезде намазға қамат айтылды да, (үйдің) жанынан өтіп бара жатқан Әбу Бәкір екеуінің даусын естіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Намазға шығыңыз, ал мен олардың ауыздарына топырақ құямын», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) сыртқа шыққан соң, Айша: «Қазір Пайғамбар (с.а.с.) намазын аяқтаған соң, Әбу Бәкір келіп, менің сыбағамды береді», – деді. (Айтқандай), Пайғамбар (с.а.с.) намазын аяқтаған соң, Әбу Бәкір (Айшаға) келіп, қатты сөздер айтып: «Сен осылай етесің бе?» – деді», – деп айтқан (1462/46). Таиф маңындағы орын. «Ниса» сүресі, 24-аят. Сахих хадистер бойынша, тұтқынға түскен жүкті әйелдердің идда мерзімі – босанғанға дейін, ал жүкті емес әйелдердің иддасы – бір етеккірі келіп, тазаруы (ән- Нәуәуи). Ахмад, Әбу Дәуд және әл-Хаким, Әбу Сағидтен жеткізген хадисте тұтқынға түскен жүкті емес әйелдерге бір етеккірі келіп, тазарғанға дейін жақындаспау бұйырылған. Әл-Хаким мұны «сахих» хадистер санатына жатқызса, Ибн Хажар «Талхис» кітабында оның иснадына «хасан» деп баға берген. Сондай-ақ Әбу Дәуд жеткізген хадисте: «Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірген адамның тұтқын әйелге тазарғанына (яғни идда мерзімі аяқталғанға) дейін жақындасуына рұқсат етілмейді» делінген. Бұлар Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден озғанда тірі болған әйелдері: Айша, Хафса, Сәудә, Зәйнәб, Умму Сәләмә, Умму Хабиба, Мәймуна, Жуәйрия және Сафия (Аллаһ оларға разы болсын) еді (ән-Нәуәуи). Яғни әрбір әйелге бір күннен артық бөлмеген дұрыс, өйткені бұл басқа әйелдердің құқығының бұзылуына алып келеді (ән-Нәуәуи). Ер адам әрбір әйеліне бөлінген уақытта оның үйінде болуы мустахаб. Оның әйелдерін кезегі келгенде өз үйіне шақыруы аса дұрыс емес. Ал күйеуі әйелдерінің әйелдің жанында (алғаш қосылғанда қанша түн) болу (керектігі)
Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Умму Сәләмәға үйленген кезінде, оның жанында үш (түн) болған және: «Ақиқатында, күйеуің сені ешқашан қорламайды. Егер қаласаң, қасыңда жеті (түн) боламын, ал сенің қасыңда жеті (түн) болсам, (басқа) әйелдерімнің қасында да жеті (түннен) боламын», – деп айтқан (1460/41).